Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ӘОЖ (ҒТАМР) 378. 2. 04 (14. 25. 09)

https://abaiuniversity.edu.kz/docs/smi/018.3.2021.2.jpg

МУСАПИРОВА АРАЙЛЫМ БОЛАТХАНҚЫЗЫ

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін бағалау

7М01102 - «Педагогика және пcиxология»

(Педагогикалық өлшемдер)

Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін орындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі:

Ережепов Т. Т., PhD доктор, аға оқытушы

Қорғауға жіберілді:

Институт директоры Абаева Г. А., п. ғ. қ., доцент

(қолы)

Кафедра меңгерушісі Көшербаева А. Н., п. ғ. д., профессор

(қолы)

Ғылыми семинар төрағасы Орынбаева Л. К., PhD доктор

(қолы)

Алматы, 2022 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 «Құзырет», «Құзыреттілік», «Кәсіби құзыреттілік» ұғымдарына ғылыми талдау . . . 9

1. 2 Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігінің мәні, мазмұны . . . 24

1. 3 Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың моделі . . . 35

2 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2. 1 Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін бағалау динагностикасы . . . 54

2. 2 Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін бағалау әдістемесінің мазмұны . . . 62

2. 3 Зерттеу жұмысы бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері . . . 73

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 83

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 86

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Диссертацияда келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:

1 Педагогикалық әдеп қағидалары;

2 Мектеп мұғалімдерінің лауазымдық міндеттері;

3 Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VI Заңы;

4 Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;

5 ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 3-қосымша. Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

6 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (2021 жылғы 31 наурыздағы берілген өзгерістер мен толықтырулармен) ;

7 Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 жетоқсанындағы № 1118 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ.

АНЫҚТАМАЛАР

Магистрлік диссертацияда келесі терминдер және оған сәйкес анықтамалар қолданылды:

(Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі;

Құзырет - дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағды, іскерлік, әрекет тәсілі) жиынтығы;

Құзыреттілік - алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті

өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге

қолдана алу қабілеттілігі;

Кәсіби құзыреттілік - педагогикалық қызметін атқару дайындығы мен

қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік кәсіби

сипаттама;

Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым;

Әдіс (грек. «methodos» - шындыққа жетудің жолы) ретке келтірілген іс-әрекеттің белгілі бір тұрғыда мақсатқа жету жолын білдіреді.

Бiлiмнiң сапасы - МЖМБС талаптарына және ЖОО-ға қойылған қосымша талаптарына сай студенттер және бiтiрушiлердiң бiлiм деңгейлерiнiң сәйкестiгi.


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҒЗЖ - ғылыми-зерттеу жұмысы

ЖОО - жоғары оқу орны

ҚазҰПУ - Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚР БжҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ҚР БжҒМ БҒСБК - Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

ОӘЖ - оқу-әдістемелік жұмыс

ОТҚ - оқытудың техникалық құралдары

БТ - бақылау тобы

ЭТ - эксперимент тобы

PhD - философия докторы

т. б. - тағы басқа

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Мектеп мұғалімдері қызметке жаңадан қосылған кезде, шын мәнінде мүдделі көзқарас пен оның құзыреттілігін қалыптастыруға, мұғалімдердің әртүрлі санаттарының қажеттіліктерін, мүдделерін, мақсаттарын және құзыреттілік ерекшелігін ескере отырып, өзге де уәждерін дамытуға және қанағаттандыруға негізделеді. Мектеп мұғалімдердің өмірлік мәні бар лайықты бағдарларын дамыту мақсатында оның тәрбиелік әлеуетін пайдалануға құқығы бар. Осылайша, әрбір педагог қызметте кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі - болашақ мектеп мұғалімдерінің қоғам мен оның оқып жүрген ұйымының білімі мен құралдарын ескере отырып, олардың маңызды қажеттіліктері мен мүдделерін іске асыруға мүмкіндік беру.

Еліміздің әлеуметтік экономикалық құрылымында болып жатқан өзгерістер жоғары мектептің білімдік үдерісін ұйымдастыруға жаңа талаптар қоюда.

ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» халқына Жолдауында еліміздің болашағын қазақстандықтардың әлеуетін ашу үшін жаңа мүмкіндіктер құрумен байланыстыра келе, «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» екендігіне тоқталды [1] . Бұл өз кезегінде бес институтционалдық реформалады жүзеге асыру үшін ұлттың идеясы, жарияланған ұлт жоспары, «100 нақты қадам» бағдарламасында әлемнің отыз дамыған елінің қатарына кіруі негізінде адам капиталының сапасын көтеру, он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғарғы оқу орындарында білікті кадрларды әзірлеу, халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру үшін еліміздің оқу мекемелерінде білім беруді дамытудың басым бағыттарын алға қойды [2] .

Білім саласында казіргі кездегі жаңғырту үдерістері ең алдымен XXI ғасыр тұлғасы мен оларды тәрбиелейтін педагогтардың ұлттық және трансұлттық білімдік кеңістіктердегі орны мен рөліне, жаңартылған білім беру жағдайында халықаралық өзара әрекеттестікке дайын болу тұрғысынан жүргізілуде.

Өйткені жаңа жағдайда педагог алдында жалпыадамзаттық демократиялық және гуманистік кұндылықтар негізінде бір адамнан өз елінің білімді, саналы азаматын және әлем азаматын тәрбиелеу міндеті тұр. Мұндай тұлға интеллектуалды, дүниетанымы кең, жаңаша ойлау қабілеті жоғары, білімге кұштар, отансүйгіштік қасиеті қалыптасқан, бәсекеге кабілетті болуымен катар, ел экономикасын, мәдениетін алға тартатын, ұтқыр күш, әлеует ретінде қалыптасуы тиіс.

Қазақ қоғамы қазір қаркынды түрде жүріп жатқан жаһандану үдерісінің ықпалынан, өзі қаламаса да, оқшау бола алмайтындығы белгілі.

Еліміз енген Болонья жүйесі бойынша педагогтарды кәсіби дайындау үдерісі де осы мәселенің бізде таралуының көрінісі. Бұл ретте оқытудың барлық деңгейінде білім мазмұнының қайта қаралып, технологияларының жаңғыртылуы сапаға бағытталу мен нәтижеге қол жеткізудің бірден - бір жолы. Осыған орай жоғары білімнің нәтижесі болып табылатын маман жайында жаңартылған білім беруге қатысты құзыреттіліктер қалыптастыру өзекті мәселе қатарына жатады.

Білім беру саласы алдында тұрған бұл мәселені тиімді шешудің нормативтік - құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы [3], Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы [4], Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім беру тұжырымдамасы [5], Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары [6], және Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайын Қазақстан халқына ұсынатын Жолдауының стратегиялық бағдарламалары құрайды.

Қазақстанда құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін К. С. Құдайбергенова [7], Ә. М. Мұханбетжанова [8], Г. Ж. Менлибекова [9], М. Ж. Жадрина [10], Д. Т. Қаңлыбаева [11], Ш. Х. Құрманалина [12], А. А. Бейсенбаева [13] және т. б. ғалымдар зерттеген.

Аталған ғылыми-педагогикалық еңбектер мен әдебиеттерге жасалған талдаулар педагогтардың кәсіби құзыреттілігі қарастырылғанымен, жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін бағалау мәселесіне байланысты тақырыптардың жеткілікті түрде әлі де зерттелмегендігі анықталды. Қазіргі қоғам сұранысына сай педагогтардың кәсіби құзыреттілігін алдыңғы қатардағы орынға қоятын педагогикалық парадигма талаптары мен мектеп мұғалімдерінің құзыреттіліктерінің деңгейі арасында қарама-қайшылықтардың бар екені анықталды; аталған қарама-қайшылықтардың шешімін зерттеу диссертациялық жұмысымыздың тақырыбын «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін бағалау», - деп таңдауымызға басты себеп болды.

Зерттеу объектісі. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі.

Зерттеу пәні. Мектеп мұғалімдерінің жаңартылған білім беру жағдайында кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Зерттеу мақсаты. Жаңартылған білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін бағалауды теориялық тұрғыда негіздеп, эксперименттік тұрғыда зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

1) Жаңартылған білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін теориялық тұрғыда негіздеу;

2) «Құзыреттілік», «жаңартылған білім беру» ұғымдарын нақтылау;

3) Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік кешенін әзірлеу және тәжірибелік - эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін бағалаудың теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалып, құрылымдық-мазмұндық моделі мен әдістемесі дайындалса, онда, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін бағалаудың және қалыптастырудың тиімділігі артады, өйткені, арнайы жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар олардың білім мазмұнын сапалы деңгейде оқушыларға жеткізуіне ықпал етеді.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Кәсіби құзыреттілік туралы ғалымдардың тұжырымдамалары; білім сапасын арттырудың педагогикалық тұжырымдамалары, теориялық ережелері, ғалымдардың мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру туралы тұжырымдамалары.

Зерттеу әдістері:

- теориялық (ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау, салыстыру, нәтижені жобалау) ;

- эмпирикалық (сауалнама, әңгімелесу, бақылау, оқу-әдістемелік құжаттаржы саралау, зерттеу нәтижелерін сандық жіне сапалық талдау әдістері) .

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

- мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерінің маңызы білім беру саласына әсеріне сипаттама берілді;

- жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін бағалаудың құрылымы, мәні, мазмұны айқындалып, құрылымдық-мазмұндық моделі, әдістемесі жасалып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесі шығарылды.

Зерттеу базасы. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, № 45 ЖББМ КММ.

Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеу барысында қол жеткізген теориялық қағидалар мен тұжырымдар, зерттеу нәтижелері мен қорытындылар, болашақта жүргізілетін ғылыми ізденістерге негіз болады.

« Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін бағалау» тақырыбында жазылған магистрлік диссертация жұмысының қорытындысы мен жұмыстың эксперименттік бөлімінің нәтижелері білім беру мазмұнын сапалы ұйымдастыруға ықпалын тигізуі мүмкін.

Зерттеу нәтижелерін апробациялау және енгізу. Апробация нәтижелерді талқылау түрінде өткізілді, негізгі қорытындылар «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі» тақырыбы бойынша «UTU. kz» Қазақстан педагогикалық жұрналында, «Профессиональная компетентность учителя - это обучение, ориентированное на результат» тақырыбы бойынша «Қазіргі әлемдегі ғылым мен білім: ХХІ ғасырдың сын-қатерлері» Х Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдарында жариялау арқылы жүзеге асырылды.

Магистрлік диссертация жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 ТАРАУ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. «Құзырет», «Құзыреттілік», «Кәсіби құзыреттілік» ұғымдарына ғылыми талдау

«Нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесі» ұғымының Қазақстан Республикасындағы білім саласына енуіне байланысты «білім», «білік», «дағды», «білімділік», «дайындық» сияқты ұғымдары автоматты түрде «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарымен алмастырылып, қазіргі уақытта практиктердің кеңінен қолданылып жүрген үйреншікті сөзіне айналып кетті. Сондықтан «құзыреттілік» пен «кəсіби құзыреттілік» түсініктерін анықтауда салыстырмалы түрде талдау жасап, олардың мəнін ашып көрейік.

«Құзыреттілік» ұғымының кең таралымына қарамастан, бұл ұғымның мəні терең ғылыми талдауларды жəне оны негіздеуді талап етеді. Сондықтан да талдау ең алдымен, қолданыстағы ұғымның не екендігіне жауап іздеуден басталады. «Құзырет» пен «құзыреттілік» түсініктерін анықтауда салыстырмалы түрде талдау жасалған, оларды көптеген ресейлік жəне шетел зерттеулерінен (И. А. Зимняя, В. И. Байденко, Н. А. Гришанова, Д. А. Махотин, О. Е. Лебедев, С. Адам, У. Клемент жəне тағы басқалардың еңбектерінен) көруге болады.

Қазіргі уақытта жеке тұлғаның психологиялық, теориялық жəне практикалық дайындық сұрақтары, педагог бойындағы кəсіби қасиеттер мен қабілеттердің қалыптасуы, оның беделі мен кəсіби шеберлігі, педагогикалық ойлауы, ғылыми еңбекті ұйымдастыру мен біліктілікті жоғарылату мəселелері бойынша кең түрде əдебиеттер қоры құрылды. Оларға С. И. Архангельский, Ф. Н. Гонобалин, Н. В. Кулюткин, И. Т. Огородников, А. И. Пискунов, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков, Н. В. Кузьмина, Н. Ф. Талызина, В. В. Краевский, Н. Д. Хмель, С. Т. Каргин, А. К. Маркова, К. С. Оспанов жəне тағы басқалардың ғылыми еңбектерін жатқызуға болады.

Бұл зерттеу жұмыстары педагогтардың кəсіби дайындық мəселесін өңдеуге неғұрлым салмақты үлесін қосты, сонымен бірге қоғамдық жəне педагогикалық тəжірибенің маңызды қажеттіліктері арасындағы қайшылықты шешу мүмкіндігін береді.

Бүгінгі күнде «құзыреттілік» түсінігі тек қана негізгі педагогикалық категориялардың бірі ретінде ғана емес, сонымен бірге пəнаралық зерттеудің, яғни, «педагогтың кəсіби құзыреттілігі» түсінігінің мəнін анықтау мəселесі психологтардың, педагогтардың, маман-практиктердің жəне т. б. арасындағы дау мен қайшылықтардың объектісі болып табылады.

Жаңа психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдау қазіргі уақытта «құзыреттілік» түсінігінің мəнін анықтау процесінде, оның құрылысы мен мазмұнын толықтыруда бірліктің жоқтығын белгілеуге мүмкіндік береді. Көп жағдайда бұл түсінік біліктілік пен кəсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсету үшін қолданылады. Кейбір авторлар «кəсіби құзыреттілік» ұғымын түсіндіруде кəсіби іс-əрекетке дайындық түсінігімен (В. А. Сластенин, Н. Н. Лобанова, А. И. Панарин жəне тағы басқалар), сондай-ақ педагогикалық кəсіпқойлық (А. И. Пискунов, В. В. Косарев жəне тағы басқалар) түсінігімен өзара байланыстырады.

Егер де құзыреттілікті кəсіпқойлық жүйесіндегі орнын анықтауға тырыссақ, онда ол мамандықты меңгерудің неғұрлым жоғары деңгейін көрсететін орындағыштық пен жетілгендік арасында; көптеген авторлармен белгілі бір іс-əрекетті орындауға дайындық ретінде жеке тұлғаның «тұлғаның ішкі дайындығы», өзгеше «алдын ала дайындық» жағдайы мен шеберлігі арасында болады [14] . Педагогтың кəсіби құзыреттілігі туралы барлық түсініктерді оқу барысында оның бірқатар маңызды өзгерістерге ұшырағандығын анықтауға болады: мұғалім жеке тұлғасының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру негізін өңдеуден бастап (С. Т. Каргин, А. А. Орлов, И. Я. Фастовец жəне тағы басқалар), сонымен қатар жеке тұлғаның толығымен жəне оның бойындағы кəсіби маңызды қасиеттердің дамуы (Р. Ж. Əубəкірова, Е. П. Белозерцев, И. А. Колесникова, А. Е. Кондратенков, Н. В. Кузьмина, Н. Д. Левитов, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин, К. С. Оспанов жəне тағы басқалар), педагогикалық шығармашылық көздерінің мəнін анықтауға (В. И. Андреев, В. И. Загвязинский, Ю. Н. Кулюткин, М. М. Поташник жəне тағы басқалар), мұғалім кəсіби іс-əрекетінің психологиялық негізін талдауға (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, А. М. Матюшкин, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин жəне тағы басқалар) жəне педагогтың кəсіпқойлығын қалыптастыру (Е. В. Андриенко, К. А. Абульханова, В. В. Косарев, Н. В. Кузьмина, А. И. Пискунов жəне тағы басқалар) сұрақтарына дейін өзгеріп отырды.

Ғылымдағы кəсіби құзыреттілік мəселесін зерттеуге деген қызығушылық бір өшіп немесе бір жаңа күшпен қайта жандана түседі. Құзыреттілікті теориялық қамту жəне оларды тəжірибе жүзінде қалыптастыру сияқты сұрақтарға зерттеушілердің назарын аудару əдетте экономикамызда, мəдениет пен білім беру саласында болып жатқан дағдарыстық жағдайларға сай келеді. Осы кезеңдері зерттеушілер жеке тұлға құрылысындағы ерекше компоненттерді шығаруға көп көңіл аударды. Бұл компоненттер жеке тұлғаға əлеуметтік өзгерістерге бейімделуге, білімін толықтыру үшін ішкі ресурстарды табу, кəсіби іскерліктерін қазіргі жағдайға сəйкес өзгертуге, жаңартуға мүмкіндік беруі тиіс.

ХХ ғасырдың 70-90-жылдары ресейлІк ғалымдардың Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова, И. А. Зимняя жəне тағы басқалардың зерттеулерінде құзыреттілік педагогикалық үрдісті басқару мен педагогтың кəсіби іс-əрекетін қамтитын білім берудің жаңа мақсаты, маңызды компоненті ретінде қарастырылды. Кəсіби-педагогикалық құзыреттілік пен оның жеке түрлері В. А. Адольфтың, Е. В. Бондаревскаяның, Н. В. Кузьминаның жəне тағы басқалардың ғылыми жұмыстарында, сонымен бірге педагогтың кəсіби құзыреттілігінің басқа да аспектілерін К. А. Абульханова, Н. В. Кузьмина, Л. М. Митина, Л. И. Мищенко, М. В. Прохорова, Е. И. Рогов, Д. С. Савельев, В. А. Сластенин, Н. Ф. Талызина, А. И. Щербаков жəне тағы басқалар зерттеген.

Ғалымдар көбінесе кəсіби құзыреттіліктің жеке жақтарын оқуға көп көңіл бөледі. Мысалы, Н. В. Кузьмина əлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, əдістемелік жəне құзыреттіліктің басқа да түрлеріне [15] .

М. В. Прохорова - басқару құзыреттілігіне [16], Е. В. Нəбиева университет студенттерінің педагогикалық зерттеу құзыреттілігіне [17] назар аударады.

Compete - негізгі латын термині, ол «білу», «істей білу» жəне «табысқа жету» дегенді білдіреді. Бұл мағыналар жалпы түрдегі құзыреттіліктің мəнін ашады. Кəсіби құзыреттілік категориясын əрі қарай өңдеу үшін, берілген мағыналарды нақтылап, ашып қарастыру қажет жəне оларды жалпы логикалық бір жүйеге біріктіру керек.

Білу кəсіби функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті объективті дұрыс жəне нақты білімді ғана емес, сонымен бірге білім мен іскерлікті қолдануға бағыттап, объективті маңызды болып саналатын құндылықтарды білдіреді.

Істей білу педагогикалық үрдісті жүзеге асыруда операциялы түріндегі əдістерді орындауды ғана емес, сонымен қатар субъект болатын адамның негізгі іскерлігі, өзінің ішкі, рухани тəжірибесінде қалай болса, тура солай сыртқы кəсіби (педагогикалық) болмысында да өз бетінше жəне саналы түрде өз тағдырын өзі анықтай білуі.

Табысқа жету белгілі бір заңдылықтар, өнегелілік пен мəдениет аумағында өзінің алға қойған мақсаттарына жете білу іскерлігін білдіреді [18] .

Н. В. Кузьмина еңбектің нəтижесі мен оның кəсіби құзыреттілігіне əсер ететін, педагогикалық қызметкерлердің маңызды сипаттамасының қатарында педагогтың кəсіби іс-əрекетінің сапасы, оның шеберлігі мен кəсіпқойлығы, педагогикалық қабілеттер мен педагогқа қойылатын талаптар бойынша сұрақтарды зерттеп қарастырады. Ол педагогикалық құзыреттіліктің негізгі элементтері ретінде келесілерді атап көрсетеді: оқытылатын пəннің аумағындағы арнайы құзыреттілік, оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысының қалыптасу əдістерінің аймағындағы əдістемелік құзыреттілік; оқыту аймағындағы психологиялық-педагогикалық құзыреттілік; оқушылардың қабілеттері, бағыт-бағдары мен себептері аймағындағы дифференциалды-психологиялық жəне аутопсихологиялық құзыреттіліктерді қарастырады.

Арнайы құзыреттілік оқыту жүргізілетін белгілі бір мамандық немесе оқытылатын пəн бойынша терең білімдерді, біліктілік пен өндірістік іс-əрекет тəжірибесін; нақты бір өндіріспен байланысты техникалық шығармашылық есептерді шешу əдістерін білуді қарастырады.

Əдістемелік құзыреттілік оқытудың алуан түрлі əдістерін меңгеруі, дидактикалық əдістер мен тəсілдерді білуі жəне оқыту үрдісінде оларды қолдана білу іскерлігі, оқыту үрдісінде білім мен іскерлікті меңгерудің психологиялық механизмдерін білуді қарастырады.

Психологиялық-педагогикалық құзыреттілік педагогикалық диагностиканы меңгеруді, оқушылармен педагогикалық мақсатқа сəйкес қатынасты құра білу іскерлігі, педагогикалық диагностика нəтижелерінің негізінде жеке жұмыстарды жүзеге асыруды жобалайды; сонымен қатар жас ерекшелік психологиясын білуі, педагогикалық жəне жеке тұлғалар арасындағы қатынас; оқытылатын пəнге немесе оқушылардың таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылықтарын туғыза білу жəне оларды əрі қарай дамыту іскерлігі жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Құзыреттілік теориясы
Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі туралы түсінік
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Құзыреттілік – білім мен мүмкіндіктің бірігуі
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін психологтың 3 маңызды құзыреттілігі
Инклюзивті білім беру туралы
Инклюзивті білім беру жағдайындағы педагогтар мен түрлі мамандардың қызметтік міндеттерін талдау
Жаратылыстану және биология сабақтарында АКТ технологияларын қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz