Аэрофототүсірістің фотограмметриялық және суретке түсіру сапасын бағалау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және жоғарғы ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану Факультеті

Картография және геоинформатика Кафедрасы

Сандық топографиялық карталар мен пландарды құруда аэрофото және ғарыштық түсірілімдерді пайдалану.

Орындаған: Акпар М. Қ

Тексерген:Куттыкадамов Е. Е.

Алматы 2022

Жоспары:

1. Кіріспе бөлім.

2. Негізгі бөлім:

2. 1. Аэрофотопленка, фотоқағаз және олардың сипаттамалары . . .

2. 2. Аэро және ғарыштық фототүсіру түрлері . . .

2. 3. Аэрофототүсірістің фотограмметриялық және суретке сапасын бағалау . . .

3. Қорытынды бөлім . . .

4. Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Аэро және ғарыштық түсіріс туралы түсінік

Аэро және ғарыштық түсіріс деп әуедан немесе ғарыштан жер бетін түсіру арқылы оның кескінін алуды айтады. Қазіргі уақытта ғарыштық түсіру негізінде жер бетінің картографиялық кескінін алу үшін жүргізіледі. Сонымен қатар, жер планетасының жер қыртысын және қазба байлығын, әр түрлі табиғат құбылыстарын, ауа райын, т. б. зертгеу үшін де жүргізіледі. Соңғы кезде «қашықтан бақылау» термині кеңінен қолданылып келеді. Қашықтан бақылау деп жер бетін және жер қыртысын, бөлек объектілер мен қүбылыстарды тіркеу және сараптауды айтады. Қашықтан бақылаудың кейбір есептерін шешу кезінде оқу объектісі туралы дискреттік ақпараттарды сараптайды. Түсіріс жэне дискреттік ақпаратты алу табиғи шағылысқан жарықты тіркесе - пассивті, ал жасанды электромагниттік сәулені тіркесе - активті деп атайды. Қазіргі кезде Күн сәулесін пайдаланып, дискреттік бақылау және пассивті түсіру түрлері кеңінен қолданылады. Сәулені қабылдау үшін фотографиялық және басқа жарық сезгіш қабаттар қызмет етеді. Барлық ақпараттар фотопленкаға немесе әр түрлі жарықсезгіш қабаттарға жазылып жерге жеткізіледі. Қабылданған материалдар фотограмметриялық өңдеуден өтіп, суреттер шығарылып, фотоплан немесе фотосхема қүрастырылады. Олар тұтынушыға беріледі. Түсіру және түсіру жүйелерін эр түрлі белгілеріне қарай кластарға бөлуге болады. Түсіру жүйелері түсіру тэртібіне жэне жарық тегіне қарай пассивті және активті болып бөлінеді. Қабылдау және тіркеу жүмыстарына қарай түсіру фототопографиялық және оптика-электрондық болып бөлінеді. Бір мезгілде қабылдайтын спектрлік зонаға байланысты жүйелер бір зоналық және көп зоналық болып бөлінеді. Көріністі қүрастыру тәсілдеріне қарай түсіру жүйелері кадрлік және сканерлік болып бөлінеді. Кадрлік түсіруде ландшафт элементтері бөлек көрініс ретінде, ал сканерлік түсірісте жарық қабылдағьшітардың көмегімен (сканер, радиолокатор) орындалады. Түсіру мәліметтерін жерге жеткізу тәсіліне қарай оперативті 5 жэне оперативті емес болып бөлінеді. Оперативті тәсілде барлық мәліметтер радио каналдармен беріледі, ал оперативті емес тәсілде транспортпен жеткізіледі.

2. 1. Аэрофотопленка, фотоқағаз және олардың сипаттамалары

Аэрофотопленка аэротүсірудің негізгі материалы болып саналады. Оның сапасына болашақ аэрофотонегатив байланысты, ал одан фотоплан жасалады. Аэрофотопленка мынадай қабаттардан түрады: негізгі, жарық сезгіш, қорғаныс және бекіту. Аэрофотопленка жұмсақ негізден жасалады, қазіргі кезде лавсан қолданылып жүр. Фотохимиялық өңдеу жэне кептіру кезінде негіз әр түрлі деформацияға ұшырайды. Аэрофотопленка деформациясы бірқалыпты және әр түрлі болуы мүмкін. Бүл негіздің деформациясы (өзгеруі) 0, 01-0, 02% шамасында, сондықтан аэрофотонегативтің шетіндегі нүктелердің жылжуы 7-14 мкм аспайды. Жарық сезгіш қабаты, әдетте, жарық сезгіш заттан (бромды күміс) түрады. Қорғау қабаты жақсы желатиннен жасалады. Ол эмульсиялық қабатты әр түрлі механикалық зақымданудан және сырылғаннан қорғайды, сондай-ақ, аэрофотопленканың жыйырылуынан сақтайды. Аэрофототүсірісте ақ-қара, спектрозоналық және түрлі-түсті аэрофотопленка қолданылады. Топографиялық түсірісте көбінесе ақ-қара аэрофотопленка қолданылады. Фотокөріністің көріну қабілеті мынадай формуламен анықталады: 1 1 1 R~ + R. ( 1 '5) бүл жерде Ro және R„ - аэрофотообъектив пен аэрофотопленканың көрініс қабілеті. Аэрофототүсіріс кезінде ұстама уақытын анықтау үшін бұндай шамаларды білу керек. Соңғы кезде аэрофототүсіріс кезінде спектрозоналық аэрофотопленка қолданылып келеді. Ақ-қара аэрофотопленкаға қарағанда ол бірнеше қабаттан тұрады. Бірнеше эмульсиялық қабат оның сенсиметриялық сипаттамасын арттырады жэне барлық аэрофото10 пленкаға тән сипаттамаларды (жалпы жарық сезгіштік, контраст коэффициенті жэне т. б. ) сақтайды. Спектрозоналық аэрофотопленкаға түсіру кезінде АФА-ның фокустық ұзындығы 140 мм артық болғаны дұрыс. Үш қабатты түрлі-түсті аэрофотопленка жер бетін өз түстерімен көрсету үшін қолданылады. Мысалы, ЦН-3 жэне ДС-5 түрлітүсті негативтік аэропленкалардың жарық сезгіштігі 180 жэне 60 бірлік, ажарату қабілеті 58 сыз/мм. ЦН-3 үш қабаттан түрады: сары, пурпур жэне көкшіл түстерден. Фотоқағаздың аэрофотопленкаға қарағанда сентиметриялық қасиеттері біршама басқаша, яғни оптикалық тығыздығы минималь және максималь объектіні көрсету үшін. Фотоқағаздар жылтырсыз, жартылай жылтыр, жылтыр және жып-жылтыр болып бөлінеді. Фотоқағаздың жарық сезгіштігі қосалқы

рөл атқарады, өйткені фотографиялық басу кезінде ұстама уақытын өзгертіп отыруға болады.

2. 2. Аэро және ғарыштық фототүсіру түрлері

Аэрофототүсіріс дайындық, аэрофототүсіру, фотолабораториялық жэне материалдарды фотограмметриялық өңдеу жүмыстарынан тұрады. Аэро жэне ғарыштық түсірулер келесі негізгі көрсеткіштермен кластарға бөлінеді: міндетіне, түсіру масштабына, көрністі көрсету тәсілдеріне, АФА-ның оптикалық осінің вертикаль жазықтықтан ауытқуына жэне фотосуреттердің санына қарай. Аэротүсіріс міндетіне қарай топографиялық және арнайы болып екіге бөлінеді. Ғарыштық түсіріс негізінде арнайы түсіріске жатады. Топографиялық аэрофототүсіріс материалдары мен топографиялық жэне арнайы карталар халық шаруашылығының көптеген жерлерінде, сондай-ақ, жерге орналастыру бөлімшелерінде кеңінен қолданылады. Арнайы аэро жэне ғарыштық түсірістер жер беті туралы системалық немесе оперативті ақпарат алу, сондай-ақ, жер бетіндегі объектілер, жер қыртысы жэне әр түрлі құбылыстардың, процестердің өзгерісі туралы ақпарат алу үшін жүргізіледі. Суретке түсіру масштабына қарай ірі масштабты (1:/и>1:15 000), орта масштабты (1:16 000< 1 :т<1:50 000) жэне майда

масштабты түсіру (1:т<1:50 000) болып бөлінеді. Көрініс тұрғызу тәсіліне қарай кадрлік, жарықшақ (щелевой)

жэне аумақтық болып бөлінеді.

Кадрлік фототүсіруде жер бетінің көрінісі бөлек фототүсіруден

тұрады. Ондай түсіріс кадрлік аэрофотоаппараттармен жүргізіледі,

оларға топографиялық АФА жатады.

Жарыңшақ түсіруде жер бетін үздіксіз түсіреді. Бұндай түсірісті жарықшақ аэрофотоаппараттармен жүргізеді жэне аэрофотопленка камераның жылжу жылдамдығына (жер бетіне қарағанда)

сәйкес жүріп отырады. Жарықшақ аэрофотоаппараттарда затвор

болмайды және түсіру уақыты объектив диафрагмасына жэне

жарықшақ еніне қарай өзгеріп отырады.

Аумақтық түсіруде бөлек-бөлек жолақтардан тұратын көрініс

жиынтығын айтады. Аумақтық фототүсіруде көрініс цилиндр немесе конус бетінде салынады. Аумақтық фототүсірудің артықшылығы

көріністі өте жоғарғы ажырату қабілеттілігі.

АФА-ның оптикалық осінің вертикаль жазықтықтан ауытқуына

байланысты түсіруді пландық және перспективалық деп екіге

бөледі.

Пландық түсіруде АФА-ның оптикалық осінің вертикаль жазықтықтан ауытқуы 3° аспауы керек. Гиростабилизатор аспабының

көмегімен ауытқу бұрышын 20'-40' асырмай ұстайды. Пландық

аэрофототүсіріс топографиялық план жэне карта жасауда негізгі

түсіріс болып саналады.

Перспективалыц түсірісте оптикалық осыің көлбеу бұрышы

түсірудің мақсатына қарай беріледі. Мысалы, оптикалық өс ұшу

бағытына перпендикуляр бағытта бұрылып, жер бетінің жіңіппсе

жолағын көк жиекке дейін түсіруге мүмкіндік береді. Бұндай түсіріс негізінде әскерде барлау жұмыстарында немесе сызықтық құрылыстардың табиғи ортаға тигізетін эсерін зерттеу жұмыстарында

кеңінен қолданады.

Аэрофотосуреттердің санына және орналасуына қарай жеке

кадрлі, маршрутты және көп маршрутты аэрофототүсірістер болып

бөлінеді. Ғарыштық түсіріс, әдетте жеке кадрлі немесе маршрутты

болады.

Жеке кадрлі фототүсірісте жер беті бірімен бірі байланыспаған

бөлек суреттерден тұрады. Бұндай суреттерді стереоскопиялық

көрініс керек болмаған жағдайда түсіреді. Маршрутты аэрофототүсірісте үшу аппаратының бағытындағы

жіңішке жолақ жер участкесін түсіреді. Суретке түсіру объектісінің

пішініне қарай маршрут - түзу сызықты, сынық сызықты немесе

қисық сызықты болуы мүмкін.

Жер бетіндегі участке ауданы бір маршрутқа симайтын болса,

онда бірнеше маршруттан түсіреді, яғни көп маршрутты аэрофототүсіріс қолданылады.

2. 3. Аэрофототүсірістің фотограмметриялық және суретке

түсіру сапасын бағалау

Аэрофототүсіріс кезіндегі алынған суреттерді әрі қарай өңдеу

үшін жэне дешифрлеу сапасы жақсы болу үшін аэрофотонегатив

сапасы келесі талаптарға сай болуы керек.

Суретке түсіру биіктігі берілген биіктіктен тегіс жерлерде 3%,

таулы жерде 5% аспауы керек. Түсіру биіктігі 1000 м дейін болса,

тегіс жерлерде 30 м, таулы жерлерде 50 м аспауы керек. Маршруттық түсіруде ұшақ биіктігінің өзгеруі 50 м аспауы керек.

Алынған барлық суреттердің бойлық және көлденең жабула-рын бағалайды. Жұмыс істеу ьщғайлы болу үшін барлық суреттерді

жабу қабаттарымен түйістіріп жер бетінің біркелкі көрінісін алады.

Бұндай көріністі біркелкі қүрастыру деп атайды. Біркелкі құрастыруды сол жақтағы жоғарғы суреттен бастайды жэне маршрут

бағытымен барлық суреттерді ағаш тақтайға кнопкамен бекітеді.

60% бойлық жабуда барлық суреттер салынады, ал 80% жабуда бір

суреттен кейінгісі, 90% жабуда екі суреттен кейінгісі бекітіледі.

Осылайша жоғарғы маршруттың барлық суреттері бекітіледі.

Содан соң екінші маршруттың суреттерін өзара орналыстырады

және олар бірінші маршруттың суреттерімен жабылуы керек. Жабу

кезіндегі үйлеспеушілік көрші суреттерге тең бөлінеді, содан соң

суреттер кнопкамен бекітіледі. Осылайша барлық маршруттағы

суреттер салынады. Егер көлденең жабу 30% болса, онда барлық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфераны қабатқа бөлу
Supercam - ұшқышсыз ұшу аппараттарының маркасы
Карта мен пландарды құруда топографиялық дешифрлеу ерекшеліктері
Аэрофототүсіріс негіздері
Геодезиялық және картографиялық қызметті мемекеттік геодезиялық қадағалау, лицензиялау
Топографиялық карталар және пландар масштабтар және олардың дәлдігі
Кенді ашық әдіспен қазу жүйесі
Топографиялық карталарды жаңартудағы заманауи технологиялар
Жалпы түсінігі туралы аэрофото суретке түсіру
Фототопографиялық түсіріс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz