Жастар практикасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Реферат

Тақырып:"Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасының 2015-2020 жж. Нәтижелері

Пәні: Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және реттеу

Қабылдаған: Шайхисламова Гульсара

Дайындаған: Аралбайұлы Нұрталап

Оқу тобы: СР-20-3

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Теориялық бөлім

1. 1. Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуы

1. 2. Қазақстандағы еңбекпен қамту саласындағы реформалар

2. Зерттеу бөлімі

2. 1. Қазақстан халқын жұмыспен қамту - 2020. 2015-2020 нәтижелері

2. 2. Жастар практикасы

3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы болып табылады.

Тақырыпты мақсаты: Бұл бағдарламаның мақсаты - жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру. Нәтижелі жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және адами капиталға ұзақ мерзімді инвестициялау арқылы жастардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету туу көрсеткішін ынталандырады және демографиялық дағдарыстың алдын алады.

Тақырыптың міндеттері: Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен нәтижелі қамтылуға тарту;

Қазіргі кездегі жұмыссыз азаматтардың басым көпшілігі жастар болып саналады. Ал жастарды жұмыспен қамту саясатының негізгі жағдайы мен болашағын нақтылау мәселесі мемлекеттің басты міндетті болып саналады.

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту;

Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.

Тақырыпты зерттеуде қолданылатын әдістер: Қазақстанда халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат тақырыбын зерттеу. 2017-2019 жылдар жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша SWOT талдау жасалынады

1. Теориялық бөлім

1. 1. Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуы

Еңбек - ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Еңбек нарығы әр кезде де маңызды болып келген, себебі қоғам өз дамуы кезінде жұмысшы күшін қолданған. Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек - жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну - тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады.

Қазақстан экономикасының қарыштап дамуы қоғамдағы еңбек нарығының да қозғаушы күшіне айналғандығын заңды құбылыс ретінде қабылдауымыз керек. Өйткені экономикалық өсім өз кезегінде өндірістің өркендеуіне жол ашып отырады. Ал, ел көлеміндегі өндіріс орындарының толық қуатында іске қосылуы халықты еңбекпен қамтудағы негізгі сипатқа ие болмақ.

1. 2. Қазақстандағы еңбекпен қамту саласындағы реформалар

Қазіргі уақытта әлемдік дағдарыстардың кесірі Қазақстанға да өз кері әсерін тигізіп жатыр. Жұмыссыздық барлық мемлекетте өзіндік орнын алып жатыр. Жалпы алғанда, мемлекетіміз әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жолында көптеген реформалар жүзеге асырып жатыр. Осыған қарағанда, Қазақстанда еңбек нарығын дамыту және оны бірінші орында қарастыру маңызды болып отыр. Қазақстандағы еңбек нарығын қалыптастыру жолында 5 кезеңді атап өтуіміз керек:

1. Тәуелсіздік алу жылдарында (1990-1991жж) кәсіпкерлік қызметті дамыту барысындағы заңдардың қабылдануы;

2. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тұрақсыздықтың кесірінен жұмыс күшінің әлсіреуі (1992-1995жж) ;

3. 1996-1998 жж Жекешелендіру жылдары артық жұмыс күшінің көп болуына орай жұмыссыз адамдардың көбеюі және мемлекеттің осы жағдайға қарсы тұру мақсатында жұмыссыздарды ынталандырумен қатар оларға қосымша білім беруді жоспарға қоюы;

4. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңының негізінде еңбек нарығының реттелуі;

5. Экономикалық сұрақтарға жауап беретін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі негізінде еңбек нарығын реттеу.

2. Зерттеу бөлімі

2. 1. Қазақстан халқын жұмыспен қамту - 2020

Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлттың көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында он негізгі бағытты жүзеге асыру бойынша кешенді міндеттер қойды, бұл экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.

2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын жүзеге асыру ең бірінші және маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Оқыту және жұмысқа орналастыруға ықпал етудің тиімді жүйесін құру;
  • Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
  • Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Бірінші бағыт: оқыту және жұмысқа орналастыру.

Бұл бағыттың аясында өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған халықтың ішінен Бағдарламаның қатысушыларына мемлекеттік қолдаудың келесі түрлері көрсетіледі:

  • жәрдемақы төлеумен біліктілікті арттыру, кәсіптік дайындау және қайта даярлау (бұдан әрі - кәсіптік оқыту) курстарында оқытудың мүмкіндігін ұсынады;
  • лайықты бос жұмыс орындарын іздестіру және жұмысқа орналастыруға ықпал ету, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына;
  • жастар іс-тәжірибесіне жолданған қатысушылардың еңбек төлемдері.

Екінші бағыт: ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу (микрокредит беру) .

Бағдарламаның бұл бағытында ауыл кәсіпкерлері және өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған халықтың ішінен өз ісін ұйымдастыруды қалайтын және мүмкіндігі бар тұлғалар қатыса алады.

Бұл бағыттың аясында мемлекеттік қолдаудың келесі түрлері көрсетілетін болады:

  • микрокредиттер беру;
  • инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
  • консультативтік қызметтерді ұсыну;
  • кәсіпкерлік негіздерін оқыту;
  • несие беру мерзімі - 5 жылдан кем емес;
  • несиенің ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды.

Үшінші бағыт: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Бұл бағыт Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейді. Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленетін болады.

Үшінші бағытқа қатысушыларды мемлекеттік қолдау:

  • көшуге субсидия беру;
  • кәсіптік дайындау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқыту, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
  • жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына қызметтік тұрғын үйлер беру.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тұрғындарды жұмыспен қамту үшін белсенді шаралар атқаруда.

2015 жылдың басынан бастап, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында 82 мың адам жұмысқа орнылыстырылған, олардың 63-і тұрақты жұмыс орнын тапты. Уақытша жұмысқа 18, 8 мың адам орналастырылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша, 2015 жылы 513 жоба жүзеге асырыла бастады, олардың 151-і осы уақытта аяқталды, 6, 6 мың адам жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша, кәсіпкерлік негіздеріне 2, 2 мың адам үйренді. Олардың 2063 адамы 4, 8 миллиард теңгеге несие алды. Олардың расында 1 мың 377 азамат алғаш рет кәсіпкерлікке бел буып отыр. Тағы 911 адам қайтарылмалы шағын несие алып, қосымша 2, 5 мың жұмыс орны ашылды.

Үшінші бағыт бойынша, кәсіби білім берумен 13, 8 мың адам қамтылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 8, 2 адам тұрды. Жастар тәжірибесіне 7, 7 мың адам тартылып, 40 мың адам мемлекеттік қолдау шаралары пайдаланылмастан жұмысқа тұрды. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

1-кесте. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары көрсетілген

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары (мың адам)

2015 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында шағын несие үшін 421, 3 млн. теңге бөлінген. Осы кезде 180 адам 370 млн. теңге көлемінде несие алып үлгерген. Олардың арасында 108 адам өз істерін ашты. Өз ісін ашқан азаматтарға жұмыспен қамту орталықтары арқылы 242 адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметтерінше, "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" аясында 17 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін 575 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде 229 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Осы кезде 200 адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы 16 жобаны жүзеге асыру басталып кеті.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында өңірде 2 мың 147 адам оқытылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 340 адам орташа айлық жалақыға жұмысқа орналастырылған. Жастар тәжірибесіне 519 адам жолданды.

Осы бағыттағы шаралардың нәтижесінде Қызылорда облысында 2015 жылдың екігші жартысында жұмыссыздар саны 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0, 2 пайызға кеміді.

1-кесте. 2017-2019 жылдары Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қаржыландыруы.

2017-2019 жылдары Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын қаржыландыру (млрд. теңге)

Жылдар бойынша бағыттар бөлінісінде

3. Қорытынды

3. Қорытынды

2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл

20

3-кесте. 2017-2019 жылдары Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен қамту

31, 7% - наемные работники

2017-2019 жылдары Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен қамту (мың адам)

2. 2. Жастар практикасы

Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады. Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған. Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады. Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.

Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді. Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган: 1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады; 2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайын және еңбегіне ақы төлеу мен қаржыландыру көздерін айқындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нархоз университетінің тарихи қалыптасуы
Тәжірибесіз жастар жұмыссыз жүр
Жастардың әлеуметтік құрылымдағы рөлі
Қазақстандағы жұмыспен қамту саясаты
Жұмыспен қамту саясаты және бағдарлама Жұмыспен қамту
Жас отбасы жайлы
ҚР – да тұрғындарды жұмыспен қамту
Биліктің ауыспалылығы
Әлеуметтік жаңғырту - қоғамның әл-ауқат тірегі
ЕРІКТІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫ - АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz