Саяси жүйелердің жіктелуі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

https://avatars.mds.yandex.net/i?id=2e5a41db0b69611c7eef6fb3c2511449-5876305-images-thumbs&ref=rim&n=33&w=149&h=150

Факультеті: «Шығыстану»

Кафедрасы: «Түріксой»

СӨЖ

Тақырыбы: Саяси жүйелер мен режимдердің жіктелуі

Орындаған: Жолымбек Мереке

Тексерген: Инкарбаев Е. Т

Алматы, 2022

Жоспар:

  1. Кіріспе:

Саяси жүйе ұғымына түсінік.

  1. Негізгі бөлім:

Саяси жүйелердің жіктелуі :

Демократиялық ;

Тоталитарлық;

Авторитарлық;

  1. Қорытынды:

Саяси жүйелердің маңызы мен қазіргі қоғамдағы рөлі.

Саясаттану қазіргі таңда өзекті ғылымдардың бірі әрі бірегейі болып табылады. Саяси режим дегеніміз саяси билікті жүзеге асыратын, қоғамда тіртіп пен тұрақтылық қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттар, әдіс пен тәсілдердің жиынтығы. Режим адам қауымдастығының көлемінде билікті ұйымдастыруға мүмкіншілік береді, арнайы әдістерді қолдана отырып оны нақты мақсаттарда құрылымдайды. Саяси жүйелер мен саяси режимдердің бір-біріне ықпалы - олардың түрлі типтерге жіктелуіне әкелетінін білу, өз кезегінде әлемдік деңгейдегі және мемлекет ауқымындағы саяси тәртіп пен билік қатынастарының сипатын түсініп, бағалау үшін қажет. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, асторитаолық және демократиялық болып бөлінеді.

Демократиялық саяи режим мұндай режимде елхалқының кең әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр. сөзіdemos - халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікі жүзеге асырады. Демократия - әлеуметтік өмірагенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады. Демократияны ерекше әлеуметтік құндылық дей отырып, ежелгі грек ойшылы Демокрит былай деген: "Демократиядағы кедейлік патша кезіндегі молшылықтан (азаматтардың) қаншалық артық болса, еріктілік құлдыққа қарағанда соншалық жақсы". Демократиялық режимнің белгілері:

•халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;

•шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;

•мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;

•сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады.

Саяси ғылым XX ғасырда кең тараған демократиялық емес басқарудың екі негізгі нысанын бөліп көрсетеді:

Тоталитаризм. «Классикалық» түрдегі тоталитарлық режим Кеңестер Одағында, гитлерлік Германияда және Муссолини билігі тұсында Италияда өмір сүрді (бірқатар зерттеушілер Италиядағы фашистік режимді авторитарлық, немесе тоталитаризм мен авторитаризм арасындағы өтпелі режим ретінде санайды) . Жоғарыда атап өткен елдердегі ерекшеліктерге қарамастан, тоталитаризмнің бәріне тән ортақ түсын көрсете кетуге болады: ол мемлекеттің қоғамның және әр түлғаның жоғарысынан толық бақылау жүргізу. Тоталитаризмнің ерекшеліктері:

  1. Мемлекеттің қоғамның барлық саласында тым көп араласуы.
  2. Монополиялық сипаттағы билік партиясының жетекші рөлі.
  3. Азаматтық бостандықтардың аяққа тапталуы.
  4. Биліктің күш қолдануға сүйенуі.
  5. Мемлекеттің идеологиялық догмаларды басшылыққа алуы.
  6. Тәуелсіз бүқаралық ақпарат қүралдарының жоқтығы. Енді тоталитаризмнің осы белгілеріне кішкене тоқтала кетейік. Мемлекеттің қағамның барлық саласына тым көп араласуы.

Авторитарлық режим (грек. autocritas - билік) билік жеке адамның немесе адамдар тобының қолында шоғырланған кезде пайда болады. Әдетте, авторитаризм диктатурамен үйлеседі. Саяси оппозиция авторитаризм кезінде мүмкін емес, алайда саяси емес салаларда, мысалы экономикада, мәдениетте немесе жеке өмірде жеке тұлғаның автономиясы мен салыстырмалы еркіндік сақталады. Сонымен, авторитарлық режим - жеке билік режимімен, «өзін-өзі» диктаторлық басқару әдістерімен сипатталатын демократиялық емес мемлекеттік құрылым. Осыған байланысты, авторитарлық режим жиі шектеулі моральмен басқару тәсілі деп аталады, яғни, мұнда басшылық ететін басты қағидат - «саясаттан басқаның барлығына рұқсат етіледі». Авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері:

- жеке адам билігінің немесе саяси биліктің бір тармағының күшеюі;

- қоғамдық саяси ұйымдардың құқықтары мен еркіндіктерінің шектелуі;

- мемлекеттік жүйедегі қызметкерлердің билікпен мүдделес саяси

партиялармен бірігуі;

- парламент ролінің шектелуі немесе кейбір жағдайда жойылуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйе түрлері
Этно әлеуметтану
Биліктің негізгі міндеті
Саяси жүйенің жіктелуі
Құқықтың түрлері
Саяси мәдениеттің жіктелуі
Саяси жүйе - аса қажетті механизм
Әлеуметтік басқару жайында
Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі
Ұйымдастырушылық басқару ақпараттық жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz