Қармақшы өңіріндегі аңыз әңгімелер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы

Тақырыбы: Қармақшы өңіріндегі аңыз әңгімелер

Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат
маршруттары

Секциясы: қазақ тілі мен әдебиеті

Орындаған: Сағатбек Нұрмұхаммед Ғанибетұлы

Мектебі,сыныбы: Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі
3-сынып

Ғылыми жетекшісі: Баймаганбетова Жұлдызай Турматовна


Жетекшісі: Тұрмахан Шолпан Жарқынқызы
бастауыш сынып мұғалімі, педагогика ғылымының магистрі

Жосалы, 2022 жыл

Мазмұны

I.Кіріспе бет
Аңызға толы сыр 4-5
II.Негізгі бөлім
Қармақшы өңіріндегі аңыз әңгімелерді жанрлық-тақырыптық
ерекшелігі бойынша топтастыру 6-7
II.1 Тарихи тұлғалар туралы аңыз әңгімелер 7-8
II.2 Топономикалық аңыз әңгімелер 8-9
II.3 Күйлердің шығу тарихына байланысты аңыз әңгімелер 9-10
III. Қорытынды 10
IV.Пайдаланылған әдебиеттер 11

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің 3 -сынып оқушысы Сағатбек Нұрмұхаммедтің
Қармақшы өңіріндегі аңыз әңгімелер тақырыбындағы
ғылыми жоба жұмысына
Аннотация
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Аңыз - фольклордың ертегіден тыс прозалық жанры. Қармақшы ауданының көпке мәлім емес бірқатар аңыз әңгімелерін жинақтап, тақырыптық ұқсастығы жағынан топтастыру және көркемдік ерекшелігіне тоқталу
Зерттеудің мақсаты:Аңыз әңгімелерді тақырыптық жағынан топтастырып,саралау
Зерттеудің міндеттері: Мақсатымызға жету үшін төмендегідей міндеттерді белгіледік:
oo Қармақшы өңіріндегі аңыз әңгімелерді тақырыптық ерекшелігіне қарай саралау;
Зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысының нысаны Дайрабай Т. Сырдың сырлы сыры кітабы зерттеу ретінде таңдап алынды.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында әдеби-тарихи,жүйелі талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің жаңалығы. Қармақшы өңіріндегі аңыз әңгімелерді осыған дейін дербес зерттелмеген. Зерттелсе де белгілі ортақ тақырыптардың аясында айналасында қарастырылған. Бұл жолғы зерттеу арнайы әрі нысанды мақсатта жүргізілді.
Тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласында: Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыла - рымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс, - деген болатын.
Сондықтан зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы - Рухани жаңғыру бағдарламасында атап көрсеткендей,рухани бай мұрамыз-аңыз әңгімелерді жинақтап,тақырыптық жағынан топтастыру,саралау- көтерілген тақырыптың мәнділігімен, көкейкестілігімен айқындалады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс іштей тараушаларға жіктелген екі тараудан, кіріспе мен қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

І.Кіріспе.
Аңыз - фольклордың ертегіден тыс прозалық жанры. Онда елдің, тайпа, рудың шыққан тегі, кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар, батыр, би, шешендер жайындағы сондай ақ нақтылы бір жер-су, сол жерде өткен оқиғалар турасындағы тарихи шындыққа негізделген, халықтың жадында сақталған, әйтсе уақыт өте өңделіп, көркемдік сипат алған оқиғалар сипат алады.
Қазақ аңыздарына алғаш назар аударған Ш.Уалиханов пен Г.Потанин еді. А.Байтұрсынов Әдебиет танытқыш атты еңбегінде аңызды ертегісмек деп атай отырып, мынадай анықтама береді: Ертегісмек деп ертегіге ұқсас, бірақ ертегіден гөрі әдемірек, шынға бейімірек, тұрмысқа жақынырақ, дүниеде болуға ықтималы молырақ түрде шығарылған әңгіме айтылады.(1-111) Дегенмен де аңыз жеке жанр ретінде алғаш М.Әуезов еңбектерінде қарастырылды. Ол аңызға: Тарихта болған адамдар жайында айтылған , халық шығарған көркем әңгіме деген анықтама берді. (3-42) М.Ғабдуллин де осы пікірді қуаттай отырып, аңызды аңыз әңгіме атайды да, оның жанрлық ерекшеліктерін айқындай түсті.
Белгілі фольклорист ғалым Ә.Қоңыратбаев Қазақ фольклорының тарихи атты еңбегінде аңыздарды мифтік және тарихи аңыздар деп бөліп қарастырады. (2-75) Қазіргі кезде аңыздардың жан-жақты қарастырылуы С.Қасқабасов еңбектерінде жүзеге асты. Ол қазақ фольклортануында аңыздың предание, легенда сияқты жанрлық ұғымдардың әмбебап баламасы ретінде қолданылып жүргенін айта келіп, аңыз сөзіне предание, ал әфсана сөзін легенда терминдерінің орнына пайдалануды ұсынады. (9-89)
Аңыз бен әфсана - хикаяттың қазақтың аңыздық прозасының көркемдік дамуындағы екі кезең екендігін дәйектеп, әрқайсысына дара жанрлық белгісін нақтылап көрсетеді.
Менің осы тақырыпта зерттеу жұмыстарын жүргізуіме себеп: ғылыми ізденіс жүргізу арқылы Қармақшы ауданының көпке мәлім емес бірқатар аңыз әңгімелерін жинақтап, тақырыптық ұқсастығы жағынан топтастыру және көркемдік ерекшелігіне тоқталу.
Өзімнің туған жерімнің әдебиетін зерделей танып, мәдени-рухани әлемімізді дамытуда жас ұрпаққа парасатты ұлтжандылық рухында әсер ету. Мектеп қабырғасындағы Өңірлік әдебиет сабағын қалыптастыруға көмек, Елбасы Н.Назарбаевтың Мәдени бағдарламасына өз үлесімді қосу.
Менің зерртеу нысаным болып отырған өңір - Қызылорда облысының оңтүстік батысында орналасқан Қармақшы ауданы. Орталығы - Жосалы кенті. Қызылорда қаласынан 147 шақырым қашықтықта орналасқан.
Сыр елі-жыр елі дейтін қанатты сөздің шығуына негіз болған Қармақшы өңірі - ежелден өлең мен өнер астанасы. Төрткүл дүниеге танымал Қорқыт елінен шыққан әулие-әнбиелер, билер мен батырлар, шешендер жайында аңыз әңгімелерде кең тараған. Аңыз әңгімлердің дені Қорқыттан басталады. Қорқыттың дүниеге келгенінен бастап, оның жаналғыштан қашуы, Сыр өзені үстінде кілем жайып оның күйлерін тартуы, Арқа өңірінен жеткен Қырық қыз бен ақсақ қыз хикаясы ел арасында да, зерттеуші ғалымдардың еңбегінде де келтірілген. Тоқсан түйеге артқан томарға күймей аман шыққан ер Сейтпенбет, әрі би, әрі батыр Бабас, Төребай би, Ағытай би, Таңатар емші, Үбіс Жанайұлы, Қарақ жалы әулие, Марал Құрманұлы туралы ел аузында бүгінге жеткен аңыз әңгіме, хикаяттар көптеп саналады. Сол сияқты жер-су атауларының аталу тарихымен байланыстырылатын аңыз әңгімелерде өз алдыны бір төбе. Оған Қармақшы ата, Жосалы, Байқоңыр, Шұрық, Кемпірқалған, Қарақ тауы, Сырлытам, Шошқа көл сияқты аңыз әңгімелер жатады. Мысалы Шұрық - Тұрмағамбет ауылынан 60 шақырым жерде орналасқан. Ертеде осы елді мекендеген елде мынадай заң бар екен:
60 жасқа келген қарияны балалары алысқа апарып тастау туралы
Сол елді мекенде тұратын бір кісінің әкесі 60 жасқа толады. Содан баласы заң бойынша әкесін алыс сапарға апара жатқан жолда шамалы демін басайын деп әкесін арқасынан түсіріп, жерге отыра бергенде әкесі күледі.
Сонда баласы: Әке неге күлдіңіз?,- дегенде, қария: Кезінде мен де әкемді осылай апарып едім,- дейді. Содан баласы әкесін үйіне әкеліп кеу сандыққа жасырып қояды. Содан уақыт өте береді. Бірақ күндердің күнінде су болмай, халық су тапшылығына ұшырайды. Елді басқарып отырған патша кеңесшілерімен, уәзірлерімен қанша кеңессе де, су тапшылығынан шығар жол таба алмайды. Содан патша мынадай жарлық шығарады: Егер кімде-кім су тапшылығынан шығар жолды тапса, соның талабын орындаймын. Осы кезде баласы әкесінен ақыл сұрайды, сонда әкесі: Жазық жерге сиырды жайыңдар, сиыр табады,- дейді. Сонда бала патшаға келіп әкесі айтқанды айтады. Патша нөкерлеріне сиырларды жайғызады. Сиырлар сирақтарымен әр жерге барып жерді тебеді. Содан адамдар әлгі жерді қазса шал айтқандай су шығады. Заңға енгізулер енгізіліп, үлкен кісілерді 60 жасқа толғаннан соң апарып тастамайтын болған екен.
Бірақ су шыққан жер шұрық-шұрық болып қалғандықтан ол жерді Шұрық деп атап кетсе керек. Міне, осындай аңыздар Қармақшы өңірінде көп. Біз осы халық мұрасын жинап, зерделеуді мақсат тұттық.

ІІ.Негізгі бөлім

Қармақшы өңіріндегі аңыз әңігемелерді жанрлық-тақырыптық ерекшелігі бойынша топтастыру

ІІ.1 Тарихи аңыз әңгімелер
Зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, аңыздарды жанрлық-тақырыптық ерекшелігіне қарай шартты түрде екіге, енді бірде үшке бөледі:
1Тарихи аңыз әңгімелер;
2Топономикалық немесе мекендік аңыз әңгімелер;
3Күй аңыздары
Қармақшы өңірінде жоғарыда аталып өткен аңыз әңгімелрдің барлық түрі кездеседі.
Тарихи аңыздар - тарихта болған, ел басқарған адамдар, бірақ кейін олардың әрекеттері, сөздері біреуден біреуге ауызша айтыла-айтыла аңыз болып кеткен. Оған Қорқыт туралы аңыздар, Марал Ишан, Мүсірәлі сопы әзиз, Сейтбембет әулие, Қарақ жалы әулие, Тоғанас батыр, Бабас батыр, Дүр Оңғар жырау, Жәрімбет би, Ағытай би, Үбіс Жанайұлы, Таңатар емші, Қалдан Талқанбайұлы, Төребай би төңірегінде ел аузында айтылып жүрген аңыз әңгімелер жатады.
Ел аузындағы әңгімелердің бірінде Алтын мен Найманның арасында құдыққа талас туып, адам зақым болады. Бұл оқиға Наймандар отырған жерде өтіп, Алтын билеріне теңдік бермей, бейбіт келісімге келмей біраз күндер өтеді. Ел ішінде береке бірлік кете бастайды. Алтындай жағы Шөмекей Қаратамырлармен ежелден қоныстас, құда-жекжат болып келеді. Олар Қаратамырларда аты шығып, дәуірлеп тұрған Ағытай биге хабар жіберіп, оның ара ағайын болуын қалайды. Ағытай замандасы Қалдан батырға қолқа салып, дауға бірге баруын өтінеді.
Билер дауында төбе би атанған Қалдан Талқанбайұлысыңар езуленіп бара жатқан әңгімеге шыдамай Тәйт, тәйт деп қалыпты. Қатаң естілген дауысты (Дөйт, дөйт) ұран шақырды деп ұққан кісілер бір сәт абдырап та қалыпты. Осынау сәтті қалт жібермеген Ағытай би: ...Оу, ағайындар, бағанадан бері екі жақтың да уәжін тыңдадық, сөздеріңіз майда бақай қақпандай аспады. Айтылар сөз немесе кесімді шешім, тұрысатын жер айтылмадығой. Тоқтар сөзді, кесімді шешімді біз айтайық. Ал, Қалдеке бата беріңіздеп қол жайса керек. Екі жақ қол жайып, Қалдекеңнен бата алып, өршіген жанжалдың беті қайтып, онан әрі келелі әңгімелер қозғалып, сөз осындай оқиғалар алдын алуға ойысыпты. Елдестірмек - елшіден, жауластырмақ - жаушыдан дегендей, ел пәтуаға келген жер сол күннен бастап Алтын құдығы деп атанып кетіпті. (5-146)
Қалдан би (1819-1912) Талқанбайұлы - туралы ел арасындағы аңыздардың бірінде Сейіл Байқадамұлының 1903 жылы Шоқтөбеде асы беріледі. Сейілдің асын басқаруды ауылы аралас, ағайын Кете-Шөмекей билігін ұстаған Қалдан Талқанбайұлына беріпті. Қалдан би найза ұстап жауға шаппаса да, халық арасында Қалдан батыр атанған. Өзі ірі кісі болыпты. Үнемі мауыты киім киіп, қайқы қылышын беліне асып жүреді екен, ақжарқын, алды кең би болған.
Қалдан батыр өзінің адамдарымен түн ішінде келеді. Келсе күтіп алған, арнайы тігілген үй көрінбейді. Ат үстінде Қалдекең:
oo Уа, күте алмайтындарың бар, ас жасап, алыстан ағайын шақырмай ақ өздерің өткізе бермедіңдерма?-деп ашумен сөз сөйлепті. Шөмекейлерді күтіп алуға белгіленген Құлпейісұлы Пірмағамбет жүгіре шығып, айыбын мойындай:
oo Батыр, төрелегіңізге құлдық, бұрынғы жақсыларымыз өмірден өтіп кетті. Біздер жаман туып, сіздерді күтіп алуға жарамадық. Айып бізден, - деп аттың шалбырын ұстап, арнайы үйге апарған екен. Кемшілігін мойындаған сөзіне риза болған батыр сонда әңгіме дүкен құра отырып Ақжігітке:
oo Жігіт елмен бірге өсер керек,
Ретсіз шыққан сөзді кесер керек, - деп көрікті сөздің көрігін одан әрі қыздырыпты. (5-144)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиенбай жырау шығармашылығы
XVIII ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Сыр өңірі ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметі
Қорқыт ата кітабы шығармасының зерттелуі
Ә. Марғұланның Қорқыт жайындағы зерттеулері
Сыр бойының жыраулық мектебі
Қорқыт ата тарихы
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
XIX ғасырда өмір сүрген ақын - жыраулар
«Қорқыт ата кітабы» - тарихи мұра
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер
Пәндер