Қағаздың шығу тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
І Кіріспе

Қағаз дегеніміз не? Қағаз барлық жерде қолданылады. Бұл жазу, шығармашылық және баспа ... онсыз өмірді елестету мүмкін емес. Әр үйде кітаптар, журналдар, ашықхаттар, хаттар, фотосуреттер, оқулықтар, дәптерлер, альбомдар, баспа қағаздары, сонымен қатар қабырғаға тұсқағаздар, майлықтар, дәретхана қағазы, кәмпиттер мен қораптардағы кәмпиттер, ақша мен құжаттар бар. Әр зауытта және фабрикада, әр кеңседе әр түрлі пішінде бір килограмм қағаз бар.
Қағаз - бұл сабан және қайталама шикізатты (макулатура, шүберек, үгінділер) өңдеу, жазу, баспа өнімдерін дайындау, буып-түю және т. б. үшін қолданылатын жұқа парақтар түріндегі материал.
Қағаз - әлемдегі ең көп таралған материал.
Қағаз (итал. bambagia мақта) - жазуға, сурет салуға, буып-түюге және т.б. арналған парақтар түріндегі, целлюлозадан: өсімдіктерден, сондай-ақ қайталама шикізаттан (шүберек және макулатура) алынатын материал [1].
Қағаз адамның ойларын, сезімдерін, қарым-қатынастарын бекіту үшін ғасырлар бойғы материалды іздеу нәтижесінде пайда болды. VI-VIII ғасырларда қағаз өндірісі Орта Азияда, Кореяда, Жапонияда және Азияның басқа елдерінде жүзеге асырылды. XI-XII ғасырларда Еуропада қағаз пайда болды, онда ол көп ұзамай жануарлардың пергаментін алмастырды. XV-XVI ғасырлардан бастап, типографияның енгізілуіне байланысты қағаз өндірісі тез өсуде. балғалармен ступада және оның пішіндерімен-с-торлы-түбімен тегістеу.
1803 жылдан бастап қағаз өндірісінде қағаз машиналары қолданылады.

Сендер көшеде жүріп, аспанмен тілдескен зәулім ағаштарға сүйсіне қарағандарыңда, бұл жасыл желек жамылып тұрған болашақ кітаптарың, дәптерлерің, сүт құятын пакеттер, қабырғаларға желімдейтін түсқағаз екені, сірә, естеріңе келе бермеуі мүмкін. Былайша айтқанда қағаздан істелетін бұйымдардың бәрі осы ағаштан өндіріледі.
Жұмыстың өзектілігі байқауға және зерттеуге қол жетімді ақпараттарды қарастыра отырып қағаздың шығу тарихы туралы қызықты және ерекше материалдар табу болып табылады.
Зерттеу нысаны - қағаздың шығу тарихы.
Зерттеу пәні-қағаз.
Ғылыми жұмысының максаты. Күнделікті тұрмыста жиі қолданатын қағаздың шығу тарихы мен түрлеріне сипаттама бере отырып, оны өндірісте өңдеу жолдары мен экологиялық тиімділігін айқындау.
Ғылыми жұмысының міндеттері:
+ Қағаздың шығу тарихына зерттеу жасау;
+ Қазақстандағы қағазды өндірісте өңдеу тәсілімен танысу;
+ Қағаз өндірісте өңдеу тәсілдері;
+ Үйжағдайында қағаз дайындау әдістерін тәжірибе жүзінде жасау.
Ғылыми жұмысының ғылыми жаңалығы. Қағаздың шығу тарихы туралы тың деректермен таныстық, оны өндірісте өңдеу жолдарын айқындадық, жалпы қағаз туралы көптеген деректерге қанық болдық.
Практикалық маңызы: біз жүргізген зерттеулерді тарих сабақтарында, сыныптан тыс шараларда, үйірме сабақтарында қолдануға болады. Олар қызықты және мазмұнды.
Әдістері: ғылыми әдебиеттерді зерттеу, бақылау, эксперимент, талдау, модельдеу.

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Қағаздың шығу тарихы

Қағаз ойлап табылғанға дейін адамдар ақпарат беру үшін сазды тақталарды, тақталарды, маталарды, кейінірек пергамент пен папирусты қолданған.
Бірінші қағазды жасаушы - Қытай императорының кеңесшісі Цай Лун. Қағаз жасаудың құпиясын қытайлар қатаң құпияда ұстады. Қағаз жасау технологиясын бірінші болып корейлер, содан кейін жапондар білді. Содан кейін олар оны кітаптар, тұмарлар, перделер мен желдеткіштер жасау үшін қолдана бастады.
Адамдар қағазды пайдалануды 2-ғасырда үйренді. Қағаз Қытайда ойлап табылды да, қытайлар оны жасау әдісін ұзақ уақыт құпия сақтады. Ассириялықтар қыш тақтаға таяқшалармен жады. Ежелгі египеттіктер өз иероглифтерін папирусқа өрнектеді. Ол жұқа парақтар батпақта өсетін папирус өзектерінен сығымдалып жасалады. Европада орта ғасырларда жазу үшін бұзау терісінен ерекше әдіспен иленген пергамент пайдаланылды. Ежелгі орыс елінде жазу жұқалап сыдырылған қайың қабығына жазылған. Европада қағаз тек 10 - ғасырда ғана пайда болды. Ол ескі шүберектерді ұнтақтап қайнату әдісімен жасалады. Ал барлық жерде газеттер шығып, кітаптар басылып, оқушыларға оқулықтар мен дәптерлер қажет болған кезде шүберектер жетісе бермеді де, жұрт қағазды ағаштан жасауға көшті.
Ежелгі Египетте болашақ хатшы-жылнамашыларды әуелі сөздердің, әріптердің таңбаларын балшыққа емес, папирусқа жаздырып үйреткен. Папирус дегеніміз - батпақты жерде өсетін қамыс тәрізді өсімдік. Египеттік жылнамашылар оның сабағын жіңішкелеп ұзынынан тіліп, суға жібітіп, қайта кептіреді. Сонан соң ғана оларды бір-біріне жалғап, желімдейді де, жалпақ таспадан орама жасайды. Таспа бетіне қызыл, қара сиямен жаза берген. Жазуға арналған осынау сарғыш ораманы да папирус деп атайтын болған.

Ғалым-археологтар қазба жұмыстары кезінде ертедегі египеттік жылнамашы шәкірттердің жазған әр түрлі таңбалары бар осындай орамаларды тауып алған. Кейбір таңбалар шайылып, көрінбей де қалған. Бәлкім, қате жібергені үшін жазаланған шәкірттің көз жасымен шайылған болар?

Енді бір көне мемлекет - Пергамда ерекше иленген бұзау немесе лақтың терісін жазу материалы ретінде пайдаланған. Пергамент сөзі де Пергам сөзінен алынған ғой. Пергаментке жазу папирусқа қарағанда әлдеқайда ыңғайлы еді. Жазудан жіберіп алған қатені шәкірттердің қырып тастауына болатын. Ең қиыны пергамент өте қымбатқа түсетін, оған жазылған бір кітаптың құны үлкен қора-жайы, жері бар үймен бірдей бағаланатын.

Ежелгі славяндар жазуға ең арзан, оңай дайындалатын материалды - қайыңның қабығын пайдаланған.
Қайыңның қабығы қаншама жақсы болғанмен, ол кітап жасауға жарамайтын. Ақыры шалғайда жатқан шығыс елдерінен көпестер мен жиһанкездер аппақ қардай, өзі жұқа керемет парақтар әкеле бастады. Бұл... қағаз болатын.

Алғашқы қағаз жібек өндіретін тұт ағашының қабығынан әзірленді. Ғажайып ақ қағазды көрген еуропалықтар: Біз де осындайды жасап алар ма едік, шіркін! Бірақ неден, қалай жасауға болады? деп әуресарсаңға түсті. Оқымысты-ғұламалар бастарын қатырып, қағаз жасау туралы ұзақ ойланды, ақыры тапты-ау. Қағаз дегеніміз өсімдіктің қысқа-қысқа талшықтарының жиынтығы, ал өсімдік талшықтарын тұт ағашының қабығынан басқадан да алуға болады ғой. Іске жарамсыз болып, ескіріп қалған кенеп және мақта-маталарын кәдеге асырып көрсе қайтер еді? Матадағы ұзын талшықтарды ұсақтап қысқартуға болады ғой. Байқап көріп еді, іске асты.
Қағаз тұңғыш рет ІІ ғасырда Қытайда жасалса, Еуропада ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендір пайдаланылды. Қағаз өндіру кітап басу мүмкіндігі ашылғаннан кейін қауырт дамыды. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар аралығында Голландияда ұнтақтауыш жаңа аппараттың - роллдың жасалуы және француздық Николас Луи Робер ұсынған (1799) механикалық әдіспен үздіксіз қағаз құю әдісі шыққаннан бастап, машиналық өндіріс пайда болды. Шикізат есебінде ағаш, целлюлоза талшықтары қолданылды [2, 25-б].
Әр түрлі елдерде қағаз жасайтын материалды қайдан алғандары туралы әрқалай айтылып жүр. Сондай әңгіменің бірі мынандай.
Қандай да құпияның сырын білуге өте құмар бір адам жабайы араның ұяны неден жасайтынын білгісі келеді. Бақылай бастайды. Сөйтсе, ара алдымен ағаштың шетінен кішкентай жаңқа кертіп алып, соны ұзақ шайнап шылайды екен де, ұясының қабырғасын содан жасайды екен.
Мынау ерекше құрылыс материалын көрген жаңағы кісі: Еһе, қағазды да мынау материалдан, ағаштан-ақ жасауға да болады екен-ау! Ағаштан көп дүние жоқ! Айнала толған ағаш деп ойлапты.
Оқиға дәл осылай, әлде сәл басқашалау болды ма, - ол жағы белгісіз, бірақ ең бастысы қазіргі кезде газеттер мен кітаптарды, журналдар мен күнтізбелер, оқулықтар мен дәптерлерді басып шығаратын қағаз осылайша пайда болған еді.
Біздің эрамыздың 93-98 жылдарында мәтін-бейне материалдарын жазу үшін ойлап табылған қағаз-жазба кітап өнімдерді дайындап шығару жұмыстарын жеңілдете түсті. Алайда, қолайлы да арзан материалдардың өте баяу тарады. Әрбір кітап шебері ең алдымен қағазды дайындайды. Қағаздың Қытайлық, Самарқандтық, Қоқандтық түрлері болған. 751 жылы Орта Азияға қытай шапқыншыларының келуімен қатар қағаз жасау мәдениеті де қоса келді. Мұсылман шығысында, оның ішінде Орта Азиялық кітап шеберханаларында көп жағдайда Самарқандттың және Қоқандтық қағаздар пайдаланылды. 650 жылы қағаз Самарқандта пайдаланыла бастады.
Самарқандтық қағаз тұт ағашынан жасалды және ол қолданысқа берілместен бұрын бірнеше дайындау кезеңдерінен өтеді. Қағаздың бірнеше сорттары болды: Самарканд шойи когози - ақшыл-сары, жіңішке және тегіс қағаз; Самарканд шойи когози қағазын еске түсіретін Самарканд султон когози қағазы, бірақ оған қарағанда ақ түсті болды; Нимканоп - қоңыр түсті қағаз және шеңберді салатын су белгілері бар Мир-ибрагими қағазы [3, 47-б].
Осы күнге дейін жеткен Орта Азиялық және Шығыс Түркістандық кейінгі ортағасырларға тиесілі араб графикасындағы қолжазбалар қағазға жазылған. Қағазды көрсету үшін қағаз (қағид) деген сөз қолданылды. VIII ғасырдан бастап Орта Азиядағы қағаз жасайтын басты жер Самарқанд болды [4, 181 б.]. Самарқанд Орта Шығыстағы су диірмені көмегі арқылы қолмен дайындалатын қағаз жасайтын алғашқы орын болғандығы мәлім. Кейінірек, арабтар мен ислам әлемі мәдениетінің арқасында оның дайындалу технологиясы Батысқа тарады - Таяу Шығыстан (ХІ ғ.) Испанияға дейін (ХІІ ғ.), онан соң Еуропаның барлық жеріне тарады [4]. Қағаз өндіретін басқа да ірі орталықтар қатарында Бұхара, содан кейін өзбек хандықтары кезеңінен бері Қоқанд қаласы, нақтырақ айтсақ Қоқанд қаласына жақын маңда орналасқан Қоғозғар және Шорқұ мекендері де бар. Ірі орталықтарда қағаз шығаруда әдетте су диірмендері қолданылды [3, 186 б.]. Самарқандтық қағазды жасау технологиясын меңгеріп, ортағасырлық қолжазба өнерін жаңғырту арқылы ғасырлар мұрасын сақтап қалуға болады.
751 жылы Тянь-Шань жерінде араб-қытай қақтығысында бірнеше қағаз өндіру шебері арабтардың тұтқынына түседі. Осы тұтқындар арқылы арабтар қағаз өндіру кәсібін үйреніп алады. Еуропалықтар бұл кәсіпті соңғы болып меңгерді. Алғашқыда Испанияға тарап, кейіннен 1154 жылы Италия, 1228 жылы Германия, 1309 жылы Англия еліне келіп жетеді.
880 жылы Бағдатта, 1100 жылы Каирда қолданылды. Қағазды ХІІ-ХІІІ ғасырларда Францияда, Испанияда, Италияда және басқа Еуропа елдерінде жасап шығара бастады.
1840 жылы саксон тоқымашысы Келлер ағаштан қағаз жасаудың тәсілін ашты. Ендігі жерде ағаш өсетін барлық елді мекенді жерлерде қағаз жасап шығару мүмкіндігі туды.
ХҮІІІ ғасырдың аяғында Еуропада қағаз массасын қазандарда бекітілген сымдардан жасалған қол елегі арқылы алатын еді. Бұл көп еңбекті қажет ететін, өнімділігі төмен жұмыс болатын. ХІХ ғасырдың басында қол елегінен массаны шарпып алып, қозғалып тұрған елекке - конвейерлік түрде құюға ауыстырды. Бұл қағазды тез әрі үлкен мөлшерде шығаруға мүмкіндік берді [4, 89-б].

Осылай қағаз шығаратын машишаны бірінші болып, 1799 жылы француз Луи Роберт ойлап тапты. Англияда қағаз шығаратын машинаны механик Жонкин 1803 жылы ғана жасады. 1817 жылы қағаз шығаратын машина Ресейде пайда болды. Германияда қағаз шығаратын машинаны 1819 жылы, ал Америкада 1827 жылы жасап шығарды.

Ресейде алғаш рет олар моңғол ханы Бату алым жинау үшін қағазда Ресей халқының алғашқы санағын жасаған кезде қағазбен кездесті. Ресейде қағаздың өзіндік өндірісі Иван Грозныйдың тұсында басталды, бірақ көп мөлшерде қағаз Петр I-дің заманында пайда болды, қағаз жасау үшін шикізат жинау үшін кемелерден, арқаннан және шүберектен жасалған желкендер пайдаланылды. Адамдар сыйақы үшін полицияға тозған заттардың қалдықтарын алып келді, шаруалардан шүберек салығын алды.
Кейін кітап басу өнеркәсібі пайда болғанда тозған мақта-мата, жібек және зығыр маталар жетіспеді. Қағаз ағаштан жасала бастады. Маталар мен тоқыма сынықтарынан қазір ақша мен маңызды құжаттарды басып шығару үшін тек жоғары сапалы қағаздар шығарылуда. Қағазға деген сұраныс қағаз машиналарының пайда болуына себеп болды.

2. 2 Қазақстандағы қағазды өндірісте қайта өңдеу

Қазақстанда қамыстан қағаз өндіру ісі дамып келеді.Алматы облысында қамыстан қағаз бен вискозаны өндіретін зауыт салынады. Қытай ғалымдары ойлап тапқан аталған технологияның арқасында елімізде табиғи шикізаттан қағаз бен вискоза өндірілетін болады. Бұл ең заманауи құралдармен жабдықталған экологиялық таза өндіріс болмақ. Жоба мемлекеттің жасыл экономика саясатына да толық жауап береді. Оның әлеуметтік маңызы аз емес, себебі жаңа жұмыс орындары құрылады.
Қазақстанда целлюлоза-қағаз өнімдерін өндіретін 282 кәсіпорын бар. Оның ішінде 12-ге жуық ірі және орташа кәсіпорын нарық үлесінің 80% -дан астамын құрап отыр және олар Қазақстан қаптамашылар қауымдастығына мүше.
Қазақстанда өсірілген техникалық қарасора шикізатын пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Полиэтилен пакеттердің табиғатта ыдырауы 100 жылдан 500 жылға дейін уақыт алатындықтан экологияға қауіпі зор. Сондықтан мемлекеттің қағаз өңдеу өндірісін дамытуға назар аударғаны бекер емес.
Сонымен қатар Қазақстандағы макулатура өңдеу зауыттары жұмыс жасайды. Қазіргі таңда бізде де қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі қолға алына бастады. Қымбат металл, шыны жинауға жетпесек те, ескі қағазды өткізетін бұрынғы кеңес дәуіріндегі шаруа қайтадан қолға алынды.
Мамыр айында Алматыда ескі қағаз қабылдайтын арнайы орын жұмыс істей бастады. Бұл - Қазақстан қағазы компаниясының келешекте ашуды жоспарлап қойған бес бөлімшенің біреуі. Жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Матамен жапсырмалау
Қағаздың түрлері
«Көркем еңбек» интеграцияланған пәні бағдарламасының құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері
Қағаз өндірісі, түрлері, ерекшелігі
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗ ТҮРЛЕРІ
Қағаз сипаттамалары
Космогониялық өрнек
Баспа және баспахана. Полиграфиялық материалдар
Дербес компьютердің шығару құрылғылары
Оригами өнерінің шығу тарихы
Пәндер