Шортанбай шығармаларындағы жемқорлық көрінісі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№64 мектеп-лицей шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Смагулова Саида, 11-сынып
Шортанбай шығармаларындағы жемқорлық көрінісі
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар
саяхат маршруттары
Секция: Әдебиет
Жетекшісі: Ондыбаева Айжаркын Кузенбаевна
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ғылыми жетекші Байтанасова Қарлығаш Медетовна
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.к.
Нұр-Сұлтан қаласы, 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Шортанбай жырлары - қазақ өмірінің айнасы, әлеуметтік көрінісі, жемқорлықтың ащы шындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-11
2.2. Шортанбай - өткір, уытты тілімен биліктегі жемқорлықты түзетуші, жанашыр тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-11
2.3. Ақын өсиет, насихат, айтыстарындағы жемқорлық сипаты ... ... ..11-17
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
АННОТАЦИЯ
Тақырыбы: Шортанбай шығармаларындағы жемқорлық көрінісі
Мақсаты:
Зар заманның айтулы ақыны Шортанбай жырының өзектілігін таныту;
Шортанбай жырларындағы жемқор биліктің әшкереленуін өлең жолдары арқылы дәлелдеу;
Жемқорлық дертіне шалдыққан қоғамның тұңғиыққа бататынын жас ұрпаққа түсіндіру;
Болжамы: Қазақ халқының болашағына балта шауып, мүгедек қоғам қалыптастыратын дерттің алдын алып, жас ұрпақтың адал еңбекпен мал табуға тәрбиелеу. Жоба аясында жасалған, өлеңді талдауға арналған кесте білім алушыларға қосымша ретінде ұсынылады.
Зерттеу әдісі: Талдау, саралау, әр өлең жолдарын мысалмен дәлелдеу.
Зерттеу құрылымы:
Шортанбай - Зар заманның заңғар абызы
Шортанбай шығармаларындағы жемқорлық-әлеуметтік жағдай көрінісі, ел зары, заман зары
Жыр жолдарындағы жемқорлық көрінісін анықтау
Кезеңдері
І. 2021 жыл (қаңтар-мамыр) Шортанбай Қанайұлының шығармашылығымен танысу
(маусым-желтоқсан) Шортанбай жырларын оқу
ІІ. 2022 жыл (қаңтар-мамыр) Шортанбай жырларын тақырыбым бойынша жинақтау, саралау
ІІІ. 2022 жыл (шілде-қыркүйек) Ғылыми жобаны рәсімдеу.
Нәтижесі: Ғылыми зерттеу жұмысы барысында Шортанбай шығармаларындағы жемқорлық көрінісі қарастырылады. Ақын жырларындағы пара алу, жемқорлық, қанаушылық сипаты зерттеліп, дәлел, өлең жолдарындағы мысалдар нәтижесінде сол кездегі қоғамның бет пердесі ашылады. Ақынның зарлай жырлаған, қоғамның ащы шындығын өткір уытты тілдермен тайсалмай жырлағаны-ақынның асқан батылдығын көрсетеді, әрі бүгінгі күні де бұл тақырып - өзекті, сабақ алатын тақырып.
Ғылыми жобаның практикалық мәні: 7-сыныпта әдебиет оқу бағдарламасында Шортанбай шығармаларын өткенде қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Кілт сөздер: Шортанбай Қанайұлы, жемқорлық, жемқор адамдар, зар заман.
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта менің таңдаған тақырыбым өзекті деп ойлаймын, себебі жас ұрпақты жемқорлықтың, дүниеқоңыздылықтың адам өмірін қор қылып, ішкі құндылықтардан ада ететінін, алда қойған мақсатыңа адал еңбекпен жеткенде ғана толық бақытты бола алатынын сендіру болып табылады. Сабақ барысында жемқорлықты қылмыс деп ұғынып, неліктен ол жамандық көзі болатынына көз жеткізе білуі шарт. Әр бала мектеп жасында жауапкершілік, әділдік сезімі, өзінің құқығы мен міндеттерін қорғай білетіндей дәрежеде болу керек деп түсінемін.
Біз, жастар, болашақта іргелі, мықты мемлекеттің тізгінін ұстауымыз үшін аяқтан күрмеп жібермейтін, қоғамды мүгедектікке алып баратын оның бақытты болашағын тежейтін, халықтың сенімін жоғалтатын, басқа елдердің аяушылықпен қарауына жол беретін жемқорлық деген індеттен мүлде тазаруымыз керек.
Мен мектепте құрылған Адал ұрпақ еріктілер клубының мүшесімін. Жыл бойы жасаған іс-шаралар негізінде жемқорлық тақырыбын қазақ әдебиетіндегі Шортанбай жыраудың шығармаларымен байланыстыра отырып, зерттеуді қолға алдым. Жемқорлық, пара деген не? Ол бізде бұрыннан болды ма? Ол әдеби шығармаларда, әдеби тұлғалар еңбектерінде қалай көрініс тапты? деген сұрақтарға жауап іздедім.
Шортанбай жыраудың қай жырларын оқысаң да, қозғайтын мәселе - елдің әлеуметтік жағдайы, езгіге ұшыраған ұлтының көкейкесті арманы екенін көресің. Жүздеген жылдар бойы халқымыздың жинаған рухани қазынасының аяқ асты болғанына ашынып, сол қазынадан шеттетілген қазақтың бейшара күйге түсіп, өткен тарихы мен мәдениетінен жұрдай қылып, даланы мақсатсыз кезіп - қаңғып жүрген тобыр дәрежесіне түсірген отаршыл орысқа тіл-семсерін сермейді. Бұл жанайқай - бара-бара ұлт болашағы үшін күрескер тұлғаға айналдырды, ақынның ғұмырлық мұратына айналды.
Жазушы, ақын мұрасын жинаушы-насихаттаушы Кәмел Жүністегінің жаңа деректеріне қарағанда Шортанбай ...1818 жылы дүниеге келіп, кезінде Қанай Балқаш көлі төңірегінде мекен еткен Шұбыртпалы руына келіп тұрақ табады. Қанай Нұра бойын қоныстаған Нақыпқожаның қызы Шүкіманға үйленіп шаңырақ көтереді. 1881 жылы жылы қайтыс болған ақын мәйіті Шүкіманның ағасы Ыбырайым мазарының іргесіне жерленіп, мәңгі дамылдап жатыр.
Ұзын аққан Сарысуды,
Өзің жайлап, жағала
Жүйрік пенен жорғаңды
Өзің мініп бағала, -
деп қазақтың жері мен байлығын тек қазақ иеленсе екен деп зар қаққан (Әлихан Бөкейханұлы сөзі) қазақтың даласының тасы қазақ баласының жейдесіне түйме болып қадалсын дегенді армандаған Шортанбай жыры халықтың мәңгі жүрегінде.
НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
2.1. ШОРТАНБАЙ ЖЫРЛАРЫ ҚАЗАҚ ӨМІРІНІҢ АЙНАСЫ,
ӘЛЕУМЕТТІК КӨРІНІСІ, ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЩЫ ШЫНДЫҒЫ
Зар заманның заңғар абызы, ХІХ ғасырда Ресей отаршылдығының қатыгез саясатына қарсы қазақ халқының мүддесін қорғап, ұлт болашағы үшін жанталасып, елінің сөзін сөйлеген дуалы ауыз ақын - Шортанбай Қанайұлы. Сол заманның тарылғанын, азғандығын, тозғандығын көріп, үмітсіздікке бой алдырып, басты құндылықтары терең тұңғиыққа батқанын көріп қамықты, қапаланды. Одан алып шығар жол іздеп, сан жаққа шарпыды. Осы кезеңде қоғамдық қатынастардың өзгеруінен пайда болып жатқан дүниеқұмарлық, жандайшаптар мен жемқорлар озбырлығы жанына батты. Бар өмірін туған халқының қайталанбас болмысын сақтауға арнап, елінің жоғын жоқтағаны үшін Кеңес дәуірінде орысты жақтаушылар қырын қабақ танытты.
Ақынның шығармашылығы болашақты болжаған бүгінгі күннің зарымен үндес келеді. Патша дәуірінде ұлттық құндылықтарымызды жоғалту бастау алса, Кеңес дәуірінде де өз салт-дәстүріміз, тіліміз, мұсылмандығымыз әлсіреді. Нәтижесінде тілі шүлдірлеп, өз тілінен өзі қомсынатын, орыс тілін өркениет тілі, замануи тіл деп өлшейтін ұрпақ қалыптасты. Қазақ елінің ұлттық болмысы мен дінінің құлдырағанын жырлағаны үшін екі жақты айыпталды
Белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішев ақынға таңылған айыптарды саралай келе: Шортанбай - осы екі үлкен айыптың екеуіне дәл келетін ұлы дарын, зар заманның зор да адуынды ақыны, жырды мейлінше шегіне жеткізе, шындық деңгейінде айтып, зарлап кеткен қоғам қайраткері, ірі идеолог. Онда діндарлық та бар, отаршылдыққа, біздің кейінгі түсінігіміз бойынша орысшылдыққа қарсылық та бар. Бұл екеуін енді ашық айтып, инабатпен баяндау шарт деп жазды. [1, 313 б.]. Бұл дегеніміз - ұрандап, атойламай-ақ ұлттық болмысымызды, тілімізді, дінімізді өз мекеніне қайтару деген сөз.
Сондықтан да Шортанбай жырлары - қазақ өмірінің айнасы, әлеуметтік жағдайының көрінісі, заман зары, ел зары, болашақтың бағдары.
Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман...
Әуелгі қорлар зор болды,
Сондай зорлар қор болды,
Әуелгі барлар жоқ болды,
Сондай жоқтар тоқ болды.
Жөн білмеген жамандар
Ел билеген бек болды,
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды. [1, 50 б.].
Бұл жерде ақын қазақ өмірінің суретін, қазіргі заманның кескін келбетін айтып, заманның бұзылғанын адамдардың іс - әрекетінің өзге бетке бұрылғанын айтып, қапаланады. Білікті , білімді емес қалталы адамдардың ел билігінде отырғаны, елді басқара алмағандығын ескертсе, кек алып, сол билікті сақтау үшін бар мүмкіндікті жасап жатқан әрекеттері жиіркенішті көрінеді.
Абыз жырау сол заманның кең қазақ жерінің тарылып, онымен қоса адамдардың тарылып, азып, тозғандығы жырларының негізгі арқауы болды. Үмітсіздік, шарасыздыққа бой алдырған, тұңғиық тереңге батқан қазақи болмысты, салтты, дәстүрді, қазақи қалыпты аңсады, қамықты. Одан шығар жолды іздеді, ойы сан-саққа жүгіріп, қалай адам бетін бері қаратам, қалай дұрыс жолға түсірем деп амал іздеді. Барлық жерде жемқорлықтың торы, барлық жерде бір күн қармап қалсам деген пендешілік, өршіп тұрған өрт, дүниеқұмарлық, пайдакүнемдік, жең ұшынан жалғасқан парақорлық, бармақ басты , көз қысты жылмиған келбет. Келгінбайларға кеткен олжа, халықтың маңдай тері, озбырлық - ақын шығармаларының өзегі еді. Оның өлеңдері халықтың жүрегіне ем, жыртығына жамау іспетті қабылданды. Оны ол былай жырлайды:
Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар
Түсті соның торына.
Орыс-бүркіт , біз-түлкі,
Аламын деп талпынды,
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды...[1, 53 б.].
Бұл жерде орыс патшалығы қазақ халқын биліктегі адамдарымен қоса титықтатып, әбден жаулап алу мақсаты тұрды. Бір-біріне айдап салып, көнбеген адамдарға алдарқатып ақша беріп, пара тықпалап толық тәуелді етті. Елдегі алауыздық, бақталастық, билікке есі кеткен сұлтандар, халықты мезі қылып, орыстың айтқанына көнуден басқа амал болмады.
Ақын заманның бұзылғанын сол заманды жасаушы, сол патша үкіметінің арандатуына көнген, қабылдаған адамдардан көреді:
Заман қайтып оңалсын,
Адам қайтып қуансын.
Майыр болды сыпайың,
Арылмастай дерт болды,
Нашарға қылған зорлығың.
Кінәзді көрдің піріңдей,
Тілмәшті көрдің биіңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей
Абақты тұр қасыңда,
Қазылып қойған көріңдей.
Байлар ұрлық қылады,
Көзіне мал көрінбей,
Билер жейді параны,
Сақтап қойған сүріндей. [1,17 б.].
Сол себепті:
Заманның түрі бұзылды
Текеметтің түріндей.
Заманның зарын түйіндеп, биліктегі адамға жалпылдап, бар малын шашып, параны сақтап қойған сүріндей жеп, адамдардың жемқор болу себебін іздесек, осы күйге жеткізген орыс үкіметінің билігіне келіп тіреледі. Қазақ елін басқаруға келгенде хандық дәуірдегідей билік болмай, жанашырлық танытпай, ел өміріне суық қалыппен, суық мақсатпен келіп билік орнатты. Сондықтан ұлық болған жандарал, пір болған кінәз, би болған тілмәшпен бірге ауыз жаласып, елді аздырған билер, пайда көздеген байлар заманды бұзушылар болып саналады.
Осындай күйінуден ақын заманнан, жемқор биліктен үміт күте алмайды, тек қана жалғыз жұбаныш: осындай теріс әрекет жасағандар ақыретте жазасын тартады деп сенеді.
Қасиет кетті төреден
Әділдік кетті билерден...
деп кеп, бұрынғы қара қылды қақ жарған, әділдігімен елге таралған билерді аңсайды.
Залым туған сұмырайлар,
Осылай жұртты еміп тұр,
Шолақ иттей діңкілдеп,
Бір-біріне жетем деп,
Аласұрып өліп тұр,-
дегенде, елді билеген сұмырайлардың халықты кенедей сорып, параны қару қылып, бір-бірінен асып бара жатқаны айтылады. Қарапайым, өз еңбегімен мал тауып жүрген адамдардың күні қараң болды, заманың түлкі болса, тазы болып шабудың күні туды. Кім пысық, кім ұятсыз соны тасы өрге өрмелеген, заман-ай деп қапаланды.
Әділдік кетті билерден деп жырлаған Шортанбай хандық дәуірдегі билердің сатылмайтындығын тілге тиек етеді. Қазақ елінің тарихында пара алу болды ма? Елдің би, қазыға сенімі қалай болды? деген сұрақтарға жауапты мына дәлелдермен келтіруге болады. Қазақтың билері екі жақты бітістіруді, елдің тыныштығын ойлап шешім шығарды. Кезінде билердің сот билігі мемлекеттік биліктің дамыған саласы болған. ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың әдет-ғұрпы мен шариғат заңдарына негізделген ереже нормалары арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп, жүйелеп басқарып, бақылаған. Осылайша билер соты қоғамдық тәртіпті әдет-ғұрыпты сақтау арқылы орнатқан. Шортанбай жырларында әдет-ғұрып ұмытылса, заңда бірге ұмытылуы деуі сондықтан.
Қазақ билері пара алмаған. Қазақ билерінің әділдігі, пара алмайтындығы, әрі даулы істі тез арада шешіп беруі орыстарды таң қалдырған, тамсандырған. Ахмет Тоқтабайдың айтуынша, ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары Ресейден көшіп келген орыстардың даулы істерін қазақ билері шешіп отырған.
- Зерттеуші Күлтеев.Т.М. естеліктерінде орыс ғалымдары қазақ билеріне берген шаруаларының мыңдаған ісін өз көзімен көргенін жазады. Себебін сұрғанда шаруалар қазақ билерінің небір тұйыққа тірелген істі тез, әрі әділ шешетінін алға тартқан, дейді Ахмет Тоқтабай. [7, 256 б.]. Шешендік өнер-көшпелілер сот мәдениетінің негізгі тірегі. Рухани өмірмен тығыз байланыста болғандықтан ар тазалығы, адалдық, ұят, имандылық, мәрттік секілді түсініктер қазақ халқының құқықтық өмірінің бастауы болды.
2.2. ШОРТАНБАЙ - ӨТКІР , УЫТТЫ ТІЛІМЕН БИЛІКТЕГІ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУШІ, ЖАНАШЫР ТҰЛҒА
Шортанбай - өз заманындағы биліктегі, әлеуметтік жағдайдағы жаңалықтарды сырттан бақылап отырушы ғана емес, оны өзінің өткір тілді өлеңімен түзетпекші, жөндемекші болған жанашыр тұлға. Айналаны шолып, барлап, әр адамның әрекетін саралай білді. Биліктегі адамдардан басқа дін насихаттаушы молдаларды да безбенге салып салмақтады. Бірақ та бұларда өз қара басының қамын ойлап, аузындағы құран сөзі мен іс-әрекеті өзіне қарсы екеніне көзі жетті. Молданың істегенін жасама, айтқанын жаса деген сөз осы кездерден, адамның аумалы-төкпелі әрекетінен қалған сөз екені белгілі болды.
Шортанбай кезінде билік тізгіні тек болыс пен билерде ғана емес, молдаларың да ықпалы зор болғаны көрінеді. Дін жолын алға тартып, көпшілікті жалған сөздермен боямалап, шындықты жасырып, халық тұрмысының жақсаруына кедерге жасап бақты, халықтың қолдарында барын қанап алушылардың бірі болды.
Бұл асылық заманда
Қожа, молда көбейіп,
Отырар төрде шөмейіп,
Сәлдесін үлкен орасып,
Жауған қардай борасып,
Жамандығы ішінде
Жан-жағына қарасып,
Үлкен молда десін деп
Мәселеге таласып,
Ұрлық қылсаң неттің деп,
Су түбіне кеттің деп... [1, 53 б.].
Өз тамағының құлы болған, пайданың жолына түскен молданың дұғасы ешқашан қабыл болмайды, оларды ақырзаманның молдасы мен қожасы дейді.
Заман ақырдың қожасы,
Қайырылып келер есікке,
Бұл үйде кім бар екен деп,
Көзін салар тесікке.
Бала-шағасын бастырып,
Төрге шығып өлтіріп,
Дұға қылса керек-ті.
Заман ақырдың молдасы.
Бек үлкен келер сәлдесі
Бауыр қыла көрмеңіз
Рас емес оның дұғасы
Қолына пайда түскен соң,
Жарым дейді оның бағасы.
Көрмей-білмей біреуге
Куә болса керек-ті.
Заман ақырдың биіне
Барар болсаң алдына,
Құлағын салар жаныңа,
Қашан қарайды қалыңа... [1, 23 б.].
Ең жаманы, қолына пайда түссе, бәрін ұмытып куә болатынын, жағдайың, қалың ешқандай ойландырмайтын адамнан түңіледі. Жалған куәлік беру - адамдың тағдыры шешілер сын сәтте, басқа кінәлі адамды жасыру, адамның құқығын таптау, бұл күнәлі, ардан безген адамдардың әрекеті. Саудадағы алалық, қолына пайда түскен соң, жалған баға айтып, тағы кісі ақысын жеу. Тағы да парақорлықтың түрі. Басына дәу сәлдесін тағып алып, елдің қамын ойлап, ар жағында пайда ойлап отырған заман ақыр молдасы.
Шортанбай отаршылдықтың азабын тартқан, биліктегілердің әділетсіздігінен торыққан, екі жақты қыспаққа түскен халықтың трагедиясын көзімен көрді. Шортанбайдың улы қаламына іліккендер тек отаршылдар емес, елдегі тәртіптен кеткен, ата жолын мойындамайтын жастар, ағайынның бір-біріне өз басының қамы үшін қастық ойлағандар, елді теспей сорған қожа, молдалар. Құлқынқұмар қожаларды әділдік жолынан тайғандар деп сынайды:
Өңкей арам залымдар
Зәремізді алады.
Арам берсең жымиып,
Қалтасына салады.
Өр руындағы адамдарды шеттетпей, жақын тарту, шежіре, ауылдың ақсақалы, аға, іні, әке, шеше дегендер қазақ халқы үшін қасиетті ұғым. Осы туысқандық, үлкенді сыйлау, ағаны құрметтеу, бауырға қамқорлық дегенді ысырып қойып, жеке қара басының қамын ойлап, мал үшін, пара үшін туған -туысқанын сатып жауласатынын көреміз.
Жасы кіші інісі
Сыйламайды ағасын.
Бір-біріне көпсініп,
Қуат қылар баласын.
Алысып жыртар жағасын...
Қой деп айтсаң тіл алмас,
Ақсақалдан ұялмас,
Шабысар тура қалаға,
Құныққан соң жалаға
Жақыным деп тартынбай,
Мініп шабар шанаға,
Алып келер аулына
Өзінің туған бауырына
Келген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz