Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антоним


Талдықорған
Құлжабай Қасымов атындағы № 28 ІТ мектеп-лицейі
Жоба тақырыбы: Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антоним
Секция: ағылшын тілі
Ғылыми жетекшісі: Исмаилова Нургуль Ахметханқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
филология және әлем тілдері факультетінің PhD докторы, доценті
Жетекшісі: Сембек Айнур Ерланқызы
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Орындаған: Саятбек Жамила
3 - сынып оқушысы
2022 - 2023 оқу жылы
Мазмұны
1. 2
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антоним ұғымы және антонимдердің түрлері . . .
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антонимдердің жасалу жолдары . . .
6
7
КІРІСПЕ
Жалпы кез-келген ғылымда қарама-қарсылық ұғымы кеңінен сипаттталынып, ауқымды түрде түсіндірледі. Әдетте мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Бұдан антонимдік қарама-қарсылықтың ұғымдар қарама-қарсылығымен, яғни логикалық қарама-қарсылықпен байланысты екені айқын көрінеді. Бірақ осы байланыстың сыры неде, логикалық қарама-қарсылық пен антонимдік қарама-қарсылықты тепе-тең деп қарауға болама?-деген сұрақ туады. Антонимдік мағына сапалық ұғымдарға тән болады. Осыған байланысты қандай сөздер сапалық ұғымдарды білдіреді, сапалық ұғымдарды білдіретін сөздердің барлығы да антоним бола бере ме?-деген сұраққа жауап іздеуге тура келеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Екі тілдегі мағынасы қарама -қарсы сөздердің қолдануда қиындық туғызып, кейбір сөздердің антонимдік жұптары бірнеше жолмен берілетіндігіне байланысты, өйткені лексиканың осы саласына байланысты күні бүгінге дейін шешімін таппай жүрген өзекті мәселелер көп.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық антонимдердің тілдік сипатын және қолданылу ерекшеліктерін анықтау. ;
Зерттеу міндеттері:
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антоним ұғымына түсініктеме беру
- Ағылшын антонимдердің түрлерін ажырату;
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антонимдердің жасалу жолдарына түсініктеме беру;
Зерттеу әдістері: осы мәселе бойынша әдебиеттер оқу; ғаламтор желісінен ақпарат іздеу және сараптау; бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
І ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антоним ұғымы және антонимдердің түрлері
Антонимдер дегеніміз («anti» грек тілінен аударғанда қарама-қарсы және “onyma” есім, атау) қарама-қарсы мағынаны білдіретін, бір сөз табына жататын тілдік бірліктер. Мысалы: алыс -жақын (far-near), үлкен-кіші (big-small), ауыр-жеңіл (heavy- light), қиын- оңай ( difficult -easy), жылы-суық (warm- cold), жоғары- төмен ( up-down), ілгері- кейін (forward -backward), ақырын- қатты (quiet- loud ), кедей-бай (poor- rich), ескі-жаңа ( old- new ) және тағы басқалары [1] .
Ағылшын фразеологиясының атақты зерттеушісі А. В. Кунин ағылшын тіліндегі фразеологиялық антонимдерді бірнеше типтерге бөледі (кесте-1) :
Ж. Мусиннің «Қазақ тіліндегі антоним сөздер» деген еңбегінде фразеологиялық антонимдер екі топқа бөлінген (сур. 1) :
1-сурет. Қазақ тіліндегі антонимдердің түрі
Мұндай құбылыс ағылшын тіліне де тән. F. e. look with another eye upon something (көзқарастары әр түрлі) - see eye to eye with somebody (көзқарастары бірдей), to be born under a lucky star (бақ жұлдызы оңынан туар) - to be born under unlucky star (бақсыздың жұлдызы солынан туар) [2]
Сонымен қатар, антонимдерді үш топқа бөліп қарастыруға да болады (сур. 2) :
2-сурет. Қазақ тіліндегі антонимдердің түрі
Бірақ шындығында күн-түн, сөйлеу-үндемеу дегендер табиғатында бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар емес. Күн-түн дегендер бір тәулік ішіндегі мерзімнің екі шегі, сөйлеу-үндемеу дегендер қимыл иесінің күйін білдіреді. Демек, антонимдер табиғатында бір-біріне қарама-қарсы заттардың атауы емес, заттың сапасының атауы, дәлірек айтқанда, сапаның бағасының атауы, немесе бір процестің екі түрлі күйінің атауы болып табылады.
Антонимдік жұптың сыңарлары бір сапаға берілген бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі бағаның атауы болып табылады. Мысалы: Мамықтай жеңіл ( Аs a feather-as heavy as lead ) -темір сияқты зілдей. Бұл антонимдердің заттың салмағын білдірсе, « Ит өлген жер - қарға адым жер » ( Сheek by jowl- far cry from ) [3] .
1. 2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антонимдердің жасалу жолдары
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдер көбінесе сын есімдерден болады, онан соң етістіктерде, зат есімдерде, үстеулерде азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан антонимдер тым тапшы.
Сын есімге тән антонимдердің мынадай түрлері бар:
а) Түбір күйінде кездесетіндері: ауыр-жеңіл ( heavy- light ), кең-тар ( wide-narrow ), ыстық- суық ( hot- cold ), үлкен- кіші ( big-small ), жас-кәрі ( young- old ), ұзын-қысқа ( long- short ), терең-саяз ( deep- shallow ), арық- семіз ( lean-fat ), жеңіл- қиын ( easy- difficult ), ащы- тәтті ( bitter- sweet ), көп-аз ( many- few ), оң-теріс ( right- wrong ) т. б.
ә) Туынды түбір күйінде кездесетіндері: ашық -жасырын, өзімшіл- көпшіл, ашық- жабық, тілазар-елгезек, қатты- ақырын, орнықты-шалағай, олақ-іскер, оңқай-солақай, сүйкімді- жексұрын, бүтін -жыртық, жүрдек-шабан, түзу-қисық т. б.
Ағылшын тілінде: selfish- sociable, friendly, open-close, loud-quiet, beautiful- ugly, etc.
ІІ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2. 1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық антонимдер
Зерттеу бөлімінде көркем әдебиетте жиі қолданылатын фразеологиялық антонимдерге іріктеме жасадық. Антонимдердің көркем әдебиетте қолданылуына бірнеше мысал келтірдік:
Егер қазақ әдебиетінде « Енді менің қағбам орнынан көшіп, күншығысым -күнбатыс боп барады » (М. Әуезов) деп айтылса, онда ағылшын тілінде: « Still, as I see it, marriage is a very sacred thing and children are a blessing not a curse (Theodore Dreiser «An American Tragedy») » екендігі табылды.
Ал фразеологиялық антонимдердің көркем әдебиеттегі пайдалану жиілігіне тоқталсақ, көркем әдебиетте фразеологиялық антонимдер көптеп кездеседі. Мысалы: « Қалмағамбет бізді бауыр тартып, күтіп, асты-үстімізге түсіп, сыйлап жатыр » (С. Сейфуллин)
Сондай-ақ антонимдер мақал-мәтелдерде де жиі қолданылады. Мақал-мәтел - тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Мақал-мәтелдерде халықтың мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, дәстүрі айқын көрінеді.
Мысалы:
A little body often harbours a great soul - Мысқалы аз, бірақ қымбат.
In black and white - Аққа қара түскендей
By hook or by crook - Өтірікті шындай, ақсақты тыңдай ету
Betwixt and between - Артығы да, кемі жоқ- ортақ қол
Great cry and little wool - Қойшы көп болса қой арам өлер.
Қазақ тілінде:
а) Аңқау елге арамза молда
ә) Дос басына қарайды, дұшпан аяғына қарайды
б) Үлкен бастар, кіші қостар
в) Құтты қонақ келсе, түйе өнеді
Сондай-ақ антонимдер поэзияда да ұшан-теңіз. Бұл - антитеза құбылысы. Мысалы:
Қазақ тіліндегі антонимдік контекстердің мына сияқты төрт түрін атап көрсетеді.
1) Антонимдердің бір сөйлем ішінде қатар қолданылуы
2) Іргелес сөйлемдерде қолданылуы
3) Бірнеше антоним сөздердің бір сыңарларын одан кеін беру
4) Антонимдерді аралас қолдану
Тілдік фактілер тіліміздегі антонимдік контекстер тұлғалық және мағыналық жағынан былай топтастыруға мүмкіндік береді:
- Жалпылық мәнде болатын антонимдік контекстер. Әдетте мұндай контекстерде антоним сөздер көбінесе бір сөйлем ішінде қатар қолданылады.
Ит үрер жақсыға да, жаманға да
Қылмағы бірақ залал құдайдан-ды
- Тікелей қарама -қарсылық мәнде болатын антонимдік контекстер.
Мұнда антоним сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшесінің қызметін атқарады да, қарсылықты жалғаулықтар немесе болымсыздық мәндегі сөздер арқылы байланысады.
He was alive, not dead
(B. Shaw The apple cart)
- Альтернативтік мәнде болатын антонимдік контекстер.
«Ендеше не ер бол да ақта!
Немесе Илан да жазала» (М. Әуезов)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz