Өсімдік аурулары мен сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.Өсімдік аурулары мен сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .13

Кіріспе
Сау өсімдікте генетикалық ерекшеліктеріне байланысты өзіне тəн физиологиялық қызметтері, яғни клетканың бөлінуі мен дамуы, дифференциациясы, топырақтан суды сорып алуы, оның өсімдікте жəне өсімдік бойымен таралуы, фотосинтез жəне оның өнімнің өсімдік бойымен жылжуы, қоректік заттардың түзіліп, сақталуы жəне т.б. қалыпта жүреді.
Егер өсімдікке ауру қоздырғышы немесе сыртқы ортаның бел- гілі бір қолайсыз жағдайы əсер етсе, онда оның бір немесе бірнеше функциялары қалыптан ауытқып, өсімдік ауруға шалдығады. Өсім- діктің қоздырғышқа алғашқы реакциясы көзге көрінбей, кейін гис- тологиялық өзгерістер болғанда ғана өсімдікте аурудың сыртқы белгілері байқалады.
Залалданған клеткалар мен ұлпалар əлсіреп немесе бұзылып, өсімдіктің дамуы бəсеңдеп, кейде солып, қурайды. Түрлі клеткалар мен ұлпалардың залалдануынан кейбір физиологиялық үдеріс бұ- зылады немесе жойылады. Мысалы, өсімдік тамырының инфек- циялық залалдануы (тамыр шірігі) су мен оның ерітіндісіндегі қо- ректік заттардың топырақтан өсімдікке өтуіне кедергі келтіреді; ксилема түтіктерінің аурулары (ойық жара, вилт) су мен минерал- дық заттардың өсімдіктің жоғарғы бөлігіне таралуын бөгейді; жа- пырақ ауруы - фотосинтез үдерісіне кедергі жасайды; қабықтың залалдануы - фотосинтезде түзілген заттарды өсімдіктің төменгі бөлігіне жылжуына бөгет жасайды; гүлдер залалданса - жемістер түзілмейді; жеміс кеселге шалдықса - жеміс пен тұқым шіриді.
Кейбір аурулар залалданған клеткалар санының көбеюіне (ги- перплазия) немесе көлемінің ұлғаюына (гипертрофия) əсерін тигі- зеді. Соның нəтижесінде залалданған өсімдік мүшесі еріксіз үлке- йіп ісінуі немесе қурап, жойылуы мүмкін.
Өсімдіктің ауруы деп əртүрлі факторлардан клеткалар мен ұлпалардың биохимиялық, физиологиялық үдерістері қалыптан ауытқып, соның нəтижесінде өсімдіктің анатомиялық-морфоло- гиялық құрылымының бұзылуын айтады. Бұл құбылыс өсімдік бетінде дақ, өңез, жара, ісік, шірік жəне т.б. əртүрлі белгілер қалдырады.
Ең алғаш ауру өсімдікке сипаттама берген А. Франк (1815), Де Кандоль (1832) болды. Өсімдікте өзіне тəн белгілерінен басқа да құбылыстар түзілсе, онда ол ауру болғаны деген көзқарасты кейін- нен көптеген ғалымдар (А. С. Бондарцев, С. И. Ростовцев, В. Ф. Куп- ревич, А. Н. Бухгейм, Э. Стекман жəне т.б.) дұрыс ұғым деп құптады.

I.Өсімдік аурулары мен сипаттамасы
Ақ ұнтақ. Ауру қоздырғышы - Erysiphe gra-minis DC. саңырауқұлағы (1-сурет). Қоздырғыш күздік пен жаздық бидай, арпа, қара бидай, сұлы жəне т.б. көптеген дəнді дақылдарды залалдайды. Оның жіпшумағы жақсы дамыған, көп клеткалы, субстрат үстіне орналасып, оған аппрессорийлар мен гаусторийлар арқылы тіркеледі. Гаусторийлар клетка ішіне еніп, саңырауқұлақты қоректік зат-тармен қамтамасыз етеді. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен тарайды. Конидия-лары түссіз, бір клеткалы, цилиндр немесе бөшке тəрізді, көлемі 26-30 х 8-14 мкм, тізбектеліп түзіледі. Клейстотецийлер шар тəрізді, диаметрі 135-.80 мкм, топтасып жіпшумаққа батып орналасады.
1-сурет-Ақ ұнтақ .
Қосымшалары көп, қысқа, ашық-қоңыр түсті, қарапайым, кейде сəл бұтақталған. Жеміс дене ішінде жұмыртқа немесе эллипс тəрізді 8-10, кейде 30 дейін қалталары болады, оның ішінде 4-8 қалтаспоралар орналасады. Аскоспоралары (қалтаспора) эллипс тəрізді, көлемі 20-23 х 10-13 мкм.
Клейстотецийлер өсімдік қалдықтарында қыстап, көктемде аскоспоралар жетіліп, өсімдікті алғаш залалдайды да, жаңа жіп-шумақ түзіліп, бетінде конидиялар мен конидия тасушылар пайда болады. Кейбір аудандарда аскоспоралар күзде жетіліп, күздік бидайды залалдап, көктемде жаздық бидайға көшеді. Залалдану 3-300С температура аралығында, 50-100% ылғалдылықта жүреді. Инкубациялық кезең 3-11 күн.
Бұл ауруға өсімдіктің сабағы, жапырағы, жапырақ қынабы, кейде масағы шалдығады. Жас өсімдіктердің мүшелерінде ақ түсті өңез түзіледі. Кесел жапырақтардан сабақты бойлап жоғарғы бө-ліктерге тарайды. Өңез үстінде саңырауқұлақтың конидия тасу-шысы мен конидиялары түзіледі. Конидиялары бірнеше ұрпақ бе-ріп, ауруды таратады. Өңез бірте-бірте киіздей тығыздалып, бетінде жеміс дене-клейстотецийлер түзіледі. Ауру қарқынды дамығанда өңез масағына да тарайды.
Қастауыш (спорынья). Ауру қоздырғышы - Claviceps purpurea Tul. саңырауқұлағы (2-сурет). Қоздырғыш көптеген мəдени жəне жабайы астық тұқымдас өсімдіктерді, соның ішінде қара бидайды жиі залалдайды.
Саңырауқұлақтың даму циклы конидиялы, қал-талы кезеңдерден жəне склероцийлардан тұрады.
Егісті жинағанда склероцийлар топыраққа тү-сіп қыстайды немесе тұқым арасында сақталады. Көктемде 10-14°С температура шамасында склеро-цийлар өніп, көптеген қызыл строма түзеді. Стро-маның домалақ басында саңлауы сыртқа қарай шыққан құмыра тəрізді перитецийлер орналасады.орналасады.
2-сурет. Қастауыш
Əр домалақ стромада 200-400 перитецийлер болады Олардың көлемі 275-300 х 82-110 мкм. Əр пери теций ішінде 32 қалта, əр қалтада 8 цилиндр, шоқпар немесе жіпше тəрізді, түссіз, бір клеткалы қалтаспоралар түзіледі.
Бидай гүлдеген кезде аскоспоралар пісіп жетіліп, қалталардан босап шығып, желмен таралады. Гүл аузына түскен аскоспора өніп жіпшумақ түзіп, аналық арқылы жатынға еніп, қарқынды дамиды. Жіпшумақтың конидия тасушыларында конидиялар түзіліп, тəтті иісті шырын тамшысы пайда болады. Конидиялар эллипс тəрізді бір клеткалы, көлемі 4-6 х 2-3 мкм. Тəтті шырын насекомдарды өзіне тартып, олар конидияларды басқа өсімдік гүліне таратып за-лалдайды да, гүлдегі қайта дамыған жіпшумақ барлық ұлпаларды бұзып, склероций түзеді. Гүлдеу кезеңіндегі жаңбыр тамшысы да аурудың таралуына себебін тигізеді.
Аурудың белгісі астықтың пісіп жетілген кезеңінде білінеді. Залалданған өсімдіктердің гүл шоғырында дəн орнына ірі, қара қарамықтар (склероцийлар) пайда болады. Олар алғаш сия-күлгін, кейін қара түске айналып, масақшадан (4 см) шығып тұрады.
Дəнді дақылдардың қара-қоңыр дағы. Ауру қоздырғышы - Bipolaris sorokiniana Shoem., син: Helminthosporium sativum P., K. et B. саңырауқұлағы (3-сурет). Қоздырғыштың жіпшумақтары өсімдік ұлпасында клетка аралығымен таралып, леп саңлауы жəне эпидермис арқылы жеке немесе топталған конидия тасушылар мен конидиялар сыртқа шығады

3-сурет. Дəнді дақылдардың қара-қоңыр дағы
Конидия тасушылардың жақсы дамыған, бунақты, ісінген түрлі бұлтықтары болады, олардың əрқайсысынан бір конидия түзіледі. Конидиялар сопақша, ұшы доғалданып, сəл иілген, 3-15 көлденең перделі, жас конидиялар ашық-зəйтүн, ал жетілгендері қара-зəйтүн, кейде қара түсті. Конидиялар шеткі клеткалардан дамиды.
Өсімдік қалдықтарында саңырауқұлақтың қалталы кезеңі болуы мүмкін. Қалта мен қалтаспоралар псевдотеций ішінде түзіледі. Қалталы кезеңінде саңырауқұлақ Cochliobolus sativus Drechsl. деп аталады. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен таралып, өсімдік қалдықтары мен дəнде жіпшумақ жəне конидия түрінде қыстайды. Өсімдік қалдықтарында қоздырғыш бір жылдан артық сақталмайды.
Саңырауқұлақ өсімдіктің барлық мүшелерін вегетация бойы залалдайды. Колеоптильдің жас ұлпаларында сары, ашық-қоңыр түсті сызықшалар немесе дақтар пайда болады. Залалданған өскін-де үш тамырдың орнына біреу ғана түзіледі. Сабақ айнала залал-данып, ұлпалары шіріп, қисаяды. Бірінші пайда болған тамырлармен қатар екіншілері жəне жер асты буынаралықтары да залалданады. Екінші тамырларда ауру белгісі тамыр ұшынан басталып, кейде та-мыр бұталанған бөліктен немесе тамыр негізінен білінеді. Өсімдік түптене бастағанда жер асты буынаралығы залалданып, оны бойлаған қоңыр жолақтар байқалады.
Кеселдің зиянды формасы - сабақ негізінің залалдануы, яғни өсімдіктің түптенуінен дəннің пісіп жетілу кезеңдеріндегі дамуы. Залалданған тамыр мойны мен сабақтың төменгі бөлігінде қара-қоңыр дақтар пайда болып, кейін олар сабақты орайды. Сабақтың төменгі буындары кейде шіріп, қара-сұр өңезбен жабылып, өсімдік жапырылады.
Жапырақ бетінде алғаш қоңыр, кейін қоңыр-сұр немесе ашық-қоңыр дақтар түзіледі, олардың ортасы ақшыл, қоңыр жиекті, сəл созылыңқы болып келеді. Дақ үстінде зəйтүн-қоңыр немесе қара-сұр өңез түзіледі. Масақ залалданғанда тұқым қауызы ашық-қоңыр түске боялып, оның бетінде қоңыр жиекті сопақша дақ пайда бола-ды. Залалданған бөліктер кейін мол қара мақпал өңезбен жабылады. Пісіп жетілген дəннің ұрығы қараяды (қара ұрық).
Арпа жапырағының жолақты дағы (гельминтоспориоз). Ауру қоздырғышы - Drechslera graminea Ito cин: Helminthospo-rium gramineum Rab. саңырауқұлағы (4-сурет). Конидия тасушы-лары күңгірт түсті, көп клеткалы, бұрыс пішінді, конидиялары тік немесе цилиндр тəрізді, 2-7 перделі, сары-қоңыр немесе түссіз. Саңырауқұлақтың залалдау шеңбері тар. Қоздырғыш қабылдағыш жас өсімдіктердің борпылдақ паренхима жəне склеренхима ұлпа-ларына еніп, диффузды тарайды. Түтіктер арқылы саңырауқұлақ меристема ұлпаларына енеді. Залалданған тұқымда жіпшумақ ұрық негізіне орналасады да, тұқым өнгенде ұрық тамырлары түгел ыды-райды. Тұқым жарнағы арқылы жіпшумақ өткізгіш түтіктерге еніп, өсімдіктің дамуын тежеп, жансыздануына себебін тигізеді.

4-сурет. Арпа жапырағының жолақты дағы

Ауруға төзімді сорттардың өткізгіш түтіктеріне саңырауқұлақ ене алмайды, сондықтан ауру жергілікті болып, диффузды тарал-майды. Арпаның ауруға төзімді сорттарында саңырауқұлақ ұрыққа енбей, тұқымның қабығында қалады.
Саңырауқұлақ өсімдік қалдықтарында жіпшумақ кейде кони-дия түрінде сақталады. Қыстап шыққан жіпшумақта қалталар мен қалтаспоралары псевдотецийде түзіледі. Қалталы кезеңде бұл саңы-рауқұлақ Pyrenophora graminea Ito et Kur. деп аталады. Көпжыл-дық шөптермен аралас еккен арпа егістіктерінде саңырауқұлақтың қалталы кезеңі жиі дамиды.
Кесел өсімдіктің барлық вегетация кезеңінде кездеседі. Жапы-рақ бетінде алғаш ашық-сары, кейін ұзындау, ашық-қоңыр түсті, жіңішке қызыл жиекті дақтар пайда болып, үстінде зəйтүн-қоңыр өңез түзіледі. Өсімдіктің гүлдеу жəне дəн түзу кезеңдерінде ауру күшейіп, кеселге шалдыққан жапырақтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ БИДАЙДЫҢ ҮНДІ ҚАРА КҮЙЕСІ
Жоңышқа
ШАРУАШЫЛЫҚТА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Ботаникалық ресурстанудың биология жүйесіндегі орны
Саңырауқұлақтардың жыныстық споратасушысы
Майлы зығыр дақылының аурулары және қорғау шаралары
Текелі қаласындағы қорғасын -мырыш кен орны
Ауруларды емдеуде каротиноидтары бар дәрілік өсімдіктерді қолдану
Балауызды жүгері
Долон филиалындағы орман зиянкестері және ауруларымен белсенді күрес шаралары
Пәндер