Қазақ әдебиетіндегі әйел тағдыры және дәстүрлі отбасы құндылықтарының дәріптелуі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Қалалық білім бөлімінің «№ 5 И. В. Панфилов атындағы мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі әйел тағдыры және дәстүрлі

отбасы құндылықтарының дәріптелуі

Бағыты: Әдебиет

Авторы: Бакирова Диана Жусупқызы

Жетекші: А. С. Кайранова

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты,

Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің қазақ тілі, әдебиет және журналистика кафедрасының доценті

Баялиева Гүлмира

10 «А» сынып оқушысы Бакирова Диананың

«Қазақ әдебиетіндегі әйел тағдыры және дәстүрлі отбасы құндылықтарының дәріптелуі» атты ғылыми жобасына

ПІКІР

Қазіргі таңда, заман талабына сәйкес, өскелең ұрпақтың білімді, рухани бай, парасатты тұлға ретінде қалыптастыруда мектептің алар орны өзгеше екендігі белгілі. Мектеп - білім мен ғылымға жетелейтін алғашқы саты. Диана өзінің зерттеу жұмысында қазақ қызының қазақ қоғамдағы рөлі, қазақ қызының болмысы, ұрпақ тәрбиелеудегі отбасы құндылықтарының дәріптелуі, оның тәрбиелік мәнінің, ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше екендігін көрсете отырып, талапқа сай орындаған. Жұмысты жүргізу барысында шәкірт жинақтау, бақылау, сипаттау, суреттеу сынды әдістерді тиімді пайдаланған. Зерттеу жұмысының мақсаты - оқушының шығармашылық қабілетін арттыру болып табылады.

Ғылыми жобаның нәтижесі нақты жазылған. Зерттеу жұмысы ғылыми негізделген, мазмұнының логикалық құрылымы мен ішкі бірлігі жүйеленген. Ғылыми жобаның материалдары нақты деректерге сүйене отырып жазылған.

Автор тақырып аясында алынған өзекті мәселені толығымен қамтып, қойылған мақсат пен міндеттеріне қол жеткізген, өз деңгейінде орындалған.

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің

қазақ тілі, әдебиет және журналистика кафедрасының доценті

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақ әдебиетіндегі әйел болмысы

2. 1. Қазақ қызының алар орны

2. 2 ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы әйел образының бейнеленуі

2. 3 Дәстүрлі қазақ отбасындағы құндылықтардың дәріптелуі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Аннотация

Бұл ғылыми жұмыста қазақ әдебиетінде адам концепциясы, оның ішінде әйел бейнесін даралап суреттеуді авторлық ғылыми тұрғыдан қарастырылды. Қазақ әдебиетіндегі қыздар болмысы қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі ұшан - теңіз. Әсіресе қазақ қоғамында аналардың алар орны ерекше болған. Бұл жұмыста ХХ қазақ әдебиетіндегі қыздар болмысы зерделенген. Сонымен қатар, ХХ ғасырдағы қазақ жазушыларының қазақ әйелдеріне арнаған туындыларының басты ұстанымы, дүниетанымы жан-жақты зерделенді. Қазақ әйелінің ұлттық болмысы, ішкі рухани әлемі, кейіпкерлердің оқиғалар аясындағы сомдануы, характерінің ашылуы принциптері қарастырылды.

Бакирова Диананың ғылыми жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан, күнделіктен және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеті, жұмыстың жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы ашылады.

Ғаламтор материалдары, ғылыми еңбектер, ғылыми рефераттар, әдеби көркем шығармалар осы ғылыми зерттеудің қайнар көзі болып табылады.

Жоба өзінің өзектілігімен, ұсынылған материалдарымен және қоырытынды шешімімен қызықты.

Annotation

In this scientific work, the concept of man in Kazakh literature was considered from the author's scientific point of view, including the individualization of the image of a woman. In Kazakh literature, girls play a significant role in society, in the family. Mothers had a special place in Kazakh society. In this work, the essence of girls in Kazakh literature of the XX century is studied. In addition, the main position and worldview of the works of Kazakh writers of the 20th century dedicated to Kazakh women were studied in detail. The principles of revealing the national identity of the Kazakh woman, the inner spiritual world, the characterization of characters in the context of events were considered.

Literature is a human science. Man is a complex mystery. Death is not a mystery, life is more mysterious. The ideal of literature is the glorification of the aesthetic ideal. The aesthetic ideal is a woman. It is a symbol of all artistry, beauty, and love.

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: ХХ ғасырдағы әйелдер тұлғасын, олардың адамгершілік қасиетін түп қазығы ете білген ақын-жазушылардың шығармалдарындағы әйелдер бейнесін ғылыми тұрғыдан салыстыра қарастыру - ғылыми жұмыстың негізгі объектісі болмақ. Әйелдердің адамгершілік болмысын, қатал тағдырын, нәзікжандылардың әлсіздігін пайдаланып кеткен, арам да сұмпайы байлардың образын шынайы қалпында танытып, оқырманға ғибратты үлгі беретін осындай көркем туындылар арнайы зерттеуге әбден лайықты дүниелер.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті:

Қыздар бойындағы қайсарлық пен өжеттілікті айқындау.

Ұлттық тәрбиенің қыздар болмысында ерекше орын алатынын дәлелдеу.

Шығармалардағы әйелдің жан дүниесін, рухани ізденістерін шынайы қалпында суреттеу шеберлігін таныту, отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды қалыптасу жолдары

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы

Бұл ғылыми жұмыста ХХ ғасырда өмір сүрген қазақ зиялыларының шығармаларында әйел бейнесі және оның жасалу ерекшеліктері, отбасындағы құндылықтардың дәріптелуі ғылыми тұрғыдан қарастырылды. Сол арқылы ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының тыныс-тіршілігі, отбасы құндылықтарының дәріптелуі, адам концепциясы оның ішінде әйел бейнесін даралап суреттеудегі жазушылар ұстанымы, дүниетанымы жан-жақты зерделенді. Қазақ әйелінің ұлттық болмысы, ішкі рухани әлемі, кейіпкерлердің оқиғалар аясындағы сомдануы, характерінің ашылуы принциптері қарастырылды.

Әдебиет - адамтану ғылымы. Адам күрделі жұмбақ. Өлім-жұмбақ емес, өмір-жұмбақ күрделірек. Әдебиеттің мұраты - эстетикалық идеялды ұлықтау. Эстетикалық идеал - әйел. Ол бүкіл көркемдіктің, сұлулықтың, махаббаттың символы.

Зерттеу жұмысының нысаны

Қазақ әдебиетіндегі ер авторлар жазған XX ғасырдың алғашқы ширегінде жарық көрген

С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі»,

Ж. Аймауытовтың «Ақбілек», М. Әуезовтің «Қаралы сұлу», С. Мұқановтың «Ботакөз» т. б.

шығармаларындағы бір ғасырға жалғасқан әйелдер образының ерекшеліктеріне тоқтала отырып, қазақ қоғамының өзгерісін қазақ әйелдері құқығының өзгерісімен сабақтастыра отырып зерттеліп, талдау жасалады.

Қазақ халқы ертеден - ақ адамгершілікті ардақтап, ұлттық әдепті жоғары бағалай білген. Отбасында ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейтінін, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейтінін сезінген. Өткен ғасырда өмір сүріп, ұлт тарихында елеулі із қалдырған, халқына ақ тілек жолында бар ғұмырын арнаған абзал аналардың болғандығын сарғайған құжаттар дәлелдеп отыр. Халқымыздың ғасырларға созылған азаттық үшін күресіне өр мінезді аналардың, өжет қыздардың да қатысқандығын, «тәуелсіздік» деп аталатын қасиетті ұғымға үлес қосқандығын деректер арқылы бүгінгі ұрпақ санасына жаңғыртып, жаңартып сіңіру және болашаққа жеткізу борышымыз. Өз әдебиетімізге деген құрмет пен сүйіспеншілік қағидасын бойға сіңіруге үйрету және үлгі алуға үндеу тарихи тұлғалардың өмірбаяндары мен қызметтері арқылы туған халқы мен Отанына адал да риясыз қызмет ету үлгісіне айналып жүрекке ұялайды. Олардың ойы мен армандарын қазіргі жас тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасында жүзеге асуда. Барлық тарихтағы сияқты қазақ тарихында да аталған есімдердің бірін алға шығарып, екіншісін кесіп тастауға болмайды. Олардың арасында тарих өз ризашылығымен бағасын беріп, еліміздің дамуына бар саналы ғұмырын арнаған, саясатқа ерлермен бірдей араласқан, аналық тұлғасы мен іскерлік көрегенділігін көрсеткен Гауһар Бопай, Назым, Айғаным, ханымдарды мақтанышпен атап өтуге болады. Жобамымыздың кейіпкерлері ІІІ-ХІХ ғасырдың қазақ арулардың тұлғасы арқылы тарихқа құрмет көрсету, елдің азаттығын сақтау, әулеттің бірлігі мен татулығын көз қарашығындай қорғау, туыстық қатынастар желісін үзбей ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру сияқты қасиеттерді үйренудің бүгінгі уақытта маңызы. Ғылыми жоба жұмысында қазақ әдебиетінде елеулі орын алатын, ел өмірінің сынға түскен күрделі кезеңінде үлкен көрегенділік танытқан, еліміздің тәуелсіздікке жетуіне, ұлттық құндылықтарды бойына толығымен сіңіре білген «қазақ қызы» деген атауға лайық, өзінің барлық саналы ғұмырын арнаған қазақ арулардың есімін кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Олардың өмірі мен өнегелі істері қазақ тарихында өз орны бар және бүгінгі жаһандану заманда үлгі болатын тұлғалар екендігі анық.

Халқымыздың есімдері ескірмейтін ұлы перзенттерінің қатарындағы аналардың қоғамдық-саяси қызметтерін насихаттау, өркениетті әлем қатарына ену жолында төл тарихымыздың өткен тәжірибесін жинақтау арқылы келер ұрпаққа үлгі ету, ғылыми құжаттар көшірмелері, ғалымдар пікірлерінен сілтемелер жасау, ізденіс нәтижесімен өзіндік зерттеу жұмысын жүргізіп, ұсыныс дайындау. Қазақстандық қоғамның жаңа тарихының рәсімделулерінде қазақ қыздарының өнегелі істері мен өткен өмір жолы, ұстанған ұстанымдары мен мінез ерекшелігін үлгі ету арқылы қыз бала бойында жауапкершілік сезімін арттыру, ұлттық құндылықты жоғары ұстаға тәрбиелеу. Жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де осы жастарға тікелей байланысты. Қазақ жастарының іс-әрекетіндегі біздің ұлттық болмысымызға дақ түсіретін жақтары, яғни маскүнемдік, нашақорлық, балалар үйіндегі жетім балалар, қарттар үйіндегі үлкен ата-әжелерімізді көрген кезде әркімнің жүрегі ауыратыны белгілі. Неге мұндай кеселдер пайда болды? Сондай ықылым заманнан бері жетімін жылатпаған, қариясын қаңғыртпаған ел неге бүгінгі таңда осы дертке шалдықты?Өткеннен сабақ алып, бүгінгі күнде заман талабына сай сол игілігіміз бен құндылығымызды жоғалтпауымыз керек. Әссіресе қыз бала тәрбиесі - ұрпақ тәрбиесі деп бекер айтылмаған, тарихтағы ару қыздарымыз жайлы көп білсек, соған ұқсағымыз келсек, олардың ерлігімен өмірі, ұстанған ұстанымдарын үнемі естіп, көріп, оқып отырсақ біз жас қыздар келешекте ғасыр дертіне айналған жамандықтардан бойымызды аулақ ұстайтын боламыз.

Қазақ халқы-данагөй, сөзге шешен, қызын аққудай мәпелеп өсірген, аталы

сөзге тоқтаған, үлкенге құрметін, кішіге кішіпейілділігін көрсетіп

қызға қырық үйден тыйым» деген қағиданы ұстаным қыз өсірегн халық.

Қыз қылығымен жағады» демекші қазақ халқы біріншіден қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қыздарын бала кезінен қатал ұстап, бірақ бетін қайтармай, даланың ерке елігіндей өсірген. Әрбір қазақ, бай болсын, кедей болсын өз қызын ибалы да өнегелі, ақылына көркі сай, жолдасыеа серік бола алатындай етіп тәрбиелеген. Екіншіден қыз болмасы. Қазақ қызы десек бұрымы ұзын, күлімдеген сүйкімді де ұяңды жанды елестетеміз. Қыз қуыршақ, ұл құлыншақ» демекші қазақ қызы елді келбетімн емес, жан сұлулығымен тәнті еткен. Қазақ қызының болмысы дегенде Қыз Жібекті еске аламын. Қыз Жібек үшін Төлеген күндер мен айларды, қиыншылықтарды бастан өткерді . Сәті туып, ақырында екеуі танысыады . Қазақ халқының салт- дәстүріне орай екеуі қосыла алмады. Бірақ мен бұл жыр дастанды оқи отырып Жібектің образына тәнті болдым . Таус құсы қауырсынын кеңінен жайып, арлы берлі қадам жасағандай ерекше көңілімде қалды. Сіз қандай да бір аңыз әңгімелерді не болмаса әдеби шығармаларды оқыған боларсыз. Сол әрбір шығармада қазақ қызының бейнесі, қылықтары айқын бейнеленеді. Мысалы Ыбырай Алтынсаридың Қара батыр атты ертегісінде бір жас қыздың сыпайы да терең ойлы сөз айтқаны туралы кездеседі. Әйел бейнесі әр шығармада ойып тұрып орын алатын образ.

XX ғасырдың бастапқы кезеңіндегі қазақ прозасында әйел теңсіздігі тақырыбы мүмкіндігінше кеңінен, терең қамтылғаны бәрімізге аян. Әр санаттағы эпикалық туындылардың бастапқыда «Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Шұғаның белгісі» аталуының өзінен тақырыптық-идеялық сипаты аңғарыла түсетін. Әсіресе, Ғабит Мүсірепов ұлт әдебиетіндегі ана бейнесін ашуда өлшеусіз еңбек сіңірді. Отбасының ұйытқысы саналатын, жылы жүректі әйелдің, ананың болмысын боямасыз етіп жасауда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Қаламгердің әдеби-шығармашылығының шыңдалуына Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой секілді орыс классиктері мен батыс классиктерінің әсері мол болғаны анық. Өз дәуірінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық шығармалары баурап алды. Гуманист жазушының аяулы тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі туралы жазған шығармалары Ғ. Мүсіреповтің жігерін жаныды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ақлима», «Ананың анасы», «Әмина», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ер ана», тақырыптарындағы әңгімелерін жазды.

Негізгі бөлім

Қазақ әдебиетіндегі қыздар болмысы қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі ұшан - теңіз. Әсіресе қазақ қоғамында аналардың алар орны ерекше болған. Сонау ерте замандардағы наным - сенімдердің түп - тамыры да Ана. Ата бабаларымыз аспанда Тәңірі, жерде Ұмай ана деп табынатын. Ұмай ана- қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, жанұя, отбасының пірі. Ауызша тарих пен жазба деректер қазақ тарихындағы аналар мен қыздардың өзіндік орны, атқарар рөлі жоғары болғандығына дәлел бола алады. Аналарымыздың қоғамдағы орнын қалыптасқан ру-тайпалық қатынастар, дәстүрлі шаруашылық, тамыры тереңнен бастау алатын діл, салт-дәстүр, әдет-ғұрып анықтаған. Қыздарын болашақ ана ретінде санаған халық «Ұл туса-ұрпағым өседі, қыз туса-ұлтым өседі», -деп қыз баланың дүниеге келуін ерекше қуанышпен күткен. «Қыз аз күнгі қонақ» деп тазаны кигізіп, дәмдіні жегізіп, төрінен орын берген. Алысты жақын, жатты жекжат етер, ел мен елді таныстырып, табыстырар дәнекер көріп құрметтеген. Киімнің асылын қыз бала киетін, алтын, күмістен жасалатын өте қымбат сәнді әшекейлер де, өте әдемі және қымбат ер-тұрмандар мен жүрісі жайлы жорғалар, әдемі сәйгүліктер, парлар жеккен пәуескелер бойжеткенге арналатын. » -деген қазақ халқының белгілі ғалым-этнографы Х. Арғынбаевтың тұжырымы айтқанымызды растайды. Яғни бар асылын, қымбаттысын мен әдемі жасауларын тек қыз балаларына арнай білген. Оның астары терең. Бүгінгі қыз бала, ереңгі ана, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын тұлға. Қазақ қызын “қыздың жолы жіңішке” дей отырып, жан - жақты тәрбиелеген, еш уақытта оны кемсітіп, төмендетпеген. Қайта қыз баланың бойына әдептілік, инабаттылықпен бірге дала әдебіне сәйкес өткірлік, қайсарлық, шынайы намыс тәрізді қасиеттерді қоса дамытып отырған. Сондай- ақ тәлім - тәрбие, күш - жігер зая кетпеген. Қазақ әдебиетін жоңғарларға атойлап шапқан Қабанбай батырдың қызы - Назымды, бірнеше шешуші жорықтарда көзге түскен Абылай ханның қызы - Гауһарды, талай ақтық шайқастарда ерен ерлік көрсеткен Айтолқынды, найман жұртшылығының батыр қызы - Жанқайды жадында сақтап, ұрпаққа дәріптейді. Бұлардан өзге ақылдылығымен, әулиелігімен аты шыққан Бегім ана, Бұланбай батырдың жары Айбике, Кенесарының қарындасы, 500 сарбазды басқарып, Ресей отаршылдарына қарсы соғыста ғажап ерлік көрсеткен Бопай, Шоқанның әжесі, бірнеше шығыс тілдерін білген, өз халқының мұң - мұқтажы туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азиялық департаменті мен үкіметінің Сібір комитетімен хат алысып тұрған Айғаным ханша тәрізді ел арасында беделі жоғары әйел аналар аз болмаған.

Әлемдегі кез келген халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірген еңбегі зор. Тарихта есімдері алтын әріптермен өрнектелген - Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, Айша бибі, Абақ ана, Домалақ ана мен Қыз ене, Қасым ханның анасы Жаған бике, қолбасшы Бопай ханым, ел билеген Айғаным мен Ұлпан секілді аналарымыз ұлт тәрбиелеп, халық қалыптастырып, мемлекетімізді баянды етуге мол үлес қосты.

Түркілер әйел-ананы отбасының құты мен ырысы, ұйтқысы мен жылуы деп таныған. Сондықтан да болар түркі дүниесін терең зерттеген тарихшы - ғалым Лев Гумилев «Көне түріктер» деген іргелі зерттеуінде «Түркілер әйелдерді сал-серілердей қатты құрметтейтін. Баласы үйге кіргесін әуелі шешесіне иіліп, тәжім еткен, содан кейін барып әкесіне сәлем берген. Орхон жазуында да апа-қарындастары қалып қойып, оларға ажал қаупі төнгенде, Күлтегіннің оларды жанқиярлықпен қорғап қалғаны зор шабытпен жырланады. Түркілерде анасының шыққан тегіне айрықша мән берген. »- деп жазған. Қазақта «Жігіттің жақсы болуы нағашысынан» деген сөз бар. Оның түп мәніне үңілсек, ата-бабаларымыз аналарының, жұбайларының қадір-қасиетіне, оның шыққан тегіне ерекше мән берген. Мұның өзі қыз баланың ұрпақ өрбітудегі орнының жауапты екендігін айшықтайды.

Қазақ қоғамы өткен бір ғасырлық даму тарихында әйелдерге шекті құқық берген дәстүрлі танымнан бүгінгі шартты түрде әйелдерге ерлермен тең құқық қарастырған қоғамға жетті.

Қазақ әдебиетінде өткен ғасырда әйелдер образын негізінен ер жазушылар жазған.

Әйелдер құқығы идеясы ер жазушылар шығармаларында әйелдерге ерлердің тұрғысынан қарастырылады. 1910-1940 жылдары жарық көрген С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», М. Әуезовтің «Қаралы сұлу», С. Мұқановтың

«Ботакөз», Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» шығармалары әйелдер құқығы идеясының бірінші кезең көрінісі.

Екінші кезең - 1960-1990 жылдарда кеңес қоғамында жарық көрген Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Д. Исабектің «Әпке» сахналық шығармасындағы әйелдер құқығы идеясының көрінісі.

Үшінші кезең - пост-кеңестік қоғамда жарық көрген Б. Нұржекеев, Қ. Түменбай шығармаларындағы әйелдер құқығы идеясының көрінісі. Осы ғасырлық уақытта қазақ қоғамында Батыс Еуропадағы Әйелдер құқығы идеясы деңгейіне жетпесе де, үлкен дамуды бастан кешті. Бұдан сөз үнсіздік өзгерісінен - қазақ қоғамындағы әйелдердің өз құқығын қорғау жағында үнсіздік жағдайдан біртіндеп өз құқығын саясат, экономика жағында мүмкіндігінше қорғай алатын деңгейге жеткенін көруге болады.

Ежелгі Грекиядағы «Илиада» эпосындағы Илена мен Кассандраның, байырғы

арабтың «Мың бір түн» шығармасындағы әйелдердің, ортағасырлық қытай әдебиетіндегі

көптомды роман «Үш патшалық шежіресіндегі» әйелдердің, қазақтың «Қобыланды», «ЕрТарғын», «Алпамыс» эпостарындағы Құртқа, Қарлыға, Ақжүніс т. б. әйелдердің образынаносыны көреміз. Бұларды ерлер көзқарасы тұрғысымен жазылған әйелдер образы деп атауымызға болады. XX ғасырдың басында С. Торайғыров (1893-1920 ж. ) «Қамар сұлу» өлең-романында дәстүрлі рулық-отағасылық билік үстемдік еткен қоғамдағы қазақ қызының тағдырын жазған. Қамар бай әулеттен шыққан сұлу қыз. Он бес жасқа келген Қамар көркіне ақылы сай (хат таниды, өлең шығарады) барлық жағынан сол тұстағы өз құрбыларынан оқ бойы озық тұрған жан. Соған қарамастан Қамар өз қалауымен сүйген адамына тұрмысқа шыға алмайды. Қамарды әкесі мен шешесі жанындай жақсы көрсе де, дәстүрлі қоғамдық салт бойынша оны сүйген жігіті Ахметке емес, малы көп бай Нұрымға береді. Бұл шығармада

дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйел затының отбасы мен рудың мүддесіне сай малға сатылып кете беретін бас еркіндігі жоқ материя ретінде көрінеді. Оның қоғамдық орны тек отбасымен ғана өлшенеді. Сондықтан да Қамар ақылды, сұлу болса да, тағдырынан қашып құтыла алмайды. Бұдан С. Торайғыров өз дәуіріндегі қазақ әйелдерінің тағдырына алаңдайтынын, алайда, алаңдаудан өзгеге бара алмайтын шарасыздығын көреміз. Қамар сұлу образы соған дейін малға сатылып, тағдыры тәлкек болып кете берген қазақ қоғамындағы әйелдердің әдеби мәтіндегі көрінісі деп бағалауға болады. М. Әуезовтің (1897-1961 ж. ) «Қаралы сұлу» әңгімесінен дәстүрлі қоғамдық қатынас

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық прозасында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Адамгершілікке тәрбиелеу, бауырмалдыққа үндеу - қазақ халық ертегілерінің басты арқауы
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Ұлт этнографиясын зерттеудің кезеңдері
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің зерттелуі
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Сөз мәдениеті
Кие қандай атау
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz