Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның өмірбаяны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облысы

10 сынып

Тақырыбы: Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынова поэзиясындағы табиғат бейнесі

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары .

Секция ІV: ағылшын


Ғылыми жетекші: Ә.Бердиллаева \ I санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі\

10 сынып оқушысы: Бірханым Әділжанқызы \№86 А.Әділов атындағы орта мектеп\

2022-2023 оқу жылы

Аннотация

Зерттеу мақсаты: Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның поэзиясындағы табиғат бейнесіне аналитикалық талдау арқылы, көркемдік әлемін ашу және олардың ақындық шығармаларының негізінде психологиялық портретін жасау.
Гипотеза:Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың өлең құрастырудағы тәсілдерін,олардыңшығармашылықтарын ың сыртқы фактормен байланысын,
екі ақынның поэзиясындағы ізденіс,ұқсастығын көрсету.
Зерттеу кезеңдері:Тақырыптың өзектілігін анықтау,жетекшімен бірлесіп жоспарлы іздену.Аталмыш тақырыпқа қатысты әдебиеттер,дерек,дәйектер жинап,оларды жүйелеу.Аудандық,мектепшілік кітапханалардың,электрондық оқулық,интернет жүйелерінен Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсон туралы мәліметтерін жинақтап,жоба мәтінін толықтыру.
Эксперименттік әдіс:Қазіргі кездегі ақпараттық технологияға негізделген жүйемен интернет желісінен зерттеуге алып отырған екі ақын туралы мәліметтер алып,олардың өлеңдерін талдау жинақтау,салыстыру,жүйелеу арқылы жоба мәтінін құрастырдым..
Зерттеу жаңалығы:Табиғаттынысан еткен лирикалық өлеңдеріндегі бейнелеудің өзіндік үнімен суреткерлік қолтаңбасы бар екенін дәлелдеу, талдаулармен нақтылап, жаңаша тұжырымдар жасау.Екі ақынның табиғатты бейнелеудегі лирикалық өлеңдері оқырман жүрегімен ұғымына сай келетін,ұтымды жолдардың бірі екенін көрсету деп айқындап алдым.
Жұмыс нәтижесі:Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынова табиғатты бейнелеуде дәстүрлі суреттеулерді жаңаша тұрғыда жаңғыртып,тың бейнелеулер мен жаңа сипат беруімен өзгертті,ауыстыру, айқындау мен теңеу сияқты бейнелеу құралдары арқылы адам болмысының көңіл күйін, сезімдерін танытты,оқырман қауымға суреткерлік ғұмырдың болмысын танытатын олардың туындылары құнды дүниелер болып табылады,
екі ақынның да сөз еркіндігі мен ой бостандығын,ақиқат пен шындық негізінде жазылған өлеңдерін оқырман жақсы қабылдайды.
Қорытындылаудың практикада қолданылуы:Бұл зерттеу жұмысының нәтижелерін поэзияға қатысты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенде,ағылшын тілі мен қазақ әдебиет сабақтарын, поэзияға байланысты арнаулыкурстар мен семинар сабақтарын оқытқанда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Жоспары:
1. Кіріспе бөлімі
2. Негізгі бөлімі:
2.1. Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның өмірбаяны.
2.2. Эмили мен Фаризаның поэзиясындағы үндестік.
2.3.Фариза мен Эмилидің Табиғат тақырыбына арналған өлеңдеріне талдау.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Поэзия әдебиеттану саласында өз алдына бір жүйе болғандықтан, оны адамзаттың көркемдік ойлау дүниетанымының бір көрсеткіші ретінде қабылдап келеміз, себебі ақынның сөз еркіндігі мен ой бостандығын, ақиқат пен шыңдық негізінде жазылған өлеңдерінхалық жақсы қабылдайды. Бүгінгі таңда ұзақ уақыт бойы әдебиеттану көлеңкесінде қалып жүрген ақын-әйелдер шығармашылығына көптеп назар аударылуда.Әлемдік поэзияға өзіндік үнімен, суреткерлік қолтаңбасымен, оған формалық ізденісімен жаңа сипаттар әкелген екі ғасырдың, екі жат елдің әйел-ақындары қазақ халқының ақын қызыФариза Оңғарсынова мен американдық Эмили Диккенсонның үлестері зор. Екі ақынның да туған жердің табиғи сипатымен тұтас өрілген көңіл тебіреністері - поэзиядағы адам тағдырының көркем шындықпен өрнектелуі оқырманға өз әсерін қалдырмай қоймайды.Олардың мұрасы, өлең үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ ұрпақтың да еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазынасы.Осы екі бір-бірін танымайтын, біріХІХ ғасырдың, екіншісі ХХ ғасырдың қыз-ақындарының көтерген тақырыбы, пайдаланған әдісі, айтар идеялары мен ойлары мені қызықтырғандықтан салыстыруға тырыстым. Оқырман қауымға суреткерлік ғұмырдың болмысын танытатын олардың туындылары әдебиет ғылымы үшін ғана емес, жалпы адамзаттық мәселелерді қозғаумен де құнды дүниелер болып табылады деп ойлаймын. Және бұл тақырыптың өзектілігі оның зерттелмегендігіне байланысты. Нақтырақ айтсақ, бұл тақырыптың өзектілігіЭмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың шығармашылықтарындағы табиғатты бейнелеудегі көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, талдаулар жасау сияқты жұмыстарының мәнін ашып көрсету болмақ. Фариза мен Эмилидің дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі - табиғат лирикасы. Лирика деген сөзге белгілі ғалым, академик З. Ахметов төмендегідей өз анықтамасын берген:Лирика дегеніміз - көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.Алтабиғат-ол адам баласының өмір сүретін ортасы,сондықтан оны әлем классик ақындарының бәрі де жырлаған.Екі ақынның да көптеген өлеңдері табиғаттың жыл мезгілдеріне, әсіресе, жаз, көктем, күзге арналған, себебі осы жыл мезгілдері - тірі деген категорияга жатса, қыста бәрі қатады да, жаңарып қайта ояну үшін дем алады.Ғылымижобаның мақсаты-Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың поэзиясындағы табиғат бейнесіне аналитикалық талдау арқылы,көркемдік ізденістердің табиғатын ашу және олардың ақындық шығармаларының негізінде психологиялық портретін жасау.Осы мақсатыма жету үшін келесі міндеттерді тізіп алдым:Қажетті әдебиетті оқу,Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның өмірбаянын оқу,салыстыру,ақын-әйелдердің шығармашылық жұмыстарын сараптау, салыстыру, талдау,ақын өлеңдеріндегі адам әлемі мен табиғатын зерттеу,жиналған мәліметтерді жүйелеу,қорыту;қорытынды жасау.Олардың табиғатты бейнелеудегі лирикалық өлеңдері оқырман жүрегі мен ұғымына сай келетін ұтымды жолдардың бірі екенін көрсетудеп айқындам.

Негізгі бөлім
2.1. Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның өмірбаяны.
Әлемдік поэзияға өзіндік үнімен, суреткерлік қолтаңбасымен, ізденісімен жаңа сипаттар әкелген екі ғасырдың, екі жат елдің әйел-ақындары қазақ халқының ақын қызы Фариза Оңғарсынова мен американдық Эмили Диккенсонның өмірбаяны мен шығармашылықтарындағы үндестігі мені қызықтырғандықтан бұл тақырып бойынша ізденіп, өзіндік үлесімді қосуыма негіз болды.Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 25-ші желтоқсанында Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген.Ақын Фариза апамыз 2014 жылдың 23-ші қаңтарында дүниеден озды.Нарын құмының арасында, асып-тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық-жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық Коммунистік еңбек газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968-1970 жж. республикалық Лениншіл жас газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған. 1970-1978 жж. республикалықҚазақстанпионері газетінің бас редакторы,1978ж. желтоқсаннан Пионер журналының бас редакторы. Алғашқыөлеңдерібаспасөзбеттерінде 1958 жылданбастапшыққан. Әржылдары 20-дан астамөлеңжинақтары, очерктері, таңдамалышығармалары жарық көрген. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді. Ал американдық ақын қыз Эмили Дикенсон 1830 жылдың 10-шы желтоқсанында Массачусетс штатында,Амхерст қаласында дүние келген. 1886 жылы мамыр айында дүниеден озған.Эмилидің ата-анасы және сіңілісі мен ағасы болған.Әкесі адвокат болып жұмыс істеді. Эмилидің анасы қатал әйел болған.Қыздарымен көп ашылып сырласпаған. Эмили үшін ең жақын адамдары ағасы Остин сіңлісі Лавинияболды.1847-1848 жылдары аралығында қыздарға арналған колледжінде оқыды. Эмили діни-пуритандық дәстүрде тәрбиеленген.Ол барлық өз өмірін әкесінің үйінде өткізді. Ол өзіне берілген ғұмырды осы жерден ешқайда шықпай, тыныш өткізген. Бірде оған әкесі Эмили Ральфа Вальдо дастанының кітабын сыйлады. Сол кітап Эмилидіңақындық қырын ашуға итермеледі. Сол дастанды оқуының ықпалының арқасында да Эмилиде өлең жазу жолға қойды. ӘкесіВашингтонда Конгрессте жұмыс істеді.Әкесі Эмилиді Вашинтонға шақырды.Эмили осы сапарында УильямУордсвортоммен кездесті. Олар өте жақын достасып кетті.Эмили ұзақ уақыт оныменхат жазысты, өзінің сезімдері туралы аңғартты.Өлең жолдарын қағаз бетіне парақтап түсірді.Өкінішке,орай бұл ұлы сезім,ұлы махаббат жауапсыз болды.Себебі Уильям үйленген жігіт болатын.Эмили өлеңдерінің үлкен бөлігін азаматтық соғыстың солтүстіктің және оңтүстіктің арасында жазып жүрді . Кейін Эмили екі жылдайөлеңдер жазбады.Себебі оның көздері ауырды.Кембридже ол ұзақ емделу курсынан өтті. Ақын, тіпті сол жылдары ешкіммен хабарласып, сөйлеспеді.Кейде жақын туыстарымен,достарымен хат алысып тұрды. Өзінің өлеңдерін ол қағаз бетіне түсіріп,нөмірлеп тығып қойып жүрді.1874 жылы Эмилидің сүйікті әкесі дүниеден озды.Әкесінің өлімінен кейін Эмили Дикенсон тіпті үйден шықпай қойды.Эмили жұмбақ бір адамға айналды. Оның сіңілісі Лавиния Эмилидің тыныштығын бақты.Отбасы мұқтажсыз өмір сүрді.1882 жылы Эмилидің анасы дүниеден озды.Артынан екі жылдан кейін сүйікті ағасы Отис дүниеден озды.Бұл отбасылық қайғы Эмилиге өте ауыр соққы болды.1886 жылдың мамыр айында Эмили Дикенсон өмірден озды.Ақын өзінің өлер алдында сіңілісі Лавиниядан өзінің жазған өлеңдерін өртеп жіберуін өтінді.Бірақ оған сіңілісі келіспеді.1890жылы Эмили Дикенсонның алғашқы жинағы шығып Эмили Америка елінің ең ұлы ақындарының бірі деп есептелді.Екі ақын апамыздың өмірлері әр-түрлі уақыт белдеулерінде және әр-түрлі континентерде өтсе де, Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсон - екеуі де ұлы ақын-қыздар. Ақын-қыздар деп отырғаным екеуі де өздерінің отбасыларын құрмаған, екеуінің де досы да, мұңдасы да, сенері де поэзия болды. Фариза мен Эмилидің туған күндерінің желтоқсан айында дүниеге келгендері тегін болмаса керек, себебі екеуіде батыл, еркін ойлы, жүрекпен жаза білген ақындар қатарында.Эмили Дикенсон - 19 ғасырдың бөлінбес бір бөлшегі болып, Мәңгілік Леди аталса, Фариза Оңғарсынова - 20 ғасырдың Поэзия падишасы атанды.
.Эмили мен Фаризаның поэзиясындағы үндестік:
Сөз өнерінің құдіретті де қасиетті бір саласы - поэзия. Поэзия ақынның қоғамдық құбылыстардың барлығын санасында қайтадан қорытып, көркемдік қарым-қабілетпен қайта туындатқан, адамзатқа алуан түрлі әлемнің сырын түсіндіргісі келген жүрек сыры мен жан мұңы . Поэзия сұлулық пен ақиқат, жақсылық пен парасат, жарасым гармонияны мұрат тұтқан бір тұтас рух майданы. Екі ақын апамызда өзінің жүрегінде орын алған санасының қалтарысына қатпарланған танымдық әлемі өлең өнеріне өз өрнектерін қалдырады.Поэзия әлемінен өзінің әсем де әсерлі жырларымен көрінген ақын апаларымыз - Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсон.Екі ақынның поэзиясында азаматтық-отаншылдық әлем әдебиетінің классикалық үлгілері қатарында бағаланатын көрнекті ақындардың барлығында да халқының, өзінің әулеті, өсіп-өнген, кіндік қаны тамған туған жер топырағы, шындық,қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты,сарынды лирикасы басым жырланған.Олардың табиғат тақырыбындағы жырлары туған жер көрінісін, тәулік, жыл мезгілдерін, табиғат сұлулығын, теңізі мен бұлағын т.б. суреттеуге арналған. Дала адамы мен табиғатты тұтастыра,кең көзбен қарап суреттеген ақындар жырлары ақындық қуатты да, сезімталдықты да, көңіл күйінің әр қилы жағдайларын да солардан алды. Адам бойындағы рухты да табиғат арқылы толысытты. Ақын-апаларымыз өздерін сол табиғатпен егіз сезінді. Сондықтан олар ашық күнге қуанды, жаңбырлы аспанға қарап қамықты, көктемде шалқыды, дауылға қарап бұлқынды. Ақындардың сезімінің күрделі болатыны да осыдан. Табиғаттың құпия сырлары олардың жанына кейде өздері де түсініп болмайтын ғажайып сезім дарытты. Мұны Фариза апамыздың жырларын оқи отырып қана түсіне аламыз. Асау толқын[1]өлеңінде былай, деп жырлайды:
Келеді бір күш соңымнан:өктемдерге бас ұрмай,
екпінін көрсең-дауылды түнгі дариялардағы тасқындай,
Жүреді ол дос қып,адалдық көрсе бойынан,
Ешбір пенде жатсынбай,
Қиянаттардан қиналғандарды басқа ұрмай.
Қояды ол сосын өзімшіл менмен жандардың
аузын әдеп аштырмай.
Кеше ғана Кеудесіне жиналған запыранды жағаға лақтырған тентек теңіздің мінезі бүгін өзгеріп, теңіздің бұйығып жатқан күйін көресіз. Кешегі ағынды, жырлы ақынның бүгін қымызы сарқылған торсықтай, дабылы, кегі бітіп қалғанын ұғасыз. Бірақ теңіздің қайтуы тартылуы емес, асау толқын тағы да арпалысқа шығады, ақын жаны да бұрқанысты сырымен әсем, көркемдікке ие болады.Қоңыраулатып көктемдер келді маған[2]
Қоңыраулатып көктемдер келді маған:
айналғандай бақтарға желді далам.
Бұл күйімді кешті ме, кешірер ме
осы күнгі, бұрынғы, ендігі адам? !
Нұрланады сайда да,белде де арай,
Жерде мекен барма екен кең даладай?!
Қанат қылып жанымның қуанышын,
Ұшып келем аяғым жер жанамай.
Ән шырқағым келеді бар ғаламға
Шаттығымды сездірер үнімменен.-деген жолдардың өзі көктемнің нұрға бөленген әдемі күйін елестетеді. Қанат қылып жанымның қуанышын, ұшып келем аяғым жер жанамай ән шырқағым келеді бар ғаламға шаттығымды сездірер үнімменен дейді тағы да оның шат көңілі.
Отау - айдын, жасауым - жасыл кемем,[3]
Ойнайды айдын көгінде жасыл жебең.
Думандатқан жерлерде отырамын,
Көзде - мұң, басымда - өлең.
Көп адамға көктем де, қыс та арайлы,
Ал мен үшін алтын да - мыс талайғы.
Жай құбылыс секілді құшсам Айды,
Бақытым да, әйтеуір, басқалардың
Бағына ұқсамайды.
Елтімеймін дауылсыз таң ғұмырға,
Түк еместей шыңың да, шалғының да,
Жүрек емес, жүрегім - антеннадай
Қабылдайтын әлемнің ән, мұңын да.
Ем іздеуім бекер-ақ, бұл болмысым
Қанымда, тағдырымда!
Осы бір өлеңінде Фаризаның бүкіл ақындық болмысы жатыр. Ең алдымен бұдан біз ақындық тағдырдың ғажап қиын тіршілігін, оны мойнына алған таланттың азапты жолын көреміз. Ол өз басының қызығын күйттемейді, әлемнің мұңы мен әніне құлақ тосады, ақын тілімен айтқанда, оның жүрегі антеннадай дүниенің әр бұрышындағы қуаныш-қайғыны қабылдайды. Думанды ортада көзіне мұң, басына өлең оралып, оңаша ой кешеді. Тыныш ұйықтап, Айды құшса қуанып, алтын көрсе көңілі көтерілетін сезім оған жат. Осының бәрін өз тағдырым деп түсінеді, басқаның бақытына ұқсамайтын өз бақытын мақтан тұтады. Өлеңдегі ой сезіммен өріліп, тұтас суретке айналып, ақын тағдырын жарқын бейнелейді. Фариза - өмір қайшылықтарының заңдылығын, жақсылық пен жамандықтың алмасу шындығын жақсы түсінген ақын. Сондықтан оның өлеңдері осы қайшылықты тіршіліктен әрдайым ілгері, озық тұруға ұмтылысты бейнеледі. Алайда, болмыстан озу оңай іс емес. Ол күнге ғашық, бірақ жер оны тез шылбырымен арқандап қояды. Күн жайлаған қиырды ала алмай, жердің азапты өмірін кешеді, ондағы арсыз бен ептінің тіршілігін көреді. Көтеріле беріп ем, мен бәрібір - қара жерге қайтадан кеп құладым, деген түйіннің өзінде жер бетінде өмір сүрудің қиындығы мен заңдылығы көрінеді.Ал,ақынның Тағы да көктем келді[4]
Ұмытып жатыр жұмыр жер
Өктем мезгілдің қалдырған қаза-қайғысын,
Жас көңілменен тыңдайды дүние май құсын.
Пенделер салған әжімдер басып, мазасыз жатқан Жер-ана,
Көктемде не еткен жайлысың!
Қыз-көктем келіп,
Қызғалдақ қадап жүр белде.
Қатыгездер де көз салады екен гүлдерге.
Табиғат шіркін адамды бір сәт сергітіп алады екен-ау.
Тірліктен қажып қалжырап жүрген күндерде.
Бұл өлеңінде ақын табиғатқа деген керемет сезімін,тіршіліктен қажып,шаршап жүрген кездерде одан үлкен қуат,күш алатындығын жасырмайды.Сонымен қатар Фариза Оңғарсынова табиғатты тірі құбылысқа теңеп жазған мына бір өлең шумақтарын оқи отырып көз жеткіземіз.
Бас иіп қырдың жасыл қияқтары,[5]
Тұрғандай жаныңа әсем күй ақтарып
Көп-нәзік қырдың гүлі албырайды,
Алғашқы балғын сезім сияқтанып.
Күн шықты жанарыңнан нұр атылып,
Құм жатыр бұйра жонда шұбатылып.
Жарты -кеш ай барады жаутаң қағып,
Үйінен кеткен қыздай ұзатылып.
Осы өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі бар. "Жарты-кеш ай ұзатылған қызға ұқсаса, қыр тәтті ұйқысын қимай қалғып қана тыныштық құшағында жатыр. Ал нәп-нәзік қырдың жұпар гүлі алғашқы балғын сезімге ұқсайды", - дейді ақын. Шынында мұндай тапқыр да сұлу тіркестерді тек Фариза ақын ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңғарсынова Фариза
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Орта мектепте Фариза Оңғарсынова лирикасын оқыту
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
Халқымыздың дарынды ақындары
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
Туған дала
Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Пәндер