Ауыз судың сапа стандартының талаптарын зерделеу


Мазмұны
І. Кіріспе . . . 2
І. Жер асты суының қалыптасуы және режимі . . . 3-4
ІІ. Зерттеу бөлімі
ІІ. 1. Әлемдік су қоры . . . 4-5
ІІ. 2. Жердің таяу қабатындағы жер асты суының адам ағзасына әсері . . . 5-6
ІІІ. Қорытынды . . . 7-8
ІV. Әдебиеттер тізімі . . . 9
1
Жобаның өзектілігі: Жергілікті жердегі шешімін таппай отырған ауыз су мәселесіне тоқталып, өзіндік пікір ұсыну.
Мақсаты: Жергілікті жердегі жер асты суының адам денсаулығына әсерін дәлелдеу
Міндеттері:
Жер асты суының қалыптасуы, режимін зерттеу;
Ауыз судың сапа стандартының талаптарын зерделеу;
Ауыл уйлерінен ауыз суды қанша тереңдіктен пайдаланатынына зерттеу жүргізу;
Ақпарат пен зерттеулер нәтижелерін талдау.
Теориялық маңыздылығы;
Жергілікті жердегі жер асты суы суының қасиеттерін зерттеп, салауатты өмір салтына үлес қосу.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Денсаулықты сақтау, ауыз судың құрамын білу, пайдалану мүмкіндігін анықтау, арнайы нұсқаулық дайындау.
Нәтижесі:
- Жергілікті жердегі пайдаланылатын жер асты суының тереңдігіне қарай құрамының ерекшелігі анықталады. Анықталған ауыз су құрамы арқылы ауыл тұрғындарына кеңестер беріліп, орталықтандырылған павильон жұмысына түрткі болып, әр үйде суға фильтр орнату туралы түсінік жүргізіледі.
- Ауыз суды тұтынушылар келешекте дұрыс таңдау жасауға үйренеді.
Кіріспе Жер асты суының кен орны - жауын-шашынның, өзен суларының жерге сіңуінен пайда болатын жер асты суларының шоғырланған орны. Судың сапасына, химиялық құрамына, температурасына қарай тұщы, ашқылтым, термальді, шипалы, өндірістік қазба байлықты су кен орны болып бөлінеді. Ал қалыптасу жағдайларына қарай өзен арналарының грунт сулары, тау жыныстарының жарықшаларының, карст қуыстарының грунт сулары, артезиан алаптарындағы арынды сулар, тектоникалық жарықтардағы сулар, тау етегіндегі ысырынды конус сулары, құм массивтерінің грунт сулары, т. б. болып бөлінеді. [1 ] Ең ірі жер асты суының кен орындары таулы аудандарға жанаса орналасқан қиыршыққұм, шағылқұм, малтатастардан құралған ысырынды моллас кешендерінде, өзен арналарының аллювиальдік шөгінділерінде, ірі артезиан алаптарында кездеседі. Жер бетіне таяу (10 - 30 м) жатқан жер асты суының кен орындары өзен арналарындағы аллювиальдік шөгінділерде орналасқан. Термальді су кен орындары, негізінен, тереңде жатқан артезиан сулы қабаттарда, кейбір таулы аудандардың тектоникалық жарықтарында таралған. [1] Қазақстанда 623 жер асты суының кен орындары зерттеліп, қоры анықталған. Жер асты суының кен орындары елді мекендерді, қалаларды, ірі өндіріс орындарын, санаторий, профилакторийлерді ауыз сумен, емдік қасиеті бар минералды сулармен қамтамасыз етуге пайдаланылуда. Жер асты суын қорғау - жер асты суын жинауға арналған құрылыстарды пайдалану тәртібі оның қорларының сарқылуын болдырмауға тиістілігін қадағалау. Сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты сулары түзілетін және олар жатқан жерлерде қатты және сұйық қалдықтар, төгінділер жинағыштар құрылысын орнатуға, сондай-ақ жер асты суларын ластау көзі болып табылатын басқа да нысандарды салуға жол берілмейді.
2
І. 1 Жер асты суының қалыптасуы және режимі.
Жеr асты суы дегеніміз жер қыртысының жоғары бөлігіндегі сулар. Жер асты суының біразы атмосфералық жауын шашыннан құралады. Екінші жолы атмосферадағы су булары жерге сіңіп салқындағанда су тамшыларына айналады. Мұндай жағдайлар көбінде шөл мен шөлейттерде кездеседі. Үшінші жолы судың өте аз бөлігі жер астындағы балқыған магмадан су буының бөлінуі арқылы пайда болады. Суды жер қыртысындағы тау жыныстарының әр түрлі өткізетін қабаттары бар. Құм, қиыршық тас, малта тастар су өткізгіш қабатты құрайды. Су өткізбейтін қабат саз, гранит, құмтас, сазды тақтатас жыныстарынан тұрады. [2 ]
Бұл суреттен жер асты суының орналасуын көреміз. sу өткізбейтін бірінші қабатқа дейінгі су еспе суы деп аталады. Еспе суының деңгейі бірқалыпты болмайды. Ол қардың еруі, жаңбырдың жаууына, булану мөлшеріне де байланысты біресе жоғарылап, біресе төмендеп тұрады. Бұл еспе суының деңгейі кейбір аймақта жер бетіне таяу, кейбір аймақта (мысалы шөлді. Құмды құмдауытты аймақта ондаған метр тереңдікте жатады. Еспе суының деңгейін ауыз су алатын құдықтан байқауға болады.
3
Егер су өткізбейтін бірінші қабат белгілі бір жаққа қарай еңіс орналасса, онда су осы қабаттың бағытымен төмен қарай ағып, жер бетіне бұлақ, бастау болып шығады.
ІІ. 1. Әлемдік су қоры.
Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985 мың км. Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп жер бетіне жәйсақ, оның қалыңдығы шамамен 2, 5 км болар еді. Жер бетіндегі әр түрлі мақсатқа пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қанша, қалай пайдаланса да аздық етпейді. Бұл жердегі проблема ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе тұщы судың мол қорында емес. Оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға болмайды. Таза су ішпеген адамнан дені сау ұрпақ тарамайды. Сусыз ас болмайды, сусыз күн көру мүмкін емес. [4 ] Жер асты су қорын мен «нәзік ресурс» деп айтар едім. Себебі, қазіргі техниканың, ғылымның өркендеген заманында таза суды оңай құртып, бүлдіріп алуға болады. Қалпына келтіруге үлкен күш, қаражат керек. Қазақстанның жер асты су қоры мол. Біз елдегі ауыз су проблемасын өзіміз жасап отырмыз десекте болады. Гидрогеологтарымыздың республика бойынша тәулігіне 17 мың текше метр су беруге мүмкіндігі бар деген сөз. 494 жер асты су көздерін ертеде тауып қойған. Тек барлығы қаржы мәселесіне тіреледі. БҰҰ ның болжамдары бойынша жер бетіндегі тұщы судың жетіспеушілігі атмосфераның глобальды жылынуынан да көп проблема туғызуы мүмкін. [4 ] Жеr асты суының қоры - жер асты суларының көп жылдар бойы шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын, үздіксіз жиналып, толығып отыратын мөлшері. Ол табиғи қор, табиғи ресурс, пайдалану қоры болып бөлінеді. 4
Табиғи қор - геологиялық мерзімде немесе көп жылдар бойы сулы қабаттарда, гидрогеологиялық құрылымдарда жиналған су мөлшері. Табиғи ресурс - жауын-шашынның, өзен суларының Жер бетінен оның астына әр мезгілде әр түрлі мөлшерде сіңуіне, Жер бетінің көп жылдық мерзімде ылғалдану режиміне сәйкес жер асты суының толығып отыратын бөлігі. Жер асты суының пайдалану қоры - аумағы белгілі сулы қабаттардан белгілі бір уақыт бойы, техникалық-экономикалық тұрғыдан тиімді түрде арнаулы су қабылдағыштар арқылы тәулігіне алынатын судың мөлшері. [4] Олар халық шаруашылығындағы маңыздылығына, экономикалық тиімділігіне байланысты баланстағы және баланстан тыс қорлар болып 2 топқа бөлінеді. Зерттеліп барланғаннан кейін жоғары сапалы жер асты су қоры мемлекеттік балансқа алынады. Балансқа алынған су қорын пайдалану экономикалық жағынан тиімді болады.
ІІ. 2. Жердің таяу қабатындағы жер асты суының адам ағзасына әсері.
Jердің таяу қабатындағы жер асты суы шөгінді, борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін толтырып жатады. Жер бетіне таяу жатқан жер асты суын қалқыма деп те атайды. Ол кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, жер бетіне ең жақын жатады. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. [4] Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады.
5
Жауын көп жауған жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Еспе суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Таяз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1, 5 - 2 метр және оданда көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да өзгеріп отырады. Gер асты суларының иондық - тұздық құрамы жер асты суларының тау жыныстармен, топырақпен және газдармен әрекеттесуі (шаймалану, булану, конденсациялану, иондық алмасу, организмдердің тіршілік әрекеті және т. б. ) нәтижесінде қалыптасатын химиялық құрамы. Табиғи табиғи суларда, диссоциацияланбаған молекулалар (соның ішінде газдар) және коллоидтер түрінде болатын 60-тан астам элементтер анықталған. Алайда олардың кейбіреулері ғана едәуір мөлшерде болады. Мұндай элементтердің қатарына жай иондар түрінде (Na+, Са+, Mg2+, Сl+) қатынасатын натрий, кальций, магний және хлор, сондай-ақ күрделі иондар диссоциацияланбаған молекулалар мен коллоидтер және еріген газдар түрінде болатын көміртек, азот, сутек жатады.
Aталған элементтердің бәрі " дм 3 өлшенетін мөлшерде кездеседі. Олардың кейбіреулерінің 1 дм 3 -дегі мөлшері көбінесе ондаған, кейде жүздеген грамға жетеді. Әдеттегі табиғи сулардағы элементтердің көпшілігі өте аз мөлшерде (1 дм суда ондаған микрограмм) кездеседі. Мүндай элементтерге мырыш, мыс, қорғасын, молибден және басқада көптеген микроэлементтер жатады. Табиғи суларда бейорганикалық қоспалармен қатар еріген органикалық заттар да болады. [1] Жер асты суларының химиялық түрлері - оларды құрайтын аниондар мен катиондар мөлшерінің арақатынасы. Судың химиялық түрін атағанда,
6
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz