ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР ... ... ... ... ... ... . 5
0.1 Қазақ тіліндегі әлеуметтік желілер мен қазақтың жазба
әдеби тіліне әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
2 ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ НОРМАСЫ МЕН СТИЛІ ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Әлеуметтік желілерде қазақ тіліне тән дыбыстардың қолданылуы және сауаттылық деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2.2 Қазақ тіліне енген сленг, жаргон сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
КІРІСПЕ
Тіл мен ойдың біртұтас екендігін ғылым әлдеқашан дәлелдеп қойған. Адам баласының нені қалай ойлатыны, қандай дәрежеде пайымдайтыны оның әрбір сөзі арқылы айқындалмақ. Сондықтан да, қазақ баласының кімді болса да бірауыз сөзінен танып-білуінің өзінде терең мән бар. Белгілі бір тұлғаның қаншалықты ақылды немесе ойсыз пенде екендігін ең алдымен оның аузындағы сөзі анықтап береді.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда сөздің қадіріне жетуді, қазақ әдеби тілінің тазалығын сақтауды назардан тыс қалдырып жүргендейміз. Қазақ әдеби тілі -- қазақ ұлтының қоғамдық өмірінің сан-саласында көркем әдебиет пен мерзімді баспасөзде, радио мен теледидар хабарларында, білім беру жүйесі мен ғылым салаларында және іс қағаздарында қолданатын тілі. Жалпы халықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы [16].
Бірқатар жұрттың қазақша сөйлегеніне разы боламыз да, тілді оңды-солды қолданғанына кейде кешіріммен қарай саламыз. Түптеп келгенде, тілді шұбарлау оны білмеуден де қатерлі. Бүгінгі күні жаһандану дегенді алға тартқан ірі державалар өз саясаттары мен дәстүрлерін сөз саптауларымен, түрлі атауларымен қоса қажымай-талмай тықпалап жатыр. Мұндай жағдайда біз жердің бүтіндігі үшін шекарамызды қалай күзетсек, ана тіліміздің тазалығына да дәл солай қырағылық танытуымыз керек [1].
Қазіргі күні ЖОО қазақ топтарында білім алып жатқан студенттер, қазақ мектебінде оқитын, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастар мен жасөспірімдер сабақтан тыс уақытта, әлеуметтік желілерде өзара орысша, орысша аралас қазақ тілінде сөйлеседі. Егер біздің ұрпақ әлем елдеріне Ресейдің терезесінен қарап, дүниежүзінен тек орысша мәлімет алатын болса, онда тілдің де, елдің де болашағы жоқ деген сөз.
Тәуелсіздіктің 26 жылында бірқатар жоғымызды түгендеп, іргемізді бекіткенімізбен жоғалтып жатқандарымыз да баршылық. Ең өкініштісі, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе бере тұра өз тұғырына қондыра алмай келе жатқандығымыз. Әлем тарихында бүгінге дейін бөтеннің мәдениетімен алға шыққан бір де ұлт жоқ. Белгілі бір ұлттың халық ретінде сақталуының өзі оның өзгеден тілі, дәстүрі, мәдениеті арқылы дара дербес тұруында ғана. Ал, бөтенмен былғанып, оған мидай араласып, қойыртпақталып кетсе, шаруасы бітті дей беріңіз. Бұл әлемде қалыптасқан шынайы жағдай. Бөтен жұрттың тілін қабылдаған ұлт ағзасына донордың бүйрегін бе немесе өзге бір дене мүшесін алмастырып салған мүгедек адам секілді. Ондай жандар үнемі ем алып, екпе егіп отырмаса, өмір сүре алмайтыны белгілі ғой. Олай болса, тіліміз бен мәдениетімізді сақтауды ең қарапайым қадамдардан бастауымыз керек. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласының маңызы зор болып тұр. Қазақ тілінің әдеби нормасы мен стилін бұзушылардың қатарында әлеуметтік желілер тұр.
Қазіргі елімізде ақпараттық қоғам құру процесі қарқынды жүріп жатқан жағдайда ақпарат, ақпараттық байланыстар қоғамның кез-келген саласының негізгі өзегіне айналып отыр.
Қазіргі таңда ақпарат тарату мүмкіншілігі бойынша Интернет торабы алдыңғы қатарға шығып отыр. Газет, теледидар, радионың түгелге жуығы Интернет торабында сайт немесе өз парақшаларын ашып, электронды ақпарат құралдарының саны күннен-күнге өсуде. Ал Интернеттегі әлеуметтік желілердің қолданушыларының орта жасы 7-ден 48-ге дейін болып отыр. Қазір кез-келген ұялы телефонда әлеуметтік желілерге қосылу үшін қосымша бағдарламалар орнатылатын болды. Кез-келген компанияның өз тауарларын жарнамалау мақсатында әлеуметтік желіде парақшалары бар. Тіпті Үкімет мүшелері, көптеген лауазымды тұлғалар Интернетте өз парақшалары, блогтарын ашып, сол арқылы өздерінің қызметіне байланысты ақпарат беріп отырады [2]. Алайда, әлеуметтік желілердің мемлекеттік тіл - қазақ тіліне әсері толғандырады. Дегенмен, таяқтың екі ұшы бар дегендей, дәл осы әлеуметтік желілерді өз пайдамызға қолдану керек.
Зерттеудің мақсаты:
Әлеуметтік желілердің қазақ әдеби тілінің нормасы мен стиліне әсерін қарастырып, талдау жасау, шешу жолдарын ұсыну.
Зерттеудің міндеттері:
қазақ тіліндегі әлеуметтік желілерді және оның сапасын қарастыру;
әлеуметтік желілерді пайдалану барысында сөйлесу мәдениетін қалыптастыру;
әлеуметтік желілердегі сауаттылық деңгейін арттыру;
әлеуметтік желілердегі қазақ тіліне көптеп енген сленг сөздерді зерттеу.
әлеуметтік желілердің қазақ тіліне әсері анықталды; әлеуметтік желілер арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру жолдары ұсынылды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Жұмыс барысында салыстырмалы, талдау, сараптау, пайымдау, қорытындылау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: әлеуметтік желілердің қазақ әдеби тілі мен стиліне әсерін, қазақ тілінің шұбарлануын зерттей отырып, оларды шешу жолдарын ұсынуы.
Зерттеудің нәтижесі: әлеуметтік желілердің қазақ тіліне әсері анықталды; әлеуметтік желілер арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру жолдары ұсынылды.
Зерттеу объектісі: әлеуметтік желілер, қазақ тіліндегі әлеуметтік желілер және ондағы қазақ әдеби тілі мен стилін бұзатын сөздер.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР
1.1 Қазақ тіліндегі әлеуметтік желілер мен қазақстың жазба әдеби тілі. Қазіргі қоғам - жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы - қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды [2]. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы әңгімелеседі.
Ал, Қазақстанда 5,6 миллионнан астам адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады екен. Ең танымал әлеуметтік желілердің қатарында күніне 1 млн. 125 мың рет қаралатын Мой мир (3 миллионнан астам қазақстандықтар тіркелген), 558 мың рет қаралатын Одноклассники, 252 мың рет қаралатын В контакте, 410 мың рет қаралатын Facebook-ті жатқызуға болады. Өкінішке қарай, қазақстандық ешбір сайт, портал мұндай кең аудиторияны әлі күнге дейін қамти алған жоқ. Күніне 350 мың қазақстандық ұялы телефонмен mail.ru agent-ті тұтынады. Қазақстанда Интернет қолданушылар көбіне Ресейлік сайттарды қарайтыны және бұл жайттың тұрақты өсіп келе жатқаны алаңдатады. Мысалға, Казнеттің ең танымал сайттарын қарау күніне 100 мыңдай ғана болады екен. Ал МойМир@маіl.ru сайтының қолданушылар саны екі жылда 185%-ға жеткен.
Profit.kz сайтының зерттеуі бойынша Қазақстандық танымал әлеуметтік желілердің жағдайы төмендегідей: Соңғы жағдайға келер болсақ, Интернеттің қазақстандық бөлігі - Казнетте ақпараттың аздығы және сапасы, әралуандығы жағынан төмендігі Интернет қолданушылардың негізінен ресейлік ресурстарды пайдалануына себеп болып отыр.
Әлеуметтік желілердің кең қолданылуы Қазақстан тұрғындарының арасында заманауи тенденцияға айналып отыр. Кең таралған әлеуметтік желілер: What's аpp -- 65%, Instagram - 52%, VK - 45%, Facebook - 21%, Twitter - 18%. Қазақ тілді ортаның дамуы: Қазақ тұтынушыларының жартысынан артығы (80% -дан жоғары) әлеуметтік желілерде орыс тілінде тіл қатысады. Қазнеттің каталогы 6994 сайттан тұрады. Осы көрсеткіштің тек 617 (жалпы санның 8,8 %) қазақ тілінде. Қазақстанда 2472 БАҚ (байланыс ақпарат құралдары) бар. Оның тек 437 ғана (18 %) қазақ тілінде таралады [15].
Ғаламтордың дамуына тежеу қойылмайтыны анық. Өз кезегінде, біз ғаламторды ұлттықты сақтауға пайдалануымыз керек. Қазіргі кезде ғаламтор бетінде қазақ тілін дамыту мәселесі өте өзекті мәнге ие болып отыр. Ақпараттық технологиялар кезеңінде айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар жеткізген ғаламторда осы күні мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту алғышарттары жасалып жатыр. Интернетте мемлекеттік тілдегі сайттардың бәсекеге қабілетті болуы үшін оның өзіндік қазақы ортасы, оқырманы болуы шарт. Бұл үдеден шығу үшін әрекет жасап жатқан ұлтжанды, тілсүйер азаматтар да баршылық. Ғаламторда жыл сайын қазақ тіліндегі жаңа ресурстар пайда болуда. БАҚ-тың электрондық нұсқалары дамып, әртүрлі семинарлар, конференциялар, тренингтер, байқаулар өткізіліп келеді. Кейбір қауымның ойынша, мемлекеттік тілдегі контенттерді танымал етудің жаңа жолдарын іздестіру қажет-ақ. Расында, ғаламтордағы мемлекеттік тілді дамыту мәселесі көп уақыттан бері қозғалып келеді. Бұл айқайлар бүгінде жемісін беруде. Мемлекет пен қоғамның ынтымақтастығы нәтижесінде ғаламтордағы қазақ тілі жаңа жетістіктерге жетуде. Сол себепті, қазақ тілді ресурстардың жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне толықтай жол ашылды деп айтуға болады.
Ғаламтордағы қазақ тілі осыдан 2-3 жыл бұрын тым нашар болатын. Соның кесірінен қазақ тілді ақпараттарға деген сұраныс халық арасында пассивті түрде болып, ұлты қазақ бола тұра орысша ақпаратты пайдаланатындар көп еді. Осы жылдың басынан бері парламент депутаты Мұрат Әбеновтың бастауымен ғаламтордағы қазақ тіліне қолдау жасала бастады. Көптеген конференциялар, жиналыстар, баспасөз отырыстары арқылы депутаттың бұл бастамасы қолдау тапты. Мемлекет тарапынан да қаржы бөлінді. Мәселен, осыдан бір жарым жыл бұрын қазақша википедиадағы мақалалар саны 7 мыңға зорға жететін. Бұл көрсеткішпен википедиадағы 200-ден астам тілдің жүздігіне де кірмейтін едік. Жарнамасы жақсы болғандықтан, одан бөлек көптеген адамдардың қолдауымен қазақша википедиадағы мақалалар саны бар болғаны бір жылдың ішінде 160 мыңға жетті. Бұл өз кезегінде википедиадағы рейтинг бойынша 200-ден астам тілдің арасында қазақ тілі ойып тұрып 30-шы орынға көтерілді. Бұрын түркі тілдес википедиалардың ішінде 5-ші орынды алатын қазақ тілі бір жылдың ішінде түріктілді википедиадан соң екінші орынға шықты [15]. Әрине, мұның бәрі тіліміз үшін жақсы жаңалық.
Осы қарқынмен қазақ тілді ғаламторды дамытатын болсақ, аз жылдың ішінде ондыққа да кіруге болады. Себебі, ешқандай ел біздің елдегідей ғаламтордағы мемлекеттік тілге көңіл бөліп жатқан жоқ. Әрине, оның ішінде де Мұрат Әбенов сияқты нақты ісімен нәтиже көрсететін ағаларымыздың арқасында бұл қуанышты жетістікке жетіп отырмыз. Бүгінде қазақ тілді википедианы студент жастардың барлығы дерлік пайдалануда. Мақалалардың саны көбейгендіктен кез келген ақпаратты табуға болады. Қазақ тілді википедиа қазақ тілінің дамуына үлес қосып жатса, екінші жағынан ғылымның да дамуына әсер етіп жатыр. Себебі, үй тапсырмаларын кітаптан емес, ғаламтордан қарайтын бүгінгі жастарға қазақ тілді википедиа үлкен көмек қолы болды.
Бүгінде қазақ тілді википедиадан бөлек жастарымыз пайдаланатын әлеуметтік желілерді қазақшалау ісі де жақсы жолға қойылып келе жатыр. Өзіміз білетін фейсбук, майл.ру, в контакте т.б. әлеуметтік желілердің түгелдей қазақша нұсқалары бар. Әрине, бұл әлеуметтік желілердегі қазақ тілі оңып тұр деп айта алмаймыз. Дегенмен, жоқтан гөрі бар. Алдағы уақытта қазақ тіліндегі әлеуметтік желілердің сапасы түзелетіні анық. Себебі, еліміздегі жастарымыздың ғаламтордағы ең көп пайдаланатыны - осы әлеуметтік желілер. Міне, сол әлеуметтік желілерді өз пайдамызға пайдалануымыз керек.
Өз уақытында майл.ру-дың қазақшасы жайлы мәселелер көтерілгені рас. Оның қазақша нұсқасының өзі нағыз тілді қорлау еді. Алайда, бүгін майл.ру-дың да тәп-тәуір қазақша нұсқалары шықты. Қазақ тілін құрмет тұтатындардың барлығы осы қазақ тілді нұсқаларды пайдаланып жатыр. Өкініштісі сол, компьютерге қарағанда ұялы телефонды көп қолданатын халқымыздың ұялы телефондарының басым бөлігінде қазақ тіліне тән әріптер орналаспаған. Бұл қанша дегенмен әлі де болса тілге зияндығын тигізуді төмендетпейді. Одан бөлек, майл.ру-дың қазақшаға көнбей жатқан кішкене тұстары бар.
Мәселен, микроблокта қазақ әріптерін қабылдамайтындығы.Азаттық радиосына берген сұхбатында: Интернетте қазақ тілінің қолданысына мүмкіндік беретін UTF-8 деген арнайы код бар. Ол әлем бойынша мойындалып, көптеген сайттарды қазақша жазуға жол ашады - дейді Wikibilim қорының маманы Жалғас Ертай [15]. Яғни, маманның айтуынша бүгінде әлеуметтік желілерді қазақшалау түк қиындық келтірмейтінін айтады. Алайда, майл.ру әлеуметтік желісін басқарушылар микроблоктағы қазақшаны туырлауға көңіл бөлмеуде. Ол жағы неге екені түсініксіз...
Алдағы жылдары қазақ тілді қолданушылар әлеуметтік желілерді жылдам ақпарат алмасу орны деп қана емес, білім алу көзі, әрі өз ойыңды жеткізу құралы ретінде қабылдайтын болады. Сол кезде ғана біздің елімізде нақты, тілімізге қатер төндірмейтін, білім алуға ыңғайлы әлеуметтік құралды іздестіре бастаймыз. Бұл тұрғыда майл.ру ыңғайлы болмай отыр. Бүгінше майл.ру-ды пайдаланушылар көп болғанымен алдағы уақытта күрт азаятын болады. Себебі, майл.ру білім жағынан тұтынушыны қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, қазақтілді ғаламторды қолданушылар саны артқан сайын әлеуметтік желілердің де ең сапалылары өміршеңдігін жалғастыра бермек.
Әлем бойынша бірнеше миллиард қолданушысы бар фейсбук әлеуметтік желісі біздің елімізде де танымал. Фейсбуктың бір ерекшелігі, әлеуметтік желілердің ішіндегі ең зиянсызы. Мұнда уақыт жоғалту деген жоқ. Бүгінде фейсбуктың қазақша сапалы жасалған нұсқалары бар. 2011 жылдың желтоқсанындағы дерек бойынша, фейсбукты пайдаланатын 400 мыңға жуық қазақтілді аккаунт бар болатын. Ал бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш бірнеше есе жоғарылағанын бейресми деректер растайды. Фейсбукта полиглоттар қауымының парағы бар. Сонда Арсен Мадалиев атты блогер тілек білдіргендерге, қазақ тілін үйренгісі келетін шетелдіктер бар екенін айтты. Ол қазақ тілін үйретуге арналған қазіргі заманғы материалдарды жіберумен тұрақты түрде айналысады. Қазіргі кезеңде блогер қазақ тілін үйренген бес шет елдікпен хат алысып тұрады екен. Солардың арасында Тайваньда туылған 10 жасар Соня Ян да бар. Осылайша қазақ тілін әлемге дамытуда фейсбук желісі өте ыңғайлы болып отыр.
Қазақ тілінде ақпарат іздеуге мүмкіндік беретін Google.kz сайты да бүгінде өте танымал. Көптеген ғаламторды пайдаланушылар осы сайт арқылы қазақтілді ақпараттарға қол жеткізіп отыр. Ақпаратты жылдам алуға да мән берген бұл сайт алдағы уақытта да құнын жоғалтпайды. Әлемдегі 57 тілде аударма жасайтын Google Translate тіл үйренуге ең қолайлы сайт болып отыр. Бүгінде бұл сайттың тегін қызметіне қазақ тілін де енгізу мәселесі қаралып жатыр. Ал көршіміз Қырғызстан Google Translate-ке ана тілін енгізу үшін қырғыз тілінде арнайы Эне тил (Ана тілі) деп аталатын сайт ашып қойған. Сол жерде қырғыз тілінен 57 тілге аударма жасап, Google Translate-ке қосылудың балама жолын көршілеріміз тауып отыр. Бүгінде қырғыз тілін үйреніп жатқан бірнеше шетелдіктер бар екен.
Жалпы, тіл үйрену және эксклюзивті контент құру мотивациясына біздің еліміз де жақсы көңіл бөліп жатыр. Ғаламтор арқылы қазақ тілін үйреніп жатқан адамдар да жетерлік. Қазақ тілін әлемге танытатын ғаламтор екеніне көзіміз жетіп отыр. Дегенмен, бұл үшін әлі де қазақ тілін алға жылжытатын көп істер жасалуы тиіс. Осы қарқынмен барсақ аз жылда біраз жетістіктерге жетуге де болады. Тек осы қарқынды тоқтатпауымыз тиіс...
Қазақстанда қазіргі кезде ең көп қолданыстағы әлеуметтік желілердің бірі nur.kz сайты болып есептеледі. Одан басқа да Birge.kz, IIik.kz, on.kz, www.kazlife.com, Zhelide.kz, Abai.kz сайттары жұмыс істеуде. Солардың ішінде Zhelide.kz сайтына келетін болсақ, Желіде.кз сайты 2011 жылдың тамыз айында ашылды, сондай аз уақыт ішінде 10000-нан аса қолданушы жинап үлгерген. Бұл ҚАЗНЕТ үшін өте жоғары көрсеткіш болып есептеледі.
Қазнеттің қолданушылар саны 16 пайызға жеткенімен, отандық қолданушылардың Қазнет сапасына көңілдері толмай отыр. Интернет мамандар бұның басты себебі сапалы хостингтің болмай тұрғаны, әрі заң нормаларының жүйеленбеуінен деп санайды [15].
Жалпы, қазақ тілінде көптеген, әр түрлі бағыттағы сайттар жеткілікті. Олардың бәрін тізбектеп отыру мүмкін емес. Дегенмен, бірсыпырасына тоқталып өтсек. Мысалы, Kattani.kz сайты дін насихаты бағытындағы сайт. Kattani.kz сайтының администраторы Ұлықбек Әлиакбарұлы былай дейді: Kattani.kz сайтында сұрақ-жауап бетін ашып, 1 жыл ішінде 3000 шамасында сұрақтарға жауап бердік. Бұл жылы сұрақтар көбейген соң, жаңа субдоменге көшірдік. Сайттың ішінде міндетті түрде форумның да болғаны дұрыс деп ойлаймын. Интернетте сәләф форум деген форумдар көптеп кездеседі. Сол форумның орнын басып, керек болса басып озатындай болуымыз керек. Жастардың діни сауаты аз, міне, бұл сайт қазақ тілінде діни білім алушыларға жол ашып отыр. Кез келген сайтты ашқан соң, сол сайттың атымен твиттерде, фэйсбукте, скайпта, м.агентте, т.б. әлеуметтік желілерде аккаунтарын ашып, сол желілерде күнделікті іс-әркеттерін жариялап отыру қажет. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар дейді дана халқымыз. Діни басқарма имамдардың біліміне жоғары талап қойғанын жақсы білесіздер. Бәріміз жоғары талап деңгейінен көріне білуіміз керек. Шариғат ілімдерімен қоса өзге де салаларды мықты меңгеруіміз қажет. Өйткені қазір заман талабы жоғары [3].
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде сайттармен қатар, әртүрлі мәндегі парақшалар, топтар бар. Өмірлік мәні бар, Шындық сөздер, Өмір жолы, Абай Құнанбайұлы, Мұқағали Мақатаев, Пайдалы кеңестер, Күлкіден жылайсың, Жұлдыздар, Хиджабтағы қыз, Nur, Қатты тиетін сөздер, Қазақ тілі, Облыстық Һибатулла Тарази мешіті, Сезім, Islam, Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы, Өмір, Қатты тисе де, ащы шындық, Ғибратты әңгімелер, Қазақша есімдер, Өмірде бәрі мүмкін, Жұлдыздар жарқырайды, Терең мағыналы сөздер, Ойланатын сөздер, Бөрілі байрақ, Уағыздар жинағы, Мұсылман қыздың күнделігі, Сырымды шертем, Заңгер кеңесі, Жақсы сөздер, Фариза Оңғарсынова, Жүрек үні, Атамекен патриоттар клубы сынды әртүрлі бағыттағы топтар бар. Бұл топтардың барлығы мәліметті тек қазақ тілінде береді. Бұл да бір қуантарлық жағдай.
Өмірлік мәні бар тобының жетекшісі Дулат Қали өз сөзінде:
Вконтакте желісінде 4 млн-ға жуық қазақстандықтар тіркелген, Facebook-пен салыстырсақ 3,5 млн адамға көп. Ал біздің Өмірлік мәні бар қауымдастығымыз жарты миллион оқырманнан асты. Вконтакте әлеуметтік желісі қазақстандық желі емес екендігін ұмытпағанымыз жөн. Осы желі ішінде көптеген жастардың сана-сезімін улайтын, қазақ жастарына өгей тәрбие беретін парақшалар көп. Тағы да айта кетерлік мәселе, таза қазақ тіліндегі парақшалар саусақ санарлық, көбісі шала қазақ тілінде ақпарат таратуда. Осыдан үш жыл бұрын Өмірлік мәні бар парақшасын ашудағы басты мақсатым да осы еді. Бұл қауымдастықтың бастапқы қолдаушылары аз болды. Көпшілік шала қазақшалыққа қызығушылық танытты. Бірақ біршама еңбектің арқасында жастардың назарын өзімізге бұрып, парақшамыз ілгерілей түсті.
Күнделікті парақшамызда өмірлік бейнелі суреттер мен мән мағыналы жазбалар, тұжырымды ой, қазіргі өмір тынысы мен маңызды ақпараттар таратылады. Біздің бастамадан кейін қазақша қауымдастықтар көбейе түсті. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Көпшіліктің сұранысы бойынша тек Вконтакте желісімен шектеліп қана қоймай басқа да желілерде жұмыс істеудеміз. Алдыға қойған мақсатымыз да аз емес, Өмірлік мәні бар жобасына үлкен жоспарларымыз бар.
Дулат Қали ағамыз Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде тарих мамандығы бойынша білім алуда. Дулаттың айтуынша, болашақта тек қана әлеуметтік желілермен шектеліп қоймай, ол өзінің жеке сайтын ашып, қазақ ғаламторындағы қазақ тілінің заманауи деңгейге көтерілуіне барынша тырысатынын айтады. Бүгінде Өмірлік мәні бар қауымдастығында шамамен он мыңға жуық күнделікті оқырман бар, бір ай ішінде кіретін оқырмандар саны жүз елу мыңға жуық [15].
Ия, Дулат ағамыздың мақсат-ниеттері өте құптарлық. Өйткені ағымы қатты ақпараттық заманда көштен қалмай, сөйте тұра өзгенің жетегінде кетпей, ғаламтордың мүмкіндіктерін өз мүддемізге қарай қолдана білгеніміз дұрыс. Әрине, бұл үшін үлкен еңбек пен ізденіс керек. Ең бастысы бізді қазақ жастарының ана тілімізге деген жанашырлығы, болашаққа деген ұмтылысы қуантады.
Тілге жанашыр көптеген жастарымыз facebook.com әлеуметтік желісіне тіркелуді ұсынады. Бұл сайт қазақ әріптерін қолдайды, әсем тілімізді мүгедек етіп қазақ әріптерін жазғанда қорғалақтап отырмайсыз, еркін көсілесіз қазақша, сізді бұл орта тәрбиелейді, жәй адамдар отырмайды бұл жерде, танымал өз кәсібінде табысқа жеткен адамдар отырады, деңгейіңіз өседі. Функциялық жағына келсек, ұстаздарға керек функциялар осы жерде бар, арнайы топ құрып ортақ мәселелерді талқылауға болады, мысалы математик ұстаздар деген топ құрып оған еліміздегі барлық ұстаздарды шақыра аласыз. Тура агенттегідей мұнда да өзара дос болған адамыңызбен сөйлесе аласыз, танымал тұлғалармен дос болып, олардың күнделікті өмірінен хабардар болып отырасыз, оларға тікелей өз сұрағыңызды қоя аласыз. Бұл желіні бүкіл әлем пайдаланады, сізге сапалы қызмет көрсетеді, ана тіліңізді қорламайды, функциялары да ең озық технологиялармен қамтамасыз етілген, қауіпсіз. Интернет әлемін орасан үлкен зәулім ғимаратқа теңесек, mail.ru сайты сол ғимаратқа кіре берістегі бір бөлме ғана, өкінішке орай көпшілігіміз сол бөлмеден ары аса алмай отырмыз, осы мақаланы оқығаннан кейін сіздерді тоқтап қалмай ізденіп, сол тар бөлмеден шығып зәулім ғимаратты аралауға жол тартады деп сенемін.
Сонымен қатар, Мемлекеттік тілді дамытуға арналған бірнеше сайт іске қосылды. Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Тіл әлемі атты жаңа порталдың құрылған. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын әлеуметтік кеңістік арқылы жүргізуге бет бұрған бұл бастама мамандар тарапынан жоғары деңгейде бағаланды. Тіл әлемі порталы мен қатар Atau.kz ономастикалық, Emle.kz орфографиялық, Termincom.kz терминологиялық сайыты іске қосылды.
Ресми түрде жұмысын бастап кеткен Тілдерді дамыту комитетінің төл туындысын ағымдағы уақытта Қытайда, Өзбекстанда, Түркіменстанда, Түркияда және Еуропада тұратын қазақтар тұтына алады. Әр сайт өзінің аты айтып тұрған анықтамаларға толық жауап береді. Оқырман кез-келген қазақ тіліне қатысты толғандыратын көкейкесті мәселелерді интернет-кеңістік арқылы дер кезінде біліп отырады. Бұл жоба қазақ тілді аудиторияны сауаттандырумен қатар мемлекеттік тілге қызығушылық танытатын адамдарға үлкен сабақ болмақ. Ендеше, осы іс-шараға қатысып, үлес қосқан тіл жанашырларының сөзіне құлақ түрсек.
Қуаныш Асылов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы:
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Қазақ тілі - ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап. Тек оны насихаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек - деп атап көрсетті [4]. Біздің егемен елімізде тілді насихаттау - мемлекеттілігімізді, тарихымызды, мәдениетімізді насихаттаумен бірдей. Өйткені тіл - бүкіл руханиятымыздың арқауы, негізі.
Сіздердің назарларыңызға ұсынылған Тіл әлемі порталы - осындай аса іргелі мақсатқа үлес қосатын жаңа жоба. Бұл жоба аясында сіздер мемлекеттік тіл, сондай-ақ елімізде тұратын этнос тілдері туралы жаңалықтармен, тіл үйренуге арналған еңбектермен, еліміздегі тілдік ахуалмен, тілге қатысты ой-пікірлермен, аудио және бейне материалдармен, жалпы алғанда, еліміздегі тілдердің тыныс-тіршілігімен барынша толығырақ таныса аласыздар, - деді.
Ал, Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты былай дейді: Бүгінгі күн - бетбұрыс күні. Тіл туралы әңгіменің жаңа категорияға ауысқан сәті. Енді бұл бастаманы нақты осы заманның тіліне, осы заманның құралдарына, осы заманның күнделікті емес, сағат сайын, тіпті минут сайын пайдаланып отырған әлеуметтік кеңістікке ауысқан күні деп атауға болады. Бұл расында да саясаттың тілімен айтқанда жиырма бес жылдық тәуелсіздік тойы қарсаңында тіл саласындағы бағындырылған белес, алынған асу. Енді көлікте кетіп бара жатып бір сөздің жазылуына күмән туып, сол сөзді тере салсаң, он секундта бекітілген нұсқасы шыға келеді деген ойдың өзі басқаша ахуал, тілдік жаңа сипат. Қазіргі біздің тілімізге төніп тұрған қауіптің бірі жазудан бұрын сөйлеу. Ел тәртіпке түсу үшін, тіл тәртіпке түсу керек. Бүкіл әлем орфография бойынша жазады, орфоэпия бойынша сөйлейді. Біздің журналистер сингорманизм заңдылығын ұмытып көгілдір экран бетінен сөздің жазылуын қаз-қалпында оқып жүр. Алдағы уақытта жаңа портал осындай олқылықтарды түзетуге ат салысса деген ұсыныс бар.
Оразгүл Асанғазықызы, Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық-үйлестіру әдістемелік орталығының директорының кеңесшісі:
Қазір том-том кітап арқалап жүретін заманның уақыты өтті. 2011 жылдан басталған Тілдерді дамыту стратегиясы аясында жасалынып жатқан шаралардың ең үлкені осы жоба болды. Енді кез-келген ортада отырып өзіңізге күмән тудырған терминологиялық тіркестерді сайт арқылы растай аласың. Егер бұл жердегі кейбір пікірге оқырманның көңілі толмаса, өз ойын бізге жолдауға болады. Комиссияның талқысынан кейін ол ұсыныстар оң шешімін тапса, порталға еңгізіледі. Қоғаммен қойын-қолтық қарым-қатынас жасаудың жаңа уақыты туды деп ойлаймын.
Ербол Тілешов, Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық-үйлестіру әдістемелік орталығының директоры:
Порталды ашудағы негізгі мақсат 2011-2020 жылдардағы Тілдерді дамыту стратегиясын жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар мейлінше бұқараға елімізде жинақталған тілдік қорды кеңінен насихаттау мен әдістеме саласын жетілдіру. Бұл жоба Қазақстанның барлық облыстарымен тікелей қарым-қатынас жасап, тілдік ахуалға интернет кеңістікте мониторинг жасап отырады. Көбіне жаңадан шыққан кітаптардың тиражы аз болғандықтан әр жерден сын айтылып жатады. Порталда тіл ғылымына қатысты 1000-ға жуық кітаптар орналасқан. Бұл портал арқылы бір мезетте миллиондаған оқырман өзіне керек мағұлматпен сусындап отырады. Кез келген оқырман тіл мәселесі хақындағы мақалаларын, ашық пікірін порталдалдан өз блогын ашып, өздері жариялап, оны әлеуметтік желілер арқылы басқалармен бөлісе алады. Тіл әлемі порталы - тіл жанашырларының әлеуметтік желісі деп айтсақ та артық болмайды [15]. Дегенмен, қазақ тіліндегі сайттардағы қазақ тілді мәліметтердің аздығы көңілді түсіреді. Мысалы, мен мектептегі Әділет дебат клубының мүшесімін. Біз облыстық турнирлерде әлемдік тақырыптармен ойнаймыз, сол кезде қазақ тілінде ақпарат табуға қиналамын. Ғалам 25 (Вселенная 25) эксперименті жайында қазақ тілінен мүлдем мәлімет таба алмадым. Сондықтан, орысша мәлімет алып, соны өзімше қазақ тіліне аударуыма тура келді. Яғни, әлі де болса әртүрлі бағыттағы қазақ тіліндегі сайттарды дамыту қажет.
Қандай нәрсе болмасын, оны жақсы жағына қарай қолдана білу керек.
2 ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ НОРМАСЫ МЕН СТИЛІ
2.1 Қазақ тіліне тән дыбыстардың қолданылуы немесе сауаттылық деңгейі. Әлеуметтік желілер арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында атқарылып жатқан істер аз емес. Дегенмен, Таяқтың екі ұшы бар демекші оның кереғар тұстары да бар. Қазақ тілінің дамуы ақсап келе жатқанын ұрандап айтуда алдына жан салмайтындар кінәні өзгеден іздейтіні белгілі. Қазақ тілі мәселесінің кері кетуіне үкімет кінәлі, бәрі өз тілін білмейтін қазақтардың кінәсі деп басқаларға айып тағатындар көп-ақ. Әлбетте, өзгеге кінә арту - ең оңай жұмыс. Абзалы, барлығын әр адам өзінен бастауы қажет.
Бүгінде интернет қолданушы жастардың өз тілі қалыптасқан. Ең бірінші мәселе - қазақ тілінің қ, ғ, ң, ә, і, ү, ұ, ө тәрізді төл әріптерінің қолданылмауы. Әлеуметтік желілерді пайдаланатын жастардың басым көпшілігі жоғарыда аталған әріптерді алмастырып, қазақ тіліндегі сөздерді жетімсіретіп қолданатыны жасырын емес. Желіні қолданушылар көп жағдайда қазақ әріптерін орыс графикасында бар таңбалармен алмастырып қолдануды және латын графикасындағы таңбалармен жазуды үрдіске айналдырып келеді , яғни оқушы жастар кейбір сөздердің графикалық формасын қалауына қарай өзгерте береді. Жоғарыдағы әріптерді қолданып жазатындардың қатары бірен-саран. Мұны жастардың өзі де мойындайды. Әлеуметтік желілерде хат жазғанда, қазақ әріптерін қолданбайтындығымды жасырмаймын. Маған орыс тілінен қазақ тіліне ауыстырып, барлық сөзді орфографияға сай жазу қиындау. Сондықтан, өзіме ыңғайлы жолмен жаза беремін. Ол үшін әлеуметтік желіде мені ешкім сынға алмайды. Салем, калайсын?, жаксы, бари дурыс деген сөздерде қазақ әріптері алмастырылғанымен, қазір бізге бұл сөздердің дұрыс жазылуы осындай секілді болып көрінеді. Өйткені біздің көзіміз осыған үйреніп кеткен, - дейді әлеуметтік желіні күн сайын қолданатын жастардың бірі Айжан Айтмаханбетқызы. Байқағанымыздай, бұл мәселеге бас ауыртатындар көп емес.
Осы тақырыпты зерттеу барысында инстаграмм әлеуметтік желісін ашып отырған жайым бар еді. Бір кезде Сәкен Майғазиев ағамыздың парақшасына көзім түсіп кетті. Сәкен ағамыз анасымен түскен суретін жариялап, суреттің астына былай деп жазыпты:
Saken_maigaziev Кеш жарық, жақсылар! Анам екеуіміздің көздеріміз ұқсайды ма? Бүгін Райана мен Мәриям әжелерін қимай-қимай ауылға шығарып салды делінген. Енді оған жазылған жауаптарды ұсынғым келіп отыр.
Glesbekovna85 Сакен ага Ананыздан аумайды екенсиз! АНАНЫЗДЫН ЖАСЫ УЗАК БОЛСЫН АУМИНЬ!
Karlygashdauletova Орамал тагып шыксан копия болар един.
Kxcv517 Juz jasaniz.
Бұл жерден нені байқауға болады? Сәкен ағамыздың әрбір сөзі қазақша, қазақ тіліне тән дыбыстармен және тыныс белгілері де орынды қолданылып жазылған. Ал, келесі жазбадан нені көруге болады? Қазақ тіліне тән дыбыстар мүлдем қолданылмаған, тыныс белгісі, жазылу үлгісі де дұрыс емес. Екінші жазбада орыс тіліндегі сөз қосылып жазылған. Соңғысы мүлдем латын әріптерімен жазған. Мұндай олқылықтар толып жатыр.
Екінші мәселе - орфографиялық және пунктуациялық қателер, ауызекі тіл элементтері, сөйлемдердің қысқаруы, сөздердің орын алмасуы. Мұндай қателіктер интернет қолданушыларының арасында бұрыннан қалыптасқан жағдай болғандықтан, оны өзгерту де қиын. Бірақ бұған көз жұмып қарауға мүлдем болмайды. Өйткені ғаламтор пайдаланушылар қазақ тілінің тілдік нормаларын сақтамауы жастардың сауатсыздыққа бой үйретуіне әкеліп соқтыруы әбден мүмкін [6]. Ғаламторда әдеби тілдің нормаларын сақтап отырып сөйлесу мүмкін еместігі түсінікті. Кей мамандардың айтуынша, ғаламтордағы қарым-қатынас тіліндегі біз атап өткен қателіктердің орын алуы заңдылық көрінеді.
Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әдейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар", - дейді. [7. б. 87]
Ғаламтор тілі тез әрі жылдам қарым-қатынасқа қолайлы тіл. Оның басты ерекшелігі де осында. Сондықтан, әдеби тіл нормаларын интернетте сақтау міндетті деген қате пікір дегенді қолдайтындардың қатары көп.
Әлеуметтік желілердегі хаттар мен жазбалардың кейбірінен дауысты дыбыстарды таба алмайсың. Жылдам хат жазу үшін сөздердің ішіндегі дауысты дыбыстарды тастап кету - нағыз грамматикалық қателік. Осыған бой үйретіп алған жастардың ертеңгі күні орфографиялық ережелерге бағынбай кетпесіне кім кепіл?! Сөздерді бөлек, бірге, жартылай бөлек жазу (дефис арқылы) ережелері де назардан тыс қалып жататынын көріп жүрміз.
Бұл олардың қол және көз дағдыларына әсер етіп, сауатты жазу дағдысын жояды. Әлеуметтік желі коммуникациясында сөйлеу тіліне жақын құрылымдар көп қолданылады, яғни сөздің тұлғасын өзгертіп кең жазу да етек алып келеді. Біріншіден, жіктік жалғауды түсіріп жазу: отырм - отырмын, ұйктайм - ұйықтаймын, билмейм - білмеймін, баратырмын - бара жатырмын, егер сөз жалпыға түсінікті болса, дауысты дыбыстарды түсіріп жазу: кдрп - қыдырып, мсқ - мысық, сөзді жөнсіз қысқартып қолдану: раха - рахмет, см - сәлем, сб - сау бол, шетелдік сөздерге қазақ тілі жалғауларын қосып қолдану: каксын?, плизбен (please) сойлессейши, сөзді орфоэпиялық норма бойынша таңбалау: не істеватсын (не істеп жатырсың?), дийұана (диуана), барат, келет, бошы (болшы). Сонымен қатар, ғаламтордағы кейбір жазбалардан тыныс белгілерді мүлдем таба алмайсың. Ал енді бірі сөйлемнің басын, адамның атын үлкен әріппен жазу деген ережені мүлдем ұмытқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz