Физика пәнінің әдебиетпен байланысы
Ж.Молдағалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Тақырыбы:
Шәкәрім мұрасы физикамен тоғысқанда
Орындаған:
Ж.Молдағалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Төлеген Сержан
Ғылыми жетекшісі:
Ғылыми жұмыс бағыты:
Жаратылыстану-математика
2022-2023 оқу жылы
Мазмұны
1 .Абстракт ----------------------------------- ----------------------------------- -------3
2 .Кіріспе ----------------------------------- ----------------------------------- ------4-5
3.Зерттеу бөлімі
3.1. Физика пәнінің әдебиетпен байланысы ----------------------------------6 -8
3.2.Шәкәрім мұрасы Физикамен тоғысқанда------------------------- -----9-11
3.3.Шәкірім туындыларындағы физикалық заңдылықтар-------------12-13
4.Қорытынды------------------------ ----------------------------------- --------------14
5.Пайдаланған әдебиеттертізімі------------------- ---------------------15
6.Аннотация------------------------ ----------------------------------- --------------16
7.Ғылыми жетекшінің пікірі----------------------------- ------------------------17
Зерттеудің мақсаты
Шәкәрім - өз заманында әлемдік жетістіктердің туған еліне енуін армандаған, прогресшіл қоғамдық күштердің, озық ой-сананың жарқын көрінісі бола білген. Сондықтан, оның ғажайып ғұлама екенін дәлелдеп, туындыларын физикалық тұрғыда тұжырымдау
Гипотеза
Әлемдегі заттардың түпкі негізі не екенін, неден жаралғанын, ақынның философиялық ой-толғауларынан тану
Тәжірбиенің әдістемесі
Мен оқушы болсам да, әдебиет пен физиканы байланыстыру қазіргі кезде таптырмас құндылық деп білемін. Әр түрлі тақырыптарға өз ойымды, жинақтаған деректерімді қолдана отырып, зерттеулер жүргіздім.
Физика еді өмірдің
Асыл бір үлкен саласы
Жаңарды сол физикамен,
Елімнің өзен-даласы, -дегендей, физика пәні қызықты да, қиын. Сондықтан, физика сабағында әдебиет пәні қосылып оқытылған болса, бізге тиімді болары сөзсіз.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі
Ақын-жазушылардың еңбектерінен физикалық құбылыстарды таптым. Соның ішінде Абай мектебінің шәкірті - Шәкәрімнің шығармаларына тереңірек үңілдім. Қазіргі таңда мәдениетіміздің өркендеуі, мәдени мұра құндылықтарын сақтау және дамыту мәселелері үлкен маңызға ие болуда. Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын насихаттау және оны орындау жас ұрпақтың міндеті. Өн бойымызға халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыруда көркем әдебиеттің берері мол және бұл біздің ғылымға, білімге деген ынтамызды арттыру үшін көп көмегін тигізетініне сенімім мол.
Зерттеудің барысы мен кезеңдері
Зерттеу жұмысын 2021-2022 оқу жылынан бастап қолға алдым. Ғылыми жетекшіммен кеңесе отырып, осы тақырыпқа байланысты материалдар, жеке зерттеулер жүргіздім және де өзіме көптеген қызықты деректер таптым.
Кіріспе
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!- деп, Мағжан Жұмабаев атамыз, болашақ ұрпаққа сенім артып кеткен. Атамыздың бізге деген сенімін ақтау мақсатында, осы өлеңін өзіме күш-қуат ете отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымды бастадым.
Адам үшін еңбегім
Өмірден барлық тергенім
Қалағаның қарап ал,
Мұрам сол, жастар, бергенім
Шәкәрім-өз заманында әлемдік жетістіктердің туған еліне енуін армандаған, прогресшіл қоғамдық күштердің, озық ой сананың жарқын көрінісі бола білген. ақын. Шәкәрім мұрасындағы мол рухани байлықты ұлттық құндылықтардың негізіне айналдырып, оны өзім сияқты жас ұрпақтың жүрегіне жеткізіп, барынша насихаттау. [2]
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Мәдени мұра бағдарламасының үшінші бағытында да ұлттық әдебиетіміз бен өнеріміздің бай мұрасын зерттеп, жүйелеу мен оны қайта түлетуді міндеттейді. [1]
Иә, өткенсіз - бүгін, бүгінсіз ертең болмайтыны сияқты, физика ғылымының дамуы да түрлі сатылардан өтіп, қазіргі XXI ғасырға аяқ басты. Өткенді білмей болашақты болжай алмаймыз деген қағидамен, физиканың даму сатысына көз жүгіртсек: Жеке физикалық ілімдердің пайда болу дәуірі физика жайлы алғашқы деректер Ежелгі Вавилон , Египет жазбаларында кездеседі. Зәулім сарайлар мен күрделі құрылыстар (пирамида , қорғандар) салу жұмысында құрылыс механика мен статиканың қарапайым заңдылықтары және рычаг, көлбеу жазықтық тәрізді қарапайым механизмдер пайдаланылды. Практикалық талаптардан туған Ежелгі Вавилон, Египет ғылымының теориялық негізгі халық арасында тарамады. Ғылым түгелдей діни абыздар қолында болды. Ежелгі грек ғалымдары табиғат құбылыстарын, табиғаттан тысқары, күштің әсерінсіз - ақ ғылыми негіздерді түсіндіруге ерекше мән берді. Ежелгі грек ғалымдары (Гераклит, Анаксимандр, Амаксимен, Фалес т.б.) табиғат негізінен төрт элементтен (от, топырақ, ауа және су) тұрады десе Демокрит (б.з.б. 5ғ.) Эпикур (б.з.б. 341-270), Лукреций (б.з.б. 1ғ.) дүниенің ең қарапайым кірпіші одан әрі болінбейтін бөлшек - атом деп санады. Атом туралы ілім талай ғасырға созылып талас - тартыстан кейін, қазіргі табиғат жайлы ғалымдардың негізіне айналды. Аристотелдің табиғат жайлы жазған кітабы "Физика" деп аталған. Осыған орай Аристотельді физиканың негізін қалаушы деп те атайды. Архимед гидростатиканың негізгі заңын (Архимед заңы) ашты, қарапайым механизмдерді зерттеді. Демокрит, Аристотиль, Архимед тәрізді ерте дүниедегі ұлы ғалымдардың ғылымға қосқан теңдесі жоқ мол үлесі халықтардың ғасырлар бойына жинақталған тәжірибесінен ұштаса келіп, Физиканың ірге тасы болып саналады. Классикалық механикалардың тууына қолайлы жағдай жасады. XVIII ғасырларда Физиканың барлық салаларын онан әрі дамытуға, жетілдіруге бағытталған зерттеулер кеңінен жүргізілді. Ньютон механикасы, жер бетіндегі денелер мен аспан денелерінің қозғалыс заңдарын толық қамтитын кең тараған ілімдер жүйесіне айналады. Физиканың басқа салаларында да тәжірибелік деректер онан әрі жинақталып қарапайым заңдар тұжырымдала бастады. Осындай қарқынмен дамып келе жатқан физика ғылымын қазіргі таңда мүмкіндігінше терең игеру қазіргі жас ұрпақтың айнымас басты мақсатына айналуы тиіс.
----------------------------------- ----------------------------------- ---------------------------
[1]. Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы"
[2].Шәкәрім шығармалары "Жазушы" баспасы. Алматы 1988 ж.
3. Зерттеу бөлімі
3.1 Физика пәнінің әдебиетпен байланысы
Арғы тарихы сан ғасырлардың тереңіне кететін халқымыздың қазақ аталған бертінгі дәуірінде ел бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер, ертеден шапса, кеште озған, ылдидан шапса, төске озған жүйрік ақындар, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешкен дана билер, қалың жауға қарсы жалғыз шабатын жүректі батырлар аз болмаған[4]. Осы асыл зиялыларымыздың өнегелі, дана сөздерін зерделеп, зерттеп, өзімнің қатарластарымның және ұстаз қауымының айнымас серігіне айналса екен деп ойлаймын.
8-сыныпта жылу өткізгіштік тақырыбын қарап шықтым және осы тақырыпқа шығарылатын сапалық есепті ойлап таптым.Алдар Көсе бізде қонақта деп тақырыбын да қойдым.
Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе шық бермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдар Көсе ұзақ әңгіме айтып, көп отырып қалады да, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы бикеш темірден өріліп жасалған бауырсақты салып әкеліп дастарханға қойып жатып былай дейді:
Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмдірек, сондықтан да бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріліп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім. Дәмнен ауыз тиіңіздер.
Сонда көпті көрген Алдар Көсе былай деп жауап қайтарады:
Жоқ, қарындасым, сіз қателесесіз. Темір ыдыста бауырсақ тез суыйды ал, бауырсақ тез суымасын десеңіз, оны ағаштан өріліп жасалған ыдысқа салғаныңыз жөн болар еді.
Осы тұрғыда мынадай сұрақ қойылары сөзсіз.
Сұрақ: Алдардың дастархан басында берген кеңесі дұрыс па?
Жауап: Алдардың кеңесін физика тұрғысынан қарастырғанда, ағаштың жылу өткізгіштігі металдікінен аз екендігі белгілі.
Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра отырып, физика пәніне деген ынтамыз күннен күнге жоғарылайтыны анық. Тіпті кейде ақын-жыраулардың өлеңдерін басшылыққа ала отырып, ақынның табиғи құбылыстарды қалай жырлағанын айта кету маңызды.
Физика мен әдебиетті байланыстыру қазіргі заманның жаңа технологияның алғашқы баспалдағы іспеттес. Жарықтың сыну заңы тақырыбын талдап көрейін, Галактика және Оптика деп аталған екі топты психологиялық тренинг арқылығарышқа сапар шегуге дайындау, жорықтың жол сілтеу картасымен таныстыру. Енді зымырандардың сапарға аттанар кезі туды. Зымырандарды көкке ұшырмастан бұрынбірнеше жұмбақтар қойылады. Бұл жұмбақтарды Жарықтың таралуы, Күн, Астрономияға қатысты тақырыптар өткенде қолдануға өте тиімді деп ойлаймын.
Керегенің басында кетпен жаулық,
Кет десемде кетпейді неткен жаулық.
(Күн сәулесі)
Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем.
(Аспан, жер)
Әдемі түнде мен жүрсем, жүреді бірге.
(Ай)
Әдебиет пен физиканы байланыстыруда жергілікті ақын Қазтай Халық ұлының өлеңдерінен де көруге болады. Мысалы, физиканың бір бөлімі Астрономия пәнін өткен кезде ақынның "Табиғат суреттері" деген жыр шумағы менің ойыма еріксіз оралады.
Табиғат неткен сұлу көрікті едің ,
Жаныма таңғажайып ерік бердің.
Шіркін-ай түн тым-тырыс, айлы аспанның
Көркіне көз тоқтатып көріп пе едің.
Кетті әне, ұясына күн қонақтап,
Келеді мына жақтан ай қалықтап.
Жұлдыз қоршап, ай жүзген көк аспанға ,
Қарашы көз тоқтатып бір анықтап.
Түн тымық, аспан ашық шөкім бұлт жоқ.
Көңілім көк әлемін тұр қызықтап.
Ай шашып нұр сәулесін айналаға ,
Дүниеге көрік берген осы бір шақ ...
Шығыстан шапақ атып, таң білініп
Арайлап иек қақты сұлу шапақ
Жарығы сүттен де ақ десек те айды,
Иә, қазақ халқы қой малына ерекше көңіл аударған. Қой малына қатысты мақалда аз емес. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас мақалдың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл мақал Паули принципіне сәйкес былай түсіндіріледі: Атом ішіндегі электронның күйін сипаттау үшін төрт кванттық санын (n, i, mi, s) қолдануға болатындығы жөнінде көптеп айтылып жүр. Мұндағы n-бас кванттық сан энергия деңгейлерін анықтайды, қосымша кванттық сан бір электронның орбиталық қозғалыс мөлщері моментін сипаттайды, магниттік кванттық сан mе - орбиталық қозғалыс моментінің магнит өрісі бағытына түсірілген проекциясын сипаттаса, спиндік магниттік кванттық сан s- электронның меншікті қозғалыс мөлшері моментін анықтайды.
1925 жылы В. Паули өзінің зерттеулерінің нәтижелерінен бір атомның ішінде осы төрт кванттық санның мәндері бірдей екі электрон болу мүмкін емес деді, яғни бір атомның ішінде екі электрон бір мезгілде бірдей күйде бола алмайды деп қорытындылады. Осы пікір Паули принципі деп аталды.
Ғылыми жұмысты жазу барысында көптеген қызықты деректерге жолықтым. Ұлы ғұламалар Абай, Шәкәрім, Ыбырай, Мұқағали шығармаларында да физикалық заңдылықтардың көптеп кездесетінін байқадым. Ғарышта Тоқтар сезген физикалық әсерлер, Домбыра физикасы, мақал-мәтелдердегі физикалық құбылыстар. Осылардың ішінде Шәкәрім туындыларын зерттеуді қолыма алдым.
3.2. Шәкәрім мұрасы Физикамен тоғысқанда
Қызарды, бір ағарды байдың қызы,
Бетке шықпай тұра ма жүрек ізі?
Іші ыстық, сыртқы дене суық тартып,
Салқын термен мөлдіреп тұрды жүзі
Бұл жерде ыстық, суық деген физикалық сипаттамалар - заттың күйін білдіреді [2,282 б]. Іші ыстық, сыртқы дене суық тартып, салқын термен мөлдіреп тұрды жүзі.-деген жолдарды алып қарасақ, жылу беріліс құбылысы немесе заттың тепе - теңдік күйіне жатқызуға болады. Өзара жанасқан денелердің физикалық параметрлері өзгеруі тудыратын процесс жылу беріліс деп аталады. Жылу беріліс аяқталғанда, денелердің макроскопиялық параметрлерінің өзгеруі де тоқтайды. Бұл күй жылулық тепе - теңдік деп аталады.
Еңілік - Кебек поэмасында:
Мұнан кейін азырақ заман өтті,
Салқын түсіп қар жауар мезгіл жетті.
Қарашаның алғашқы қары жауып,
Кебек батыр құс алып аңға кетті
- дейді [2,296 б]. Бұл жердегі ойды таза астрономиялық түсінікпен қарастыра аламыз. Өлең жолдарындағы: Мұнан кейін азырақ заман өтті, салқын түсіп қар жауар мезгіл жетті-делінген, Бұл жердің күнді айнала қозғалуына негізделген. Жаздың өтіп, қардың жауып, қыстың келуі де табиғат заңдылығына негізделеген.
Нартайлақ пен Айсұлу поэмасында:
Нартайлақ құр қолымен қылыш қақты,
Қызыл қан оң қолынан судай ақты.
Ұстатпай шыр айнала қашып жүріп,
Қылышпен тұла бойын шабақтапты.
Жүзі өткір, қылышының ұшы қайқы,
Әр жерін жаралапты ұйқыш - айқыш.
Қайран ер белдесе алмай қанға батты,
Қарусыз қапияда келген байғұс
- деген өлең жолдары кезігеді [2,320 б].Бұл жерде біз қан да су сияқты сұйық заттар қатарына жататынын білеміз. Жүзі өткір, қылышының ұшы қайқы, әр жерін жаралапты ұйқыш - айқыш-өлең жолдарындағы жүзі өткір дейді, мұнда біз қылыштың жүзінің жіңішке екенін білеміз. Сондықтан жүзі өткір қылыштың ұшы адамның денесіне тиетін болса оны жаралап өтетіні хақ.
Себебі неде? - деген орынды сұрақ тууы мүмкін. Оның себебі мынада, адамның денесі қылышпен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz