Көкжыра ауылының климаты


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
«М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ КӨКЖЫРА ОРТА МЕКТЕБІі» КММ
Жоба тақырыб ы: «Тасқын судың қоршаған ортаға әсері»
Бағыты: «Салауатты табиғи орта- «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі»
Секциясы: Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы
Жобаны орындаушы:
Нұрахметов Арнұр Берікбайұлы
Абай облысы Ақсуат ауданы «М. Әуезов атындағы Көкжыра орта
мектебі» КММ 9 сынып оқушысы
Жоба жетекшісі:
Нуртазаханова Бакытгуль Нуржумановна
Абай облысы Ақсуат ауданы «М. Әуезов атындағы Көкжыра орта
мектебі» КММ география пәні
мұғалімі
Ғылыми жетекші: Уәшова Мейрамгүл Уәшқызы
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының аға оқытушысы
2022-2023 оқу жылы
Мазмұны
I. Кіріспе
1. 1. Ауылымыздың географиялық орны
1. 2. Ауылымыздың жер бедері, су көздері
II. Ауылымыздағы су тасқыны
2. 1. 2010 жылы Базар өзеніндегі тасқынның себеп-салдары
2. 2. Көкжыра ауылындағы жасыл желектер
ІІІ. Қорытынды. « Ауылым - алтын бесігім»
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Зерттеудің жаңалығы мен өзектілігі. Ауылымыздың 2010 жылы басынан өткерген алапат су тасқынының адамға, қоршаған ортаға тигізген зиянын зерттеу. Келешек ұрпаққа қоршаған орта тазалығы, адам өмірінің басты байлығы екендігін дәлелдеу.
Зерттеудің мақсаты. Тасқын судың Көкжыра ауылына, тұрғындарына тигізген зиянын зерттеумен тасқыннан кейінгі зардаптарды шешу жолдарын қарастыру. Қоршаған ортаның өзгерістерінің адам өміріндегі рөлін көрсету, табиғатқа сүйіспеншілікті арттыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Туған жердегі тасқынның әсерін зерттеу.
- Ауылымыздағы жасыл желектердің тигізген пайдасын дәлелдеу.
- Туған жерге, елге, адамзат болашағының құндылығын, берекесін нығатуға үлес қосу.
Зерттеу нысаны . ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылындағы 2010 жылы наурыз айындағы су тасқыны. Су тасқынының ауылға келтірген шығыны, адамдардың қорқынышы, жер бердері мен жер асты су көздерінің ластануы адам денсаулығындағы өзгерістер мен жаңа бой көтерген Көкжыра ауылы және қазіргі жағдайы.
Зерттеудің пәні : Өлкетану пәні тұрғысынан Көкжыра ауылының экологиялық жағдайын зерттеу .
Гипотезасы: Тасқынның қоршаған ортаға адам ағзасына әсері.
Зерттеу әдістері: жинақтау, салыстыру, талдау, жүйелеу.
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі: Базар өзенінің адам өміріндегі маңызына болжам жасау және су көздерінің тазалығы мен эко жағдайы, адам ағзасына әсері.
Зерттеудің практикалық маңызы : Адам өмірін ұзартуға және салауатты өмір сүру салтын дамыту және ауылдағы су көздерінің тазалығы мен экологиясын көңіл бөлу қажет.
Зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең тақырып бойынша мәліметтер жинау, мәліметтермен танысып, жоспар құру. Екінші кезең зерттеу жұмыстарын жасап, жүргізілген жұмыстарды талдау. Үшінші кезең қорытындылау.
Эксперимент әдісі: далалық зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу нәтижелері. «Жасыл ел» және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының негізінде ұлттық құндылығымызды сақтай отырып және ауылымыздың белді азаматтарының Елбасымыздың көмегінің нәтижесінде Мәңгілік елге үлес қосу.
- Көкжыра ауылының географиялық орны.
«Мың шыбық шашншып өсірсең,
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның,
Болашаққа қорған салғаның»
(Халық даналығынан)
Көкжыра ауылдық округінің жалпы ауданы 204654 гектар. Шығысында Екпін ауылдық округімен, батысында Қызылкесік ауылдық округімен, солтүстігінде Сәтбаев, Ырғызбай ауылдық округтерімен, оңтүстігінде Үржар ауданымен шектеседі. Ауыл әкіміне қарасты жер көлемі 51838 гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 197200 гектар, оның ішіндегі егістік жер, оның ішіндегі егістік жер 3170 гектар, шабындық 1141 гектар, жайылымдық 147575, 6 гектар. Аягөз, Жаңғызтөбе темір жол станцияларынан 210-340 шақырым, Тұғыл кеме жайынан 160 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жеріміздің Зайсан ойпаты алып жатқан солтүстік бөлігі - жазық оңтүстігі мен батыс бөлігі - таулы Тарбағатай. Зайсан көліне дейін еңіс болады. Тау жоталары тік, беткейлері жартасты, терең сайлы. Түйемойнақ жотасының ең биігі - 1346 метр. Тарбағатай тауының ең биік жері - Тастау 2992 метр.
Тарбағатай ауданы Зайсан қазаншұңқырында орналасқан. Зайсан қазаншұңқыры - Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс. Оңтүстік Алтай, Қалба және Сауыр Тарбағатай жоталары аралығындағы тектоникалық ойыс. Аудан жерінің көпшілік бөлігі жазық. Оңтүстік шығыстан Солтүстік батысқа дейінгі орталық бөлігі ашық сарғылтым топырақ қабатымен, тау беткейлері қоңыр топырақты жамылғымен ерекшеленеді. [1]
1. 2 Көкжыра ауылының климаты.
Ауданның климаты өте континетті. Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын-шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан климатының мұндай болу себебі - оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедері де әсер етеді. Ауданның жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орта температурасы - 22 С, - 30 С, шілдеде +25 С, +35 С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 200-300 мм. Жауын-шашынның көбі қыста түседі.
Аудан жерінде Тарбағатай тауларынан басталып, Зайсан көліне қарай ағатын Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Терісайрық, Тайжүзген, Уласты, Қандысу, Құсты өзендері бар. Бұлардың көпшілігі жер суғаруға пайдаланылады. Тарбағатай тауының ең биік жері «Тастау» 2991 м. Арғанты, Маңырақ, Өкпеті, Түйемойнақ, Жылытау сілемдерінің де шоқтығы биік шыңдары көп. [2]
Көкжыра елді мекені Базар өзенінің бойында орналасқан. Ол Тарбағатайдан бастау алып аудан территориясын қақ жара отырып Зайсан көліне құяды. Базар сөзінің түпкі мағынасы «бас сар», яғни көне түркі тіліндегі мағынасы «мол сулы». Аудан жерінен ағып өтетін бірнеше өзеннің ішіндегі ең суы мол - Базар. Суы мөлдір. Бұл өзеннің суының молдығынан бүгінгі таңда «Жәмбике», «Базар», «Қарымсақ», «Жаңатоған», «Қаратоған» секілді ірі-ірі арналар дихан қауымына қызмет етуде.
2010 жылғы көктемде болған тасқын Көкжыра және Жәнтікей ауылдарының экологиясы мен әлеуетіне үлкен әсер етті. Тек бір ғана Тарбағатай ауданы бойыншы 11 мыңнан астам мал басы шығын болып, тасқын су астында қалған ондаған елді-мекеннің тұрғындары үйлерін тастап бас сауғалауға мәжбүр болды. Ресми дерек бойынша, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында 673 тұрғын үйді, 754 шаруашылық ғимаратын, сондай-ақ 42 қыстақты су басып қалған. Көкжыра ауылы бойынша қ 42 қыстақты су басып қалған. Көкжыра ауылы бойынша 206 тұрғын үй суға кетіп, қайта салынды. Тасқын су әсерінен жер беті және топырақ эрозияға ұшырады. Өзен арнасы да судың әсерінен кеңейіп кетті.
Тасқын - табиғи апат. Ал апат күшпен келген тасқын су. Жолындағыны жайпап, егістікті тайпап, қанша мал-мүлікті, төрт түлікті апандай аузына сидыра, елдің баспанасын қирата келегн зұламат күш. Тасқын судан қаншама халық зардап шекті, қиналды, жылады. Үйі құлағандар баспанасыз қалды. Төрт түлік мал: теңкиген жылқы, төрт аяғы аспаннан келегн сиыр, маңырауға шамасы келмей қара толқынның астында қалған қой, ешкі қаншама. Құдайға тәубе адам шығыны болған жоқ. Тасқыннан кейін қатып қалған судың үстіне мұзға жығылып қалған есіл мал. Бұзылған су, лас ауа, қаншама микробтар табиғаттың экологиялық жағдайына зиянын қатты тигізді. Олай болатын болса
Ауылым - алтын бесігім
Туғанда ашқам есігін
Қаз тұрып, тәй-тәй басқанмын
Көкжыра қымбат есімің, - дей келіп тасқыннан кейін еліміздің көреген басшысы Н. Назарбаевтың қолдауымен бой көтерген көк шатырлы қызыл үйлер, жаңа типте салынған көркем мектеп, байланыс бөлімшесі, ауыл әкімшілігі, жаңа емхана ауылымызға үлкен сән беріп тұр. Оқтай түзу үйлер, жаңа асфальт жол ауыл көркін аша түскендей. Әр үйдің ауласында былтыр Бесқарағай ауданынан көмекке келген ағаш, қарағай көшеттері бой көтеріп тұр. [3]
Табиғаттың табиғи экологиялық жағдайын көтеруде ауылды жасылдандыру, саябақты көркем ету, жол жиегіне тал отырғызу сияқты іс шаралары жүргізілуде. Кезінде көшпелі алтын үстінен өткен менің киелі Көкжырам, бүгінде ел президентінің аяғы тиген құтты мекенімнің өсіп өркендеуіне мен де үлес қоссам деймін.
- Көкжыра ауылының экологиясының адам ағзасына әсері
Қазіргі кезде біздің ауылда жасыл желекті көбейту жолға қойылып отыр. Себебі ағаштардың көп болуы адам организміне және қоршаған орта экологиясының жақсы болуына әсер етеді.
Мысалы, төмендегідей сараптама жасасақ, 1 адам 1 тәулікте 474 л ауа жұтады екен. Ал 1 га жер 1 сағатат 200 адамды ауамен қамтамасыз етеді. Сонда біздің ауылдағы адамдар тәулігіне 1171936 л ауа жұтады екен. Ал жалпы ауылдың аумағын есептегенде 1 сағатта 40926800 адамды ауамен қамтамасыз етсе, 1 тәулікте 1705283 адамды қамтамасыз ете алады.
Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт, 2 медпунктер тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетеді.
Қазіргі кезде 1 - орында жүрек - қан тамыр аурулары, 2 - орында онкологиялық аурулар тұр. Сонымен қатар қан аздық, қан қысымының жоғары болуы, қант диабеті де белең алып бара жатыр. Бұл аурулармен ауыратын адамдардың саны да жыл сайын артып барады. Осы аурулардың пайда болуына ететін факторлар:
Біріншіден, Көкжыра ауылының экологиялық жағдайына тасқынның да әсері болды. Себебі, тасқын судың әсерінен топырақ жамылғысы эрозияға ұшырады, судың құрамы өзгерді, тұздылығы артты. Бұл өз кезегінде адам ағзасына әсер етеді. Екіншіден, адамдардың темекі мен алкогольге әуестігі. Үшіншіден, жасыл желектің аздығы. Ауылдағы тал саны адам санынан әлдеқайда төмен. 1 көшет тал 1 адамды 1 тәулік ішінде оттегімен қамтамасыз ете алады. Төртіншіден, жұмыссыздық. Бесіншіден, ауыр жұмыс. Сонымен қатар, тасқын кезінде халық қатты күйзеліске ұшырады: баспанасынан, малынан айырылды. Бұл адамдардың жүйке жүйесіне қатты соққы болып тиді. [4]
Жылдар
2008
2010
2011
Олай болатын болса Тарбағатай ауданы бойынша екі онкологиялық кабинет тұрғындарға онкологиялық көмек көрсетеді. Олар Тарбағатай аудандық №1 және №2 медицина бірлестігінде орналасқан. Онкологиялық кабинетте жыл сайын 6000-ға жуық адам консультациялық көмек алады.
Онкологиялық ауруларды анықтау үшін скринингтер жүргізіледі. Скрининг дегеніміз сүт безінің және жатыр мойнының ауруларын табу үшін профилактикалық тексерулер. Бұл тексерулер қатерлі ісіктің алдын алуға мүмкіндік береді. [5]
Тарбағатай ауданы бойынша 132, 3 100 мың адамға шаққанда:
1-орында өкпе обыры - 14 (22, 2%)
2-орында асқазан обыры - 10 (15, 7%)
3-орында өңеш обыры - 9 (14, 2%)
4-орында сүт безі обыры - 4 (6, 3%)
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген.
Осы «Саламатты Қазақстан 2011-2015» бағдарламасы бойынша өткізілген скринтнгқа аудан бойынша:
1. Сүт безі обырын анықтау мақсатында 1408 адам өткізу жоспарланып, оның 141 (10, 01%) тексеруден өтті.
2. Жатыр мойны обыры бойынша жоспарланғаны - 1651. Тексеруден өткені - 298(18, 05%)
3. Колоректальды обыр бойынша жоспарланғаны - 3695. Қаралғаны - 356 (9, 63%)
Аудан бойынша 2010 жылы сырқаттанушылық 100 мың адамға шаққанда 137, 6 адам, ал аурушаңдық 539 адам.
2011 жыл бойынша сырқаттанушылық 100 мың адамға шаққанда 132, 3 адам болса, аурушаңдық 571, 1 адам болады. [6]
Осыған байланысты Көкжыра ауылы бойынша диспансерлерлік тізімде гипертаниядан - 50 адам, жүрек ауруларынан - 13 адам, өкпе ауруларынан - 13 адам, қант диабетінен - 13 адам тұр. Ауыл бойынша венерологиялық аурулар мүлде кездепеген. [7]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz