Жуу құралдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І. бөлім
Кіріспе

Синтетикалық жуу құралдары туралы жалпы мәліметтер.
1.1
Синтетикалық жуғыш заттардың шығу тарихы.
1.2
Синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері.
ІІ.бөлім
Зерттеу бөлім
2.1
Үй жағдайында түрлі жуу құралдарын жасау
2.2
Үй жағдайында жасалған жуу құралымен және дүкенде алынған жуу құралдарының химиялық құрамымен танысу.
2.3
Сауалнама жүргізу.
2.4.
Үй жағдайында жасаған жуу құралдарының физика-химиялық қасиеттеріне талдау жасау.
ІІІ.
Қорытынды

Ұсыныстар

Пайдаланылған әдебиеттер

Аннотация
Қазіргі таңда тұрмыстық химия біздің өміріміздің бір бөлшегі болып отыр. Соған орай СЖЗ-ды өндіру де қарқынды дамып келеді. Мысалы, кез-келген адам азанда тұрғанда не істейді? Әрине ойланбастан барып жуынады. Жуыну барысында біз міндетті түрде СЖЗ-ды пайдаланамыз. Тіс жусақ та, бас жусақ та немесе кір мен ыдыс жусақта әрдайым СЖЗ-мен әрекетке түсіп отырамыз. Одан қалса теледидарлардағы жарнамаларда СЖЗ-дың бабын келтіріп мақтайды. Кірді немесе ыдысты мұздай суда жуа беруге болады, маймен дақтарды бір жуғаннан кетіреді, киіміңізді жұмсартып, ағартады немесе ыдысыңызды жалтыратады, шашыңызды қорғайды, тісіңізді ағартады айта берсек көп әрине осындай мағынадағы сөздермен өз өнімдерін жарнамалап отырады. Дегенмен сол СЖЗ-дың құрамындағы түрлі химиялық қоспалардың зиянды жақтары туралы бірде бір сөз айтылмай қалатыны рас. Соңғы кездері СЖЗ-дың арасында антибактериалды немесе дизинфекциялаушы қасиеті бар деген де заттар шығарылуда. Антибктериалды қасиеті бар заттарды жиі, ұзақ мерзімде пайдаланудың зиянды екенін бәріміз бірдей біле бермейміз.
Ертеректегі адамдар осы уақытқа дейін СЖЗ-ды пайдаланбай -ақ таза киім киіп, таза ыдыспен тамақтанып, ұзақ өмір сүрген. Сол кісілердің пайдаланған заттарының көмегімен жуу құралының зиянсыз, әрі қолжетімді түрін шығару зерттеу жұмысының басты мақсаты болатын. Жоба барысында біз алға қойған мақсаттарымызға жеттік. Сонымен қатар жуу құралының құрамы мен қасиеттерін анықтадық. СЖЗ бар жуу құралын, өзіміздің жасаған жуу құрлымен салыстырып тәжірибелер жасадық. Тәжірибелердің нәтижесінде СЖЗ құрамына кіретін химиялық заттардың тірі ағзаларға зиянды әсерінің бар екендігіне көз жеткіздік (гулге тәжірибе). Қарапайым заттарды пайдалана отырып үй жағдайындада кір жуу, ыдыс, ванна жуу құралын жасауға болатынын да көрдік. Әрі бұл құрал СЖЗ мен салыстырғанда әлдеқайда зиянсыз әрі үнемді, тиімді болып келетіні дәлелденді.
Зерттеліп отырған жобаның негізгі мақсаты және міндеті:синтетиклық жолмен жасалған түрлі жуу құралдарының орнына, табиғи, экологиялық таза, қарапайым, қолжетімді, жуу құралының баламасын шығару болып табылады. Себебі біз кез-келген жерде жуу құралдарын күнделікті өмірімізде кеңінен қолданамыз. Күнделікті ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді, ваннаны , асүйді тазалауда түрлі арнайы снтетикалық жуу құралдарын пайдаланамыз. Ал осы қолданып жатқан ыдыстарымыз, киімдеріміз қалай жуылды? немен жуылды? таза ма? ағзамызға зиянын тигізбей ме? - деп ойлана бермейміз. Сондықтан жобаның негізгі мақсаты синтетикалық және қолдан жасалған жуу құралдардың қасиеттерін салыстыра отырып, зиянсыз құралды анықтау болып табылады.
Өзектілігі: Синтетикалық жолмен алынған жуу құралдарының құрамына қоршаған орта мен адам денсаулығына зиянды әсер екетін көптеген химиялық қосылыстар кіреді. Зиянды синтетикалық жуу құралдарын қолдануды азайту, экологиялық таза өнім шығару.
Гипотеза:Синтетикалық жолмен алынған жуу құралдарының құрамына қоршаған орта мен адам денсаулығына зиянды әсері қандай? Іс-тәжірибелер жүргізіп көз жеткізу. Неге биологиялық таза, зиянсыз өнім, әрі қолжетімді құрал жасап шығармасқа.
Ғылыми жобаның гипотезасын анықтау мақсатында алдымызға төмендегідей тапсырмаларды қойдық:
1. Синтетикалық жуу құралдары туралы ақпараттар іздеу.
2. Жиі қолданылатын жуу құралын анықтау (сауалнама жүргізу), зерттеу.
3. Барлық үйде табылатын , қарапайым заттардың көмегімен зиянсыз ыдыс жуу құралын жасап шығару.
4. Синтетикалық және табиғи қолмен жасалған жуу құралыныңның физика-химиялық қасиеттерін анықтау.
5. Салыстырылып отырған жуу құралдарының тірі ағзаларға әсерін іс-тәжірибе жүзінде анықтау.
6. Зерттеу барысында жиналған ақпараттарды саралап, қорытындылау.
7. Қарастырылып отырған мәселеге көпшіліктің назарын аудару.
Зерттеу нысаны: Жуу құралдары.
Зерттеу әдістері:Теориялық, сауалнама жүргізу, эксперимент жасау, бақылау жүргізу.

Кіріспе.
Соңғы жылдары дүние жүзі бойынша қоршаған ортаны сақтау мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Оның себебі табиғат анамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы болып келеді. Бүгінгі зерттеліп отырған жобада қоршаған орта жағдайына кері әсерін тигізіп жатқан факторлардың бірін зерттеуге алып отырмыз. Ол - синтетикалық жуғыш заттар (СЖЗ). СЖЗ-ға кір жуу ұнтағы, тіс пастасы, сұйық сабындар, су сабындар, ыдыс жуу құралдары және т.б. жатады. СЖЗ-дың әсерінен су тоғандары ластануда. Ал ластанған су тоғандары өз кезегінде жерге сіңіп, топыраққа енді, ауаға ұшады және бұл құбылыс тірі организмдерге өзінің кері әсерін тигізіп отыратыны анық. Мысалы су қорларының ластануынан ондағы тіршілік ететін тірі организмдер балықтар, көк - жасыл балдырлардың санының азаюы болып табылады. Жер қабатының құнарлығының төмендеуі, сортаңдануының бірден-бір ебебі осы синтетиклық жуғыш заттардың кері әсерінен деп пайымдауға болады.
Қазіргі таңда тұрмыстық химия біздің өміріміздің бір бөлшегі болып отыр. Соған орай СЖЗ-ды өндіру де қарқынды дамып келеді. Мысалы, кез-келген адам азанда тұрғанда не істейді? Әрине ойланбастан барып жуынады. Жуыну барысында біз міндетті түрде СЖЗ-ды пайдаланамыз. Тіс жусақ та, бас жусақ та немесе кір мен ыдыс жусақта әрдайым СЖЗ-мен әрекетке түсіп отырамыз. Сондықтан да үй жағдайында, қарапайым заттардың көмегімен жуу құралдарын жасау жолдарын қарастырдым.

І. Бөлім. Синтетикалық жуу құралдары туралы жалпы мәліметтер.
0.1. Жуғыш заттардың шығу тарихы.
Ерте заманнан бері адамзат баласы тазалық сақтау мақсатында түрлі заттарды қолданып келген болатын. Мысалы: өсімдіктермен және олардың шырындарымен, күлмен, құммен және т.б. заттарды пайдаланған.
Ең алғаш жуу құралы кәдімгі кір сабын болып таылады. Сабын - тілімізге арабтың сабун деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Сабын -- жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONa. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 -- 10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады.
Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақар, конифоль, нафтен, т.б.) қолданылады. Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда, глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар.
0.2. Синтетикалық жуу құралдарының қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері.
Жоғарыда айтып өткеніміздей қазіргі заманның актуальды мәселелерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Қоршаған ортаны әсіресе өндірістік және тұрмыстық сарқынды сулардан қорғау қажет. Сарқынды сулар су тоғандары арқылы қоршаған ортаға еніп отырады. Сарқынды сулардың көпшілігінің құрамында СЖЗ бар. СЖЗ негізгі құрамдас бөлігі ПАВ-тар, фосфаттар, сульфаттар, тұрақтандырғыштар, бояғыштар, иістендіргіштер және т.б. кіреді.
СЖЗ бар сарқынды суларды, судағы микроағзалар өз бойларына сіңіре алмай саны азайып немесе жойылып жатады. Сонымен қатар өзендер мен көлдерге келіп түсетін сарқынды сулар олардың бактериологиялық және органолептикалық қасиеттеріне де зянды әсерін тигізеді. Сол себепті де сарқынды суларды тазартудан өткізудің маңызы зор. Дегенмен сарқынды суларды механикалық және физика-химиялық жолдармен тазалаудан кейән де 100 % тазаланады деп айта алмаймыз.
СЖЗ бар сарқынды сулар, су қоймаларына түсе отырып олардың қышқылды-негіздік ортасын да өзгертеді. Су қоймаларының қышқылдық-негіздік орталарының өзгеруі онда тіршілік ететін микроағзалар мен балықтардың, өсімдіктердің санының азаюына әкеліп соқтырады.
Соңғы кездері табиғи су көздерінің сынамаларынан көп мөлшерде фосфаттар табылуда. Фосфаттар кір жуу ұнтағының құрамына кіреді. Ол судың қаттылығын жояды. Ал бізідің елімізде әзірге суларды фосфаттардан тазалайтын технологиялар жоқ. Көптеген Еуропа елдерінде құрамында фосфаттарф бар жуу құралдарын пайдалануға тиым салынған.Әлем ғалымдарының айтуынша Жаһандық жылыну құбылысының бірден-бір себепшісі осы СЖЗ- қоршаған ортаға көптеп түсуінен болады екен.
Қарап отырсақ, ыдыс жуу құралдары, кір жуу ұнтақтары біз ойлағанымыздай қауіпсіз құрал емес. Синтетикалық жолмен алынған ыдыс жуу және кір жуу құралдарының құрамына кіретін химиялық заттар, дұрыс шайылмаған ыдыстар, киімдер арқылы біздің ағзамызға күнделікті түсіп отырады. Химиялық заттар адам ағзасында жинала келе түрлі аурулардың шығуына себепші болып отыр. Дәрігерлердің айтуынша соңғы жылдары асқазан-ішек жолдарының аурулары, қатерлі ісік, тері ауруларының өршуі байқалып тұр. Синтетикалық жуу құралының құрамына кіретін заттар бауырда, өкпеде, бүйректе тіпті мидада жиналып отырады екен. Сонымен қатар СЖЗ әсерінен гастрит, асқазан жаралары, тері аурулары, қатерлі ісік аурулары т.б. аурулар пайда болады. Осыдан 10 жыл бұрын қатерлі ісік ауруы туралы тек еститін болсақ, бүгінгі күні өкінішке орай бұл дертке шалдыққан адамдар саны күн санап өсуде. Бұл ауруларды алдын алудың бірден-бір жолы СЖЗ-ды пайдалануды азайту.
ІІ.Бөлім. Эксперименттік бөлім
2.1. Үй жағдайында түрлі жуу құралдарын жасау
Қарастырылып отырған тақырып аясында, ақпарттарды жинақтауда жуу құралын уй жағдайында қарапайым заттарды пайдалана отырып жасауға болатынына көзім жетті. Әрі бұл құралды жасау үшін көп уақыттың да қажеті жоқ. Экологиялық таза ыдыс жуу құралын жасаудың бірнеше жолдары бар:
1- түрі. Жеміс жидек жуу құралы. Бұл крем үшін бізге 200 г қыша ұнтағы, 100 г ас содасы, 50 мл глицерин, 50г желе және 250 мл жылы су қажет болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өткізудің теориялық және практикалық негіздемелері, олардың қолданыстағы негізгі қағидаттары
Камаз автокөлігінің құрлысы
«Берік-Қара» ЖШС мәліметтері арқылы негізгі өндірістік қорды ұтымды пайдалану шараларын дайындау
Медициналық құралдарды өңдеу кезеңдері
Химиялық қауіпті нысандарында төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру
Adobe photoshop редакторы туралы жалпы түсінік
Дезинфекцияның,дезинсекцияның,дератизацияның техникалық құралдары.Дефинфекциялық дезинсекциялық аппаратура
Асхана ыдыстарын жуу бөлмесі
Жұмыс орнындағы мейірбикенің қауіпсіздігі
Емдеу мекемесіндегі тазарту түрлері, тазарту жиһаздарын өңдеу. Стерилизация туралы түсінік
Пәндер