Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Озат мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты КММ
Бағыты: Болашақтағы туристік желі және Қазақстанның тарихи ескерткіштері
Секция: Өлкетану
Ыбырай Алтынсарин мемориалды мұражайының тарихи ерекшеліктері
Жоба авторлары: Акалтаева Рабига, 10 - сынып оқушысы
Аманжолова Айжан, 10 - сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Алымбаева Д.Ж.,қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Қостанай қ.
2022-2023 ж.
Абстракт
Жұмыс тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайының тарихи ерекшеліктері.
Жұмыстың зерттеу мақсаты: Ыбырай Алтынсарин мұражайының тарихын, рухани құндылықтарын зерттей отырып, электронды оқу құралы мен Web-сайтын жасау.
Жұмыстың болжамы: Біз Ыбырай Алтынсариннің мұраларын зерттеп , электронды оқу құралын шығару арқылы ұлы тұлғаны әлемге танытамыз.
Зерттеу кезеңдері:
Тақырып бойынша материалды жинастыру, зерттеу әдістерді іздестіру, жетілдіру, мақұлдау, жұмыстың құрылымын жасау, жұмыстың нәтижесін талқылау, қорытынды жасау,ғылыми жобаға қосымша құрастыру.
Зерттеу нысаны: Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайы.
Зерттеу пәні: Ғылыми жұмысты жазу барысында Алтынсарин мемориалдық мұржайының тарихы зерделеніп, мұражайдың тарихи ерекшеліктері мен рухани құндылықтары анықталды. Мұражайдың басшысынан сұхбат алынды.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Ыбырай Алтынсарин туралы ең негізгі және маңызды мәліметтерді электронды оқу құралына және де сайтқа жүктеу.
Практикалық мәні: Берілген еңбекті қазақ тілі және әдебиет сабақтарында, ЖТБК сабақтарында оқу - әдістемелік құрал ретінде және мұғалімдер мен оқушылар үшін қосымша материал ретінде, сонымен қатар мұражай қызметкерлеріне көрнекі құрал ретінде қолдануға болады.
Абстракт
Тема работы: Исторические особенности мемориального музея Ибрая Алтынсарина.
Цель исследования работы: Создание электронного учебного пособия и сайта с изучением истории, духовных ценностей музея Ибрая Алтынсарина.
Гипотеза: Если мы изучим и выпустим электронный учебник с сайтом , то оно поможет широкому кругу узнать кто такой И.Алтынсарин.
Этапы исследования:Сбор материала по теме,поиск, совершенствование, одобрение методов исследования, разработка структуры работы, обсуждение результатов работы, подведение итогов, составление приложения к научному проекту.
Объект исследования: мемориальный музей имени Ибрая Альынсарина в городе Костанае.
Новизна работы: Внесение в электронный учебник наиболее основных и важных сведений об Ибрае Алтынсарине
Практическое значение: данный труд можно использовать как учебно - методическое пособие на уроках казахского языка и литературы, на уроках ЛОК и как дополнительный материал для учителей и учащихся, а также как наглядное пособие для музейных работников.
Abstract
Topic of the work: historical features of the Ybyrai Altynsarin Memorial Museum.
Purpose of the study: Creation of an electronic textbook with a study of the history and spiritual values of the ybyrai Altynsarin Museum.
Forecast of the work: if we study the spiritual values of the Y. Altynsarin Memorial Museum, we will publish an electronic textbook for learning about their culture.
Research stages:
Collection of material on the topic, search for research methods, improvement, approval, development of the structure of the work, discussion of the results of the work, conclusion,compilation of appendices to the scientific project.
The object of the study is the Ibrai Altynsarin Memorial Museum in Kostanay.
Subject of research: in the course of writing a scientific paper, the history of the Altynsarin Memorial chimney was studied, historical features and spiritual values of the museum were revealed. The head of the museum was interviewed.
The novelty of the work: The introduction of the most basic and important information about Ibrai Altynsarin into the electronic textbook
Practical significance: this work can be used as an educational and methodological manual in Kazakh language and literature lessons, in VGK lessons, as an additional material for teachers.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
I.Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
1.1 Ыбырай Алтынсарин - ұлы тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Ы.Алтынсарин мемориалдық мұржайының тарихы мен негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
II. Мұражайдың құнды жәдігерлер қоры
2.1 Ы.Алтынсарин мемориалды мұражайының тарихи ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Мұражайға арналған электронды оқу құралы мен сайт ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Кіріспе
Ғылыми жобаның өзектілігі:
Бүгінгі таңда Қазақстанда 160-тан астам түрлі мұражайлар тіркелді. Қазіргі қазақ қоғамындағы ерекше маңызды сипатқа ие болған ұлттық мүдделі мақсаттың бірі - халық рухын, оның өзегі - рухани құндылықтарын жаңғырту. Мұражайдың тарихи ерекшеліктері мен рухани құндылықтарын ғылыми тұрғыда зерделеп, оның ғылыми нәтижелеріне көз жеткізу өзекті мәселе болып отыр. Елбасы Н.Ә. Назарбевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасының мақаласында өскелең ұрпақты патриоттық, халықаралық, адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу, ғылым мен мәдениетті дамыту мақсатында мұражайларға, мұражай-қорықтарға, ҚР Ұлттық мұражайына ерекше көңіл бөлінген.
Қазіргі заманғы мұражайлар - өмірдің шынайы құндылықтарының шоғырландырылған көрінісі. Олардың негізгі миссиясы Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени мұралары мен рухани дамуын зерттеу және сақтау болып табылады.
Зерттеудің мақсаты:
Ы.Алтынсарин мұражайының тарихын, рухани құндылықтарын зерттей отырып, электронды оқу құралы мен сайт жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1.Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайының тарихын зерттеу;
2.Мұражайдың рухани құндылықтарын зерттей отырып, ерекшеліктерін табу;
3. Жиналған ақпарат негізінде негізінде электронды оқу құралын дайындау;
4.Электронды оқу құралына сайт жасау.
Зерттеудің ғылыми-әдістанымдық негіздерін әдебиет тарихы мәселелерін М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, С. Сүлейменов, Қ.
6
Жармағамбетов, Серікбай Оспанұлы, Қалқаман Жақып, Беген Көпеш т.б. Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны, оның ағартушылық жолындағы жұмыстары, жазушылығы, педагогикалық еңбектері, көзқарастары жайлы еңбектер жазған.Зерттеу әдістері: оқу, байқау, түсіндіру, талдау, жүйелеу, жинақтау,қолдану,бағалау,сұхбат,сау алнама.
7
I.Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
1.1 Ыбырай Алтынсарин - ұлы тұлға
Әрбір ұлы дәуірде тaрих пен мәдениеттің, білім мен ғылымның қοғaм дaмуынa өзгерістер әкеліп ықпaл еткен тaрихи тұлғaлaр aз бοлмaғaн. Οсындaй тaрихи тұлғaлaрдың бірі - қaзaқ дaлaсындa білімнің әртүрлі бaғыттaры бοйыншa білім беретін aлғaшқы зaйырлы мектептердің негізін қaлaғaн aғaртушы, педагог, ақын, жазушы, аудармашы, этнограф, өз заманының ақыл ойшылы, қоғам қайраткері, публицист, ғалым, балалар әдебиетінің атасы - Ы.Aлтынсaрин. Ыбырaй Aлтынсaрин 1841 жылы 20 қaзaндa Aрaқaрaғaй бοлысы, Никοлaев уезді, Тοрғaй οблысындa дүниеге келді. Әкесінен ерте aйырылғaн Ыбырaй aтaсы Бaлғοжa бидің қοлындa тәрбиеленді. Жaстaйынaн білімге деген құштaрлығы өте жοғaры бοлды, қοғaмның білімді бөлігімен сөйлескенді жaны сүйтін еді. 1850 жылы 9 жaсындa Бaлғοжa бидің көмегімен Οрынбοрдaғы мектеп интернaтқa жіберілді. 1857 жылы мектепті aлтын белгімен бітіреді. Οсыдaн кейін 1860 жылғa дейін Бaлғοжa бидің қοлындa жaзушы бοлып жұмыс жaсaйды. 1860 жылы οблыстық бaсқaрмa Ыбырaй Aлтынсaринге Тοрғaй қaлaсындa қaзaқ бaлaлaрынa aрнaлғaн мектеп aшуды тaпсырды, мектепте οл οрыс тілі мұғaлімі бοлып тaғaйындaлды. Οсылaйшa Ыбырaй Aлтынсaрин мaнсaбы өрби бaстaйды.[3,312б.]
Ыбырaй Aлтынсaрин өз зaмaнындa сaяси-экοнοмикaлық, мәдени-әлеуметтік құбылыстaр жaғдaйындa үздік тәрбие, οқыту және білім беру мәселелеріне қaтысты ойын бaяндaйтын публицистикaлық баяндамалар, οқу-әдістемелік құрaлдaры мен aғaртушы ғaлымның өз зaмaнындaғы ғaлымдaрмен, aғaрту сaлaсынa үлес қοсқaн aтaқты тұлғaлaрмен, дοстaрымен, мұғaлімдермен сыр шерткен, хaттaры қaзіргі кезде тaрихи мәні орасан, өзектілігін әлі жоғалтпаған мәдени құндылық бοлып οтыр.
8
Ы. Aлтынсaриннің οрыс миссиοнері, түркітaнушы, Қaзaн университетінің прοфессοры, Қaзaндaғы οқытушылaр семинaриясының директοры Н.Н.Ильминскийге және οның жұбaйы Е.С.Ильминскaяғa, лaуaзымды шенеуніктер A.A.Бοбрοвникοвке, В.В.Кaтaринскийге, қaзaқ дaлaсындaғы мектептерге aрнaйы шaқырылғaн οрыс мұғaлімдері A.Мοзοхинге, Ф.Сοкοлοвқa жүйелі түрде жaзғaн хaттaрындa мaңызды мәселелерді қοзғaды. Мәселен, қaзaқ дaлaсындaғы мектептердің οқу жұмысының жaлпы тұрмысын, жұмыс нәтижелерінің дәлме-дәл стaтистикaлық есебін, οқу-тәрбие жaйын, οқу құрaлдaры мен шaруaшылық жaғдaйлaрын, Тοрғaй οблысы бaсқaрмaсынa қaтысты мектептер, οндaғы οқушылaр мен мұғалімдер турaлы егжей-тегжейлі мәліметтерді, мектепті тексеру нәтижелерін, жұмсaлғaн қaрaжaт турaлы есеп-қисaптaрды және т.б. [4,118б.] Ы. Aлтынсaрин өз ғасырының атақты ғұлaмaлaры Ушинскийдің, Тοлстοйдың, Пaульсοнның шығaрмaлaрындaғы инабат пен білімге, мәдениет пен ғылымғa деген көзкaрaстaрды бaйлaныстырa οтырып, сοл зaмaндaғы қaзaқ мектептері үшін құнды деректер мен еңбектер жaзды. Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін үлкен үш тοпқa біріктіруге бοлaды:[5,65]
1. гумaнитaрлык-техникaлық деректері;
2. көркем - әдеби шығармалары;
3. ғылыми мақалалары.
Ы. Aлтынсaрин еңбектерінің бaғыттaры қaзіргі уaқыттa жaрaтылыстaну-мaтемaтикaлық, қοғaмдық-гумaнитaрлық сaлaлaрдa өзектілігін aшa түседі. Ы. Aлтынсaриннің aсa құнды еңбектерінің бірі - 1879 жылы жaрыққa шыққaн. Οл Қырғыз хрестοмaтиясы.
Қырғыз хрестοмaтиясы төрт бaғыттaғы мaзмұнды қaмтиды:
1. Оқушылaрдың туғaн елдеріне деген патриот сезімін оятатын мақалалар;
2. Ересек адамдарға aрнaлғaн әңгімелер;
3. Aуызшa, құлаққа оңай қабылданатын шығaрмaлaрдың үлгілері;
4. Мaқaл және мәтелдер.
9
Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер Қырғыз хрестοмaтиясы арқылы білім алады. Торғай облысында ұйымдастырған оқу орындары 1864-1889 жыл аралығында Ыбырай Алтынсарин қараңғы қазақ халқы арасында білім жүйесін орнатуға үлкен үлес қосты.
Ыбырай Алтынсарин ашқан оқу орындарының түрлері:
1. Екі жылдық оқу орындары;
2. Алты жылдық мектеп-интернаттары (уездік қалаларда);
3. Бір кластық болыстық бастауыш мектептер;
4. Қыздарға арналған мектептер;
5. Ауылдық оқу орындары;
6. Кәсіптік және ауылшаруашылық оқу орындары;
7. Мұғалімдер дайарлайтын оқу орындары.
Ы.Алтынсарин Қазақстандағы оқу-ағарту жүйесінің негізін құрды. 1864 жылдан бастап өмірінің сонына дейін Торғай облысы мектептерінің ұйымдастырушысы болып қызмет атқарды. Алтынсарин мектептері сауатсыздықты жою және кәсіби мамандарды дайындау бойынша орасан зор жұмыстар атқарды. Ы.Алтынсариннің жарқын қызметінің бағыттарының бірі қолөнер, ауылшаруашылық мектептерін ұйымдастыру болды. Ұлы тұлға көмегімен Елек, Николаев, Торғай, Ырғыз уездерінде екі сыныпты орыс-қазақ мектептері ашылды. Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздары білімінің негізін салушы 1888 жылы қазанда Ырғыз қаласында қазақ қыздарына арналған мектеп - интернат ашты. Ол қайтыс болғаннан кейін Қостанай, Торғай, Қарабұтақ, Ақтөбеде әйелдер мектебі ашылды.[6]
Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын оқу орындарын ұйымдастыруға қатысты.1883 жылы мұғалімдер даярлайтын мектеп ашты. Троицк қаласында құрылған, содан кейін Орынборға ауыстырылған мұғалімдер мектебі өз заманының озық оқу орны болды. Өмірінің соңғы жылдарында Ы.Алтынсарин өзіне тиесілі жер учаскелерін Қостанайда ашылған ауыл шаруашылығы мектебін пайдасына өсиет етті.
10
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 шілдеде дүниеден озды. Өзі паналаған үйден алыс емес әкесінің жерлеген жерінің қасында жерленеді. Қазіргі кезде Ыбырай Алтынсарин жерленген жерінде үлкен мавзолей орналасқан. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" республикалық жобасы аясында 2017 жылдың 4 қазанында қайта жаңартылғаннан кейін Ы.Алтынсариннің кесенесі салтанатты түрде ашылды.Қорытындылай келе, Ы.Алтынсариннің ашқан мектептер жүйесі.
1.Уездік училищилер саны- 4.Олар Ақтөбе, Ырғыз, Торғай, Қостанай.
2.Мұғалімдер мектебінің саны-1. Ол Орск қаласында.
3.Болысты орыс-қазақ мектебінің саны-8. Олар Бөрте,Қарабұлақ,Қараторғай, Меңдіқара, Обаған, Жітіқара- тұбар
4.Қолөнер училищелерінің саны-1.
5.Қазақ қыздар училищелерінің саны-3.
6.Ауыл мектептерінің саны-1. Ол Кеңарал ауданы.
Біздің ойымызша, Ы.Алтынсарин - ұлы тұлға. Себебі ол біздің өмірімізге үлкен үлесін қосқан. Осындай Ы.Алтынсарин сияқты қайсар, білімді, өз халқын ,мұратын сүйе білетін адамдар аз. Тек осы қасиеттері бар адамдардың ақасында біз қазіргі заманға жетіп отырмыз.
11
1.2 Ы.Алтынсарин мемориалдық мұржайының тарихы мен негізгі бағыттыры
Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайы Қостанай облысында Қостанай қаласында орналасқан. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мәдениет жөніндегі комитетінің төрағасы Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиевтің бұйрығымен 1991 жылы 9 желтоқсанда Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайы өз есігін ашты. Алтынсарин мұражайын Қостанай қаласының атақты сәулетшісі Хажымұрат Күшіковтің жобасы бойынша ұлттық нақышта киіз үй тәрізді зәулім ғимарат бой көтерді.[ 7,736б.]
Мұражай 1884 жылы бой көтерген дарынды балаларға арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының қасында орналасқан.
Мұражайдың екі бөлігі бар. Бірінші бөлігінде Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің дәлме-дәл көшірмесі орналасқан. Оның ішінде педагогтің мемориалдық сыныбы және әкімшілік кабинеттері бар. Екінші бөлігінде - киіз үйге ұқсас екі қабатты ғимаратта екі көрме орналасқан. Олар Ыбырай Алтынсарин - мұғалім-ағартушы және Қазақстан Республикасы халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың шығармашылық лабораториясы болып табылады.
Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейі 5 экспозициялық залдан тұрады. Олар Музей тарихы, Ы.Алтынсарин - ұлы ұстаз, Қазақстанда халық ағарту ісінің негізін қалаушы, Ы. Алтынсаринің мемориалдық классы, Ы.Алтынсарин және оның айналасындағы адамдар. [8,22б]
12
Мұражайдың жалпы аумағы - 818,1 ш.м. Мұражай қызметкерлері қорларды толтыру үшін үлкен жұмыс атқарды. Алматы, Омбы, Орск, Орынбор, Санкт-Петербор мұрағаттарында мұражай қызметкерлері жұмыс жүргізді. Алтынсариннің өмірін зерттеу үшін қажетті материалдар мен ақпараттарды жинауға Қостанай қаласы мен облыстың қоғам қайраткелері зор үлес қосты. Қазіргі уақытта мұражай қорында 12 мыңдай жәдігер сақталған, жылына 30000-дай адам мұражайды көруге келеді. Мұражай жұмысы бірнеше бағытта жүргізеді: мұражай қорын жабдықтау, есеп жүргізу, жәдігерлерді зерттеу, жабдықтау, тарихи-мәдени мұраны насихаттау Ы.Алтынсариннің, көрме және ғылыми - ағарту жұмысын зерттеу оның ізбасарлары мен өлкенің білім беру саласының педагогикалық мұрасын толық қайта жаңғырту мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Көрмеде Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражай қорындағы бағалы жәдігерлерлердің бірі - Ыбырай Алтынсарин отбасымен қолданған төсек қап пен Шариғатул-Ислам кітабының түпнұсқасы, архивтік фотоқұжаттар, шығармалары, этнографиялық очерктері, Ыбырайдың аталас туысқаны, Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы оқулықтар мен Қазақстанның халық жазушысы, белгілі ақын Мәриям Хакімжанованың латын графикасы негізінде жарыққа шыққан Жеңешем тұңғыш өлеңдер жинағы сақталған. Сонымен қатар ағартушыны педагогтің нағашы атасы Шеген бидің шапаны және тағы басқа бағалы жәдігерлер халық назарына ұсынылды.Елімізде қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңартуға бағытталған Рухани жаңғыру бағдарламасы қолға алынды. [9] 13
Мұражайдың негізгі мақсатына тоқталатын болсақ, негізінен оқу-ағартуға байланысты ғылыми зерттеу жүргізу. Ал міндеті, оқу-ағарту мәселесіне байланысты материал жинақтау және өзгелерге насихаттау. Қостанай облысынан шыққан ғалымдардың еңбектерін насихаттауға ұлы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында, Даланың дара ұстазы көшпелі көрмесі ашылып, Серікбай Оспанұлының Ыбырай жолы кітабының бірінші көрсетілімі болып өтті. Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейі мен Ғафу Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі бірлесіп, Қостанай өңіріннің ұстаздары арасында қазақ күресінен Ұстаз барысы турнирі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz