Сақ тайпаларының антропологиялық типі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ ОБЛЫСТЫТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АҚСУАТ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ КӨКЖЫРА ОРТА МЕКТЕБІ КММ

Жоба тақырыбы: Сақ дәуіріндегі адамдардың антропологиялық ерекшеліктері
Бағыты: Салауатты табиғи орта - Қазақстан- 2030 стратегиясын іске
асырудың негізі Секциясы: Биология

Жоба авторы: Оразкенова Әсел
Ержанқызы
М. Әуезов атындағы Көкжыра
орта мектебі КММ
10 сынып оқушысы
Абай облысы Ақсуат ауданы

Жоба жетекшісі: Ыгиева Куралай
Жумагалиевна биология және
химия пәнінің мұғалімі
М. Әуезов атындағы Көкжыра
орта мектебі КММ
Абай облысы Ақсуат ауданы

Ғылыми жетекші:
Насыров Фуат Саматович
Семей қаласының Шәкәрім
атындағы университеті КеАҚ,
оқытушы, биология ғылымының
кандидаты

2022-2023 оқу жылы

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1. Антропология ғылымы туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Краниология- антропологияның негізгі саласы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...4
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1. Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген адамдардың түр-сипаты ... 5
2.2. Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3. Түрік дәуірінің антропологиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.4. Сақ тайпаларының антропологиялық типі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІІ. Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
3.1. Сақтардың бас сүйектерінің морфологиясының Елеке сазынан табылған адамдармен ұқсастығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

І. КІРІСПЕ
Ғылыми жобаның мақсаты:
1. Сақ дәуірінде өмір сүрген адамдардың антропологиялық ерекшеліктерін бүгінгі ұрпақпен салыстыра отырып талдау жасау.
2. Сақ дәуіріндегі адамдардың өмір салтының ерекшеліктерін зерделей отырып, Елеке сазынан табылған жәдігерлер арқылы ата- баба өркениетін болашақ ұрпаққа насихаттау.
Жұмыстың өзектілігі:
1. Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық- тәжірибелік құндылықтарын биология саласы бойынша насихаттай отырып, Елеке сазынан табылған Алтын адамды бүгінгі ұрпақпен салыстыру.
2. Cақ дәуіріндегі адамдардың өмір салтын дәріптей отырып, жасөспірімдерге салауатты өмір салты мен дене шынықтырудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру
Жұмыстың нәтижесі:
1. Сақ дәуіріндегі адамдардың антропологиялық ерекшеліктерін биология ғылымымен сабақтастыра отырып, мектептегі биология пәнінің бағдарламасына енгізу.
2. Елеке сазынан табылған адамдарының дене мүшелерінің ерекшеліктері туралы ақпараттарды насихаттай отырып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Зерттеу жұмысының әдістері:
# Теориялық (анализ, салыстыру)
# Зерттеу, дәлелдеу, қорытындылау

1.1. Антропология ғылымы туралы
Қай халықтың шығу тегі мен тарихын алсақ та, сол халықтың өткені мен бүгінін байланыстыратын алтын көпір тәрізді жәдігерлер көптеп саналады. Сол алтын көпірді зерделеп, зерттеуде биология ғылымының қосатын үлесі де өте маңызды. Атап айтатын болсақ, халықтың шығу тегін зерттеуде антропологиялық деректердің мәні зор. Антропология- адам ағзасының белгілі бір географиялық ортада, белгілі бір уақыт шеңберінде өзгеруін, осы өзгерістердің неден, қалай пайда болатындығы туралы заңдылықтарын зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Антропология ғылымының негізгі зерттеу объектісі биологиялық түрлердің бірі- адам болғандықтан және зерттеу әдістері биологиялық тәсілдерге сүйенетіндіктен, антропология биологиялық ғылымдар саласына жатады. Ал осы антропология ғылымының краниология деп аталатын саласы қазіргі кезде ерекше зерттеуді қажет ететін аса маңызды саласы болып табылады.
1.2. Краниология- антропологияның негізгі саласы.
Краниология - антропология ғылымының бас сүйек құрылысын зерттейтін саласы. Ертедегі және қазіргі халықтардың антропологиялық құрамын анықтауда краниологияның маңызы өте зор. Краниологиялық зерттеу әдістемелері 19 ғасырларда қалыптасты. Қазір Дания, Швеция, Франция, Германия, Англия, Ресей ғалымдары бас сүйекті жан-жақты зерттеу арқылы бір морфологиялық жүйеге келтіріп, іске асырды. Москва қаласындағы Герасимов атындағы краниологиялық орталықтың зерттеуі бойынша Елеке сазынан табылған адамдардың бас сүйектерін қалпына келтіру жүмыстарын жүргізу ерекше қолға алынған.

ІІ. Негізгі бөлім.
2.1.Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген адамдардың түр-сипаты
Қазақ халқының шығу тегін зерттеу, оларға антропологиялық зерттеулер жүргізуде, оны оқыту мәселелерін қарастырғанда біздің жерімізде өте ертеден бері өмір сүрген көне тайпалардың тарихын, өмір сүру салтын, тұрмыстық ерекшеліктерін басты назарға аламыз. Қандай да
бір халықтың шығу тегі- оның этногенезі, тілінің шығу тегімен, антропологиялық бет- бейнесінің қалыптасуымен байланысты. Біздің ұлан байтақ қазақ даласында да адамазат өркениетінде ойып тұрып орын алатын, ерекше өркениеті дамыған тайпалар өмір сүрген. Тарихтан белгілі болғандай, Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2-1 -мыңжылдықтар аралығында) Андронов тарихи- мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуропоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны дөңестеу. Хакасия
жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас болады.[1]
Кейінгі жылдары Ойжайлау қорымынан (Жамбыл облысы) табылған бас сүйектердің біразының беті сопақша, маңдайы шығыңқы, ал Зевакино қорымынан (Шығыс Қазақстан) сопақ басты, ат жақты, көз шарасы ұялы, мұрны қусырыңқы бас сүйектер табылды. Бұл антропологиялық материалдар Қазақстан жерін қола дәуірінің соңына қарай мекендеген тайпалардың Орталық Азия тұрғындарымен жақындығын көрсетеді.
Қола дәуірінің Алексеевское қонысынан (Қостанайда) табылған әйелдің бас сүйегінен де осы андроновтық бет- әлпет тұрқын байқауға болады. Ол Мәскеудегі М.М. Герасимов атындағы зертханада қалпына келтірілген. Бұл бейнеден андрондық тұрпатты көруге болады. [1]

2.2 Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиясы
Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дәңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады. Дегенмен де, сақтардың бет әлпетінде еуропеоидтік тұрпаттың көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайкыланады, көз ұясы шығыңқы бола бастайды.
Сақтардың бет-пішінінде монғолоидтік нышандар пайда болғанымен, еуропеоидтік нәсілдің белгілері әлі де басым. Ғалымдардың археологиялық және антропологиялық зерттеулеріне назар аударсақ, соңғы замандарда сақтардың бет пішінінде монғолоидтік нышандар басым бола бастағанын байқауға болады. Сонымен қатар мына мәселеге назар аудару қажет. Өткен ғасырдың 40- 50 жылдарында Қазақстан мен Орталық Азияға монғолоидтік нәсіл тек ғұндардың осы өңірлерге енуімен байланыстырылған болса, ал XX ғасырдың 60 жылдарынан бастап Г. Ф. Дебецтің, Т.А.Трофимованың, О. Исмағұловтардың деректері бұл өңірдің антропологиялық жағынан монғолдануы ғұндар заманынан бұрын басталғанын көрсетті.
Монғолоидтік нәсілді Қазақстан жеріне әкелушілер Орталық Азиядан батысқа қарай қоныс аударған монғол тектес, түркі-монғол тілдес тайпалар еді. Б.з.д. III ғасыр мен б.з. III ғасырлары аралығында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жерінде көне үйсін тайпалары өмір сүрді. Жетісу жерінде Сарытоғай, Таңбалытас қорымдарынан табылған кейбір бас сүйектер нәсілдік тегі жағынан таза монғолоидтерге ұқсайды. Үйсін дәуіріне жататын Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жерінен табылған антропологиялық материалдар да монғолоидтік нәсілдің бұрынғыдан да көбейе түскендігін көрсетеді.Тағы бір айта кететін мәселе, монғолоидтік белгілер ер адамдар бас сүйегінде кездеседі. Осы дәлелдерді антропологиялық жағынан зерделей келіп, бұл адамдар Орталық Азиядан Қазақстан жеріне осы кезеңде келген жаулап алушылар болса керек немесе жаулап алуға келіп, соғыста өлген сарбаздар болуы керек деп жорамалдануда.
Ғүндардың араласуы нәтижесінде жергілікті сақ тайпаларының және үйсін тайпаларының этностық топтарының антропологиясында монғолоидтік нәсіл белгілері күшейе түсті. Сонымен ғұн-үйсін заманында қазақ жерін жайлаған этностық топтардың антропологиялық бет пішінінің мөлшермен 14 бөлігі монғолоидтік болды.
Жалпы ғұндар Қазақстанның ежелгі тайпаларының антропологиялық тұрпатына ғана емес, сонымен қатар тілінің түркіленуіне де қатты әсер етті. Өкінішке орай, Қазақстан жерінде ғұндардың археологиялық ескерткіштері аз анықталып, нашар зерттелген. Сондықтан антропологиялық материалдар да жоқтың қасы.[2]

2.3. Түрік дәуірінің антропологиясы
Қазақстан жерінен табылған түрік заманының антропологиялық материалы бұл заман адамдарының тұрпатында еуропеоидтік және монғолоидтік нәсіл белгілері аралас екендігін көрсетті. Аймақтар бойынша салыстырсақ, Шығыс Қазақстанды мекендеген түріктерге қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін мекендеген түріктерде монғолоидтік нышандар көбірек байқалады. Жетісудан табылған түрік заманының бас сүйектері де еуропеоидтік және монғолоидтік нәсілдердің буданы іспеттес, олар қазіргі қазақтардың тұрпатына жақын. Басқа аймақтардағы сияқты Жетісу антропологиялық материалдарының ішінде аса таза еуропеоидтік немесе монғолоидтік түрлер де кездеседі.[3]
Түрік заманында Қазақстан жерін мекендеген халықтар өздерінің антропологиялық, нәсілдік өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Құнды археологиялық қазбалар арқылы табылған жәдігерлерден Қазақстан жерінде антропологиялық бет-әлпетінің осыншама ала-құлалығы кездеспеген. Ерте орта ғасырларда да шығыстан батысқа қарай қоныс аударған тайпалардың Қазақстан жеріне соқпай кеткені кемде-кем. Дегенмен де түрік заманындағы жерімізді жайлаған халықтың бет әлпетінде сақ, үйсін адамдарының заңды жалғастығының бар екенін баса айту керек. Оны археологиялық деректер дәлелдеп отыр.
Сырттан келіп қосылған халыктар сонау сақ дәуірінен бері үздіксіз қалыптасып келе жатқан жергілікті антропологиялық тұрпатты күрт өзгерткен жоқ, тек аздап монғолдандырды. Антрополог О.Исмағұловтың есептеуі бойынша, түрік дәуірінде Қазақстанды мекендеген европоидтық типтес тайпалардың антропологиялық тұрпаты 20%-ға монғолданды. Сонымен түркі заманында Қазақстан жерінде тұрандық-оңтүстік сібірлік нәсілдік тұрпат қалыптаса бастады.
Монғолдар шапқыншылығы дәуірінде жерімізге азиялық антропологиялық элемент соңғы рет үлкен толқынмен енді. Монғолдар басып алған ғасырларда қазақ халқының бет пішінінде монғолоидтік белгілер айқын байқалған.

2.4. Сақ тайпаларының антропологиялық типі
Сақ тайпаларының антропологиялық типі- Қазақстан жерінде алғашқы темір дәуірінде (б.з.б. 8 -- 5 ғасырлар) өмір сүрген тайпалардың антропологиялық анықтамасы болып табылады. Қазақ даласының көптеген өңірінен табылған ежелгі қорған мен обалардан сол заманның әдет-ғұрыптарына байланысты бұйымдармен қатар адам сүйектері де қазып алынды. Осы адам сүйектеріне жүргізілген арнайы зерттеу жұмыстары Қазақстан жерінде алғашқы темір дәуірінде сақ тайпалары өмір сүргенін дәлелдейді. Сол дәуірде Қазақстан аймағы шошақ бөрікті сақтардың негізгі мекен-жайы болғаны белгілі. Сондықтан антропологиялық сипаттамалар тек осыларға ғана беріледі. Шошақ бөрікті сақтарға байланысты археологиялық ескерткіштер Қазақстанның оңтүстік, шығыс, орталық аймақтарында орналасқан. Осылардан табылған адамдардың қаңқа сүйектеріне арнайы антропологиялық зерттеулер палеоантропологиялық зерттеу жолдары, яғни бас сүйектердің морфологиялық құрылымына сипаттау арқылы және палеогенетикалық әдістеме, яғни сақ тайпаларының азу тістеріне митохондриялық ДНК-сын(mt -- DNA) анықтау, яғни аналық нәсілдің ерекшеліктерін анықтау арқылы жүргізілді. Көне заманда қазақ даласын мекендеген сақ тайпаларына қатысты зерттелген бас сүйек өлшемдерін жыныс ерекшеліктеріне қарай тоғыстырылып, барлығына ортақ краниометриялық анықтамасы алынды. Бас сүйектердің жалпы сипаттамасы: бас формасы жұмыр, төбе биіктігі жоғарылау, маңдай кеңдігі орташа, қабақ сүйектері айтарлықтай жетілген, бет сүйегі аласа, ені жалпақ, жақсүйектері орташа көтеріңкі, жазықтығы сүйір, көз ұяларының биіктігі аласа, ені жалпақ, алдынан қарағанда пішімі төртбұрышты, қоңқақ мұрын болып келеді. Осы айтылған сипаттамалар және басқа анықтамалар бойынша сақ тайпалары көне еуропоидтық антропологиялық типке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи антропологияның мәні және оның методологиясы мен әдістемелері
Ғұндар және үйсіндер археологиясы
Сақ,үйсін,қаңлылардың діни сенімі
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХИ АНТРОПОЛОГИЯСЫ»
Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Қазақ этнонимінің синонимі
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Пәндер