Алтын Орда өркениеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1.Кіріспе ___________________________________ ___________________ 1-бет.
2.Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, саяси жүйесі, шаруашылығы ____ 2-бет.
2.Алтын Орда өркениеті ___________________________________ _____ 5-бет.
3.Алтын Орда: жаңа деректер және жаңа зерттеулер _________________ 9-бет.
4.Қорытынды бөлім ___________________________________ _________ 12-бет.
5.Пайдаланған әдебиеттер ___________________________________ ____ 13-бет.

АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ:
ЖАҢА ДЕРЕКТЕР МЕН ТЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕР

Кіріспе.
Алтын Орда - шекпенінен көптеген түркі халқы шыққан алып империя. Сол үшін бұл мемлекеттің тарихы барлығымыз үшін өте маңызды. Әсіресе, Ресей өзінің тарихи жылнамасына Алтын Орда мұрасын енгізуге мейлінше қызығушылық танытуы тиіс.
Алтын орда өз дәуірінде қатты өркендеді. Ол дәуірде қалалық өмір де болды. Тіптен түркілердің жұлдызды ғасыры деуге болады. Себебі кейін жеке-жеке ел болған түрік халықтарының ешқайсысы мұндай деңгейдегі империя құра алған жоқ. Бұл жерде Алтын ордадан Еуропаға, мәселен, Италияға астық жеткізіліп тұрғанын айта кету керек. Сол себепті, оны біз тек көшпелі мемлекет деп айта алмаймыз. Қай жылдар аралығында, қандай жолмен, қанша көлемде сатылғаны туралы деректер жоқ деуге болады. Бірақ Генуя мен Венеция Алтын ордадан жеткен астықты азық еткені анық жазылған. Өкінішке қарай, ұзақ уақыт бойы осы шындық ашық айтылмады. Еуропа елдерінің санасында бұл ел жау мемлекет ретінде қалып қойды. Орыстар да татар-моңғол шапқыншылығы деген жағымсыз ұғымды осы империямен байланыстырады. Әрине, мұның бұның бәрі тарих. Алайда бұл жайсыз пайым-пікірлер, түсініктерден арылу керек. Ол үшін Алтын Орда туралы тарихты қайта жазу керек.

Зерттеу бөлімі
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, саяси жүйесі, шаруашылығы
Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері -- Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.
Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары -- хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.
Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары -- ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы татарлар деген атау алды.
Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет
Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы -- құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялық катынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган -- диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салык., сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадурлер түмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.
Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге -- оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (ұлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді.
Батый мен Орда Еженнің ұлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.
Ұлысты (үлесті жер) билеуге өкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы құқықты болды. Ал өзге монғол аксүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне қарай бөлініп берілді. Біртіндеп аксүйектер құкығы арта түсіп, олар карамағындағы жерді ұрпағына мұра етіп калдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада көшпелілердің рутайпалық ұйымдары да сақталды.

Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы ұлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 -- 1266 жж.) тұсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 -- 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады.
Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 -- 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 -- 1357 жж.) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.
1312 ж. Өзбек хан ісләмді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалык. түркі-монғолдык мәдениет Еділ бойы (бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мүсылмандык, салт-дәстүрлерінін әсерімен ісләмді кабылдай бастады.
XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін такка 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі елтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талкдн боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді өртеп жіберді, Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.
1269 ж. ұлы ханнан тәуелсіз Хайду мемлекетінің құрылуы жергілікті халықтан шыққан феодал билеушілердің бас көтере бастағанының куәсі еді. Осы жылы Талас бойында шакырылған кұрылтайда олар отырықшы-егінші аудандарды кұрып кетуден қорғау әрекеттерін жасады.
Алайда Шыңғыс әулетінің арасындағы толассыз талас-тартыс пен Хайдудың ұлы хан армиясымен ұзакқа созылған соғысы кұрылтай шешімін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
Хайду ізбасарлары арасында басталған өзара тартыстар XV ғ. алғашқы жартысында Жетісудың экономикалык кұлдырауын шегіне жеткізді. Махмуд ибн Уәли Хайду ұлдары мен Шағатайдың шөбересі Доба арасындағы қақтығыстар туралы былай деп жазды: Біздін аталарымыз өзара соғысып жатқан кезде көптеген адамдар жазыксыз қырылды, аудандар канырап калды, иелігіндегі жерлер сағымға айналды, егістік қурап қалды... далалар мен құрылыстағы адамдар жылы орнын тастап, кезбе кайыршыға айналды.[5]
Монғолдар келгенге дейін дамудың жоғарғы сатысында тұрған Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы -- Баласағұн, Тараз, Алмалық, Алмату, Қаялык, Ілебалық, Екіоғыз, т. б. үлкенді-кішілі калалар мен елді мекендер жер бетінен жоғалып кетті.
Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтарының басты шаруашылығы болды. Алтын Орда халықтары -- мұсылмандар. Алтын Орда мемлекетінің алғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кейіннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылады. Алтын Орда дәуірі ортағасырлық түрік әдебиетінің дамыған кезеңі болды. Бұл кезеңдегі әдеби шығармалар: 1233 жылы Қисса Жүсіп (Әли), 1303 жылы Кодекс-Куманикус, 1303 жылы Қыпшақ тілі сөздігі, 1359 жылы Махаббатнама (Ахмет Хорезми дастаны), 1391 жылы Гүлстан бит-түрки (қыпшақ ақыны Сарай), 1409 жылы Жүсіп-Зылиқа (Дүрбек ақын). Осы дәуірде Қырық батыр жыры дүниеге келеді. Бұл туындыда қырық қыпшақ батырларының ерлігі туралы баяндалады.
Алтын Орда өркениеті
Шығыс Еуропа мен Орталық Азия, Ібір-Сібір мен Қазылық тау (Кавказ) арасындағы ұлан-ғайыр өлкеде ХIII ғасырда ту тіккен, өз кезеңінде Жошы ұлысы, Ұлығ ұлыс, Бату ұлысы, т.с.с. деп әрқилы аталған, орыс жылнамаларында Великая Орда Златая, Ұлы Алтын Орда деп дәріптелген. (Қазан жылнамасы. XVI ғ.), әлемдік тарихнамада Алтын Орда деген атпен қалған ұлы мемлекеттің мәдениет тарихындағы орны туралы жаңсақ тұжырымдар, дәйексіз, ұшқары бағалар ұзақ уақытқа дейін үстем болып келді. Еуропа тылдық пен орысшылдық елесімен ауырған, адамзат мәдениеті Еуропадан бастау алады, ал Ресей -- Үшінші Рим деген сыңаржақ, даурықпа қағидалармен қаруланған көптеген тарихшылар Алтын Орданы монғол-татарлардың жабайы хандығы деп жариялады, көшпелілер алтын мұнаралы Киевті, биік мұнаралы Мәскеуді, орыстың басқа да ғажап қалаларын өртеп, қиратты, бай кітапханаларын күлге айналдырды деп ғайбаттаудан танбады. [3]Нәтижесінде, ұзақ жылдар бойы тек Ресей ғана емес, Кеңестер Одағы делінген алып елдің оқу орындарында Алтын Орда туралы жартылай тағы, бүлдіруші, қиратушы, басқыншы, мәдениеттің қас жауы деген тұрғыдағы түсінік қалыптастырылды. Бұл -- тарихи шындыққа қиянат еді. Егер тарихта Алтын Орда болмағанда Ұлы Ресей аталған империяның да дүниеге келуі неғайбыл екенін ілгеріде айттық, ендігі айтарымыз: Алтын Орда кезеңіндегі мәдениет, тұтастай алғанда, жасампаздық сипатта болды, көптеген халықтар мен елдердің, соның ішінде Ресейдің мәдени дамуына игі ықпал етті. Тағы бір еске тұтатын жәйт Алтын Ордадағы үстем ұлт тіпті де монғолдар емес, біздің балаларымыз -қыпшақ , қаңлы, қоңырат, найман т.б. еді. Жошы ұлысын аралаған араб жиһанкезі Әл Омари: Азғана монғол қыпшақтарға мүлде сіңісіп, олардың бәрі қыпшақпен бір туысқандай, бір рудан шыққандай болып кетті, -- деп жазды, Сондықтан Алтын Орданың мемлекеттік, әкімшілік, әлеуметтік құрылыс институттары, қала тұрғызу мәдениеті, өнері, әдебиеті дегенде, ойымызда түркі-қыпшақ мәдениеті тұруы керек.
Әрине, шапқыншылық кезінде қалалардың қирауы, мәдени ескерткіштердің жойылып кетуі, халықтың қырылуы -- болмай қалмайтын зардаптар. Тіпті, жаугершілік заманның бұлжымас заңы да. Батудың жорығы кезінде орыс елінің бірқатар қалалары өртенгені, тоналғаны -- тарихи шындық. Әйткенмен, белгілі орыс ғалымдары мұқият зерттеулерден соң, Бату жорығы кезінде орыс қалаларының көпшілігі-ақ аман қалған еді, -- деп тұжырым жасайды. Тарихшы-археологтар М.Покровский, Б.Грековтер Киев монғол шапқыншылығынан 200 жылдай уақыт бұрын құлдырай бастаған еді, монғолдар жорығы кезінде қала өзінің бұрынғы маңызынан, сән-салтанатынан айырылып біткен болатын, -- деген қорытындыға келеді. Яғни, бай да бақытты шаһар, ұлы Киевтің тозғынға ұшырауын жабайы монғолдарға жабудың ешқандай реті жоқ екен. Бату жорығының зардаптары князьдықтар арасындағы сол кез үшін әдепкі құбылыс болып саналатын қақтығыстар зардабынан артық емес еді. -- дейді орыс тарихшысы Л.Гумилев. Алайда, орыс князьдары өз елдерін кей кездерде жат жерлік шапқыншылардан бетер тұралатқаны тарихтан белгілі. Мәселен, князь Д.Галицкийдің 1256 жылғы жорығында славян жерлері қаңырап бос қалып, көптеген қалалар мен қисапсыз қоныстар жермен-жексен етілген.
Енді, кітапханалар жайына келсек, орыс елінің тарихы, негізінен, ежелгі жылнамаларға дәйектеліп жазылды, Бұл жылнамалар шіркеулерде, ғибадатханаларда сақталған болатын. Ал Алтын Орда әміршілершің шіркеулерге, қайсыбір жағдайларда болмаса, мүлде дерлік тиіспегендігі -- белгілі жәйт. Ендеше, көшпелілер орыс кітап мәдениетіне өлшеусіз нұқсан келтірді деген пікір де қисынға жанаспайды. Шындығына сүйенсек, орыс кітап мәдениеті қорлықтың зорын XVIII ғасырдың аяғынан XIX ғасырдың ортасына дейін білімдар орыс монахтарынан көрген еді. Дүмше дін қызметшілері өздері қажетсіз деп тапқан қисапсыз қазына -- көне қолжазбаларды жыртып, өртеп, суға ағызып құртқан болатын.
Алтын Орда мемлекеті өмір сүрген уақытта Еділдің бойы мен Донның сағасы, Днепр мен Днестр арасы, Каспий мен Қара теңіз, Азау теңізі жағасы, Қазылық (Кавказ) тау бөктерлері орасан өзгерістерге ұшырады. Құс қанаты талатын байтақ өңірде маржандай тізіліп, батыс пен шығыстың келбетін бірдей бойына сіңірген қала-кермендер орнай бастады. Әзірге қолда бар деректерге қарағанда Алтын Орда тұсында қайта қалпына келтірілген немесе жаңадан салынған шаһар-кенттердің ұзын саны 150-ге жетіп жығылады. Азғана уақыттың ішінде Жошы ұлысы бір орталыққа бағынған күшті көшпелілік және отырықшылық мәдениеттер үйлесім тапқан жарасымды мемлекетке айналады. Бұған хандардың белгілі дәрежедегі бейбіт сыртқы саясаты да аз әсер етпесе керек. Құлағу ұрпақтарымен жүргізілген нәтижесіз соғыстарды санамасақ, Алтын Орда ұзақ жылдар бойы сауда-саттыққа, алым-салыққа негізделген тыныш саясат ұстанды.
Орда жеріндегі бұзылған, ескі қалаларды қалпына келтіру ісі XIII ғасырдың 40-жылдарынан жүргізілсе, жаңа кенттер тұрғызу Сайын хан -- Батудың тұсында басталды. Батудан кейін орда тізгінін қолына алған Берке хан да қала құрылысына ерекше мән беріп, көптеген шаһарлар салдырды. Дегенмен, шаһар мәдениетінің шын мәнінде өркендеуі Өзбек пен Әз-Жәнібек хандар билік құрған, XIV ғасырдың 20-60-жылдарына тұспа-тұс келеді. Бұл кездерде Алтын Орданың Сарай, Сарай әл-Жәдид, Гүлстан, Болгар, Білар, Азақ (Азаулы), Қырым, Қафа, Қажы-Тархан, Орда-Базар, Бек-Базар, Үкек, Сарайшық, Түмен, Ақкермен, Шаһар әл-Жәдид, Мажар, Мамай-Сарай, Бел-Жәмен, Қопа, Хорезм, т.с.с. сынды қалаларының даңқы шартарапқа жайылып, ірі әкімшілік, мәдениет орталықтарына айналған еді.[2] Бүгінде белгілі болған құжаттарға қарағанда, Алтын Ордадағы қала салу мәдениеті өз заманы үшін ең жоғарғы деңгейде болғанына көз жеткіземіз. Алтын Орда шаһарларынан Азияны, Еуропаны жайлаған көптеген ұлттар мен ұлыстар мәдениетінщ іздері, жетістіктері байқалатын. Бұл кенттерді тұрғызуда Шығыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс немесе Мұсылман ренессансы
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН - ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ
Алтын орда туралы ақпарат
Философия тарихындағы өркениет және мәдениет мәселесі
Көшпелілікті зерттеу тарихы
Батыс пен Шығыс әлемі
ҚАЗАҚ ТАРИХЫ – ТҮРКІЛЕРДІҢ ДАЛАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
Мәдениет және Өркениет
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы
Қазақстан және Әлемдiк өркениет
Пәндер