Жазба жұмысын жоспарлау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

(GZAAН 6305) Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат пәнінің

Дәрістер жинағы

Шымкент 2022

1-апта. Лекция №1-2. Тақырыбы: Тарихи зерттеудің құрылымы.

1. Тарихи зерттеудің объектісі мен пәні.
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау.
3.Академиялық оқылым әрекеті

Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті: техникасы мен оның жекелеген тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, кәсіби оқылымды, академиялық жазу мен ауызша таныстыру дағдыларын меңгерту.Академиялық жазу пәні педагогика және психология, дефектология салаларындағы болашақ мамандарды даярлаудың теориялық және ғылыми-зерттеу негізін құрайды. Пәннің қолданбалы сипаты мамандық бойынша ғылыми мәтіндер (курс және диплом жұмысы, ғылыми жоба және т.б.) құрастырумен байланысты. Кез-келген оқырман қалауына орай түрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Мәтіндердің түрлерін шартты түрде академиялық және академиялық бөлінеді. Академиялық - рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар және т.б. осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады.Жоғары оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің ғылыми бағытына қарай өзіндік зерттеу әдісі мен тілдік ерекшеліктері бар. Мысалы, экономикалық бағытта жазылатын оқу құралын алатын болсақ, оның негізгі мақсаты оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен ғылыми жайттарды мысалдар арқылы оқырмандарға түсіндіру.
Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынандай ерекшеліктері болады: Күрделі: Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңіненқолданылады. Формалды: Академиялық жазылым барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды.
Нақты: Академиялық хатта ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беруге тырысыңыз. Мысалы, көптеген адамдар деген мәліметті қолданбай, оның орнына 50 адам деп нақты санын көрсету қажет.
Обьективті: Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субьективті пікір ұстанбауы тиіс. Яғни, біржақты немесе қандайда бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Жұмыстың мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады. Академиялық мәтінді оқу барысында оқырманды автордың не жасағаны емес, жұмыс бойынша не жасалғаны қызықтырады. Сондықтан менің ойымша, мен сенемін, мен, менің, менікі деген сөз тіркестері қолданылмағаны абзал.Оқырман әдетте сілтеме жасалмаған ойды автордың пікірі ретінде қабылдап, бағалайды. Мысалы, менің ойымша, бұл жақсы жазылған зерттеу жұмысы деп көрсету қажет емес. Оның орнына жақсы жазылған зерттеу жұмысы деп жазған дұрыс. Оқырманға сіз, сен деген сілтеу есімдіктерін қолданбаған дұрыс.Шектеулі:Академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпараттарды беру немесе жазу оқырман қызығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді.
Жауапкершілікті:Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Мәтіндегі түрлі қателіктер мен келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі ғана жауап бере алады. Сонымен қатар, мәтінді жазу барысында плагиаттық жасамау қажет. Біреудің пікіріне немесе сөзіне сілтеме жасамай қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын естен шығармау керек.Бірақ, мәтіннің жазылуының басты талабы - анық және түсінікті тілмен жазылуы.
Академиялық хаттың.ерекшелігі: Обьективті түрде жазылады.Ғылыми стильде жазылады.Жүйелі құрылыммен жазылады.Сілтемелерді жиі қолданады.Академиялық мәтін ешқашан субьективті болмауы тиіс. Мысалы, Менің ойымша, академиялық жазылымның басқа жазылымдарға қарағанда 4 айырмашылығын көре аламын деген сөйлемді обьективті түрде былай беруге болады: Жалпы алғанда, академиялық жазылымның басқа жазылымдардан 4 түрлі ерекше айырмашылығын байқауға болады. Академиялық бағыттағы сөйлемдер толық грамматикалық құрылымда беріліп, нақты ақпарат беруін көздейді. Сонымен, академиялық құрылыммен жазылатын сөйлемдердің негізгі мақсаты берілетін ақпаратты түсінікті дәлелді етіп анық жеткізу. Академиялық хаттың негізгі талаптары:Зерттеу тақырыбының болуы.Зерттеу сұрағының болуы.Плагиат ережесін сақтауы.Ғылыми мәліметтерді қолдануы.Кіріспе, негізгі бөлім, қортынды бөлімдерінің болуы.Түйіндеменің болуы (шағын эсселерге қатысты емес).
Академиялық оқылым әрекеті. Кез-келген өз стилі болады. Барлық әріп танитын адам күнделікті қажетіне байланысты түрлі материалдарды оқуына тура келеді және олардың өзіне тән қалыптастырып алған оқу стилі бар. Қарапайым оқылым стиліне әрбір сөзіне көңіл бөліп, оны басынан аяғына дейін түсінуге тырысып оқитын көркем шығарманы оқу стилін жатқызу. Мысалы, Аңыз адам журналы түсетін болса, ол журналдың бетін парақтап өзін қызықтырған мақаланы ғана оқып шығуы мүмкін. Ал, оның қолында телефон нөмерлерінің тізімі жазылған анықтамалық болса, ол өзіне керекті адамның есімін ғана іздеуі мүмкін.
Академиялық бағытта оқылым әрекетін жүзеге асыру мына қарапайым сатыларды орындаған абзал:Жазба жұмысының тақырыбын толық түсіну.Материалдардың тақырыпқа дұрыс сәйкес келетінін анықтау.Материалдарды оқып, түсіну.
Мәтіндегі автордың айтпақ ойын түсіну, осы тақырыпқа қатысты өзге авторлардың ойын білу.Жазба жұмысында автордың пікірін қалай қолданатыны жайында ойлану.Оқыған мәтіннен түсінгенді қолдану және жазба жұмысының тақырыбына жауап беру үшін өз пікірін беру.Оқырманды жазба жұмысында оқыған материалдардан жасалынған мәліметтерді дәлел ретінде қолдана отырып, зерттеу сұрағының жауабына сендіру.Академиялық бағыттағы мәтінді тиімді оқу үшін мәтіннің мақсатын, жазылу стратегиясын және мазмұнын өзара тығыз байланыста қарастыру керек.
Мәтін түрлері мынандай:оқулық,газет мақаласы,журнал мақаласы, баяндама,онлайн құжат,кесте, сурет, сызбалар.
Уақытты үнемдеу мен тиімділікті арттыру үшін кез-келген студент өзінің оқылым стратегиясын қалыптастыруы шарт.
Оқылым стратегиясын арттыратын амалдарға мыналар жатады:
Оқу жылдамдығы. Негізгі сөздер мен тіркестерге шолу жасау. Параграфтарға шолу жасау.
Оқылым әдістерін қолдануына тура келеді:
Зерттеу - мәтінді оқымас бұрын тақырыбын, тақырыпшыларын, мәтіндегі сурет, сызбағ кесте астындағы сөздерді, мәтіннің кіріспесі мен қортындысын және оның түйіндемесін мұқият оқып, зерттеа алу керек.
Сұрақ қою - тақырыпты сауалға айналдыруға тырысу керек. Егер оқулық болса, бөлім соңындағы сұрақтарды оқыған дұрыс Мен бұл тақырып туралы осы кезге дейін не білемін? және Бұл тақырып туралы дәрісте не айтылды? деген сұрақтарды үнемі өз-өзінен сұрап отыру керек.
Оқу - оқылым әрекетін бастаған кезде асты сызылған, қарамен жазылған немесе курсивпен жазылған сөздерге мән беру керек. Себебі, автор негізгі ойлары мен курсивпен жазылған сөздерге мән беру қажет. Себебі, автор негізгі ойлары мен қажетті ақпараттарды ерекшелеп беруге тырысады.
Дұрыстап оқу - әрбір бөлімнен соң дауыстап қазір ғана оқығаныңызды өз - өзіңізден дауыстап сұрау керек. Әрбір бөлімге қорытынды жазуға тырысу қажет.
Қайталау - оқығанды қайталау үшін мынандай амалдарды орындау қажет.
Оқылым әрекетін тиімді жүзеге асыру үшін мына кеңестерді еске сақтау қажет:Мәтінді жылдам және түсініп оқу жанрына байланысты екенін ұмытпау. Әрбір сөзді басынан бастап қайталап оқудың тиімсіз екенін ескеру. Тақырыпты оқып, ол туралы осыған дейін білетін ақпараттар туралы ойлану. Алдымен мәтінге көз жүгіртіп шығу.Кіріспесі мен қортындысын оқып шығу. Академиялық тұрғыдан сенімсіз материалдарға мыналарды жатқызуға болады: Газеттер (тіпті көлемді мақалалар жариялайтын Егеменді Қазақстан, Жас алаш т.б.). Журналдар (Жалын, Парасат т.б.). Компаниялар мен кәсіпорындардың вебсайттары. Қоғамдық мекемелер мен қайырымдылық қорларының сайттары. Студенттердің эсселері мен жазба жұмыстары.
Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Оқылым әрекеті дегеніміз не?
2.Жазылым әрекеті қандай әрекет?
3.Мектеп қабырғасы мен ЖОО-да оқылы әрекетінің айырмашылығы бар ма? Болса, қандай?
4.Неліктен академиялық бағытта жазылатын жұмыстарда сенімді ақпараттарды қолдануға тура келеді?
5.Академиялық бағытта сенімсіз ақпараттарға қандай материалдарды жатқызуға болады?

2-апта. Лекция №3-4. Тақырыбы: Ғылыми зерттеу үшін ақпаратты іздеу әдістері.

1.Жазба жұмысын жоспарлау
2.Академиялық жұмыстардағы автор ойының берілуі
3.Академиялық бағытта дереккөздермен жұмыс
4.Жазба жұмысын жоспарлау

Жазылым үдерiсi сәтті жүзеге асуы үшiн оны жоспарлау кажет . Такырыпка катысты толыкканды акпарат жиналғаннан кейiн осы акпараттарды жүйелеп , калай жақсы бағаланатын жұмысқа айналдыруға болады ? деген сауал мазалауы мүмкін . Ол үшін жоспар кажет . Жоспар алғаш кұрылганда ретсiз болуы мүмкін , себебі ав тор өз ойына келген алгашкы идеяларды өз жазбасына косу үшін жоспарға енгiзе беруі мүмкін . Мұндай жоспарды құрудын мынадай жолдары бар ( олардын iшiнен қолайлы деген бiреуiн тандап алуға болады ) :
Ойшакырту - ойшакырту амалы такырыпка катысты ойга келген барлык сөздерді жазу . Содан кейін оларды ұмытып калмас үшiн тақырыпшаларға топтастыру кажет . Бұл амал біршама ретсiз орындалуы мумкiн , бiрак такырып жөнiндегi идеяларды қагазға түсiрудiң жаксы тәсілі .
Топтастыру - бұл әдіс ойшақырту амалына ұксас , бiрак өзіне тән ерекшелігі бар . Бұл әдісті колдану барысында такырыпка катысты ойларды қағаз бетіне түсiрiп , тек тақырыпшаларына қарай топтарға жіктеп жазуға болады .
Тізім жасау - топтастыра жазудың жүйелi түрi. Мұнда негiзгi ойдан бастап, тақырыпшаларға қатысты идеяларды жалғастырып жазу басты назарда тұрады . Бұл жазылым барысында кандай тұжырымдарға келу қажет екенін ұмытпауға мүмкіндік береді .
Сауал қою - жоспарлаудын мұндай түрiн қолдану барысында жазба жұмысынын негiзiн кұрайтын белiмдердiн сұрактары туралы ойлану кажет . Әрбiр бөлiм үшiн негiзгi деген бір сұрактан ойлап табуға тура келедi . Осыған байланысты жазылым үдерiсi барысында кұрастырылған сұрактарға жауап беруге болады .
Зерттеу жұмысын жазу кашанда оңай шаруа емес . Сол себепті зерттеу барысында аткарылатын шараларды аныктап алган жөн . Зерттеу жасау барысында жобанын жоспарын бірнеше мәрте өз тертiп , кайта - кайта түзетулер енгiзiлуi мүмкiн немесе зерттеуші әлі де материалдарды оку аркылы мәліметтерді жинауды жалғастыра беруiне болады . Дегенмен зерттеу жұмысын жазуды алғаш бастап отырган студент уакыттын жартысынан кобiн акпаратты дайындау мен әзiрлеуге жұмсаганы , ал калган жартысын жазу үдерісіне арнағаны дұрыс . Сол себепті , зерттеу жұмысына канша уакыт жұмсалатынын алдын ала бiлу қажет және зерттеу материалдарын табуға коп уакыт бөлген студенттiң жоғары баға алуға мүмкіндігі бар .
Зерттеу жұмысынын негiзгi үдерiсi мынадай жоспардан тұруы мүмкін :
1. Зерттеу сұрағын айқындау :
2. Ақпарат алатын топты анықтау ;
3. Жауапты қалай жинап алатыны туралы білу ;
4. Сауалнаманы құру :
5. Сауалнаманы сынақтан өткізу ;
6. Негізгі зерттеу жұмысын жүргізу ;
7. Ақпараттарды талдау .
Жазба жұмысын жоспарлау барысында неге баса назар аудару қажет ? деген сұраққа жауап іздеу кажет . Ол үшiн жазба жұмысының зерттеу сұрағына баса назар аударуға тура келеді . Мәселен , эссені жазу барысында онын негiзгi сұрағы туралы ойланып , осы сұраққа ғана жауап беруге тырысу керек . Такырып туралы баска да бiлетiн жайттарды жазудың қажетi жоқ , себебі такырыпка катысты , бiрак сұрактан тыс мәселелерді жазу жүйесiздiкке , кейде тiптi такырыптан ауытқуға ұрындыруы мүмкін . Академиялық жазылымнын басты талаптарының бірі - такырыптан ауыткымай нақты сұраққа жауап беру болып саналады . Әсіресе , емтиханға жазбаша жауап беру барысында емтихан қабылдаушынын ненi бiлгiсi келетiнiн бiлiп алып , сол сұракка анык жауап беруге тырысуы керек Бұл өз кезегінде жұмысты жоспарлап алуға тікелей байланысты болып саналады . Жазба жұмысын дұрыс жазу үшiн берiлген сұракты мұкият оку кажет . Емтихан кабылдаушынын кандай жауап күтетiнiн естен шығармаган абзал . Көп студенттер сұрақтан тыс жайттарды жазып, төмен баға алып жатады . Эссе грамматикалык және тiлдiк бiрлiктерд колдану тұргысынан жақсы жазылғанымен , онда негiзгi сұраққа жауап берілмесе , такырыпка катысты ой жүйелi жазылмаса , мақсатына жетпедi деп есептеледі . Ол үшін ондағы негізгі сөздердiн астын сызып алу керек , бул сұраққа накты жауап беруге көмектеседі. Такырыпка катысты ойдын жүйелi берiлуi онын окырманына ( емтихан кабылдаушы немесе окытушы ) эссенi түсiнiп окуына мумкіндік береді . Сондыктан жазба жұмысында ойыныздағы ақпаратты мүмкiндiгiнше түсiнiктi етiп жазудын маңызы зор . Ой шашыранкы , құрылымы нашар немесе жуйесiз жазылып , оқырманга оқу барысында түсінуге қиындыктар тудырса , төмен бағаланады . Керiсiнше , жұмыс оқырманға жеңіл оқылып , түсінілсе және кұрылымы жуйелi жазылып , Қызығушылық тудырса , сәттi жазылған деп есептеледi . Кез келген жазылым жалпыға ортак кipicne параграф , ойдын дамытылуы немесе негізгі бөлім және қорытынды параграф кұрылымына негізделеді . Бұл кұрылым бойынша негiзгi бөлiм такырыпка қатысты ойды жан - жакты талдайды , сондыктан басқа бөлiмдерге қараганда көлемдірек болады . Дегенмен кiрiспе мен корытынды бөлiмдердiң де маңызды екенін естен шығармау кажет . Бұл бөлiмдердiн мағыналық жағынан біртұтастығы мен сұраққа жауап беру тұрғысынан жүйесiз жазылуы түсiнiксiздiкке алып келеді және жоғары бағаланбайды. Сонымен, жоспар кұру барысында алдымен есте сақтайтын жайт -такырыпка қатысты кiрiспе параграф пен ойды жан - жақты талдайтын негiзгi бөлiмi және автор ойынын негiзгi түйiнiн беретiн корытынды бөлiмнiң болуы шарт . Бұл үш бөлiм бiр - бiрiмен мағыналык және құрылымдык жағынан өте тығыз байланыста жазылуға тиiс . Кейде пәннiн максатына карай жазбаша жұмыстын такырыбы семестрдiн басында берiлiп, белгiленген уақытта жазба жұмысы тапсырылуы талап етiлуi мүмкін . Мұндай жазба жұмысын жазу үшiн студенттін уақыты жеткілікті . Студент берілген уакытты жазба жұмысынын кұрылымын жоспарлап , әрбір іс - әрекетін ( оку , түртпе жасау , эссе бөлiмдерiн жазу ) Өз кезеңiнде орындап отырғаны дұрыс . Қорытындылай келе , жазылым үдерiсiн калай бастауды студенттiң өзi шешедi немесе өзiне колайлы жолды тандап алады . Дегенмен сұрақты мұкият окып , негiзгi сөздерді тауып , осыған байланысты жоспар құру - эссенiн такырыпка сай және кұрылымынын дұрыс болуына әсер ететiн ен тиiмдi жолдардын бiрi . Сондай - ак осы негiз П создерге кыскаша параграфтар жазып шыгу суракка накты жауап беруге мүмкіндік жасайды . Алдын ала сұракты түсiнiп , түртпелер жасап болган соң , жоспар курып , такырыпка сай жазба жұмысын калай жазуга болатынын ойлануга болады . Бұл кезенде параграфтардын кұрылымы жөнiнде көп ойлану кажет . Осыған байланысты жазба жұмысын жоспарлау барысында мынадай кенестердi есте сактау кажет : Берілген сұраққа накты жауап беру кажет . Эссені жазу барысында такырып бойынша коп бiлетiнiн корсету емес , сұраққа накты жауап беру жоғары бағаланатынын естен шығармау керек .
Параграф жазу
Кез келген студент ақ парақты қолға алып , жазылым әрекетін қалай бастау керектiгi жөнiнде мүдiрiп қалатыны cөзсіз . Тiптi кәсiби тұрғыда жазу стилі қалыптаскан журналист немесе өзiн Бұл тақырып жөнінде қалай бастасам екен ? деген сұрақ мазалауы мүмкін . Алгашқы параграфтын арқалайтын жүгi кашанда ауыр болады . Себебі , кандай оқырман болмасын , қолына түскен кiтабын ми немесе жазба жұмысынын алғашкы сөйлемдерiне көз жүгіртетіні белгілі . Ол окырманнын қызыгушылығының оятуы да , жоғалтуы да мумкiн . Академиялык жазба жұмыс жазушынын пiкiрi дәлелді болуы шарт . Эссені бастамас бұрын аталмыш шартты бiлудiн манызы зор . Осылайша , эсседегi ойлар накты акпарат беретiндей болуы кажет . Мұнда параграфтын атқаратын кызметі ерекше . Жазба жұмысын окитын немесе тексеретін окытушылар , кітап тандаушы оқырман сиякты , ұнамаган жұмысты сөреге коя салмайды . Олар студенттiң немесе оқушынын жазған жұмысын бағалау үшiн толық оқып шыгуға міндетті . Дегенмен алғашкы параграфтың барынша тартымды әрi қызықты жазылуы тұтас жазба жұмысынын кұрылымына деген жалпы көзқарасты қалыптастырады . Жазба жұмысы алдымен оқырманын кандай такырыпта мәселе қозғайтындығымен таныстыруы керек . Окырманның кызығушылығын оята бiлген такырып кана оны әрi карай оқуга деген ынтасын арттырады . Мәселен , Қазақ даласындағы демократия деген такырыпта эссе жазылмакшы делік . Мұндай такырыпты демократия туралы ұғымдар мен онын алғышарттары туралы бастауға болады.Дегенмен бұларга көп тоқталудын кажетi жок , өйткені эссені жазуға берілген уақыт пен эссе көлемін естен шыгармау керек . Демократия туралы ұғымға жане онын маныздылыгына аздап тоқталғаннан кейін эссенін негізгі тақырыбына , ягни қазақ даласындағы демократия ұгымына ауысуға болады . Алғашқы , ягни кiрiспе параграф жазылганнан кейiн негiзгі бөлімінің параграфтарын жазуға кірісуге болады . Параграф - белгі бiр такырыптагы бір гана ойды бiлдiретiн бiрнеше сөйлемнiң жиынтыгы түрінде беріледі . Әдетте , академиялык жазылымда бiр параграфтын құрамында бес және он сөйлем болуы мумкiн , бiрақ бұл міндетті емес , яғни онын көлемi параграфтағы негізгі ойға байланысты параграф құрамындагы сөйлемдер кейде ұзақ , кейде қысқаа байланысты болады . Сондықтан талкыланатын такырыбы да кыска болады . Параграф азат жолдан басталады және оны кейде абзац деп те атайды . Жұмыс кейде белгiлi бiр сұраққа жауап беру үшін тек бip гана параграфтан тұруы мүмкін . Мәселен , Инфляция ұғымына анықтама беріңіз және мысалдар келтiрiнiз деген тапсырмаға тек бір параграф көлемінде жауап беруге болады . Дегенмен параграф көлемді мәтіндердің кұрамы , бiр белiгi ретiнде жазылады . Параграфты жазу барысында онын құрылымына ерекше назар аудару кажет . Параграф кұрылымының негізін сактау мәтінді , яғни ондағы акпаратты барынша тез түсiнуге мүмкіндік жасап коймай , жазылым үдерiсiнiн жүйелі жүзеге асуына ыкпал етеді . Параграф негiзiнен мынадай құрылымнан тұрады : Такырыптык сойлем ( негiзгi сөйлем ) - негізгі ойды бiлдiрiп , параграф басында келеді . Себебі бұл сөйлем осы бөлiмнiн басты идеясын береді . Колдаушы сөйлемдер ( көмекші сөйлемдер ) - такырыптык сөйлемде берілген ойды түсiндiрiп , талдау жасайды . Параграфтын такырыбы жәнiнде мысалдар мен мәліметтер береді . Қорытынды сөйлем - параграфтын сонында жазылады . Бұл сөйлем негізгі ойды қайталау немесе параграф жөнiндегi автордың корытынды ойы ретiнде берiлуi мүмкін . Кей жағдайларда параграфтың корытынды сөйлемi жазылуы шарт емес . Әрбір параграф негiзгi бiр ойдын төңiрегiне топтастырылуы қажет . Яғни , параграф негiзгi бiр ойды ғана бiлдiрiп , барлык сөйлемдер сол ойды ашу , колдау , дәлелдеу үшiн кызмет етуi тиiс . Эссе жазу барысында параграфтар негiзгi мәтіннің беретін ойын бiлдiру үшiн жазылады және автордын пiкiрiн түсiндiруге кызмет етеді . Әрбір параграфта пiкiрдi колдау немесе жоққа шыгару үшин окыган материалдарға , қолданылған дереккөздерге сілтеме беру керек . мақсатына карай кipicne параграф , негiзгi болiм параграфтары, Академиялык жазылымда параграфтар жұмыс құрылымынын және корытынды параграф ( тар ) болып бөлінеді . Бұл параграфтар ғылыми жумыста акпарат беру мақсатына карай құрылып , окырман үшiн автордын пiкiрiн түсiндiруге , дәлелдеуге бағытталады .
Кiрiспе бөлiмнiң параграфтары такырып туралы осы кезеңге дейiнгi манызды мәлiметтердi бере келiп , автордың негiзгi ұстанымымен ( тезисімен ) таныстыруды мақсат етеді . Сонымен қатар кiрiспе параграфта эссенiң негiзгi бөлiмiнде берiлген аргументтер мен және жұмыс жоспарымен қысқаша таныстырып кетуі мүмкін .
Негізгі бөлім параграфтары кiрiспе бөлім параграфтарымен логикалык тұрғыда сабақтасып жазылады . Бұл параграфтар автордың ұстанымын тусiндiруге кұрылады және әрбір параграф такырыпка катысты ой - пікірлерді дәлелдер мен мысалдар аркылы нақтылауға негiзделеді. Сонымен катар негiзгi бөлiмде автор өз тезисiне карсы келетiн өзге авторлардын пiкiрлерiн де карастырып , өзінің такырып жөнiндегi көзкарасын түсінуге мүмкiндiк беруi кажет .
Қорытынды параграф жазбаша жұмыста жазылған негiзгi тұжырымдарды , көзкарастарды кыскаша кайта жазып беру үшін курылады . Сондай - ақ бұл параграфта жұмыстын шектеулігі мен такырыпқа қатысты алдағы уакытта карастырылуы тиiс бағыттар женiнде ұсыныстар айтылып кетуі мүмкін . Мәтiннiң сәтті жазылуы онын параграфтарынын кұрылымына тiкелей байланысты . Осы орайда параграфты жазу тиянактылык пен ұқыптылыкты талап етеді . Параграфты бастамас бұрын не жөнiнде жазылатынын нақты бiлу кажет . Басты тұжырымдарды білмей параграф жазу мүмкін емес . Ол жақсы жазылуы ушiн мынадай карапайым сұрақтардың жауабын бiлген жөн : :: Параграфтын негізгі идеясы мен қозғайтын мәселесi кандай ? Такы рыптың зерттеу сұрағы туралы ойлану немесе осы такырыпка катысты негізгі идеялар мен мәселелер жөнiнде карастыру кажет . Параграфта негiзгi такырыпка кыскаша түрде жауап берiлуi тиiс . . Окырманы кім ? Кім үшiн жазылады ? Жазба жұмысынын негiзгi окырманы кiм екенi жөнiнде ойлану кажет . Олардын негiзгi маманды ты , бiлiмi кандай екенi ескерiлуi тиiс . Олар бұл такырып жонiнде бiле ме ? немесе Қосымша түсiндiрудi кажет ете ме ? деген мәселе есте болуы керек . Параграфтагы мәселенің шешілу жолдары кандай болмақ ? Параграфта мәселенiн шешілу жолдары жазылатын болса , ол женiнде мукият ойланып алу кажет және такырыптан ауыткымау жагын естен шығар маған жөн . Мәселен , Мамандык тандау . Қай мамандыкты тандауга болады ? Неліктен бұл мамандыкты тандауға болады ? немесе Мұнай дын арзандауына әсер ететiн негiзгi фактор деген пiкiрлердi жазар алдында олар жөнiндегi ұсыныстар жайлы ойлануға тура келедi .
Егер параграф үлкен эссенiн бөлiгi болады деп есептелсе , жоспарда жазылатын параграфтардың тұжырымдарын белгілеп алған абзал. Оның бірінші сөйлемi окырман назарын тын жайтқа аударып , автор ойынын калай өрбіп жатканын білдіруге құрылады . Жұмыс жазылып болған соң әрбір параграфтын алғашқы сөйлемiн оқып , өзге сөйлемдердi окымай - ақ эссе құрылымын , ондағы ойдың жүйелі түрде берілгендін байқауға болатынына көз жеткізу керек . Пікірлердің берілу ретіне , олардың қайталанбайтынына мағыналық жағынан сәйкес келуiне және ойдың шашыраңқы болмауына назар аудару қажет . Бұл мәселеге қанағаттарлықПараграфты алдыңғыы жазылған жайтты қайта жазудан бастамаған абзал. жауап ала алмаған жағдайда , параграфтарды қайта жазуға тура келеді .
Академиялық жұмыс ойының берілуі
Академиялык жазылымның басты талаптарының бірі - автордың өз ойын анық беруі және оны дәлелдей алуы. Бқл өз кезегінде жинақталған мәлiметтердi өз тұжырымын жасау ушiн қолданумен тікелей байланысты . Дегенмен бұл үдерiс зерттеу жұмысы кезенiнде кездесетiн үлкен қиындықтардын бiрi болып саналады . Академиялық мәтiннiң оқырманы немесе оны тексеруші ( оқытушы ) мәтiндегi автор ойының қаншалыкты дамытылғанын , аргументтер арқылы каншалыкты дəйектелгенін түсінгісі келеді . Автор өз ұстанымын дәлелдеу үшiн пiкiрiмен келісетiн өзге авторлардын сөздеріне , ойына сілтеме жасап , мәтiн iшiнде колдануы керек Сонымен қатар автор өз пiкiрiне қайшы келетін пікірлердi де жазып оларға сілтеме жасауға тиіс . Бұл өз кезегiнде такырыптың жан - жақты каралып , сәйкесінше дұрыс шешiм кабылдануына сеп болады . Академиялык жұмысты жазу барысында көптеген студенттер плагиат жасап алу жағынан кауiптенедi . Бiрак плагиат өзге біреудің пiкiрiне , сөзiне сiлтеме жасамай колдану барысында орын алады . Ал кейбiр студенттер кешiру үдерiсi кең тараған деп қабылдап , қасақана плагиат жасауы мүмкін . Дегенмен плагиат үшiн жауапка тартылатынын ешқашан естен шығармау кажет . Плагиаттан сақтанудын бiрден - бір жолы - дереккөздерге сілтеме жасаудың жолдарын жаксы меңгеру . Егер автор өзге автордын сөзін өзгертпей , дәйексөз ретiнде сол калпында колданатын болса , онда оны мiндеттi түрде тырнақшаға алып , қай беттен алынғанын көрсетуі керек . Бұл өзге автордың сөзi екенiн анык көрсету және плагиат жасамау талабын дұрыс сақтауға мүмкіндік беред Сонымен катар өзге авторлар сөзiне парафраз жасау аркылы қолдануга болады . Парафраз жасау барысында материалға мiндетті түрде сілтеме жасалады және бұл автор тарапынан өзге автор сөзін өзгертпей қайта жазып бергендіктен,тексеруші тарапынан жоғары багаланады . Сондай - ақ өзге автордың көлемді негiзгi тұжырымды корытындылап беруге де болады. Муұнда да материалга сілтеме жасалады және өзге автор пiкiрлер енбегiндегi академиялык мәтiнде орынды колдану автордын негiзгi ұстанымы дәлелдеуге және жумыстын сенiмдiлiгiн арттыруға кызмет етеді.
Жазылым барысында автор өз ойын дәлелдермен дәйектей келiп , сенiмдi немесе толык сенiмдi емес екенiн бiлдiре алады . Мәселен , егер толык сенімді болса , анық , нақты , тиіс , қажет және т.б. сөздерді колданады , ал аздаған күмәні бар болса , мүмкін , сиякты , ықтимал деген сөздерді қолданады . Мысалы : Қазіргі білім саласындағы түбегейлі реформалар үлкен өзгерістерді алып келуi мүмкiн , дегенмен осы реформалардың орынды жүзеге асырылуын ашық түрде қатаң қадағалау ғана оң нәтижеге жеткізетіні анық . Сонымен қатар , әдетте , академиялык жазылым барысында автор ойы мен деген жiктеу есiмдiгi аркылы берiлмейдi . Етістіктер негізiнен ырыксыз етіс формасында беріледі . Мәселен , Мен зерттеу жұмысында мына мәселелердi карастырдым ... деудің орнына Зерттеу жұмысында мына мәселелер карастырылды ... деп жазылады . Дегенмен медицина және тағы басқа жекелеген тәжiрибенi көрсетудi талап ететiн салаларда автор тарапынан жүргізілген жұмыстарды накты көрсету үшін мен есімдігін қолдану сұралуы мүмкін .
Өзге академиялык енбектердi колдану
Академиялық жазылымның басты талаптарынын бiрi - өзге еңбектерді қолданғанда сілтеме келтіру. Бұл плагиаттан сақтанумен қатар студенттің такырып бойынша өзге авторлардын пiкiрлерiмен таныс екенiн және каншалыкты сенiмдi пiкiрлер жинай алғанын көрсетуге мумкiндiк береді . Сондай - ақ мәтiннiң салмағын арттыра түседі .
Жалпы , сiлтеме келтiрудiн түрi көп . Дегенмен дереккөздерді әдебиеттер тiзiмiнде көрсету бәрiне ортак талап болып есептеледі . Негiзiнен , сiлтеме жасаудын екі түрі бар . Бірінші , мәтін iшiнде авторын және дереккөзiнiн жарияланған жылын көрсету . Бұл жүйеде алдымен автордын тегi берiлiп , содан кейін еңбектiн шыккан жылы жакша iшiнде берiледi . Бұл окырманнын автордын кім екенін және еңбектiн каншалыкты жана екенiн бiрден байкауына мүмкіндік береді . Ал колданылған әдебиет жазба жұмысынын сонында автор тегі бойынша алфавиттік жүйемен безендiрiледi . Екiншi , мәтiнде колданылған әдебиеттің реті бойынша нөмiрлiк үлгiде сілтеме жасау . Бұл жүйе бойынша мәтiнде қолданылған әдебиеттiн ретiне карай тiк жакша ( [ ] ) iшiнде немiрi берiледi . Осы реттік нөмiрiне карай колданылған әдебиеттер тiзiмiнен дереккөзді тауып алуға болады . Бұл жазылым барысында колданылған әдебиеттердi ретiмен қолдана білуге және табуға өте ыңғайлы . Бірақ мәтiн iшiнде автордын аты - жөнi берiлмей сiлтеме жасалған жағдайда жане шыққан жылын бiлу үшiн колданылған әдебиеттерді қарауға тура келедi . Казакстанда кабылданган ГОСТ 7.1-2003 ережесi және көптеген білім беретін мекемелер мен ғылыми жұмыстарды жариялауга , басуга кабылдайтын орындардын басым көпшiлiгi осы жүйенi негiзге алады.
Барлык пiкiрге мiндеттi түрде сiлтеме жасау кажет пе ? деген сұрақ туындайтыны сөзсiз , дегенмен мынадай жағдайларда сiлтеме қолданудын кажетi жок :
Жалпыға түсінікті , белгiлi ұстанымдар мен пiкiрлердi жазганда ;
Жалпыга белгiлi мәлiметтер мен акпараттарды ( сенiмсiз болсаныз , жетекшiнiзден кеңес алыныз ) ;
Студент өзiнiн бакылауын немесе тәжірибе барысында туындаган пікiрiн жазғанда ; . Студент өз тұжырымын , пiкiрiн , ойын және корытындысын жазганда ;
Өз талдауын немесе тұжырымын бағалау барысында .
Жазба жұмысынын сонында дереккөздер реттік нөмірмен колданылған әдебиеттер тiзiмiнде безендiрiлуi тиiс . Қолданылған әдебиеттер тiзiмiнде дереккөз авторынын тегi бiрiншi берiледi және есiмi мен әкесінің атының бас әрiптерi ғана жазылады . Содан кейiн енбектiн аты , онын жарияланған орны мен бетiнiң көлемi жөнінде гi акпараттар берiледi . Мысалы : Алматы : Рахманова Н.М. Әуезовтану дәрiстерi . Оку кұралы . Кітап баспасы , 2010. - 354 б . Ал мәтiн соңында берiлетiн колданылған әдебиеттердің безендірiлу үлгiсiн мына мысалдан көруге болады : Қолданылған әдебиеттер : 1. Әбдікерімова Г. , Базарбекова Н. , Есболаева И. Қазақ халкынын салт дәстүрлерiне қатысты тiлдiк бiрлiктердiң зерттелуi Абай атындағы Қазақ ұлттык педагогикалык университеті .
Жазылым барысында пікірді қолдау және дәлелдеу
Академиялык жазылымда автордын ойы мен пiкiрi мiндеттi түрде дәлелденудi кажет етеді . Сондыктан автор өз пікірін дәлелдеу ушiн такырыпка катысты акпараттарды - фактіні , статистиканы , дәйексөздерді қолданады . Автор мұндай мәлiметтердi академиялық мәтіндерден , интернеттен және зерттеу барысында жинактаған дереккөздерден алуы мүмкін . Академиялык жазылымда факт пен пікірдің айырмашылығын бөлудің маңызы ерекше . Мәселен , пікір субьективті болса , факт объективтi болады . Факт дəлелге сүйенеді және онын осылай екеніне күмән келтіру мүмкін емес . Мысалы , Іле өзені Балқаш көліне құяды . Керiсiнше , пiкiр сенiм мен көзкараска негiзделедi . Ол жеке адамнын ойы және ол дəлелдер аркылы нақтыланбауы мүмкін . Пікір тек субъективті көзкараска негiзделгендіктен , автордын белгiлi бiр жайт туралы сезiмiн , ұстанымын бiлдiредi . Мысалы , Биылғы қыс былтырғы қысқа қараганда жылырақ болады . Пікірдi жазу барысында менін ойымша деген тіркестер колданылып , караганда , жақсырақ , өте әдемi және т.б. сын есiмнiн шырайлары колданылуы мүмкін . Сонымен катар автор мумкiн , сиякты , ықтимал деген сөздерді де колданады . Бiрак бұл факт пен пікірді ажыратуға улкен септігін тигізбейді . Себебi пiкiр мен фактiнi жазудын нактыланган ережесi жок . Сондыктан окырман оны ажыратуда тек өзiнiн сыни ойлау кабiлетiне гана жугiнгенi дұрыс . Кез келген адамнын пiкiрiне әсер етуге болады . Сондыктан адамдардың көзкарасы , сенiмi , ойы әртүрлі болады және ол кандай да бiр ғылыми зерттеу аркылы дәлелденбеуі де мүмкін . Пікір : Менің ойымша , қазақ эстрадасының ең үздік әншісі - Мейрамбек Бесбаев , Алматы - Казакстандагы ең әдемі қала .Факт. Тоқтар Әубәкіров - Қазақстанның тұңғыш ғарышкері . Түркістан қаласы 2018 жылдан бастап облыс орталығы болды.
Көп жағдайларда фактінін өзі дәлелдеудi кажет етуi мүмкiн . Мысалы , Темекі тарту оған деген тәуелділікті туындатады деген фактіге окырман сенiмсiздiк тудыруы мүмкін . Сондықтан мұндай фактілерді арнайы дереккөздер ге сілтеме жасау немесе статистикалық мәліметтер аркылы мысалдар келтiру аркылы дәлелдеуге болады . Сонымен , пiкiр мен фактінің арасында мынадай негiзгi айырма шылықтар бар : Пікір кандай да бiр көзкараска , тұжырымға негiзделсе , факт накты бiр зерттеу немесе бакылау аркылы анықталған жайтка негізделеді . Пікір кандайда бiр сенiм мен көзкарас туралы ой болса , факт -накты дәлелі бар шындық . Пікір белгiлi бiр дәлелдермен нактыланбайды , ал факт кашанда ста тистикалык немесе өзге де ғылыми нәтижелер корытындысымен дә лелденедi . . Пікір орын алған жағдай туралы тұспалдап , шамалап сипаттаса , факт болған жайтты түсiндiредi . Пікір адамдардын көзкарасына карай өзгерістерге ұшырап кететін болса , факт ешбір өзгеріске ұшырамайды . . Пікір талас тудыруы мүмкін , ал факт , шынайы акпарат болғандықтан , өзгермейдi және ешкандай дау туғызбайды . Пікір субьективті болса , факт обьективтi болады . . Пікірде тек өзiнiн ұстанымы мен ойын гана бiлдiретiн сөз тіркестері колданылса , фактіде олар колданылмайды. Пікір езге адамдардын көзкарасын өзгертуге ыкпал ете алмайды , бiрак факт өзгертеді .

4-апта. Лекция №7-8. Тақырыбы: Пәнаралық әдістер.Зерттеудің сапалы әдістері.
1.Зерттеу әдістері.
2.Сұхбат жүргізу әдісі.
3.Сауалнама арқылы мәліметтер жинау.
Зерттеуді белгілі бір сұраққа жауап беру үшін мәлімет іздеу деген қарапайым анықтамамен түсіндіруге болады.Тіпті оқытушы берген тапсырманы орындау үшін кітаптар оқу, жаңалықтар тыңдау да зерттеу болып саналады.Зерттеудің жүргізілуі оның сұрағы мен пәніне тікелей байланысты болады.Кез келген ғылыми жұмыста,ең алдымен тақырыпқа қатысты еңбектер мен пікірлерге талдау жасалады, яғни, әдебиеттерге шолу жазылады.
Әдебиеттерге шолу жасау студент тарапынан жеке-дара жүзеге асырылады. Бұл студенттің тақырып туралы өзге ғалымдардың пікірлеріне қалай талдау жасағанын, оларды оқу арқылы білімін қаншалықты жетілдіргенін анықтауына мүмкіндік береді.
Студент жеке жұмыс жасау барысында өз жұмысын өзге жұмыстармен байланыстыра білуі қажет.Көбіне зерттеу тақырыбын таңдау мен зерттеу сұрағын құру студенттің өзіне жүктеледі.
Зерттеу жұмысын бастамас бұрын мынадай жайттарға баса назар аудару қажет:
Бірінші, тақырып таңдау-зерттеу тақырыбы жөнінде ойлану,
Екінші, бағытты анықтау- нені анықтау қажет екенін білу,
Үшінші, зерттеу тәсілін белгілеу-зерттеу жұмысы қандай жолдармен жүргізілетін нақтылап алу.
Жалпы зерттеу жұмыстары үшін мәліметтер мынадай жолдармен жиналады:
-Құжаттар арқылы жинау;
-Адамдардың қарым-қатынасы,мінез-құлқы сияқты сыртқы көріністеріне бақылау жасау арқылы мәлімет жинау.
-Адамдардың өздерінен мәлімет жинау.
Зерттеу әдісін таңдау мәліметтерді жинап алудың әдісіне, яғни, жолына тікелей байланысты.Ал әдіс түрінің таңдалуы зерттеу жобасының мақсатына тікелей байланысты.
Бақылау.Бұл әдіс арқылы мәліметтер жинау үшін адамдарға, жануарларға бақылау жасалады.
Эксперимент.Бұл әдіс арқылы себебі мен салдарының арасындағы байланыстарды қарастыруға болады.
Жазылған немесе баяндалған жұмыстарға талдау. Бұл зерттеу әдістері негізінен тарих және әдебиет пен тіл білімі ғылымдарында кеңінен қолданылады.
Кейс-стади.Бұл әдіс бір немесе бірнеше жайтты зерттеу нысаны ретінде алып, оны жан-жақты зерттеуге бағытталады.
Тәжірибені әрекетте зерттеу .Бұл зерттеу әдістері әлеуметтік ғылымдар саласында, әсіресе, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау мекемелері және білім беру ұйымдарында зерттеу жүргізу үшін жиі қолданылады.
Бар мәліметтерге талдау жасау.Зерттеу жұмысын жазу үшін осы кезеңге дейінгі жиналған мәліметтер қолданылуы мүмкін.
Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында осы әдістердің бірін немесе кейде бірнеше әдісін қатар қолданып аралас әдіс түрін жасауға болады.Әрине, оның барлығы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетіне және көлеміне тікелей байланысты.

2.Сұхбат жүргізу арқылы мәлімет жинау.
Әлеуметтік ғылымдар саласында сұхбат алу арқылы сапалық зерттеу жүргізуі кеңінен таралған.Сұхбат алу зерттеу тақырыбы бойынша шағын топтан жан-жақты мәлімет алуға бағытталады.Сұхбат жүргізу барысында ерекше назарда болатын жайттың бірі-сұхбат берушіге өзін еркін ұстауына мүмкіндік жасау керек.Сұхбат сұрақтарының құрылымдары:
-фактіні білу;
-хабардар екенін анықтау,сенімі мен пікірін білу және сезімін байқау;
Сондай-ақ, сұхбат құрылымына қарай құрылымдалған, жартылай құрылымдалған және құрылымдалмаған деп бөлінеді.
Сұхбат міндетті түрде сұхбат берушінің келісімімен ғана жүргізіледі.
3.Сауалнама алу арқылы мәлімет жинау.
Зерттеу жұмысында кеңінен қолданылатын әдістердің бірі- сауалнама алу. Сауалнама сұрақтары жауап беру жолдарына қарай ашық және жабық деп бөлінеді.Сонымен қатар сауалнама сұрақтары бейтарап құрылуы тиіс,яғни жауап берушіге өз ойын еркін білдіруіне мүмкіндік беруі керек.Сауалнама сұрақтары түрлі жолмен таратылуы мүмкін.Зерттеу жұмысы үшін өзге әдістерге қарағанда сауалнама алудың мынадай тиімділігі бар:
-сауалнама сұрақтарын интернет арқылы көлемді аудиторияда таратуға болады.
-көптеген сауалнама сұрақтары сапалық тұрғыда мәлімеь

7-апта. Лекция №13. Тақырыбы: Академиялық мәтін. Тезис жазу

1.Тезис жазу
2.Гипотеза

Тезис-грек тілінен шыққан сөз, сөзбе-сөз "ереже, мәлімдеме, қаулы"дегенді білдіреді. Н.И. Гендина (п. ғ. д., профессор) тезиске осындай анықтама береді: "тезистер - бұл бастапқы құжаттың (автордың шығармасы) нақты тұжырымдалған ойлары бар дәлелдемелер жүйесі мен нақты материалсыз баяндаманың немесе ғылыми мақаланың негізгі ережелерінің қысқаша мазмұны".
Тезис мен зерттеу мақалаларында кеңінен қолданылады. Аргументтік, салыстырмалы және ақпараттық сияқты эссе түрлерінің барлығына да тезис жазуға тура келеді. Себебі тезиссіз жұмыстың тақырыптық ұстанымы нақты болмай, автордың негізгі мақсаты анық көрінбей қалады.
Батыс елдерінің жоғарғы оқу орындарында соңғы курста жазылатын дипломдық жұмысты көбіне "тезис"("thesis") деп атайды. Жазба жұмысының бұл түрі көлемді зерттеу жұмысының бірі болып саналады және оны жазу бір жылға жуық уақыттың талап етуі мүмкін. Ал біздің қарастыратынымыз - шағын эсселер мен зерттеу жұмыстарында бір не бірнеше сөйлеммен берілетін автордың пікірі.
Тезис жазба жұмысының негізгі идеясы ретінде бір немесе екі сөйлемнен ғана құралады. Оны өз алдына жеке жазудың қажеті жоқ. Эссенің тезисі кіріспе бөлімінде, көбінесе соңғы сөйлемі ретінде жазылады (бірақ, кіріспе бөлімінде, көбіне соңғы сөйлемі тезис болуы міндетті емес) . Өйткені бұл сөйлем арқылы автор оқырманға нені баяндағысы келіп тұрғанын жеткізеді.
Тезис оқырман назарын өзіне тартып әкететіндей жазылуы керек. Ол үшін тезис пікірталас туындататындай болғаны жөн. Яғни автордың тұжырымымен барлық адам келісе бермейтіндей немесе, жалпы алғанда, солай болатындығы күмән тудыратындай жайт болуы тиіс. Мысалы: Қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда несие алған дұрыс, себебі, бұл - қиындықты шешудің тиімді жолы. Мұндай пікірмен көп адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақылау жұмысы
Отбасылық дәрігерлік амбулатория туралы ереже
Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
Жоғары сыныптармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары
TCP/IP хаттамаларының жұмыс жасау негіздері
Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру
Мектепте сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау
Орта мектепте қазақ тілі курстарында жазбаша жұмыс
Диспетчердің теміржолдық вокзалдардағы жолдық билеттерді шапшаң дайындауға арналған АЖ жетілдіру
Мектеп – педагогикалық процестерді басқарудың орталығы
Пәндер