Тұздың құпиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Ұлытау облысы. Жаңаарқа ауданы

Ақтайлақ негізгі орта мектебі КММ

Ғылыми жоба

Жұмыстың тақырыбы: Тұздың құпиясы.

Бағыты: Дүниетану
Орындаған: Әділбек Нұрсұлтан Аймұратұлы. 3 сынып оқушысы.
Жетекшісі: Темешбаева Жумакул Есенгельдиновна. Бастауыш сынып
мұғалімі.

2022-2023 оқу жылы

Ақтайлақ негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
3 сынып оқушысы Әділбек Нұрсұлтанның Тұздың құпиясы атты ғылыми зерттеу
жұмысы жайлы

К Ү Н Д Е Л І Г І
(2022 жыл)


Атқаратын жұмыс тізімі
Мерзімі
Жетек-ші қолы
Нәтижесі
1
Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу
Қаңтар -ақпан,
2022 ж.

Тұздың құпиясы зерттеудің тақырыбы болып бекітілді.
2
Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Наурыз-сәуір 2022 ж.

Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді.
3
Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу

мамыр-тамыз
2022 ж.

Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым.
4
Ғылыми жетекшіден кеңес алу
қыркүйек-қазан
2022 ж.

Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім.

Мазмұны

I. Кіріспе 5-6
II. Зерттеу бөлімі 7-19
1 Тұздың адам өмірінде алатын орны 7-15
1.1 Денсаулыққа емдік қасиеті 7-13
1.2.Тұздың денсаулыққа зияны 13-15
2 Менің тәжірибелерім 16-19
2.1.Адамға күніне қанша тұз керек? 16
чипсы тағамындағы тұздың мөлшерін анықтау
2.2.Тұзға қатысты мақал-мәтелдер, ырымдар,
тыйымдар, аңыз әңгімелер 16-19
III. Қорытынды 20
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
V. Қосымшалар

АБСТРАКТ

Зерттеудің өзектілігі: Тұз өмірдің дәмі демекші мен тұздың емдік қасиеттерін, түрлері туралы көптеген мәлімет жинадым. Осы тұздың пайдасы мен зияны қандай екен деген ой мені мазалай бастады, содан зерттеп көруге бел байладым.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер біз күнделікті өмірде жиі пайдаланатын тұздың пайдасы мен зияны терең зерттеп, ол туралы ақпаратты жан-жақты ашып, оның әлемге таралу тарихындағы қызықты жақтары айқындалса, сонымен қатар оны үй жағдайында дайындау рецептері жүйеленіп берілсе, онда тұз туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулығымызға құрметіміз арта түсер еді.
Зерттеу мақсаты:
Тұздың шығу тарихы, оның ағзаға қандай зиян келтіретінін анықтау
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерден, БАҚ-тан, интернеттен ақпарат тауып, бірге жинау.
2. Өнім тарихымен танысу.
3. Тұздың құрамын зерттеу (бұл өнім зиянды ма, жоқ па, эксперимент жүргізу).
Зерттеуге болжам:
Егер тұздың адам ағзасына әсерін айқындап белгілесек, онда көптеген игерілмей жатқан тұзды көлдерден өндірістік орындар ашып, шипажайлар ашуға көп үлесін тигізер еді.
Зерттеу әдіс-тәсілі:
- мерзімді басылымдардан ақпарат жинау;
- статистикалық деректерге сүйену;
- интернеттен ақпарат жинау;
- энциклопедия, кітаптар мәліметтеріне сүйену;
Зерттеу нәтижесі мен қорытындысы:
Тұздың құпиясын аша отырып, адам ағзасына әсерін анықтаудың нәтижесінде елімізде игерілмеген тұздыкөлдерден өндіріс орындары мен шипажайлар ашуға бағыт беру
Нәтижелерді қолданудың практикалық аймағы:
дүниетану сабақтарында;
сыныптан тыс іс-шараларда;
күнделікті өмірде;
.

АБСТРАКТ

Актуальность исследования: соль-это вкус жизни, я собрала много информации о целебных свойствах соли, о видах. Мысль о том, в чем польза и вред этой соли, начала меня беспокоить, а потом я решила попробовать.
Научный прогноз исследовательской работы: если бы мы глубоко изучили пользу и вред соли, которую мы часто используем в повседневной жизни, всесторонне раскрыли информацию о ней, раскрыли ее интересные аспекты в истории распространения в мире, а также систематизировали рецепты ее приготовления в домашних условиях, то наши знания о соли возросли бы, возросло бы уважение к здоровому образу жизни, к своему здоровью.
Цель исследования:
История происхождения соли, определение того, какой вред она наносит организму
Задачи исследования:
1.Найти и собрать вместе информацию по теме исследования в литературе, СМИ, интернете.
2. Знакомство с историей продукта.
3. изучить состав соли (провести эксперимент, вреден этот продукт или нет).
Прогноз на исследование:
Если бы определить влияние соли на организм человека, то она внесла бы большой вклад в открытие курортов и создание промышленных объектов из многих неосвоенных соленых озер.
Метод исследования:
- сбор информации из периодических изданий;
- опора на статистические данные;
- сбор информации из интернета;
- энциклопедия, книги;
Результаты и результаты исследования:
Дать направление на открытие в стране производств и санаториев из неосвоенных солончаков в результате выявления их влияния на организм человека, раскрывая тайну соли
Практическая область применения результатов:
на уроках познания мира;
на внеклассных мероприятиях;
.

Abstract

Relevance of the study: salt is a taste of life I have collected a lot of information about the healing properties of salt, its types. The idea of the benefits and harms of this salt began to bother me, and then I decided to explore.
Scientific forecast of the research: if we could study in depth the benefits and harms of salt, comprehensively reveal information about it, reveal interesting aspects in the history of its spread around the world, as well as systematize recipes for its preparation at home, our knowledge of salt would increase, we would lead a healthy lifestyle, respect for our own health.
Purpose of the study:
History of salt origin, determination of what damage it causes to the body
Research objectives:
1.Find and collect information on the topic of research in the literature, in the media, on the internet.
2.get acquainted with the history of the product.
3.study of the salt composition (conduct an experiment on whether this product is harmful or not).
Forecast for the study:
If we could determine the effect of salt on the human body, it would make a huge contribution to the creation of industrial sites and sanatoriums from many undeveloped salt lakes.
Research methods:
- collection of information from periodicals;
- based on statistical data;
- collecting information from the internet;
- based on the data of encyclopedias and books;
Results and results of the study:
As a result of the discovery of the effect of salt on the human body, revealing the secret of salt, the direction of opening production facilities and sanatoriums from undeveloped salt lakes in the country
Practical area of application of results:
in the lessons of worldview;
in extracurricular activities;

Зерттеу мақсатым: тұздың адам ағзасына пайдасын айқындап, қарама-қайшы зиянды жақтарын да ашып көрсету.
Зерттеудегі міндетім:
-тұздың түрлерімен таныстыру;
-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету;
-тұзға қатысты айтылған мақалдар мен ырымдар жайлы саралау,
аңыз-әңгімелерді жаңғырту;
Зерттеуге болжам:
Егер тұздың адам ағзасына әсерін айқындап белгілесек, онда көптеген игерілмей жатқан тұзды көлдерден өндірістік орындар ашып, шипажайлар ашуға көп үлесін тигізер еді.
Зерттеу әдіс-тәсілі:
- мерзімді басылымдардан ақпарат жинау;
- статистикалық деректерге сүйену;
- интернеттен ақпарат жинау;
- энциклопедия, кітаптар мәліметтеріне сүйену;
Зерттеу нәтижесі мен қорытындысы:
Тұздың құпиясын аша отырып, адам ағзасына әсерін анықтаудың нәтижесінде елімізде игерілмеген тұздыкөлдерден өндіріс орындары мен шипажайлар ашуға бағыт беру
Нәтижелерді қолданудың практикалық аймағы:
дүниетану сабақтарында;
сыныптан тыс іс-шараларда;

Кіріспе

Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз кабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз өндіреді. Соның ішіндегі 60-65 мың тоннасы ас тұзы. Ал йодталған сапалы тұз бізге Ресей мен Белорусьтен келеді. Елімізде тұз өндірумен 40-тан астам кәсіпорын айналысады. Бірақ ішкі нарықтың жартысынан көбін, яғни, 55 пайызын Аралтұз акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тұз - Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон және Елек кәсіпшіліктерінде, Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы Коряков көлдерінде өндірілді. Ол өлкенің өзінде тұтыну үшін, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшін де өндірілді. Мәселен, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінде ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз өндірілді. Онда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз негізінен Батыс және Шығыс Сібірге, сондай-ақ Обь өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп отырды. Сондықтан елімізде сапалы йодталған тұз шығаратын кәсіпорындардың аз болуы, ал тұз болса адам өмірінде қаншама пайда әкелетіні менің тақырыбымның өзектілігі болмақ.
Менің осы тақырыпты алудағы мақсатым- тұздың адам өміріндегі пайдасын айқындап,қарама-қайшы зиянды жақтарын да ашып көрсету
Осы мақсатқа жету барысында мына міндеттерді алға қойдым:
-тұздың түрлерімен таныстыру (Қосымша- 2)
-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету
-тұзға қатысты айтылған мақалдар мен ырымдар жайлы саралау, аңыз-әңгімелерді жаңғырту
Зерттеу жұмысында жинақтау, талдау, ақпарат беру, мазмұнын ашу және т.б. әдіс-тәсілдерді қолдандым.

Зерттеу бөлімі
1. Тұздың адам өмірінде алатын орны
1.1 Денсаулыққа емдік қасиеті
Тұздың адам өмірінде, өнеркәсіп, медицинада адамдардың тұзсыз тамақ ішпек түгілі, өмір де сүре алмайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат.
Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантта шектеу қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданба деп ешқандай ақыл-кеңес бермейді. Біздің халқымызда Ет бұзылса, тұз салар, тұз бұзылса, не салар? деген қанатты сөз бар. Бұл тұз тәрізді қасиетке ие ешқандай заттың әлемде жоқ екендігін де паш етеді.
Ас тұзының ағзаға қажеттілігі жайлы айтатын болсам. Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат -- ас тұзы. Ол тағамдардың дәмін келтірумен бірге тіндердегі қажетті су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Ғылыми зерттеу деректеріне арқа сүйесем, адам ағзасында күн сайын тамақ арқылы орташа есеппен 10 -- 15 граммдай ас тұзы сіңіріледі. Тағамда минералды заттардың, олардың ішінде ас тұзының жетімсіздігі әртүрлі ауруларды тудырады. Егерде жануарларды минералды заттардан біржолата айырса, олар көп ұзамай өліп қалады. Өсімдіктер болса, тұзды топырақтан алады.
Халық арасында Астың дәмін тұз кіргізер дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше екенін мен мектеп аспазшысы Ақнұр апаймен жүргізген сұхбатымнан түсіндім. (Қосымша- 2) Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Оның құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан. Натрий мен кальцийдің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайтын көрінеді. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Сол себептен де, әр тұтынушы тұздың (14) бөлігін пайдалану қажет. Бұл алмасу процесінің адам үшін өмірлік маңызы бар. Натрий мен калийдің теңгерімі ағзада сұйықтың белгілі бір мөлшерін ұстап отырады, ұлпадағы судың мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақты күйін сақтап, маңызды компонент - асқазан сөлінің тұз қышқылының түзілу көзі болып табылады. Натрий - жасушааралық кеңістіктегі басты реттеуші, былайша айтқанда, ол біздің ағзамыздың су-электролиттік балансы үшін жауапты. Сонымен қатар, ол қан ағысының қышқылдық құрамы мен артериялық қысымның деңгейін реттеп отыруға көмектеседі. Дәл сол себептен де тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Мен өзімнің жұмысымды зерттеу барысында мектеп медбикесі Балжан апаймен

кездесіп сұхбаттастым. (Қосымша- 2).Ол кісінң айтуы бойынша:
Жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады.
Тұзды сумен тамақты шайқау -- тамаққа, тіске пайдалы.
Мұрын қабынуы және гаймориттерге тұзды сумен шайса өте пайдалы.
1. Басқа және денеге шыққан теміреткіге 10 г мөлшеріндегі тазаланған ас тұзын сірке суына ірітіп жақса, бірден ак тандақ болып жоғалады.
2. 1-2 г ас тұзын аз мөлшердегі меруерт ұнтағына араластырып, сірке суына ерітіп, ауызды шайқаса, құрт жеген тіс пен босаған тістің түбі қатаяды. Сірке суына ерітіп, ауыз шайқаса, жоғарыдағыдай ем болады.
3. Зиянды жәндіктер шаққанда, тиісті мөлшердегі ас тұзын зығыр немесе балға қосып езіп, балшық дәрі жасап, жараға жақса, уытты қайтарады, аурған жерді басады.
4. Ұрылып- соғудан болған немесе буын шығып қайта салғаннан кейінгі ісікті қайтару үшін тұзды езіп, түйе жүніне шылап, ісінген орынға таңады. Мүны сормақта деп атайды.
5. Іш кірнесі ұстағанда, бір кесе тұзды қазанға қуырады да, дорбаға салып, ішке басып, ыстық өткізеді.
6. Ішектің кызметін күшейтіп, кілегейлі қабаттың сұйықтың шығаруын арттырады. Сөйтіп үлкен дәреттің сыртқа шығуына көмектеседі, белоктың денеге сіңіруін күшейтеді.
Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. Тұз - астың иманы деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дөмі татымайды.
Тұз - тісті ағартуда таптырмайтын құрал.
Стоматологке барып, медициналық жолмен тісті ағарту оның эмалін кетіреді деп естідім. Ендеше, ешқандай дәріге жүгінбей-ақ, тісті ағартудың жолы бар ма? Негізінен, тісіңіз ауырмасын әрі маржандай болсын десеңіз, онда алдымен тісті дер кезінде тазалап отыру керек. Ал ағартуға келсек, әрине, оған үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен, кәдімгі ас тұзының қасиеті өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады. Тағы бір қарапайым жолы: жарты шай қасық ас содасына, жарты шай қасық сіркесуын қосып, шымшымдап ас тұзын араластырыңыз да, сол қоймалжың ерітіндіні тісіңізге жағып, 3-5 минут ұстаңыз да, шайып тастаңыз. Әрі арзан, әрі сондай жақсы нәтижеге жеткізетін
әдіс сізді тіс дәрігерінен құтқаратыны сөзсіз.

Ұзақ уақыт темекі тартқан адамның тісінде сарғайу, тіпті қарайу құбылысы пайда болады. Мұны төмендегі әдіспен тазартуға болады:
Алдымен лайықты мөлшерде қара шекерді ауызға салып, дәмі тістің ұңғыл-шұңғылына сіңгенге дейін он минут сору керек. Онан талшығы қатты тіс шөткісімен екі-үш минут ысқылаған соң, ауызды дайындап қойған тұзды сумен (таза суға аз мөлшерде ас тұзы, тамаққа пайдаланатын содадан елу грамм қосылады) бір-екі минут шайып тастайды. Осылайша ертелі-кеш үзбей бір апта жалғастырса, тіс аппақ боп жарқырайды.
Йодталған тұздың пайдасы .
Әркім йодтың қалыпты өсуге, даму мен тіршілік етуге өмірлік қажеті бар микроэлемент екенін білуі тиіс. Йодтың тапшылығы алқымның ісуіне, яғни қалқанша бездің үлкеюіне әкеп соқтырады. Егер йод тапшылығының орнын толтырмаса, қалқанша бездің гормондарды өндіру қызметі бұзылады.
Адам ағзасында йодтың 90 пайызы тағам арқылы қабылданады. Йодтың көпшілігі теңіз өнімдерінде (теңіз балығында, балық майында, теңіз орамжапырақтарында) кездескенімен, оны бір шөкім йодталған тұзбен алмастыруға болады. Қазақстанның аумағында табиғи йодтың мөлшері жеткіліксіз болып келеді, сол себептен біздің көптеген отандастарымыз үшін йодпен байытылған тұз пайдалы болып келеді. Адам өз өмірінде бір шай қасығына сиятын 8 грамм йод тұтынатыны есептелген. Негізінен құрамындағы йод ауаға ұшып кетпеуі үшін тұзды қақпағы жабық ыдыста сақтайды. Йодталған тұздың сақталу мерзімі -- 6 ай, мұны сатып алған кезде есте сақтаңыз. Йод жарық әсерінен тез бұзылатындықтан, оны дүкеннен герметикалық орамамен сатып алу қажет. Тұздың қорабындағы кішкентай қуыстың өзі оның құрамындағы йодты азайтады.
Теңіз тұзының шипасы.
Өмірде теңіз тұзын косметика ретінде де қолданатындар бар. Егерде бет безеулі болса, оны (бет терісін) теңіз тұзымен емдеңіз, деп ақыл-кеңес береді
бірқатар халық емшілері. Ол үшін 1 шай қасық теңіз тұзын бір стақан жылы суға салып, жақсылап араластыру керек екен. Сосын онымен безеулі бетті жуып, сүртпей кептіреді. Жарты сағаттан соң мұндай бетті жылы сумен жуады. Күніне бір рет бет терісін осылай жуу екінші аптада-ақ өз нәтижесін беретін болады.
Цистит ауруына тұз шипа. Аяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде цистит деп атайды. Қандай ауруды да соңына дейін емдемесеңіз, созылмалы түрге ауысатыны белгілі. Сол сияқты қуықтың қабынып ауыруы кезінде тек дәрімен шектелуге болмайды. Тіпті дәрінің өзі ауруды түбегейлі жоя алмайды.
Ал бұл ауруға қарапайым ас тұзының шипасы мол. Ол үшін шағын қалтадағы тұзды ыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұздың денсаулыққа зияны
Тұздың емдік қасиеті туралы
Спирт өндірісінің технологиясы
Теңіз деңгейінің ауытқуы мен денивеляциясы
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы жайлы
Жас сәбиді көз тиюден емдеуді - үшкіру, түкіру деп атайды
Арал экологиясының ахуалы
Сүт сарысуынан дайындалатын сыр
Білім алушылардың эксперименттік жұмысындағы проблемалық оқыту технологиясы
Адам денсаулығына зиянды тағамдардың құрамы және адам ағзасына әсері
Пәндер