Оқушылардың атқарған қызметі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

«Павлодар қаласы №6 жалпы орта білім беру мектебі» ММ

«ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАУЛУ»

Дайындаған: Ж. С. Матайбаева

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы, 2022 жыл

Түсінік хат

Ғылыми зерттеу - ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір обьект жөнінде жаңа білім қалыптастыруымен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген обьектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі- ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабымен қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.

Балалардың дарындылығын дамытудағы бұл құралдың мәні, ең алдымен, зерттеушілік ізденістің жаратытылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік-бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. «Зерттеу» түсінігі «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі.

Шығармашылық-зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті.

Зерттеу - дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру зерттеуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу мектеп жасынан басталуы тиіс. Өйткені оқушының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығын әрқайсымыз білеміз.

Ендеше, мектепте оқушыны ғылыми -зерттеу жұмысына, ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.

Мазмұны:
Мазмұны::

І. Кіріспе . . .

9-11
Мазмұны::

1. 1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық негіздері . . .

12-14
Мазмұны:: ІІ. Негізгі бөлім . . .
15
Мазмұны:: 2. 1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазудың тәжірбиелік кезеңдері . . .
15-17
Мазмұны:: 2. 2. Ғылыми - зерттеу жұмысының бастауы . . .
18-19
Мазмұны:: 2. 3. Зерттеудің әдіс - тәсілдері, оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын жасаудың тиімді жолдары . . .
19-26
Мазмұны:: 2. 4. Оқушыларды ғылыми - зерттеу жұмысына баулу . . .
26-38
Мазмұны:: ІІІ. Қорытынды . . .
39
Мазмұны:: ІV. Пайдаланған әдебиеттер . . .
40

Автор туралы мәлімет:


Т. А. Ә. Матайбаева Жадыра Серикбековна

Білімі: жоғары


Оқу орнының атауы (толық), оны аяқтаған жылы: Павлодар университеті, 2005 жылы


Диплом бойынша мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті

Ғылыми дәрежесі: Педагогика ғылымдарының магистрі


Жұмыс орны: Павлодар қаласы 6 ЖОМ


Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Педагогикалық өтілі: 6 жыл

Аталған лауазымдағы жұмыс өтілі: 6 жыл


Біліктілігі: педагог-сарапшы

Марапаттары (Білім беру бөлімі) .

Автор туралы мәлімет:: Тақырыбы
Т. А. Ә.Матайбаева Жадыра СерикбековнаБілімі:жоғарыОқу орнының атауы (толық), оны аяқтаған жылы:Павлодар университеті, 2005 жылыДиплом бойынша мамандығы:Қазақ тілі мен әдебиетіҒылыми дәрежесі:Педагогика ғылымдарының магистріЖұмыс орны:Павлодар қаласы 6 ЖОМЛауазымы:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміПедагогикалық өтілі:6 жылАталған лауазымдағы жұмыс өтілі:6 жылБіліктілігі:педагог-сарапшыМарапаттары (Білім беру бөлімі) .: Оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу
Автор туралы мәлімет:: тәжірибенің өзектілігі мен болашақтылығы
Т. А. Ә.Матайбаева Жадыра СерикбековнаБілімі:жоғарыОқу орнының атауы (толық), оны аяқтаған жылы:Павлодар университеті, 2005 жылыДиплом бойынша мамандығы:Қазақ тілі мен әдебиетіҒылыми дәрежесі:Педагогика ғылымдарының магистріЖұмыс орны:Павлодар қаласы 6 ЖОМЛауазымы:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміПедагогикалық өтілі:6 жылАталған лауазымдағы жұмыс өтілі:6 жылБіліктілігі:педагог-сарапшыМарапаттары (Білім беру бөлімі) .:

1. Оқушы ғылыми жұмысты белгілі бір пән мазмұны бойынша орындай отырып, пән бойынша білімі мен біліктері дамыды.

2. Ғылыми жұмыстар оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарының қатарына кіріп, теориялық білімі мен танымдық біліктерін дамытуына көмек көрсетті.

3. Алынған нәтижелерді талдауға және қорытындыны тұжырымдауға тікелей де, жанама түрде де басшылық жасайды.

4. Оқушылардың зерттеушілік жүрізу біліктілігі артқан сайын, мұғалім жанама басшылықта бақылайды, оқушылардың дербестігі мен пәнге ынтасы арта түседі. Бұл оқушыларда зерттеушілік қызыметтің қалыптасуына, дамуына ықпал етеді.

Сонымен, оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстары - олардың іздемпаздығын қалыптастырудың маңызды жолдарының бірі, оқушы тұлғасын жан-жақты жетілдіріп танымдық біліктерін қалыптастырудың міндетті шарты және құралы болып табылады.

Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әрі оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі -ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске бейімделе талпынады.

Автор туралы мәлімет:: жетекші педагогикалық бастама
Т. А. Ә.Матайбаева Жадыра СерикбековнаБілімі:жоғарыОқу орнының атауы (толық), оны аяқтаған жылы:Павлодар университеті, 2005 жылыДиплом бойынша мамандығы:Қазақ тілі мен әдебиетіҒылыми дәрежесі:Педагогика ғылымдарының магистріЖұмыс орны:Павлодар қаласы 6 ЖОМЛауазымы:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміПедагогикалық өтілі:6 жылАталған лауазымдағы жұмыс өтілі:6 жылБіліктілігі:педагог-сарапшыМарапаттары (Білім беру бөлімі) .: Білім алушылардың зерттеу қызметі-оқушылардың шығармашылық, зерттеу міндеттерін шешуімен және алдын-ала белгісіз шешімімен байланысты (табиғаттың белгілі бір заңдылықтарын бейнелеуге қызмет ететін тәжірбиеден айырмашылығы) және негізгі кезеңдердің болуын ұсынатын білім алушылардың қызметі, ғылымда қабылданған дәстүрлер негізінде нормаланған ғылыми салада зерттеуге тән негізгі кезеңдердің болуын ұсынады: проблеманы қою, осы мәселеге арналған теорияны зерттеу, зерттеу әдістерін таңдау және оларды практикалық игеру, өз материалын жинау, оны талдау және жалпылау, ғылыми түсініктеме, өз қорытындылары. Кез-келген зерттеу, ғылымдардың қай саласында жүргізілетіні маңызды емес, ұқсас құрылымға ие. Мұндай тізбек зерттеу қызметінің ажырамас бөлігі, оны жүргізу нормасы болып табылады.
Автор туралы мәлімет:: мекенжайлық бағыттылығы, пайда болу шарты мен тәжірибенің құрылуы
Т. А. Ә.Матайбаева Жадыра СерикбековнаБілімі:жоғарыОқу орнының атауы (толық), оны аяқтаған жылы:Павлодар университеті, 2005 жылыДиплом бойынша мамандығы:Қазақ тілі мен әдебиетіҒылыми дәрежесі:Педагогика ғылымдарының магистріЖұмыс орны:Павлодар қаласы 6 ЖОМЛауазымы:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміПедагогикалық өтілі:6 жылАталған лауазымдағы жұмыс өтілі:6 жылБіліктілігі:педагог-сарапшыМарапаттары (Білім беру бөлімі) .: Бұл тәжірибені жалпы орта білім беру мектептерде жұмыс істейтін ұстаздарға және жаңа бастаушы жас ұстаздарға ұсынамын, себебі осы тәжірибе жас мамандарға өте қажет деп ойлаймын. Қазіргі мұғалімдерге қойылған талаптарға сай, оқушылардың зертеушілік қабілеттерін қалыптастыру, дамыту болып табылады. Баланың бiлуге құштарлығын қолдау және дамыту бiлiм берудегi маңызды мәселелелердiң бiрi, ал оның шешу жолдары - оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Зерттеулiк оқыту әдiстемесi оқушының танымдық әрекеттегi субьектiлiқ позициясын ұстануына мүмкiндiк бередi. Зерттеулiк оқыту әдiстемесi оқушының танымдық әрекеттегi субьектiлiк позициясын ұстануына мүмкiндiк бередi. Бұл есiн, түйсiгiн iске қосу емес, ойлану механизмiн қалыптастыру. Яғни саналы ойлау арқылы танымдық-психикалық процесiн дамытады. Зерттеулiк оқыту оқушының эмпирикалық және теориялық танымының бiрiктiрiлуiмен меңгерiледi. Кез- келген зерттеуде проблеманы анықтау, конструктивтi сұрақтар қою, бақылау жүргiзу, мәтiндермен жұмыс жасау арқылы ақпараттар жинақтау, оны саралау, талдау және тұжырым жасау әрекеттерi кiрiктiрiледi. Бұл зерттеулiк оқытудың жан-жақтылығын, әмбебап болмысын дәлелдейдi. Сол себептен зерттеу бiлiктерi мен дағдыларын меңгерген қазiргi мектеп түлегiнiң, келешекте әр түрлi әлеуметтiк - саяси жағдаяттарда икемдiлiкпен бейiмделетiндiгiне, өз көзқарасын өңдей алатындығына көз жеткiзуге болады.
Автор туралы мәлімет:: Аталған тәжірибенің жаңашылдығы
Т. А. Ә.Матайбаева Жадыра СерикбековнаБілімі:жоғарыОқу орнының атауы (толық), оны аяқтаған жылы:Павлодар университеті, 2005 жылыДиплом бойынша мамандығы:Қазақ тілі мен әдебиетіҒылыми дәрежесі:Педагогика ғылымдарының магистріЖұмыс орны:Павлодар қаласы 6 ЖОМЛауазымы:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміПедагогикалық өтілі:6 жылАталған лауазымдағы жұмыс өтілі:6 жылБіліктілігі:педагог-сарапшыМарапаттары (Білім беру бөлімі) .: Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеудің ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға жоғарыда көрсетілген талап-міндеттер шешілген. Тәжірибенің пайда болу және тұрақтандыру шарттары: бүгінгі жаһандану барысында қоғамның мектепке әлеуметтік сұранысы білім беру үрдісінің мақсаты мен міндетін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Қоғамдағы адамдар кез-келген жағдайға дайын, өзіндік пікірі қалыптасқан проблемалық әрекеттен жол таба білетін тұлға болуы қажет. Осы тұрғыда білім берудегі негізгі мақсат әрбір оқушыға өзіндік қабілетіне қарай оқыта білу мен жеке-дара көмек көрсету болып табылады
Автор туралы мәлімет:: Қолдану технологиясы
Т. А. Ә.Матайбаева Жадыра СерикбековнаБілімі:жоғарыОқу орнының атауы (толық), оны аяқтаған жылы:Павлодар университеті, 2005 жылыДиплом бойынша мамандығы:Қазақ тілі мен әдебиетіҒылыми дәрежесі:Педагогика ғылымдарының магистріЖұмыс орны:Павлодар қаласы 6 ЖОМЛауазымы:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміПедагогикалық өтілі:6 жылАталған лауазымдағы жұмыс өтілі:6 жылБіліктілігі:педагог-сарапшыМарапаттары (Білім беру бөлімі) .:

Зерттеушілік - еркін, белгілі бір сыртқы жағдайлармен шектеусіз жүргізілуі тиіс. Зерттеу жұмысының барлық кезеңдеріндегі негізгі күтілетін нәтиже:

  • баланың жаңадан алған білімін шығармашылықпен игеру қабілеті;
  • алынған материалды өңдеу және зерттеушілік әдебінің дағдыларын дамыту.
Автор туралы мәлімет:: Енгізу және қолдану еңбегі
Т. А. Ә.Матайбаева Жадыра СерикбековнаБілімі:жоғарыОқу орнының атауы (толық), оны аяқтаған жылы:Павлодар университеті, 2005 жылыДиплом бойынша мамандығы:Қазақ тілі мен әдебиетіҒылыми дәрежесі:Педагогика ғылымдарының магистріЖұмыс орны:Павлодар қаласы 6 ЖОМЛауазымы:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміПедагогикалық өтілі:6 жылАталған лауазымдағы жұмыс өтілі:6 жылБіліктілігі:педагог-сарапшыМарапаттары (Білім беру бөлімі) .: Жас жеткiншек байқау жүргiзу немесе тәжiрибелеу нәтижесiнде алынған деректерi, болжамдары, топтастыру схемалары, тiптi айқындалған заңдары - ғылым материалдары екендiгiн жете түсiну керек. Бұларды ғылым ретiнде ұйымдастыратын-теория. Ендеше мектеп қабырғасында зерттеумен айналысқан бала жаңа ақпараттар жинақтау арқылы ғылымға алғашқы қадамын жасайды.
Автор туралы мәлімет:: Нәтижелілігі
Т. А. Ә.Матайбаева Жадыра СерикбековнаБілімі:жоғарыОқу орнының атауы (толық), оны аяқтаған жылы:Павлодар университеті, 2005 жылыДиплом бойынша мамандығы:Қазақ тілі мен әдебиетіҒылыми дәрежесі:Педагогика ғылымдарының магистріЖұмыс орны:Павлодар қаласы 6 ЖОМЛауазымы:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміПедагогикалық өтілі:6 жылАталған лауазымдағы жұмыс өтілі:6 жылБіліктілігі:педагог-сарапшыМарапаттары (Білім беру бөлімі) .: Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеудің ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға жоғарыда көрсетілген талап-міндеттер шешілген. Тәжірибенің пайда болу және тұрақтандыру шарттары: бүгінгі жаһандану барысында қоғамның мектепке әлеуметтік сұранысы білім беру үрдісінің мақсаты мен міндетін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Қоғамдағы адамдар кез-келген жағдайға дайын, өзіндік пікірі қалыптасқан проблемалық әрекеттен жол таба білетін тұлға болуы қажет. Осы тұрғыда білім берудегі негізгі мақсат әрбір оқушыға өзіндік қабілетіне қарай оқыта білу мен жеке-дара көмек көрсету болып табылады

Зерттеу болжамы: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын қамтамасыз етсек, онда оқушыларының шығармашылық қабілеттері арта отырып, оқытудың сапасын көтеріп, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені бүгінгі қоғамға өте білімді және бәсекеге қабілетті жас буынды оқытып, тәрбиелеуіміз керек.

Тәжірибенің теориялық базасы :

Тіл туралы заң, «Қазақстан-2030» стратегиясы, бүгінгі білім мен тәрбие берудің өзекті мәселелері, озық технологиялық тәжірибелер негіз болып, педагогикалық, психологиялық, ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалынды.

Жетекші педагогикалық идея :

-Жаңа бағдарлама бойынша оқушылардың ойлауын, мәдениетін қалыптастыруға еркiн әрi шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;

-Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағыттау;

-оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

-оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

-оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

- жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасау;

-оқушылар меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасауға үйрету;

- Заманауи технологиялармен жұмыс жасай отырып, оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу.

Кіріспе

« Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік

туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»

Питер Клайн

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі: Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту», - [1] деп атап көрсетілген.

Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі.

Мектепте оқушыны ізденіс жұмысына қатыстыра отырып, ғылыми мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттін ашуларына көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі - оқушылардың ғылыми-зерттеуге баулу.

Оқушыларға ғылыми-зерттеумен айналысудың тиімділігі ол: оқушы үнемі ізденісте жүреді. Бұл мәселеде ұтатынымыз, оқушының өзіне қызықты мәліметтерді кіапханалармен байланыс жасай отырып алатындығы. Себебі қазіргі таңдағы басты проблемалардың бірі ол баланың кітаптар оқымауы тек интернет желісінде торлылуы болып отыр.

Білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде. Дарынды балаларды тану - нақтылы бір баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы сынақтан өткізу) . Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.
Зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.

Осы мектепте басталған жұмыс тәжірбиемнің алғашқы күнінен, мен оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баули бастадым. Өзім қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі болғандықтан, біздің орыс мектебінде оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттыруға, сонымен қоса ғылыми - зерттеу жобасын тек қазақ тілінде қорғауға оқушыларымды үйретуге, қазақ мәдениетіне деген құрмет сезімін қалыптастыруға тырыстым.

Педагогикалық жұмыс істеген алғашқы жылдарымнан оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетелеу арқылы өздерінің қабілеттін ашуларына көмектестім. Оқушылардың ғылыми-зерттеуге баулу арқылы тиімді нәтижелерге қол жеткіздім. Осы тәжірибемен бөлісуге қатысарда төменде берілген тақырыпты таңдадым. Өз алдыма мақсаты мен міндеттерді қойдым.

Өз тәжірибесімен бөлісу жұмысының тақырыбы:

Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу

Тәжірибе идеясы: Оқушыларды ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға бейімдеудің өзіміздің тәжірибелік жолдармен таныстыру, көпшілік назарына ұсыну, жас мамандарға көмек көрсету.

Өзіндік білім көтерудің мақсаттары мен міндеттері:

Негізгі мақсаты - оқушылардың дүниетанымын кеңейту, зерттеушілік қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіру тәсілдерін қолдануының тәжірибелік маңыздылығын көрсету;

Міндеттері:

  • Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеуі жөнінде ғылыми әдебиеттерді талдау.
  • Арнайы бағдарға оқыту тәсілінің негізінде зерттеуші балалар мен оқушыларға тәжірибелік көмек көрсету жолдарын білдіру
  • Әр оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі -ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру
  • жаңа ғылыми ізденіске бейімделе талпыну
  • оқушылардың ғылымға деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға түрткі жасау;
  • оқушылардың ой-өрісі мен рухани жан дүниесінің дамуына ықпал ету,
  • мектеп оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға үйреніп, зерттеулер жүргізуге бейімделуі;
  • Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру;
  • Әр оқушыға тұлға ретінде қарау
  • Білім мен тәрбие беру;
  • Ғылымға құштарлығын арттыру
  • Дифференциалданған және жекелей тапсырмалар беру;
  • Оқушы мен педагогтың ынтымақтастығын жүзеге асыру;
  • Танып-білу, талдау-жинақтау, салыстыру, бастысын бөліп шығару, өмірде қолдану әдістерін меңгеруі;
  • Өзіндік білім көтерудің бағыттары:
  • Оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену.
  • Баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау
  • Педагогика ғылымының жетістіктерін, озат тәжірибені оқып-үйрену.

Өздігінен білім алу көздері:

  • әдебиеттерді зерттеу, бақылау,
  • оқушылар жұмыстарын талдау, әңгімелесу
  • семинарлар мен конференциялар
  • шебер сынып
  • іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар
  • біліктілікті жетілдіру курсы
  • экскурсиялар, театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар

әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем)

Зерттеу мақсаты

Әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай дарындылығын әр түрлі әдістермен айқындау және дамыту, оның ішінде ғылыми іздеу қызметімен ұштастыру.

1. 1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық негіздері

Бүгінгі білім беру үрдісінің жалпы орта білім беру мазмұнының мақсаты- өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Өзіндік көзқарасты қалыптастыруда дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу. Зерттеу жұмыстарының негiзi - өзгерту, қосу мақсатымен қоршаған ортаға деген белсендi көзқарас, білімқұмарлық. Бұл ғылыми зерттеуге де қатысты, дегенмен ғылыми зерттеуге тән ерекшелiктер бар. Ғылыми зерттеу - бағытталған танымдық жұмыс. Ғылыми зерттеу нәтижелерi - ұғымдар жүйелері, заңдар. Кез келген ғылыми жоба адамның жаңа бірдеңені білгісі келуінен басталады.
Зерттеуші оқушының әрекетін мынадай кезеңдерге бөлу керек:

  1. зерттеу мақсатын анықтау;
  2. қажетті мәліметтерді жинау;
  3. басты бағытты айқындау;
  4. зерттеу объектісінің үлгісін жасау;
  5. зерттеу әдiстемесiн жасау;
  6. зерттеу жұмыстарын өткiзу;
  7. алған нәтижелерді сипаттап түсiндiру;
  8. алған бiлiмдердi қолдану туралы ұсыныс жасау;
  9. өз зерттеуiнiң нәтижелерiн жұрт алдында қорғау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ саяси партиясы
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
Портфолио және оны даярлау жолдары
Алтынсарин қызметінің маңызы
ИОГҚ мұражайының басшылары
Бастауыш мектепте сынып сағаттарын өткізу ерекшеліктері
Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына
Мектеп психологының іс-қағаздары жүргізуі
Қиын жасөспірімдерді жеке қайта тәрбиелеу ісінде ұжымға жүктелетін міндеттер
Эстетикалық тәрбие мен халықтық педагогика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz