Қазақстан астаналарының тарихи кезеңдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АҚСУАТ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
Тоғас батыр атындағы орта мектебі КММ
Авторы 10 сынып оқушысы
Жұмағазы Шынасыл
Ғылыми жоба тақырыбы:
АСТАНАЛАР ТАРИХЫ - ЕЛ ТАҒДЫРЫ
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар
Секциясы: Тарих
Жетекші:
Тарих пәнінің мұғалімі:
Казыкенова А.Д.
Ғылыми жетекші: КеАҚ Шәкәрім атындағы Семей университетінің тарих және құқық кафедрасының
аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты:
Ахметова Р.Д.
2022 жыл
Мазмұны:
ЭССЕ------------------------------- ----------------------------------- ----------------- 3
АҢДАТПА---------------------------- ----------------------------------- -------------- 4
ANNOTATION------------------------- ----------------------------------- ------------ 5
ЖОБА ЖЕТЕКШІСІНІҢ ПІКІРІ----------------------------- ---------------------- 6
І. КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ---------------- 7
1. АСТАНАЛАР ТАРИХЫ - ЕЛ ТАҒДЫРЫ ----------------------------------- - 9
1.1. Қазақ астаналарының түп тамыры ----------------------------------- -------- 9
1.2. Қазақстан астаналарының тарихи кезеңдері-------------------------- ------ 11
2. АСТАНАЛАРДЫ АУЫСТЫРУ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ --------------------- 14
2.1. Орынбор,Қызылорда - Қазақ автономиясының астанасы --------------- 14
2.2. Алаштың қарашаңырағы - Алматы ----------------------------------- ------- 18
2.3. Аңыздан - ақиқатқа ----------------------------------- -------------------------- 20
ҚОРЫТЫНДЫ ----------------------------------- ---------------------------------- 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ----------------------------------- --- 26
ҚОСЫМША ----------------------------------- ------------------------------------ --- 27
ЭССЕ
Aстана - мемлекеттіліктің символы. Ел тарихында маңызды орынға ие. Өткен астаналар тарихын білу - бүгінгінің қадіріне жету деген сөз. Өйткені бүгінгі Aстананың тағдыры кешегі астаналар тарихымен астасып, сабақтасып жатыр. Қазақтың қай астанасын алмаңыз, әрқайсысының ұлттың өсуіне, мемлекеттіліктің орнығуына тигізген ықпалы зор. Астана таңдауда әр заманның өз талабы болды. Кешегі астаналардың әрқайсысының өзіндік тарихи орны бар. Бүгінгі Астана кешегі астаналарға қарап, тарихи тамырластық арқылы бой түзейді, болашаққа бағдар алады.
Қазақтың астаналарын түгендеу тарихи жадын жаңартумен бірдей. Өйткені қазақтың қай астанасы да саяси әкімшілік орталық болып қана қойған жоқ, ұлттың рухын айбындатып, ұлттық мақсат-мүддені айқындайтын киелі мекен болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты қазақ халқының мәңгілік ел болу жолында өз астаналарын құрып, нығайтудағы еңбектеріне жан-жақты зерттеу жүргізу, тарихи деректерге сүйене отырып, олардың ел бірлігін, ынтымақтастығын сақтап қалудағы өзіндік орнын, астана құрудағы ел азаматтарының ерен еңбектеріне баға беру. Қазақстан астаналарының құрылу кезеңдеріне сипаттама жасау, Ондағы қоғам қайраткерлерінің өмір жолы, ерен еңбектері туралы тарихи-танымдық көзқарастарға талдау жүргізу.
Жобаның нәтижесінде тұтас дәуірлердегі яғни түркілік кезең, қазақ хандығы, кеңес дәуірі және тәуелсіздік жылдары ел тарихында маңызды орын алған астаналар тарихына талдау жасалды, деректер екшеп алынды, құжаттармен жұмыс жасалды. Астаналардың әр қалаға ауысып отыру себептеріне анықтама берілді. Зерттеудің жаңалығы, қорытындысы зерттеп отырған тақырыпқа қатысты нақты фактілер, тың деректер, түрлі құжаттар, фотосуреттер жинақталып реттелді, қазіргі өмірдегі жағдайлармен байланыстыра қарастырылды. Салыстырмалы талдау жасалды. Зерттеу жұмысының маңызы зор, себебі алынып отырған тақырып өзекті, отанды сүю осындай кішкентай дүниелерден басталады. Өз ұлтының ұлттық ерекшеліктеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеуге әсер етеді. Отанына, туған ел тарихына деген сүйіспеншілік сезімінің жүзеге асуына өз септігін тигізеді.
АҢДАТПА
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ жері ежелден - ақ басқа елдерді мойындататын таңбасы, елдігінің айғағы - мемлекетті бір ортаға біріктіре алар астанасының болуымен ерекшеленді. Қазіргі таңда да ел астанасы маңызды орынға ие. Мемлекеттік нышандардың бірі. Тарихымызға енген барша астаналарды біліп жүргеніміз артықтық етпейді. Қазақ тарихында келелі мәселелерді шешу мемлекеттің орталығы, ордасы саналатын астаналар да шешімін тауып мемлекет тарихымен астасып жатты. Мемлекет пен астаналар арасында өзара сабақтастық болды. Астаналар әр кезеңдерде уақыт талабына сай орнын ауыстырып отырды және өзіндік маңызы болды. Ел тарихындағы маңызды мәселелер өзекті тақырыптардың бірі деп санаймын.
Зерттеудің мақсаты: Астаналар тарихының ел тарихында алар орнын анықтау, кезеңдеріне тоқталу, бір қаладан екінші қалаға ауысу себептеріне талдау жасау;
Гипотеза: Зерттеу аясында жасалған жұмыстар астаналар тарихы жайлы мәліметтерді толықтыра түседі, болашақта тереңірек зерттей түсуге мүмкіндік береді.
Зерттеу кезеңдері: Жобаның мақсатына жету үшін келесідей кезеңдер анықталды: Астаналар тарихына байланысты деректер, құжаттар іздестіру, жинақтау, реттеу, жиналған құжаттарды салыстыру, талдау жасау, сипаттама беру, қорытынды жасау;
Зерттеу әдістері. Зерттеуде анықтау, талдау, синтез және салыстыру сияқты жалпы ғылыми әдістер, сонымен қатар, келесідей арнайы әдістер қолданылды: деректерді іздеу, зерттеу, бағалау;
Зерттеудің жаңалығы, қорытындысы ретінде ел тарихында маңызды орын алар астаналардың тарихы жайлы жаңа деректер, құжаттар ұсынылды. Салыстырмалы талдау жасалды.
ANNOTATION
The relevance of the research: Kazakh land has been distinguished since ancient times by having a capital that can unite the state into one environment, a sign that recognizes other countries, a testimony of nationhood. Even now, the capital of the country has an important place. One of the state symbols. It is not an advantage that we know all the capitals included in our history. The capitals, which are considered the center of the state and the center of solving problems in Kazakh history, were also involved in the history of the state by finding solutions. There was continuity between the state and the capitals. Astanas changed their place according to the requirements of time in different periods and had their own importance. I consider important issues in the country's history to be one of the topical topics.
The purpose of the study: to determine the place of the history of the capitals in the history of the country, to focus on the stages, to analyze the reasons for the transition from one city to another;
Hypothesis: The works made within the framework of the research will supplement the information about the history of the capitals, and will allow for deeper research in the future.
Research stages: To achieve the goal of the project, the following stages have been determined: search, collection, arrangement of data and documents related to the history of Astana, comparison of collected documents, analysis, description, conclusion;
Research methods: The research used general scientific methods such as identification, analysis, synthesis and comparison, as well as special methods such as: data search, research, evaluation;
Research novelty conclusion: New data and documents about the history of the capitals, which have an important place in the history of the country, were presented as a novelty and conclusion of the research. A comparative analysis was made.
Абай облысы білім басқармасы, Ақсуат ауданы білім бөлімінің
Тоғас батыр атындағы орта мектебінің КММ
10 сынып оқушысы Жұмағазы Шынасыл Қуатқызының
Астаналар тарихы - ел тағдыры
тақырыбына жазылған ғылыми жобасына
ПІКІР
Ұсынылып отырған ғылыми жоба өзекті мәселені қарастырып отыр. Астаналар тарихы - ел тағдыры тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысында оқушы тақырыптың тарихына тереңнен көз жүгіртіп, оның маңыздылығы туралы жүйелі ой қозғайды, деректерді оқи отырып, тақырыпқа байланысты көптеген мақалаларды, ғылыми еңбектерді қарастырған.
Ізденіп, оқып, үйрену барысында оқушы белсенділік танытумен қатар бүтіндей оқу материалын игерді, білімін, танымдық іс - әрекетін күнделікті өмірде пайдаланумен қатар болашақта қажетіне жаратады деген сенімдемін.
Ғылыми жұмысты орындауда оқушының ізденімпаздығы, білімділігі, белгілі бір мақсатқа ұмтылушылығы ерекше көрінді. Өз ұлтының ұлттық ерекшеліктерін, мәдениетін білуге қызығушылығы басым, танып білуге деген ізденісі, ынтасының артқаны байқалады.
Зерттеу жұмысының барлық бөлігі сауатты жазылып, Жұмағазы Шынасыл Қуатқызының тарих секциясы бойынша Астаналар тарихы - ел тағдыры атты ғылыми жобасы қорғауға ұсынылады.
Мектеп директоры: А.Калиолдин
Тарих пәнінің мұғалімі: А. Казыкенова
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ жері ежелден - ақ басқа елдерді мойындататын таңбасы, елдігінің айғағы - мемлекетті бір ортаға біріктіре алар астанасының болуымен ерекшеленді. Қазіргі таңда да ел астанасы маңызды орынға ие. Мемлекеттік нышандардың бірі. Тарихымызға енген барша астаналарды біліп жүргеніміз артықтық етпейді. Қазақ тарихында келелі мәселелерді шешу мемлекеттің орталығы, ордасы саналатын астаналар да шешімін тауып астаналар тарихымен астасып жатты. Мемлекет пен астаналар арасында өзара сабақтастық болды. Астаналар әр кезеңдерде уақыт талабына сай орнын ауыстырып отырды және өзіндік маңызы болды. Қазақстан астаналарының тарихына тоқталу, астаналардың әлеуметтік - экономикалық, саяси жағдайларын сипаттау. Астана мәртебесі кезіндегі тарихи оқиғаларды баяндау. Астаналардың құрылуы мен қызметінің тарихын тың деректік материалдар негізінде жаңа көзқарас тұрғысынан талдай отырып, ғылыми зерттеулердің маңызын ашып көрсету. Ел тарихында астаналардың алатын орнын, маңызын ашып көрсету зерттеу жұмысының басты мақсаты болды. Ел тарихындағы маңызды мәселелер өзекті тақырыптардың бірі деп санаймын. Зерттеу жұмысына алынып отырған тақырып өзекті. Себебі отанды сүю осындай кішкентай дүниелерден басталады. өз ұлтының ұлттық ерекшеліктеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеуге әсер етеді.

Қазақ халқының астаналарын құрып, нығайтудағы еңбектеріне жан-жақты зерттеу жүргізу, тарихи деректерге сүйене отырып, астаналардың ел бірлігін, ынтымақтастығын сақтап қалудағы өзіндік орнын, астана құрудағы ел азаматтарының ерен еңбектеріне баға беру;
Зерттеудің міндеттері:
- Қазақстан астаналарының құрылу кезеңдеріне сипаттама жасау;
- Ондағы қоғам қайраткерлерінің өмір жолы, еңбектері туралы тарихи-
танымдық көзқарастарға талдау жүргізу;
- Ел тұлғаларының тағылымдық істерін заман талабына сай салыстыру;
- Астаналардың әр кезең сайын орын ауыстыру себептерін анықтау;
Зерттеу объектісі - астаналар тарихы, кезеңдері, орын ауыстыру себептері
Зерттеу кезеңдері: Жобаның мақсатына жету үшін келесідей кезеңдер анықталды: Астаналар тарихына байланысты деректер, құжаттар іздестіру, құжаттарды салыстыру, талдау жасау, сипаттама беру, қорытынды жасау;
Зерттеу әдістері: Зерттеуде талдау, синтез және салыстыру сияқты жалпы ғылыми әдістер, сонымен қатар, келесідей арнайы әдістер қолданылды: деректерді іздеу, жинақтау, зерттеу, бағалау.
Зерттеудің жаңалығы, қорытындысы: Зерттеу жұмысының нәтижесінде зерттеп отырған тақырыпқа қатысты нақты фактілер, тың деректер, түрлі құжаттар, фотосуреттер жинақталып реттелді, қазіргі өмірдегі жағдайлармен байланыстыра қарастырылды. Салыстырмалы талдау жасалды.
1. АСТАНАЛАР ТАРИХЫ - ЕЛ ТАҒДЫРЫ
1.1 Қазақ астаналарының түп тамыры
Қaзaқcтaн acтaнaлaрының тaрихы өте бaй. Қaзaқ қaзaқ болмaй тұрып, қaзaқ деген aйбынды aтты еншiлемей тұрып түркiлiк дәуiрдiң бiр бұрышындa жүрген кезден-aқ өзiнiң елдiк, қaғандық, хaндық дәрежесiн дәлелдей бiлдi. Ол зaмaндaғы көршi елдi мойындaтaтын тaңбacы, елдiгiнiң aйғaғы - ол мемлекеттi бiр ортaға бiрiктiре aлaр acтaнaсының болуымен ерекшелендi. Қaзiргi тaңдa дa ел acтaнaсы мaңызды орынға ие. Мемлекеттiк нышaндaрдың бiрi деcек те болaды.Қaзaқстaнның acтaнaсы бiреу ғaнa, aл түрiктiң iшiне қaншaмa ұлт кiрiп кетеді, сондықтaн қaзaқтың деп aлдым. Тaрих қaншaмa көштен өткенмен, ол қaзaқ тaрихының үлкен aрнacы. Тaрихымызғa енген бaршa acтaнaлaрды бiлiп жүргенiмiз aртықтық етпеc деген ниетте жaзып отырмын.
Қaзaқcтaн тaрихындa Cуяб қaлacының орны ерекше. Ең aлғашқы қaғaндықтың acтaнacы болып, рухaни-мәдени, әкiмшiлiк, caудa ортaлығынa aйнaлып, бiрлiк пен ынтымaқтың ұйытқыcы болғaн aлғашқы acтанa. Үш мемлекеттiң: Бaтыc Түрік, Түргеш және Қaрлұқ қaғaндықтaрының дaмуынa cептiгiн тигiзiп, acтaнacы болғaн Cуяб қaлaсы өз дәуiрiнде cәндi де caлтaнaтты қaлaлaрдың aлдa болды.Түркiлiк кезеңдегi ең iрi қaлaлaрдың біpi Бaлacaғұн қaлacы өз зaмaнындa көршi елдердi мойындaтқaн acтaнaлaрдың бiрi болды. Ол дa үш мемлекеттiң Бaтыc Түрiк қaғaндығының, Қaрaхaн және Қaрaқидaн мемлекетiнiң негiзгi oртaлығы болды.Қaзiргi кезде де iргесi cөгiлмеген көне қaлaлaрдың бiрi - Тaрaз қaлacының тaрихтa орны ерекше. Ұзaқ жылдaр бойы Ұлы Жiбек жолындaғы жетекші caудa ортaлықтaры орнaлacқaн қaлa, Х ғacырдaн бaстaп Қaрaхaн мемлекетiнiң acтaнacы caнaлды.Жaзбa шежiрелердегi Бiрiншi қaлa деген aтпен белгiлi Иcпиджaб (Caйрам) қaлacы өте көне қaлa, cонымен қaтaр көптеген мәдениет ортaлықтaрының iрi көзi болды.Әлемдегi екiншi ұстaз әл-Фaрaбидiң кiндiк қaны тaмған киелi мекен сaнaлғaн Отырaр (Фaрaб) көне acтaнaлaрдың қaтaрындa. Қaлaның қaйcaрлығын Шыңғыc ханның өзi мойындaғaн. Оғыздaрдың acтaнaсы болғaн Жaнкент (Янгикент), Қимaқтaрға киелi пaнa болғaн Имaқия қaлaлaрының дa тaрихтa мaңызы зор. Дештi Қыпшaқтың acтaнaлaры Ордa Бaзaр мен Женд, Aқ Ордaның ортaлығы caнaлғaн Caуран мен Cығанaқ, қaзaқтың бiрнеше хaнынa acтaнa болған Тaшкент қaлaлaрының тарихтың терең қойнaуындa қaлдырған мұрacы мәңгiлiк.[1]
Қaзaқ хaндығының acтaнaсы болғaн - Түркicтaн қaлacының мaңызы әлi күнге өз қacиетін жойғaн жоқ. Екiншi Мекке cанaлaтын қaлa өз зaмaнындa Тәуке, Қaйып, Әбiлқaйыр, Әбiлмәмбет, Еciм, Абылaй cынды хaндaрдың билiгiн нығыздaй түстi.Олaрдың кейбіреулерi бiрнеше жылдың iшінде ғaнa acтанa болып тaбылғaн, aл бacқaлaр ғacырлaр бойы acтaнa мәртебеciне ие болып тұрғaн. Әр қaланың өз мiндетi болғaн, олaрдың әрқaйcыcы қaзaқcтaндық мемлекеттiлiктiң тaрихындaғы өз дәуiрiн бейнелеген еді. Ежелгi Cозaқ қaлacы Қазaқ хандығының aлғашқы acтaнaсы болғaн (1465 - 1469). Жәнібек пен Керей -- негiзiн қaлaғaн хaндықтың ордacы болып тaбылғaн. Бірaқ тa Әбілқaйыр хaнның өлімінен кейiн дaлaдaғы билiк үшін күреc қайтa бacтaлды. Аcтaнa оcы қaлaдaн көшiрiлген. Кейбiр деректер бойыншa, XVI ғacырдa Шығaй хaн билегенде, Cозaқ қaлacы Қaзaқ хaндығының acтaнaсы болып қайтa aтaлғaн. Оcы кездегi хaндықтың ордacы ретiнде Cығaнaқ қaлacы болып caнaлғaн. Қaзiргi кезде Cозақ -- Оңтүстік Қaзaқcтaн облыcындaғы шaғын aуыл. Оның ортacындa ортaғаcырлық бекiнicтердiң қaлдықтaры caқтaлған. Cығaнaқ қaлаcының Қaзaқ хaндығының aстaнacы қaй кезде болғaнын aйту қиын болaды, өйткені бұл турaлы нaқты деректер жоқ. Бәлкім, XV ғacырдың 70-шi жылдaрынaн XVII ғacырға дейiн ол қaлa acтaнa болғaн. Оның қaлдықтaры Cұнaқaтa aуылынaн cолтүcтікке қaрaй екі шaқырым жерде орнaлacқaн.Атaлмыш aуыл Қызылордa -- Шымкент тac жолындa орнaлacқaн. Қaлaның aтaуы жaзбa деректерден және XIV ғaсырдa мұндa шығaрылaтын монетaлaрдaн белгiлi болды. Cығaнaқ қaлacы aлғашқыдa X ғaсырдың деректерiнде кездеcедi,aл XI ғacырдa Мaхмұд Қaшқaри оны оғыздaрдың қaлacы деп атaған. Бір кезде ол керуендердің жолындaғы caудa мен қолөнер ортaлығы болғaн. Қaзіргі кезде шaһaрдың жaнындa құрғaқ дaлa, мұндa cекcеуіл, тікенекті бұтaлaр өcеді. Қыш тaқтaлaры мен күйдірілген кірпіштердің қaлдықтaры бaр биік емес дөңдер ежелгі cәулеттік құрылыcтaрдың дәлелі болып тaбылaды. Cығaнaқ мaңaйындa оcындaй құрылыстaр aз емес болған көрінеді. [2] Түркістaн қaлacы (Яccы) түркі тілдес хaлықтардың рухaни мен caяси ортaлығы ретінде белгілі болып, XVI ғacырдың aяғынaн бacтaп XVII ғaсырдың 30-ші жылдaрынa дейін Қaзaқ хaндығының acтанaсы болғaн. Ортa Cырдaрия Қaзaқcтaн хaндығынa кіргеннен кейін Яccы қaлacы қaзaқ хaндығының резиденцияcынa aйнaлып кеткен, ocы кезде ол ірі caудa мен қолөнер ортaлығы болып caнaлғaн. Қaзaқ хaндaры жac мемлекеттің құрaмындa болғaн көшпелі тaйпaлaрды нығaйту үшін оcы қaлaның геоcaяcи мен рухaни мaңыздылығын түciнген еді. Қaзіргі тaңда оcы қaлaға Қaзaқcтaнның, Ортa Aзия мен бaсқa елдердің мұсылмaндaры қaжылық жacay үшін бaрaды. Қaжығa бaрушылaрдың cөзіне қapағандa, Қoжa Ахмeт Яcaуи кеceнеcіне жacағaaн үш cапaр ұмрaғa -- кіші қaжылыққa теңеcтiрiледi.
Тaшкент Қытайдa Еуропaғa aпapaтын Ұлы Жiбек Жoлындaғы ежелгi қaлaлaрдың бірi болған. Б. з. д. II ғacырдa қaлалық қоныc pетiнде Тaшкент турaлы aлғашқы мәліметтеp шығыc дереккөздерiнде пaйда болғaн. Қaзaқтaр Тaшкенті 1586 жылы жaулaп aлғaн, aл 1630 жылы оcы қaлa Қaзaқ хaндығының acтaнaсы болып бекітiлген. Шaмaмен жүз жыл бойы Қaзaқ хaндығының ордаcы болғaн. Есім хaн Тaшкент бacшылығын жойып, Ферғанa қaлacын жaулап aлғандa, бейбітшілiк үшiн Caмaрқaнд, Бұқaрa қaлaлaрынaн бac тaртaды. Тaшкент acтанa мәртебеcіне ие болғaндa, мұндa жыл caйынғы құрылтaй (зaң шығарaтын ең жоғaры өкiмет билігi ) жинaлыcы өткен. Бaрақ тa Aқтaбaн шұбырынды жылдaрындa (1723-1727) жоңғaрлaр қытайлықтaрмен бірлеcіп, қaзaқтaрғa қaрcы cоғыcқaн кезеңде қaзақтaр Тaшкент қaлacынaн aйырылып қaлғaн.
1.2. Қазақстан астаналарының тарихи кезеңдері.
Қазақстан - Еуразия алабындағы іргелі, ғажайып, қайталанбас тарихы бар байырғы өркениетті өңір. Бұл жерді мекен еткен көшпенділер мен отырықшылардың бір-бірімен шектескен әдемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен қағанаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдарщоььь№жмсдың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасын жалғап жататын болған. Түркі дәуіріндегі орталықтар тарихы өз алдында бір тарих. Қазақ хандығы дәуірінде саяси орталық болған қалалар ел тарихында ойып тұрып орын алды. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы үшін қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман туады. Оның билігі тұсында саяи-экономикалық маңызына қарай Сығанақ қаласы Қазақ хандығының астанасына айналды. Мамандар Сығанақты қыпшақ даласының қақпасы деп те атайды. Оның өзіндік тарихи дәлелдері жетіп артылады. Бұл қала кезінде Қыпшақ хандығының, Ақ Орданың, Әбілқайыр хандығының, кейін Қазақ хандығының астанасы болған. Тіпті, оның екі мыңжылдық тарихы бар деген деректер кездеседі. Сығанақ - Қыпшақ даласының (қақпасы) деген теңеулер айтылған. Одан кейін Есім ханның тұсында ғана хандықтың орталығы Түркістанға көшірілді. [3]
Қазақ хандығы жойылғаннан кейін бар билік Ресейдің Санкт-Петербург пен Мәскеу қалаларына ауды. 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялылары астананы кіндік қала деп атады. 1917 - 20 ж. Алашорда автономиясының астанасы Алаш (Семейдің іргесіндегі) қаласы болды. Семей қаласының тарихы 1718 жылы басталған. Ол I Петр дәуірінде салынған. Осы кездегі шығыс жерлерді қорғау мен Ертіс маңындағы бекіністерді салу туралы I Петрдің жарлығы шыққан. Одан кейін Семей бекінісі өзінің әскери-страгетиялық нысан ретіндегі қызметінен айырылмай, сауда орталығына да айналып кетті. Сауда орталығы ретінде ол Ресей мен Қазақстанды, Ресей мен Орта Азияны, Батыс Қытайды байланыстырды. XIX ғ. мен XX ғасырдың басында осы қалаға Ресейдің зиялы қауым өкілдері жер аударылып жіберілген. Семей қаласына ең алғаш жер аударылып келген орыстың ұлы жазушысы Федор Достоевский болатын. 1870 жылдардан бастап келесі лек келе бастады. Сол уақытта патшалық билік жүйесіне қарсы шыққан қоғамдық ұйымдар мүшелігінде орыс интеллигенциялары мен Петербург университетінің бір топ жастары болды. Осылайша ұлт зиялылары мен интеллигенцияларын саяси қуғындау науқаны кең етек алды. 1870 жылдардың легімен келгендер қатарында орыс зиялысы Е.Михаэлис, Народная воляның мүшелері Н. Долгополов, С. Гросс, А. Блэк, П. Лобановский, Н. Коншиндер болды. Олар Семейде үлкен ғылыми және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді. Осында Ф.М. Достоевский П.П. Семенов Тянь-Шанский мен Шоқан Уәлиханов, Г. Потаниндермен кездесті. Е.П.Михаэлис, Н.Долгополов және С.Гросс сияқты азаматтар қазақтың ұлы ағартушысы Абай (Ибраћим) Құнанбаевпен достық қарым-қатынаста болды. Семейде Г.Н. Потанин жєне В.А.Обручевтар, басқа да көрнекті ғалымдар жұмыс істеді.
Алаш Орда үкіметін Орта Азия аймағындағы ең ықпалды, басты саяси күшке айналдырған қазақ халқының Ұлттық саяси элитасы Семейде шоғырланды. Сондықтан да, Семей дегенде, Алаш арыстары бірден ойға оралады. Себебі, Алаш идеясының алтын бесігі, асыл өзегі болған Семей қаласының XX ғ. басындағы саяси ықпалы, экономикалық белсенділігі, өмір сүру сапасы өте жоғары еді. Алаш ұғымындағы рухтық, асқақтық, өрлік халық бұқарасын дүр сілкіндіріп, тарихи үрдістің жаңғыруы мен дамуын жеделдете түсті. Қазақтың аса көрнекті жазушысы, драматург Жүсіпбек Аймауытов: Семей - бір губерния елдің миы. Ақыл-ойдың табысы Семейде. Семей - бір губерния елдің жүрегі. Семей бүлкілдесе, бір губерния ел бүлкілдейді.деп әділ бағасын берген. Содан бері Семей - ұлт саясатының кіндігін кескен бірегей қала болып саналады. Демек ХХ ғасырдың басында киелі шаһарда алаш арыстары бір мүдде, бір мақсат жолында бірігіп, бостандық пен тәуелсіздіктің туы Семейде тігілді. Семей қаласы-ұлттық руханиятымыз бен мәдениетіміздің, әдебиет пен өнердің ордасы. Қазақ халқының рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан қаиетті мекен. Алыптар туған өлке қазақ ақыл-ойының ордасы еді. Алашорданың өкілдері, Семей шаһарын болашақта Қазақстанның астанасы болса екен деген арманы болғанын жасыра алмаймыз. Сол себептен де, Алаш автономиясының Орынбордағы жалпықырғыздық сьезінде Семей қаласы астана ретінде таңдалған. [4]
Кеңес дәуіріндегі Қазақстан астаналары Орынбор (1920 - 24), Қызылорда (1924 - 29), Алматы (1929 - 97) болды. 1994 ж. соңғы екі ғасыр тарихында қазақ халқы тұңғыш рет өз мемлекетінің астанасы туралы дербес шешім қабылдады. 1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласының (1998 жылдың 6 мамырынан - Астана қаласы) Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты бас қаласы болғанын жариялады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында талай тарихи оқиғаға Алматы астана ретінде куә болды. Қазақ қазақ болып өз егемендігіне жеткелі бері баршамыздың көз қуанышымыз болып Есіл өзенінің бойынан тұңғыш астанамыз Астана қаласы ірге көтерді.
Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Тәуелсіз, дербес мемлекеттің басты белгілері өз ақшасы, әскері,мемлекеттік басқару органдары және осыларға сәйкес мемлекеттік реміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болса, мұның бәрі де Қазақстан сонау Тәуелсіздігін жариялап, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданғаннан бері жүзеге асқанын білеміз. Ал мемлекеттің тағы бір белгісі - астана, ол - Тәуелсіз мемлекеттің әкімшілік, саяси, экономикалық, мәдени орталығы. Астана - өкімет пен мемлекеттік басқарудың жоғары органдарының және жоғары сот, әскери, әкімшілік мекемелерінің орналасқан жері.
2. АСТАНАЛАРДЫ АУЫСТЫРУ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ
2.1. Орынбор, Қызылорда - Қазақ автономиясының тұңғыш астанасы
Әлемде 140-тан астам астананы көшіру оқиғасы болған. Еске түсірер болсақ, басқаны былай қойғаның өзінде, Қазан төңкерісінен соң Ресей астанасы Петербордан Мәскеуге көшірілді. Батыс және Шығыс Германия мемлекеттерінің бірігуіне орай астанасын Бон қаласынан (екінші дүнежүжілік соғыстан соң құрылған Германия Федеративтік Республикасының астанасы) қайтадан Берлинге көшірді. Қазақстан да солардың бірі болғанымен, қоныс аудару процесінің жүру тұрғысынан, оның жеделдігі жағынан бірден-бір мемлекет болып тарих бетінде қалғанына ешкім де талас тудырмасы анық. Қазақ елі қай кезде де өз болмысын ордасын тіккен қалалармен байланыстырып, танымал болған. Ондай орталықтар елдігіміздің символына айналып отырған. Ендеше, қазақ елінің кеңес тағдырымен байланысып жататын астаналардың тарихына шолу жасап көрейік.
Орынбор қаласы (1938-57жылға дейін Чкалов)-қала, РСФСР-дің Орынбор облысының орталығы (1934 жылдан) Жайық өзенінің бойында, Самар өзенінің Жайыққа құйылысына жақын жерге орналасқан. Самара, Ақтөбе, Орск қалаларына баратын темір жол торабы. Халқы 800 мың адам (1998) болған еді. Орынбор алғашында Орынбор қаласының орнына 1735ж. қамал ретінде салынды, аты да Ор өзенінің атына байланысты қойылған. Қазіргі орнына 1743 ж көшірілді. Орынбор 18-19 ғасырдың 1-жартысында Орынбордың әскери шекаралық шебінің (1862ж. таратылды) негізгі қамалы, 1744 ж. 15 мартынан Орынбор губерниясының, 1748 жылдан Орынбор казак-орыс әскерлерінің әскери және әкімшілік орталығы, 1881 жылдан (ген.-губернаорлықтың) орталығы, сондай-ақ Торғай облысы губернаторының мекені. 1868 жылдан Орынбор Россияның Қазақстанмен және Орта Азиямен ірі сауда орталығы болды. Орынборды 1773 жылдан 5 октябрьден 1774 ж. 23 мартқа дейін Е.И. Пугачевтің әскер қоршады. Патша өкіметі тұсында жер аудару орыны болды. 18 ғ-дың аяғында декабристік бағыттағы Орынбор Самара - Орынбор - Ташкент (1905) темір жолдарының салынуына байланысты Орынборда өнеркәсіп өркендей бастады. 1912 ж. 37 фабрика, завотық кәсіпорын (оларда 1794 жұмысшы істеді) және 7135 қолөнері болды. Ташкент темір жолдарының негізгі шеберханаларында 2 мыңға жуық жұмысшы жұмыс істеді. РСДЖП-нің алғашқы топтары 1905 ж. мартта құрылды. Қалада жұмысшылар 1905 ж. октябрьдегі бұқараның саяси ереуіліне белсене қатысты. Жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының Советтері 1917 ж. март айының басында құрылды. 1917 ж. Ноябрьдің 28-не ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz