Бүкіл әлем даму біз үшін ұшы қиырсыз мәселе
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
МӘНЖАЗБА
Тақырыбы: М.Шаханов шығармаларындағы рухани құндылықтар
Орындаған(магистрант): Чапай Н.С.
Білім бағдарламасы: ҚТӘ2-курс
Тексерген: Сұлтанғалиева Ж.С.
ф.ғ.к., доцент
Ақтөбе, 2022 ж.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. М.ШАХАНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
0.1. Ақын жырларының тақырыптық ерекшелігі мен көркемдік жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
0.2. М.Шаханов шығармаларындағы рухани
құндылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
КІРІСПЕ
Әдебиеттіміздің тарихындағы әр ғасыр, әр белес өзінің үдемелі өрбуімен көзге түседі. Соның үшін өткен ғасырдың екінші жартысынан ерекше көзге түскен әдеби құбылыстың бір ақынын ғана сөз етудің өзі үлкен мәселе. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарынан поэзиямыздағы қызуы күшті жалын болып келген ақынымыз Мұхтар Шаханов екендігінде дау жоқ. Өзінің бойындағы талантымен, айбынды поэзия үнімен қазақ өлеңіне тың жаңалықтар ақын есімімен байланысты келді.
ХХ ғасырдың соңының өзі саналуан оқиғаларға толы болды. Тәуелсіздік үшін күрестің күшейе түсуі, экологиялық апат зардаптарының алабұртуы халық өмірінде ерен із қалдырған жәйттер еді. Ақын М.Шаханов өзі көріп куәсі болған халқымыздың өміріндегі оқиғалардың бәрінің қасында, басында болғысы келген жаратылыс бітімі өзгеше азамат. Оның өлеңдері желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын айқындап берген жалынды поэзия болды. Ұлт рухын төмендетпей, жоғары көтеруді аңсады. Ол - адам рухына қатысты сөз айтушы жағы Қазақ тілі - ұлт тілі туралы бірде шырқырай түсіп, бірде лапылдап жанып тіл мәртебесін көздеп жүрген азамат та, ақын да - М.Шаханов. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында: Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз, - [1] деп аршындап дамып келе жатқан мемлекетіміздің рухани құндылықтарына ерекше көңіл аударды.
Жұмыстың мақсаты - М.Шаханов шығармашылығының көркемдік ерекшелігінің түп-төркініне үңіліп, содан бастау алып, бүгінгі күннің тіршілігін терең танымдық тыныспен сипаттайтын жырларын зерттеу.
Жұмыстың міндеті:
oo ақынның әдеби ортаға ену кезеңін белгілеу;
oo ұлттық рухты биіктете түскен шығармаларын талдау;
oo туған тілімізді қызғаштай қорыған өлеңдерінің идеялық мәнін ашу;
oo шынайы достықты жырлаған шығармаларының жалпы адамзаттық маңызын танытуы;
oo ақынның көркемдік әлеміндегі ізденістерінің беттерін ашу.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. М.ШАХАНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
0.1. Ақын жырларының тақырыптық ерекшелігі мен көркемдік жүйесі
М.Шаханов поэзиясындағы көркемдік жүйенің бір парасы өзі өмір сүрген кездегі ауыл, ел тіршілігі, ұлттық мінез, ұлттық психология, табиғат көріністерінің көркем бейнесін жасауға негізделген. Ұлттық сипат кейіпкердің түр-түсімен, киім киісімен, сөйлеген сөзімен анықталмайды. Бұл сырт көрініс, ұлттық мейрам Наурыз мерекесінде қазақы шапан киіп, басқа халық тілдерінде сөйлеген бауыр-туғандарымыздың сұр - сықпыты, міне, осы сияқты. Мәселе ұлттың дамуының әлеуметтік, экономикалық және тарихи ерекшелігіне дүниетанудағы көзқарасына, сезудегі ұлттық психологиясына байланысты. Әрі ұлттық ерекшеліктерді бірыңғай ұнасымдылықтан, жақсы қасиеттерден іздеу де оғаштық. Яғни ол жаман қылық пен қасиеттерде де жатуы әбден мүмкін. Қысқасы, ұлттық сипат тарих көшіне ілесіп дамып, жаңа реңге ие болып отыратын құбылыс.
Ұлттық сана - біріншіден өз халқын, ұлтын сыйлайтын ыстық ықылас пен сергек сезімнен туады. Екіншіден, елінің, халқының ұлттың өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп халық тағдырына, ұлт мәселесіне елдік, мемлекеттік тұрғыдан қарайтын саналы, салихалы ойдан туады. Бұл ретте ұлттық сананың жасаушысы, сақтаушысы, қорғаушысы әрқашан да ұлттық интеллигенция, зерделі авангард топ зиялы қауым, әсіресе ақын-жазушылар. Абайда: Қыранша қарап Қырымға, мұң мен зарды қолға алып, кектеніп надан зұлымға, шиыршық атып толғататын Шоқан, Ыбырай, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Мағжан, Халел, Мыржақып, Жүсіпбек, Мұстафалар сияқты ұлы ойшылдар ғана ұлттық сананың негізін салып, ірге тасын қалайды [1, 572-576]. Бұлар халқының өткеніне қиналған, қазіргісіне қынжылған, келешегінен үміттенген.
Дәл осындай шығармашылығында ұлттық сипаттар басым қазақ ақынының бірі - Мұхтар Шаханов. Әр кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы аға буынның жеткен жерінен бастайтындығын ескерсек, Мұхтар да Абай мұрасын құран хадистеріндей құлағына құйып өскен өрен. Абай поэзиясының түп тамыры өмірде, ұлттық негізде, тарихта екендігін жете зерделеген Шаханов оны игеріп қана қоймай дамытты, жемісті үрдістермен жетілдірді. Сөйтіп дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын туғызды. Бұл бұрын да бар, алда да жалғасын табар құбылыс. Жалпы көркем әдебиет, өнер аса сындарлы тәрбиеші. Ата-анадан да, ұстаздан да өткін ұлы тәрбиеші -- әдебиет, оның ішінде -- поэзия. Тәрбиелік роль атқармаған өнер тұл.
Адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Төреқұлұлы: Поэзия - рух пен сұлулық перзенті - дейді. Үздіксіз ағатын өзен сияқты ұрпақтан-ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұласатын поэзия да мәңгілік. Өзгесін айтпағанда Тарлан сыйлығынан тартып, Нобель атындағы алтын медальге дейінгі иеленген қайраткер, қаламгер Мұхтар Шаханов мәңгілік поэзияның ірі өкілі. Оның шығармашылығы халқының, ұлтының рухани кәусар бұлағының сусынымен қанығып, қазіргі күнде әлем мойындап отырған терең сезімді, философиялық жағымды шығармаларға толы ақынның бар шығармасына ортақ алтын өзек ─ отанын сүю, адалдық, ізгілік екендігін танып отырмыз.
Бүгінгі күні аңсап отырған, сусап отырған ұлттық идеология қалыптастыруда осындай дәуір дауылпазы дерлік, ақын жырларының ролі ерекше.
Біз әдебиетшілер ұлы орыс ақыны Некрасовтың Ақын болу-өз еркің, азамат болу - міндетің деген қанатты сөзге айналған екі жол өлеңін жақсы білеміз және осы жыр жолдарының кімдерге айна қатесіз тиісті екенін іздейміз де олардың бірі емес, бірегейі біздің жерлесіміз Отырарда туып, Төлебиде өскен М.Шаханов. Бірінің тарихы, бірінің табиғаты таң қалдырған өлкенің екеуіненде ақын М.Шаханов рухани азық ала білген. М.Шахановтың ақындығын азаматтығынан бөліп қарауға болмайды.
Халқымыздың Ел басына күн туса, етікпенен су кешер, тұлпар басына күн туса, ауыздықпен су ішер, - демекші жастарымыз мұз жастанған Желтоқсан ақиқатын айтар дуалы ауыз табылмай қиналғанда, басын бәйгеге тігіп, қызыл империяның отаны Мәскеуде өткен съезд мінберінен ақиқатты айтып сөйлеген М.Шахановқа таң қалмасқа болмайды. Бұл Мұхтар Шахановтың ақындық пен азаматтықты бір кеудеге біріктіріп, жасаған аса ірі ерлігі. Ол сөз жоқ дауылпаз ақын.
ХХ ғасырдың соңының өзі сан алуан оқиғаларға толы, Тәуелсіздік үшін күрестің күшейе түсуі, экологиялық апат зарлаптарының алабұртуы халық жанына оңай тиген жоқ. Мұның бәрінде де халқының жанашыр азаматтары күрестен тайынбады. Халыққа экологиялық зардап шектіріп отырған Арал суының тайыздануы оны қалпына келтіру жөніндегі халықаралық мемлекеттік бірлестіктердің жоспарлы бағыттарына талайлар атсалысты. Тарих еншісіне кеткен жырдың соңғы шеніндегі Желтоқсан оқиғасы ұлттың бой көтеру мен күрестің тәуелсіздік табалдырығындағы өршіген жалыны болды. Айтып келе жатқан тар жол, тайғақ кешулердің лепті толқыны халқымыздың аңсары болған тәуелсіздікке жетіп егемендік алдық.
Ақын және азамат болып танылып келе жатқан М.Шаханов өзі көріп куәсі болған жәйттердің бәрінің қасында, басында болғысы келді. Оның жаратылыс болмысы да осыған лайық. Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын депутат ретінде Кремль сарайының мінберінен айқара ашты.
М.Шаханов қай тақырыпты жырласа да, оны сонау ғасырлар қойнауындағы ата-бабалар рухымен сабақтастыра тізбектейді. Ақын өз тұсымен шектеліп қалмай, халықтың, елдің, ұрпақтың болашағына көз тігеді. Мұхтар шығармашылығынан бұған жауап берер дәйекті дәлелдерді көптеп келтіруге болады. Солардың бірі Өркениеттің адасуы атты романындағы рухсыз күш формуласы деп атап, Компьютербасты жартылар концепциясы осыған жауап береді. Аталмыш шығармада көтерілген қазіргі қоғамдағы рухани құндылықтардың құлдилауына әрі осыған байланысты білім ағарту саласындағы өзекті мәселелерге баса назар аударуы әлемдік-азаматтық үн деуге болады. Ақын өмірдің, ғылымның дамуын жоққа шығармайды. Әсіресе, ғылыми дамуындағы сыңаржақтылыққа толғанады. Әлемнің ақпарат тасқындарының, техникалық жедел дамудың, кәсіптік мамандықтың тар шеңберде біржақты даярлануы себебінен әсіресе адами құндылықтардың ескерілмеуін қоғамда компьютербасты жартылардың күрт өсіп кетуі ғасырымыздағы кезек күттірмейтін үлкен проблемаға айналды. Рухсыз білімнің зиянын Мұхтар Шаханов атап айтты.
Соңғы кездегі әлемдік деңгейде белең алған ар-намыс, ұят, әделіттілік, қайырымдылық , инабаттылық үлгідегі қасиеттерді ескермеу, арнайы көңіл бөлмеу адамзатты тұңғиыққа тіреуден басқа нәрсе емес. Кейбір өркениетті елдерде, дамып келе жатқан жоғарғы техникалық білім беру жүйелерінде рухсыздардың кең өріс алуына тосқын бола алатын гуманитарлық пәндерді оқытудан іргесін аулақ салу нышандарына ақын немқұрайды қарай алмайды.
Бүкіл әлем даму біз үшін ұшы қиырсыз мәселе. Ал өзімізге келетін болсақ, қазіргі өмірдің даму қарқынына жанасу әрине әрқайсымыздың мақсатымыз. Оның үстіне біздің мамандығымыз гуманитарлық пәндер болғандықтан оны терең меңгеруімен қатар болашақта қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелеріне ғылыми тәжірибелік тұрғыдан сүбелі үлес қосу басты мақсатымыз.
Демек, біз болашақ үшін тыным таппай ойланумен, толғанумен келе жатқан Мұхтар Шахановтың жан айқайына дайын болу әзірлігін бастаған сияқтымыз. Сонымен бірге ақынның рухсыз білімнің біржақты болатындығын ескерткеніне үн қоса отырып, жас ұрпақты компьютербасты жартылар болып қалудан аман сақтауға уақыт өткізбей кіреріміз анық. Ақын шығармасынан үзінді алар болсақ,
Иә, бізді қайда апармақ мына заман ықпалы?
Ұлан-байтақ жерімізде жарты адамдар қаптады.
Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар
Жарты ұстаздар, жарты бастық, жарты қыздар, жарты ұлдар, - деп келеді де, адам бойына нұр құярлық, жоғарыда аталған керенаулықтан сақтайтын әдебиет әлемін, сөз құдіретін адам жанына сан алуан асыл-қасиеттерді енгізетін өнерді дәріптейді де:
Ұлы Ғабит Мүсірепов - қара сөздердің кемелі,
Бүткіл қазақ рухының айдары мен беделі, - дейді .
Одан әрі қарай:
Оян, Данте, Фирдаусидің және Абайдың айбыны!
Бөгей алмау ғасырға сын бұл тасқынгөй қайғыны.
Үнсіз жата береміз бе, қол қусырып көнеміз бе?
Робат - түйсік арқалаған,
Мейірімі тұл жарты адамдар
Жердің бетін түгел жаулап жеңгенінше
Дөңбекшиді көңіл ғалам,
Бүгін өлу жеңіл маған,
Осы рухсыз жеңістердің ертеңіне сенгенше [2,24].
Осы келелі кең мәселе туралы ойымызды әлемнің белгілі қоғам қайраткерлері, көрнекті ақын-жазушыларымыздың ойларымен түйіндейтін болсақ, жапондық Дайсаку Икэда былай дейді: М. Шаханов өзіне тән көрегендіктен, гуманистік ар-намыстың сезім алғырлығымен бүгінгі жаппай еркіндікке елтіген рухани құлдырау түйісінен, ғаламат ақындық сөз қуаты арқылы әлемдік үлкен қауіп алдында тұрғанымызды ескертеді. Рухани байлықты мойындамай, тек қана жалаң білімге ден қойған қазіргі компьютербасты жарты адамдардың пайда болуы жайлы Шаханов концепциясы бізді, жапондықтарды қайран қалдырды. Мен оның халқын осындай тегеурінді перзент тудыра алғандығымен құттықтағым келеді [3,26].
Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсенов: Қалай десеңдер, олай деңдер, М.Шаханов - ұлт мүддесін қорғаушылардың ең алдыңғы сапында келе жатқан қайсар, тұлғалы ұлы ақын. Кешегі Желтоқсан көтерілісі кезеңінде, ел ерге, ер жерге қараған сын сағаттарда сонау Мәскеудегі қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенің алпауыттарына басын бәйгеге тіге отырып қарсы шыққан, сөйтіп ұлтымызды үлкен әділетсіздіктен қорғап қалған осы жігіт еді ғой.
Арал қасіретін күллі әлемнің назарын бұрған да - М.Шаханов.
Ұлтымыздың ірілі, ұсақты проблемаларының маңында ылғи да осы ақын келе жатқан жоқ па? - деп ақыл иесі ретінде алғыс айтып, ағынан жарылған ақсақал жазушының сөзіне толық қосылып оны қуаттаймыз.
М.Шаханов не жазса да шындықты ойып жазады. Батыл сын айтып, олқылықтың орнын толтырудың жолын іздейді. Көпшілік атаулының болашақ ұрпаққа індет болмауын ойлаған ақын әрқашан кесір атаулыдан ұрпағын сақтандырмақ болып жақсылықтың оты маздап тұрса да оны алаулатпақ болады. Өр даусын жалқына ұрандай жеткізеді.
Бөдене таланттар мен Қажымұқандар өлеңінде:
Ертелі- кеш ұлылыққа ауған аңсары,
Біздің қоғам ергежейлі дарындардан шаршады.
Ергежейлі бөдене таланттар, жоқ сендерде болашақ таңы,
Қайдасың Қажымұқан шаруашылықтағы ғылым мен
саясаттағы?
Тұлпар туған биені біздің ұлтымыз ешқашан соймаған,
Осы дара дәстүрде мазмұн бар тереңге басқаша бойлаған.
Қажымұқанда жоқ қарадан ақ бөлініп сараланбайынша
Қоғамда тұлпар ой туғызар еркектер бағаланбайынша.
Ақын мұнда ірі өмірлік те, философиялық та толғаныс жасаған. Бойына күш дарытқан халқымыздың мақтанышына айналған Қажымұқанның дүниеге келуі үлкен құбылыс екендігін дәл тауып айтумен бірге ерекше оны сипаттайды. Шынында да өлеңнен Алып анадан туады дегендей Қажымұқанның қазір дүниеге келмей қалғандығын аналарға өкпе-наз ретінде нәзіктікпен жеткізеді. Солай болса да, ақын мұнан да тереңірекке барған сияқты. Өйткені бұлай болмаса ақын:
Қажымұқан рухын иеленген далаға етуде бүгін иелік.
Қанша мың бөдене бастықтар бөдене ойларға сүйеніп, демеген болар еді. Барлап қарайтын болсақ, ақын шынында өмірдің әр тұсына көз жіберіп тұр. Ондағысы ақынның өзі атағандай, ергежейлі дарындардың, бөдене бастықтардың ел қамын емес, өз қамын ойлап бөдене ойларға шырмалып ақ пен қараны ажыратуға дәрменсіздік жасайтындығы жан күйзелтетіні белгілі. Ақын бойында ықпал әсері мол. Қанша дегенмен өмір өзінің ұшан теңіз сырымен де, қырымен де ғажайып құбылыстардан тұратындығы сөзсіз.
Олай дейтініміз Күріш күрмексіз болмайды дегені сияқты ақын армандаған ұлылық оңай келмейді. Өйткені ақын халық рухын көтеріп алып күш иелерін, ақыл-ой парасатпен суарылған әділ билікті айтады. Томаға тірелген ой әпербақандық, өзімшілдік, әділетсіздік жақсылық атаулыдан қашық жамандықтың керенаулығын ноқталап алғандарға жаны қас.
Ақынның ойынша, әрбір ортада ондайлар болмаса деп өзі де ұғынып, өзгелерді де ұғындыруға талпынады. Ақынның даналық ойын әрбір азамат, әрбір қазақ ұғынса бүкіл халқымыздың көсегесі көгерер деп білеміз.
М.Шаханов ой салып ортаға тастап отырған ой-пікірі ақыл есі кірген баланың билік лауазым иелеріне дейін ашық та анық. Осы бір өмірге жан-жақты қарап ой-толғанысынан туған пікірлердің куәсі әркім де бола алады. Сондағы айтарымыз жазықсыз жапа шексең жүрегің сыздайды. Сол жапаны ауызбен айтып, қолмен жасаған мәз-мейрам да шығар. Оның құлағы соны қалап тұрса, олай болмай не болар. Бірақ, оның сұрауы да бар екендігін еске салған ақын Қоянның көжегі ұқсас ергежейлі қалыптан бөлек, қоғамға бүгін Қажымұқан, қуатты дарындар, алыптар керек деп ойын қорытады.
Әрине, мұндай ойды, өмірдің осындай қырын тек Мұхтар ғана айтты демейміз. Дәуіріміздің белгілі ақыны Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Қадір Мырзалиев өмір туралы ой-өрімдерін жырына төмендегіше арқау етеді:
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді,
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып
Адам жылап өледі, өзгелерді жылатып
Туғанда оның жылайтыны, адамдар бар қинайтын.
Өлгенде оның жылайтыны, адамдар бар қимайтын [4,12].
М.Шахановтың рухани байлық туралы өлеңдерін сөз етер болсақ, тек қана ақынның Ғасырлар бедері, Жаңа қазақтар, Эверестке шығу, Компьютербасты жарты адамдар, Бөдене таланттар мен Қажымұқандар жинақтарының өзінен түйдек-түйдек етіп алуымызға болады. Бұлай дейтініміз ақын халықтың бүгіні мен ертеңгісін ойлаудан бір тынбайды.
Соның үшін ел пайдасы шешілетін мәселелерге баса назар аударады. Осы даңғыл жолдың нұрлы болуын, жарық болуын аңсаған ақын қарапайым қатардағы адамнан бастап ел билігінің тізгінін ұстағандар арасындағы барлық азаматтарға көңіл аударады. Бәрінде де рухани байлықсыз мемлекет құруға да, алға дамуға да, өркениетке жетуге де мүмкін еместігін еске салады.
Ақын әдетінше жайма шуақ ой айтып қоюдан аулақ. Ой ұшқынын шашыратып өткір тілділігін жұмсайды:
Жаңа қазақ, шала қазақ, жас інім,
Аршысынан тұрды бүгін асығың
Саған қарап ойландым да, жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың, -
дей келіп оқушысына Желтоқсан оқиғасын елесін ескертіп ел басқарған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың жақсылығын жүрек әмірімен толғанады. Өлеңнің соңында:
Жинасаң да әлемнің бар алтынын,
Адамдығың көрсетпесе жарқылын,
Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн.
Ешкім рух байлығынан бөлініп,
Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным! - дейді.
Ақын толғанысы ел өмірімен өзектес. Халқы үшін шырылдап отқа түсу ақының азаматтық биік мұраты. Бұл жолдан М.Шаханов танбай келеді. Біз сөз етіп отырған мәселе ақын поэзиясындағы азаматтық үннің бір қыры ғана. Ол өмірде де, депутаттың мінберінде де, қалың оқырманымен кездесулерде де кең тынысты алуан тақырыпты ой қозғап халқының биік тұлғалы азаматы да, көп жұмыс тындырар ардақты ақыны да болып келеді.
Ақынның табиғаты өмірдегі шындықтың көрінісі. Ақын бәрін білгісі келеді, ол айтпаған сөз, ол мәселе етпеген құбылыс жоқ. Қысқа қайырсақ, ақын сезімге емес, санаға емес, адам рухына қатысты сөз айтушы жан. Осындай сөзді М.Шахановтың барлық шығармаларында тамырдай қуат алған өзекті етіп отырады.
Ақын бүгінгі заман тынысының қандай болмасын бір сәтін өлеңге айналдыра бастап, оны сонау атам замандағы ой-санаға теңестіріп екеуінің туыстығын тауып, кешегіні бүгінгі етіп, бүгіннің болуы кешегіге байланысты екендігін көркемдік тәсілдермен тамаша бейнелей білетін сезімтал суреткер әдетте, ғалымдардың том-том етіп кітаптар жазып, соны түсіндіре алмаған мәселелерге М.Шаханов тұп-тура келіп, бірнеше шумақта ой-легін төгіп-төгіп тастайды. Айтылған ойдың дұрыс немесе бұрыс екендігін М.Шаханов тексеріп жатпайды. Мәселе онда емес, әңгіме ой білдіруде, адамдарды ойға тартуда. Сондай жағдайда тіптен түсінікті, қарапайым деп жүрген мәселелер күрделеніп аса қиын, ұғынуға болмас деген жүрек шайлықтырар проблеманы жеп-жеңіл шеше салады. Ол М.Шаханов ойлау ерекшелігінің күтілмеген ғажайыптары, терең ойдың иесі екендігін білдіреді.
М.Шаханов лексиконында дәстүрлі қазақ тілінің орамдарында орнықпаған тың тіркестер, жаңа түсініктер молырақ толығады. Әсіресе, жаңа Шаханов шығармаларында жиі кездесетін мұндай тосын ұғымдар бір қарағанда ақынның сөздер қорына күмәнмен қарауғада себеп болатындығы. Байыбына барсаңыз уақыт көшінен кенжелеп қалмауға ділгер болып отырған қазақ тілін байыта түсуде осындай тәжірибесіне де жатырқамай қарау қажеттігін сезінеміз. Өткен ғасырдың басында жаңа тұрпатты жазба тілімізді орнықтыруға күш салған алаш ардагерлеріміздің сөз қолданысында дәл осылай оғаш-қиғаш көрінген болар. Қазақ тілі төрт тұяғын топыраққа тигізбей тайпалта жорғалаған шешендер ғажайып көркем тілі екендігі қандай рас болса, бүгінгі өмір қиындығының иірім, қайырымдарына икемделіп бейімделу арқылы мүлдем сондай мүмкіндіктерінің де мол екендігін дәлелдей алатын өміршең тірлік. Осы тұрғыда М.Шаханов шығармасына жүргізген кейбір талдауымыздың бағытын ақынның қазақ тілі - ұлт тілі туралы бірде шырқырай түсіп, бірде от алып тіл мәртебесін көтеру жөніндегі азаматтық та, ақындық та үнінің тым биік екендігінің куәсі болып жүрміз.
Ақынның өткір ойы тіл тағдырын ел тағдырымен, ұлт тағдырымен тұтас қарастыруда өз өлеңін мінбер етіп пайдаланады. Егемендік алып, Тәуелсіздікке қол жетіп, қойнымыз қуанышқа толғанда оның баянды болуының бір тетігі тіл құдіретінде жатқандығын, қателеспесек, М.Шахановтан басқа ешкім айта алған жоқ. Егемендіктің желісі әдеби - тіліміз, мәдениетіміз, экономикамыз тағы басқа салаларда да оның тең дәрежеде дамуы аса қажет. Осы орайда ұлт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz