Ежелгі грек этикада жаратылыстанушылар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министірлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

„Экономика және басқару”

РЕФЕРАТ

Орындаған:Нұржау Дильназ

Қабылдаған:Шахисламова Гүлсара

Тақырыбы:Этиканың пайда болуы және тарихи дамуы

04. 11. 2022

Жоспар: Кіріспе3 1. Негізгі бөлім 1. 1. Этика оның пәні, түрі құрылымы4

1. 2. Этиканың пайда болу тарихы. 5

2. Негізгі бөлім(2)

2. 1. Ежелгі Шығыс этикасы. 6

2. 3. Әлеуметтік жұмыстағы кәсіби этика. . 9

Кіріспе

Құндылық мәселелері жөнінде ойымыздың бір жерден шыға бермитіні анық. Біржынысты неке заңдастырылуы тиіс пе? Әйелдерге түсік жасату еркіндігін беру керек пе? Марихуана сияқты есірткілерді заңдастырған дұрыс па? Ақпарат алу үшін лаңкестерді азаптауға бола ма?Жануарларды азық ретінде немесе медециналық эксперементтерге пайдалануға бола ма? Әлбетте, мұндай сұрақтар ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін талқылағанда түрлі пікір тудырады.

Этика сөзінің этимологиясына үңілсек, бұл грек тіліндегі «әдет», «ғұрып», «мінез» дегенді білдіретін сөзден шыққан термин. Этика - мораль, адамгершілік, ізгілік сияқты дүниелерді зерттеп, адамдардың қоғамда бірігіп өмір сүруін қамтамасыз ететін өзара әрекеттесу принциптері мен механизмдерін зерделейтін философиялық пән. Зерттеудің ерекше саласын білдіретін термин ретінде бұл сөзді алғаш Аристотель қолданған деп саналады.

Бұл терминнің ғылыми, философиялық теориясына кіріспес бұрын, оны біршама қолданбалы мағынада сипаттап берсек, бұл тұжырымдаманы ұғыну біраз жеңілдеу болар. Ең қарапайым бір мысал: қоғамдағы күнделікті орын алып жатқан түрлі іс-әрекет, мінез-құлықтарды саралай отырып, біз дәрігер, журналист, заңгер, кәсіпкер, саясаткер немесе мұғалім сияқты кейбір кәсіпқой адамдардың мінез-құлқы немесе іс- әрекеті жайлы сөз қозғап жатамыз. Осыған орай біз медициналық этика, журналистік этика, құқықтық этика, кәсіпкерлік этика, саяси қайраткерлердің кәсіби этикасы және педагогикалық этика деген ұғымдарды келтіреміз. Этиканы заңмен шатастырып алуға болады, дегенмен, көптеген заңдардың түп-тамыры осы этикалық принциптерден бастау алып жатады.

Әйткенмен, заңнан бір өзгешелігі - үкімет немесе қоғам бір де бір адамды этикалық нормаларды қатаң сақтауға мәжбүрлей алмайды, әрі оны осы ережелерді бұзғаны үшін ешбір жазаға тарта алмайды (әлбетте, егер заң этикаға қатысты мәселелер бойынша ешбір қаулы қолданбайтын болса) .

Әрине, этика тек кәсіби салада ғана қолданылып қоймайды, оның арнасы адам өмірінің барлық тармақтары мен салаларына тарқатылады. Дегенмен, әрбір адам өз кәсібінің аясында өзін қалай ұстауы тиіс екендігін нұсқау ететін кәсіби этика кодекстері бар.

Ендігі жерде жиі көтерілетін сұрақтардың бірін атайық: бұл - этика мен моральдың айырмашылығы. Этика мен мораль өзара байланысты, бірақ олар екі түрлі. Мораль нормаларға, дәстүрлерге немесе мәдени, иерархиялық және діни тәртіптерге бағынуға негізделген. Ал, этика болса, өз кезегінде, өмір салтын адами көзқараспен негіздеуге талпынады.

Философияда этика, әдетте, дәстүр немесе әдет ретінде ұғынылатын моральмен шектеліп қана қоймай, өмірдің ең үздік үлгісін сүруге немесе асқақ мұраттарға ұмтылудың ең үздік жолдарын іздеудің теориялық тұжырымдарын іздейді.

Этика антропология, психология, әлеуметтану, экономика, экология, педагогика, саясат, тіпті, дене шынықтыру мәдениеті және т. б. салаларды қамтиды.

Мысалы, күнделікті өмірде естіп жүрген кәсіби этика туралы бірер ауыз сөз айтсақ. Бұл термин белгілі бір әлеуметтік топтағы адамдардың мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығын немесе еңбек іс-әрекетіндегі кәсіби моральдық нормалардың жүйесін білдіреді. Ол осындай ара-қатынастардағы адамгершілік ұстанымды қарастырады. Демек, адамның кәсіби қызметіндегі жауапкершілігіне, яғни оның кәсіби міндеттері мен қызметтік борыштарына деген көзқарасын сипаттайды.

Этика - философияның бір тармағы. Сондай-ақ, ол моральдық философия деп аталады. Жалпы, философия дегеніміз - біздің адам өмірінің негізгі салалары немесе мәні туралы және тәжірибенің жан- жақты және маңызды қырлары туралы негізгі сауалдарды көтеріп, оларға жауап беруге талпынысымыздың аясын қамтитын пән немесе зерттеу. Платон мен Кант сияқты кейбір философтар өздерінің көптеген салалардағы философиялық көзқарастарын байланыстыра отырып, мұны жүйелі түрде орындауға ұмтылды. Альфред Норт Уайтхедтың айтуынша, «Философия дегеніміз - біздің тәжірибеміздің әрбір элементін оның терминдерімен түсіндіруге болатын жалпылама идеялардың біртұтас, қисынды, қажетті жүйесін құру талпынысы».

Кейбір қазіргі заманғы философтар жалпы идеялар жүйесін құру мақсатынан бас тартып, оның орнына мәселелерді жекелеп, әр жолы нақты бір проблемаға назар аудара отырып, жұмыс жасауымыз қажет деп сендіреді. Мысалы, кейбір философтар «білу» сөзінің мәнін талдаса, басқалары өтірік айту моралімен айналысады. Этика мақсаттарының бірі - ненің жақсы немесе жаман, ненің жақсырақ немесе жамандау екенін шешіп алуымызға көмектесу. Әдетте, бұл нормативті этика деп аталады. Нормативті этика ненің жақсы, дұрыс.

Аристотель этика(<ethos>) сөзінің негізінде <ethicos>. яғни эткалық деген мағынаны білдіретін анықтауыш сөз қалыптастырды. Бұл ұғыммен ол әділдік, батылдық, мейірімділік, жұмсақтық, жомарттық, достық, сыпайылық және шындықты қамтитын рухани қасиеттердің жиынтығын түсіндіріп көрсетті. Этикалық ізденістерді, сондай-ақ ізгі істерді зерттейтін ғылым <Аристотельдің этикасы > деп аталды. Осылайша, б. д. б. IV ғасырда пайда болған этикалық ғылымның <этика> атауы осы осы күнге дейін келіп жетті. Грек тіліндегі <этос> сөзінің латынша аналогы <moris > (морис) -ұстаным, әдет-ғұрып, мінез-құлық деп аударылады. Цицерон Аристотельдің тәжірибесіне сүйене отырып, moralis (моральдық) деген анықтауыш сөз қалыптастырды.

Осы анықтауыш сөзден кейінірек <мораль> деген зат есім пайда болдып, ол мағынасы жағынан <этика> терминіне сәйкес келді. Осылайша этимологиялық мағынасы жағынан гректің <этика> және латын тілінің мораль сөздері бір-біріне балама болып табылады. Кейінірек орыс тілінде <нравственность> (адамгершілік) сөзі пайда болды, оның мағынасы гректің <этика> және латтынң <мораль> сөзімен сәйкес келеді. Осы уақытқа дейін <этика> және <мораль> терминдері бір-бірінің орына ауызекі тілде қолданыла береді.

Этика-философиялық категория. Ол педагогика,, психология, философия және жаң ережелерімен сабақтас. Ол теориялық тұрғыдан қарағанда заң ережелерден тұратын құрылым, қоғамның, жалпы бүкіл адамзаттың дамуының қозғаушы күші.

Этика білімінің обьектісі-мораль оның дамуы, қоғамдағы нормалар мен рөлі. Этика адам өмірінде күнделікті кездесетін мораль мен таным сұрақтарын шығармашылық деңгейде шешуге бағытталған. Stud. kz

Начало формы

Конец формы

ЕжелгіШығыс философиясының көне түрі үнді этикасы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б. э. д 7 - 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 - кастаға бөлінді.
Әскери (кшатрий)
Абыздар. (брахмандар)
Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер)
Төменгі каста (шудралар)
Шудралар - теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік құрып кетті.
Джайнизм - этикалық ілім. Оның негізгі - адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм - материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Жанның басты белгісі, джайнизм бойынша - сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң.

Ежелгі Қытай этикасы біздің заманымыздан бұрын пайда болды, ол идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерваторлық және прогресшілдік, бірі - мистикалы, екіншісі - атеистік бағыттар. Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам - Конфуций (б. з. д. 551-479ж) . Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір - тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:
Бос қиялға салынбау.
Мен білемін дегендіктен аулақ болу.
Қасарыстық көрсетпеу
Өзінің жеке басы жайлы ойламау.
Мо - Цзы (б. з. б. 479-400ж) философиясы пайда болды. Ол күні бұрын белгіленетін өмір жоқ, әрбір адам тағдыры оның іс -- әрекетінен, жаппай сүйіспеншілігінен туындайды, деді. Біздің барлық біліміміз екі нәрсеге - сезімге (у - лу) және ойлауға (син) байланысты дейді.
Идеализм мен мистикағарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Дао - Цзы (4 - 5ғ. ) ілімі дүниеге келді. Дао - мәнінде, мәнсіз, түссіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын - Көк Аспан емес, Дао. "Дао - заттардың табиғи өну, өсу, өшу, ол цзы субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, -- деді - Бүкіл әлем сол заңға бағынады". Лао - Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы қажет.
Лао Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол керітартпа рөл атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан, ілгері ж. руді жақтайды, дамуды қолдайды
Сөйтіп, Шығыс этикасы жағында қорытып айтқанда мына мәселелерге тоқталған жөн: алғашқы Қытай этикасы Конфуций мен Дао, данышпан бастаушысы Лао - Цзы төңірегінде топталды.
Европалық этиканың дамуы ежелгі Грециямен байланысты. Антикалық этика б. з. д. 5 - 6 ғасырларда қалыптасты. Алғашқы ойшылдардың көтерген проблемалары қоршаған ортаны, өсімдік, жер, күн, жұлдыз.
Ежелгі грек этикада "жаратылыстанушылар. Грек этикасының ерекшелігі табиғат, әлем, космос мәнін бірлігін түсіну. Алғашқы грек философтарын физиктер деп атаған. Грек этикасының негізгі сұрағы. Дүниенің бастауы неде? Егер мифологияда бұл сұрақ шешілсе (дүниені құдай жаратты) ал философтар супстанционалдық бастауы яғни дүние неден пайда болды, неге пайда болды? Деген сұраққа жауап іздеді. Грек этикасының негізін қалаушы Фалес әр түрлі заттар мен табиғат құбылыстарының мәңгі бастауы - су, сол сияқты Анаксимет дүниенің алғашқы кірпіші ауа деді. Анаксимандр апейрон туралы пікірі материяны философиялық тұрғыдан қазіргі пайымдауға жақын келеді. Апейрон шексіз деген сөз.
Қазақ этикасы - қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін, моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. «Этика» термині ежелгі грек тілінде «бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы» дегенді білдіреді, кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие болды. «Әдеп» термині түрік халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген. Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып жүр. Қазақ этикасы туралы басылымдарда «әдеп», «ақылақ», «мораль» «адамгершілік» сияқты ұғымдар қолданыла береді және оларға әртүрлі анықтамалар беріледі. Кейде бұл терминдер бірге өмір сүру барысында қалыптасқан мінез-

құлық, іс-әрекет ұқсастықтарын білдіретін әдет-ғұрып деген мағынаға ие болған.

Егер біз этиканы рационалды пайымдалған моральмен байланыстырсақ, онда төмендегі қағидаларды айқындау мүмкіндігі бар және олар әдептің реттеушілік табиғатына қатысты. Этика үшін жақсылық ұғымы оның басты ұғымы болды және бола береді, оның басты мақсаты - адам өміріндегі қайырымдылық пен зұлымдықтың қайнар көзі мен табиғатын, себептері мен тетіктерін анықтау. Этика мәдениет жүйесіне оның рационалдық-логикалық бастамасы ретінде адамның өмірдегі әдептік-адамгершілік көріністерін рационалды ойлау тіліне аударуы арқылы енеді. Этика - ғылымның маңызды саласы, әдеп - қоғамдық алғышарттардың саласы, адамгершілік - адамның ар-ұяты арқылы жеткен ішкі тұрақтандыру саласы. Этика практикалық философия ретінде, адам өмірінің күнделікті қажеттіліктерін бағдарлайтын ғылым ретінде туындайды. Әдеп, адамгершілік дегеніміздің өзі не?

Әдеп - этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана-сезімнің

формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым-қатынастардың түрі. Адамгершілік - жеке тұлғаның ізгілік еркіндігінің, оның және жалпы қоғамдық талаптардың ішкі себептермен үйлесуінің қайырымдылыққа ұласатын адамның шығармашылығы бағытының саласы.

Басты ұғымдарымызды зерделеп өткен соң, қазақ әдеп жүйесінің ерекшеліктеріне назар аударайық. Біріншіден, назарға ілінетіні қазақ тіліндегі әдептік бастаулардың басымдылығы. «Адам әдебімен көрікті» дейді қазақ. Зерттеушілер де этиканың қазақ болмысындағы шешуші рөліне назар аударады. Мысалы, «Мәдениеттану» (Алматы:

Раритет, 2007) оқулығының авторлары, егер Батыста рационалды

ғылым, Шығыста - жантану өрістесе, онда қазақ сахарасында «адам болу» ұстанымы алдағы қатарға шықты дейді.

Екіншіден, қазақы бірегейленуде синкретизм анық байқалады.

Бұл әдеп пен құқыққа да қатысты. Екеуі де күнделікті әдеттің реттеу тетіктері деп түсіндіріледі. Мәселен, имандылық пен имансыздық, ар мен ұят, обал мен сауап, жақсылық пен жамандық, кие мен кесір, құт пен бақыт т. б. олардың төл тіліміздегі іргелі атаулары. Имандылық қасиет, әділетті істер адамдардың күнделікті өмір тіршілігінде тұрақтап, олар қалыпты іс-әрекетке айналғанда, әдет деп аталады. Әдет - адамның қажеттілігіне айналып қалыптасып кеткен тұрақты қасиеті. «Халықта ауру қалса да, әдет қалмайды» деген мәтел осы жәйттің мәнін айқындай түседі. Жағымды әдет адамның бар күш- жігерін пайдалы істерді тындыруға көмектеседі. Ал жағымсыз әдет, керісінше, адамның іс-әрекетіне, мінез-құлқына нұқсан келтіреді.

Әдет адамның іс-әрекет түрлеріне орай, жан қуаттарының ерекшеліктеріне қарай бірнеше салаға бөлінеді. Мысалы, тазалық сақтау, ұқыптылық, орнымен сөйлеу, адамгершілік, кішіпейілділік сияқты қасиеттер адам бойындағы жағымды әдеттерді қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Мәдениеттің өзегін салт-дәстүр, әдет-ғұрып құрастырады. Егер соқыр сезім (инстинкт) жануар-тіршілігіне қалай әсер етсе, салт- дәстүр де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл- ойына сондай әсер етті. Алғашқы рулық қоғамдағы әдеп көріністері: «қанға қан, жанға жан», кек алу, яғни, түйсіктердің ақылдан жоғары тұруы, жеке бас бостандығының рулық мүдделермен тежелуі, құн төлеу, т. б. осындай жәйттерден байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этиканың құрылымы
Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
Грек философиясының негізгі сұрағы
Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігі
Этика ұғымы және оның заты туралы
Корпоративтік этиканың кәсіпорында пайда болуы
Этика
Этика терминінің мәні мен мазмұны туралы
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие, оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz