Тәнеке батырдың балалық шағы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жетісу облысы, Ақсу ауданы
Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлкеттік мекемесі

Тәнеке батыр - және тарихи танымдағы жауынгерлік дәстүр

Орындаған:
Ғылыми жетекші:Тарих пәнінің мұғалімі,
Ғазизова М.Ы.

Талдықорған-2022 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 ТӘНЕКЕ БАТЫР ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАМАНЫ
Тәнеке батырдың балалық шағы
Тәнеке батырдың ру басы ретіндегі қызметі
2 ТӘНЕКЕ БАТЫРДЫҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ӨНЕРІ
2.1

ҚОРЫТЫНДЫ

Аннотация
"Тәнеке батыр - тарланым"атты ғылыми-зерттеу жұмысы бүгінгі күні Отандық тарих ғылымындағы өзекті тақырыптардың бірі болып саналады.Тақырып кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі ашып көрсетіліп, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері таратылып көрсетілген.
Бірінші бөлімде Тәнеке Десетұлы Жетісу өлкесіндегі ұлт - азаттық қозғалыстың туын көтерген көрнекті қолбасшы емес, ұрпағының келешек тірлігі үшін отаршылдыққа қарсы аянбай күрескен, өз ғұмырын елінің тағдырына арнаған абзал перзент ретінде жасаған ерен еңбектерінің маңызы ашылып көрсетілген. Жазушы А.Сатаевтың "Шоқаннан калган үш дерек " Лениншіл жас 1973, "Тәнекенің тағдыры", 1974, мақалалары Тәнекетану мәселесінде тарихи мәнді ой қозғаған құнды ізденіс болып табылады. Тәнеке батырдың тарихи бейнесін құруда тарихшы М. Алыбаев көп еңбек етті .
Екінші бөлімде Қазақстан Тәуелсіздігінің үлкен бір жемісі қазақ халқының рухани негізін құрайтын көптеген тарихи құндылықтардың ұрпаққа қайта оралып, өнеге игілігін байытуы болып отыр. Осы орайда Қазақстан тарихында өзіндік орны бар , 19- гасыр - да Ресей мен Қоқан хандығы тараптарынан болған боданшылдық құрсауындағы халқына отаршылдық қиянаттарға араша түсіп, елеулі күрескерлік танытқан Тәнеке Десетұлы туралы тарихи - әдеби деректер ұсынылып отыр . Тәнеке батыр туралы " деректер , " Тәнеке батыр " , " Тәнеке батыр факты , исследования , события " деген еңбектерінде тарихи тірек боларлық жүйелі деректер берілді. Тәнеке батыр туралы қалам тартқан зерттеушілер Токтарбек Кәріпжанов, Тәңірберген Қалилаханов, Сәбит Дүйсебаев тағы басқалар .
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысы барысында қол жеткен тұжырымдардың қысқаша қорытындысы берілген.

Аннотация
Научно-исследовательская работа "Тәнеке батыр -тарланым" на сегодняшний день является одной из актуальных тем в отечественной исторической науке.Тема состоит из введения, основной части, заключения и список использованной литературы.
Во введении раскрывается актуальность темы и раскрывается цели и задачи исследовательской работы .
В первой частиТәнекеДесетович национально-освободительное движение в Жетысуском крае не выдающийся лидер, поднявший знамя движения, а будущее своего поколения за свою жизнь он упорно боролся против колониализма, раскрывается значение его подвигов, посвященных судьбе своей страны. Статьи писателья А. Сатаева "Шоканнанқалған 3 дерек"
"Лениншілжас" 1973, "Тәнекеніңтағдыры", 1974, является ценные иследовании в области Танекетану. Создавая исторический образ героя, историк М. Алыбаев много работал.
Во второй части одним из великих плодов независимости Казахстана является многие исторические ценности, составляющие духовную основу народавернуться к следующему поколению и обогатить добром примером.В этом случаеТанекеДесетовичзанимают особое место в истории Казахстана XIX века народом, находящимся в осаде России и ханства Кокан, который вмешался в колониальные злоупотребления и продемонстрировал серьезную борьбу, приведены исторические и литературные данные о Десетовиче.Факты о "Танеке батыр", "Тәнеке батыр факты, исследованиясобытия", которые стали исторической опорой.
О Танеке батыре писали исследователи ТоктарбекКарипжанов,
ТанирбергенКалилахов, СабитДуйсебаев и другие.
Заключительная часть была достигнута в ходе исследования,
дается краткое вывод результатов.

КІРІСПЕ
Тарихымыздың тағы бір парақ беті Баянжүрек тауымен тығыз байланысты. Ол -Тәнеке батыр туралы .
Бұл күнде озық ойлы қимылдың иесі болған , мінез-бітімі бөлек адам жайлы көп адамдар біле бермейді.Оның мазар -моласы Қапал -Арасан жолының бойында тұр. Бұл жерде халык құрмет тұтатын қасиетті адамның жатканын ұзын сырыкка байланған алуан түсті суытпақтардан білуге болады . Кейде салт атты жүргінші немесе шопан мола басына келіп , дұға оқып , ұзак үнсіз отырып кете барады . Зерде ғылыми-жерттеу жобасынаұсынып отырған тақырыбымыз "Тәнеке батыр - тарланым" деп аталады . Бұл тақырыпқа назар аударып , жан - жақты ізденіс жұмыстарын жүргізудегі негізгі мақсатымыз Кенесары Қасымұлы көтерілісіне қатысқан Тәнеке батырды елі үшін күресіп өткен тарлан батыр ретінде таныт . Туған елі мен жерінің тарихын таразылап, терең зерделеп зерттеген, ақ патша заманы кезінде кемелдік танытып, Еуропалык деңгейде білім алған Мұхаметжан Тынышбаев мұралары халқымызға қатысты деректердің бетін ашты .
Өз халқының салт санасы мен мүддесіне мұқият қараған, елім деп еңіреп өткен Тынышбаев ағамыздың" История киргиз - казахского народа" деген еңбегінің 72 - бетінде мынадай жолдар бар: Қыдыралы бидің немересі Тәнеке Десетұлы 1835-1840 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған ұлт - азаттық қозғалысқа қатысты."( М. Тынышбаев . " История киргиз - казахского широда ". 72 - бет ). Бул деректегі Тәнеке Досетулы кім ? Өз заманында айналасына қандай ықпал етті? деген сұрақтардың көкейге оралары анық. Шын мәнінде Тәнеке кім? Батыр ма? Данагөй ақылман ба?Қолда бар деректерге жүгінейік:
Тәнеке Дөсетұлы - жетісу өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыстың туын көтерген көрнекті қолбасшы ғана емес, ұрпағының келешек тірлігі үшін отаршылдыққа қарсы аянбай күрескен, өз ғұмырын елінің тағдырына арнаған абзал перзент. Оған қазақстан Республикасының Мемлекеттік архивінен араб әріптерімен генерал - губернатор Колпаковскийдің атына (көшірмесі Петербургтегі император, Омбыдағы генерал-губернатор) жер дауына байланысты 1857 жылы жазған хаты толық дәлел болады. Назарларыңызға сол хаттан үзінді келтіруді жөн көрдік.:
Төменде мәлім қыламын менің қол астыма қараған Қаптағай елінің бұрыннан жаз жайлай, қыс қыстай жүрген Үшбүйен, Салқыеһбел, Күреңбел, Баласаз, Ащыбұлақ, Ақадыр, Шыңбұлақ, Көшкентал, Қызылағаш, Ақешкі, Қопалы, Ешкіөлмес сияқты шүйгін-шұрайлы жер-суын Қапал жерінің атаманы полковник Абакумовтың басшылығымен жергілікті халықты зорлап, тонап, Балқаш маңындағы сусыз шөл-құмға айдап жібергенін айта келіп, олардың ауыр халын жедел хабарлайды.
Хатты Былай аяқтайды: Сонымен, бұл мәселені халық хақында ұлық мансапты құзіретіңізден жоғарыда аталған жерлерді өз руларына қайтарып беруге бұйрық беруіңізді сұрап Қаптағай, Матай елінің Волостной хорнунжийі Тәнеке Дөсетұлы мөрімді бастым. 1857 жыл (Қазақ батырлары газеті 2002 жыл 6 маусым)

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси жағдай отаршыл Ресей империялизмінің қазақ жерін өзіне қаратумен және оған қарсы қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресімен ерекшеленеді. ХІХ ғасырдың 30 - жылдарынан бастап, Қазақстанды отарлай бастаған Ресей патшалығы бұл науқанды XIX ғасырдың ортасында толық аяқтауға таяды. Ресей үшін Орта Азияда өз үстемдігін орнату маңызды болды. Қазақстанның маңызды стратегиялык аудандары патшалық Ресейге қажет еді. Ресей, Қытай, Орта Азия хандықтары арасында жатқан Қазақстан жері осы елдерге және Иран мен Ауғанстанға апаратын сауда жолдары болды. (Бекмаханов. Е " Казахстан 20-40 годы , 19 - века . " 117-119 б.б. )
Әсіресе, Жетісу жерін мықты стратегиялы бекініске айналдруға ұмтылды. Қазақ жеріне өз позициясын мықтап бекітіп алып қана, Орта Азия халықтарына қарсы отарлау саясатын іске асыруға болатын еді. Бұдан басқа да қазақ жеріне өсіп келе жатқан орыс капитализмінің экономикалық қызығушылығы болды. Барлық Орта Азия жерлері сияқты отарлар қатарында арзан шикі зат шығаратын Қазақстан патшалық Ресейдің назарын өзіне аударды .
ХІХ ғасырдың басында Қазақстан Ресейге толық қараған жоқ. Кейбір аудандар Қытайдың және Орта Азия хандықтарының ықпалында еді. Патшалық Ресейдің Қазақстанда отарлау саясаты негізінен үш бағытта іске асырылды: біріншіден, әскери бекіністер жүйесін орнату, бұнда әскери бекіністер салу және бекіністермен қатар әскери гарнизондар құру, оларға таяу казактар мекен - жайын орналастыру; екіншіден, әкімшілік басқару жүйесіне реформалар жүргіз , округтар мен округтік приказдар құру, сөйтіп қазақтарды көптеген саяси құқылардан айыру; үшіншіден, экономикалық орнығуы.
1863Жылғы есеп бойынша, Қапал селосында 11247 адам түрған. Қапaлғa қaлa дейтін атау 1881 жылы берілген Дүйсебаев С " Тәнеке батыр " 10-11 б.б ) Осы тұста Жетісу өлкесінен Тәнеке Досетұлы тарих сахнасына шығады .
Тәнекенің шын аты - Нұралы. Ол 1807 жылы Лепсі уезіндегі Арғынты тауының шығысындағы Тасқора мекенінде дүниеге келген. Оның әкесі Дөсет батыр руында ықпалды адам Қыдыралы бидің ұлы болған. Жылдар өтіп, Қыдыралы Қапал уезіндегі Баянжүрек тауының бір сілеміне көшіп келеді. Нұралының Тәнеке деп аталуы туралы мынадай мәлімет бар. Әкесі Дөсет батыр ұлын жақсы көргендіктен, еркелетіп "Данакерім" деп атаған. Содан кейін Тәнеке аты қалыптасып кеткен.
Әкесі Дөсеттің едел - жедел өсіп келе жатқан ұлдары Қалқабай, Тәнеке және Бартай жастайларынан ел аузына іліге бастайды. Үлкені Қалқабай жас күнінен - ақ өзінің ділмар шешендігімен, акылдылығымен түседі. Тәнекенің ептілігі, күштілігі, Бартайдың қызбалығы басымдау болғанға ұқсайды. Жоңғар жаугершілігі естерін шығарған қазақтар ұрпақтарын жастайынан соғыс өнеріне баулығаны белгілі. Десеттің үш ұлы осы өнерді ерте жастан меңгерген. Ал Тәнекенің ел аузына батыр ретінде ілінуі әр түрлі айтылады. Бір ақиқаты, Тәнеке бүл атақты өте ерте алған. "Батыр" деп ауыл арасындағы адамдарды атай бермейтінін ескерсек, Тәнеке ел ісіне жастайынан араласа бастағанға ұқсайды . Халық аузында :
Қайрақты қайрай - қайрай ,
Таты шықты .
Он бесінде ел билеп ,
Тәнекенің аты шықты деген жыр жолдары бар.

Егер де осы аңыз - жырға сүйенсек Тәнеке он бес жасында ел билігіне араласа бастаған немесе жорықтарга қатысқан. Бұл шамамен 1822-1824 жылдары. Бұл кезеңде Жетісу халқына Қандай жау шапты деген заңды сұрак та туады.
Бұл жылдары Қазақ халқының күйі дауыл алдындағы тыныштықты еске түсіреді. Ел іргесі біршама бүтiнделіп, есін жинаған уақыт еді. Алайда Жетісу халқымен көршілес қалмақ елі жауласуын әлі тоқтатпаған еді. Ақсу - Қапалға іргелес Қытайдың Біротала аймағын мекендеген қалмақтар әлі де болса көз салатын. Олар қапыда қазақ ауылдарын тонап, малдарын айдап кетіп отырған. Қазақтар да олардан қалыспай Алатау асып, қалмақ малдарын барымталап әкеліп отырған. Осы тұста Дөсеттің үш ұлының Қалқабай, Тәнеке, Барқай есімі қатар шықты. Ағайынды үш жігіттің қалмақтарға жасаған жорқтары туралы ел аузында сақталған көп әңгімелер бар.
Жетісу халқы да бүкіл қазақ даласындағы ХІХ ғасырдағы ұлт азаттық күрестен шет қалмады .
1846 жылы Шұбарағаш - Ойжайлауда генерал Вишневский Жетісу қазақтарын Ресей бодандығына қабылдауға байланысты жиналыс ұйымдастырған. Абылай ұрпақтары Әли мен Бөлен сұлтандар өздеріне қарайтын қазақ руларының ресей қол астына өтуіне келісім беруі үшін осы генералмен кездеседі. Вишневский жинаған бұл жиналысқа Тәнеке батырға қарасты матай рулары қатыспайды.Жиналыс ортасына таман"қаптағайлған" калың қол орыс - қазақты шауып өтеді. Бұл - Тәнеке батырдың қолы Орыстардың қазақ жеріне кіруіне өз наразылығын Тәнеке осылай көрсетеді. Сөйтіп, Жетісу жеріне бірінші аттаған күні патша үкіметі Тәнеке қарсылығына тап болады. *( Дүйсебаев С " Тәнеке батыр " 2002.12 бет )
Тәнеке батырдың ешқашан еңсесін дұшпанға бастырмаған, есесін жібермеген, үнемі намысын қайрап жүретін батыр екенін айқындайды. Елінің, жерінің тағдырына деген шынайы перзенттік кұрметін де осы деректерден аңғаруға болады. Тәнеке туралы деректерді Шоқан Уәлиханов жазбаларынан кездестіруге болады. Ол туралы Сергей Марков саяхатшының күнделігінде жазғандай. Қапал бекетінде "Жетісудағы атышулы батыр, барымташы Тәнеке келіпті. Тәнеке өзінің досы Құдайменде сұлтанды ерте барады". (С "Асуға асқандар". "Жазушы" баспасы . 1971 ж .). Шоқан Тәнекені " үлкен мұрынды, жирен сақалды, кеудесін түгел түк басқан" деп суреттейді.
Қазақ халқының әскери қаһармандык мектебінің көрнекті өкілі Тәнеке батырдың туғанына 195 жыл толып отыр. Өзінің барлық саналы ғұмырын туған жерінің береке - бірлігін сақтап, қорғауға арнаған ардагер азаматтың аяулы есімі көп жылдар бой тарихтың келеңкесінде қалып келген еді .

Ел есінде сақталған мына бір өлең жолдары :
Десетте бес жүз түйе бар емес пе ,
Тәнеке алаштағы нар емес пе ?
Маманға он жеті мың жылқы біткен ,
Қалқабай қазақтағы дана емес пе? деп келіп, әкелі - балалы төрт ардагердің заманының алдыңғы қатарлы азаматтары болғандығын көрсетіп отыр .
Республиканың білім беру саласына белгілі ғалым Сәбит Дүйсебаевтың басшылығымен елдің тарихын зерттеу жұмысы жүргізіліп, Тәнеке батыр қазақ тарихынан өзінің занды орнын тауып, кең - байтақ даламызда Қалкабай - Тәнеке, Маман - Тұрысбек есімдері қайтадан жаңғырды. Белгілі тарихшы Марат Алыбаев "Тәнеке батыр: зерттеулер, деректер, оқиғалар" еңбегін Қапал ауылында тарихи - өлкелік мұражайын ұйымдастыру барысында Қазақстан Республикасының мұрағатында көп жұмыс істегенін баяндайды. Бұл жұмысты Қапал тарихы мен Шоқан Уәлихановтың өз өлкесінде болғанын зерттеуден бастағанын айтады .
1856 жылғы күжатта Тәнеке Десетұлының император мен генерал - губернаторға жер дауы мәселесіне байланысты жазған хаты оның жай адам емес, өз күшіне сенімді, еркі күшті адам екенін дәлелдейді. Нәтижеде полковник Абакумовтың көмегімен казактар тартып алған атамекенді занды түрде халыкка кайтарады. Бірақ Тәнеке батырдың Кенесары көтерілісіне тікелей қатысқаны туралы тарихи материалдар аз.Тек Тәнеке батыр Қыдыралы руының жоғын жоқтаған жоқ, ол өз елі мен жерінің қорғаны бола білді.
Бала кезінде Тәнеке әлжуаз және аурушаң болыпты. Осыған байланысты бір күні Әкесі Сарыарқадан Алдай бақсыны шақыртады. Ол зікірін салып, емге кірісед . Баа төсектен басын көтеред . Еліне кері қайтып бара жатып, Алдай Дөсетке: " Сенің ұлың сегіз жасқа келгенде өзіне - өзі келеді. Сонда оған жақсы тұқымды жылқыдан ат таңдат. Жалған үзеңгімен мінгізесің, ол сауығып кетеді ", дейді. Алдай бақсы жол - жөнекей баланың денсаулығын сұрап, құдайға жалбарынады. Оның айтқаны келіп, Нұралы төсектен тұрады. Қуанышында шек жок əкесі сахараға ұлан - асыр той жасайды. Оның жастық шағы қазақ даласындағы әр түрлі саяси оқиғалармен байланысып жатады. Сырым батыр, Махамбет пен Исатайдың, онан кейін Кенесары мен Наурызбай көтерілістерінің жаңғырығы Жетісуға да жетеді. Ол жас кезінен қолына қару алып, Қоқан ханы Әлімқұлдың аяусыз шапқыншылығынан өзкіндік қаны тамған жерді қорғайды.
Солтүстікте патшалық Ресей отарлық саясатын жүргізе бастайды. Шығыстан құнарлы Жетісу жеріне Қытай императоры көз алартады.
"Бөлінгенді бөрі жейді " деген мақалды нық ұстаған Тəнеке өз айналасына Матай руынан шққан Таубасар, Мүсәпір, Мұңайтпас батырларды топтастыра бастайды . Олардың достығы - өз алдына бір тарих .
Тәнеке батырдың жеке басына келетін болсақ, ол Ұлбай және Ырыс деген екі әйел алған. Ұлбай Ескелді би мен Балпықтың жақын туысы болған. Ырыс қарақалпақтың қызы. Олар туралы ел арасында мынадай екі жол өлең сақталған :
Әйелі Тәнекенін Ұлбай , Ырыс ,
Бірі - алтын болғанда, бірі - құрыш. ("Қазақ батыры " газеті №9, 2002 ж . )
Бұл сөздердің астарында үлкен мән жатыр. Халық дер кезінде Тәнеке әйелдерінің қадір - қасиетін көріп, әділ бағасын берген .
Қыдыралы би баласы Дөсет батырға: "Менің сендерден өтінерім бастарыңа қандай күн тумасын, қырғыз - қалмақтармен тату - тәтті, достықта өмір сүріңдер ", - деп ақыл айткан. Мұны Дөсет те, Тәнеке де, кейінірек олардың ұрпағы Есімбек қажы да өз істерінің қағидасына айналдырған. Қырғыздың ықпалды манабы Жантай батыр мен оның баласы Шәбден манаппен Тәнеке батыр айырылмас дос болған. Жантай Тәнеке екеуі бірігіп, Холмятковскийдің зорлық - зомбылығына қарсы шыққан. Шоқанның Қашқарияға жасаған сапарына да үлкен көмек көрсеткен.
1865 жылы Тәнеке батыр қайтыс болғанда, Жантай оны жерлеуге келіп, аза салған. Өзінің марқұм досына берілгендігінің дәлелі ретінде бір қыз, бір жігіт алып келеді де, оларды Тәнеке батырдың туыстарына үйлендіреді. Қыздан Беделесімді ұл туады. Оның ұрпақтары Сарыбай мен Үмбетайдың шөбере - шөпшектері осы күнде Қапал ауданында өмір сүруде. Тәнеке батырдың қырғыз батыры Жантаймен достығының тарихы мынадай. Екеуі бір ерегесте қарусыз жекпе - жекке түседі. Ол - сөзбен жарысу болатын. Соның нәтижесінде мәселені қантөгіссі , адамгершілікпен шешіп, екеуі де өз қателерін мойындайды да, достасуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Барымтадан – батыршылдық дәстүрге
Баянжүрек тауының археологиялық ескерткіштері
Әуезов шығармалары
Абылайдың Қытаймен соғысы
Қазақстан тарихындағы қазақ билері мен батырларының ролі
Әйтеке би
Атақты Абай жолы эпопеясы қазақ өмірінің энциклопедиясы
XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал
Сабыр Рахимов
Ыбырай Алтынсариннің шығармалары
Пәндер