Ежелгі дәуір әдебиеті Қазақстан тарихының дерек көзі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

«М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік» универститеті

Факультет: Гуманитарлық-Әлеуметтік ғылымдар

Кафедра: «Тарих және география»

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті Қазақстан тарихының дерек көзі

Орындаған: Райсов Асанали

Қабылдаған: Мырзаханова. Н. Р

Тараз қаласы, 2023ж.

Жоспары

  1. Заманымыздан бұрыңғы аңыз жырлары (Б. з. б VIIғ-IVғ) Орхон ескерткішіТарғытай аңызы
  2. Түркі дәуір (VIғ-IXғ) әдебиеті дерек ретінде

2. 1) Оғызнама дастаны

2. 2) Қорқыт ата кітабі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Қазақтың ілгі ата бабалары ғұндар, сақтар қалдырған ежелгі дәуір әдебиетін Қазақстанның тарихи дерек ретінде қарастыру маңызды. Себебі, Ежелгі дәуір әдебиетіне б. з. д. VІІ - б. з. ІХ ғасырды және Х - ХІІ ғасырды қамтитын түрлі әдеби мұралар мен жазба ескерткіштер жатады. Олардың ішінде сақталған мәліметтер, біздің жерімізде болған тайпалар мен көшпенділердің мемлекеттерінің тарихын білуге пайдасын тигізеді. Ежелгі уақыттан қалған еңбектер аз сақталуы, және көшпенділерде көбінесе ауыз әдебиеті немесе жазба ескерткіштер көп болуы, ол еңбектердің ішінде тарих әдеби тілмен жазылғандығы бізге белгілі.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті

Ежелгі дәуір әдебиетте кездесетін тарихи деректердің мол болуы, олардың зерттелістен өтуі және төл ертедегі бабаларымыздың тарихы туралы біздің жерімізде пайда болған әдеби шығармаларда көптеген тарихи деректер бар екендігіне көз жеткізу.

Тақырыптың зерттелу деңгейі

Тақырып терең зерттелген деңгейде деп ойлаймын. Қазақ әдебиетінің бастауынан бастап зерттеп оны хронология бойынша топқа бөлген ғалымдар аз емес. Мысалы: Академик Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, А. Қыраубаева, Х. Сүйіншалиев, Н. Келімбетовжәне т. б.

Ә. Марғұланның ежелгі дәуір әдебиеті туралы ойы: Ә. Марғұланның айтуынша, егер біз VI ғасырдағы шекті руының тілінде жасалған ескерткіштер мен найман, дулат, үйсін ескерткіштерін тереңірек зерттей алсақ, бәлки, қазақ әдебиетінің тарихын мұнан да әріректен бастауға болар. Бұл келешектің ісі.

  1. Орхон ескерткіші

Онда VIII ғасырдың іргелі мемелкеті - Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, сабылған жорықтары мен соғыстары суретеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері хандар, бектер, болғанымен, біз олардан неше түрлі қанау-тонауды көрген, азап-мехнат шеккен бұқара халықтың аянышты өмірін суреттеу талабын да анық көреміз. {1}

Орхон жазбаларын кейбір зерттеушілер тарихи деректер жиынтығына жатқызса, енді біразы оларды тарихи ерлік жыры деп тануда. Қалай дегенде де өте ертеде жасалған бұл ескерткіштердің түркі халықтары тарихынан, мәдениеті мен әдебиетінен, ой-санасынан, әдет-ғұрыпынан, дәстүрінен құнды деректер беретін бағалы мұра екендігі даусыз.

Заманымыздың әйгілі жазушысы, ойшылы академик М. Әуезов ХХ ғасырдың тюркологтары бас қосқан үлкен маслихатта мынадай пікір айтқан:

«Орхон жазулары деген не?

Бұл күнге дейін оларды тіл тарихының ескерткіші ретінде зерттеп жүр. Соған қоса ол фольклордың мейілінше көне үлгілерінің де ескерткіші емес пе? Сол жазуларда эпостық аңыздардың шағын да ықшам фабулалық жерлері бар ғой. »

Түркі қағанатының тарихын Күлтегін мен Тоныкөкке арналған жазулармен салыстырудың нәтижесі ескерткіш авторының алдында әдеттегідей тарихи жүйелеуден гөрі әлде қайда бөлек, әлде қайда биік міндет тұрғандығын көрсетеді. Басқаша айтқанда, Орхон жазуларының авторларын жалаң тарихи фактілер емес, белгілі идеяға арқау бола алатын тарихи оқиғалар қызықтырған тәрізді.

Тюрколог - тарихшылардың біразы (С. Клешяторный, Л. Гумилев) «Тарихи оқиғалар дәл, алайда жеткіліксіз» деген пікірді айтқанда, руналық жазулардың әдебиет үлгісіне жататындығынан ғана халық тарихын егжей-тегжей баяндамай, оның ең қажетті, тартымды деген сәттерін ғана сұрыптап алып суреттейтіндігін ескермеген.

Екіншіден, егер біз Орхон жазулары сөз етіп отырған фактілер жайында ертеректе жазылған мәліметтерден бұрың-соңды оқып білмеген болсақ, онда ескерткіштердегі там-түндап қана берілген сараң тарихи деректерден жаратып ештеңе түсінбеген болар едік.

Сол себепті Орхон ескерткіштерін жалаң тарихи фактілер тізбегі деп қарамай, түркі халқының ізгі арманын, кескілескен соғысын, айбынды батырларын өзгеше әуезбен жыр еткен ерлік эпосынының ең әдепкі үлгісіне жатқызу орынды. [1]

  1. Тарғытай аңызы

Химиялық анализ алтын әшекейлер 960-970 нұсқаны көрсетіп өндірісітік жолмен алғандығы анықталған. Шілікті жазығындағы обалардан табылып жатқан Сақ патшаларының қабірі, зерттеу бойынша ең көне мәдениетті көрсетеді. Яғни б. з. б VIII-VII ғасырларда Тарбағатай - өңірінде сақтар мемлекеті болғанын толық көрсете алады. {2}

Геродоттың тарих кітабында Скифтер өз халқын басқаларға қарағанда жас дейді және былайша болған: сусыз шөлді жерінде Тарғытай деген тұңғыш адам дүниеге келген; олар бұл Тарғитайды ата-ана деп атайды, меніңше, қате, Зевс және Борисфен өзенінің қызы. Олардың айтуынша, Тарғытай да осындай болған, одан Липоқсай, Арпоқсай, кіші Қолақсай деген үш ұл туған. Олардың астында скиф жеріне аспаннан алтын заттар түсті: соқа, қамыт, балта және тостаған. Бұл заттарды бірінші көрген ағайындылардың үлкені оларды алмақшы болып, жақындап келді, бірақ оның жақындаған кезде алтын жанып кетті. Оны алып тастағаннан кейін екіншісі жақындады, бірақ алтынмен де солай болды. Сөйтіп, тұтанған алтын бұларды өзіне мойындатпай, үшінші ағайынның жақындауымен кенжесі жану тоқтап, алтынды өзіне алды. Бұл ғажайыптың маңыздылығын түсінген үлкен ағалар бүкіл патшалықты кішілерге берді. Ал Авхат руының атын алып жүрген сол скифтер Липоксай-деден тарайды; ортаншы ағасы Арпоксайдан катиар және траспиан деп аталатындар, ініден паралат атанғандар; олардың барлығының жалпы атауы бір патшаның атымен чиптеледі; эллиндер оларды скифтер деп атады. {3}

2. 1) Оғызнама дастаны

«Оғызнама» - IX ғасырдағы және одан бұрынғы оғыздар мен оның ханы Оғыз қағанның әскери жорықтры, ерлік істері жайында қарасөзбен жазылған көркем шығарма.

«Оғызнама» қырықтан астам хикаядан тұралды. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады. Олар: Айқаған атты анадан Оғыздың ерекше көркем болып тууы; сол баланың күн сайын алып болып өсуі; Оғыз батырдың аң аулаудағы ерліктері; Оғыздың ерекше жағдайларда үйленуі; екі әйелінен алты бала сүйгені Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз; Оғыз қағанның дүниенің төрт бұрышына жеңімпаз жорықтары; Еділді, Тибетті, Сирияны және т. б. жерлерді жаулап алғаны; қартайған шағында қасына ілесіп жүретін Ұлы Түрік деген данагөйдің ақылымен ел - жұртын жинап той жасап, жерін алты ұлына бөліп бергені эіне т. б. Бұлар жырдың негізгі мазмұнын құрайды.

«Оғызнаманың» басты идеясы - бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күрес болып табылады. Елін, Отанын сүю, оны нығайту үшін жан аямау, халық бостандығы, бақыты үшін болған жорықтарды дәріптеу. Ол Оғыз қағанның өз жерін алты ұлына бөліп бергенде айтқанынан да көрінеді:

- Ей, ұлдарым менің

Мен басымнан көп нәрсе өткіздім.

Талай-талай шайқасты көрдім,

Садақ тартып, оқ аттым,

Дұшпандарымды жылаттым,

Достарымды күлдірттім.

Көк Тәңірі алдындағы парызымды өтедім.

Ел - жұртымды сендерге табыс етем, - деп, ел қамы үшін күресу керек екенін өсиет етеді.

«Оғызнама» - түркі халықтарына ортақ көркем шығарма. Онда түркі халықтарының көптеген аңыз - әңгімелері, өлең - жырлары, қанатты сөдері, мақал -мәтелдері ұшырасады. «Оғызнаманың» авторы оны проза түрінде жазғанмен, сөйлемдерін өзара ұйқастыра, тақпақтата құрып айтуға ыңғайлы.

«Оғызнама» - көркем туынды болумен қатар, қазіргі түркітілдес халықтардың ежелгі тарихынан едәуір мағұлмат беретін де шығарма. Онда аңыз күйінде болғанмен, Оғыз батыр мен оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтар, оғыз тайпаларының қоныс іздеп көшіп - қонуы, оғыз елінің ішкі қоғамдық - әлеуметік өмірі, олардың көрші тайпалармен қарым - қатынасы, жер - су аттары туралы тарихи шындыққа жақын деректер бар. Бұл жағынан «Оғызнама» сияқты туындыларды қазіргі тарихи тақырыпқа жазылып жүрген шығармалардың бастапқы үлгілері деп қарауға да болады. Сөйтіп, ежелгі дәуір әдебиетінде қазіргі мәдениетіміздің, әдебиетіміздің ертеден келе жатқан үзілмеген желі екенін дәйектей түседі. {4}

2. 2) Қорқыт ата кітабі

«Қорқыт ата кітабы» - түркі тектес халықтардың ежелгі Ақиқат пен аңыз.
тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрып, салт- санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра, Қорқыт ата хикаясы - VII-VIII ғасырларда Сырдария бойын мекен ертен оғыз- қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық, т. б. мәнін жоймаған, аса құнды шығарма.
Бұл көне заман мұрасы туралы айтудан бұрын Қорқыт атаның өзі кім
болған деген сауалға жауап береу кетейік. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойышна, Қорқыт - cезізінші ғасырда Сыр бойында өмір сүрген
батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыттың анасы қыпшақ
тайпасынан, Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа
оғаздарынан екені мәлім. Міне, сондықтан да Қорқыт қыпшақтар мен сол
кезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында екі жаққа бірдей ел
басқарған көсем болғаның, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет
атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. {5}

Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі ‘’Қорқыт ата кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т. б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі тәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан - оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. “ Қорқыт Ата кітабы” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис-Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Барышкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған. Жырдың бас кейіпкері - Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этникалық атауы да айқын

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фольклор - сөз өнері
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
«Деректану теориясы» пәні
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
Ежелгі түркі әдебиеті
Банктік тіуекелдер және оларды бағалау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz