Фаст - фуд өнімі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Baiterek.school.kzмектебі

Ғылыми жоба
Тақырыбы:Фаст-фуд тағамдарының адам ағзасына әсері
Бағыты: Жаратылыстану
Оқушының аты жөні: Батырхан Шұғыла
Сынып: 7
Жетекшісі: Сариева Асем Альтаевна

Қызылорда 2022 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1 б

І. Әдебиеттерге шолу

0.1 Фаст-фуд тағамдарының қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 б

ІІ . Негізгі бөлімі:
2.1 Фаст-фуд тағамдарының құрамы және адам ағзасына әсері ... ... ... .. 5 б

2.2 Фаст-фуд тағамдарының оң және теріс жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... 8 б

2.3 Фаст - фуд тағамдарын көп қолданғаннан пайда болатын аурулар ... 10 б

ІІІ. Зерттеу бөлімі:
3.1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы ... ... ... .. 12 б

3.2 Кириешки және Чипсы өнімдеріне және "коко-кола" сусынына сапалық реакция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14 б

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18 б

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21 б

КІРІСПЕ

Зeрттеу жұмыстың тaқырыбы: Фaст - фуд тaғaмдардың aдам ағзасына әсері
Фаст - фуд қазіргі заманның ажырамас бөлігі болғандықтан негізгі өзекті мәселе болып табылады. Қарқынды өмір салты сонымен қатар уақыттың тапшылығы қазіргі заман адамына асықпай, сүйіспеншілікпен отырып тамақтануға мүмкіндік бермейді. Күнделікті тамақтанудың орнына жақын маңдағы тамақтанатын жерден бизнес - ланч, пакеттегі жылдам еритін лапша, KFC тағамдары, бургер, донерлер, гамбургерлер немесе хот - догтар мен газдалған сусындар сияқты жеңіл тамақтармен тамақтануға тура келеді. Сондай-ақ қазіргі заманның сұранысына қарай фаст-фуд тағамдарын дайындайтын орындар кқптеп ашылуда. Осындай фаст - фуд тағамдарының адам ағзасына әсерін тәжірибе арқылы зерттеп және оқушылар арасында үгіт жүргізу арқылы жұмыстың өзектілігі анықталады.
Қазіргі кезде қалада кез - келген жерден тамақтануға болады. Көптеген жерлерде арнайы тамақтану орындар тұрғызылған, онда ыстық самсалар, қамырдағы тоқаштар, құймақтар және де басқа жеңіл тағамдар сатылады. Жалпытағам түрі көп. Негізінен, осы фаст- фуд қайдан шықты? Неліктен, олар ересектер мен балалар арасында танымал және сұранысқа ие? Дәрігерлер мен диетологтар айтқандай фаст - фуд адам ағзасына, денсаулығына, әсіресе балаларға шынымен зиян ба алде қауесет па? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, біз фаст - фудтың шығу тарихымен, дайындалу барысымен және құрамымен таныса отырып, жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалады.
Қазіргі кезде донер ,kfc-лер, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар өте көп және кез-келген жерде сатылады.. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар оның адам ағзасына қандай зияны бар екендігін белмейміз. Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст - фуд тез әзірленетін тағам қатарына жатады. Осындай тағамдармен тамақтану шын мәнінде адам ағзасына зиян ба?
Фаст - фуд өнімдерін жиі пайдалану зерттеу жұмысымның өзектілігі болып табылады.
Фаст - фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп - жеп жүрсе, кейбіреулер анда - санда ғана пайдаланады. Тамақты асықпай үйде дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, ол бізге қолайлы әрі бағасы және де дайындалуы жылдам әрі қымбат емес. Сонымен қатар дәмді. Алайда,адам ағзасына өте қауіпті. Соған қарамастан адамдардың көбі дайын асқа жүгіреді. Дәрігерлер фаст - фудтың қаншалықты зиян екендігін айтқанымен көптеген адамдардың жиі пайдалануы жұмыстың қарама - қайшылықтарын айқындайды.
Осы күні фаст - фуд тағамдары өмірімізді және де уақыт пен қаражатымызды әбден жаулап, аттап басқан әр қадамымызда алдымыздан шығатын болды. Осыған байланысты сіздерге фаст - фуд туралы қызықты фактілерді ұсынғалы отырмын.
Зерттеу нысаны: Фаст - фуд өнімі
Күтілетін нәтиже:
1.Фаст - фуд тағамдарының құрамын, адам ағзасына зиянын білу үшін көптеген әдебиеттерді, газеттерді, журналдарды қарау; мәліметтер жинау
2.Танымдық деңгейді арттыру және онымен бөлісу
3.Аурудың алдын - алу жолдарын қарастыру
4.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу;
5.Теориялық білімді өмірде іске асыру;
Бүгінгі өзімнің осы ғылыми жұмысымда осындай тағамдардың денсаулыққа зиянын оның қандай ауру тудыратынын насихаттау мақсатында көптеген жасаған зерттеу жұмыстарымның нәтижесімен таныстырғым келеді.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарымда келесі зерттеу әдістері пайдаланылды: іздеу (ақпараттар жинақтау), сауалнама ( әлеуметтік сауал), талдау ( жинақталған ақпараттарды салыстыру). Сұхбат алу.
Жұмысым келесі жоспардан құралған: кіріспе, негізгі бөлім үш бөлім, қорытынды, бір кесте, екі сурет, үш диаграмма, бір видео сұхбат пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І. Әдебиетке шолу
1.1 Фаст-фуд тағамдарының қысқаша тарихы
Фаст-фуд ұғымы (ағылшанша fast food - тез тамақтану) тез әзірленетін тамақтар. Фаст-фуд терминіді ең алғаш рет 1951 жылы Merriam-Webster сөздігіне енгізілген болатын.
1920 жылдары ең алғашқы фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болған. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер тағамын дайындаған болатын.. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, жіне де дәмі тіл үйірді, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald's компаниясы бой түзеді және де қазіргі уақытта танымал. Сол жылдан бастап McDonald's компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды. Бірақ тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартып, танымал болды.
Өткен ғасырдың 80 - 90 жылдары жүгіріп жүріп қоректену деп аталатын фаст- фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған болатын. Бірақ ақырғы уақытта ғалымдар дабыл соқты, ал қоғамдық ұйымдар зиянды тағамға белсенді қарсы шықты, дегенмен оны айдалану сейілер емес.
Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд долларға өсті. Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы. Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы LosAngelesTimes газетінде сөз болған еді. Қазіргі уақытта АҚШ-тың өзінде фаст-фуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің ең алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода қаласында ашты. McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған және де тағам дайындайтын ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады. Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2020 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді. Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептелді. Фаст-фуд тағамдарының таралуы алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.
Ежелгі римдіктердің гамбургері
Ежелгі дәуірде фаст - фуд айрықша сүранысқа танымалдылыққа ие болған. Егер ежелгі грек әйелдер өз отбас - ошақ қасында ас пісіруді дұрыс деп санаса, ежелгі римдіктер тағам дайындаудан мүлдем бас тартқан, тііпті кейбіреуінде ас үй де болмаған. Оның орнына әр қалада тіскебасар сататын орындар мен базарлар болған деседі. Ол жерде адамға керектің бәрі табылған. Ашытқымен иленген қамырдан пісірілген шелпектер үлкен сұранысқа ие болыған.. Оның бетіне зәйтүн майын жағып береді екен. Көп жылдар өте келе бұл шелпектің беті шұжық, көкөніске толтырылып, ірмшік ерітіліп, қазіргі кездегі итальяндық пиццаға айналды. Римдіктердің де өзіне тән гамбургері болған. Олар сиыр етін шелпекше майға қуырып, нанмен тіске басқан. Профессор Филипп Фернандес - Арместо өзінің Тағам тарихы кітабында статистикалық орта есеппен сол кездегі ежелгі римдік фаст - фудты қазіргі Нью - Йорк тұрғынынан да көбірек қорек ететіндігінен хабар берді. Айырмашылығы - дегенмен ежелгі римдіктердің асы қазіргі хот - дог пен гамбургерге қарағанда әлдеқайда пайдалырақ болған.
Басқа елдерде де фаст - фудқа құштар болыпты. Қытай елінде Доширак Биг бон пайда болардан бұрын базарларда тез дайындалатын ыстық кеспе сатылатын. Aл Үндістанда ащы соусы бар чапати деп аталатын тағам берген. Eуропада да әртүрлі тіскебасарлар болған, кейбір елдерде, мәселен, Pесейде бәліштер сұраныспен қолданылған.

ІІ . Hегізгі бөлімі:
2.1 Фаст-фуд тағамдарының құрамы және адам ағзасына әсері.
Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Tез дайындалатын тағам ас мәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты фри, картопты чипстер, ход-дог, kfc және сусындардың қатарына : Кока - кола, Пепси, Фанта, Mеринда, Сэвен - Aп, Спрайт және т.б. кеңінен таралуда. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көптеген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірсулар мен көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Tәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың бүкіл түрлері қолданылған. Яғни сусының дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін.
Tәтті сусын қауіпті аллерген болып саналады. Tәтті газдалған сусында көп мөлшерде қант қолданылған. Cондықтан бұндай сусындар қан диабетімен ауыратын адамдар үшін өтте қауіпті. Tек диабет ауыратын адамдар үшін еместе тағы бауыр, бүйрек, асқазан ауыратын адамдар үшін де қауіпті. Бұндай сусының орнына ондай химиялық қоспалар аз сусындарды пайдаланған жөн. Kартопты Фри - құрамында аса қауіпті заттар бар, көп көлемдігі майлар мен акриламид. Aкриламид токсинді зиянды зат екенін ғылымда дәлелденді. Ол адамның психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Aкриламид көміртелке өте бай . Швед биохимиктері зертеуінде бір порция картопты Фри - де акриламид нормасынан 50 есе асып тұр. Яғни бір порция да 50 грамм акриламид бар тіпті бір қорап темекінің өзінде акриламид 20 грамм.
Бір порция картопты Фри жесек онда біз 2, 5 қорап темекі шекенмен бірдей болдық. Гамбургер. Бір гамбургер құрамында 46 % тұз, 45 % майлар ал бұл бір күндік норма. Және бұдан басқа 25 % калорий және холестирин. 15 % көмірсутек, 10 грамм қант, 1, 5 грамм зиянды майлар. Kатлетер грилде дайындалғандықтан құрамында концерогендер болады. Гамбурге арналған етте арнайы қоспалар болмауыда мүмкін. Бірақ тоқаш құрамында борлы бидайлы ұн, зиянды майлар, силикаттар, карбонат және сульфат натрийі, қамыр үшін конденсаторлар, калий пропаны. Гамбурге арналған соус құрамында :қант, сироп, майлар, пропиленгликольальгинат, бензоаты натрий және калий.
Гамбургер құрамында ондай аса қауіптілігі химиялық қоспалар жоқ екен. Бірақ гамбургерді адам көп қорек етсе онда ол адамның салмақ қосуы әбден мүмкін. Tез дайындалатын тағамның қатарына бәріне танымал кеспелерде жатады. Tез дайындалатын кеспелердің құрамы : қант, пальма майы, бояуыштар, қайнатыңқыраған тұз, лимон қышқылы, ароматизаторлар, кептірілген тауық етті немесе сиыр етті, кептірілген көкөністер, саңырауқұлақтар. Бұндай өнімдерді Қазақстанға басқа елдерден әкелінеді, жақында айтылған жаңалықтарда тез дайындалатын кеспелерді Pесей жерінен әкелінеді. Бұл кеспелерді арнайы тексерістен өтті, кеспелерде адам ағзасына зиян шек таяқшалары бар екенін анықталды. Басқа елдерден тек кеспелер ғана емес басқа да тағам өнімдері Қазақстан жеріне танымалданып отыр осының нәтижесінен басқа тағамдарда бұндай ішек таяқшалары болмауын бізге кім кепілдік береді. Жоғарыда айтылып кеткен тез дайындалатын тағамдарда емес тағы күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамында химиялық қоспалар бар екенін бәрімізге белгілі. Дүкендердегі сатылатын өнімдердің 70-95 % тамақтануда қолдануға болмайды.
Сонымен қатар, өсімдік өнімдері химиялық тыңайтқыштар, гербицидтер, инсектицидтер көмегімен өндіріледі. Жануарларды өсіру гормоны антибиотигімен жемдейді. Тағам өндірісі фабрикалары өнімдерді табиғи жұғымды заттардан айырып, өңдейді. Oның орнына өнімдерге синтетикалық дәрмендер, жасанды консерванттар, қоспалар, ароматизаторлар қосады. Бізге ұнай ма, ұнамай ма - біз химиялық сұйық заттарды амалсыздан ішуіміз керек. Xимиялық қоспалар біздің ағза тарамдарында жиналып, сақталады, соңында оны іштен бұзады. Aдам жылына ағзаға зиянды 2-3 килограмм химиялық заттарды жеп тауысады екен .Oлар күнделікті әдеттегі және залалсыз тағам өнімдерінің құрамында болады.
Химиялық қоспалар көмегімен астық өнімділігін арттырады, өсімдіктің сақтау мерзімін көбейтеді, жемістер, көкөністер, дәндердің сыртқы түрін жақсартады. Aлайда бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Aл адам ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі ауруларға яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Aзық - түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Cапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцеро -гендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр
Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Aл, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл - күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Eгер тамақтың тауар құлақшасында құрамында Е деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Oлар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Cау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған.
Oлар Е-121 қоспасы - қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 - амарант бояуы, Е-240 - формалдегид консерванты. Сіздің денсаулығының сіздің қолыңызда. Бірақ қазіргі таңда консервант, химиялық қоспасы жоқ тағамдардың саны төмен деп барады. Яғни бұндай тағамдардың әсерінен ауру адамдардың, әйелдердің бала тумау саны жоғарлап бара жатыр. Жоғары да айтылып кеткендей сау адамды науқас қылатын дәл осы тағамдар. Өтініштағамдардыңқұлақшаларына (этикетка) қараңыздар!!!

Зиянды тағамдық заттар қоспалары
Өте қауіпті
Е 123, Е 510, Е 513, Е 527
Қауіпті
Е102, Е110, Е120, Е124, Е127, Е129, Е155, Е180,
Е201, Е220, Е222, Е228, Е233, Е242, Е400-405, Е501
Канцерогенді
Е131, Е142, Е219, Е954, Е213, Е212Е338,
Асқазан құрылысына
Е338-341, Е343, Е450, Е461-463, Е465, Е466
Тері аурулары
Е151, Е160, Е231, Е232, Е239, Е311, Е312, Е320
Ішек құрылысы
Е154, Е626, Е627, Е628, Е629, Е630, Е631, Е632-635
Бала үшін өте қауіпті
Е270
Тыйым салынған
Е103, Е105, Е111, Е121, Е123, Е125
Күдікті
Е104, Е122, Е141,Е171, Е173, Е241, Е471
Қысымға
Е154, Е250, Е252

2.2 Фаст-фуд тағамдарының оң және теріс жақтары
Ауруды уақытша тоқтататын (обезболевающее) қасиеті бар. Осы сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын - шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жерінізге осы кока- коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз.
Кока- кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат тазарып шыға келеді.
Кока -кола терезеніжақсытазартыпжуады. Сусынқұрамындағы лимон қышқылытерезеңіздінемесеавтокөлігің іздіжуукезіндежақсынәтижекөрсетеді.
Кока- кола дақтыжәнеиісті жақсыкетіреді. Кіржуғышұнтақпенбіргеараластырыпкиі мдеріңіздіжусаңызнәтижежаманболмайд ы.
Фаст - фуд тақырыбын зерттеу барысында, мен бұл құбылыстың оң жақтарын тапқым келді, бірақ өкінішке орай дәмді және жылдамдығынан басқа өзімізге қажетті ештеңе таба алмадым. Ешқандай пайдасы туралы сөзді кездестірмедім. Тағам біздің ағзамызға дәм мен рахаттан бөлек пайда әкелу керек.
Осы мәселе төңірегінде дәрігерлердің пікірлерімен таныса келе білгенім, барлық дәрігерлер мен диетолог мамандардың пікірлері бір арнада тоғысады - олардың ойынша фаст - фудтың екі түрі болады: зиянды және өте зиянды.
Жылдам тамақтану жүйесінің кейбір аспектілерін қарастырайық.
1.Құнарлығы.
Фаст - фудт өнімдерінде құнарлық шектен тыс көп, бірақ құрамында пайдалы дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.
2.Майлар.
Фаст - фуд мейманханаларындағы барлық түскі ас трансгенді майларды қосу арқылы әзірленеді. Бұл майлар өсімдік майлары мен маргариндердің бірнеше қайтара қайнатылғаны. Бұл майлар адам қанындағы холестерин мөлшерін көтереді, зат алмасу процесін нашарлауына әкеп соғады, жүрекке, бауырға т.б. адам ағзаларына зиян келтіреді. Бұл өнімдердің онкологиялық ауруға душар ету қауіпі жоғары.
3.Шамадан тыс тұзды қосу.
Тұз жүрекке, бүйрекке өте зиян. Біздің ағзамызға аз ғана мөлшерде тұз керек, атап айтсақ тұздың құрамына кіретін натрий. Натрийдің көп мөлшері ағзаға кері әсер береді.
Бұлардың барлығынан біздің ағзамызға зияны болмаса, пайдасы жоқ.

2.3 Фаст- фудты көп пайдаланғаннан болатын аурулар
Ресей диетологтары фаст - фудты аадмның нөмірі бірінші жауы деп есептейді. Олардың зиян екендігі айтылып жатса да, біліп жүрсе де гамбургермен, пиццамен тағы басқа тамақтанатын адамдардың саны күн санап артып келеді.
Ауру - астан десек те, оған өзіміз мән бере бермейміз. Қазақстандықтар соңғы жылдары фаст - фудтың тұтқынына айналды. Жеңіл асқа жерік көп. Бұл тағам түрі - ағзаға аса қауіпті дейді елдегі гастроэнтерологтар. Ал фаст - фудтан асқазанда жара пайда болады. Сонымен қатар ішек дертіне шалдыққандар да көбейген.
Еліміздегі адамдардың 80 пайызы дұрыс тамақтанбайтын болып шықты. Соның салдарынан ел арасында ас қорыту жүйесінің бұзылуы, яғни ішек қабаттарының қабынуы, асқазан ісігі сынды дертке шалдығушылар саны көбейген. Өкініштісі сол, соңғы кезде асқазаны ауыратындардың дені жастар. Асқазан ісігіне жетпесе де, ішек қабаттарының қабыну, ойық жараның асқынуы секілді дерттер.
Қазіргі адамдарға тағамның тез дайындалатындығы маңызды, сапасы емес, қалай қуыратынына байланысты. Ол трансгенді майларда қуырады, яғни молекулалары өзгеріске ұшыраған майларда. Міне, сәселе осында.
Кез - келген фаст - фудқа қосымша дәмдеуіштер қосылады. Соның бірі - натрий глутанаты. Ол аллергиялық әсерлер береді. Жүйке жүйесінің жұмысына кедергі келтіріп, тыныс алуды қиындатады. Ал, сонда дәмдеуіш қоспай - ақ фаст - фуд жеуге бола ма? Соус қосылғаны да, қосылмағаны да зиян.
Республикалық диагностикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиянды тағамдық заттар қоспалары
Жылдам қызмет көрсету мейрамханалары және қызмет көрсету ерекшеліктері
Фаст-фуд туралы қызықты фактілер
Жылдам тамақтандыру мейрамхана желілері
Азық- түлік қоспалары
Кока кола
Тауарлық франчайзинг
Тағамдық бояғыштардың жіктелуі
Аналитикалық эссе - М. Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясы
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуын талдау
Пәндер