Оқытуды сыныпта даралау технологиясы


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары Білім министрлігі

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

ӘОЖ

МАГЗИЕВА АЙГЕРИМ ТУРСЫНОВНА

Білім беруді цифрландыру жағдайында білім алушылармен ғылыми-зерттеу жұмысын даралау

7М01501 Информатика

педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация

Ғылыми жетекшісі:

Ph. D, қауымдастырылған

профессор

Адиканова С.

Ғылыми жетекшісі:Ph. D, қауымдастырылғанпрофессорАдиканова С.:

« Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар » кафедрасының меңгерушісі Кабдрахманова З. Г.

Ғылыми жетекшісі:Ph. D, қауымдастырылғанпрофессорАдиканова С.:

Норма бақылаушы:

Адиканова С.

Өскемен қ.

2023 ж.

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
3
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: КІРІСПЕ
3: 4
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: 1
3: ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ғылыми-зерттеу жұмысын даралауДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
6
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: 1. 1
3: Білім алушылардың оқу дағдыларын даралаудың концептуалдық негіздері
6
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: 1. 2
3: Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың мәні мен мазмұны
14
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: 1. 3
3: Білім беруді цифрландыру жағдайында білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын даралауды дамытудың моделі
18
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: 2
3: БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
26
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: 2. 1
3: Веб-платформалар мүмкіндіктерін қолдану ерекшеліктері
26
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: 2. 2
3: Quick Response негізінде жылдам ақпарат алуды жүзеге асыру
31
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: 2. 3
3: Бейнесабақ әдісі арқылы білім алушылардың оқу-зерттеу дағдыларын жетілдіру
35
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: 3
3: БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ДАРАЛАУДЫ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС
40
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: 3. 1
3: Білім беруді цифрландыру жағдайында білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын даралау бойынша тапсырмалар жинағы мазмұны
40
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: 3. 2
3: Тапсырмалар жинағын ұсынудың электрондық қосымшасы құрылымына сипаттама
43
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: 3. 3
3: Білім беруді цифрландыру жағдайында білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын даралауды дамытудың моделін сынақтан өткізу
48
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 57
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 59
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР: ҚОСЫМША A
3:

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

ҚР - Қазақстан Республикасы

ББЦ - Білім беруді цифрландыру

БАҒЗЖД - білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын даралау

БҰҰДБ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы

БА - Білім алушы

КІРІСПЕ

Мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі - кәсіби кадрларды даярлау. Сондықтан білім беру қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның негізгі әлеуметтік басымдықтарының біріне айналуда: халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, Қазақстанның Болон процесіне енуі, жоғары деңгейлі білім беруді ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды дамыту, адам өмірінің барлық салаларын демократияландыру, білім алушыға бағытталған білім беру және басқа да факторлар жалпы білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды қалыптастырады, білім берудің мақсатын, құралдарын және парадигмасын түбегейлі өзгертеді.

Заманауи мектептегі білім беру үрдісі де, ең алдымен, жаңа білім беру стандарттарының енгізілуіне байланысты елеулі өзгерістерге ұшырауда. Оның әдістемелік негізі білім алушылардың тиісті құзыреттіліктерін қалыптастыруға, олардың мәдени-адамгершілік және зияткерлік қабілеттерін жеке тұлға негізінде дамытуға бағытталған жүйелік-әрекеттік тәсіл болып табылады.

Жалпы білім беруді реформалаудың жетекші тұлғасы ол - мұғалім. Жоғары оқу орындарындағы мұғалімдерді даярлаудың қолданыстағы жүйесінде көптеген мәселелер жинақталған. Солардың ең бастысы білім беру нәтижелерінің сапасы болып табылады. Дегенмен, кәсіби білім беруде айтарлықтай қиындықтарға тап болуда. Оған себепші факторлардың біразын тізгіндейтін болсақ, инновациялық белсенділіктің төмендігі, жаңа мазмұнды білім беру бағдарламаларының жобалануы, метапәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруда, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген жеткіліксіз дайындықтар және т. б.

Еліміздегі жоғары білім реформасының елеулі бөлігі оның қызметінің формальды ұйымдық құрамдастарына әсер ететіні анық, бірақ білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістеме мен мазмұнын өзгертпейді. Білім беру ошақтарындағы оқу процесі білім алушының саналы өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, оның жеке тұлғалық дамуы мен кәсіби өсуінің жеке стратегиясын құруға жеткілікті бағытталмаған. Осының бәрі білім алушыға тұлға ретінде әрекет етуге мүмкіндік беретін, жеке көзқарас, даралау сияқты технологияларды да ендіру қажеттіліктері өзекті екендігін айқындайды.

Магистрлік диссертацияның мақсаты : білім беруді цифрландыру жағдайында білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын даралауды дамыту тұжырымдамасын ғылыми негіздеу және эксперименталды түрде тексеру.

Магистрлік диссертацияның мақсатына жету үшін қойылған міндеттер төмендегідей:

- орта білім беру жүйесінде білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын даралауды дамытудың теориялық және әдістемелік негіздеріне талдау жасау;

- білім беруді цифрландыру жағдайында білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын даралауды дамыту моделін әзірлеу және оны апробациялау;

- білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын даралауды жүзеге асыруда қолданылатын ақпараттық технологияларға сараптама жасау;

- білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын даралауды сынақтан өткізу бойынша эксперименттік жұмыс жүргізу және олардың нәтижелеріне талдау жасау.

Ғылыми жұмыстың зерттеу нысаны - білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын даралау процесі.

Зерттеу пәні - білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын даралау процесін жүзеге асырудағы педагогикалық технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, олардың мазмұны мен әдістемелері.

Қойылған міндеттерді шешу үшін келесі ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері қолданылды:

- теориялық: міндеттер мен зерттеу пәніне теориялық талдау жасау;

- педагогикалық эксперимент: педагогикалық құбылыстарды зерттеудің тұтас, интегралды тәсілдерін қолдану;

- эмпирикалық әдістер: педагогикалық эксперимент, бақылау, сұрақ қою, тестілеу, мектеп оқушыларының оқу, ғылыми-зерттеу қызметінің өнімдеріне талдау жасау.

Зерттеу жаңалығы:

Білім беруді цифрландыру жағдайында білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын даралауды дамыту моделі жүзеге асырылған.

Қолданбалы мағынасы:

Зерттеудің практикалық маңыздылығы мынада: білім беруді цифрландыру жағдайында білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын даралауды дамыту моделі әдістемелік және дидактикалық тұрғыда қамтамасыз етілген. Ұсынылған модель байынша жұмыс жасау мектеп білім алушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген қызығушылықтарын арттыруға, оны одан әрі дамытуға жол ашады. Сонымен қатар, ғылыми-зеттеу жұмыстарын жүргізетін мектеп білім алушыларының білім сапасы да арта түсетіні сөзсіз.

Ұсынылған магистрлік диссертация жұмыстарының нәтижелері келесі конференцияларда баяндалды:

- Республикалық ғылыми- әдістемелік журналы AQNIET; Ақпан №2 (6) - 2023 ж. «Цифрландыру бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт»;

  • Республикалық ғылыми- әдістемелік журналы Математика және физика №9 (106), қыркүйек 2021 ж «Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану».

1 БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ғылыми-зерттеу жұмысын даралауДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Білім алушылардың оқу дағдыларын даралаудың концептуалдық негіздері

Даралап оқыту - тек бір ғана білім алушымен өзара әрекеттесудің оқу үрдісін ұйымдастырудың нысаны, үлгісі болып табылады; білім алушы негізінен оқу құралдарымен (кітаптар, компьютер және т. б. ) жұмыс жасайды [1] .

Даралап оқытудың басты артықшылығы - бұл білім алушының оқу іс-әрекетінің мазмұнын, әдістері мен қарқынын оның ерекшеліктеріне толық бейімдеуге, нақты міндеттерді шешу кезінде оның әр әрекеті мен жұмысын бақылауға; оның білімге қарай жылжуын қадағалауға, білім алушының да, оқытушының да қызметіне қажетті түзетулерді уақытында енгізуге, оларды үнемі бейімдеуге мүмкіндік береді.

Мұның бәрі білім алушыға үнемді жұмыс істеуге, өз күшінің шығындарын үнемі бақылауға, өзі үшін оңтайлы уақытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұл, әрине, оқудың жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Даралап оқыту былайша айтқанда «таза түрде» жалпыға білім беретін мектептерде өте сирек қолданылады.

Сурет 1 - Жеке көзқарасқа қатысты негізгі ұстанымдар

Даралап оқыту ол әр білім алушыға деген жеке көзқарастан өрбуі керек. Жоғарыдағы суретте жеке көзқарасқа қатысты негізгі ұстанымдар келтірілген. Педагогика принципін нақтырақ ашып айтатын болсақ, оқу-тәрбие үрдісі барысында оқытушы білім алушылармен олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жеке модель бойынша жұмыс жасайды: барлық білім алушылардың дамуы үшін ғана емес, сонымен бірге әр білім алушының жеке дамуы үшін психологиялық-педагогикалық жағдай жасау; оқу процесінде білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру және білім алушымен тіл табысуда, қарым-қатынаста оның жеке ерекшеліктеріне назар аудару.

Енді даралап оқыту ұғымына тоқталатын болсақ, оқыту тәсілдерін, әдістерін, қарқынын таңдау білім берушілердің жеке ерекшеліктеріне байланысты болатын оқу процесін ұйымдастыру, сонымен қатар, жеке көзқарасты қамтамасыз ететін әртүрлі оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық іс-шараларды айтады.

Даралап оқыту технологиясы қазіргі таңда жан-жақты зерттеліп, әр түрлі формаларда оқу үрдістерінде кеңінен қолданылып жүр. Мысалы, осы салада көп еңбек сіңірген отандық ғалым Ж. Қараевтың жұмыстарын атап өтуге болады. Сонымен қатар, даралап оқытудың классикалық көзқарасын ұстанушы М. А. Данилов, А. А. Кирсанов, Е. С. Рабунский және Унт сияқты ресейлік авторлардың да жұмыстары осы технологияның негізін қалаған жұмыстар ретінде танылады. Енді даралап оқыту технологиясына берілген әр түрлі анықтамаларды қарастырып өтейік.

Оқытуды даралау дегеніміз - оқу процесінде білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, сол ерекшеліктерінің қандай және олар қандай дәрежеде екендігіне қарамастан ескеру [2] .

Оқытуды даралау - оқу мақсаттарын ескере отырып, білім алушының оқу іс-әрекетін оның әлеуетті мүмкіндіктері деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сынып ұжымының, жекелеген білім алушылар мен білім алушылар топтарының іс-әрекет мақсаттары мен нақты танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін тәрбиелік және дидактикалық құралдар жүйесі [3] .

Даралау - әдіс-тәсілдерді, оқу қарқынын таңдауда білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың оқу қабілеттерінің даму деңгейін ескеретін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру [4] .

Даралап оқыту технологиясы - бұл жеке көзқарас пен оқытудың жеке формасы басымдыққа ие болатын оқу үдерісін ұйымдастыру.

Принцип ретінде жеке тәсіл барлық қолданыстағы технологияларда белгілі бір дәрежеде жүзеге асырылады, сондықтан оқытуды дараландыруды «ену технология» деп атауға болады.

Дегенмен, дараландыруды бірінші орынға қоятын, оны оқу мақсаттарына жетудің негізгі құралы ететін технологияларды біртұтас педагогикалық технологияның барлық қасиеттері мен белгілері бар тәуелсіз жүйе ретінде бөлек қарастыруға болады.

1919 жылы Долтон (Dalton) қаласында (АҚШ) Е. Паркхерст сабақ жүйесін әр білім алушымен даралалап жұмыс жасаумен алмастыруға тырысады, содан кейін әр білім алушының оқытушымен бірлесіп жасаған жоспары бойынша жұмыс істейді екен [5] . Білім алушылар мектеп бағдарламаларын оқуда өз қарқынымен алға жылжу мүмкіндігіне ие болды, күннің бірінші жартысында ешқандай кестесіз жұмыс нұсқаулықтары негізінде өз бетінше жұмыс істеген. Сабақтың екінші жартысында білім алушылардың қызығушылықтарына қарай бөліп, топтық сабақтар ұйымдастыраған. Кейбір мәселелерді немесе тақырыптарды талқылау немесе бірлесіп жұмыс істеу үшін топтарға немесе жұптарға бөлінуге тыйым салмаған. Бұл тәжірибе «Долтон жоспары» деп аталды.

Оқытуды даралау технологиялары оқу процесінің барлық буындарын қамтитын динамикалық жүйелерді ұсынады: мақсаттар, мазмұн, әдістер мен құралдар. Енді даралап оқытудың негізгі мақсаттары келесі суретте келтірілген.

Сурет 2 - Даралап оқытудың негізгі мақсаттары

Оқытуды дараландырудың жалпы принциптері:

  • даралау - оқу процесінің стратегиясы;
  • даралау даралықты қалыптастырудың қажетті факторы болып табылады;
  • барлық оқытылатын пәндер бойынша даралап оқытуды қолдану;
  • жеке жұмысты оқу қызметінің басқа түрлерімен біріктіру;
  • жеке қарқынмен, жеке стильде оқыту;
  • оқуды дараландырудың алғышарты - білім алушылардың ерекшеліктерін зерттеу,
  • оқу жұмысын даралау кезінде бірінші кезекте ескерілу керек: білім алушының оқу қабілеті, оқу дағдылары және танымдық қызығушылықтары.

Қазіргі заманғы ресейлік педагогикалық практика мен теорияда оқытуды сыныпта дараландыру технологияларының ең жарқын мысалдары ретінде қарастырылатын жұмыстар қатарына Инге Унттың жеке оқыту технологиясы, А. С. Границкаяның бейімделген оқыту жүйесі және В. Д. Шадриковтың жеке бағдарланған оқу жоспары негізінде оқыту кіреді (Сурет 3) . Енді осы жұмыстардың мазмұндары мен әдістемесін тарқатайық. Инге Унт бойынша өзіндік жұмыстарға арналған жеке оқу тапсырмалары, баспа негізіндегі жұмыс дәптерлері, жеке өзіндік жұмыстарға арналған нұсқаулықтар, қолда бар оқу әдебиеттеріне бейімделу керектігін атап көрсетті. А. С. Границкая сабақтың оригиналды сызықты емес конструкциясын ұсынды. Бірінші бөлім - барлығын оқыту, екінші бөлім екі параллель процесті құраған: білім алушылардың өзіндік жұмысы және оқутышының жеке білім алушылармен жеке жұмысы. Жалпылама схемаларды қолдану (Шаталов схемасы), жұптық жұмыс жасау (Дьяченко), бейімделумен көп деңгейлі тапсырмалар (Границкая карталары) орындауды алға тартқан. Деңгейлі тапсырмаларға қойылатын талаптар:

  • алгоритмдік;
  • эвристикалық;
  • шығармашылық;
  • ойлау қабілетін жетілдіру;
  • алған түсінігін тәжірибеде қолдана алу.

Сурет 3 - Оқытуды сыныпта даралау технологиясы

Н. Д. Шадриков: әр білім алушының қабілетіне қарай оқуға мүмкіндік беретін алты деңгейге арналған оқу жоспарын, бағдарламалары және оқу-әдістемелік құралдарын ұсынған. Әрбір пән бойынша мүмкін болатын қиындық деңгейін таңдай отырып, білім алушылар құрамы ауыспалы сыныптарда болады және пәннің көлемі мен мазмұнын жоғалтпай, оқу бағдарламасын меңгеру үшін бірігіп жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қиындық деңгейін таңдау өте иілмелі және ол «қатып қалған» дүние емес, мысалы, деңгейлеу сабақтарындағыдай, бірақ білім алушы қабілеттерінің ағымдағы жағдайына сәйкес жасалады. Күрделіліктің алты деңгейі барлық дерлік білім алушыларды қамтуға, үлгермей жатқандарды шығармауға және білім алушының қабілетіне қарай білімін дамытуға бейімделген, әркімге қол жетімді оқу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беруді алға қойған.

Жұмысты ұйымдастырудың жеке формасы [6] - бұл әр білім алушының оқуы мен оқу мүмкіндіктеріне сәйкес таңдалып алынған тапсырмаларды өз бетінше орындауын көздейтін сабақтағы жұмыс түрі. Мұндай тапсырмалар оқулықпен, басқа оқу және ғылыми әдебиеттермен, әр түрлі дереккөздермен (анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар, хрестоматиялар және т. б. ) жасалатын жұмыс немесе есептер, мысалдар шешу, конспект жазу, эссе, реферат, баяндамалар жазу, бақылаулардың барлық түрлерін жүргізу және т. б. жұмыстар түрлерін қарастырады. Педагогикалық әдебиеттерде тапсырмаларды ұйымдастырудың жеке формаларының екі түрі ажыратылады: жеке және дараланған. Тапсырмаларды орындауды ұйымдастырудың жеке түрі - білім алушының басқа білім алушылармен байланыссыз, бірақ барлығына бірдей қарқынмен жүзеге асырылатын жалпы тапсырмаларды орындаудағы белсенділігі.

Тапсырмаларды орындауды ұйымдастырудың дараланған түрі [7] - әрбір білім алушының өз мүмкіндіктеріне сәйкес алға жылжу қарқынын реттеуге мүмкіндік беретін нақты тапсырмаларды орындау бойынша білім алушылардың оқу-танымдық әрекеті.

Сонымен, сыныпта мектеп білім алушыларының оқу әрекетін ұйымдастырудың жеке формасын жүзеге асырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі - сараланған жеке тапсырмалар [8], әсіресе, білім алушыларды механикалық жұмыстан босатып, аз шығынмен айтарлықтай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін баспа негізіндегі тапсырмалар, яғни тиімді өз бетімен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар көлемін арттыру. Алайда, бұл жеткіліксіз. Оқытушы тапсырмалардың орындалу барысын бақылауы, оның білім алушыларда кездесетін қиындықтарды шешуге дер кезінде көмектесуі де сондай маңызды. Сонымен қатар, нашар оқитын білім алушылар үшін дифференциация тапсырмаларын саралаудан емес, оқытушының шынайы көмегінен көрінуі керек.

Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде, әр түрлі дидактикалық есептерді шешуде жүргізген жөн; жаңа білімді меңгеру және оларды бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру, өткенді жалпылау және қайталау, бақылау, зерттеу әдісін меңгеру және т. б.

Әрине, мектеп білім алушыларының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бұл түрін түрлі жаттығуларды ұйымдастыру кезінде қолдану оңайырақ. Дегенмен, жаңа материалды өздігінен үйренуде, әсіресе оны үйде алдын-ала зерделеу де тиімдірек. Мысалы, әдеби шығарманы оқып-үйрену кезінде әр білім алушыға немесе бір топ білім алушыларға алдын ала жеке тапсырмалар беруге болады. Көркем шығарманы оқу баршаға ортақ. Бұл оқу барысында білім алушылар «өз» сұрағына немесе сұрақтарына жауап дайындайды. Мұнда екі жағдай маңызды: 1) әркім өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істейді және 2) әркім әдеби шығарманы талдаудың қажетті бөлігін орындайды. Сабақта білім алушылар жаңа материалдың өз бөлігін түсіндіреді.

Бұл жағдайларда білім алушылардың жеке жұмыстарының дербестік дәрежесі әртүрлі. Бастапқыда білім алушылар тапсырмаларды алдын ала және фронтальды талдаумен, не модельге еліктеп не егжей-тегжейлі нұсқау карталары бойынша орындайды. Оқу дағдыларын меңгерген сайын дербестік дәрежесі де артады: білім алушылар мұғалімнің тікелей араласуынсыз жалпылама, егжей-тегжейлі емес тапсырмалармен жұмыс істей алады. Мысалы, орта мектепте мұндай тапсырманы алған әрбір оқушы өзі жұмыс жоспарын жасайды, материалдарды, құралдарды таңдайды, қажетті әрекеттерді көзделген реттілікпен орындайды, жұмыс нәтижесін жазып алады. Біртіндеп зерттеу сипатындағы жұмыс үлкен үлес салмағына ие болады.

Оқу деңгейі төмендеу оқушылар үшін шешімдер нұсқасы мен шешімді зерттеу негізінде шешілетін тапсырмаларды қамтитын тапсырмалар жүйесін құрастыру қажет; оқушыға белгілі бір мәселені кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік беретін әр түрлі алгоритмдік рецепттер берілу керек - теория, құбылыс, процесс, процестердің механизмі және т. б. түсіндіретін, бірқатар сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін әртүрлі теориялық ақпарат, сонымен қатар барлық талаптар - салыстыру, салыстыру, жіктеу, жалпылау т. б. Сыныптағы оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын осылайша ұйымдастыру әр оқушыға өзінің қабілеті, байсалдылығы арқылы алған білімдерін бірте-бірте, бірақ тұрақты түрде тереңдетуге және бекітуге, қажетті дағдыларды, танымдық іс-әрекет тәжірибесін дамытуға мүмкіндік береді, өзін-өзі тәрбиелеу қажеттіліктерін қалыптастырады. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке формасының артықшылығы, оның күшті жақтары осында.

Енді мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы білім беру үрдісін даралау әдістеріне тоқталайық. Бұл мәселені қарастыруда білім беру үрдісін даралаудың вариативті әдстеріне тоқтала отырып, оларды практика жүзінде жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

Мектепке дейінгі тәрбие - білім берудегі ең бірінші және ең маңызды кезеңдердің бірі екендігімен ешкім дауласа қоймас. Өйткені, кез келген ғимараттағы сияқты білім беруде де іргетас маңызды, сондықтан мектепке дейінгі тәрбиенің маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес.

« . . . әрбір баланың жеке ерекшеліктеріне негізделген оқу іс-әрекетін құру, онда баланың өзі білім беру мазмұнын таңдауда белсенділік танытады, білім беру субъектісіне айналады . . . » [9] .

Л. В. Михайлова-Свирская анықтамасы бойынша «оқытуды даралау, оны ұйымдастыру әрбір баланың оқу процесіне қосқан үлесін ескереді» [9] . Бұл анықтама баланың жеке басының, оның даралығын дамытудан басқа ештеңені білдірмейді, соның арқасында адам кейіннен қоғамның толыққанды мүшесі бола алады.

Көптеген жағдайларда «даралау» және «жеке көзқарас» ұғымдарын бір ұғым не ұқсас ұғымдар ретінде қарастырып жатады. Алайда бұл екі ұғымдардың екі түрлі ұғымдар екендігін қарастыра кеткен жөн болар. Соған байланысты осы ұғымдарға қарасты бірнеше әдебиет көздеріне талдау жасалды. Сол жасалған талдау қорытындысы төмендегі 4-ші суретте айқын ажыратылған.

Енді «даралау» және «жеке көзқарас» ұғымдарының айырмашылығын атап көрсетейік [10] .

Сурет 4 - «Даралау» және «Жеке көзқарас» ұғымдарына жасалған салыстырмалы талдау

Осы салыстырмалы талдау негізінде балабақшадағы білім беруді даралау баланың тұлғалық дамуындағы әлеуетті барынша ашуға ықпал ете алады деген қорытынды жасауға болады. Айта кету керек, бала өз бетінше білім алады және оның оқуы сыртқы әлеммен өзара әрекеттесу процесінде өтеді.

Бірақ мұғалім білім беруді даралауды қалай жүзеге асыра алады? Мұны істеу үшін белгілі бір әдістер бар, солардың біразын атап өтейік:

  • жауап беру әдісі;
  • жоспарлау әдісі;
  • материалдарды мұқият іріктеу әдісі;
  • «құрылыс орманы» әдісі;
  • «спонтанды даралау» әдісі.

Енді осы аталған әдістердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даралап оқыту принципін анықтау
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі
Оқшауланған математика
Орта мектепте химияны оқыту үдерісіндегі саралап оқыту технологиясы
Математиканы оқыту процесіндегі индукция мен дедукция
Ішкі саралап оқыту
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның көзқарасының дамуы
Шет тілін оқытуда жекелендірілген тәсілдің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz