Қаржылық есептемені құру


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

ТМД елдерінің озық тәжірибесін есепке ала отырып, қаржылық есептеменің аудитінің үрдісін төрт кезеңге бөлуге болады: ақпарат жинау, жоспарлау, аудитті жүзеге асыру мен есеп берудің мүмкіндігі. Бұл кезеңдердің тиімділігі мен маңыздылығының мәнін тереңірек қарастыру жұмысымның негізгі бөлімінде орын тапты. Аудитордың назары тек қаржылық есептердің көрсеткіштеріне ғана емес, сонымен қатар тексеріліп жатқан фирманың басқармасы сол көрсеткіштердің негізінде жасаған шешімдеріне де аударылуы керек. Қаржылық есептемені аудиторлық тексеруден өткізудің үрдісі барысында Бухгалтерлік баланстың, Кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің, Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп берудің, Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп берудің құрылуының дұрыстығы және есеп саясаты мен түсіндірме хаттағы ақпараттардың сенімділігі бекітілуі тиіс.

Шаруашалақ субъектілерінің қызметінің табысты болуы басқарудың деңгейіне, кәсіпорынның қаржылық-экономикалық талдауына негізделіп қабылданған шешімдердің объективтілігіне, жеделдігіне және ғылыми негізділігіне байланысты болып келеді. Қазіргі нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражаттарын тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз үрдісін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстарының жағдайын көрсетеді.

Бірақ Қазақстанда қаржылық есептемені талдаудың ілгерілмелі әдістері тәжірибе барысында кеңінен қолданылмауда. Бұл кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижесі мен оның экономикалық дамуына теріс нұқсанын келтіреді. Сондықтан қаржылық есептеменің аудиті мен талдауын теория жүзінде қарастырып, оларды тәжірибе жүзінде қолданудың әдістерін нақты кәсіпорын үлгісінде жарыққа шығару меншік иелері алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілік артатын шаруашылық субъектілері үшін маңызды және актуалды мәнге ие болады.

1 Қаржылық есептемені құру

1. 1 Қаржылық есептеме және оның нысандарының мәні

Есептеме ретінде белгілі бір өтіп кеткен кезең үшін кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді рүрде сипаттайтын нәтижелі көрсеткіштердің жүйесі танылады. Есептемені құру - есеп жұмысының аяқ кезеңі. Оның мәліметтері бойынша кәсіпорын өзінің қызметінің нәтижесін шығарады. Есептеме талдаудың, ағымдағы және болашақ кезеңді кезеңді жоспарлаудың ақпараттық көзі болып табылады.

№30 «Қаржылық есептемені ұсыну» деп аталатын Бухгалтерлік есепп стандартында былай деп жазылған: «Қаржылық есептеме сипаты мен функциясына сәйкес топтарға құрылымды түрде бірігетін операциялардың үлкен бөлігін өңдеудің нәтижесі болып табылады». Жалпы алғанда, қаржылық есептеме - кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсететін маңызды есептеме.

Қаржылық есептеменің мақсаты пайдаланушыларды (акционерлерді, инвесторларды, салық органдарын және тағы да басқаларды) есепті кезеңдегі кәсіпорынның қызметінің нәтижесі және қаржылық жағдайы туралы сенімді әрі маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық есептемеге қойылатын басты талап - оның сенімді және инвесторлар мен акционерлер үшін мәліметтерінің айқын болуы. Қаржылық есептеме алдын-ала белгіленген мерзімге дейін жасалуы керек. Кәсіпорын өзінің есептемесін, егер бұл Қазақстан Республикасының Заңында басқаша белгіленбесе, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1-наурызынан кешіктірмей ұсынуы керек.

Қаржылық есептемеге оның уақытылы ұсынылғанына және сенімділігіне жауапкершілік артатын кәсіпорынның Бас директоры мен Бас бухгалтері қолдарын қояды. Ағымдағы және өткен жылдың есептері мен баланстарының мәліметтеріне енгізілетін өзгерістер есепті кезеңнің бірінші айында жасалуы керек. Ал өткен жылдың жылдық есептемелеріне енгізілетін өзгерістер оның бекітілуіне дейін жасалуы қажет. Бұған қажетті өзгерістер есепті жылдың желтоқсан айында енгізіледі.

Қаржылық есептеменің нысандарына Бухгалтерлік баланс, Кірістер мен шығыстар туралы немесе Қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижесін көрсететін есеп беру, Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру, Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру және Түсіндірме хат жатады. Осы нысандардың әрқайсысына тоқталып кетейін.

Бухгалтерлік баланс белгілі бір есепті кезеңдегі кәсіпорынның қаржылық жағдайын бейнелейді. Баланс меншік иелерін, менеджерлерді және басқаруға қатысы бар басқа да тұлғаларды субъектінің меншік жағдайымен таныстырады. Баланс арқылы олар субъектінің меншігі туралы мағлұмат ала алады (№1-2-қосымшалар) .

Баланс арқылы кәсіпорынның жақын арада үшінші тұлғалардың (акционерлер, инвесторлар, қарыз берушілер, сатып алушылар, сатушылар және басқалары) алдында өз міндеттемелерін өтей алатынын-алмайтынын анықтауға болады.

Кәсіпорынның жұмысының соңғы қаржылық нәрижесі - басқарманың материалдық және ақшалай ресурстарын сақтау және оларды көбейту мүмкіндіктерін бағалаудың басты аспектісі. Бұл баланста таза табыс немесе жабылмаған зиян ретінде бейнеленеді.

Бухгалтерлік баланс екіге бөлінеді: оның сол жағында активтер көрсетілсе, ал оң жағында меншікті капитал мен міндеттемелер көрініс табады (1-сызба) .

1-сызба.

Бухгалтерлік баланстың құрылымдық көрінісі

Бухгалтерлік баланс: Бухгалтерлік баланс
Активтер
-
Міндеттемелер
Ұзақ мерзімді актитер
Ағымдағы активтер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ағымдағы міндеттемелер
Негізгі құралдар
Тауарлы-материалдық қорлар
Ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар
Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар
Материалдық емес активтер
Дебиторлық борыштар
Кейінге қалдырылған салықтар
Кредиторлық борыштар
Активтер: Инвестициялар және т. б.
-: Ақша қаражаттары
Міндеттемелер:
Төленуге тиісті сомалар және т. б.
Активтер:
-: Қаржылық инвестициялар
Міндеттемелер:

Активтердің құрамына үйлер, ғимараттар, құрылыстар, еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар, материалдық емес активтер, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, ағымдағы дебиторлық борыштар, тауарлы-материалдық қорлар, кассадағы және банктегі шоттардағы ақша қаражаттары, берілген аванстар жатады.

Айналымда бір жыл ішінде жүрген активтер қысқа мерзімділерге, ал бір жылдан артық жүргендері ұзақ мерзімді активтердің қатарына жатады.

Материалдық емес активтер деп белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтады. Оған патентер, тауарлық белгілер, ноу-хау, бағдарламалар, лицензиялық келісімдер, гудвилл жатады. Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша көрсетіледі.

Негізгі құралдар деп өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөлініп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Қаржылық инвестициялар дегеніміз акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқа да құнды қағаздарға, банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялардың құрамына еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға бағытталған инвестициялар да кіреді.

Ағымдағы активтерге тауарлы-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және ақша қаражаттары жатады.

Тауарлы-материалдық қорларға, негізінен, шикізат, дайын өнім, тауарлар және аяқталмаған өндіріс жатады. Тауарлар сатып алу құны бойынша бағаланады.

Дебиторлық борыштар деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынның алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлкрдің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады.

Касадағы және банктегі ақша қаражаттарын қысқа мерзімді бағалы қағаздармен бірге «өтімді ресурстар» ретінде белгілеуге болады.

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқа да түрімен айналысатын кәсіпорындардың қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақша қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақытта табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарғылардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Меншікті капиталдың баланста бейнелену нысаны меншік нысанына байланысты.

Кәсіпорынның жарғылық капиталы жай немесе басымдық берілген акциялардың номиналдық құнына және салымдар мен пайлардың құнына тең. Оның номиналды құнынан жоғары салынған капитал қосымша төленген капитал деп аталады. Материалдық активтерді қайта бағалағанда олардың құнының өскен сомасынан туындайтын капитал қосымша төленбеген капитал деп аталады. Қор ретіндегі капитал - келешекте болуы мүмкін зияндар мен шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорын өзінің таза пайдасынан бөлген меншікті капиталдың бір бөлігі.

Бөлінбеген пайда - кәсіпорынның жалпы табысынан барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан басқа да бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.

Қандай да болмасын кәсіпорындарды, олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан, банктің, жабдықтаушылардың, қызметкерлердің және тағы да басқаларының алдында міндеттемелері болады.

Оларды өтеу үшін ағымдағы активтер пайдаланылмайтын міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелер деп аталады. Оларға ұзақ мерзімді вексельдер, тауарлар мен қызметтер үшін алынған аванстар, жалгерлік міндеттемелер және тағы да басқалары жатады.

Ағымдағы міндеттемелер - оларды өтеу үшін ағымдағы активтер пайдаланылатын міндеттемелер. Оларға банктердің овердрафттары, қысқы мерзімді қарыздар және тағы да басқалары жатады.

Кәсіпорынның Кірістері мен шығыстары туралы есеп беруі оның есепті кезеңдегі қаржылық нәтижелерін сипаттайды, сонымен қатар оның құрамына келесідей көрсеткіштер кіреді (2-сызба), (№3-4-қосымшалар) :

2-сызба.

Кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің құрамдас бөліктері .

Негізгі қызметтен алынатын табыс
Негізгі қызметтен алынатын табыс: Негізгі қызметтен алынатын табыс
Негізгі емес қызметтен алынатын табыс
Негізгі қызметтен алынатын табыс:

Сатылған тауарлардың өзіндік құны

Жиынтық кіріс

Кезең шығындары

Негізгі қызметтен алынатын табыс: Салық салынғанға дейінгі негізгі қызметтен алынатын табыс
Негізгі қызметтен алынатын табыс: Корпоративті табыс салығы
Негізгі қызметтен алынатын табыс: Салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен алынатын табыс

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыстар одан қосылған құн салығы сомасын, акциздерді және тағы да басқа салықтар мен міндетті төлемдерді, сонымен қатар сатып алушыға ұсынылған баға шегерімі мен сату шегерімін, қайтарылған тауарлардың құнын шегергеннен қалған сома бойынша көрсетіледі. Бұл бап бойынша тауарлы-материалдық қорларды өткізу, қызметтерді көрсету арқылы, сонымен қатар сыйақы, пайыздар, дивидендтер түрінде алынған негізгі қызмет бойынша табыстар көрсетіледі.

Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнына тауарларды сату бойынша жұмсалған шығындар кіреді. Олар өзінің экономикалық мазмұны бойынша келесі элементтерге жіктеледі: материалдық шығындар, еңбекақы шығындары, сақтандыру шығындары, негізгі құралдардың тозуы, басқа да шығындар.

Жалпы табыс тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудың қаржылық нәтижесін көрсетеді де, негізгі қызметтің нәтижесінде пайда болған тауарларды сатудан түскен табыс пен сатылған тауарлардың өзіндік құнының арасындағы айырмашылықты білдіреді.

Кезең шығындарына жалпы және әкімшілік шығыстар, сату бойынша шығыстар, сыйақы түріндегі шығыстар жатады. Кезең шығындары - тауарлардың өндірістік өзіндік құнына кірмейтін шығындар.

Негізгі қызметтен алынатын табыстар жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырмашылықты білдіреді.

Негізгі емес қызметтен алынатын табыстарға материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды сатудан алынатын табыстар және тағы да басқалары жатады.

Салық салынғанға дейінгі негізгі қызметтен алынатын табыстар негізгі қызметтен алынатын табыстар мен негізгі емес қызметтен алынатын табыстардың көрсеткіштері арқылы анықталады.

Корпоративті табыс салығы №11 «Корпоративті табыс салығының есебі» деп аталатын БЕС-на сәйкес анықталады.

Салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен алынатын табыстар салық салынғанға дейінгі негізгі қызметтен алынатын табыстар мен корпоративті табыс салығының көрсеткіштері арқылы анықталады.

Төтенше жағдайлардан алынатын табыс төтенше жағдайлардан болған нәтижеден корпоративті табыс салығын шегеріп тастағаннан қалған сомаға тең.

Таза табыс заңды тұлғаның есепті кезеңде алған немесе жеткен нәтижесінің көрінісі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруінің негізгі мақсаты болып келесідей ақпараттарды ұсыну табылады (№5-6-қосымшалар) :

  • есепті кезең ішінде заңды тұлғаның ақша қаражаттарының ағымының келуі мен кетуі туралы;
  • есепті кезеңдегі заңды тұлғаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі туралы.

Қызметтің түрі бойынша жоғарғыдай сыныпталу ақпаратпен қамтамасыз етіп, осы қызмет түрлерінің заңды тұлғаның қаржылық жағдайына және оның ақша қаражаттарының көлеміне ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде таза табыс ақша қаражаттарының көлемінің нақты ұлғаюы мен кемуін көрсетпейді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру бірінші есепті кезеңнен екіншісіне өткен кездегі бухгалтерлік баланстың баптары бойынша болған өзгерістерді көрсетіп, есепті кезең ішінде кәсіпорынның ақша қаражаттарының ағымының келуі мен кетуі туралы ақпаратты ұсынады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру кәсіпорынның басқармасымен қатар сыртқы пайдаланушылар - инвесторлар, қарыз берушілер үшін қажет. Кәсіпорынның басқармасы бұл есепті кәсіпорынның өтімділігін есептегенде, дивидендтерді белгілегенде, кәсіпорынның жалпы жағдайына әсер ететін факторларды бағалағанда, қосымша инвестицияларды тарту туралы шешім қабылдағанда немесе қандай да бір бағдарламаларды қаржыландыруға бел буғанда қолданады.

Инвесторлар мен қарыз берушілер үшін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде көрсетілген ақпарат кәсіпорынды зерттеу барысында қажет болады. Оларды кәсіпорынның басқармасы өз ақша қаражаттарының қозғалысын басқара алады ма, сонымен қатар кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде көрсетілген таза табыс пен ақша қаражаттарының көлемінің арасындағы айырмашылық қандай деген сұрақтар қызықтырады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру заңды тұлғаның ақша қаражаттарының ағымының кеуі мен кетуінің негізгі жолдарын көрсетеді де, өзінің құрамына келесідей бөлімдерді кіргізеді:

  1. Операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғаласы.
  2. Инвестициялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғаласы.
  3. Қаржылық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысы.
  4. Есепті кезеңнің басындағы ақша қаражаттары.
  5. Есепті кезеңнің соңындағы ақша қаражаттары.

Есеп берудің бұл түрі жұмыс кестесінің көмегімен дайындалады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді құру үшін бухгалтерлік баланста және кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде келтірілген мәліметтер қолданылады (3-сызба) .

3-сызба.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп берудің шағын жобасы.

Есептің мақсаты
Есептің мақсаты: Есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының ағымының келуі мен кетуі туралы ақпараты ұсыну

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттарды келесідей бөлімдерде ашу:

Операциялық қызметте

Инвестициялық қызметте

Қаржылық қызметте

Есептің мақсаты:
Есептің мақсаты: Операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысын ашу
Есептің мақсаты: Тікелей әдіс
Жанама әдіс

Операциялық қызмет - заңды тұлғаның табысты алу бойынша негізгі қызметі. Операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді дайындаудың бірінші этабы негізгі қызметтің нәтижесінде болған ақша қаражаттрының қозғалысын анықтау болып табылады.

Негізгі қызметтің нәтижесінде болған ақша қаражаттарының қозғалысын анықтау үшін кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің мәліметтерін аударымдар әдісінің жүйесінен санаудың кассалық жүйесіне қарай түзету жүргізу қажет. Мұнда табыстар ақша қаражаттарының ағымының келуі кезінде танылады, ал шығындар, егер олар өтелді дегенде ғана мойындалады деген сауалмен байланысты түзетулер пайдаланылады.

Заңды тұлғаның операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдісті қолдану арқылы анықтайды:

Тікелей әдіс бойынша ақша қаражаттарының ағымының келуі мен кетуінің негізгі түрлері анықталады. Бұл әдіс ақшалай операциялардың әрбір түрін зерттеуге және қызметтің қай түріне жататындығын анықтауға негізделген. Тікелей әдіс кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің әрбір бабы бойынша түзетулер жүргізу керектігін білдіреді. Бұл жағдайда тауарларды сатудан түскен ақша қаражаттрынан бастайды. Жоғарыда түскен түсімнен тауарларды сатып алу, ағымдағы шығыстар, несиелік пайыздар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша барлық ақшалай төлемдерді шегеріп тастайды. Осының нәтижесінде операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының сомасын шығарады.

Тікелей әдісті қолдану барысында операциялық қызметтің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттарының қозғалысының мысалы болып төмендегілер табылады:

  • Ақша қаражаттарының ағымының келуі: тауарларды сату мен қызметтерді көрсетуден түскен ақшалай түсімдер, тауарлы-материалдық қорларды жеткізіп беру және қызметтерді көрсету бойынша алынған аванстар, пайыздар, дивидендтер және әр түрлі сипаттағы сыйақылар түріндегі ақшалай түсімдер, басқа да түсімдер.
  • Ақша қаражаттарының ағымының кетуі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төленген ақшалай төлемдер, тауарлы-материалдық қорларды жеткізіп бергені және жұмыстарды орындағаны үшін, қызметтерді көрсеткені үшін берілген аванстар, еңбекақы төлеу және басқа да төлемдердің нәтижесінде ақша қаражаттарының ағымының кетуі, бюджетпен, әлеуметтік сақтандыру органдарымен, бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысудың нәтижесінде ақша қаражаттарының ағымының кетуі, пайыздарды төлеу, басқа да төлемдер.

Жанама әдіс бойынша тазза табыс немесе зиян ағымдағы активтер мен міндеттемелердің, ақшалай емес операциялардың өзгеруіне қарай түзетіледі. Бұл әдіс бухгалтерлік баланс пен кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде көрсетілген мәліметтердің барлығына негізделген.

Жанама әдіс кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің әрбір бабы бойынша түзетуді жүргізуді керек етпейді. Бұл әдіс бойынша өткен есепті кезеңмен салыстырғандағы қазіргі есепті кезеңдегі өзгерістердің сомасына таза табыстың сомасын түзету.

Жанама әдісті қолдану барысында таза табысты түзету келесі операцияларды қамтиды:

  • Есептелген тозу және амортизация сомасының өзгеруін: кезең сайын есептеліп, аударылған тозу мен амортизация қайтадан таза табыстың сомасыны қосылады, өйткені олар ақша қаражаттарының ағымының кетуін туғызған жоқ.
  • Ағымдағы активтердің сомасының өзгеруін: ағымдағы активтердің ұлғаюы еспті кезең ішінде ақша қаражжаттарының ағымын азайтады, ал бұл ақша қаражаттарының кетуін білдіреді. Ал ағымдағы активтердің кемуі, керісінше, есепті кезең ішінде ақша қаражаттарының ағымын көбейтеді де, ақша қаражаттарының келуін білдіреді.
  • Ағымдағы міндеттемелердің (қысқа мерзімді банк несиелерінқоспағанда) сомасының өзгеруі: ағымдағы міндеттемелердің өсуі есепті кезең ішінде ақша қаражаттарының ағымын көбейтеді де, ақша қаражтттарының келуін білдіреді. Ағымдағы міндеттемелердің кемуі есепті кезең ішінде ақша қаражаттарының ағымын азайтады да, ақша қаражаттарының кетуін білдіреді.

Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтерді иемдену мен сату.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді дайындаудың екінші этабы болып инвестициялық қызметтің нәтижесінде болған ақша қаражаттарының қозғалысын анықтау табылады. Бұл этапта инвестициялық қызметті ақша қаражаттарының ағымының келуі мен кетуінің әрбір жағдайы бойынша қарастыру қажет. Инвестициялық қызмет негізінен бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтер бөлімінде бейнеленеді. Оған сонымен қатар бухгалтерлік баланстың ағымдағы активтер бөліміндегі қаржылық инвестициялар арқылы жасалған операциялар жатады. Инвестициялық қызмет кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде акцияларды, негізгі құралдарды және тағы да басқаларын сатудан түскен табыстар немесе шыққан шығындар көрсетілген жағдайда бейнеленеді.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттарының қозғалысының мысалы келесідей болып келеді:

  • Ақша қаражаттарының ағымының келуі: материалдық емес активтерді сатудан түскен ақшалай түсімдер, негізгі құралдарды және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен ақшалай түсімдер, қаржылық инвестицияларды сатудан түскен ақшалай түсімдер, басқа да түсімдер.
  • Ақша қаражаттарының ағымының кетуі: материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, қаржылық инвестицияларды сатып алу, басқа заңды тұлғаларға несиелерді ұсыну, басқа да төлемдер.

Қаржылық қызмет - заңды тұлғаның меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшерінің өзгеруі нәтиже болып табылатын қызметі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді дайындаудың үшінші этабы болып қаржылық қызметтің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттарының қозғалысын анықтау табылады. Бұл этапта қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиторлық борыштардың шоттары қарастырылады. Талдау кезінде төленген дивидендтер туралы ақпарат пайдаланылады.

Қаржылық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысының мысалы болып келсілер табылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БУХГАЛТЕРЛІК ПРОГРАММАЛАРҒА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Қаржылық құралдары мен әдістері
Қаржының мәні. Қаржыландырудың көздері
Қаржылық бақылау
Қаржылық есеп беру негіздері
Қаржылық бақылауды ерекшеліктері
Қаржылық бақылаудың әдістері
Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
Экономикалық қатынастың есепке алу
Бухгалтерлік есептің әдістемелік негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz