Құйрықты және майлы құйрықты қой тұқымдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
КЕАҚ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗООИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ТАҒАМ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ
Алтынбек Ердәулет Дәуренұлы
Оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында өсірілетін қазақтың қылшық жүнді жас қошқарлар ұрпақтарының өнім қасиеттері сапасын арттыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Білім беру бағдарламасы 6В08201 - Мал шаруашылығы өнімдерін
өндіру технологиясы
Алматы- 2023ж.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында өсірілетін қазақтың қылшық жүнді жас қошқарлар ұрпақтарының өнім қасиеттері сапасын арттыру
Беттер саны-63 Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны 12
Орындаған: 6В08201 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы білім беру бағдарламасының студенті
Алтынбек Ердәулет Дәуренұлы
2021 ж. ________қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі: а.ш.ғ.д., профессор _________
Жетекшісі: а.ш.ғ.к., профессор __________ Б.Т. Кулатаев
Норма бақылау: __________
Сарапшы _________
Алматы - 2023ж.

ЗООИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫ
6В08201 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы білім беру бағдарламасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент: Алтынбек Ердәулет Дәуренұлы
Жұмыс тақырыбы: Оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында өсірілетін қазақтың қылшық жүнді жас қошқарлар ұрпақтарының өнім қасиеттері сапасын арттыру
Университет бойынша 2023 ж. _______________№ __бұйрығымен
бекітілген.
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2023 ж ___________.
Жұмыстың бастапқы деректері
Оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында салмағы және қоңдылығы төмен етті-майлы құйрықты қозыларды, тоқтыларды және жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды, жайылымдарда, егіс аңыздарында, көп жылдық екпелі шөптер көрпелерінде жайып семірту және жергілікті, дәстүрлі емес азықтарды барынша пайдаланып, бордақылау кездеріндегі ет өнімділігінің және сапасының өзгерістерін зерттеу негізінде, жоғары сапалы қозы және қой етін өндірудің әдістер жиынтығының жетілген тәсілдері жасалынды. Жайылымдағы және бордақылау кезінде қолданылған шөптердің, жемдердің және қозы, қой етінің қауіпсіздік көрсеткіштері зерттеліп, өндірілген еттің қауіпсіздігі анықталды.
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
- етті-майлы құйрықты қойының еркек тоқтыларды және қозыларды жайып семірту кезіндегі, өсу ерекшеліктері және сойыс өнімдерінің өзгерістерін анықтау, еттілікті қалыптастыратын ұлпалардың және қозы, жас қой еттерінің сапасының өзгерістерін зерттеу;
-тоқтыларды және қозыларды жайылымда жайып семірткенде өндірілген еттің қауіпсіздігін анықтау;
-қозыларды күзгі және қысқы бордақылау кезіндегі өсуін, ет өнімдерінің өзгерістерін анықтау, қозы етінің сапасын зерттеу;
-тоқтыларды бордақылау, олардың ет өнімділігін және жас қой етінің сапасын және қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау;
-жарамсыздыққа шығарылған саулықтардың бордақылық және сойыс сапасын, ұшаның морфологиялық және химиялық құрамының өзгерістері өндірілген қой етінің экологиялық тазалығын зерттеу;
-қозы және қой етін өндірудің экономикалық тиімділігін анықтау.
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1.А.Жандеркин,. Ж. Кейкин,. С.Тоққожин. Еділбай қойы. - Алматы: Қайнар, 1975.- 5-18 б.
2.Ермеков М.А. Биологическое значение курдюка и возможные пути его сохранения при скещивании курдючных овец с культурными породами Известия Каз филиала АН ССР, серия биологическая.- 1946.- № 2 (23) С 58-86.
3.Бальмонт В.А. Выведение новый породы курдючных полугрубошерстных овец Советская зоотехния.- 1940. - № 1. - С. 27-35.
4.Ермеков М.А. Влияние генотипа и среды на формирование некотырых покозателей продуктивности у тонкорунно-грубошерстных помесей, улучшенных чуискими полутонкорунными баранами Изв. АН Каз ССР серия биологическая. - 1972.- № 6. С. 66-70.
5.Канапин К.К. Наследование масти помесями первого поколения при скещивании эдильбаевких и казахских курдючных грубошерстных маток с баранами породы линкольн. - В кн. Развитие овцеводства и коневодства в полупустынной зоне. Центр. Казахстана.-Алма-Ата: Кайнар,1973.-С. 98-101.
6.Ермеков М.А., Голоднов А.В. Курдючные овцы Казахстана. - Алма-Ата: Кайнар, 1976. - 112 с.
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Кіріспе
а.ш.ғ.к., профессор Б. Кулатаев
15.01.2021
Әдебиетке шолу
а.ш.ғ.к., профессор Б. Кулатаев
15.03.2021
Негізгі бөлім
а.ш.ғ.к., профессор Б. Кулатаев
05.04.2021
Еңбек қорғау
а.ш.ғ.к., профессор Б. Кулатаев
10.04.2021
Қорытынды
а.ш.ғ.к., профессор Б. Кулатаев
15.04.2021
Тәжірибелік ұсыныс
а.ш.ғ.к., профессор Б. Кулатаев
17.04.2021
Әдебиеттер тізімі
а.ш.ғ.к., профессор Б. Кулатаев
12.05.2021
Кафедра меңгерушісі: а.ш.ғ.д., профессор _________ Адылканова Ш.Р.
Жұмыс жетекшісі: а.ш.ғ.к., профессор ________ Кулатаев Б.Т.
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент: _________ Бимағанбет А.
Дипломдық жұмысты орындау
ГРАФИГІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын
сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну м ерзімі
Ескертулер
1
Кіріспе
15.01.2023
Орындалды
2
Негізгі бөлім
10.02.2023
Орындалды
3
Зерттеу нәтижелері
05.03.2023
Орындалды
4
Қорытынды
10.04.2023
Орындалды
5
Тәжірибелік ұсыныс
17.04.2023
Орындалды
6
Әдебиеттер тізімі
19.04.2023

МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10
1.1 Ғылыми зерттеулердің маңыздылығын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10
II. Зерттеулер жүргізілген орны және әдістемелері ... ... ... ... ... ... ...
20
2.1. Тәжірибелер жүргізілген уақыты, орны және жағдайы ... ... ...
20
III. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
23
3.1 Шаруашылықтағы өсірілетін қой тұқымы ... ... ... ... ... ... ... ...
23
3.1.1 Ұрпақтардың өсіп-жетілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
27
3.2 Төлдердің өсіп-жетілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
29
3.3 Қойдың eттiлiгiнiң epекшeлiктepі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
33
3.4 Ұрпақтарының ет өнімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
38
3.5 Төлдердің жайылып семіру қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
40
3.6 Қой төлдерінің сойыстық және еттілік қасиеттері ... ... ... ..
41
3.7 Қозыларды жайып семірту, ет өнімділігі және сапасы ... ... ... ...
47
3.8. Экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
61
Табиғатты қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
65
Еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
67
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
70
Өндіріске ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
73
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Нағыз дипломдық жұмыста төмендегі стандартты сілтемелер қолданылған:
МемСТ 7.1-84 Баспа және кітапхана ісі, мәліметтер стандартының
жүйесі. Іс-қағаздың кітапханалық сипаттамасы. Құрастыру ережесі және
жалпы талаптары.
МемСТ 7.32-2001 Баспа және кітапхана ісі, мәліметтер стандартының
жүйесі. Іс-қағаздың кітапханалық сипаттамасы. Ғылыми-зерттеу
жұмысына есеп беру. Құрастыру ережесі және құрылымы.
МемСТ 3626-73 Сүт және сүт өнімдері. Құрғақ зат пен ылғалды анықтау әдістері.
МемСТ 58-67-90 Сүт және сүт өнімдері. Майды анықтау әдістері.
МемСТ 25179-90 Сүт. Белокты анықтау әдістері.
МемСТ 3624-92 Сүт және сүт өнімдері. Қышқылдықты анықтаудың
титрометрлік әдістері.
МемСТ 7596-55 Ұшаны бөлшектерге бөлу техникасы.
Әдістемелік ұсыныстар. Ет өнімділігін зерттеу- М.,1978.
МЕСТ 46-131-83 Ауыл шаруашылық малдары. Малдарды бағалаудың зоотехникалық талаптары. Құйрықты және майлы құйрықты қой тұқымдары.-М.,1983.
Инструкция по бонитировке курдючных овец. Астана,2000.
Мемлекеттік стандарт 7939-79- Жуылмаған қылшықты қой жүнін кластау-М.,1985.
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмыста төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды;
Тұқым - шығу тегі мен жалпы даму тарихы бар, белгілі бір социальды-экономикалық жағдайда адам еңбегімен құрылған, біртұтас, бір түрдегі мал тобы.
Қой сүлeсi - қой типi
Бaқылaу сойыс - бaқылaу сойыс apқылы қойлapдың eт көpсeткiштepiнiң нәтижeлepiaнықтaлaды.
Селекция - мал тұқымдарын, өсімдік сорттарын, микроорганизм, бактерия және вирустардың нәсілдерін ұнамды бағытта өзгерту жөніндегі ғылым саласы.
Онтогенез - организмнің жеке дамуы, туғаннан бастап өмірінің аяғына дейінгі өзгерістер жиыны.
Генотип - организмдегі барлық гендер жиынтығы.
Фенотип - организмдегі барлық белгілердің жиынтығы.
Тұқым қуалау - нәсілдік қасиеттердің немесе нәсілдік ақпараттың бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілу үрдісі.
Конституция - малдың дене бітімі (экстерьер мен интерьер үйлесімділігі).
Экстepьep - мaлдың түp - тұлғaсы Шоқтығының биiктiгi, кeудeсiнiң кepeңдiгi, кeудe оpaмы - дeнe өлшeмдepi
Сиpaқтылығы, дeнeсiнiң созылымыдылығы, дeнe жұмыpылығы-дeнe индeкстepi
Гетерозис - будандастырғанда алынған бірінші ұрпақ өнімділігінің аталық-аналықтарынан асып түсуі.
Жабағы жүн- қойдың көктемде қырқылған, бөлек-бөлек болмай, тұтас тұрған күйдегі жүні.
Генетикалық параметр - популяцияның генетикалық құрылымын сипаттайтын және жаппай селекцияның тиімділігін көрсететін көрсеткіш.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
С0 - цельсий градусы
n - мал басы
а.ө. - азық өлшемі
КДж - килоджоуль
тәу. - тәулік
тг. - теңге
Ккал - килокалорий
гр - грамм
кг - килограмм
см - сантиметр
мг% - милиграмм-пайыз
мкм - микрон
мл - милилитр
Х+-m - вариацияның орташа көрсеткіші және қатесі
+-σ, мкм - орташа квадраттық ауытқу, микронмен
МДж - мегаджоуль
М+-mх - орташа шама және оның қатесі
Сv,% - өзгергіштік коэффициенті
r - корреляция коэффициенті
h²- тұқым қуалау коэффициенті
Са - кальций
Р - фосфор
Е - еділбай қойы
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ҒЗТИ - Ғылыми зерттеу технологиялық институты
БМШИ - Бүкіл Одақтық мал шаруашылығы институты
Мем. Ст.- Мемлекеттік стандарт
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында ет өндіру ауыл шаруашылығының дағдылы, басымдылығы зор, бірден бір негізгі бағыты болып есептелінеді.
Нарықтық экономика жағдайында, өндірістің экономикалық тиімділігі өнімнің бәсекелестігі, ең алдыңғы меже болып тұрғанда ғылыми дәйектелген жаңа алдыңғы дәрежелі технологияны жасау, ендіру, сала ісін жүргізуде қой етін және жүн өндіру үшін, қойдың толық биологиялық мүмкіндігін пайдалану кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан сапалы қозы және жас қой етін өндіру кезінде, қозылар мен еркек тоқтыларды олардың жас ағзасының өсу қуаттылығын толық пайдалануға негізделген, жайып семірту және бордақылау-дың қарқындылығын арттырудың маңызы зор.
Азықтандырудың қолайлы жағдайын жасау және өсіру кезіндегі күтімі, жайып семіртумен, бордақылауға жұмсалатын азықты, жұмыс күшін, неғұр-лым үнемдеуді қамтамассыз етеді және өндірістің тиімділігін жоғарылатады. Қазақстан Республикасында оның кең байтақ жері мен табиғи климаттылық жағдайының алуан түрлілігі, экономикалық және басқа себептерге байланысты қарқынды технология жергілікті жағдайлары мен қорларды терең білуге құрылғаны жөн.
Батыс Қазақстанда негізгі ет өндіру көзі ірі қара мен қой шаруашылығы болып табылады. Бұл күнге дейін мал шарушылығы өндірісінде мешеу технология басым. Осының салдарынан нарыққа 20-25% жуық қойлар арық, болмаса қоңдылығы орташадан төмен жағдайда түседі, сондықтан шаруашы-лық түрлері тиісті экономикалық нәтижелер ала алмайды. Қойларды жайып семіртуге арналған жұмыстар өте аз. Қой еті өндірісін жоғарылатудың бұл арзан әдісінің технологиялық тәсілдері толық жасалмаған және қойларды етке дайындаудың бұл әдісі, төменгі салмақтағы қойларды кейінгі соңғы қосымша бордақылаумен байланыстырылмаған. Осы жағдайда қойларды етке дайындау әдістерінің қарқындылығын жетілдіру, жоғары сапалы қозы еті мен қой етін өндіру жұмыстарында ең өзекті мәселе болып табылады.
Қазіргі уақытта экологиялық таза өнім өндіру күрделі мәселе болып отыр, сондықтан мал ағзасына зиянды қоспалардың, ауа болмаса, азық арқылы түспеуін болдырмаудың және өндірілген етте осы заттардың болуын анықтау маңызды мәселе болып тұр.
Бір қатар зерттеушілердің [1] тұжырымдауына қарағанда, құйрықты қойлардың құймышақ жағында май жиналатын қалтасы (томпақ безі) болады, оның өзі май қорын жинайтын бөлекші бір орын болып есептеледі. Ол жылдың қолайсыз мезгілдерінде организмге нәр беретін энергияның бір көзі болып табылады.
1.1 Ғылыми зерттеулердің маңыздылығын
Құйрықты қылшық жүнді қойлар, көптеген ғасырлар бойы табиғи сұрыпталудан өтіп және халық селекциясының нәтижиесінде өзіндік бір қатар ерекшеліктерімен көпке белгілі. Олар өзінің мықты конституциясымен, әртүрлі экологиялық жағдайларға тез бейімделгіштіктерімен және табиғи қуаң жайылымдық жерлерді жыл бойына жақсы пайдалана алатындығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл қойлар, өте жоғара деңгейдегі ет-май өнімділіктерімен және табиғаттың қатал да қиын кезеңдерінің өзінде жылдам өсіп-жетілгіштіліктерімен ерекше. Құйрықты қойлар өзінің жоғары сапалы ет-май өнімділіктері және дәмді қозы еті бойынша, басқа да көптеген мәдени қой тұқымдарынан басым. Басқа қой тұқымдарына қарағанда бұл қойлардың тағы бір ерекшелігі, үлкен салмақтағы құйрық түбіне жиналған май көлеміне қарамастан табиғи жайылымда жылдам жүріп азықтанады. Сол себептен олар, осындай табиғи кең жайылымдарда бір-неше жүздеген шақырым жер жүріп азықтануға бейімделген. Тағы бір айта кететін жайт, бұл қойлар сияқты жайылымда кездесетін ірі де тұрпайы табиғи шөптермен азықтануға басқа ауыл шаруашылық малдары жақсы бейімделе алмайды. Бұл дегеніміз еліміздің табиғатында кездесетін мал бағуға қолайсыз нашар жайлымдарды осы қойларға пайдаланудың ауыл шаруашылығы саласына тигізетін пайдасы мол.
Бірақта, олардың осындай бағалы бір қатар биологиялық ерекшеліктеріне қарамастан, бұл қойлар жүн өнімділік деңгейлерінің төменділіктерімен де сипатталады. Құйрықты қойлардың негізгі кемшілігі жүн жабыны құрамында құрғақ және өлі жүн талшықтарының үлесі көп болуы. Бұл кемшілік жайында [2], құйрықты қойлардың жоғары деңгейдегі ет-май өнімділіктерімен қатар олардан жоғары сапалы жүн қырқылатын болса онда бұл сөссіз алтын тұқым болар еді деген сөзі бар. Сондықтан да олардың жүн өнімділіктері төмен болғандықтан әлемдік қой тұқымдары ішінде оның бағасы да төмендейді.
Қазақтың құйрықты қой тұқымдары ішінде - еділбай қойлары, тұлғасының ірілігімен және айтарлықтай деңгейдегі жоғары ет-май өнімділік ерекшеліктері бойынша өте бағалы болып саналады. Негізінен еділбай қойларының ет-май өнімділіктері гиссарға қарағанда төмендеу, бірақта олардың жүн түсімімен сапасы жағынан әлдеқайда басым түседі.
Еділбай қойлары Батыс Қазақстан, Орал және Еділ өзені аймақтарында халық селекциясы әдісі бойынша шығарылған. Конституциясы мықты, тұрқы мен мойны ұзын, кеуделі, төсі айтарлықтай жалпақ, кеуде сүйегі алға қарай шығыңқы, шоқтығы кең, арқа жоны түзу, салмағы ауыр, сүйегі шымыр, құймышағы кең, құйрығының майы көлемді және тұмсығы дөңес. Түсі негізінен көбінесе бурыл сары және сары болып келеді. Жергілікті жердің табиғатына өте көнбіс, қысы-жазы жайылымда бағылуға бейімделген, қарда өте жақсы тебіндейді.
Ет-май өнімділігі бойынша гиссар қойынан ғана аздап кем түседі. Ересек қошқарларының тірі салмағы 100-110 кг, саулықтары 70-75 кг, қозылары өте тез жетіледі, 4-4,5 айлықтарындағы енелерінен бөлгенде тірі салмағы 40-45 кг жетеді. Қошқарларының қырқылған жүн түсімі 3,0-3,5 кг, ал саулықтарынан 2,3-2,6 кг жүн қырқылады. Аналықтарының төлдегіштілігі 100 бас саулыққа шаққанда 110-120 бас қозы алынады.
Соңғы жылдары отандық ғалымдар [3-15], еліміздің әртүрлі аймақтарында өсірілетін қазақтың құйрықты қойларының асыл тұқымды отарларын және Орал облысының шаруашылықтарындағы еділбай қойларының өнімділіктерін толығымен зерттеу мен қатар басқа да мал өсіру аймақтарына аудандастыру жұмыстарын жүргізуде [16].
Еділбай қойының селекциялық-тұқымын асылдандыру жұмыстарын жүргізу барысында олардың конституциясының беріктігін және сапалық белгілерін (мүсіндік) сақтап отыруға ерекше көңіл бөлу керек.
Қазіргі кезде жоғары өнімді еділбай қойлары, Батыс Қазақстанның Бірлік, Атырау обылысының Сүйіндік асыл тұқымды зауыттарында және осы аймақтардың көптеген шаруашылықтарында өсіріледі.
Соңғы жылдары жергілікті қылшық жүнді қойлардың шаруашылыққа пайдалы селекциялық белгілері деңгейін жақсарту мақсатында еділбай қошқарлары пайдалануда [14].
Құйрықты қойлардың ішінде, Орталық Азияның Локайск даласының жағдайында (18 ғасырдың аяғында) халық селекциясы әдісі бойынша шығарылған гиссар қойы тұқымы өзіндік ет-май өнімділігі және жылдам жетілгіштілігі бойынша ерекшеленеді.
Гиссар қойлары еліміздің және әлемдік қой шаруашылығы ішіндегі ең ірісі болып табылады және таулы, қыратты аймақтарға жақсы бейімделген.
Қазіргі кезде негізінен, гиссар қойлары Тәжікстан Республикасының таулы аймақтарында, Өзбекстанның Сухандария және Қашқардария облыстарында өсіріледі. Дене бітімі сұлу, конституциясы мықты, тұрқы мен аяқтары ұзын, тұмсығы дөңес, салмағы ауыр, құйрығының көлемі үлкен және қозылары тез жетілгіш. Ересек қошқарларының тірі салмағы 130-140 кг, кей бір таңдаулылары 180-190 кг салмақ тартады, ал ұрғашылары тиісінше 70-75 және 100-120 кг. Сойыс шығымы 65 % құрайды, ал бордақыланған ісектерінің құйрық майы -30 кг, таңдаулылары -50 кг дейін жетеді.
Гиссар тұқымының жүн өнімділігі, басқа құйрықты етті-май бағытында өсірілетін қойлармен салыстырғанда өте төмен, бұл оның жалғыз кемшілігі болып табылады. Жүні өте қылшықты, көбіне бурыл қара, қара, ішін ара сарылары да кездеседі. Жүнінің басым көпшілігі өлі және құрғақ жүн талшықтарынан тұрады және жылтырлығы жақсы байқалады. Қырқылған жүн түсімі қошқарында 1,2-1,6 кг, саулықтарынан 0,8-1,2 кг құрайды [17].
Заман талабына сай, еліміздің кілем шығаратын және т.б. өнеркәсіптер тарапынан мейлінше ақ және ақшыл түсті жүндер қабылдауға сұраныс басым. Аталған талаптарға сай жүн өнімін сараджы, алай және дегерес қойының ұяң жүнді тұқым ішілік типінен алуға болады. Бұлардың жүн жабындарының құрамы негізінен аралық және түбіттерден тұрады, ішін-ара құрғақ талшықтыр да кездеседі.
Сараджы қой тұқымы- жергілікті құйрықты қылшық жүнді қойлардың жүн жабыны құрамына кіретін түбіттің үлесін көбейту мақсатымен селекцияның сұрыптау және жұп таңдау жұмыстарын жүргізу нәтижиесінде Түркіменстанның шөлейт аймақтарында шығарылған. Бұл қойлар әртекті, кілем типтес ұяң жүн өнімділігін береді, оның түсі ақ, жылтыраған және түбіті ұзын, кілем тоқуға таптырмайтын шикі зат болып табылады. Бүкіл әлемге әйгілі Түркімен кілемдері осы қойдың жүнінен тоқылады және басқа да тоқыма өнеркәсіптерінде трикатаж бұйымдарын жасауға пайдаланылады. Қазіргі кездегі сараджы қойларының тірі салмақтары өте жоғары емес, ересек қошқарлары орташа есеппен 80-90 кг , ал саулықтары 55-60 кг құрайды. Бұл қойлар өте тез жетілгіштілік қабілеттерімен ерекшеленеді, қозыларының сүт ему кезеңдеріндегі тәулігіне салмақ қосу қарқындылықтары 200-240 г құрайды. Негізінен жаңа туған қозыларыдың жүн жабындарының түсі қара, қоңыр және қызыл сары болады, ал өсе-келе бір жасқа толғанда шынайы аққа айналады. Басқа құйрықты ұяң жүнді қой тұқымдарымен салыстырғанда бұлардың жүн өнімділіктері жоғары, жылына екі рет қырқылады. Ересек қошқарларынан 4,0-4,5 кг, ал саулықтарынан 3,0-3,5 кг жүн қырқылады, таза жүн шығымы шамамен 70 % құрайды. Жүн жабыны негізінен ақ түсті, оның ішінде түбіті 75-85 %, аралық талшық 13-15 % және қылшық 6 % құрайды. Тұлым ұзындығы шамамен 17 см, ал түбіті 8 см барады[18].
Бұрынғы кеңес өкіметінің бір қатар елдеріндегі құйрықты етті-майлы-жүнді қой шаруашылықтарын құру мен одан ары қарай жетілдірудегі сараджы қойы тұқымының алатын орны ерекше[19]. Бұл қойдың қатысуымен тәжік, алай сияқты ұяң жүнді тұқымдары және құйрықты қарғалы қойы шығарылған. Қазіргі кезде еліміздің Ақтөбе облысының бір қатар шаруашылықтарында сараджы қойының ұяң жүнді будандары өсірілу үстінде. Сараджы қойы негізінен, Таулы-Алтай автономиялық облысында, Туфада және Маңғолияның бір қатар елді мекендерінде өсірілетін қылшық жүнді қойлардың жүн сапасын жақсату мақсатында пайдаланылуда[20].
Бұл қойларды Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының барлық совхоздарында, Қарабұтақ ауданының екі совхозында және Шалқар ауданының үш совхозында, сондай-ақ Мұхалжар ауданының Ақтөбе мал азықтық және жайылымдық тәжірибе станциясында тұқым жақсартушы ретінде пайдаланады.
Кез келген қой тұқымының өнімділік сапасын және асыл тұқымдылық қасиеттерін көтеру үшін, оларды жүн сапасына қарай сұрыптау мен жұп таңдау, сол сияқты ата-аналар формаларының жүн сапасы оның ұрпақтарының өнімділік дейгейлеріне тигізетін әсерін зертеу селекцияның өте маңызды әдісінің бірі болып табылады. Қатаң сұрыптаудан өткен мал табынын белгісі бойынша жұп таңдау әдісі, табынды асылдандыру жұмыстарының аяқтаушы кезеңі іспеттес, яғни бұл мал табындардан болшақта өнімділігі жоғары адам талабына сай ұрпақ алуға әбден мүмкін. Селекцияның бұл жұп таңдау әдісінің көмегімен сұрыптау нәтижиесіндегі талапқа сай белгілер мен қасиеттері ұрпақта нығайып күшейе түседі.
Алай құйрықты қойы - Қырғыстанның Ош облысындағы Алай алқабында жергілікті ірі қылшықты құйрықты қойларды прекос қошқарларымен будандастыра отырып, жұмыстың аяқталар кезеңінде сараджы қошқарларын сіңіре будандастыру арқылы шығарылған [21].
Бұл мақсатқа сай жүргізілген жұмыстардың нәтижиесінде, ақ ұяң жүнді жаңа құйрықты қой тұқымы алынды [22]. Алай құйрықты қой тұқымы негізінен ет-май-жүн өнімділігіне бағытталған және таулы аймақтың жайылымдық жерлеріне жақсы бейімделген. Бұл қойлар шапшаң қозғалғыш келеді, жыл бойына Алай өңіріндегі тау алқаптарында ұзақ уақыт жүріп жайылуға, ал қыс мезгілінде қар астында қалған шөппен тебініп жүріп азықтануға бейім.
Орташа есеппен қошқарларының тірі салмағы 85-105 кг, ал саулықтары 55-62 кг құрайды, сол сияқты 18-айлықтарында еркек тоқтылары 70-75 кг, ұрғашылары тиісінше 48-52 кг тартады. Жүні ақ және ақшыл-сұр, жылтыр, айдар тектес, көбінесе жүн жабыны ұяң, негізінен құрамы түбіттен және аралық талшықтардан тұрады. Ара-тұра құрғақ және өлі талшықтар да кездеседі. Орташа есеппен ересек қошқарларынан 6,0 кг дейін, ал саулықтарынан 3,0 кг дейін жүн қырқылады, таза жүн шығымы 65-70 % құрайды. Қошқарларының ірі қылшықтары 17,0-30 см, ал түбіті 8,0-13,0 см дейін жетеді, сол сиқты саулықтарынікі тиісінше 15,0-25,7 және 6,5-12,0 см.
Өнімі сапалы да мол Алай қой тұқымы Қырғыстан Республикасының бұрынғы ″Кашка-Суу″ тәжірибелік орталығында, Ош облысының ″Қызыл-Суу″ және ″Чон-Алтай″ совхоздарына шоғырландырылған.
Тәжік мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік шаруашылығында (1948-1963 жылдар аралығында) жергілікті қылшық жүнді гиссар саулықтарын сараджы қошқарларымен күрделі өндірістік будандастыру әдісі бойынша жүні ұяң, құйрықты етті-майлы-жүнді тәжік қойы тұқымы шығарылған[23].
Тәжік қойы, гиссардың етті-майлы өнімділігімен және сараджының ұяң жүнді қасиеттерін бірдей өзіне сіңіріп керемет үйлесімділігін тапқан.
Бұл қойлар мықты конституциясымен, жақсы жетілген сүйек қаңқасымен ұнамды етті - майлы дене бітімінің мүсінімен және ірі тұлғасымен ерекшеленеді. Құйрықты тәжік қойы тұқымының жалғыз өзінде, гиссар қойының ет-май сапасы, сараджыдан жоғары жүн өнімділігі және линкольннан оның жылтырлығы тұқым қуалап, керемет үйлесімін тарқан. Ересек қошқарларының орташа тірі салмағы 120-130 кг, (таңдалылары кейде 170 кг дейін барады) 1,5 жасар еркек қошқарлары 80-93 кг, ал саулықтары 70-80 кг тартады. Орташа есеппен ересек қошқарларынан 4,0-5,0 кг дейін, ал салықтарынан 2,8-3,0 кг дейін жүн қырқылады, таза жүн шығымы 69-72 % құрайды. Тәжік қойының жүн жабыны әртекті ұяң, кілем типтес, түсі ақ және ақшыл-сұр , жылтырлығы жақсы байқалады. Көктемгі қырқым кезіндегі (қошқарларынікі) қылшық жүн талшықтарының ұзындығы -20 см, түбітінің ұзындығы -10 см дейін жетеді, ал соған сәйкес саулықтарынікі -16 және 7,5 см. ҒЗИО қорытындысы бойынша тәжік қойларының әртекті құрылымды жүн өнімділігі өзіндік жоғары сапалы технологиялық ерекшелігімен трикатаж және кілем тоқитын өнеркәсіптер үшін өте бағалы шикі зат болып табылады [24-26].
Жайдары құйрықты қойы тұқымы жыл бойына жайылымдық жерлерде бағып-өсіруге жақсы бейімделген. Бұл қой тұқымы негізінен Өзбекстан Республикасының бір қатар аймақтарында ертеден өсіріледі, сонымен қатар Қырғызстанның кейбір шаруашылықтарында да кездеседі.
Жайдары қойы тұқымы ет және май бағытында өсіріледі. Қошқарларының тірілей салмағы 80-90 кг, ал саулықтары 55-60 кг аралығында тартады. Жүн тұлымы әртекті, ересек қошқарларындағы қырқылған жүн түсімі 2,5-3,5 кг, ал саулықтарында 2,0-3,0 кг құрайды. Жүнінің сапасы гиссар қойының жүн өнімімен салыстырғанда біршама жоғары.
Шығыс-Қазақстан облысы, Жәмші ауданының Үш-Биік СОҚ-да (бұрынғы Семей облысының Первомайский асыл тұқымды қой зауыты) жүргізілген мақсатты бағыттылған жұмыстары нәтижиесінде, қазақтың отандық ұяң жүнді қой тұқымының жаңа тұқым ішілік Байыс типі шығырылып, ҚР АШМ шешімімен 1994 жылы бекітілген. Бұл тұқым ішілік типтің өнімділігі өте жоғары, жүн жабыны ұяң, түсі ақ және ақшыл-сұр.
Бұл жаңа тип, күрделі өндірістік будандастыру әдісі бойынша, құйрықты үш тұқымдар генофондының: қазақтың құрықты-қылшық жүнді, еділбай және тәжік қойларының қатысуымен шығарылған.
Жоғарыда аталған асыл тұқымды зауыты 1964 жылдары, ұрпағының сапасын жақсарту мақсатында Орал және Гурьев облыстарынан еділбай тұқымының қошқарларын әкеле бастады.
Бір қатар зерттеушілердің [14,27] мәліметтеріне қарағанда, Первомай асыл тұқымды қой зауытының ұнамды типтегі малдары төмендегі өнімділік көрсеткіштерімен сипатталады: Аталық қошқарларының орташа тірі салмағы 100-110 кг, жуылмаған жүн түсімі 3,7-3,8 кг және таза жүн түсімі 65-70 %.
Жұп таңдау-бұл малдың негізгі белгілерін селекционердің мақсатына сай оның ұрпағында бір-бірімен ұштастырып жинақтау. Осы аталған қағидаға қарсы, атасының негізгі белгілері енесінің белгілеріне сай келмей қалатындығы[30].
Жұп таңдау-жоғары бағалы ауыл шаруашылық малдарының тұқымдарын шығару мен оны шыңдастыру кезінде кең көлемде пайдаланылады, сонымен қатар бұл әдіс асылдандыру жұмысының ең күрделі де және ең аз зерттелінген мәселесінің бірі болып табылады.
Табынды белгісі бойынша жұп таңдау арқылы жақсарту көп білім мен шыдамдылықты және де мақсаттылықты қажет етеді. Кездейсоқ нәрседен немесе тек табандылықтан табынның кенеттен жақсаруын күтуге болмайды деген пікірі осы уақытқа дейін маңызын жойған жоқ.
Белгілі ғалым селекционерлердің [31-35] ғылыми жұмыстары нәтижиесінде, отандық қой тұқымдарын, тұқымдық топтарын және жеке отарларды құру кезіндегі олардың будандарының ұнамды қасиеттерін ұрпақтарында біріктіру, бекіту үшін гомогенді жұп таңдау әдісінің тиімділігі атап айтылған.
Кейде шаруашылық үшін тұқымға іріктелініп алынған малдардың өзінде айтарлықтай кемістіктер (мысалы, қойдың салмағы жоғары болғанымен оның төлдегіштілігі төмен болуы) кездескен жағдайда оларды гомогенді жұптау арқылы жоюға болмайды. Оның үстіне гомогенді жұптай барысында табында мұндай кемістіктер жинақталып, күшейе түсуі мүмкін. Сондықтан да бірдей кемістіктері бар малдарды гомогенді жұптауға болмайды [36].
Жұп таңдаудың гомогенділік және гетерогенділік деңгейлері бір-бірімен тығыз байланыста болады [36-40]. Тәжірибе жүзінде бір-бірінен айнымайтын малдар кездеспейтіндігі даусыз, сондықтанда жұптастырылып отырған особьтардың арасында айырмашылықтар болатындығы шарт. Осыған байланысты белгісі бойыншы әрбір гомогенді жұптаудың әлде қандай деңгейі гетерогенді болады.
Өзінің жақсы белгілері мен қасиеттерін тұрақты түрде ұрпақтан-ұрпаққа бере алатын өнімділігі жоғары мал алу үшін селекцияның бр текті жұп таңдау әдісі қолданылады, ал селекциялық мідетті нақтылы және дәл шешу үшін туыстық қатынастарына қарай жұп құру керек.
Жұп таңдау бұл, адам талабына сай өнімділігі жоғары ұрпақ алу үшін алдын-ала анықталған жоспарға сай малдарды белгілері бойынша жұптау. Бұны жаңа генотипі бар зиготаның қалыптасуына әкелетін геннің комбинациясы немесе ата-аналық гамета ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да жұп таңдау, малды ұнамды белгілері бойынша сұрыптаудың жалғасы және ол қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа нығайтып, күшейтетін асылдандыру жұмыстарының негізі болып табылады, сонымен қатар, бұл асыл тұқымды мал өсіру саласындағы ең маңызды және күрделі мәселелердің бірі екені анық.
Жұптаудың шығармашылық маңызы деп, малдың ұнамды жоғары сапалы өнімділік қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа тұрақты түрде сақтап және оны одан ары қарай жетілдіру екендігін, сонымен қатар кейбір жұп таңдаудың нәтижиесінде ең болмағанда бір белгісінің нашарлануына соқтыратын жағдайларды болдырмау керек екендігін ашып айтқан [41].
Бұндай қағиданы көптеген зерттеушілер өз ұстанымы ретінде қолдайды [34,40,42-50].
Гомогенді жұп таңдау әдісі ұрпақтың бағалы тұқым қуалайтын қажетті қасиеттерін сақтау, нығайту және күшейту мақсатында қолданылады. Мұндай жұптау табындағы керекті белгілерді біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар әрбір келесі ұрпақта керекті өнімділік қасиетерін күшейтеді, демек олардың асыл тұқымдық қасиеттерін де жақсартады.
Ғылыми жұмыстарында аталғандай, мал өсірушілер, гомогенді жұп таңдау әдісін пайдаланатын болса, ең жақсы жануарлардың қасиеттерін сақтап қана қоймай, сонымен қатар олардың ата-енелеріне қарағанда мол өнімді немесе зауыттық қасиеттері анағұрлым асып түсетін ұрпақ ала алады [51]. Бұл қағида қой шаруашылығының ғылыми жұмыстарында өз қолдауын тапқан [52-55]. Бір қатар зерттеушілер [55-57], дегерес етті-жүнді қойы тұқымына жүргізілген ғылыми жұмыстарында бір текті жұп таңдау әсері, малдардың нәсілділік қасиеттерін қажетті бағытта өзгертуді және осы белгілерді ұрпақтан-ұрпаққа айнытпай беруді қамтамасыз ететіндігі дәлелденген, будандастыру кезінде гомогенді жұп таңдау әдісі бойынша алынған қошқарлардың негізгі селекциялық белгілерінің нәтижиелері гетерогендіге қарағанда жоғары болған[55].
Гетерогенді жұп таңдауды пайдалану ата-енелерінің тұқым қуалаушылық қасиеттерін сәтті үйлестіру арқылы барынша қажетті қасиеттерді дамытатын ұрпақ алуға мүмкіндік береді. Мұндай ұрпақтың нәсілділік негізі бай болғанымен, оны ұрпағына жалғастыру қабілеті шамалы болады. Олардың көпшілігі гомогенді жұп таңдауға қарағанда біртектілігі аз, ал аса өзгергіштілігі сұрыптау үшін едәуір бай материал болып табылады.
Гетерогенді жұп таңдаудағы ұрпақтың өзгергіштік дәрежесі жұптасатын малдардың көрсеткіші арасындағы айырмашылықтар шамасына ғана емес, сондай-ақ әрбір ата-ененің көрсеткіштері табын бойынша алғандағы орташа көрсеткіштерден қаншалықты өзгеше болатынына да байланысы. Егер ата-енелердің көрсеткіштері табын бойынша алғандағы орташа көрсеткіштен әр жаққа ауытқитын болса, өзгергіштік артып, енелер мен олардың ұрпақтарының арасындағы корреляция бойынша кемиді.
Көптеген авторлардың [58] мал шаруашылығындағы жүргізілген ғылыми жұмыстарында, олардың әртүрлі белгілері бойынша, сонымен қатар әртүрлі мақсаттарға байланысты біртекті және әртекті жұп таңдау әдістері оң нәтижиелерімен сипатталған.
Тірі салмақ негізінен қой малының шаруашылыққа пайдалы белгілернің бірі болып қана қоймай, сонымен қатар ет-май бағытында өсірілетін қой тұқымдарының өнімділіктерін және асыл тұқымдылық қасиеттерін шыңдастыру кезіндегі маңызы мол белгілердің бірі болып табылады, сол сиқты қозыларды енелерінен бөле салысымен етке өткізу кезінде де тигізетін әсері зор. Қой малының тірі салмақтары бойынша жұп таңдау нәтижиесінде неғұрлым ірі, жүн өнімділігі жоғары және тез жетілгіш қозылар алынған[58]. Селекциялық жұмыс барысында құйрықты ұяң жүнді қарғалы қойларының тұлға ірілігі бойынша біртекті жұп таңдаудан туған қозылары өз құрдастарына қарағанда (тұлғасы орташа және кіші) 4-4,5 және 18 айлықтарындағы тірі салмақтары 2,87 және 4,93 кг басымдылықпен сипатталған. Тірі салмақтары бойынша біртекті жұп таңдау нәтижиесі ұрпақтарының жүн өнімділіктеріне де оң әсерін тигізген, айталық ірі қошқарлардан туған қозылар, орташадан туған өз құрдастарына қарағанда 5,3 % басымдылық көрсеткен.
Тұлғасы ірі қошқардан туған бір жарым жасар қозылардың орташа тірі салмақтары 56,9 кг тең болып, қалған тұлғасы орташа және кіші қошқарлардан туған құрдастарынан тиісінше 3,5 және 5,8 % жоғары басымдылыққа ие[59].
Көптеген зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, қой ұрықтандыру науқаны кезіндегі саулықтың тірі салмағы мен қоңдылығы оның ұрпағының құрсақтан кейінгі кезеңіндегі алғашқы апталарында немесе қозының негізгі қорегі ана сүті болған кездегі өсіп-жетілуіне және оның өміршеңдігіне үлкен ықпалын тигізеді.
Қойдың төлдеу кезіндегі салмағы мен оның қозысының үш айлық кезіндегі тірі салмағы арасында оң байланыстың болатындығын анықтаған[60]. Аталған белгілердің арасындағы корреляциялық коэффициент көрсеткіші + 0,32-ден + 0,48-ге дейін ауытқыған, ал шаруашылық бойынша орташа есеппен +0,42+-00,3.
Құйрықты қойлардың тірі салмақтары жаңа туған қозыларының салмақтарына тигізетін әсерін зерттеу барысында, олардың енелерінен бөлер кезіндегі салмағы 36 кг және жоғары немесе ет қоңдылығына жеткен төлдер неғұрлым ірі саулықтардан туғандығын анықтаған [61]. Сонымен зерттеу нәтижиесінде салмағы 50 кг және одан жоғары салмақтағы саулықтардан туған қозылар 60 %, ал 40 кг және одан төмен салмақтағы саулықтардан тиісінше 40 % төл алынған. Сонымен қатар [62] волгоград қойы тұқымы саулықтарының тірі салмақтары мен олардың сүт өнімділіктері арасында оң корреляциялық байланыс бар деп көрсеткен (+0,214 тең).
Қырғыздың биязы жүнді саулықтарының тірі салмақтары мен олардың сүт өнімділіктері арасында шамалы оң байланыстың бар екен [63].
Арменияның таулы аймақтарында өсірілетін кроссбред қойларын әртүрлі нұсқада жұптау нәтижиесінде олардың тірі салмақтары мен сүт өнімділіктері арасындағы корреляциялық байланыс 0,144-тен 0,326-ға дейінгі аралықта ауытқыған [64].
Бірқатар оқымыстылардың жұмыстарында ауыл шаруашылық малдарының әртүрлі селекциялық белгілері арасындағы коррелятивтік өзгергіштіктерінің заңдылықтары ғылыми тұрғыдан өз орнын тапқан. Көптеген зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, қой ұрықтандыру науқаны кезіндегі саулықтың тірі салмағы мен қоңдылығы оның ұрпағының құрсақтан кейінгі кезеңіндегі алғашқы апталарында немесе қозының негізгі қорегі ана сүті болған кездегі өсіп-жетілуіне және оның өміршеңдігіне үлкен ықпалын тигізетіндігі анықталған [42,64-71 және т.б.], соның ішінде ірі және кіші қошқарларды тұлғасы бірдей саулықтармен жұптау нәтижиесінде туған ірі қошқар қозылары, өз құрдастарына қарағанда 9,4-17,0 % жоғары болған.
Қошқарлардың салмақ қосуына қарай олардың қыздарының массалары 5,5 кг жоғарылағандығын анықтаған[72]. Тұлғасы ірі ата-аналарды біртекті жұптау нәтижиесінде туған қыздарының тірі салмақтары, әртекті жұптаудан алынған құрдастарына қарағанда 13,1 кг жоғары болған.
Зерттеудің мақсаты - Батыс Қазақстан жағдайында еділбай қой тұқымының ет контингетінің қойларын жайып семірту және бордақылау барысында ет өнімділігі өзгерістерін және сапасын зерттеу негізінде, сапалы қозы және қой етін өндіруді ұлғайту.
Зерттеудің міндеттері:
-еділбай қойының еркек тоқтыларды және қозыларды жайып семірту кезіндегі, өсу ерекшеліктері және сойыс өнімдерінің өзгерістерін анықтау, еттілікті қалыптастыратын ұлпалардың және қозы, жас қой еттерінің сапасының өзгерістерін зерттеу;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы Батыс Қазақстан жағдайында салмағы және қоңдылығы төмен еділбай қозыларды, тоқтыларды және жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды, жайылымдарда, егіс аңыздарында, көп жылдық екпелі шөптер көрпелерінде жайып семірту және жергілікті, дәстүрлі емес азықтарды барынша пайдаланып, бордақылау кездеріндегі ет өнімділігінің және сапасының өзгерістерін зерттеу негізінде, жоғары сапалы қозы және қой етін өндірудің әдістер жиынтығының жетілген тәсілдері жасалынды. Жайылымдағы және бордақылау кезінде қолданылған шөптердің, жемдердің және қозы, қой етінің қауіпсіздік көрсеткіштері зерттеліп, өндірілген еттің қауіпсіздігі анықталды.
Зерттеудің өндірістегі құндылығы және зерттеу нәтижелерінің іске асуы Жас қой етімен, қозы етінің өзіндік құнын түсіріп, сапасын жақсартатын, өндірісті жоғарылатуға ықпал ететін, әдеттен тыс және жоғары ақуызы мол, жергілікті азықтарды барынша пайдаланып, Батыс Қазақстан жағдайында еділбай қозыларды, жас еркек тоқтыларды және жарамсыздыққа шығарылған кәрі саулықтарды жылдың әр мезгілдерінде жайып семірту және бордақылау технологиясы тәсілдері жетілдірілді және өндірілген қозы және қой етінің экологиялық тазалығын анықтау, зерттеудің өндірістік құндылығы болып саналады.
Зерттеулер нәтижелері Ақтөбе облысы Үміт-3 ШҚ-да, және басқа еділбай қой өсіретін шаруашылықтарда енгізілген.
Дипломның құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс 77 бетке компьютермен терілген, 18 кестеден тұрады, кіріспе, әдебиеттік шолу, жұмыстың материалы, жүргізілген жері мен әдістемесі.
2 ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛГЕН ОРНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
2.1 Тәжірибелер жүргізілген уақыты, орны және жағдайы
Серікжан шаруа қожалығы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жарық ауылына тіркелген. 2014 жылы құрылған. Жалпы шаруашылықтың жер көлемі 1000 га. Бұның ішінде 200 га қора-жайларына, 800 га жайылым, егінге арналған. Шаруашылықта қойдың еділбай және қазақтың қылшық жүнді қой тұқымы. Мал санына тоқталар болсақ, 2000 бас қой тұқымы өсіріледі.
Шаруашылық жұмысының негізгі мақсаты сүтті бағыттағы сиырдан сапалы әрі мол өнім алу. Өндірістік тәжірибе жұмыстарым Серікжан шаруашылығы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жарық ауылында жүргізіледі. Шаруашылық таулы жерде орналасқан.
Бұл шаруашылықтың шұғылданатын негізгі бағыты сүтті бағыттағы сиырларды өсіру, ал қосымша онда қой және жылқыда бар. Бұл жер Ақтөбеден 70 км, ал аудан орталығы, Мұғалжардан 30км шақырымда орналасқан. Қатынас жолдың 40 км асфальтты, ал қалған 30 км төсемсіз.
Серікжан шаруашылығы Жарма ауданындағы жылқы, ірі қара, қой өсіріп және олардан сапалы өнім өндіріп жатқан ірі шаруашылықтың бірі болып саналады Шаруашылық орналасқан жерге қалыптасқан ауа райы өте континентальды, оңтүстікпен солтүстікке қарай өсе түседі. Тау етегіндегі ауа райы тегістікке қарағанда ерекшелеу болады. Жалпы үш түрлі ауа райы бөлігінде айқындалады: орташа бөлігіндегі температура жаз айларында +22 °С - +25°С; ерекше белінде жаздағы температура +17°С - +22°С; жылы беліндегі температура +15°С - +17°С;аралығында. Шатқал орналасқан жерде суық айларға қаңтар мен ақпан жатады, олардың орташа температурасы -15°С -18°С, ал ең жылы айлары шілде мен тамыз +21°С - +25°С.
Шаруа қожалығының жайылымдық жердің жалпы көлемі 800 га құрайды. Табиғи жайылымдар негізінде далалық аймақтарда орналасқан. Күзде және көктемде мал жайылатын жерлер кішілеу шоқырлар мен дөңестер аралығында орналасқан, ал етек жақтары далалық тегістерге жалғасады. Шөлейітті табиғи жайылымдар тау етектеріне дейін созылған.
Солтүстік бөлігінің қиыршықты тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас өскен. Оңтүстікке қарай астық тұқымдасты жусанды шөлейтке ауысады (бетеге, жусан, т.б.). Жыраларда анда-санда қайың, көктерек, тал, мойыл кездеседі. Қатты тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан өңір егін егуге қолайсыз. Егіншілікке пайдалануға жарамды жерлер тек аңғарларда ғана кездеседі. Жер асты суының қоры мол. Батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі.
Ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырак жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады.
Фермаларда өсірілетін барлық мал түріне ауа райының апатты және құрғақшылық жағдайлар болуына байланысты арнайы азық қоры дайындалады. Азық қорын қыс кезінде малдарды қамайтын қоралардың жандарында қоршауда сақтайды.
Пайдаланатын жайылымдар шөлейт және далалық жерлерде орналасқандықтан малды суғару жағдайы ескерілген. Негізінде малдар табиғи бұлақтардан және шахталық құдықтан су сорғыш арқылы астауға құйылған саудан суатталады.
Зерттеу зерзаты мен әдістемесі
Тәжірибе жұмыстары 2018-2020 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Серікжан шаруа қожалығында жүргізілді.
Зерттеу зерзаты ретінде осы шаруашылықта етті-майлы бағытында өсірілетін еділбай қой тұқымы таңдап алынды.
Алға қойылған мақсатты жұмыстарды жүзеге асыру төмендегі негіздерге сүйене отырып атқарылды.
Шығыс Қазақстан жағдайында қазақтың етті-майлы құйрықты қой тұқымының әртүлі жастағы, I және II топ, жыныстағы қойларды жайып семірту және бордақылау кезіндегі ет өнімділігінің өзгерістері, сапасы және өндірілген қой етінің қауіпсіздігі бойынша жүргізілген ғылыми өндірістік тәжірибелер Үміт-3 тәжірибе шаруашылығында, ал еттің, азықтардың сапасын анықтау бойынша зертханалық зерттеулер Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығының жалпы талдау зертханасында және пайдаланылған жем-шөппен, еттің экологиялық тазалығы жөніндегі сараптама, Шығыс-Қазақстан облыстық мал-дәрігерлік бактериологиялық зертхана-сында жүргізілді.
-Жайып семіртуге және бордақылауға еділбай қой тұқымың қозылары, тоқтылары және жарамсыздыққа шығарылған саулықтары қойылды. 2016-2018 жылдары жайып семірту және бордақылау барысында әртүрлі жастағы, жыныстағы қойлардың тірі салмағының, ет тәріздес өнімдерінің, іш майының және ұша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz