Құрылыс бағасының есептік сметасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
АҢДАТПА

Дипломдық жобада: "Астана қаласындағы 66-пәтерлі тұрғын үй" жобаланған.
Диплом жобасында сәулет-құрылыс, есепті-конструкциялық және өндірістік бөлімдер бойынша инженерлік шешімдер қабылданып, экономика бөлімі АВС - 4 бағдарламалық кешенде есептелген. Жобаның толық техника-экономикалық көрсеткіштері анықталып, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бөлімдері бойынша шешімдер қабылданған.

АННОТАЦИЯ

В дипломном проекте проектирован: "66-квартирный жилой дом, расположенный в городе Астана".
В данном проекте в архитектурно-строительных, расчетно-конструкционных и производственных частях приняты инженерные решения, в экономическом разделе рассчитаны АВС - 4 программным комплексом. Выявлены общие технико-экономические показатели проекта, а также приняты решения о защите окружающей среды и безопасности жизнедеятельности.

THE SUMMARY

In the degree project it is projected : a 66-room apartment house located in the city of Astana.
In this project, in architecture and construction, settlement construction and manufacturing parts made engineering solutions to the economic section calculated ABC - 4 of programming complex. The general technical and economic parameters of the project are identified, as well as decisions on environmental protection and life safety.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 Сәулеттік - құрылыстық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..7
1.1 Құрылыс ауданының сипатамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Бас жоспардың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2.1 Іргетастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2.2 Аражабын және төбе жабын ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2.3 Едендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2.4 Жабындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2.5 Есіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2.6 Терезелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2.7 Баспалдақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2.8 Қабырғалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Көлемдік - жоспарлық шешім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3.1 Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері ... ... ... ... ... ... .. ... 11
1.4 Сәулеттік - құрылыстық шешімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.4.1 Қоршаушы құрылымдарының жылутехникалық есебі ... ... ... ... ..12
1.5 Ғимаратты инженерлік жабдықтау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...16
1.6 Инженерлік желілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.6.1 Жылу беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.6.2 Сумен қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.6.3 Желдету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.6.4 Канализация жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.6.5 Тоқпен қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2 Есептік - конструктивті бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.1 Құймалы плита жүктемесінің есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Бүтін арқалық есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.3 Д-11-осі бойынша К-1 ортаңғы ұстынын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
3 Құрылыс өндірісінің технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
3.1 Жұмыс орындалуының ұйымдастыру - технологиялық кезектесуі...36
3.1.1 Жер жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
3.1.2 Қадалы іргетастарды орнату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .37
3.1.3 Ғимарат қаңқасының конструктивтік элементтерін орнату мен қабат қабырғасының тас қалауы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
3.1.4 Жұмыс көлемін есептеу ведомостісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
3.1.5 Жұмыс көлемі мен еңбек шығындарының ведомостісі ... ... ... ... ..38
3.2 Жұмыс өндірісінің күнтізбек графигін есептеу мен құрастыру ... ... ...38
3.2.1 Жұмысшылар қозғалу графигінің оптимизациясы ... ... ... ... ... .. ... ...39
3.3 Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.3.1 Тұрғын үйдің құймалы қанқасын тұрғызу жұмыстарының технологиялық картасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
3.3.2 Өндіріс жұмысының әдісін таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .50
3.3.3 Жүкқармауыш жабдықтары мен қосалқы құрылғыларды таңдау ... .51
3.3.4 Мұнаралы кранның негізгі қажетті техникалық параметрлерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
3.3.5 Жұмыс көлемін және еңбек шығындарының калькуляциясын
құрастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
3.3.6 Транспорттық құралдарын таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 58
3.4 Құрылыс бас жоспарын өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
3.4.1 Уақытша кранасты қоймалар ауданын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ..58
3.4.2 Құрылыстың суға кажеттілігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
3.4.3 Уақытша ғимараттар мен үймереттерді есептеу ... ... ... ... ... ... ... .62
3.4.4 Құрылыстың электржүйемен қамтылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
4. Экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
4.1 Құрылыс бағасының есептік сметасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67
4.2 Локальдік смета құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68
4.3 Сметалық есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...78
5 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . .79
5.1 Ұйымдық және құқықтық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .79
5.2 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау ... ... ... ... ... ...80
5.3 Қорғаныстық шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...82
5.4 Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...85
5.5 Найзағайдан қорғанысын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 88
5.6 Өрт қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 90
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан экономикасының даму қарқынын тұрақтандыру және оны біртіндеп қалпына келтіру, модернизациялау мемлекеттің өнеркәсіптік қуатынын маңызды құрама бөлігі - құрылыс көлемін ұлғайтумен тығыз байланысты.
Құрылыс саласында ҚР конституциясы кепілдеген қала және ауыл халқынын білім алу қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған азаматтық құрылысқа ерекше көңіл бөлінген.
Азаматтық құрылыс нысандарын салудың маңыздылығына ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан - 2030 атты халыққа жолдауында баса назар аударылған.
Біздің елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының басты мақсаты халықтың материалдық және рухани өмірінің жағдайын жақсарту болып табылады. Бұл мақсатты алдағы уақытта іске асыру өндіріс тиімділігін, сонымен қатар құрылыс өндірісін мүмкіндігінше дамытуды талап етеді, яғни аз уақытта үнемді, сапалы жобалау және салу қажет.
Құрылыс сапасын арттыру оның тиімділігімен, яғни материалдар мен құрылыс өнімінің энергосыйымдылығын шағындау, жұмыстың еңбек сыйымдылығы және ұзақтылығын азайтумен тікелей байланысты. Сапаға қойылатын талаптар нақты мазмұндалуы, сонымен қатар ғимараттар мен үймереттер жобаларының барлық сатысында, конструкциялар жасауда, жинақтау және өндіріс жұмыстарында қатаң ескерілуі қажет.
Құрылыс үрдісін автоматтандыру мен механикаландыруға арналған жаңа құралдарды пайдалану, ірі блоктық жинақтау, зауыттарда даярланған құрама элеметтерді қолдану, жинақтау жұмыстарының орындалу барысын жеңілдетудің және ұзақтылығын азайтудың басты бағытына айналған.
Егеменді ҚР халық шаруашылығының бір саласы ретінде құрылыс дайындалу және тікелей іске асу барысында күрделі және санқырлы ұйымдастыру-технологияның шешімдері талап етеді. Құрылыс саласында тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар мен үймереттер өте маңызды роль атқарады.

1 СӘУЛЕТТІК-ҚҰРЛЫСТЫҚ БӨЛІМ

1.1 Құрылыс ауданының сипатамалары

Жалпы мәліметтер:
Құрылыстың орны - Астана қаласы.
Құрылыстың климаттық ауданы - 1в.
Дымқылдық аймағы - құрғақ.
Топырақ суларының сипаттамалары - агрессиялықсыз, жер бетінен жер асты суларының деңгейлік белгісі - 3,3м.
Топырақтың тоңу тереңдігі - 2,1м.
Ең салқын тәуліктердегі температурасы - 36ºС (0º-ден төмен)
Ең салқын бескүндіктің температурасы - 39ºС (0º-ден төмен)
III қарлы аймақ бойынша қардан түсетін жүктеме - 1кгсм[2]
Жел қысымының ауданы - IV, жел салмағы - 0,48 кгсм[2]

Кесте - 1. Желбағдарды тұрғызуға арналған мәліметтер.

Ай
Жел бағыттарының қайталануы, мс

С
СШ
Ш
ОШ
О
ОБ
Б
СБ
Қаңтар
1
14
7
18
19
30
9
2
Шілде
12
19
10
10
8
11
14
16

Инженерлік-геологиялық іздестірулер бойынша, алынған мәліметтерден топырақтың келесі қабаттарына қосылатын аймақтар:
Өсімдік қабаты - әртүрлі органикалық қосындылармен сипатталатын өсімдік - топырақтар қабаты;
Саздақ (аQ II-III) қызыл қоңыр түсті, құмның қабатын қосқандағы қатты үйінді (m = 2см), 2,2м тереңдігімен. Топырақтың есептік сипаттамасы: ρ=1,91 гсм³, с=35 кПа, φ=34°, Ε=7МПа;
Құмдар (аQ II-III) - үйінді, орташа тығызданған, орташа ірі түйірлі, ылғалдылығы аз 4,7м тереңдігімен. Топырақтың есептік сипаттамасы: ρ=1,74 гсм³, с=2 кПа, φ=36°, Ε=17МПа;
Сазбалшықтар (еJ2) элювиальды шұбар түсті, (қызыл қошқыл-сұр) қатты, ылғалды, аралығы 4,7-20м, ақшыл-сұры. Топырақтың есептік сипаттамасы: ρ=1,95 гсм³, φ=19°, Ε=15 МПа, с=85 кПа.
Жерасты суларының болжам жасалынған максимальды деңгейі маусымдық тербелісті есепке алғандағы белгісі 341,51 болып қабылданған.

1.2 Бас жоспардың сипаттамасы

Бас жоспар - тұрғын үй территориясының қызметтік аймақтарының кешенді шешімін, ішкі және сыртқы транспорттық және инженерлік тораптарды құрайтын жобалық-сметалық құжаттама бөлімі болып табылады.
Бас жоспарда жобаланатын ғимарат желбағдарына және бөлменің инсоляция талаптарына, санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы сақтық талаптарына сәйкес ғимараттар және тұрғын үй кешені орналастырылған.
Бас жоспарды өңдеу барысында құрылыс салынатын аумақтарды пайдалануды аса тиімді ұйымдастыру, қолайлы жүктерді және адамдардың ағымын, азаматтық қорғаныс шараларын, сәулеттік - композициялық талаптарына үйлесімді шешім шығаруды қамтамасыз етеді.
Бас жоспарда жобаланатын тұрғын үй ғимаратынан басқа, мини-маркет, автотұрақ және тағы басқа тұрғын үй ғимараттары болады.
Сонымен қатар, автомобиль жолдарының белгілері бойынша бастапқы және қосымша желілер қарастырылған. Автожолдардың қозғалысы екі жолақты және екі жақты, олардың ені 12м. Өтпе жолдардың енін 3м деп қабылдаған. Тротуарлардың ені 1,5м.
Адамдарды шаңнан және ластанған ауадан қорғау мақсатында жолдарды және тротуарларды бойлай жапырақты ағаштар, қатарланған және топтастырылған тал-шыбықтар отырғызылған.

1.2.1 Іргетастар

Іргетастардың суоқшаулағыш қабаты көлденеңінен рубероидтың бір қабатынан, ал тігінен - битумды мастиканың екі қабатынан тұрады.
Топырақтың W4 маркалы бетонмен өзара байланысы бойынша сульфатқа төзімді цементке және темірбетон құрылымдарына агрессивтілігі орташа болады.
Тұрғын үйлерге қоса салынған бөлмелердің астына қадалық іргетастардың 300х300мм қимасында L=8 м негіздері үшін біртұтас арматураланған құралым жобаланған. Біртұтас құралымда іргетас құранды бетон блоктарынан жасалынады.
Іргетастардың астына қада негіздерін қондыру барысында:
іргетастардың жұмыс сенімділігі жоғарылайды;
жерге қатысты жұмыстар азаяды;
материал сыйымдылығы азаяды;
топырақ негіздерінің "тоңдануынан" қорықпай, қысқы мерзімде жұмыс істеу мүмкіншілігі болады;
пайдалану барысында жер төлені толтыру жағдайларында және негіздерді ылғалдауда ешқандай қауіп-қатер жоқ.
Қадалық іргетастың қолайсыз жағы діңгекті орнатудағы еңбек сыйымдылығы болып табылады.

Жертөленің қабырғалары үшін іргетасты блоктардың өлшемдері: ФБС-6-6, ФБС-6-5 ФБС-6-4.
Іргетастарды еріген сулардан және жауын-шашыннан сақтау үшін ғимараттың периметрі бойынша ішкі және сыртқы қабырғалардың төменгі бөлігі қарастырылған.

1.2.2 Аражабын және төбе жабын

Аражабын тақталары - ішкі бағаналардың биіктігі 200мм арқалықсыз біртұтас темірбетон. Аражабын тақталарында желдеткіш шахталары, лифті шахталары, баспалдақ сатытізбектері, санитарлық-техникалық жылыту бағаналары, су өткізу құбырлары және канализация, сонымен қатар барлық қатынас жолдары үшін ойықтар жасалынады.
Төбе жабын тақталары үшін ішкі бағаналармен арқалықсыз біртұтас темірбетондар алынады.

1.2.3 Едендер

Едендердің келесі түрлері қолданылады:
- Санторапта керамикалық тақташа;
- Ас үйде және жалпы бөлмеде линолеум;
- Ұйықтайтын бөлмеде, кабинетте және балалар бөлмесінде ламинат;
- Кіреберіс, шығаберісте керамогранит.

1.2.4 Жабындар

Шатырдың үстіңгі жабындары - шатырларда пайдаланылатын ішкі ұйымдастырылған су ағары бар "Астин" төбе жабынды тақталар. Машина бөлмелерінің үстіңгі жабындылары - сыртқы суағары бар "Бикрост" жазық балқытылған орама материалдары.
Жылытпайтын шатырлардың машиналық бөлмелерінің биіктігі 2 м.

1.2.5 Есіктер

Сыртқы және ішкі есіктер 1,2х2,2 м; 1,0х2,2 м; 8,0х2,2 м. өлшемдерді жылытылған және жылытылмаған металды - пластикалық және ағашты материалдардан жасалынған. "ЭЛКОН " ЖШС Астана қаласы.
Бөлменің есіктері инженерлік жабдықтармен (жылу пункттерімен, су өткізгіш және өрт сөндіргіш сораптармен, электрлік қалқанмен) орналасқан өртке қарсы "Пульс" НПО Астана қаласы өндіріс орны.
1.2.6 Терезелер

Терезелік блоктар - 1,9х1,4 м; 1,4х1,4 м. өлшемдерді металды пластикалық екі камералы, үш камералы шыны пакеттермен және қос қабаттармен әйнектелген.

1.2.7 Баспалдақтар

Сатытізбек - металды арқалықтармен құранды темірбетонды сатылар
Баспалдақ алаңы - тұтасқұймалы темірбетон

1.2.8 Қабырғалар

Жертөленің қабырғалары фундаменттік блоктардан жасалынған. Тұрғын үйді қоршаушы құрылымдары М50 ертіндісінде қалыңдығы 400мм кеуекті блоктарды қалау, 3 қатар арқылы торларды арматуралау бойынша орындалған. Сыртқы жылытқыш ретінде - қалыңдығы 100мм, D=125 кгм3 минералды мақта тақталары қолданылады.

1.3 Көлемдік - жоспарлық шешім

66-пәтерлі тұрғын үйлерді жоспарлаудың көлемдік - жоспарлық шешімі ландшафтық және қоршалған құрылысты есепке ала отырып, бас жоспарының негізінде қабылданған. Он екі қабатты тұрғын үй жоспарының өлшемдері: 44,5х19,1м, қабаттардың биіктігі - 3,0м.
Үйде 2м қабат биіктігіндей жер төлесі және техникалық шатыры болады, яғни онда қоймалық бөлме, сонымен қатар инженерлік жабдықтары (жылу пункттері, электрлік қалқандар, су жүргізетін сораптар, өрт сөндіру сораптары) қарастырылған бөлме орналасқан. Бірінші қабатта секциялардың кіреберістері, ортақ дәліз және баспалдақ торлары, қоқыс жинайтын камера қарастырылған. Тұрғын үйде екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлер орналастырылған.
Пәтердің барлық бөлмелері табиғи жарықпен жарықтандырылған, пәтер бөлмелерінде жеке кіреберістер бар, бөлменің биіктігі - 2,7м. Асхана бөлмесі соратын табиғи желдеткішпен, жуғышпен, электрлік плитамен жабдықталған. Асхана жабдықтары тұрған қабырғалар жылтыраған тақташалармен, ал қалған қабырғалары жуатын түсқағаздармен, сулыэмульсиялы бояулармен қапталған.
1-ші климаттық аумақтағы баспалдақ торларында және тамбурда қосарланған жылытқыш есіктерінің кіреберісі жылу беру қондырғыларымен орнатылған.
Баспалдақтық торларды күнделікті пайдалану үшін тұтас темірбетонды элементтерден жасау жоспарланған. Баспалдақтың кіреберіс торабында жеке бетонды сатылардың жиынтығы жасалынған.
Екі тізбекті баспалдақтар басқыш алаңдарына сүйенеді. Баспалдақтың еңістігі - 1:2. Баспалдақ торларында 1-ші және жер төле қабатының арасында қызметкерлерге арналған бөлмелер бар, олардың есіктері және есіктерінің қораптары қалайымен қапталған.
Шатырға баспалдақтық торлардан отқа төзімді есіктермен жабдықталған, металды сатылармен шығуға болады. Баспалдақ торлары жасанды және табиғи жарықтандыру жолымен, терезенің ойығы арқылы жарықтандырылады. Баспалдақ торларында және тамбурда барлық есіктер ғимараттың сыртқы жағына ашылады. Баспалдақтардың қоршалуы металдан жасалынған түйіндерден жасалынады, ал тұтқасы ағашпен қапталған.
Тігінен орналастырылған коммуникациялар үшін жүк көтерімділігі 400 кг. өте жоғары жылдамдықпен монтаждалатын лифтілік қондырғысы бар лифтілік біртұтас темірбетонды шахта қарастырылған. Лифтінің машиналық бөлімі техникалық қабатта жайғастырылады, себебі басқаратын арқандардың ұзындығын 3 есеге азайтуға, лифтінің кинематика схемасын жеңілдетуге, ғимараттың көтергіш құрылымдарының жүктемесін азайтуға, блоктарға арналған арнайы бөлмелерді болдырмауға мүмкіндік береді. Демек, лифтінің құны және пайдалану шығындары едәуір қысқарады. Алайда машиналық бөліктің осындай жайғасуы дыбыстық-шуылдардың болуына азда болса қолайлы болады.
Пәтерлердің анықталған қызметтік аймақтары көкжиекке қолайлы бағытталып алынған.
Ғимараттағы пәтерлердің негізгі қызметтік аймақтары болады:
- жалпы аймағы (Қонақ қабылдауға арналған және т.б.);
- демалыс аймағы (ұйықтайтын, балалар бөлмесі);
- кіреберіс-тарату аймағы (дәліз, ауыз үй);
- шаруашылық аймағы (асхана);
- санитарлық-гигиеналық аймағы (дәретхана, жуынатын бөлме);
- қосымша аймағы (қойма, жер қоймасы, шатырлар, балкон).
Жабындардың ішкі ұйымдастырылған суағарлары болады.

1.3.1 Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері

Ғимараттың іргесіндегі бірінші қабат қабырғаларының белгілері -0,400 кіреберістері гранитті тақташалармен қапталған. Қабырғалардың белгілері -0,400 жоғарғы жағы керамзитті гранитті тақташалармен қапталған. Ортақ дәліздердің, тамбурлардың және секциялардың кіреберіс бөліміндегі қабырғалардың ішкі беттері сылақпен сыланады, тегістеледі және "Камаротекс" универсал текстуралы төбе жабындыларымен өңделеді.
Баспалдақ торларының және тамбурлардың қабырғаларының ішкі беттері бірінші қабаттағы бөлмелердің кіреберістері, шатырға шығатын бөлмесі, сонымен қатар қоймалық, қосалқы бөлмелер және инженерлік жабдықтар (электрлік щит, жылу беру пункті, су жүргізетін және өрт сөндіру сораптары) орналасқан бөлмелер сылақпен сыланады, тегістеледі және сулы эмульсиялы бояулармен боялады. Қоқыс жинау камераларының қабырғаларының ішкі беттері сылақпен сыланады, тегістеледі және жылтыр тақташалармен қапталады.
Бөлменің төбесі тегістеледі және сулыэмульсиялы бояулармен боялады.

1.4 Сәулеттік - құрылыстық шешімдер

Он екі қабатты тұрғын үйдің көтергіш қаңқасы - тұтасқұймалы темірбетонды бағаналардан және арқалықсыз аражабындардан, тұтасқұймалы қаттылық диафрагмаларынан және тұтасқұймалы лифт шахталарынан тұрады.

1.4.1 Қоршаушы құрылымдарының жылутехникалық есебі

Қоршаушы құрылымдарға қажетті ішкі кедергісі формула бойынша анықталады:

R0тр = (n(tв-tн))Δtн

мұндағы tв =18ºС - ішкі бөлменің ауа температурасы;
n = 1 - сыртқы ауаға және қоршаушы құрылымдардың сыртқы бетіне қатынасы бойынша алынатын коэффициенті;
Δtн= 6ºС- ішкі ауа және қоршаушы құрылымдардың ішкі беттік температурасы арасындағы нормативтік температураның айырмасы;
α в=8,7 Втм2 ºС - қабырғалар үшін, қоршаушы құрылымдардың ішкі беттік жылу беру коэффициенті;
tн - сыртқы ауа температурасы формула бойынша, ºС.

tн=( tх5+tс)2=(-39+(-36))2=-38 С ;
R0[тр]= (1(20+38))6·8,7 = 1,1 .

Сонымен R0тр = R0 болса, онда теңсіздік шарттарынан қоршаушы қабырғалардың қалыңдығын формула бойынша анықталады:

R0 = 1α в+ R1 + R2 + R3 + 1α н = R0тр ,

мұндағы α н= 23,2 Втм[2] ºС - қысқы мерзімде жылу беру коэффициенті;
R1 - жылу берудің бірінші қабаттағы кедергісі;
R2 - жылу берудің екінші қабаттағы кедергісі.
ҚР ҚНжЕ 2.04-21-2004 "Электрлік тұтынушы және азаматтық ғимараттарды жылудан қорғау" шарттарына сәйкес есептеу жұмыстары жүргізілген. Бөлменің ылғалдылық ережелеріне және ылғалдылық аймағына байланысты қоршаушы конструкцияларды пайдаланудың шарттары.
Қабырға келесі қабаттардан тұрады:
1 қабат - қалыңдығы 0,020м цементті-құмды ертіндіден тұратын қабырға сылағы;
2 қабат - қалыңдығы 0,4 м кеуекті бетонды блок;
3 қабат - жартылай қатты минералды мақта жылытқышы.

Сурет 1. Қабырға құрылымы

Қабырға құрылымдарына арналған материалдардың физикалық қасиеттері:

1) Цементті-құмды ертіндіден тұратын қабырға сылағы:
- тығыздығы 1=1800 кгм3;
- жылуды өткізу коэффициенті 1=0,52 Вт(м*С);
- жылуды сіңіру коэффициенті S1=7,0 Вт(м2*С).
2) Жеңіл кеуекті бетоннан жасалған қабырғалық блок:
- тығыздығы 2=800 кгм3;
- жылуды өткізу коэффициенті 2=0,41 Вт(м*С);
- жылуды сіңіру коэффициенті S2=6,13 Вт(м2*С).
3) Минералды мақта жылытқышы:
- тығыздығы 1=125 кгм3;
- жылуды өткізу коэффициенті 1=0,087 Вт(м*С);
- жылуды сіңіру коэффициенті S1=1,32 Вт(м2*С).

Қоршаушы құрылымдардың массивтік дәрежесі формуламен есептеу барысында олардың жылу инерцияларының D сипаттамалары есептелінеді:

D=R2*S2+R1*S1;

D=2,44*2*6,43+0,0263157*9,6;

D=15,6892*2+0,2526307.

Онда:
2=(D-0,2526307)15,6892.

Егер D1,5 (қоршаушы конструкциялар инерциясыз) болса, онда сыртқы ауаның температурасын аса суық тәуліктерде 0,98 деп қабылдаймыз.

2(1,5-0,2526307)15,6892=0,0795 м;

Егер 1,5D4 (қоршаушы конструкциялар аз инерциялы) болса, онда сыртқы ауа температурасын аса суық 3 күндік тәуліктерде 0,92 деп қабылдаймыз.
2(4-0,252607)15,6892=0,239 м;

Егер 4D7 (қоршаушы конструкциялар орташа инерциялы) болса, онда сыртқы ауа температурасын аса суық 3 күндік тәуліктерде 0,92 деп қабылдаймыз.

2(7-0,2526307)15,6892=0,43006 м;

Егер D7 (қоршаушы конструкциялар жоғары инерциялы) болса, онда сыртқы ауа температурасын аса суық 5 күндік тәуліктерде 0,92 деп қабылдаймыз.

20,0,43006 м.

Санитарлық-гигиеналық жағдайларда қоршаушы құрылымдарға жылу берудің қажетті кедергісі формула бойынша анықталады:

(м2*СВт) ,

Мұндағы n- сыртқы ауаға және қорғаушы құрылымдардың сыртқы бетіне тәуелділігі бойынша алынатын коэффициент, сыртқы қабырғалар үшін n=1 тең.
tн=6;
в=8,7 Вт(м2*С)- қоршаушы құрылымдардың ішкі беттеріне жылу беру коэффициенті;
tв=15С - ішкі ауаның есептік температурасы;
tн- сыртқы ауаның қысқы есептік температурасы, С.
Онда:

(м2*СВт).

Көпқабатты қоршаушы құрылымдарда жылу берудің кедергісі формула бойынша анықталады:

,

Мұндағы н=23 Вт(м2*С)-қоршаушылардың сыртқы бетіндегі жылу беру коэффициенті.
Мына шартты сақтау талап етіледі:

,

Онда:





Немесе:




Сонда қажетті қабырғаның қалыңдығы rэф коэффициентін қосып есептегенде 1.5 тең болады, қоршаушы құрылымдардың қажетті кедергісінің мәнін формуламен есептейміз:



Конденсаттық есебі (шық нүктесі).
Егер t = 18ºС және 100% ауаның ылғалдылығы 15,3 гм3, егер 60% ауаның ылғалдылығы
15,3 · 0,6 = 9,18 гм3

Бұл ылғалдылық сандары tк = 10ºC ылғалға қаныққан.

Қабырғалардың ішкі беттік температурасы

τ = t в - (tв +tн)R0 · 1α в ,

τ = 18 - (18 +39)1,247 · 18,7 = 12,7ºС

Демек, қабырғаның беттерінде конденсат құрылмайды.
Қалқалар және ішкі қабырғалар D=800 кгм3 кеуекті бетон блоктарымен жартылай қаланған, М50 ертіндісінде 3 қатарда қалау және торларды арматуралау.

1.5 Ғимаратты инженерлік жабдықтау

Тұрғын үйдің су жүргізетін - шаруашылық - ауыз су негіздерінің есептік қысымы 40м болады.
Канализация - шаруашылық - тұрмыстық қалалық тораптармен қамтылған
Жылу беру - орталықтандырылған сумен жылыну. Жылу тасымалдау температурасы 95-70ºС.
Желдету - табиғи.
Ыстық сумен жабдықтау - ішкі жүйелер негіздерінің есептік қысымы 40м.
Газбен жабдықтау - сыртқы жүйелерден газды плиткаларды қосу.
Электр жабдықтары - П категориялы сыртқы желілерден, кернеу 380220В, жарықтандыру - қыздыру және люминесценттік шамдар.
Байланыс құрылғылары - радиоландыруды, ұжымдық параболалық антенналар, телефондандыруды, өрт сөндіру сигналдарын беру.
Жолаушыларды тасымалдайтын лифтінің жүк көтергіштігі - 400 кг.
Қоқыс жинау - 1 қабатта ауысымды контейнерлері бар камера.

1.6 Инженерлік желілер

Инженерлік желілер бөлімін орындау үшін берілген мағлұматтар:
1. Қысқы бескүндік сыртқы ауа температурасы есептік жылу жүйесі үшін tнхп= - 32 ˚С, қысқы ауаның неғұрлым суық тәуліктік температурасы tнхс = -36˚С, ал жазғы есептік желдету жүйесі үшін tж=19°С.
2. Ішкі бөлмелер температуралары:
Тұрғын бөлмелер - tж.к.=20°С;
Тазалық бөлмелері - tс.у.=25°С;
Кіреберіс - tприх.=16°С;
Асхана - tкух.=15°С.
3. Сумен қамтамасыз ететін қалалық тораптардың кепілденген арыны Нкеп=20 м.
4. Орталық жылумен қамтамасыз ету үшін жылу тораптарының шамасы 120-70 °С.
5. Тәуліктік ауыз-шаруашылық су шығыны Qх.в.=6,5 м3тәу.
6. Тәуліктік ыстық су шығыны Qг.в.=6,8 м3тәу.

1.6.1 Жылу беру

Ғимаратты жылумен қамту сыртқы орталық жылу тораптарынан қарастырылған.
Қалалық жылу құбырлары жылу көзі болып қабылданған. Жылумен қамту жүйесiнің графигі 120-70ºС. Жылумен қамту жүйесi үшiн жылутасығыш болып температурасы 70-95ºС ыстық су болып табылады. Жылумен қамту жүйесi ЖЭС-тен шығарылып жылу құбырлары арқылы түрлі бөлмелерде мен қабаттарда орналасқан жылыту жабдықтарына тарайды. Жылыту жабдықтары ретiнде маркасы М-90 типтi секциялы радиаторлар қабылданған. Жылу жобасы техникалық жерасты бөлмесі бар ғимарат үшін қарастырылған. Қысқы аязға қарсы жылу құбырларын қалыңдығы 50мм болатын минералдық мақтамен маркасы URSA қапталынып оқшауланады. Бөлме ішіндегі құбырлар және жылыту қондырғылары май бояумен 2 рет қайталана сырланады
Жүйеде d = 4мм сопласы бар элеватор № 1 қолданылады.

1.6.2 Сумен қамтамасыз ету

Суық және ыстық сумен қамтамасыз ету қалалық орталық магистраль торабында қарастырылған. d = 100мм шойын құбыдан кіріс қабылданған.
Ішкі су бағытталушы құбырды d=15-75мм су - газ өткізетін мырышталған шойын құбыр ретінде жобаланған. Су құбырлары жасырын орнатылған. Сумен қамтамасыз ететін қалалық тораптардың кепілденген арыны 6 қабатты сумен қамтамасыз етеді. Сумен қалған қабаттарды қамтамассыз ету үшін, маркасы 4 КМ-8а сорап толтыратын жоғарғы техникалық бөлмеде көлемі 2м3 резервуар орнатамыз.
Сораптың техникалық мәліметтері:
Берілуі, лс 17;
Арын, м.су ст. 49;
Айналу жиілігі, айнмин 2900;
Сорап валының қуаты, кВт 13,9.

1.6.3 Желдету

Жобада табиғи желдету, каналдық желдету және үйлестірмелі-тартқыш желдету қарастырылған. Тартқыш типтi тазалық бөлмелері мен асханада қолданылады. Қосымша терезе форточкалары арқылы ауа алмастырылып күшейтіледі.
Қабырға ішінен өтетін каналдардың жобадағы өлшемі d = 120мм. Өлшемдері 200х200 мм әрбір 4 қабаттағы бөлек тұрған тік сорғыш каналдар 250х200 мм өлшемді бір магистралдық каналда біріктіріледі. Оларды шатырда орналасқан өлшемі 600х500 мм зонтпен қорғайды.

1.6.4 Канализация жүйесі

Тұрғын үйдің канализация жүйесі тұрмыстық және орталықтандырылған түрде жобаланған. Жобаланған тұрғын үй қала ортасында орналасқандықтан, канализация құбыры орталық қалалық канализация жүйесіне қосылған.
Тазалық бөлмелер жобада санитарлы-техникалық кабинамен қабылданған. Iшкi канализация жүйесi сыртқы канализациялық тораптағы құдыққа ағызылатын құбырлары бар. Бағандардың канализация магистральдарына қосылған аймағында техникалық еденасты бiрiншi және бесiншi қабаттарда орналасқан. Канализация бағандары қабырғаның төменгi бөлiгiнде орналасқан. Суқұбырлары мен канализациялық тораптарды қалыпты пайдаланып жасалуын қамтамасыз ету үшiн магистральды құбырлар, алаңдағы тарамдар мен жабдықтар олардан қажеттi судың шығуына мүмкiндiк беру үшiн 0,001-0,006-га көлбеулену қажет.
Канализациялық бағандар ешқандай үзiлiссiз тiк орналасуы қажет. Ауытқу тiк бағытта 2 мм-ден 2м-ге дейiн ұзындықтағы құбырлар болуы мүмкiн. Канализация шойын құбырларынан, диаметрі ø 125 мм жобаланады. Жертөлеге унитаздан келген арам су, полиэтилен құбыр жүйесі арқылы диаметрі ø100 мм және көлденең аумақта 0,02 көлбеуленумен іске асады. Ал пәтер аралық ажыратулар көлбеуленуі 0,035, диаметрі ø50 болатын полиэтилен құбырларымен жобаланады. Канализация құбырларын орналастырғанда жертөледе ашық түрде, пәтер аралық канализация құбырлары жасырын етіп орнатылады.
Канализация құбырлары жертөледен іргетас ойықтары өлшемі 400x400 мм арқылы орталық желіге қосылады. Іргетас ойығымен жанасқан жеріндегі бос орынды кірпішпен қалап, маркасы М75 цемент-құм ертіндісімен сыланады.

1.6.5 Тоқпен қамтамасыз ету

Тұрғын үйдi тоқпен қамтамасыз ету сылақ жұмыстарынан бұрын жүргiзiлуi шарт. Көп жағдайда үйге тоқты асбесттi цемент құбысларға кабельдер орнату арқылы жүзеге асырылады. Ол іргетастан тыс жерде орналасады және кабельдер болат құбырлармен қоршалып тұрады.
Тұрғын үйдің электр тораптарындағы кернеулер 380220В, ал жарық шамдары кернеулері 220В болады. Тұрғын үйді жарықпен қамтамасыз ету ҚНжәнеЕ 23.05-95 Табиғи және жасанды жарықтандыру талаптарына сәйкес болуы тиісті.
Жалпы жарықтандыру жарықтандырғыш жарық шамдарымен және люминесценттік шамдармен қамтамасыз етіледі. Балалар бөлмелерінде сөндіргіштер мен штепсель розеткалары жерден 1,5м биіктікте орнатылады.
Тұрғын үйде электр өткiзгiштер ашық жүйеде қолданылады. Олар жабын тақталарда орналасады. Электр өткiзгiштердiң торапты жүйесiн тұрғын үйге қолдануға өте ыңғайлы. Себебi, мұндай жүйеде электр өткiзгiштердi айырбастау жұмыстары таратқыш қораптардың бiр-бiрiне бүтiндей ауыстыру мүмкiндiгi бар. Тұтынушы жүйелер поливинилхлоридтi жабынмен қапталган электр өткiзгiштермен койылады. Оны электр панельге орналастыру жұмыстары жабын тақталарда. Арнайы бөлiнген жерлер арқылы кiргiзiледi. Электр панельдердегi тiректердiң тоқ өткiзгiштерi қиылмайтындай етiлiп жасалады. Әрбiр пәтерде арнайы электр қуатын реттеп, қанша пайдаланылғанын көрсетiп тұратын есептегiш құрылғылар болады және тоқ жүйесiн өздiгiнен реттеп тұратын қорғаныш жүйесiн орнату да жұмыстары қарастырылады.
Байланыс жүйелерi: радио, телефон және теледидар -- осы құрылғылардағы электр өткiзгiштер арнайы және жеке электр тораптарында орналасады. Ол жалпы тұрғын үйдi тоқпен қамтамасыз етiп тұрған өткiзгiштердiң орналасып тұрған электр тораптар каналына жекеленген түрде тігінен орналасады. Пәтерге байланыс жүйелерін енгізу электр тораптарына көлбеу каналдар бойымен орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

2 ЕСЕПТІК - КОНСТРУКТИВТІ БӨЛІМІ

Құймалы жабынның конструктивтік сұлбасын құрастыру.
Көлденең раманың арқалықтары - тіреуде шеткі және ортаңғы ұстындармен қатты қосылған. Плита жабындары - тегіс құймалы. Аражабындары ұстындарға тіреледі.
Көлденең және тік бағыттағы ғимарат қаттылығы, әр ұстын қатары бойынша бір ортаңғы аралықта және баспалдақ - лифт шахталарында орнатылған, тік қатты қалқандармен қамтамассыздандырылады. Қатты көлденең дискілер сияқты жұмыс істейтін, аражабын арқылы берілетін жел жүктемесі,тік байланыстар мен көлденең рамалар функциясын орындайтын, қаттылық қалқандарына беріледі.
Есеп үшін, алдын - ала раманы құрастырып алып, 11 осі бойынша жүктемелерді жинаймыз. Аражабын мен төбежабынның 1м2 - тағы жүктемелерді, сондай - ақ, жабын деңгейінде рамаға түсетін жел жүктемесін де жинаймыз.
11 осі бойынша раманың есептік схемасы 2.1 суретінде берілген.
Бірінші топтағы құймалы аражабын плитасының есебі. Контур бойынша тірелген құймалы плита жүктемесін жинау.

2.1 Құймалы плита жүктемесінің есебі

Кесте - 2.1. 1м2 - тағы жабынның нормативті және есептік жүктемелері.

Жүктеме түрі
Нормативті жүктеме, Нм2
γf
Есептік жүктеме, Нм2
Тұрақты, оның ішінде.:
Құймаоы плитаның өзіндік салмағы δ=200мм (ρ=25200кгм[3]);
Домен шлака қабаты δ=50мм (ρ=1000кгм[3]);
Цементті-құмды төсем қабаты, δ=50мм (ρ=2000кгм[3]);
Пенобетон блоктарынан қалау (200х188х388)плита контуры бойынша(ρқалау=1200кгм[3])

5000

500

1000

13440

1,1

1,2

1,2

1,1

5500

600

1200

14800
Барлығы:
19940

22100
Уақытша
оның ішінде:
ұзақты
қысқауақытты

1500

300
1200
1,2

1,2
1,2
1800

360
1440
Толық жүктеме
21440

23900

Cурет 2.1 - Көлденең раманың 11 осі бойынша есептік схемасы.
Аражабын есептеу үшін Д-Ж10-11осімен пайда болған плита панелін аламыз (сурет 2.2). Плита панелінің есебін жуық әдіспен келтіреміз.

Сурет 2.2 - Құймалы темірбетон панелінің есептік схемасы

Аражабын есебі үшін, алдын - ала плитаның ұстынмен басылу есебін жүргіземіз, мұнда келесі шарт орындалуы керек:

,

Мұндағы Q - басылу күші, кН;
b - басылу пирамидасының орта периметрі, м;
х және у - остен ұстынның плитамен жанасуға дейінгі аралық, м;
h0 - бетондағы тірелу қысымының 45º бұрышпен таратылуынан болатын, қиғаштық пен нормаль аралығы, м;
Алдын - ала есеп үшін, ұстын өлшемдерін - 0,4 х 0,4м, плита биіктігін -0,2м қабылдаймыз (сурет 2.3).
Формула бойынша:

;
.

Онда - шарт орындалмайды.

Формуласы бойынша:

,
.

Онда - шарт орындалады.

Сурет 2.3 - Плитаның ұстынға тірелуінің есептік сұлбасы

Ұстында бірсөрелі бұрыштықтардан 0,2х0,2м шығырларды қарастыра отырып, қайта есеп жасаймыз (сурет 2.4).

Сурет 2.4 - Плитаның ұстын шығырына тірелуінің есептік сұлбасы

Бетон мен плита арматурасының беріктік сипаттамасы.
Құймалы темірбетон аражабынының плитасын А-III классты арматурамен армирлайды. Плита жарықша алу қабілетіне үшінші категориялы талап етеді. В25 классты ауыр бетон, арматураға сәйкес (1 ұсын.1...4) призмалық беріктік нормативті Rbn=Rb,ser=18,5МПа, есептік Rb=14,5МПа; бетонның жұмыс жағдайының коэффициенті γb2=1,0; созылудың нормативті кедергісі Rbtn=Rbt,ser=1,6МПа; есептік Rbt=1,05МПа; бетон алғашқы серпімділік модулі Eb=30000МПа.
Тік оське нормальдің қимасы бойынша плита беріктігінің есебі. Плита панелінің беріктігін шекті тепе-теңдік әдісімен есептеу.
Жарықтағы плитаның есептік аралықтары l01=560 - 40=520 см; l02=580 - 40=540 см
Қатынасы
3 - кесте бойынша, ; ; аламыз.
Конструктивті жағдай бойынша 50% арматураны 14l1=5604=140см аралықта контур арқалықтарынан бөлектейміз. Сонда формула [1] бойынша, панель плитасы серпімділігінің М1 моментінің мәнін шығарамыз:

Формулаға мәндерді қойып, аламыз:

Осыдан
;

Плита панелінің арматура есебі.
Плита панелінің арматурасын, шекті тепе - теңдік әдісімен алынған, γn=0,95 коэффициентін ескере отырып, момент мәндері бойынша есептейміз. 1м плита енінің, h=20см, қалыңдықтағы арматура қимасын таңдау, h01=20-1,5=18,5см; h02=20-21,5=17,5см.

Аралықта:

Контурдың (14) l01 нен істержін кесілуінің 50%-ін ескере отырып, әр бағытта 5ø12 А-III с АS=3,93см2 деп аламыз.
Істержін адымдарын 1м плита еніне, адымы 200 мм - ден 5 істержіннен болады деген шарттан аламыз.

Арқалық контуры бойынша тіреулерде:

Әр бағытта 5ø12 А-III с АS=3,93см2 деп, ал істержін адымын - 200мм. деп аламыз.

Панель плитасының иілуін анықтаймыз.
(l01520 м; l021=540 м) бітелу орнында жарықша пайда болу мезетінде, аралық ортасындағы момент пен сәйкес иілу [3] кестесі бойынша келесіге тең болады:
болғанда
мұндағы
Жүктеме мынадай жарықша пайда болуына сәйкес,

жүктемесінде моменттер аралықта мына шамаларға ие болады:

Аралықтағы жарықшалар пайда болу моменттері: МТ=12000Н·см, сонда, плита жұмысын жүктеме өсімінде еркін тірелген деп елестетіп, күш пен иілуді анықтауға болады.

Осыдан:

Мпр - тен аралықта жарықша пайда болған мезгілде жалпы жүктеме осыған тең болады:

.

Қыстыру жерлеріндегі жарықша пайда болуына себепші, плита ортасындағы майысу:
,
Мұндағы . μ=0,2 болғанда (2.10 формула) бойынша:
.

Δр жүктеме өсіміндегі майысу, плитаға еркін тірелген есебінде, келесіге тең болады:

.

Жарықша пайда болған мезгілде, плита ортасындағы толық майысу келесіге тең болады:

Плита ортасындағы шекті майысу кестесі бойынша:

Мұндағы,

Жабынға түсетін есептік нормативті жүктеме рп=21,44кНм2=2,144Нсм2.
Плитада мұндай жүктемеде қыстырылған орын мен аралықта, жарықшалар пайда болады, ал майысу есептік нормативті жүктемеде формуласы бойынша табылады:

Майысудың жуықты есептеу әдісінде жүктеме қозғалысының ұзақтылығын, келесі жуықтау формуласымен ескеруге болады:

Салыстырмалы майысу:

Плита панелі ортасындағы жарықша ашылу енін анықтау (арматураны алдын - ала кернеулемей):

Мұндағы, , сонда .

Құймалы темірбетон плитасын, керме әсерді ескере отырып, есептеу.
Конструкцияның шекті майысуын, λ созымдылықпен, формуласымен есептейміз ( п.2.7[2] сәйкес ) λ=0,5:

Құймалы темірбетон плитасының қиғаш қимасының беріктік есебі.
Қиғаш қимасының беріктік есебін 1м еніне жүргіземіз. Тіреуде Q=69,31кН. Есептік қиғаш қиманың с тік осіне проекциясын, тізбектей анықтау арқылы шығарамыз:

мұндағы φf =φn=0; есептік қиғаш қимада Qb=Qsw=Q2, осыған сәйкес
, с=36см. деп аламыз.
Көлденең істержіндермен қабылданатын, көлденең күштер мәндерін шығарамыз:
Qsw=Q2=693102=34650Н;
qsw= Qsw c=3465036=936Нcм.

d=12мм тік арматурамен байланыстыратын, көлденең істержіндердің диаметрін, конструктивті түрде тағайындаймыз.
dsw=6мм Вр-I, RSW=175МПа деп аламыз.
Жұмыстық арматураларды 2 төмен, 2 жоғарғы істержіндерден жеке каркастарға, технологиялық оймен жинаймыз да, ал қысқа жағынан қамыт түрінде келген көлденең істержіндерімен панельді есептейміз. Сонда қиманың 1м плита еніне көлденең арматураның 5 істержінін қарастырамыз - 5ø6 А-I с АS=1,415см2.
Көлденең қамыттар адымы , конструктивті түрде s=20см. аламыз.
Аражабын плитасының арматурасын, кең байланған торымен және каркастарымен, құрастыруды сызбада қарастырамыз.
ұстын арматурасының қосылысуын дәнекерлеумен орындаймыз. Арқалықты екі байланған каркастармен армирлаймыз. Аралықтағы және ұстындағы кесілген істержіндерді теориялық үзілу орнына ,W бітелу ұзындығына кіргізеді. Осы жерде үзілген істержіндер анкерлеуінің ұзындығын анықтаймыз .

2.2 Бүтін арқалық есебі

Арқалық есебін формула бойынша жүргіземіз. Құймалы темірбетон плитасындағы арқалық қимасын,конструктивті түрде h=200мм;b=400мм. деп аламыз. Жүктемелер арқалықтарға, контурының бұрыш биссектрисаларымен шектелген плита ауданынан жеріледі, яғни үшбұрыштар заңы бойынша аз аралықтан, ал үлкенінен - трапеция бойынша. Арқалықтың есептік сұлбасы көрсетілген (2.5 суретте).

Сурет 2.5 - Аражабын плита арқалығының есептік сұлбасы

Арқалық есебін Лира бағдарламасымен алынған есептер шешімдері бойынша жүргіземіз.
Арқалықтың есептік аралықтары: жарықта l01=580 - 40=540 см; l02 =560 - 40=520 см .
Арқалықтың тік арматура қимасынң есебі.
Арқалық қимасын конструктивті түрде h=200мм; b=400мм. деп аламыз.
Арқалық қимасы, сығылған зонадағы сөресімен таврлы болып келеді.
Қатынас:

Қиманың қандай есептік жағдайға жататындығын тағайындаймыз - бұл жағдайды ұстағанда, нейтраль ось сөреден өтеді: , h0=h-1,2=20 - 2,0=18,0 см:

.

Сонда 0,95·138,21·105=131,3Н·см=14,5(100 )·280·20·(18,0 -0,5·20)=714,6·105 Н·см- жағдайы орындалады, есепті ені b′f. тікбұрышты қима элементі сияқты жүргіземіз. Формула бойынша шығарамыз:

.

Кесте бойынша ζ=0,943. Төменгі арматураның қима ауданын анықтаймыз:

Екі байланған каркасқа төменгі арматураны аламыз: АS=10,18см2 ауданымен - 4ø18 А-III.
Жоғары арматура қимасының ауданын, екі тіреудегі орта моменттер бойынша анықтаймыз:

Формуласымен есептейміз:

,

Кесте бойынша ζ=0,978, ξ=0,34.
Жоғары арматураның қима ауданын формуламен анықтаймыз:

.

Екі байланған каркаста жоғарғы арматураны қабылдаймыз - 4ø18 А-III с АS=10,18см2.
Арқалықтың тік арматурасының жалпы қима ауданы - 8ø18 А-III с АS=20,36см2. Армирлеу проценті.
Сығылған зона сипаттамасын мына формуламен есептейді:

ω=0,85-0,008·γb2·Rb=0,85-0,008·1·14 ,5=0,73

Сығылған зонаның шектелген биіктігін мына формуламен есептейді:

Мұндағы σSR =280МПа;
=5400МПа, γb2=1.болғандықтан,
ξ=0,34 ξR=0,614 - шарт орындалады.

Арқалықтың қиғаш қимасының беріктік есебі.
Тіреулерде QА=109,7кН; QВ=134,26кН.
Есептік қиғаш қимасының с осіне проекциясын тізбектей анықтаймыз:

мұндағы, φf =φn=0; есептік қиғаш қимада Qb=Qsw=Q2, ендеше,
, с=36см. деп аламыз.
Көлденең істержіндермен қабылданатын, көлденең күштер мәндерін шығарамыз:

Qsw=QА2=1097002=54850Н;
qsw= Qsw c=5485036=1460Нcм.

Көлденең істержіндер диаметрін d=18мм, тік арматурамен дәнекерленуі жағдайынана тағайындап, dsw=6мм А-I, RSW=260МПа деп аламыз.
Технологиялық оймен, арқалықты қамыт түрінде келген көлденең істержіндерімен екі каркасқа жинаймыз. Сонда қарастырылатын қимада көлденең арматураның 4 істержінін қарастырамыз - 4ø6 А-I с АS=1,13см2.
Көлденең қамыттар адымы, конструктивті түрде s=15см. аламыз.

Жоғары көлденең күште QВ=134,26·0,95=127,5кН. , s=15см мәнінің жеткіліктігін тексереміз.

, с=36см.деп аламыз.

Көлденең істержіндермен берілетін, көлденең күш шамасы табамыз:

Qsw=QВ2=127,52=63,75кН;
qsw= Qsw c=6375036=1700Нcм.

Көлденең қамыттар адымы, s=15см - шарт орындалады.

2.3 Д-11-осі бойынша К-1 ортаңғы ұстынын есептеу

Д-11 ортаңғы ұстындағы күшті анықтау.
Ортаңғы ұстындағы жүктелу ауданы Sгруз=5,1х4,9= 25м2.
Жертөле ұстынының, ұзақты жүктемеден тік күші - N=4342кН, сондай, толық жүктемесі - N=4855кН.
1-ші қабат ұстынының, ұзақты жүктемеден тік күші - N=4015кН, сондай, толық жүктемесі - N=4488кН.
4-ші қабат ұстынының, ұзақты жүктемеден тік күші - N=3027кН, сондай, толық жүктемес - N=3380кН.
7-ші қабат ұстынының, ұзақты жүктемеден тік күші - N=1092кН, сондай, толық жүктемесі - N=2273 кН.
10-ші қабат ұстынының, ұзақты жүктемеден тік күші - N=2039кН, сондай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау
МЕКЕМЕНІҢ АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТЫ
Өнімнің өзіндік құнының теориялық аспектілері
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы және жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
Кәсіпорынның пайдасының теориялық негіздері
Өндіріс есебінің ұйымдастырылуы
Қаржы - шаруашылық қызметті талдау
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері туралы мәлімет
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-на қарыз нысанында қаржыландыру алуға өтінімдерді қарау үшін ұсынылатын инвестициялық жобаларға арналған бизнес-жоспар
Көмірсутегілік шикізатты өндірудің технико- технологиялық ерекшеліктері
Пәндер