Елеке сазының зерттелуі
Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Сақ мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Алтын адам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Тарбағатай қойнауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Елеке сазының зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Өлкемізден табылған жәдігерлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Эссе
Елеке сазы обасының ұлттық құндылықтарымызды әлемге танытудағы рөлі
Грек тарихшылары сақтар туралы олардың жерлеу ғұрыптары, әдет-салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған деп жазып қалдырған. Оны соңғы жылдары табылып, зерттеу жүргізіліп жатқан сақ обалары дәлелдейді. Есік қорғаны, Шілікті, Елеке сазы сынды қорымдардағы табылған адамдар, олардың киіміндегі әшекейлер, табылған жәдігерлер мен олардың көмілуі, орналасуындағы ұқсастықты нақты факт ретінде көрсете аламыз. Бұл обалардан табылған заттар, Алтын адамнан бастап, барлық жәдігерлер сақ мәдениетінің көрінісі.
Жалпы, сақ мәдениеті дегеніміздің өзі - ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған ескерткіштер жиынтығы болып табылады. Ежелгі көшпелілердің қоғамдағы салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен наным-сенімдері сондай-ақ ділі, тілі туралы деректер ежелгі антикалық авторлардың қолжазбасында үзік-үзік берілген. Сақтардың өзі өмір сүрген аумағында ерекше көшпелі мәдениетті қалыптастырғанын табылған көне ескерткіштерден білеміз.
Елеке сазы Қазақстандағы сақ мәдениетінің кезекті қайталанбас ошағы. Осы мәдени ошақ, Елеке сазы обасы ұлттық құндылықтарымызды әлем жұртшылығына паш етуге зор үлесін қосары анық.
"Қойнауына құт қонған Тарбағатай,
Батырлары төсінде салған атой.
Тарихтың қойнауынан сыр шертеді,
Білгің келсе құлақ сал, сен балақай",- дегендей Елеке сазы да Тарбағатай тауының баурайында орналасқан қойнауы құтқа толы мекен. Талай ғасырлар бойы Тарбағатай өңірін мекендеген адамдар бұл жердің суына қанып, ауасын жұтып, топырағында аунап, көк майса шөбін басып бабалар мұрасын білместен күн кеше берген. Тек 2016 жылы ғана Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен Шығыс Қазақстан облысында археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытудың 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасы қолға алынып, сан мың жыл сыры ашылмаған туған жерді тыңғылықты зерттеу басталды.
Сол жылы алғаш зерттеуді бастаған Ерден Оралбай, одан кейін 2018 жылдан бері үздіксіз археологиялық жұмыстар атқарып келе жатқан З.Самашев пен Ә.Төлеубаев Елеке сазы жерінің қатпар-қатпар қойнауындағы қазынаны тауып, оны ұлттық құндылықтарымызды әлемге танытудағы басты құрал ретінде қолданып келеді. Соның айқын дәлелі, Стамбул, Польша сынды әлемнің бірқатар елдерінде өткізілген және соңғы рет Ұлыбританияда ұйымдастырылған Ұлы дала алтыны атты көрмені айта аламыз. Ондағы ең бағалы экспонаттардың бірі қайта қалпына келтірілген Алтын адам.
Қорыта келе, сақ мәдениеті және оның бүгінгі күнде табылып жатқан баға жетпес жәдігерлері көшпелілер өркениетінің бетке ұстар нышаны. Бұл қорым арқылы бабаларымыздың өркениетін, өмір сүру салтын және ұлттық құндылықтарымызды дәріптей аламыз. Шоқтығы биік жәдігерлерді бауырына басқан Елеке сазы қорымы - ұлттық мәдениет ошағы.
Аннотация
Бұл ғылыми жобада Тарбағатай тауындағы Елеке сазы ескерткіштері мен ондағы археологиялық зерттеулер туралы ақпараттар беріледі. Зерттеу барысында табылған жәдігерлердің маңызы, олардың әлемдік өркениетке қосар үлесі дәләлденіп, мысалдар келтіріледі. Адамзаттың даму тарихынан бастап зерттеліп, сақ дәуіріндегі мәдениеттің өркендегенін айқындайды.
Annotation
This scientific project provides information about the monuments of Eleke sazy on Mount Tarbagatai and the archaeological research carried out there. The significance of the artifact found during the research, their contribution to world civilization is shown and examples are given. It is studied from the history of human development and determines the development of culture in the Saka period.
Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылы
М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі КММ
11-сынып оқушысы Ерлан Аружанның
Елеке сазы обасының ұлттық құндылықтарымызды әлемге танытудағы рөлі тақырыбындағы
ғылыми-зерттеу жұмысына жазылған
Пікір
Бұл жобада зерттеуге алынған тақырыптың өзі бүгінгі күн талабының биігінен көрінетін өзекті тақырыптардың бірі. Себебі, біріншіден, елімізде жүргізіліп жатқан Мәдени мұра бағдарламасының күн тәртібін құраса, екіншіден, туған өлкеміздің қойнауын, тарихын зерттеу білім алушының бойында елге, жерге, Отанға деген патриоттық, азаматтық сезімдер тудырады. Үшіншіден, ауылымыздың іргесі тұнып тұрған тарих және археологиялық бай қазыналарға толы екенін зерттей отырып, мақтаныш сезімін туғызады.
Жобада оқушы тақырыбына сай зерттеу жүргізіп, Елеке сазы обасына бірнеше рет барып, ондағы қазылған археологиялық эккспедицияның жұмысымен танысып, көзбен көріп, бейнекөрініс пен фотосуреттер түсіріп, нақты дәлелдер келтірген.
Біздің заманымызға дейінгі сақ мәдениетінің, арғы ата-бабаларымыздың әдет-ғұрпынан, салт-дәстүрінен және өмір сүру жағдайларынан хабар беретін жәдігерлер тарихын зерттеу, нақты фактілер арқылы дәлелдер келтіріліп, мағұлматтардың берілуі оқушының тыңғылықты даярлығы мен білімінің жетістігі.
Жоба барысында Елеке сазы обасының ұлттық құндылықтарымыздың жалғасын табар мұрасы екендігін анықтай отырып, баяндалуы рухани жаңғырудың бір белгісі ретінде саналса, екінші жағынан алғанда оқушының ғылыми жұмысының негізгі көрсеткіші болып саналады.
Аружан төменгі сыныптардан бастап, жалпы гуманитарлық ғылымдар бағытына деген бейімділігі байқалып, соның ішінде тарих пәнін ерекше қызығушылықпен оқуы өзінің дербес пікірін білдіріп, тұжырым жасауда білім деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Бабалар тарихын, өлке тарихын зерттеуге бағытталған жоба өз мақсаты мен міндетіне жеткен деп қорытындылаймын. Жобада ұсынылған ұсыныстар өте орынды, дұрыс көтерілген. Расында Елеке сазынан табылған жәдігерлер ұлттық құндылықтарымыздың баға жетпес байлығы, қазынасы. Осы аспан асты ашық мұражайға айналып оған көрушілер легі көбейіп жатса нұр үстіне нұр болар еді. Жоба жұмысының тілі жатық, ғылыми тұрғыда баяндалған.
Пікір жазған: тарих пәні мұғалімі Семжанова А.С.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекетіміздің "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында жүргізіліп отырған іс-шараларын қолдау мақсатында туған өлкеміздегі мәдени-тарихи ескерткіштер мен археологиялық қазба барысында табылған рухани қазына жәдігерлер топтамасын бүгінгі заман тұрғысынан зерттеп, көзқарастар туғызып, тұжырымдар жасау және әлем өркениетіне қосар үлесінің маңызын анықтау. Отаншылдық, патриоттық сезімдерімізді арттыру.
Жобаның мақсаты: Өлкеміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне аз да болса үлесімізді қосу, ұлттық рухани мәдениетіміздің асыл құндылықтарын әлемдік өркениетке қосар үлесінің маңызын айғақтау.
Жобаның міндеті:
* Археологиялық қазба негізінде ашылған қоныстардың орнын анықтау;
* Өлкеміздегі тарихи қоныстарды зерттеу;
* Мәдениет ескерткіштерін әлем өркениеті ретінде таныту.
Жобаның құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше тақырыптан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу болжамы: Елеке сазы - өлкеміздегі мәдениет ошағы. Елеке сазының аспан асты мұражайына айналуына жол ашу.
Зерттеу пән: Тарих
Зерттеу құралы: Елеке сазы жері, фотосуреттер, карталар
Зерттеу нысаны: Тарбағатай тауы, Елеке сазы жайлауы
1.1. Сақ мәдениеті
Сақтар - б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия мен Шығыс Түркістанды мекендеді.
Сақтар Қазақстан жеріндегі ең алғашқы тайпалық одақ болып саналды. Олардың қазақ жерін мекендеуі б.з.б. VIII-III ғасырларға тән.
Сақтардың өмір сүру мерзімі қола және ерте темір дәуіріне жатады. Бұл тайпалық одақ туралы деректер бізге грек және парсы авторларының жазбалары арқылы жеткен.
Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар қола дәуірінде ортақ негізде біртұтас мәдениет қалыптастырды. Солардың бірегейі Сақ мәдениеті.
Сақ мәдениеті - ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған ескерткіштер жиынтығы. Қазақстандағы Сақ мәдениетін зерттеу 1930 жылдың соңында басталғанымен, іс жүзінде 1946 жылы ғана толықтай қолға алынды. Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда, Жетісу мен Сырдария маңында Сақ мәдениеті ескерткіштері мен қорымдар, ғұрыптық орындар ашылған. Жетісудағы Есік, Бесшатыр обалары, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің орындары мен обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың ерекше ескерткіштері ретінде белгілі.
Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан. Олардың жерлеу ғұрыптары, материалдық мәдениетіндегі ерекшеліктеріне қарай өзара жақындықтары зерттеу барысында анықтала бастады.
1.2. Алтын адам
Алтын адам - Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық қазба. Бұл табылған қазбалар бүкіл әлемде қазақтың атын аспандатып, рухын асырған, бар елді шаттандырған керемет тосын жаңалық - көрермен көзайымы, ұлт мақтанышы. Есік қорғанынан 1970-жылдары табылған Алтын адам Қазақстанның символына айналды.
Қазіргі таңда Қазақстан аумағынан табылған алтын адамдар саны 10-ға жуық. Солардың ішінен бізге белгілісі 1969 жылы К.Ақышев тапқан Есік қорғанындағы алтын адам, 2003 жылы Ә.Төлеубаев тапқан Шілікті алтын адамы және 2019 жылы З.Самашевтің жетекшілігімен табылған Елеке сазы алтын адамы.
Алтын адам - өз дәуірінің мәдениетінен сыр шертіп қана қоймай, қазақтың атын әлемге танытуда да үлкен маңызға ие. Өткен заманның өркениеті мен өнерін әлем жұртышылығына көрсетудегі басты құрал.
Есік қорғаны мен Елеке сазы қорымы алтын адамдарына ортақ бір ерекшелік, олардың бізге тоналмай жеткені. Осы тоналмаған екінші Алтын адам менің туған жерім Тарбағатай жерінен табылып отыр.
2. Негізгі бөлім
2.1. Тарбағатай қойнауы
Тарбағатай - Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Қытай аумағындағы орташа биік тау. Тарбағатай тауы Аягөз өзенінен Хабар асуына дейін 180 шақырымға дейін созылып жатыр . Ең биік жері - Тастау шыңы(2992 м). Ірі өзендері болмаса да, Аягөз салалары және Үржар өзені ағады. Қалған кішігірім өзендері бастауын бұлақтан алып, төменгі етектегі құмдықтарға сіңіп кетеді. Тау Алтай мен Жетісу Алатауының аралығында орналасқандықтан, табиғаты екеуіне де ұқсас болып келеді. Таудың 80% -ға жуығы ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Жері ылғалды болғандықтан, суармай-ақ астық пен бау-бақша егіледі. Жоғарғы жағындағы шалғынды жерлерде мал жайылады.
Тарбағатай тауы алғашында "Барқыт бел" деп аталған. 1207 жылы Шыңғыс хан жаулап алып, Зайсан көлі мен Тарбағатай және Жетісу аралығы Шыңғыс ханның үшінші ұлы Үгедей ұлысына енеді. Суырдың шыңғырған дауысы осында мекендеген моңғолдарға маза бермегесін, сондай-ақ олар суыр терісінен бөрік кигендігінен "Суырлы тау" аталып кеткен. "Тарбағатай сөзі моңғол тілінен аударғанда "тарбы-суыр, тай-тау" деген мағынаны береді.
Ежелгі қыпшақтар оны "Көгілдір тау" атаған деген деректер де бар. Алыстан қарағанда жолбарыс жонындай болып жататын тау батысында Алакөл, шығысында Сауыр-Сайқанға дейін созылып жатыр. Жалпы ұзындығы 300-350 шақырым болады.
Суырлы таудың орманы мен сарқырап аққан өзендері, жортқан аң-құсы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz