Тестілеу уақыты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Назарбаев Зияткерлік мектептері
дербес білім беру ұйымы
Педагогикалық өлшеулер орталығы филиалы



Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі туралы

үміткерлер мен олардың ата-аналарына
арналған ақпараттық буклет

Нұр-Сұлтан, 2022
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ...2
1. Конкурстық іріктеуге тіркелу 3
2. Конкурстық іріктеу тестілеуін өткізу шарттары 3
3. Тестілеудің бірінші күні 4
4. Тестілеудің екінші күні 5
5. Жауап парақтарын толтыру 7
6. Тестілеу кезіндегі үміткерлердің тәртіп ережесі 8
7. Конкурстық іріктеу нәтижелерін өңдеу 8
1-қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2-қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

Кіріспе

Қазақстанда тәжірибе алаңы ретінде заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бақылау, зерттеу, талдау, апробациялау және енгізуді жүзеге асыратын жиырма бір Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылды.
2016 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне таратылуда. Назарбаев Зияткерлік мектептері білім беру мазмұнын жаңарту бойынша әдістемелік әрі ресурстық орталыққа айналды.
Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға қабылдау конкурстық іріктеу арқылы жүзеге асырылады. Оқушыларды конкурстық іріктеу жүйесі 2013 жылы Cito Педагогикалық өлшеулер институты (Нидерланд) және Джонс Хопкинс Университетінің Дарынды жастар орталығы (CTY, АҚШ) стратегиялық серіктестерімен бірлесе отырып, Ұлыбритания, Аустралия, АҚШ және Нидерландтың халықаралық тәжірибелерін зерттеп-зерделеу негізінде қалыптасты.
Бұл жүйенің ерекшелігі оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді меңгеру қабілеттерін анықтауға, яғни:
- NIS-Programme мазмұнын тиімді меңгеруге;
- кең ауқымды дағдыларды дамытуға және Зияткерлік мектепте оқу барысында жетістікке жетуге;
- көптеген академиялық білім беру саласындағы қолданбалы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
2022 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің кешенді тестілеуі құрылымына Жаратылыстану бойынша жаңа бөлім енгізіледі.
Бұл пән орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес жаратылыстану-ғылыми бағыттағы Физика, Химия, Биология, География пәндері бойынша базалық білім беруге бағытталған. Жаратылыстану пәні бойынша үміткерлердің білім деңгейін бағалау Зияткерлік мектептердегі жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеуге қабілетті оқушыларды іріктеуге, олардың болашақта жоғары оқу орындарының жаратылыстану-ғылыми бағыттағы мамандықтарға түсуіне қажетті бейіндік бағдарын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Конкурстық іріктеуге тіркелу

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін оқушының заңды өкілі Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
конкурсқа қатысу үшін өтініш;
толтырылған сауалнама;
үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, Зияткерлік мектептегі оқу сыныбының алдындағы үміткердің өткен оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы оқу үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек (ескерту: 6-сыныптың бірінші жартыжылдығын аяқтаған жағдайда 6-сыныптың бірінші жартыжылдығы бойынша табель ұсынылады).
Оқу бағдарламасы және білім беру деңгейлеріндегі айырмашылықтарға байланысты сыныптары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының сыныптарынан ерекшеленетін шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептердің оқушыларын қоспағанда, орта білім беру ұйымдарының 7-9, 11-сыныптарында оқитын үміткерлер келесі оқу жылында Зияткерлік мектептердің баламалы сыныптарында қайтадан оқуға үміткер бола алмайды.
Оқу бағдарламасы және бағалау шкалалары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу бағдарламары мен бағалау шкалаларынан ерекшеленетін шетелдік білім беру ұйымдары немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер оқу үлгерімі табеліне (бағалау транскрипті) оқитын мектебінен бағдарламаның мазмұны мен бағалау шкалаларын түсіндіретін ресми хаттарды қоса ұсынады.
көлемі 1Мб-тан (мегабайт) аспайтын графикалық файл түріндегі үміткердің 3x4 см өлшеміндегі сандық фотосуреті немесе қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде үміткерді фотосуретке түсіріп алуға болады.
Фотосурет міндетті түрде ашық фонда үміткердің тура қарсы алдынан түсіріледі. Үміткердің бет-әлпеті бейтарап жағдайда, аузын ашпай түсуі қажет. Фотосуреттің жалпы көлемінің шамамен 75 пайызында үміткердің бет-әлпеті көрінетіндей болуы керек. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді қолдануға болмайды. Фотосуретке түсу кезінде бас киім және көзілдіріктің болмағаны жөн. Үміткердің көзі ашық, анық, шашпен жабылмаған болуы қажет. Фотосурет көлемі 600 пиксельдюймнен (dpi) кем емес анықтықпен 450x600 пиксельден аз болмауы керек.
Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз бола алады:
конкурстық іріктеуге қатысу өтінішін белгіленген мерзімнен кеш тапсыру;
көрсетілген құжаттар тізімінің толық болмауы.
Құжаттардың үлгісі және құжаттарды тапсыру мерзімі Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ сайтындағы Үміткерлерге бөлімінде орналастырылады.

2. Конкурстық іріктеу тестілеуін өткізудің шарттары

7-сыныптарға конкурстық іріктеудің кешенді тестілеуі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында екі күн ішінде жазбаша тестілеу форматында өткізіледі.
Үміткерлер Назарбаев Зияткерлік мектебіне белгіленген уақытта рұқсат қағазымен, қара сиялы қаламмен келуі керек, өзімен бірге жапсырмасы жоқ ыдыстағы бір бөтелке су алып кіруіне болады.
Үміткерлер тестілеу күндері бет-әлпетті тану жүйесі мен тіркеуден уақытылы өткеннен кейін тестілеуге жіберіледі. Тіркелу уақыты аяқталғаннан кейін тіркелуге келген үміткер тестілеу тапсыруға жіберілмейді. Тестілеудің бірінші күніне қатыспаған үміткер екінші күнгі тестілеуге жіберілмейді.
Тестілеу аудиториясы мен үміткердің отыратын орны бағдарламалық жасақтама арқылы автоматты түрде анықталады, тестілеу аудиториясы 120 үміткерге дейін сыйғыза алады.
Үміткерлерге тест орындау бойынша бейненұсқаулық жүргізіледі. Нұсқаулықтың мәтіні емтихан материалдарында да берілген.
Тестілеу процесі мүдделі тұлғалар үшін тестілеу рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында онлайн режимде көрсетіледі.

3. Тестілеудің бірінші күні

Тестілеудің бірінші күнінде Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест өткізіледі (бұдан әрі - Қабілеттілікті бағалау тесті).

1-КҮН
ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАУ ТЕСТІ

Бөлім
Тапсырма саны
Тестілеу уақыты
1
Математика
40
60
2
Сандық сипаттамалар
60
30
3
Жаратылыстану
20
30
Барлығы
120
120
Қабілеттілікті бағалау тестінің сұрақтары жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім деңгейін анықтау арқылы функционалдық сауаттылықты бағалауға бағытталған:
- сандар арасындағы байланысты көру, сандарға математикалық және логикалық ойлау негізінде сүйену, сурет, график және диаграмма түріндегі деректерге түсінік беру қабілеттерін бағалау;
- жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды түсіндіру үшін жаратылыстану-ғылыми білімді меңгеру және қолдану, ғылыми зерттеулерді бағалау және деректер мен дәлелдерді ғылыми интерпретациялау.

Математика бөлімі бойынша тапсырма үлгісі
ЭКСПО - 2017 көрме кешенінің басты нысаны - Нұр Әлем павильоны. Ол диаметрі 80 метр болатын шар формасында салынған. Шардың дизайны күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын күн панельдерінен тұрады.

Егер күн панельдері шардың жартысын жапқан жағдайда, оның ауданы қандай болады?
A) 10 048 м2
B) 20 096 м2
C) 40 192 м2
D) 80 384 м2
Дұрыс жауап: А.

Сандық сипаттамалар бөлімі бойынша тапсырма үлгілері
Әрбір сұрақ екі қатардан тұрады. А қатарында тапсырманың бірінші бөлігі орналасқан, ал
В қатарында тапсырманың екінші бөлігі орналасқан.
Сіз бірінші қатардағы тапсырманың мәні екінші қатардағы мәнге қарағанда үлкен немесе тең екенін, не болмаса берілген тапсырмаға жауап беру үшін ақпарат жеткіліксіз екенін көрсетуіңіз қажет.
Егер А қатарындағы мән үлкен болса, А жауабын,
Егер В қатарындағы мән үлкен болса, В жауабын,
Егер екі мән өзара тең болса, С жауабын,
Егер тапсырмаға жауап беру үшін ақпарат жеткіліксіз болса, D жауабын таңдаңыз.

А қатары
В қатары
1.
29 күн
Х айындағы күндер саны
2.

Фигураның периметрі

Фигураның периметрі
3.
(35 ∙ 50)
(35 ∙ 5) + (35 ∙ 10)
Дұрыс жауаптар: 1 - D; 2 - C; 3 - A.

Жаратылыстану бөлімі бойынша тапсырма үлгісі

Суретте қышқыл жаңбырдың пайда болу үрдісі көрсетілген.

Қышқыл жаңбыр ормандарға қалай әсер етеді?
A) Қышқыл жаңбыр орман өртін тудырады.
B) Қышқыл жаңбыр ормандағы топырақ құнарлылығын арттырады.
C) Қышқыл жаңбыр қоректік заттардың сіңірілуін шектейді.
Дұрыс жауап: С.

4. Тестілеудің екінші күні

Тестілеудің екінші күні тілдік тест өткізіледі. Бұл тест оқу сауаттылығы негізінде қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жазбаша мәтіндерді түсінуге және талдауға бағытталған.

2-КҮН
ТІЛДІК ТЕСТ

Бөлім
Тапсырма саны
Тестілеу уақыты
1
Қазақ тілі (бірінші тіл)
20
120
2
Орыс тілі (екінші тіл)
20

3
Ағылшын тілі
20

Барлығы
60
120
Тілдік тест тапсырмалары мәтіндермен және графикалық материалдармен жұмыс істеу қабілетін бағалауға, мәтіннен және оның интерпретациясынан ақпарат алу үшін оқу сауаттылығы дағдыларын меңгеру деңгейін тексеруге бағытталған.

Қазақ тілі (бірінші тіл) бөлімі бойынша тапсырма үлгісі

Адал ақша мен арам ақша

Бiр адам жалғыз сиырын сауып, соның сүтiн сатып, ақша жинайды екен. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерек оқыту орталығының веб- порталын құру
Тест тапсырмаларының түрлері және тиімділігі
Delphi-де тест бағдарламасын құру
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық
Тестілеуге арналған ақпараттық жүйелер
Тест және тестілеу жүйесі
Қол жеткізуді басқару жүйесін жобалау
Бағалау жүйесінің айырмашылықтары
Android белсенділігінің өмірлік циклі
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Пәндер