Ыбырай Алтынсарин тағылымының құндылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Ыбырай Алтынсарин тағылымының құндылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ..5
1.1. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық және ұстаздық қызметі ... .9
І.3. Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы ... ... ... ... 10
І.4. Ыбырай Алтынсарин - жазушы, этнограф - ғалым ... ... ... ... ... ... .14
2 Ыбырай Алтынсарин мұраларын оқу-тәрбие
процесінде қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 Ыбырай және еңбек тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Ағартушының мұраларын сабақта оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ

Кезінде қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы-демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Осы орайда, Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұрттың көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды.
Ыбырай жасаған оқулық, ең алдымен, орыстың, қала берді Европа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс-тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам-талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ, керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік-танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып құрастырған хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы - ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойындағы бар күш-қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады.
"Екі заман шекарасында көзін аша бастаған туған халқының ақылы, ойы, ары, бас көтерері болып, оның қамы үшін, тағдыры мен болашағы үшін құрбан болып кеткен арыстарымыздың қатарында Ыбырай Алтынсариннің орны ерекше",- деп Серік Қирабаев айтқандай ғалымның артында қалдырған мұрасының бүгінгі күн үшін маңызы зор.
Ыбырай Алтынсариннің қандай шығармасын алсақ та, адамның жан дүниесін білім, тәрбие арқылы толық қарастырылып, бір-бірімен сабақтасып жатады. Жас ұрпақ тәрбиесіне бағыт-бағдар беретін дүниелер мол деп есептейміз. Тұлғаны тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық ойлары жан-жақты зерттелгенімен, оның педагогикалық жүйесін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың тиімділігі әлі де жеткіліксіз қарастырылған деген ойдамыз.
Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары С.Қалиев, Ж.Молдабеков пен Б.Иманбекованың Этнопедагогика, Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер антологиясы атты еңбектерінде жақсы ашылып көрсетілген.
Зерттеудің нысаны - Ы.Алтынсарин шығармаларымен танысу, Ана тілі сабағында өтілетін шығармалары, олардың бала тәрбиесінде атқаратын ролі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты - Ы.Алтынсариннің шығармалары әдебиетке қосқан үлесі.
Зерттеудің міндеттері:
Ыбырай Алтынсарин тағылымының құндылығын таныту;
Ыбырай Алтынсариннің өмір жолын таныту;
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық және ұстаздық қызметімен таныстыру;
Балаларға деген тәлім-тәрбелік өлең жолдарымен толық таныстыру.
Оқушылардың Ы.Алтынсарин шығармаларын оқуын қадағалау, қызығушылығын арттыру;
Көркем шығарманы мазмұндауға, талдауға үйрету;
Балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Педагогикалық әдебиеттерде Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің оқу-тәрбие процесінде пайдалану тиімділігінің зерттелмеуі, ғылыми жұмысымыздың көкейкестілігін айқындап, зерттеу тақырыбын Ы.Алтынсарин тағылымы деп алуымызға себепші болды.

1 ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ТАҒЫЛЫМЫНЫҢ
ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі Ыбырай Алтынсарин - аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған адам.
Ол тарихтың қиын да күрделі кезеңінде, қазақ қоғамының құрылымында да, әлеуметтік экономикалық өмірінде де аса бір қиын шақта дүниеге келді: бұл қазақтардың Орта және Кіші жүздерінің Россияға қосылуы аяқталып, олардың патша империясының отарына айналған тұсы еді. Ұлы жүз әлі Қоқан хандығының қол астында болатын.
Патша өкіметі иелігіне жаңадан енген жерлерде өз билігін нығайтуға бағытталған шаралар қолдана бастады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Сперанский жасаған Сібір қазақтарының жарғысы қабылданады. Бұл жарғы бойынша Орта жүздегі хандық таратылып, Сібір қазақтарының облысы құрылады,, ол өз кезегінде округтерге, округтер облыстар мен ауылдарға бөлінеді. Сібір қазақтары Батыс Сібір генерал-губернаторлығына бағынады.
Орынбор генерал-губернаторлығына қарайтын Кіші жүзде хандық 1824 жылы жойылған еді. Ал жері - Батыс, Орта және Шығыс болып үшке бөлініп, әрқайсысын сұлтан-правительдер билейтін. Бұлар өз кезегінде белгілі бір қашықтықтарға бөлініп, бөлім бастықтары басқараты, қашықтықтар рулар мен бөлімшелерге бөлінетін де оның басқарушыларын белгілі би тұқымдарынан Орынбор Шекаралық комиссиясы тағайындайтын.
Кіші жүздің бұл үш бөлігін де Орынбор шекаралық комиссиясы басқаратын. Патша өкіметі осылайша өзінің үстемдігін нығайту үшін қазақ даласын ішкерілей бекіністер жүйесін сала бастады.
ХІХ ғасырдың бас шенінде қазақ даласының ішкі өмірі күрделі әрі шиеленіскен жағдайда еді. Феодалдық қозғалыстар жиі болып тұратын. Бұған сұлтан Қаратай Нұралыханұлының, Арынғазы Абдолғазыұлының (Кіші жүзде), Ғұбайдолла, Уәлиханұлы мен Саржан Қасымұлының (Орта жүзде) қозғалыстарын жатқызуға болады. бұлардың ішінде айта қаларлықтай ең ірісі - Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс еді. Барлық жерлерде феодалдық өзара қырқысу соғыстары (барымта) етек алып, зорлық-зомбылық күшейе түсті, бұл қазақ шаруаларының жағдайын қиындатып, тап қайшылығының шиеленісуіне әкеп соқты.
Бұл қарсылықтар ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарында Бөкей хандығыныдағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалыстардан; 50-ші жылдары Жанғожа Нұрмахамбетұлының басшылығымен болған Сырдария маңының қазақтары мен Арал қазақтарын басқарған Есет Көтібарұлының қозғалыстарынан көрінеді. Бұлардың барлығы аяусыз басып-жанышталды.
Қазақстанның Россияға қосылуының объективті прогрестік жақтары да болды. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында - ақ қазақ шаруалар шаруашылығында баяу болса кейбір өзгерістер ене бастады. Россиямен арада сауда-экономикалық қатынастар дами берді. Қазақстан жеріндегі бұрыннан бір айырбас орындарына қоса жәрмеңкелер пайда болып, қазақ ауылдарының экономикалық жағынан ілгерілеуіне себепкер болған тұрақты сауда дами бастады.
Қазақтардың мал шаруашылығы рыноктың қажетсінулеріне бейімделіп, ақша айналымы енеді.
Россиямен мәдени байланыс дами береді. Омск, Орынбор, Ордада қазақ балаларын орыс тілінде оқытатын мектептер ашылады: негізінен оқытылатын үстем тап өкілдерінің балалары болғанмен, бұл процесс қазақ даласына алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің енуіне жол салды. Ы.Алтынсариннің қызметі басталар кезеңде бұл өлкедегі ахуал, жалпы алғанда, осындай еді.

1.1 Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы

Ыбырай Алтынсариннің сан салалы қызметі мен өмірі жайлы сақталған деректер мен материалдар өте көп, олардың дені ағартушының өз қаламынан шыққан.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-шы жұлдызында (қарашаның 1-ші жұлдызы) Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген (Қостанай облысының Затобол ауданы). Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді.
1844 жылы патша өкіметі Орынбор Шекаралық комиссиясының жанынан қазақ балаларын оқытып песірлер мен тілмаштар дайындайтын арнаулы мектеп ашу туралы шешім қабылдайды.
1846 жылы наурыздың 5-ші жұлдызында Балғожа Жаңбыршыұлы ашылмақ мектепке немересі Ыбырайды кандидат етіп қабылдау жөнінде Орынбор Шекаралық комиссиясының председателі генерал-майор М.ВЛадыженскийге өтініш жасайды. Орынбор шекаралық комиссиясының сол жылғы наурыздың 5-ші жұлдызындағы журналдағы қарары бойынша Ыбырай Алтынсарыұлы жаңадан ашылмақ мектепке кандидат болып қабылданады.
1850 жылдың көкектің 19 жұлдызында генерал - майор М.В.Ладыженский сұлтан-правительдерге бұйрық хаттарын жібереді, онда қазақ балаларына арналған мектептің ашылар уақыты таянғанын, сондықтан да мектептің ашылу күніне дейін оның болашақ шәкірттеріне қажетті киім мен аяқ киім тігіліп дайын болуы үшін оларды алдын ала жеткізу қажет делінген. Сұлтан- правительдер мектепке түсетін кандидаттар комиссияға шілденің 1-ші жұлдызына дейін келуі керек деп хабарлайды. Кейін бұл мерзім тамыздың 1-ші жұлдызына дейін шегеріледі.
Мектепке 8-12 жас аралығындағы балалар қабылданатын. Ыбырай 9 жаста еді. Атасы Балғожа Шығыс бөліктің сұлтан-правителі арқылы Шекаралық комиссиядан жол шығынын өтейтін қаржы алдырады. 1850 жылы шілденің 21-23 жұлдызы аралығында көп халықты жинап той жасап, сүйікті немересі әрі мұрагері Ыбырайға батасын беріп, өзінің сенімді көмекшісі Жетібай Өтемісұлымен (Кенесары шапқыны кезінде ол бесікте жатқан Ыбырайды өлімнен арашалап қалған) бірге Орынборға аттандырады. Бұлармен бірге аттанған 10 баланың ішінде Жанбайұлы Жұмағұл, Байдосұлы Момын, Амангелдіұлы Жақып, Айтоқаұлы Едіге, Байжанұлы Жолмұқанбет, Мұңсызбайұлы Нұрым, Ақсаратұлы Сегізбай, Қаржасұлы Құлжан, Көпбергенұлы Құдабай, Көшербайұлы Шамұрат бар еді.
Оқуға түсушілер Орынборға белгіленген мерзімде жетіп, алдын ала дайындалған жеке меншік пәтерге жайғасады. Мектеп ісінің қамқоршысы, колледж профессоры Плотниковтың қатысуымен 1850 жылы тамыздың 1-ші жұлдызында медициналық тексеруден өткізген Шекаралық комиссиясының дәрігері Майдел оларды оқуға жарамды деп табады.
Мектептің ашылу салтанатына үш бөліктің де, тіпті шалғай жатқан адайлардың да ру басылары келеді. Ашылу салтанатының программасына сай тамыздың 20-шы жұлдызы күні күндізгі сағат 12-де генерал-губернатор бастаған әскери және азаматтық мекемелердің шенеуніктері мектеп үйін аралап, сол жерде Орынбор Спас-Преображен шіркеуінің дін қызметкерлерімен бірге дұға оқиды. Бұдан соң олар мектептің шін, жатахана, асхана, аурухананы (изолятор) аралайды. Ал тамыздың 22-ші жұлдызында салтанатқа келген генералдар, штаб офицерлері, азаматтық шенеуніктер, құрметті көпестер және азиялықтар мектепті тағы да аралады. Орынбор күмбезді мешітінің ахуны Мұсаұлы Ғұсман бастаған азиялықтар намаз оқып, артынан мектеп бақылаушысы кеңесші Кукляшев орыс және татар (татар тілінде ахун) тілдерінде оқушылар мен олардың туыс-туғандарын мектептің ашылуымен құттықтайды. Бұдан соң унтер-офицер мен мектеп бақылаушысының қадағалауымен екі-екіден сапқа тұрған оқушылар мектеп асханасына барып мерекелік дастарханнан түстік ішеді, ал көпшілік жатахана үйінде дайындалған дастарханға шақырылады. Сөз сөйленіп, оркестр гимн ойнайды.
Ертеңінде қала сыртындағы татар слободкасында алыстан келген қазақтарға арнайы мереке ұйымдастырылып, түрлі ұлттық ойындар мен рәсімдерге жалғасқан үлкен қонақасы беріледі.
Орынбор өлкесінің отаршыл әкімшілігі мектептерде қазақтың салт-дәстүрлері мен рәсімдерін сақтау үшін барлық жағдайды жасайды. Осыған байланысты олар оқушыларды көшпенді тұрмыстан аулақтатуға емес, қайта дала өмірінің қатаң жағдайында оларды шынықтыруға бейімделеді. Осыдан келіп оқу процесі де қазақ ауылының көшпенді тұрмысына мейлінше жақындатылады.
Осы мақсатпен Орынбор шекаралық комиссиясы мектеп ашылар жылдың (1850ж) жазында оқушыларға арнап ішінде керек-жарақтың бәрі бар, ұлттық киім-кешек, көйлек-дамбал, аяқ киім, кітапханасы, денешынықтырумен айналысатын құралдары, мал дәрігерлік құралдары бар 4 ақ киізден жасалған 1 қоңыр үй (ас үй) және де бұларға арнап бір үйір сауын биелері мен керемет ер-тұрманы бар мініс аттарын сатып алды, бұл оларды салт атқа мінуге үйрететін әрі қымызбен қамтамасыз ету үшін керек болды.
Екі ай бойы олар Орынбор маңындағы далалы жерлерде (көшпелі тұрмыс жағдайында) оқитын; ал мектепте оқыған кездерінде оларға қазақтың ұлттық тағамдарын беруге барынша назар аударылатын.
Ыбырай мектепке қабылданған соң оның жанына еріп келген қамқоршысы Жетібай Өтемісұлының аулына қайтуына рұқсат етіледі. Алайда Ыбырай Шекаралық комиссиясының төрағасынан оның қала тұруын аса өтінеді. Оның бұл тілегі қанағаттандырылады. (Орынбор шекаралық комиссиясының мәжіліс журналы 1850 жыл, тамыздың 9-шы жұлдызы).
Орынбор әкімшілігінң Өтемісұлын үйіне қайтаруға жасаған кезекті әрекеттеріне қарамастан Алтынсарин үсті-үстіне асқан табандылықпен оны қайтармауын өтінумен болды, нәтижесінде әкімшілік Өтемісұлын әуелінде бір жылға, кейін оқу аяқталғанша, Шекаралық комиссиясының мәжіліс журналында жазылғандай, тұрмыс ақысын төлеп қалдыруға мәжбүр болады.
Мектеп оқушыларына (басқа пәндермен қатар) орыс, араб, татар және парсы тілдерін оқытатын. Бұл мектепті тәмамдаған қазақ баласы тәртіп бойынша аталмыш тілдермен қатар мұсылман дінінің қағидаларын да біліп шығатын. Мектеп бақылаушысының жылдық есебінде: оқушылар бүкіл оқу кезеңінде грамматикалық ережелерді қатаң сақтай отырып ауызша айтылғандарды жатқа жазумен айналысатын. Олар шығыстың яғни, татар, араб, парсы тілдерінде көркем жазу үлгісі бойынша жазатын. Мұсылман дінінің шариғаттарын Орынбор мешітінің ахуны Ғұсман Мұсаұлы үйретеді де, ал араб, парсы, татар тілдерін белгілі шығыстанушы Мірсалық Бекшораұлы оқытатын. Шәкірттер мұсылман дінінің иман-шарт пен сүреге енген барлық қағидалар мен заңдарын өтетін. Құранды бүкіл оқылу ережелерін сақтай отырып жатқа оқитын - делінген есептердің бірінде. ...олар (шәкірттер - Б.С) қасиетті кітап Мұхтасарға дейін оқитын және құранның сүрелерін түсіндіре алатын... - деп көрсетілген тағы бір есепте.
Бүкіл оқу кезеңінде Алтынсарин тек қана үздік деген бағалармен оқиды, сол үшін оған әлденеше рет алғыс та жарияланады. 1853 жылы мамырдың 31-ші жұлдызында жазылған Сынақ актісінде - үздік үлгірімі мен көргенділігі үшін барлық оқушылар алдында Алтынсаринге алғыс жарияланады. Сол жылғы мамырдың 31-жұлдызындағы Бітірушінің сынақ актісінде былай делінген: Сынаққа қатысушылардың қорытындысы бойынша, үздік үлгірім мен көргенділігі үшін мақтау қағазымен ІІІ кластан Құлыбеков, Қоспақов, Мұңсызбаев, Алтынсарин және Көшербаев, ІІ кластан 2 - ші Саматов наградталады. Мектепті алғаш бітіруші 20 оқушы болса, оның 8-і келесі жылға қалдырылады.
Мектепті тәмамдаған соң Ыбырай Алтынсарин оқыған пәндері мен олардан алған бағалары қойылған. Орынбор шекаралық комиссиясының председателі мен мектеп қамқоршысы әрі бақылаушысының тиісті қолдары қойылып, Орынбор шекаралық комиссиясы мен мектеп қамқоршысының мөрлерімен бектілген куәлікті қолына алады. Куәлікпен бірге 1857 жылы тамыздың 31 жұлдызында куәлікті алғаны жөнінде Мұхамеджан Жантөринге Алтынсариннің өз қолымен жазған қолхаты бізге жетіп отыр.
Мектеп бітірушілерді шығарып салудың ресми салтанатында сұлтан-правительдерге олардың қандай қызметке пайдаланатыны жөніндегі бұйрық тапсырылып, салтанатты аяғы тойға ұласады. Туған ауылдарына олар арнайы үлгімен тігілген киімдермен оралады.

1.2 Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық және ұстаздық қызметі

Мектепті тәмамдаған соң үш жылға таяу (1857-1859 жыл аралығында) Ыбырай Орынбор шекаралық комиссиясы тағайындаған қыпшақтардың ұзын руының әскери старшыны атасы Балғожа Жаңбыршыұлына тілмаштық қызмет атқарады. Кейіннен, 1859 жылғы тамыздың 1-ші жұлдызынан бастап Орынбор облыстық басқармасында кіші тілмаш қызметінде болады. 1860 жылы облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде (Торғай қаласында) қазақ балаларын оқытатын бастауыш мектеп ашуды жүктейді әрі өзі сол мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып тағайындалады.
Шалғай жатқан қалашықта мектеп ашу ісі оңайға түспейді: қаражат, мектеп үйі, оқулық дегендер атымен жоқ еді. Бұл маңызды іске облыстық басқарма да, жергілікті орындар да салғырт қарайды. Алайда бұл кедергілер Алтынсаринге тосқауыл бола алмайды. Ағарту ісіне жан-тәнімен құлшына кіріскен ол ауыл-ауылды аралап халыққа білім берудің маңызын түсіндіреді. Әрі қолдау да табады. Жергілікті халықтан қаржы жинап алған соң мектеп үйін салуға шұғыл кірісіп, көп ұзамай салынып бітеді. Бұл ғимарат күні бүгінге дейін сақталған. Құрылыс ісі жүріп жатқан кезде бекініс комендантына тілмаштық қызмет атқара жүріп, Ыбырай ауылдан 4 бала алдырып өз үйінде оқыта бастайды. 1864 жылы қаңтардың 8-ші жұлдызында көп халық жиналып салтанатты түрде мектеп ашылады. Ақындар айтысып, той жасалған бұл мерекеде 14 бала мектепке жазылады. Біраз уақыт өткен соң тағы екі бала қосылады. Халықтан жиналған қаржы есебінен мектеп жанынан балаларға интернат ашылады.
1864 жылы наурыздың 16-шы жұлдызында Ильминскийге жазған хатында былай дейді: ...балаларды оқыту ісіне мен құлшына кірістім, мені ерекше таңдандырған нәрсе - бұл балалар не бары үш айдың ішінде оқуды тіпті орысша, татарша жазуды да үйреніп алды.
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі осылайша басталған еді...
Ыбырай Алтынсарин дүниетанымының қалыптасуы помещиктердің езгісіне қарсы өрістей түскен шаруалар көтерілісінен сескенген патша өкіметінің крепостниктік тәртіпті жоюға мәжбүр болып отырған кезеңіне тұспа-тұс келеді. Россиядағы крепостниктік правоның жойылуы капиталистік өндірістің жылдам дамуына, революциялық демократиялық қозғалыстың күшеюіне әкеліп соқты. Н.Г.Чернышевский, И.А.Добролюбов, А.И.Герцен және басқа да Россияның түрлі демократиялық интеллигенциясы орыс халқын самодержавиеге қарсы күреске үндеді; экономикалық демократиялық мәдениет пен өнердің даму жолдарын нұсқады. Белинскийдің Гогольге хаттары, Чернышевскийдің Не істеу керек романы, Некрасовтың Орыс әйелдері поэмасы алдыңғы қатарлы интеллигенция арасында кеңінен танылып зор беделге ие болды.
Россияның алдыңғы қатарлы қоғамдық ой-пікірі Белинский, Герцен, Чернышевский идеяларының ықпалымен дамыды. Бұлардың идеялары ХІХ ғасырдағы аса көрнекті қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтарға да өзінің зор ықпалын тигізді. Қазақтың бұл ағартушыларының көзқарастарының қалыптасуына негіз болған алдыңғы қатарлы орыс мәдениеті мен демократиялық саясаттының дүниетаным қалыптасуының енді бір көзі - сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік жағдайлар еді. Сондай-ақ олардың көзқарасына алдыңғы қатарлы шығыс халықтарының мәдениеті де әсер етпей қойған жоқ.
Бұлар өзара бірін-бірі білуші ме еді деген заңды сұрақ туады. Бұл, әрине, арнайы зерттеуді керек ететін мәселе. Алайда бұл тұрғыда бір-екі ауыз айта кеткен орынды тәрізді. Біздің ойымызша, олардың бірін-бірі білуі, яғни жарияланған еңбектері арқылы тануы шүбәсіз нәрсе.
Санкт-Петербург университетінің оқытушысы, татар оқымыстысы Құсайын Файзхановтың Н.И.Ильминскийге жазған екі хаты бізге белгілі. Алғашқысында, қазанның 4-де жазған хатында ол, сол жылы жазда Орынборда болған кезінде Орынбор шекаралық комиссиясының аға тілмашы Ыбырай Алтынсаринмен танысқанын айта келіп, Ильминскийден Алтынсаринге жазған келесі бір хатында (1862, қаңтар) Қ.Файзханов өзінің қазақ досы Ыбырай Алтынсарин жайында аса жылы лебіз білдіреді.
Ыбырай Алтынсарин мен Фаизхановтың танысуы Уәлихановтың Петербургте болған кезеңімен тұспа-тұс келеді екен. Ол осы Ильминскийге жазған екінші хатында Петербургте Ш.Уәлихановпен болған кездесуі жайында жазады. Уәлиханов туралы жылы лебіз білдіре отырып Қазан гимназиясындағы оқитын оның кіші інісіне қамқор болуын өтінеді. Бұл деректерден Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсарин бір-бірін сөзсіз білді деген қорытынды жасауға болады.
Орыс-қазақ мектептерінің оқытушыларына көмекші-құрал ретінде Алтынсарин орыс жазушылары мен педагогтарының еңбектерін ұсынатын: Ушинскийдің Балалар әлемі, Бунаковтың Әліппе және мектеп пен үйдегі оқу кітабы, Крыловтың Мысалдары, Кирпичниковтың Грамматикасы, Тихомировтың Грамматиканың бастапқы курсы. Дұрыс жазу емлесі, Л.Толстойдың Әліппе және оқу кітабы, Водовозовтың Оқу кітабы, Лубенцтің Арифметикасы, Евтушевскийдің Арифметикасы, Пуцыксовичтің Географиясы, Острогорскийдің Орыстардың қысқаша тарихы, Беллярминовтың Жалпы тарихы, Гуревичтің Тарихи хрестоматиясы, Фармаковскийдің Орыс тарихы, Сент-Илердің Зоологиясы, Гердтің Минералогиялық қысқаша курсы, Оливердің Ботаникасы, Крюгердің Элементарлық физикасы т.б.
Мектептен тыс оқылатын оқулық ретінде мына педагогтардың құралдары пайдаланылатын: Филье маңызды жаңалықтар мен өнертабыстар, Зубов Табиғат жайлы әңгіме, Константинович Химиялық әңгімелер. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің шәкірттеріне арнап екі оқу құралын жазуды аса қажет деп біледі. Оқулықтарды құрастыру ісіне ол Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалмастан бұрын кіріседі. Бұл оқулықтарды құрастыруды ол 1879 жылы тамамдайды да сол жылы облыстық инспекторлық қызметті атқара жүріп Қазақ хрестоматиясы және Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастапқы құралы деген кітаптарды жарыққа шығарады.
Бұл екі кітапты басып шығару үлкен еңбекті қажет етеді. Өйткені ол кезде Орынборда қалыптасқан полиграфиялық база жоқ еді, оның үстіне Алтынсарин енгізген орыс графикасына негізделген жаңа қазақ алфавитімен қазақ кітабын басып шығару оңай болмайтын.
Орыс графикасына негізделген қазақ алфавитін жасауға Торғай және Ырғыз бекіністеріндегі далалық ағарту мектептерінің мұғалімдері мен жоғары класс оқушыларын тарта отырып, Алтынсарин бұл іске 3 жылдай уақытын жұмсады.
Корректор болмаған себепті Алтынсарин кітаптың басылымын өзі қадағалап, кітап жарыққа шыққанша корректурасына дейін өзі оқуына тура келді.
Қазақ хрестоматиясы мен Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы екі мың дана тиражбен жарық көрді де, Қазақстанның түкпір-түіпіріне тарап кеткен-ді.
Қазақ хрестоматиясы К.Д.Ушинскийдің Балалар әлемі және басқа да орыс классикалық педагогикасының үлгісінде жасалды. Ол мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Тақпақтар, балаларға арналған әңгіме, ертегілер, оқушылардың туысқандарына хат жазу үлгілері;
2. Үлкендерге арналған әңгімелер;
3. Ауыз әдебиетінің үлгілері;
4. Мақал-мәтелдер.
Қазақ хрестоматиясының кіріспе мақаласында Алтынсарин: Бұл тұрғыда жазылып отырған алғашқы еңбек ретінде хрестоматияның бәлкім кейбір кемшілік жақтары бар шығар, алайда бұл кітап ізсіз қалмас, алғашқы оқу кітабы ретінде өзінің міндетін орындай алар деген үміттемін деп жазады. Автордың бұл сөздерінен кітаптың нендей мақсатта жазылғаны айқын аңғарылады.
Алтынсариннің Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы кітабы 8 бөлімнен тұрады:
1. Зат есім;
2. Сын есім;
3. Сан есім;
4. Есімдік;
5. Үстеу және шылау;
6. Көмекші сөз;
7. Етістік.
Сондай-ақ қазақ тілінен орыс тіліне аударудың кейбір үлгілері енген. Бұл қазақ балаларына орыс тілін үйрететін алғашқы оқу құралы еді. Және өзінің түсінікке жеңілдігімен, орыс грамматикасының негізгі ережелерін анық жеткізе білуімен ерекшеленетін.
Ыбырай Алтынсарин бұл екі кітабының Қазақстан мәдениеті тарихында жазба әдебиет ескерткіші ретінде де, ғылыми негізде жасалған оқу құралы ретінде де аса маңызды орынға ие болып отыр.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметінде балаларды оқыту және тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептердегі оқыту мен тәрбие процесінің басты қозғаушысы ретінде мұғалімдердің ролін ол аса жоғары бағалайды. Халық мектептері үшін мұғалім - бәрі де болып табылады деп жазды ол; олармен ешбір керемет педагогикалық басшылық та, мұқият инспекторлық бақылау да теңесе алмайды.
Мұғалімдер өз шәкірттерін сүйе білуі және олардың ата-аналарына сүйікті бола білулері керек деп есептейді ол. Тек сонда ғана тәрбие мен білім беру ісінде алға қойған мақсаттарға жетуге болады.
Алтынсарин мұғалімдерге әкелік қамқорлық жасап, оларға әр уақытта, тіпті жеке мәселесінде де кеңес беріп отыратын, сөйте тұра балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысында аса қатаң талап қоя білетін.
Мұны біз Алтынсарин мұғалімдерге кіммен істес болып отырғанын ұмытпау керегін есіне салып отыратын. Сен балалармен жұмыс істеп отырсың, егер де оқушы бірдемені түсінбесе олардың өзіне сілтемей, түсіндіре алмағаныңды өзіңнен көруің керек, әрбір пәнді шын көңілден жаттанды тіркестер мен қажетсіз терминдерсіз қарапайым тілмен шыдамдылықпен түсіндір, өйткені оқудың көнекілігі оқытудың қарапайым әдісі мен мұғалімнің түсіндіре білуіне байланысты.
Алтынсарин балаларға өнегелі тәрбие беру аса маңызды іс деп білетін. Ол шәкірттерді адамгершілікке, адал еңбекке, Отанды сүюге тәрбиелейтін. Барлық күш-жігерімді олардың мінез-құлқына да ықпал етуге жұмсаймын, кейін парақор біреу болып шықпауы үшін - деп жазады ол.
Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісін заңды түрде алғаш бастаушы, революцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің негізін қалаушы болып табылады.

1.3 Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар
әдебиетінің атасы

Ұлы орыс халқының ХІХ ғасырда жасалған классикалық мол әдебиеттерімен танысқан Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой-санасына қозғау салып жетілдіруде өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін, алдымен балалар әдебиетін жасауға бет бұрды. Балалар әдебиеті тақырыбына жазылған орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды, оларды жас ұрпақтарымызға үлгі етіп ұсынды. Бұл қазақ халқы үшін, әсіресе, оның жас ұрпақ балалры үшін аса игілікті іс, жаңа бастама еді.
Ыбырай Алтынсарин И.Крыловтың Егіннің бастары, Қарға мен түлкі, Қайырымды түлкі, Лев Толстойдан Полкан деген ит, Силинші, И.И.Дмитриевтен Екі шыбын, орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан Тәкаппаршылық, Дүние қалай етсең табылады, Талаптың пайдасы, Үш ұры, Алтын шеттеуік, Аурудан - аяған күштірек, Әке мен бала, Білгеннің пайдасы, Асыл шөп, Бақша ағаштары, Жаман жолдас, Мейірімді бала сияқты көптеген шығармаларды аударды.
Бұл шығармалардың барлығы да әрі қысқа, әрі мазмұнды, әрі көркем, баланың жас ерекшелігі мен білім көлеміне сай, түсінуге жеңіл, тәрбиелік жағынан шебер, құрылған шығармалар. Баланы тәрбиелеу аса маңыды, қажетті әрі жауапты мәселе екенін айта келіп, балалар кітабы тәрбиелеу үшін жасалады, тәрбие жұмысы ұлы мәселе, ол адам қатысуымен шешіледі дейді Белинский. Орыс классиктерінің балалар әдебиеті тақырыбына жазған кітаптарының барлығы да Белинскийдің осы қойылған талаптарына сай жазылған. Ыбырай Алтынсарин да осы тұрғыдан қарап, орыс классиктерінің балалар әдебиетіне тән еңбектерін ғана іріктеп ала білгенін, аударғанын көреміз. Белинскийдің балалар әдебиеті тақырыбына жазылған кітаптарға зор баға бере келіп, мұндай кітаптар отанына сүйіспеншілікпен, қайырымдылықпен қарайтын идеялармен толыққан болсын. Кітап қорқақтық, жасқаншақтық, өзімшіл, такаппаршыл болудан, өтірік-өсек айтудан балаларды жиренетін жаман қылықтарға қарсы күрес жргізетін дәрежеде жазылсын деген талаптар қояды.
Ыбырай балалар әдебиетіне тән көп шығармалар берді. Бұл шығармаларды жазуда алдына үлкен мақсаттар қояды. Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін - дейді. Алтынсариннің барлық өлеңдері мен әңгімелерінің мазмұнында негізінен өзі айтқан осы идея баяндалып отырады.
Халықты және олардың жас өрендері оқуға, өнер-білімге шақыруд Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтергені, әрқашан жаңарып, түрленіп, құлпырып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін еңбегі: Кел, балалар, оқылық, Өнер - білім бар жұрттар, Әй, достарым, Әй, жігіттер деген өлеңдері.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! -
деп ұран салады. Ыбырай бұл өлеңдерінде алдымен сауат ашу, оқыту мәселесін бірінші орынға қояды, баланы оқыту барысында тәрбиелеу керектігін түсіндіреді. Оның өлеңдері мен әңгімелерінің қай-қайсысы болмасын балаға тәртіпті, үлгілі, өнегелі кісі болуды уағыздайды. Сауатсыз адам саясаттан тыс тұрады, оған ең алдымен әліппені үйрету керек. Онысыз саясаттың болуы мүмкін емес, онысыз тек ұзын құлақ өтірік, жоқ нәрсеге енушік қана болуы мүмкін, бірақ ол саясат болмайды - дейді.
Баланы жан-жақты түсінігі бар, айтқанды тез ұғатын, қабілеті күшті азамат етіп шығару үшін, алдымен оқыту керек. Ол сонда ғана тәртіпке түсінетін, оған мойынсынатын саналы азамат болып қалыптасады. Оқудың пайдасы, оқу арқылы баланың көп нәрсеге жетілетіні жайында Ыбарай шығармаларында аз айтылмаған. Оқыған мәдениетті, азаматтың өмір сүруі де, еңбектенуі де анағұрлым жеңіл және көңілді болатынын ескертеді. Өнер - білім бар жұрттар деген өлеңінде өнер-білім, техникасының пайдасын айта келіп, балаларды, жас өспірімдерді мәдениетті ұлы орыс халқының қатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі-өнеге алуға шақырады. Ғылым табыстарын мадақтайды.
Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып - жұмғанша
Жылдам хабар алғызды, -
деп, радио, телефон,телеграфты айтса,
Мың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы
Қазақ ағартушыларының оқу – тәрбие туралы ой – пікірлері
Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі білімділік маңызын дамыту
Қазақстандағы ұлы педогок ағартушылардың үлес қосқан ой – пікірлері
Кәсіптік білім беру жүйесінің тарихы
Эстетикалық тәрбие мәнін зерттеу
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
Қазақтың салт дәстүрлері негізінде оқушыларды тәрбиелеу
Кітап оқудың пайдасы
Бастауыш сынып оқушыларына жан-жақты тәрбие түрлерін берудің маңызы мен міндеттері
Пәндер