Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша
білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің Мелькомбинат негізгі орта
мектебінің мектепке дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық
мемлекеттік мекемесі

Жоба тақырыбы: Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайына зерттеу жүргізу.

Бағыт: Таза табиғи орта - Қазақстан 2050 стратегиясын іске асырудың негізі

Секция: Химия

Оқушының аты-жөні: Байбекова Дария

Сыныбы: 9A сынып

Жектеші: Наушабаева Асем Кунчаевна, химия пәнінің мұғалімі

Ғылыми кеңесшісі: Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті КЕ АҚ, Жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері, магистр: Имангазинова Ж.С

Ескелді ауданы, 2022 жыл
Мазмұны

І. Титул парағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1
ІІ.Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2
ІІІ. Пікір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
IV. Эссе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
V. Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
VI. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
VII.Зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
VIII.Зерттеу барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
IX. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
X. Пайдаланылған әдебиетгер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің Мелькомбинат негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-сынып оқушысы химия пәні бойынша ізденуші Байбекова Дарияның
Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайы
тақырыбындағы ғылыми шығармашылық жұмысына

Пікір

Ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті көптеген адам (негізі балалар) әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны қазіргі кезде көбейіп отыр.
Қазақстан Респуликасында да ауыз су күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайлары ғылыми шығармашылық жұмысын іздену барысында бір қатар ақпарат көздерін, атақты ғалым, зерттеушілердің әдебиеттерін тиімді пайдаланып, табылған материалдарды өңдеп, тұщы судың маңыздылығын және оның сапасын анықтады.
Бұл ғылыми жұмыста Жетісу облысының Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының ауыз суы мен Талдықорған қаласыньң ауыз суынан сынамаларалынып зерттеу жүргізілген.
Аталған сулардың құрамын химиялық жағынан зерттеп, салыстыру үшін "И-160 МИ" маркалы рН-метрі,капиллярлық электрофорез жүйесі "КАПЕЛЬ 105М" және фотоэлектрлік фотометр "КФК-3-ЗОМЗ" қондырғылары қолданылды,ал судың тығыздығы пикнометрлік әдіспен анықталды.
Жетісу облысының аудандарындағы ауыз су сапасын жүйелі түрде зерттеп, белгісіз химиялық қасиеттеріноқушы өз деңгейінде анықтай білді.
Оқушы өзінің жасаған қорытындылары негізінде жеке жоба құрастырды. Жұмыс Дарын ғылыми жобалар байқауының талаптарына сай жазылған, болашақта тақырыпты ары қарай зерттеуге, басқа құнды мәліметтер жинақтауға мүмкіндік бар.

Пікір беруші:
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу
университеті КЕ АҚ,
Жаратылыстану-ғылыми бағыты
бойынша білім беру бағдарламаларының
оқытушы-дәріскері, магистр Имангазинова Ж.С.

Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің Мелькомбинат негізгі орта мектебі мектепге дейінгі шағын-орталығымен коммуналдық меклекеттік мекемесінің 9-сынып оқушысы химия пәні бойынша ізденуші Байбекова Дария
Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайытақырыбындағы ғылыми шығармашылық жұмысына

Пікір

Дария өзінің ғылыми шығармашылық жұмысын іздену барысында бірқатар ақпарат көздерін, атақты ғалым, зерттеушілердің әдебиеттерін тиімді пайдаланып, табылған материалдарды өңдеп, тұщы судың маңыздылығын, ОҚО - ң аудандарындағы ауыз сапасын жүйелі түрде зерттеп , құпия сырларын өз деңгейінде аша білді.
Өзінің жасаған қорытындылары негізінде жеке жоба қарастырып, Қазақстан Респуликасының ғылыми жаңалықтар тізіміне өз үлесін қосатынына сенім білдіремін.



Пікір білдіруші: .
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ҚЕ АҚ , Жаратылыстану-ғылыми бағытындағы білім беру бағдарламасы , оқытушы-дәріскер

Имангазинова Ж.С.
Эссе

Адам өмірінде судың орны бөлек. Адам 1 апта су ішпей жүре алады. Су адамның зейінін ашады. Адамзат тіршілігінде мәні өте зор.
Жобаны жазу мақсатым - судың қасиеттерімен маңызымен, табиғи сулармен, шипалы сулармен танысып, лас суларды тазартуды оқу, меңгеру болды.
Ата - анам таңертең жуынған кезде суды төге берме дейді. Бірақ суды текке төге берсек не болады? Осы жайлы ойландық па? Осыларды білгім келді. Сондықтан зерттегім келді. Жер бетінің 3тен 2 бөлігін су алып жатыр. Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы ғана, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Кейбір ғалымдардың айтуына сүйенсек, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиындық тудырмақ - дейді. Мұның шешімі табалған секілді, 2012 жылы қаңтар соңында Ресей ғалымдары Антарктида мұзын 30 жыл бұрғылап, 4000 метр тереңдіктен әлемдегі аса ірі тұщы көлді тапты. Ол көл жалғыз емес екен. Бұл аймақта 80 көл бар болып шықты. Егер де ол суларға қолжетімді болса, жер бетіндегі халықты 150 жыл ауыз сумен қамтамасыз етуге болады екен. Бірақ тұщы су мұз астында, тым тереңде жатыр. Қосымша мәліметтер бере өтсем: Табиғи сулар ащы, тұщы болып 2 - ге бөлінеді. Ең таза су жаңбыр суы, дистилденген су. Жерден шығатын суларда бар. Олар минералды сулар, олардың ішуге жарайтыны да жарамайтыны да бар. Сусыз тіршілік жоқ, өйткені су бүкіл жер бетінде өтіп жататын барлық құбылыстарда атқаратын рөлі зор. Сусыз өмір жоқ, су - тіршілік көзі.

АННОТАЦИЯ

Ғылыми жұмыс адам денсаулығы үшін ауыз су сапасының маңыздылығын айта отырып, судың қасиеттерімен химиялық құрамымен, ағзаға әсер ететін факторлардың болу не болмуын сипаттауға арналған. Жер бетінде адамзат баласы өзі ішетін тұнық суды пайдалану, оның емдік қасиеттерімен және тәсілдерімен танысып қолдану. Өзі аясында тіршілік ететін табиғатынан тыныстайтын су қоймаларын ластанбауын қатаң қадағалап отыратын болмақ. Зерттеу жұмысы барысында газет, журнал, кітаптар, интернет арқылы материалдар алынды, зерттеу жүйелеу қорыту әдістері қолданылды. Судың құрамын, сапасын зерттей отырып, таза суды қолдану арқылы денсаулықты нығайтуға болатынын дәрігерлер-ғылымдардың дәлелденуі. Жоғары сапалы суды пайдалану қоғамның салауатты өмір салтының кепілі, демек оның тұрмыс жағдайының жақсартуының кепілі екенін көрсетеді.
Ғылыми-шығармашылық жұмыс Талдықорған қаласының және Ескелді ауданының су көздерінің мониторингісін жасауға бағытталып су құбырларына және ауыз суларына сипаттама жасалды. Талдықорған қаласының бастамасы, Оңтүстігі, Шығысының су құбырлары және Ескелді ауданының ауыз су сынамалары зерттелді. Анықтау нәтижелеріне сүйене отырып, су көздерін тиімді пайдалануға арналған әдістемелік нұсқау дайындалды.
Ғылыми жаңалығы: Алғаш рет Ескелді ауданының су көздерінің ластануы салыстырмалы түрде зерттелді. Алынған нәтижелер сараптаудан өткізілді.
Практикалық маңызы Өңірдің су көздерінің сипаттамасы жасалған соң, белгілі бір мезгілде қайта зерттеулер жүргізе отырып, қадағалау мүмкіндігінің болуы арқылы үнемі су сапасы анықталады.

АННОТАЦИЯ

Научная работа посвящена описанию свойств и химического состава воды, наличия или отсутствия фактороввлияющих на организм человека, подчеркивая важность качества питьевой воды для здоровья человека.Использование на земле чистой воды, которую пьет человек, знакомство с лечебными свойствами и способами ее применения.Он будет строго следить за тем, чтобы не загрязнять водоемы, в которых живет живая природа.В ходе исследовательской работы были получены материалы через газеты, журналы, книги, интернет, а также использованы методы систематизации исследования. Врачи-ученые доказывают, что, изучая состав и качество воды, можно укрепить здоровье, употребляя чистую воду.Использование высококачественной воды является залогом здорового образа жизни общества, а значит, и залогом улучшения его условий жизни.
Научно-творческая работа направлена на мониторинг водоисточников и питьевой воды Ескельдинского районаи города Талдыкорган.Исследованы пробы водопровода с юга, востока городаТалдыкоргани воды Ескельдинского района.На основе результатов определения разработаны методические указания по рациональному использованию водных источников.
Научная новизна: впервые сравнительно изучено загрязнение водных источников Ескельдинского района. Полученные результаты были проанализированы.
Практическое значение после составления описания водоисточников региона, путем проведения повторных исследований в определенное время, при наличии возможности наблюдения, качество воды постоянно определяется.

ANNOTATION

The scientific work is devoted to describing the properties and chemical composition of water, the presence or absence of factors affecting the human body, emphasizing the importance of drinking water quality for human health. The use of clean water on earth that a person drinks, familiarity with the healing properties and methods of its use. He will strictly monitor so as not to pollute the water bodies in which wildlife lives. In the course of the research work, materials were obtained through newspapers, magazines, books, the Internet, and methods of systematizing the study were used. Doctors-scientists prove that by studying the composition and quality of water, one can improve health by drinking clean water. The use of high-quality water is the key to a healthy lifestyle of society, and therefore the key to improving its living conditions.
Scientific and creative work is aimed at monitoring water sources and drinking water in the Yeskeldy district and the city of Taldykorgan. Water supply samples from the south, east of the city of Taldykorgan of the water in the Yeskeldy district were studied. Based on the results of the determination, guidelines for the rational use of water sources have been developed.
Scientific novelty: for the first time, the pollution of water sources in the Eskeldinsky district has been comparatively studied. The results obtained were analyzed.
Practical value after compiling a description of the water sources of the region, by conducting repeated studies at a certain time, with the possibility of observation, the quality of the water is constantly determined.

Кіріспе
Зерттеу жұмыстың мақсаты:
1.Судың құрлымы мен физикалық қасиеттеріне сүйене отырып, тұщы су көздеріне сараптама жүргізу;
2. Тұщы су көздерінің қолдану аймақтарын анықтау;
3. Жетісу облысының ауыз суының сынымаларына зерттеу жүргізу.

Ғылыми өзектілігі :
Қазақстан Республикасында тұщы су қоры, судың ластану бұл күрделі мәселе болып отыр. Сол себепті судың құрамындағы затарады, металл катиондарын және сутектік көрсеткішін зерттеу.

Жұмыстың құндылығы :
Талдықорған қаласыны бастамасы, Оңтүстігі, Шығысының су құбырлары мен Ескелді ауданының ауыз суларын салыстырып, олардың құрамын анықтау.
Болжам:
Тұщы судың кермектілігі мен сапасы анықталады.

Су - Жер ғаламшарындағы ең көп таралған қосылыс және оның массасы 1018 тоннаға дейін жетеді. Су жердің беттік ауданының бестен төрт бөлігін алып жатыр. Су қоршаған ортада үш бірдей агрегаттық күйде кездесетін, яғни қатты, сұйық және газ күйіндегі бірден бір химиялық қосылыс. Су өндірісте, үй тұрмысында, зертханалық практикада және барлық тірі ағзалар тіршілігінде маңызды рөл атқаратын зат. Адам ағасының шамамен үштен екі бөлігі судан тұрады.
Судың құрылымы мен физикалық қасиеттері
Су - бұл ковалентті молекулалы қосылыс. Су молекуласы дипольдық моментті болғандықтан, ол полярлы молекула болып табылады. Егер су молекуласы түзу сызықты болса, онда О - Н байланыстарының дипольдық моменттері бірін - бірі жойып, Н-О-Н су молекуласыдағы дипольдық момент нольге тең болар еді. Молекулада дипольдық моменттің пайда болуы, ол байланысқа қатысқан атомдық орбитальдардың табиғатына байланысты болады.
Су басқа заттармен салыстырғанда бірнеше аномальды физиакалық ерекше қасиеттері бар түссіз сұйық зат. Мысалы, судың қайнау, қату температуралары және беттік керілу шамаларының мәндері өте жоғары. Судың меншікті балқу және булану энтальпияларының мәндері де ( 1г массаға шаққанда) басқа заттармен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Басқа сұйық заттармен салыстырғанда судың тағы бір аномальді қасиеті оның 4 градус С температурадағы сұйық күйдегі тығыздығы оның қатты күйдегі тығыздығымен салыстырғанда үлкен болады. Сондықтан да, мұз су бетінде қалқыған күйде кездеседі.
Судың осындай аномальды қасиеттерге ие болуы, судың сұйық және қатты күйлерінде молекулаларды бір бірімен байланыстыратын сутектік байланыстың әсерінен деп түсіндіріледі. Су таза күйінде электр тогын нашар өткізгенімен, онда аздаған мөлшерде ионды қосылыстарды еріткенде оның электр өткізгіштігі күрт артады.
Химиялық таза су массасы бойынша 11,19% сутегі және 88,81% оттегіден тұрады. Су оттегінің бір атомы мен сутегінің екі атомы қосылуының нәтижесінде пайда болады. Судың молекуласында сутегі мен оттегінің атомдары тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштарына орналасқан: төбесінде оттегі атомы орналасса, негізіне орналасқан қос бұрышта сутегінің бір-бір атомы. Үшбұрыштың төбесіндегі бұрышы шамамен 105°, ал сутегі мен оттегi ядроларының ара қашықтығы шамамен 0,97-10-8 см, және сутегі ядроларының ара қашықтығы 1,53 :: 10-8 см.

Тұщы су көлдері және олардың қолданылуы
Жер ғаламшарындағы судың 1018 т массасының бар болғаны 3% -ы ғана тұщы суға тиесілі. Ал, ол тұщы сулардың 80 % - на жуығы жердің поляр нүктелеріндегі мұз жамылғылары болғандықтан оларды пайдалану мүмкін емес. Судың гидрологиялық циклі немесе судың табиғаттағы айналу процесі нәтижесінде адам баласы табиғаттағы тұщы суды пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Табиғаттағы су айналымының жылдық мөлшері, яғни судың буланып оның қайтадан жаңбыр немесе қар күйінде түсуіне жылына шамамен 500 000 км3 су қатысады. Осы судың, теориялық түрде есептегенде шамамен 40 000 км3 мөлшері тұщы су ретінде қолданылады.
Ғалымдар ХХІ ғасырда судың табиғи айналымы барысында түзілген тұщы су көлемі, адам баласының тұтынатын мөлшеріне жетпеуі мүмкін деп болжалап отыр. Сондықтан да, тұщы су дайындаау әдісін өндірістік жолға қою жұмысы адам баласы үшін аса маңызды мәселелердің бірі болып саналады.

Зерттеу кезеңдері:
1-кезең - Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;
2-кезең- Талдамаларды жобалау;
3-кезең-Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;
4-кезең- Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.

Зерттеу әдісі:
Зерттеуде іздену, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау.
1.Зерттеу нәтижесі: Тұщы су туралы жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, проблеманы шешу жолы қарастырылады.
2. Күтілетін нәтиже:
- Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайын біледі;
- Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;
- Жетісу облысының су қорын салыстырады;
- Зерттеу нәтижесін қорытындылай біледі;

Зерттеу мазмұны
2. 1 Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайы
Тұщы су -- минералдану дәрежесі 1 гл-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1%-дан кем су. Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Егер де адам саны (қазірдің өзінде 7 миллиард) жылдан-жылға өсе берсе, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиямет-қайымға айналмақ. БҰҰ зерттеуінде алысқа бармай-ақ 2030 жылдары 5 миллиард халық тұщы судың зардабын тарта бастамақ. Бұл - әлемдегі халықтың 67 пайызы ауыз суға қаталайды деген сөз. Дамушы елдердегі аурулардың 80 пайызы сапасыз суды пайдаланғаннан болуда. Содан жыл сайын 3 миллион адам шейіт болады екен. Шөлді, шөлейтті, жартылай шөлейтті болып келетін Қазақстанда суға қаталап жатқан ел. Бүгінгі күні Қазақстанда жер үстіндегі сулардың көлемі 42 млрд т. м. құрайды. Ал жерасты суларының қоры 19 млрд т. м. 2012 жылы қаңтар соңында Ресей ғалымдары Антарктида мұзын 30 жыл бұрғылап, 4000 метр тереңдіктен әлемдегі аса ірі тұщы көлді тапты. Ол көл жалғыз емес екен. Мәңгілік мұзды аймақта ірілі-уақты 80 көл бар болып шықты. Егер де ол суларға қолжетімді болса, жер бетіндегі халықты 150 жыл ауыз сумен қамтамасыз етуге болады екен. Бірақ тұщы су мұз астында, тым тереңде жатыр.
Су -- сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су -- бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.Сонымен бірге сулы ортаның бірқатар жетімсіздіктері де бар, олар тірі ағзаларға қолайсыз әсер етеді. Мәселен, судың қысымының көбірек артуы және оттегімен нашар канығуы мұхит тұңғиығындағы суда тіршілік ететін ағзалар тіршілігіне кедергі келтіреді. Су құрамындағы оттегінің мөлшері атмосферадағы құрамынан шамамен 20 есе төмен болады. Жарық 200 м тереңдікке өтеді, сондықтан теңіздер мен мұхиттарда тіршілік ететін ағзалар жағымсыз ортада өмір сүруге бейімделеді.

2.2 Су құбырлары

Су құбыры - бұл күрделі қондырғы. Оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын бір орталықтан сумен қамтамасыз етеді. Тұрмыстық су құбыры тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етеді, заводтар мен мекемелердегі адамдардың тұрмыстық қажетін қанағаттандырады. Өнеркәсіптік су құбыры тек қана өндірістік және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Ең алғашқы қарапайым су құбырлары бірнеше мың жылдар бұрын салынған болатын. Ертедегі Мысырда жер асты сулары терең құдықтардан су көтергіштермен көтеріліп, қыш немесе ағаш құбырлар арқылы тұтынушыларға жеткізіліп отырған. Ежелгі Римде одан неғұрлым күрделірек жүйе пайдаланылған. Онда су құбырлары жыралар, өзендер, жолдар және т.б. арқылы өткізілген. Батыс Еуропада (Парижде) XVII ғасырдың аяғында ағаштан жасалған су құбырлары салынған. XVIII ғасырда су құбырын салу Англияда қолға алына бастады. Мәскеуде 1804 жылы орталықтандырылған тұрмыстық су құбыры, ал Алматыда 1933 жылы алғашқы ағаштан жасалған су құбыры салынды. 1935 жылдан бастап су құбырын салу жоспарлы түрде дами бастады. Онда енді темірбетон және қыш (керамика) құбырлар пайдаланылды.Қазақстанда күйдірілген қыштан жасалған су құбырлары Х-ХІІ ғасырларда Отырар қаласында, X-XI ғасырларда Тараз қаласында салынғаны археологиялық қазба жұмыстарынан белгілі. Су құбырының жұмыс істеу принципі мынадай: су жинау үшін биік мұнара үстіне үлкен ыдыс орнатылады. Одан үйлерге, тұтынушыларға қарай тармақталған құбырлар жүргізіледі. Құбырдың үйдегі немесе пәтердегі ұшы (шеті) шүмекпен жабылады. Шүмектегі қысым биіктігі шүмектің биіктігі мен ыдыстағы судың еркін беті биіктігінің айырымына тең болатын су бағанының қысымына тең. Бұл біршама елеулі қысым, өйткені су құбырының мұнарасы қаланың, ауылдың, аймақтың ең биік жеріне салынады. Мұнаралық су құбырының жұмысы қатынас ыдыстардың қасиетіне негізделген.

2.3Табиғаттағы су айналымы
Атмосфера үнемі су буымен байып отырады, себебі жер бетіндегі өзендер мен көлдер, мұхиттар мен теңіздер, мұздақтар үнемі буланады. Бірақ атмосферадағы су буының мөлшері тым көбейіп кеткенде, ол асқын қанығуға жетіп конденсацияланып, қайтадан жерге жаңбыр мен кар күйінде қайтып отырады. Табиғаттағы су айналымының өзгеруі жер бетінін, әр жерінде әр түрлі табиғи апаттарға әкеліп соғады. Суды тазарту жолдары.Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу арқылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау әдістері колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі. Мұнан басқа ірі өндіріс орындарының өндірісте қолданған суларын да тазартпай ағын суға жіберуге болмайды, сол үшін қатаң экологиялық шектеу қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі. Соңғы кездері суды тазарту үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен қолданыла бастады. Дистильденген су -- айдау арқылы тазартылған су, ол кұрамы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий аймағыньң экологиялық жағдайы
Су ресурстарының экологиялық мәселелері
Гидросфераның ластануы
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Су-тіршіліктін қажетті шарты, тіршілік факторы
Су ресурстарына сипаттама
Судың ластану мәселесі
Жерді қорғау және тиімді пайдалану
Су ресурстары және оны қорғау
Су тапшылығы мәселесін шешу
Пәндер