Excel-де жұмыс істеу. электронды кестелерді әзірлеу


Реферат

Тақырыбы: Excel-ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ. ЭЛЕКТРОНДЫ КЕСТЕЛЕРДІ ӘЗІРЛЕУ

Жоспары:

  1. Microsoft Excel- мен танысу.
  2. Деректерді енгізу.
  3. Кестені өздігінен біртекті деректермен қалай толтыруға болады?
  4. Ұяшықтарды пішімдеу
  5. Сүзгілер және өзпішім
  6. Сұрақтар мен тапсырмалар

Microsoft Excel- мен танысу

Microsoft Excel - Microsoft Office дестесінің электронды кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламасы. Электронды кестенің басты артықшылығы - кез келген операнд мәні өзгерген кезде өрнектік тәуелділік арқылы байланысқан барлық деректерді қайта есептеу мүмкіндігі.
Microsoft Excel-дің қолданылу аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар (кестелер, прайс-беттері, т. б. ) жасау үшін қолданылады.
Excel-де сызбалар мен диаграммалардың алуан түрлерін оңай жасауға болады (спортпен айналыса бастаған уақыттан бергі дене салмағаның азаю сызбасы, мал басы санының өсуі диаграммасы, т. б. ) .
Excel-ді қарапайым пайдаланушылар элементар есептеулер жүргізу үшін қолдана алады (отбасы бюджеті, ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы) \

Excel-де көптеген математикалық және статистикалық жетелер болуы арқасында оны мектеп оқушылары мен студенттер курстық және зертханалық жұмыстар есептерін шығару үшін пайдалана алады.
Excel бухгалтерияда қарқынды қолданылады - көптеген фирмаларда бұл құжаттар мен есептерді рәсімдеудің, диаграммалар жасаудың негізгі құралы. Онда бұл үшін қажетті жетелердің барлығы бар.
Excel бағдарламасын Microsoft Windows-тың кез келген басқа бағдарламаларын қосу үшін қолданылатын тәсілдерінің бірімен іске қосуға болады. Кеңінен тараған амалдардың бірі - Бастау мәзірінен Барлық бағдарламалар тармағын және Microsoft Excel тармағын таңдау. Орнатылған Microsoft Office дестесінің нұсқасына қарай, бұл тәсіл мынадай ретпен де орындалуы мүмкін: Бастау - Бағдарламалар - Microsoft Office - Microsoft Excel немесе Бастау - Бағдарламалар - Microsoft Excel.
Тағы бір тәсіл - Бастау мәзірінде Жегу тармағын таңдап, ашылған терезеде Excel деп жазып, Жарайды батырмасын басу.
Үшінші тәсіл - Жұмыс үстеліндегі бос орынды тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіп, мәтінмәндік мәзірден Жаңа - Microsoft Excel парағы әмірін таңдау. Сонда . xls деген кеңейтілуі бар бос файл жасалады - екі рет шертіп оны іске қосамыз.
Сондай-ақ, егер жұмыс үстелінде немесе жылдам іске қосу үстелінде лақап бар болса, соны шертуге де болады.
Excel құжаты “xls” кеңейтіміне ие және Кітап деп аталады. Кітап парақтардан тұрады. Үнсіз келісім бойынша олар үшеу етіп жасалады. Парақтар арасында терезенің төменгі жағындағы «Парақ1» және т. с. с. сілтемелерді пайдаланып ауысып жүруге болады.
Терезенің негізгі элементтері:

· Тақырып жолағы - бұл құжаттың атауы және терезені басқару атырмалары
· Бас мәзір. Әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан тұрады:
· Стандартты құралдар үстелі - Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою сияқты:

құжатпен жұмыс істеуге арналған негізгі стандартты батырмаларды қамтиды.
· Пішімдеу құралдар үстелі - мәтіннің қажетті параметрлерін және оның құжатта орналасатын орнын (туралауды) белгілеуге арналған:
· Айналдыру сызықтары - құжат ішінде қозғалуға (құжаттың түрлі бөліктерін қарап шығу үшін) мүмкіндік береді «Алдын ала қарап алу» - бұл файлды басып шығарылатын күйінде қарап шығу. Әдепкіде әрбір Excel кітабындағы парақтар Парақ1, Парақ2 және Парақ3 деп аталады. Кітапқа ерекше атау беру - оның не туралы екенін есте сақтап қалуға көмектесетіні сияқты, парақтың атауын өзгерту де оның мазмұнын есіңізге салады.
Парақты қайта атау үшін Парақ1 қосымшасын екі рет шертіңіз. Парақ1 мәтіні ерекшеленеді. Жаңа атау, мысалы Кіріс деп енгізіңіз де, <Enter> пернесін басыңыз. Қосымшада Кіріс атауы пайда болады.
Ашық тұрған Microsoft Excel қосымшасында жаңа құжат жасау үшін мына әрекеттердің бірін орындау қажет:
· Стандартты құралдар үстелінде Жаңа батырмасын шерту;
· <Ctrl> + <N> пернелер тіркесімін басу;
· Файл мәзірінің - Жаңа, содан кейін Жаңа бөлімінде оң жақта қалқып шығатын үстелде Таза кітап әмірін орындау

Осыдан кейін сіздің көз алдыңызда жұмыс істеуге әзір жаңа Excel құжаты ашылады. Бағдарлама жаңа құжатқа Кітап1 деген ат береді, бірақ сіз құжатты сақтау кезінде оған айрықша есім беруіңізге болады.
Бар құжатты ашу үшін Файл мәзірінде Ашу бұйрығын таңдаңыз немесе <Ctrl+О> пернелер тіркесімін басыңыз, сонда бейне Ашу сұхбат терезесі пайда болады

Екі рет шертіп қажетті файлды көрсетіңіз. Егер ол файл жұмыс аймағанда жоқ болса, Ашу әмірінің сұхбат терезесін пайдаланып, оны басқа қалтадан немесе дискіден іздеп көріңіз.
Кітапты сақтау үшін Файл мәзірінен Сақтау әмірін таңдаңыз немесе пернетақтадан бір мезгілде <Ctrl+S> пернелерін басыңыз, егер сіз бұл құжатты бірінші рет сақтап отырсаңыз, бағдарлама Басқаша сақтау сұхбат терезесін ашады

Содан кейін файл атауын енгізіп, осы сұхбат терезесін пайдаланып, файлды сақтау жолын нұсқаңыз. Файлдың атауы мен сақтау орны сіздің талаптарыңызға сай келетініне көз жеткізіп алып, Сақтау батырмасын басыңыз.

Парақ ұяшықтарының бірі ғана берілген уақыт мезетінде белсенді болып табылады. Белсенді ұяшықтың айналасында оң жақ төменгі бұрышында кішкентай квадрат (өзтолтыру байрақшасы) бейнеленген қою жақтау көрініп тұрады.
Excel бағдарламасындағы парақ ұяшықтары ауқымы - кестеде тік төртбұрыш пішінді аумақты құрайтын шақпақтар жиынтығы. Кесте ауқымының дұрыс белгіленуі A1:B2.
Excel бағдарламасы кестесінде ұяшықтар ауқымын бөлектеп алу үшін, бірінші бөлектелетін ұяшықты шертіп, <Shift> пернесін басып тұрып, бөлектелетін ауқымның соңғы ұяшығын шерту қажет.
Excel бағдарламасында іргелес емес ұяшықтарды ерекшелеу үшін бірінші ұяшықты шертіп, <Ctrl> пернесін басып ұстап тұрып, өзге ұяшықтарды шерту керек.
Ұяшықтардың биіктігі мен енін өзгерту үшін мына әміртарды орындау қажет:
· Пішім - Жол. Биіктік қосымша мәзірін таңдағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажетіне ауыстырамыз

· Пішім - Баған. Ені қосымша мәзірін таңдағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажетіне ауыстырамыз Жүгіргіні баған таңбашасының оң жақ шетіне апарғанда ол баған енін өзгертуге болатынын көрсетіп, мөлшерді өзгертуге арналған жүгіргі кейпіне енеді.
Мысалы, егер Н бағанының оң шақ шетін шертіп, таңбашаны оңға қарай сүйресе, баған кеңейе түседі. Дәл осылай, баған таңбашасын солға қарай сүйресе, баған ені кішірейеді.
Сондай-ақ, Excel баған енін ол ең ұзын мәліметтер ұзындығына сәйкес келетін етіп өздік түрде өзгерте алады. Бұл үшін баған таңбашасының оң жақ шетін екі рет шерту қажет.
Осы сияқты, жол тақырыбы жолағының төменгі шетін шертіп, оны жоғары не төмен сүйреп, жолдың биіктігін де өзгертуге болады.

Деректерді енгізу

Microsoft Excel кестесінің ұяшығында не мәтін, не сан, не өрнек орналасуы мүмкін, бірақ ұяшық мазмұнының аралас болуына жол берілмейді

Егер кесте ұяшықтарындағы мәліметтер мәні өзге ұяшықтар мазмұнына тәуелді болмаса, олар негізгі деп аталады, керісінше болғанда бұл мәліметтер туынды деп аталады. Ұяшық мазмұнымен жұмыс істеу үшін оны белсенді етіп алу (үстінен тінтуірдің сол жақ пернесімен шерту) қажет. Ұяшық мазмұнын жою үшін оны белсенді етіп алып, <Delete> пернесін шерту керек.
Белсенді ұяшықтың мазмұнын өңдеу үшін мына амалдардың бірін орындау қажет:
· Ұяшықты тінтуірдің сол жақ пернесімен екі рет шерту.
· Ұяшық мазмұнын өрнектер жолағында өңдеу.
· <Ғ2> пернесін басу.
Егер сіз осы амалдардың бірін де таңдамай, ұяшыққа жаңа деректер енгізсеңіз, ұяшықтың алдыңғы мазмұны өз бетімен жаңа ақпаратпен алмасады.
Excel бағдарламасында жол/баған тақырыбын шертсеңіз, бір жол не баған тұтастай бөлектенеді.
Кестеге жол және баған үстеу немесе оларды жою үшін жол немесе баған тақырыбын тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірді шақырып алыңыз да, Жою немесе Кірістіру әмірін таңдаңыз.
Бұл үшін сондай-ақ Кірістіру мәзірінің Ұяшықтарды жою/Ұяшықтарды кірістіру әмірін орындаңыз.

Кестені өздігінен біртекті деректермен
қалай толтыруға болады?

Қатар - логикалық тізбек құрайтын ұяшықтар тізбегі. Excel-де Өзтолтыру жетесінің көмегімен сандар, күндер және т. б. қатарларын жасауға болады.
Деректер қатарын енгізу үшін ұяшыққа қатардың бірінші элементін енгізіп, <Enter> пернесін басыңыз немесе өрнектер жолындағы Енгізу батырмасын шертіңіз. Белсенді ұяшық жақтауының оң жақ төменгі бұрышында Өзтолтыру байрақшасы (кішкене қара квадрат) орналасқан. Тінтуір нұсқағышын осы басқарушы элементке қойып, тінтуірдің сол жақ пернесін басып ұстап отырып, қажетті ұяшықтар ауқымын бөлектеп алыңыз. Қатарға кіретін ұяшықтардың барлығы сұр түсті жақтаумен қоршалады, ал ауқымның соңғы ұяшығындағы мән сары тік төртбұрышта көрініс табады Сондай-ақ, Прогрессия жетесінің көмегімен, мынадай әрекеттер ретін орындап та, біртекті деректер қатарын жасауға болады:
1. Ұяшыққа бірінші элементті енгізіңіз.
2. Қатардың бір бөлігі болатын ұяшықтардың барлығын, біріншісін қоса ерекшелеп алыңыз.
3. Өңдеу - Толтыру - Прогрессия әмірін таңдаңыз.
4. Пайда болған Прогрессия сұхбат терезесінде Өзтолтыруды таңдаңыз 5. Жарайды батырмасын басыңыз.

Ұяшықтарды пішімдеу

Ұяшықтарды пішімдеу - бұл олардың сыртқы көрінісін безендіру, сондай-ақ олардың мазмұнының деректер пішіміне түзетулер енгізу. Ұяшықтарды пішімдеу үшін қажетті ұяшықтарды ерекшелеп алып, Пішімдеу құралдар үстелінің батырмаларын пайдаланыңыз немесе Пішім мәзірінің - Ұяшықтар әмірін іске қосыңыз.
Excel бағдарламасында Пішімдеу үстелінің батырмалары мәтінге қатысты Word бағдарламасында ұсынылатын әрекеттердің барлығын: қаріптің түсін, мәнері мен өлшемін, өзгерту, бөлектенген ұяшықтардағы мәтінді туралау және т. б. қолдануға мүмкіндік береді.
Екінші амалды қарастырайық. Бұл тәсіл мынадай қосымшалардан тұратын Ұяшықтар пішімі сұхбат терезесін шақырады:
1. Сан - ұяшықтар деректерінің пішімін өзгертуге мүмкіндік береді

2. Туралау - ұяшық мазмұнын туралау параметрлерін белгілейді

3. Қаріп- қаріп параметрлерін белгілейді

4. Жиек - ұяшық жиектерінің параметрлерін белгілейді

5. Әшекейлер - ұяшықтың боялуын белгілейді

6. Қорғаныс - ұяшықтың қорғанысын белгілейді

Екі немесе бірнеше ұяшықты біріктірген кезде олар бір ұяшыққа айналып, ұяшықтағы мәтінді не өрнекті пішімдеуді оңайлатады.
Мысалы, тақырып бір ұяшыққа сыятындай ету үшін кесте тақырыбы жолағындағы бірнеше ұяшықты біріктіру қажет болды делік. Осыдан кейін тақырып мәтінін біріктірілген ұяшықта тура ортада орналасатындай етіп туралауға болады.
Бұл үшін:
· тақырыпты А1 ұяшығына жазу;
· кестеде болады деп болжанып отырған бағандар санына сәйкес ұяшықтар ауқымын ерекшелеу (осы мысалда - 5) ;
· Пішімдеу құралдар үстелінде ұяшықтарды біріктіру және ортада орналастыру батырмасын басу керек

Сүзгілер және өзпішім

Сүзгі - бұл деректердің көбін іздеп, тізімдегі деректермен жұмыс істеудің ең жылдам әрі оңай тәсілі. Сүзгіден өткен тізімде баған үшін берілген шарттарға сай келетін жолдар ғана көрсетіледі. Microsoft Excel-де тізімдерді сүзгіден өткізуге арналған екі әмір бар:
· іріктеудің қарапайым шарттарына арналған Өзсүзгі, бұған бөлектенгендері бойынша сүзгілеу де кіреді;
· іріктеудің недәуір күрделірек шарттарына арналған қосымша сүзгі.
Сұрыптауға қарағанда, сүзгі тізімдегі жазбалар ретін бұзбайды. Сүзгілеу кезінде көрсету қажет емес жолдар уақытша жасырылады.
Microsoft Excel-де сүзгілеу кезінде іріктеліп алынған жолдарды олардың ретін өзгертпей және орындарын ауыстырмай өңдеуге, пішімдеуге, оларға негізделген диаграммалар жасауға, басып шығаруға болады.
Өзсүзгі әмірін пайдалану кезінде сүзгіленетін тізімдегі бағандар атауларының оң жағында көрсеткілері бар батырмалар пайда болады. Microsoft Excel сүзгіден өткен элементтерді көгілдір түспен белгілейді.
Өзпішімдегіш жетесі кестедегі деректерді кәсіби әзірленген қалып бойынша пішімдеуге мүмкіндік береді. Өзпішімдегіш көмегімен жолдар мен бағандар тақырыптарын, қосынды-ларды және беттің басқа да элементтерін бөлектеуге болады. Осыдан кейін түрлі түстермен ерекшелеу, құйып бояу қосылып, бұл жұмыс парағын көрнекі де тартымды етеді.
Өзпішімдегішті көп деңгейлі тақырыптары және қорытындылары бар недәуір күрделі кестелерге қатысты қолдану ұсынылмайды.
Егер сізді өзпішімдеу нәтижелері қанағаттандырмаса, өзгертулерді оңай болдырмай тастауға болады. Стандартты құралдар үстеліндегі Болдырмау батырмасын басыңыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТТЫЛЫҚ” ДЕГЕН НЕ?
Ұяшық - деректерді қамтитын кестенің негізгі элементі
Компьютерде мәліметтер қоры бойынша тест сұрақтарының қорын құрып, тестілеу программасын жасау
Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұрыптау технологиясы
Электрондық кестелер құрылымы
MS Excel ортасында жұмыс істеу негіздері
Ақпараттық технологиялар сұрақ-жауап түрінде
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама. Электрондық кестелерді өңдеу құралдары
Мұрағаттардың құжаттарымен жұмыс жасауды автоматтандырылған іздестіру жүйесін пайдалану
Ақпараттық жүйе пәнінен лекция жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz