Еңбек физиологиясы


«Қалыпты және патологиялық физиология» кафедрасы
Реферат
Тақырып: Еңбек физиологиясының негізі, дене еңбегімен ой еңбегінің ерекшеліктері.
Студент:Мамедалиева Р
Группа: В-ЖМҚБ-08-22
Қабылдаған: Сейдакбар А. Ү.
Shymkent, 2023
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Еңбек физиологиясы
Дене еңбегінің физиологиялық ерекшеліктері
Гиподинамия
Ой еңбегі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тірі организм сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне үнемі бейімделуі арқылы дамиды және жоғары сатыға көтеріледі. Ал бұл мінездің басты себепкерлігі (детерминантты) организмнің өз белсенділігінен туады. Мінез белсенділігін мұқтаждық ұйымдастырады. Мұқтаждық дегеніміз әрбір кезде пайда болатын және мақсатты мінез арқылы жойылатын организмнің маңызды қажеттілігі.
Адамдарда байқалатын мұқтаждықты тіршіліктік, әлеуметтік және мұратты мақсаттарға сәйкес үш топқа бөледі. Тіршіліктік мақсаттар тағамдық, жыныстық, қорғаныс іс - әрекеттерімен қанағаттандырылады. Әлеуметтік мақсаттарға адамның еңбектену, білім алу, спорт, мақсаттар таным және шығармашылық мұқтаждықтарынан тұрады. Оның негізін бағдарлау - зерттеу құрайды.
Адамның мәдени және тарихи дамуы, аталған мақсаттарға жету үшін, бірнеше өндірістік қажеттілікті тудырады. Олар еңбек арқылы жүзеге асырылады.
Еңбек адам организмін қалыптастыруда жетекші қызмет атқарады.
Ф. Энгельстің айтуынша, еңбектің арқасында қол және сөйлеу мұшелерінің әрекеті мүлдем жетілді. Онымен қатар ми, талдағыштар жүйесі дамыды және психика қалыптасты. Сондықтан адамның түйсігі және ұғынуы кеңейді, еңбек қимылдары еріксіз атқарылатын болды.
Еңбек - адамның өз мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жасайтын мақсатты іс - әрекеті. Ол қағаммен тығыз байланысты әлеметтік санат. Өйткені еңбек адам тіршілігінің және тұрмыс қалыпының қажетті шарты болып саналады.
Дене еңбегі
Еңбектің барлық түрі адамның қозғалыс іс - әрекеті арқылы атқарылады. Сондықтан адам организмі қоршаған ортаға бейімделеді және оны жете меңгереді.
Дене еңбектерінде ең әуелі бұлшықет жүйесі белсендіріледі, оны вегетативтік жабдықтау (зат алмасу, қан айналымы, тыныс алу) қамтамасыз етеді. Негізінен жұмыс арекетіне тікелей үш әрекеттік жүйе: қозғалыс, талдағыш және ақыл-ой қатысады. Өйткені сыртқы мәліметтер сезім жүйесі арқылы қабылданады да, мида өңделеді, сөйтіп жауапты қимыл әсерленісі ұйымдастырылады. Жұмыстың барлық түрі қозғалыс аппаратымен атқарылады. Физиологияда қозғалыс аппараты деп кеңістікте тұлға орнын ауыстыруды және сыртқы нәрселерге белсенді қимыл жасауды камтамасыз ететін мүшелер мен тканьдер жиынтығын айтады. Қозғалыс аппаратына бұлшықеттер, оларды жиырылатын мотонейрондар және каңқа кіреді. Сондықтан өндірістік еңбекті жоғары деңгейде өткізу үшін, еттің маңызды физиологиялық қасиеттерін, оның күші мен жылдамдылығын ескеру қажет. Еттердің жиырылуына орташа жүктеме мөлшер
Ой еңбегі
Ғылыми-техникалық дамудың салдарынан ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың саны кебеюде. Сонымен қатар көптеген дене еңбегі бар кәсіптерде де ой әрекетінің үлесі артуда. Ой еңбегінің қатарына ақпаратты қабылдайтын және өңдейтін сезім жүйесі, ықылас, зерде, ойлауды және эмоциялық күйді айырықша ынталандыратын жұмыстар жатады.
Қазіргі көптеген кәсіптер жылдам қаркынды, әртүрлі және мол ақпараттарға қысқа мерзімде тиесі шешімді тез қабылдауды талап етеді. Осының бәрі шамадан тыс зорлану тудырады, сөйтіп журек-тамыр және жүйке ауруларына жиі шалдықтырады.
Бүгінгі өндірістерде ой еңбегінің мынадай топтары жіктеледі. операторлық, басқару (мекеме басшылары, мұғалімдер, оқытушылар), шығармашылық (ғылыми қызметкерлер, сәулетшілер, жазушылар, артистер, суретшілер т. б. ), медицина қызметкерлерінің және оқушылар мен студенттердің еңбегі.
Еңбек физиологиясында жұмысқа қабілеттілік өте маңызды орын алады. Жұмыскерлік деп адамның нақтылы жұмысты белгіленген мерзімде жеткілікті нәтижемен орындай алатын пәрменді мүмкіндіктерін айтады. Өндіріс жағдайында жұмыскерлік әртүрлі түрткілердің ықпалынан смена (ауысым) кезінде жиі өзгереді. Сондықтан жұмыскерлікті бірнеше кезеңге бөледі. Бірінші кезең - іске қосылу. Бұл кезенде шартты тітіркендірудің әсерінен ОЖЖ-нің белсенділігі артады, зат алмасу деңгейі көбейеді, қан айналысы күшейеді. Сөйтіп жұмыскерлік көтеріледі. Бұл әртүрлі психофизиологиялық әрекеттердің біртіндеп қосылуынан, организмнің, көптеген жүйелердің осы реттеуші әрекетінен пайда болады.
Екінші кезең - тиянақты жұмыскерлікті көрсетеді. Бұл кезедде ОЖЖ қолайлы қызмет атқарады. Ал еңбек нәтижесі ете жоғары болады.
Үшінші - қажу кезеңі - мұнда жұмыскерлік төмендейді. Төртінші кезеңде жұмыскерлік қайта көтеріледі. Оның негізін жұмыс аяқталуы мен кезекті демалысқа байланысты, шартты рефлекстер жасайды. Жұмыскерлікке жұмыс істейтін ортаның жағдайлары әсер етеді.
Жұмыскерлікті көтеру және қозғалыс дағдыларын қалыптастыру үшін, үнемі машықтанудың (тренировка) мәні ете зор. Өйткені жаттығулар адам организмі қызметін тереңірек кайта құрады. Машықтану кезінде организм жұмыскерлігінің дамуы және оның жоғары сатыға көтерілуі әртурлі болады. Бұлшықеттер жұмысы энергия шығынын көбейтеді. Мәселен, бұлшықеттің 70-90%-і қатысатын ауыр жүмыстарда энергия шығыны 12-20 кДж/м, ал 30--60%-і қатысатын жеңіл және орташа жұмыстарда 8-12 кДж/м-ге тең келеді. Энергия шығыны «отырып» істейтін жұмыстарда (бұлшықеттің 5-15%-де шамамен 1-4 кДж/м)
Гиподинамия
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz