Ағылшындар мен қазақ халқының мерекелері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы

Секция: Ағылшын тілі
Тақырыбы: Ағылшын және қазақ халқының өмір-салты мен мерекелері

Жоба авторы: Аманғали Кәусар
Жанұзақова Іңкәр
Б.Амалбеков атындағы ТМ (РО)
5-сынып оқушылары
Жоба жетекшісі:
Ескендір Нұрайлым Жайыққызы
ағылшын тілі пәні мұғалімі

Ұлытау - 2022
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы Б.Амалбеков атындағы тірек мектебі (РО) 5 сынып оқушылары Жанұзақ Іңкәр мен Аманғали Кәусардың Ағылшындар мен қазақ халқының салт-дәстүрі мен мерекелері ғылыми- практикалық жоба жарысына жазған зерттеу жұмысына ғылыми жетекшісінің пікірі.

ПІКІР
Ағылшындар мен қазақ халқының өмір-салты мен салт-дәстүрі атты ғылыми- практикалық жұмысын 5-сынып оқушылары Жанұзақ Іңкәр мен Аманғали Кәусар орындады. Ол зерттеу жұмысы кезінде мектеп кітапханасынан, аудан кітапханасынан түрлі мәліметтер жинақтады. Оқушылар өз жұмысы кезінде ізденімпаздық, белсенділік танытты. Осы тақырыпта жұмыс жасаған кезде оқушыларымның бойынан еліне, жеріне деген құрметті, оның салт-дәстүріне деген қызығушылығын байқадым.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Ескендір Нұрайлым Жайыққызы

Мазмұны
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
II. Негізгі бөлім
2.1. Ағылшындар мен қазақ халқының мерекелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.2. Ағылшындар мен қазақ халқының салт-дәстүрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .11
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Аннотация
Ағылшындар мен қазақ халқының өмір-салты мен салт-дәстүрі атты ғылыми жоба жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен тұрады.
Қазақ халқының салт-дәстүлерін жаңғырту тақырыбына ғылыми жоба жазуыма не себеп болды? - Зерттелу нысаны етіп салт - дәстүрді алуыма Қазақстан деген ұлан байтақ жерді аз ғана қазақ иемденуіне себеп болған бірінші қазақтың өзі болса, екінші - салт - дәстүрі бола тұра қадір қасиетінің әлі күнге толық зерттелмей келе жатқаны, бүгінгі таңдағы ұмыт болып, салт - дәстүрлердің кейбірі қолданыстан шығып жатқаны себеп болды.
Менің ойымша, әр қазақ баласы өз салтын насихаттау барысында дәстүрлерге сүйене отырып өмір сүруі қажет. Қазақ халқының ұлттық-мәдени өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттың рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің заңды, объективті қажеттігі арта түседі. Мұндай жағдай жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады. Өйткені, мұндай негіздерді білмей, біздің ұрпағымыздың тәрбиелі болып өсуі мүмкін емес. Бұл арада ең маңыздысы мынау: әр адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанына бар жан-тәнімен берілген азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын ескеруі қажет. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының тәжірибесін игеруі керек. "Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері" атты зерттеу жұмысы барысында 126-ға жуық салт - дәстүріміз, әдет-ғұрып, тыйымдар бар екенін білдім. Өз жұмысымда соның 17 түріне тоқталып кеттім. Оның ішінде салтымыздың түрі, дәстүрдің түрі, қазақы тыйымдардың түрі жұмысымның негізгі бөлімін құрайды. Сонымен қатар олардың білудің қажеттілігі, тәрбиелік мәні жөнінде кіріспе және қорытынды бөлімдерде ашып жазуға тырыстым.
Мақсаты: Қазақ халқы мен ағылшындардың салт - дәстүрлері мен мерекелерін салыстыра отырып, мағынасын терең зерттеу.
Міндеттері :
Қазақ халқы мен ағылшындардың салт - дәстүрлерінің қолданылу аясын зерттеу;
Өмір салтына тоқтала отырып, оқулықтардан дәлелдер келтіру;
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі дамыған заманда, шет елдерге саяхатқа шығу кең орын алуда. Саяхатқа шыққан елдің салт-дәстүрін білу маңызды. Тәуелсіз елімізде ата - бабамыздың қалдырған көне салт - дәстүрлерін қадірлеп, өзге ұлттың салт-дәстүрін біліп, оны өз дәстүрлерімізбен салыстыра отырып тану маңызды.
Жұмыстың жаңалығы: Қазақ салт - дәстүрлерін ағылшындардың салт-дәстүрімен салыстыра отырып дәріптеудің берері мол.
Күтілетін нәтиже: Жас ұрпақ мерекелеріміз бен салт-дәстүрлерімізді, ағылшындардың дәстүрінің ұқсастықтары мен айырмашылығын ажырата алады.
Зерттеу әдісі:
Ақпарат жинау және өңдеу.
Материалдарды талдау және жүйелі түрде жинақтау.

Кіріспе
Әр ұлттың өзінің салт- дәстүрі болады . Сол сияқты қазақ халқының өзіне тән қалыптасқан дәстүрлері бар екендігі бәрімізге мәлім.Бұл ертеден келе жатқан дәстүрлер ұрпақты инабатты, тәрбиелі, парасатты, саналы болуға тәрбиелейді. Мен де келешекте сондай азамат болып өсуді армандаймын. Біз өзіміздің салт-дәстүрімізді сақтаймыз, себебі бізге әжеміз бен атамыз үнемі айтып отырады. Өз халқының дәстүрін білу әр адамның міндеті деп ойлаймын.
Көшпелі және рулық -тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды.
Рулас ағайын, туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп.
Олар қазақтың ғұрыптық заң- салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан. Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90-ға жетеді. Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың
балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. Ел болам десең, бесігіңді түзе - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар - жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап- тілектері - баланың әдепті бала болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

2.1. Ағылшындар мен қазақ халқының мерекелері
Ағылшындарың ерекше мерекесі - Рождества мерекесі. Ағылшындардың салттары бойынша, Рождества кезінде үй ішін әдемі бұйымдармен безендіреді. Ескі дәстүр бойынша үйдің барлық терезелеріне шырағдан қойылады, сондықтан бұл түн "шырағдан түні" деп те аталады.
Ұлыбританияда "Рождества- әкеден" сыйлық сұрауға болады. Яғни өзінің арман еткен затын, болмаса, өзінің не тілейтінін хатқа жазып, оны тасқа байлайды да лақтырып жібереді. Ескі діни-сенімдер бойынша, ол хатты Рождества-әкенің өзі алып, қалағанын береді екен. Бұл мереке уақытында ағылшындықтар бір- біріне, бірдей бағаға сыйлық сыйлауына болады. Жеребе тастау арқылы бір адам есімін суырып алады да сол адамға арнайы сыйлық жасауға кіріседі. Рождества алдында өзін сыйлайтын әрбір адам барынша барлық жақындарына, таныстарына ашық хат арқылы ол адамға не тілейтіндігін жазып, сыйлайды екен. Ағылшындықтар үшін Рождества мерекесі "отбасы мерекесі" деп есептелінеді. Сол күні басқа үйге қонаққа баруға болмайды, бірақ басқа отбасылармен бірігіп, жаңа жылды мейрамханада қарсы алуларына да болады екен.
Католиктік Рождества мерекесінің өткізілу уақыты:
Желтоқсан айының 24-күнінің 25-іне қараған түні Рождества Христова түнін тойлайды. Рождества Христова- христиандық маңызды мерекелердің бір түрі және 145 ел жыл сайын тойлайтын ерекше мереке. Желтоқсан айының 26 сы күні- әулие Стефанды еске алу күні. Желтоқсан айының 27 сі күні- Иоанна Богослованы еске алу күні. 28- желтоқсан Вифлемскті еске алу күні( Бұл күні әулие бүлдіршіндерге ерекше ықыласы ауады ) . 29 және 30 желтоқсан күндері Иисусты, Марияны, Иосифты еске алады екен. Рождества күні (31желтоқсан күні) сағат тілі 12 ге жақындағанда үй қожайыны есікті ашып тұрады. Сағат тілі 12-ге жеткенше есікті ашып Жаңа жылды күтеді. Бұл ескі жылды шығарып салғанның, Жаңа жылды қарсы алғанның белгісі екен. 1қаңтар күні Рождестваны тойлау аяқталады.
Хеллоуин(өте қорқынышты)- ағылшындардың балаларға арнап жасалатын мейрамы. Хеллоуин -қазан айының соңғы күні болады. АҚШ-та Рождестводан кейінгі тұрған, халық жаппай тойлайтын мереке. Көп жылдар бойы Ирландия мен Шотландия дін қызметкерлері осы мерекені тойлатқан. ХІХғасырда Ирландия мен Шотландия имигранттары бұл мерекені Америкаға әкелді. Мерекенің басты белгісі- мұрны, көзі, аузы ойылған асқабақ. Бұл мереке түнде өткізіледі, себебі американдықтардың ойынша сол түні шайтандар мен перілер келеді деп сенген. Қорыққандықтан өздері де әртүрлі киімдерге киініп, бет- ауыздарын бояп, перілер мен шайтандарды алдап соғуға тырысады. Алғашында бұл мереке балалар арасында өткізілетін. Уақыт өте үлкендерде мерекеге қызығып қатыса бастады. Мысалы :Нью-Йорк те үлкен-кішісі көшеде өткізілетін парадтарға қатысады.Барлығы жын-перілер, мыстандар, сиқыршылардың киімін киіп қолдарына асқабақ ұстайды. Және бұл парад таң атанға дейін жалғасады. Америкада бұл күнге таяу уақыттары конфеттер және де корнавальдық киімдер сатылымға шығады, мұндағы ең көп тұтынушы европалық отбасылар болып табылады.
Хеллоуин мейрамының тарихы
Христиандық дәуірге дейінгі кезеңде қазіргі Англия мен Ирландияның, сондай-ақ Франция аумағында кельт атты жұрт өмір сүрген. Кельттердің жыл санауы қыс және жаз болып екі бөліктен тұратын. Олар Күнді өздерінің жоғары құдайы деп санайтын.Олардың түсінігі бойынша, Күн қыс мезгілінде өлілердің патшасы Самхейннің (Самайн) тұтқынында болады-мыс. Тура 31қазан күні (біздің жылсанау бойынша) кельттер өздерінің Самхейн деп аталатын ең үлкен мейрамдарын тойлайды екен. Бұл мейрам күзгі өнімді жинау науқанының аяқталатынын және ескі жыл бітіп, жаңа жылдың басталуын білдіретіндіктен, ерекше мәнге ие еді. Сонымен бірге Самхейн қатал қыстың басталуын білдіреді. Бұл күні мазасыз әруақтар мен сиқырлы тіршілік иелері біздің әлемімізге өтеді деп сенетін. Сондықтанда кельттер әруақтар сияқты киініп алып, арғы беттен келетін тылсым күштерді тыныштандыру үшін, әр үйге барып тамақ сұрап жүретін болған. Сондай-ақ әр түрлі бал ашулар өткізілетін. Мысалы, жастар қосақталып отырып,ұзын пішіндісі -еркек, ал дөңгелектеу келгені әйел деп есептеп, шырмауық жапырақтарын жанып жатқан отқа лақтыратын болған. Алаудың екпініндегі жапырақтар, бір-біріне жабысатын болса, жақында той боларын, ал екі жаққа ұшып кетсе , айырылысуды білдіреді деп есептеген. Аңызға сенсек, ішіне жанып тұрған шырағдандар орнату арқылы асқабақтан қорқынышты шамдар жасауды ирландиялық ұста Джек ойлап тапқан. Ол осы шамдары арқылы шайтанды екі рет алдап, одан өз өміріне қастандық жасамайтыны туралы уәдесін алған-мыс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшындардың салт-дәстүрлері мен мерекелері
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Шетел Азиясының халықтары
Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелері
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
Тележурналистика
Қазақстан және Корея қарым қатынастары
Театрдың пайда болу сипаты
Корея халқының мәдениеті, Қазақстанмен қарым - қатынасы
Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы
Пәндер