Қазақ халқының мақалдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АҚСУАТ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ

Секция: Әдебиет

Жоба тақырыбы: Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер

Жоба авторы:
Жанабаева Дильназ Дәуренқызы
Сасан би атындағы орта мектебіКММ
10-сынып оқушысы
Жоба жетекшісі:
Есалиева Урбигул Тагабаевна
Абай облысы білім басқармасы
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
Сасан би атындағы орта мектебіКММ
Педагог ұйымдастырушы

2022-2023 оқу жылы
Мазмұны:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
ІІ. Негізгі бөлім
1. Б.Момышұлы нақыл сөздеріндегі халықтық тәлім-тәрбие ... ... ... ... ... ... ..5
2. Батырдың нақыл сөздері - қаһармандық үлгі, ұлттық намыстың
қайрағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
3. Ұлттық рухты оятқан қанатты сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 23
ІІІ. Қорытынды
Бауыржан мұрасы - ұлттың ұлы оқулығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ІV. Пайдаланылған әдебиетері
Абай облысы білім басқармасы Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің Сасан би атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10-сынып оқушысы Жанабаева Дильназ Дәуренқызының Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы нақыл сөздер тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысына

ПІКІР
Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы нақыл сөздер атты тақырыпта біраз уақыттан бері ізденіс жүргізуде. Қарастырылған жобада,
ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын - ақыл, ар, ерік-жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез-құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т.б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, берісі Мұстафа Шоқайдың ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау үшін қаһарман батыр шығармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні зор.
Нақыл сөздеріне назар аударып, зер салған жас ұрпақ жаһандану кезеңінде тура жолдан таймай, оптимисттік қабілетін арттырады. Ұлттық рухқа қаныққан оқырманның патриоттық сезімі мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін нығайтады.
Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы нақыл сөздер тақырыбын одан әрі жүргізетініне, нақыл сөздері жас ұрпақтың көкейінде жүретініне сенім білдіремін.

Мектеп директоры Ж.Қабдолова
Жоба жетекшісі У.Есалиева

АННОТАЦИЯ
Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, халқымыздың Бауыржандай перзентінің шығармаларындағы нақыл сөздерін теріп, тақырыптарға топтастырылған.
Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау үшін қаһарман батыр шығармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні зор.
Нақыл сөздеріне назар аударып, зер салған жас ұрпақ жаһандану кезеңінде тура жолдан таймай, оптимисттік қабілетін арттырады. Ұлттық рухқа қаныққан оқырманның патриоттық сезімі мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін нығайтады.

Аnnotation
This is a research work, which contains proverbs and sayings from the works of Bauyrzhan Momyshuly, grouped by topic. Of great educational importance are the sayings of the National Hero about duty to the Motherland and civic duty. The younger generation in the period of globalization, studying sayings to increase their ability to be optimistic. The reader imbued with the national spirit increases the sense of patriotism and responsibility to the state.
Кіріспе
Баукеңнің телегей-теңіз тағылымы - болашақтың, таяу
мыңжылдықтың әңгімесі.
Хамит Ерғалиев

Бауыржан Момышұлы - жалпы адам баласының, абзал қасиеттерi бар азамат тәрбиесін отыз ойланып, тоқсан толғанған парасатты ойшыл. Мәңгілік даңқ тұғырына қондырылған Алаш елiнiң жиырмасыншы ғасырдағы бас батыры, біртуар ардағы Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан Соғысы кезінде үлкен ерлiк көрсетіп, артына өшпес iз қалдырды. Батыр бойындағы намыс пен өр мінез оның қайталанбас ерлігінен ғана емес, шығармаларынан көрініс табады. Осы орайда Қазақты тану үшін, алдымен, Абай мен Бауыржан ілімдерінен сусындау керек... деген ғалым Мырзахмет Мекемтасұлының сөзін ерiксіз еске түсiресің.
"Қара шаңырақ" деген қазақтың киелі ұғымын Баукеңнің өзi де керемет қадiр тұтып, "Ұшқан ұя" деп қастерлеп, перзенттік парыз махаббатымен аялаған. Әр қазақ бүгiнде батыр Бауыржанның, дана Бауыржанның, қамқор ата һәм қатал әке Бауыржанның рухына тағзым етеді. "Мой Бауырджан" деп Алаштың ардақты азаматы Олжас Сүлейменов айтқандай, көкбайрақты қазақ жұртында әркімнің кеудесін күмбірлеткен өз Бауыржаны бар. Себебі, көзi тірiсінде, орда бұзар отыздан асар-аспасында-ақ ерлiгi мен өрлігі, ерендігі мен өрендігi аңызға айналып үлгерген Бауыржан - жалпы ұлттық дәрежедегі қаһарман ғана емес, кең тынысты суреткер де болды. Оның қаламынан туған түрлi тақырыптағы туындыларымен қалың оқырман әлi күнге дейін таныс та емес. Жазушының аузынан шыққан нақыл сөздер бүгінде ел аузында жатталып та қалды. Тіпті халықтық мұраға айналып кетті десек болады. Осы ретте белгілі ақын Сырбай Мәуленовтің Бауыржан өлеңдерінде Махамбет сарыны басым. Махамбеттің өткір шешендік мақамдарын, күшті пафосын Бауыржан көбінесе өзіне өнеге тұтатын сияқты... Әрбір ақынның өлеңінен өз мінезі жалт етіп көрініп жатады. Бауыржан өлеңдерінде де өзінің айбарлы үні асқақ шығып тұрады - деуін оның тек ақындық өнеріне ғана емес, бүкіл шығармашылығына берген бағасындай. ...Ұлы Отан соғысындағы қазақ халқының ұстанымын, орнын көрсететін батырлар көп болды, дегенмен оны Б. Момышұлынсыз елестету мүмкін емес. Соғыстан кейін де Б. Момышұлы өзінің азаматтық ұстанымы, жазушылық қасиетімен жоғары дәрежеде қалды дейді тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелді. Ал қаһарман жазушының шығармалары бүгінгі таңда зерттеуді қажет етеді.
Бауыржан Момышұлы - даңқты қолбасшы, КСРО-ның жоғары әскери академиясының профессоры, ұлтын сүйген патриот болуымен қатар, қазақ халқының ұлттық рухын қорғауда қаламды қару еткен қайраткер жазушы. Оның өнегелі өмір жолы, әскери портреті талай қаламгердің қаламымен өрнектелген. Олардың ішінде әдеби көркем шығармалармен қатар естеліктер, ғылыми еңбектер де кездеседі. А. Бек, А. Кривицкийден бастап, М. Әуезов, Ә.Әбішев, М.Ғабдуллин, Ш.Мұртаза, Е.Ысмайылов, Ә.Нұршайықов, Ш.Елеукенов, М.Мырзахметұлы, Б. Момышұлы (ұлы), З. Ахметова, Қ.Ергөбек т.б.ғалым-жазушылар қалам тербеп, батыр бейнесін сомдауда үлкен еңбек сіңірді.
Шығармаларында қазақ ұлтының өзіндік дүниетанымы, қайталанбас салт-санасы мен әдет-ғұрып, менталитеті көрініс тапса, нақыл сөздерінде бүгінгі таңдап алынған тақырыптың тұздығы берілген. Ұлттық тәрбиеге қанып өскен жазушы ұлттық мәдениетті терең біліп қана қоймайды, оны сақтап, қорғау қажеттігін де биік ой талғамымен ұғынып, оқырманға ұсынады.
Ұлттық тағылымды түсіну үшін шығармаларындағы нақыл сөздерді талдау қажеттілігі туындап, мағыналарына қарай топтастырылды. Мақалы мен қанатты сөзінің әр жолын алсақ та айтпақ ойы айқын: адалдық, мейірімділік, жомарттық, ұстамдылық, ар-намыс, ел қамын ойлау. алға қойған мақсаттарымызға қарай төмендегіше міндеттерді атқардым: нақыл сөздерін теріп, өз ішінен батыр жазушының өз нақыл сөздерін ажыратып, қанатты сөздерін бөлек топтастырып, 11 тақырыпқа жинақтап, жүйеледім.
Кезінде отаршылдық саясаттың рухани әлемді тұншықтырып, ұлтты мәңгүрттендіруден басталатынын түсінген кемеңгер жазушы өз шығармасында оқиға желісіне жымдастыра суреттеу арқылы нақыл сөзбен түйіндеп, тұжырым жасайды және насихат жүргізуді мақсат тұтады.
Қазіргі таңдағы ұлт тірегі - халықтық дүниетанымға негізделген, өміршең, көркемдік қуаты терең туындылар арнайы қаулылармен тұйықталса, ұлттық идеологияның қайнары болған Бауыржанның мақалдары мен өсиеті келешекте де ұлт мүддесіне қызмет ете береді.

Зерттеу бөлімі
1. Б.Момышұлы нақыл сөздеріндегі халықтық тәлім-тәрбие.
Бауыржан Момышұлы өзінің адами, азаматтық болмысын бірауыз өлең жолымен танытқан.
Қаһарман жазушының болмысын сөз еткенде, ең алдымен, айқын танылары, батырлық қасиеті екені белгілі. Батырлығы - Отанын сүйген, елі үшін жаны күйген, ұлт тағдыры үшін қандай қиындыққа болса да қарсы тұрар қаһармандық болатын. Ал Бауыржан Момышұлының аты аталғанда, екі бірдей бейне көз алдымызға келеді. Бірі - батырдың, екіншісі жазушының бейнесі. Бойынан осы қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде халқының асқан ардақтыларының бірі болары анық. Бауыржанның тұғырлы тұлғасында батырлық пен жасампаздық сипат бір-бірімен ғажап бірлік тауып, тұтастыққа айналған.
Адамдық парызын дала философиясымен үндесе отырып, халықтық тәлім-тәрбиеден іздеп, ұрпағына ой салған жазушы өз шығармаларында тарихи маңызы мен тәрбиелік құндылығын жоғалтпайтын оқиғаларға басты назар аударады. Шығарманы қызықты етеміз деп, біз кейде құр оқиға қуалап кетеміз. Шығармаларымыздың елеулі кемшілігінің бірі, міне, осында [4] деп ескерткен еді жазушы. Тумысынан асқан дарынды өзі үшін мүлде қиын да күрделі, халық даналығында айтқандай Инемен құдық қазғандай азапты тірлікке бет бұрып, сәтті туындыларды сыйға тарта білді.
Адам қайраты, Қанмен жазылған кітап, Москва үшін шайқас, Ұшқан ұя шығармаларымен қатар, естелік кітаптарға қосымша газет-журналдарда жарияланған мақалалардан нақыл сөздерді жинақтаған болатынмын. Жұмысымның зерттеу бөлімі қазақ халқының мақал-мәтелдеріне арналған.
Жоғарыда аталған шығармалар бойынша жазушы қолданысынан төмендегі тақырыптар бойынша қазақ халқының мақал-мәтелдерін көптеп кездестірдік.

Ерлік пен жаужүректік туралы

Адам туралы Тіл және сөз

Қазақ халқының мақалдары
Қазақ халқының мақалдары
Ел,Отан туралы Ақиқат пен шындық туралы

Білім,ақыл және ізгілік,адамгершілік туралы Еңбек және бірлік туралы

Айталық, Адам қайраты кітабында Түсі жақсыдан түңілме, Төртеу түгел болса төбедегі келеді, Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді, Көз қорқақ, қол батыр, Білек бірді, білімді мыңды жығады секілді халқымыздың даналығы жиі айтылады. Қай мақалға талдау жасасақ та, мағынасы адалдық пен ерлік, ұлттық рухқа саяды. Мақалдарды тізбектегенде халық даналығына 45 мақалды жатқызып, 7 тақырыпқа топтастырдық. Тақырыптарының өзі халықтық тәлім-тәрбиеге үндейді. Әсіресе ержігіттің бойына ерлік пен елдікті дарыту, қыз бойына әдептілік пен ар-ұят қасиетін сіңдіру әр қазақтың жауапкершілігі болса, қаһарман жазушы оны сезіне білді. Аз жазса да, саз жазатын, жазушылық бағытқа жәй келсе де, көп дүние қалдырған шағармаларында Бауыржан Момышұлының жүрегі Әр қазақ-менің жалғызым деп соққаны айқын көрінеді.
Енді назарларыңызға Б.Момышұлының әңгіме, повесть, романдарынан жинақтаған қазақ халқы ауыз әдебиетінің мақалдарын ұсынамын:
1. Ерлік пен жаужүректік туралы
1.Қоянды қамыс,ерді намыс өлтіреді.
2.Күш-әкесін танымайды.
4.Азаматқа өмірден де ар қымбат,өлімнен ұят күшті.
5. Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.
6.Жығылған үстіне жұдырық.
7.Көз қорқақ,қол батыр.

2. Адам туралы
1.Сырлы аяқтың сыры кетсе де,сыны кетпейді.
2.Ағаш көркі-жапырақ,адам көркі-шүберек.
3.Баланы бастан.
4. Түсі жақсыдан түңілме.
5.Кісідегінің кілті-аспанда.
6.Қорыққанға қос көрінеді.
7.Түсі тәуірден түңілме.
8.Балалы үй ұрлығын жасыра алмайды.
9.Көп жасағаннан сұрама,көп көргеннен сұра.
10.Аяз би әліңді,құмырсқа жолыңды біл
11.Сабырлы жетер мұратқа,сабырсыз қалар ұятқа.
12.Ұяда нені көрсе,ұшқанда соны іледі.
13.Ұлың өссе ұлы жақсымен,қызың өссе қызы жақсымен ауылдас болғын.
14.Бір құмалақ,бір қарын майды шірітеді.
15.Он үште отау иесі.
16.Жетіге келгенше,бала жерден таяқ жейді.
3. Ел,Отан туралы
1.Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді.

4. Еңбек және бірлік туралы
1.Еңбек түбі рақат.
2.Төртеу түгел болса төбедегіні алады.

5. Білім,ақыл және ізгілік,адамгершілік туралы
1.Білек бірді,ақыл мыңды жығады.
2.Қалауын тапса қарда жанады.
3.Қаға білсең киіз қазық та жерге кіреді.
4. Өлімнен ұят күшті
5.Жаным-арымның садағасы.

6. Ақиқат пен шындық туралы
1.Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше,
Шындықтың уын ішіп өлген артық.
2.Шын айтпай,сын айтпа.
3. Өтірік - зиян, кесір.
4. Өтірік - барып тұрған зиянды у.
5. Шындық ақиқатты түсіндіруші.
6. Біздің нақты болмысымыз - шындық.

7. Тіл және сөз құдіреті туралы
1.Сөз жүйесін,мал иесін табады.
2.Жылататын да,жұбататын да сөз.
4.Жаман айтпай-жақсы жоқ.
5.Сөз тапқанға қолқа жоқ.
6.Жақсы сөз-жарым ырыс.
8.Сөз сүйектен,таяқ еттен өтеді.
...Ой толқынының шалқуы асау теңіздің шалқуынан оңай емес! Бір толқын бір толқынды қуа жөнелгенде шапшып, өрлей көтеріліп, көбіктене долданып барып, екінші толқынға барып соққанда таспен ұрғандай өзіңді лік-лік төмен тастап жібереді. Зымыратып зынданның түбіне бір-ақ түсіреді! -деген батыр, шынымен де жан дүниесі бай, айтар ойы мол, ақылдылықты өсиет етіп, адалдықты жаны сүйгенін шығармаларын оқып отырып-ақ аңғаруға болады.
Ұшқан ұя, Москва үшін шайқас повесть, романы шоқтығы биік, тәлім-тәрбиенің тұнып тұрған тұнығы іспеттес. Жазушының қыр-сыры ашылып, күллі дүниені Бауыржанның қабылдауы сезім-түйсігі арқылы өтеді. Сонымен бірге бұл оның творчестволық тұлға ретінде қалыптасуы көрініс тапқан. Қай шығармасында да басынан өткен оқиғаларды оқырманға әдемі тілмен жеткізе отырып, реалисттік көзқарас пен шынайы болмысты ашық көрсетіп, шынайылық тудырады. Халықтық тәлім-тәрбиенің түп тамыры атам заманнан бергі нақыл сөздері болса, соның ішінде Б.Момышұлыдай дарынды ұлдың шығармаларының орны ерекше.
Ұшқан ұя повесі - автобиографиялық шығармасы қаламгердің өмірбаяндық деректемесі ғана емес, оқушыны қиял қуаты, ой тереңдігімен ойландыра алатын көркем туындысы. Ой тереңдігі - ақыл, ар, ерік-жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез-құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш секілді қасиеттерімен анық көрініс табады. Жазушы материеһал жинап әуес болмайды, қайта оқырманға өз басынан кешкендерін көңілге тоқып, көкейге түйгендерін жазу арқылы үлгі болады. Жетіге келшенше, бала жерден таяқ жейді, Он үште отау иесі [секілді мақалдардан әр жас жастайынан тәрбиеге қанық болып өсуін, жауапкершілікті сезінуі хақында жазса, Жақсы сөз - жан семіртеді мақалы арқылы мақтан сөзге масаятын ақымақтың ісі екендігін көрсетеді.
Мен бір жан өмірімнің өзі дастан,
Ыстық, суық ғұламнан көзін ашқан.
Көктемдей құбылмалы мінезім бар,
Мейлің күл, мейлің илан, мейлің жасқан - деп жырлаған Б.Момышұлы теңіздей терең сырға толы өмірінің бір сәттік көрінісін жырларына арқау ете отырып, тұтастай тұлғаның өшпес өнегелі өмір дастанын әдемі сөздермен әсерлі кестеледі. Бұған нақыл сөздерінің де әсері бол. Қашан да Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - мақал екендігін ескерсек, дана да дара тұлға өз шығармаларында шебер пайдалана білді.
Әр мақалдағы айтпақ ойы шығарма шырағданына айналған ізгі қасиеттерді үнемі кейіпкерлерін сөйлету арқылы қолданған. Әрине, барлық шығармаларында бірдей аталмағанмен, басты ойы руханият үлгілерінен алыстап бара жатқан ұрпақ тағдырына алаңдаушылық білдіріп, ұлт діңгегіне түскен жегі құрт - орыстандыру саясатының қатерлі сипат ала бастағанына қауіп етеді. Осы мақсатта халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қайта жаңғыртады. Салт-дәстүр, ауылдағы келеңсіз жағдайлар мен адам бойындағы кертартпа мінездер, сондай-ақ шешендік сөздер мен нақыл сөздер көрініс тапқан. Елді елдігінен, ағайынды адалдығынан айыруға бағытталған зымиян саясатты сол кезден аңғарғаны көрінеді. Бұл ретте жазушының рухани нәр алған қайнар көздерінің бірі - халқымыздың сарқылмас бай фольклоры. Қаламгердің: Мен әдебиетті жақсы көремін. Көзімді ашқаннан халықтың ауыз әдебиетімен ауыздандым, рухани тұшындымдеуі осының дәлелі.
Оқырманға кейіпкер бейнесімен қатар сөзі арқылы әсер еткен жазушы құпиясының бірі де осында. Қайбір халық даналығынан алынған мақалдарын алып отырсақ, "еш уақытта өз күшіңмен білім парасатыңды алдын ала салмақтамай, құр бос сенімге алданба", бойыңа сенбе,ойыңа сен, мақтанға ерме, тірлігіне ер деп тірліктің қызығы тек еңбек дегенді де аңғартады.

2.Батырдың нақыл сөздері - қаһармандық үлгі, ұлттық намыстың қайрағы.
Әр қазақ бүгінде батыр Бауыржанның, дана Бауыржанның, қамқор ата һәм қатал әке Бауыржанның рухына тағзым етеді. Сұрапыл соғыс кезінде және одан кейінгі ондаған жылдарда бар қазақтың намыс қайрағындай мақтанышы болып, елі мәңгі сүйсініп айта жүрер Ерліктің ерен жырын жасындай ойнатып, дауылдай сапырған Бауыржан батырдың жұлдызы туған елінің көгінде мәңгі жарқырап тұра бермек. Уақыттың мәңгілік, бақилық кеңістігінде оған пендешілік шаңы жұқпайды. Қала берді, Бауыржан бүкіләлемдік, күлліғаламдық күрделі де сирек құбылыс - тардың санатына қосылады. Қаламгердің өзінің бір сөзі бар: "Сексен мен жүздігімді ұрпақ атар, - Тарихтың түкпі - рінен сөз келгенде". Жүз жылдығын атап өткен батыр бабаның шығармалары әлі де болса зерттеуді қажет етсе, соның бірі - нақыл сөздер.
Жазушылық қырынан бөлек алып отырған бұл бөлімнің негізгісі өз жанынан шығарылған нақыл сөздер. Баукеңнің өмірі - қаһармандық үлгісі, ұлттық намыстың қайрағы. Сөнген жұлдыздардың жарығы миллиондаған жылдарға жетсе, туған халқы үшін, кейінгі толқын ұрпақтары үшін қазақтың бас батыры Бауыржан өнегесі таусылмақ емес. Қаламгердің асуы - Алаш айбынын, мәртебесін асыра түсері сөзсіз.
Бұл ретте жазушыны патриот ретінде ғана емес, кемеңгер, ойшыл ретінде де танытуға біраз жұмыстар жүргіздім. Нәтижесінде 11 тақырыпқа бөлінген нақыл сөздерін төмендегіше топтастыруды жөн көрдім.
1. Ерлік пен жаужүректік туралы
1.Қоянды қамыс,ерді намыс өлтіреді.
2.Ерлік ер басына жүре бітетін қасиет.
3.Күш-әкесін танымайды.
4.Ханның еркесі болғанша,жігіттің серкесі бол.
5.Мақтаныш- ерлік анасы.
6.Әсерсіз-қолбасшы қауқарсыз,басшысыз-әскер қауқарсыз.
7.Сын ерді шыңдайды,қорқақты қинайды.
8.Азаматқа өмірден де ар қымбат,өлімнен ұят күшті.
9.Ерлік елеусіз қалмасын,олжа-елге,атақ-ерге сауға.
10.Тәуекелсіз ерлік жоқ.
11.Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.
12.Бірі бәрі үшін,бәрі бірі үшін.
13.Ерлікті таба білу,ерді тани білу.
14.Соғыс-халықтың күш-қуаты,ерлік жігерін сынайтын ұлы емтихан.
15.Ердің Еділ тобығынан келмейді,
Қорқақ қаққа шеңіп өледі.
16.Әдіссіздік-әлсіздік,
Ептілік те ерлік.
17.Қырағының өзі де,көзі де батыр.
18.Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бергін.
Бұқсақ-сұқты,
Тығылсақ-тықты,
Именсең-езді,
Өлдім дей бергін.
19.Анадан ешкім батыр болып тумайды.
20.Ана үшін аянба-ант ұрады,
Бала үшін аянба-бетің күйеді,
Ел үшін аянба-ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба-жігітіңе сын.
21.Тәртіп тән үшін,ынтымақ жан үшін керек.
Тәртіпке бас иген құл болмайды.
Тәртіпсіз ер болмайды.
22.Елсіз ер бола ма?
Жұртсыз жігіт бола ма?
Ерлік елдің қасиеті,
Жүректілік жігіттің қасиеті.
23.Қол қашса қолбасшы боққа да жарамайды.
24.Біреу батыр юолғанша,мың батыр болсын.
25.Жалғыз батыр-жалғыз жан,
Майданға тұлға бола алмайды,
Азынап жалғыз арыстан,
Орманды билеп ала алмайды.
Жалғыз батыр болғанша,
Жалпы батыр болғаны,
Ел сипаты, ер сыны
Әрине батыр-батыр ғой
Бастаған батыр-ер пірі.
26.Мен істедім дегенше,
Мың істеді десеңші,
Мың істеді дегенше,
Ер істеді десеңші,
Ер істеді дегенше,
Ел істеді десеңші.
Мен мыңдікі болмасам,
Ер елдікі болмаса,
Кім істеді дер едің?
27.Шегініп серке болғанша,
Секіріп теке болғын.
28.Ерді ел үшін,
Жігітті жұрт үшін мақта.
Ежелден ер тілігі-ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса-ел тірегі.
Қол жайып шын ниетпен берген бата,
Шаршаған жауынгерге бел тірегі.
29.Жығылған үстіне жұдырық.
30.Ерлік-елдің қасиеті,жүректілік-жігіттің қасиеті.
31.Жиырма жас-тарихи ерліктер жасайтын шақ,осыған әрқашанда әзір болу керек,
32. Қайрат - қамал бұзады.
33.Көз қорқақ,қол батыр.
34. Ерлік - тәрбие жемісі.
35. Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.
36. Солдаттың анасы - Отанның анасы.
37.Соғыстың заңы - өте қатал заң.
38. Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір!
39. Берік болмай ерік жоқ.
40. Өжеттіліктен не пайда,
Ерлігі мен ақылы
Көпті батыр етпесе.
41. Жауыңды жапыра біл,
Баудай түсіре біл.
42.Ұрыста тәуекел ету де - ерлік.
43.Әрқашан әскери ар-намысыңды сақта,
солдаттық борышыңа адал бол.
44.Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары
Қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәні
Қазақ халқының ауыз әдебиеті
Тәрбие үрдісінде мақал - мәтелдерді пайдалану
Ұлттық құндылықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі
Мақал-мәтелдер-халық творчествасының төл жемісі
Мақал - мәтелдер. Мақал — нақыл сөз
Мақал-мәтелдер
«Қазақ және ағылшын тілдеріндегі (адам, қоғам, табиғат) мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты»
Шағын жанрлар
Пәндер