Семинар сабақтарының дәстүрлі ұйымдастырылуының формалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс сабақтарынан кейін кең тараған оқу сабағы - семинар. Семинар (лат. seminarium - көшет, егу) - студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формасы. Ол бекітуге арналған, сонымен қатар өз бетімен алған білімдерді тексеру мен бағалау тәсілі. Семинар сабақтарының басты мақсаты - білім алушыларға зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру. Оқытушы семинар барысында білімді қайталау және бекіту, бақылау, педагогикалық қарым-қатынас орнату сияқты міндеттерді шешеді.
Кез-келген семинар сабағына мынадай ерекшеліктер тән:
Ø студенттердің семинарға даярлық кезінде оқу проблемаларын өз бетімен шеше алу жолдарын іздестіруі;
Ø сұрақты өз бетімен меңгеру мүмкіндігі;
Ø сұрақтар мен проблемаларды қарастырудағы жеке жұмыстар;
Ø педагогтың бағыт берушілік, түзетушілік көмегі.
Семинарлар негізінен үш бағытта қолданылады:
1. Белгілі бір курсты терең зерттеу мақсатында өткізілетін семинар.
2. Курстың маңызды тақырыптарын не бір күрделі әдіснамалық сипаттағы тақырыпты жан-жақты өңдеу үшін өткізілетін семинар.
3. Ғылымның жеке проблемаларын терең зерттеу мақсатында нақты тақырып бойынша зерттеушілік типіндегі семинар.
Семинар сабақтарының төмендегідей типтері бар:
Ø тақырыптық курсты меңгеру мақсатындағы семинар;
Ø курс сұрақтарын толық өңдеуге арналған семинар;
Ø ғылымның жекелеген салалары бойынша зерттеу семинары.
Семинар сабақтарының дәстүрлі ұйымдастырылуының формалары:
Топтық форма. Оқытушы тұтас топпен әрекеттеседі, қарым-қатынастың топтық тәсілін сақтайды. Семинарды ұйымдастырудың мұндай формасы білім алушыларды енжар позицияға қояды, олардың сөйлеу белсенділігі барынша төмен дәрежеде болады. Осылайша, сабақтағы топтық оқыту формасы ұжымда, өндірісте адамдар қарым-қатынасының тиімді моделіне жатпайды, бүгінгі таңда мамандарды даярлау қажеттігін қанағаттандырмайды.
Дөңгелек үстел. Мұнда ынтымақтастықпен жұмыс жасау және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір білім алушының интеллектуалдық белсенділікке құқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста білім алушы белсенді позицияны иеленеді.
Пікірталас-семинар. Бұл форма курстың теориялық және практикалық проблемалары біріккен жұмыс арқылы талқыланып, шешілетін қатысушылардың диалогтық қарым-қатынасын білдіреді. Нәтижелі пікірталас болуы үшін білім алушылардың дәріс және өздік жұмысы барысында жинақталған жеке білімі қажет.
Зерттеу семинары. Әдетте арнайы курстың оқылуы барысында пайдаланылады. Мұнда білім алушылар оқытушының ұсынысымен шағын топ құрап, сабақтың тақырыбы бойынша проблемалық сұрақтар тізімін жасайды. 5-15минут ішінде білім алушылар пікір алмасады, сөз сөйлеуге даярланады.
Педагогиканы оқытуды ұйымдастырудың аудиториялық формаларының тағы бір түрі - зертханалық сабақтар. Бұл оқу пәні бойынша шағын зерттеулер жүргізілетін оқытуды ұйымдастырудың формасы. Зертханалық жұмыстар келесідей қызмет түрлерін атқарады:
Ø теориялық курста алған білімін эксперимент арқылы бекіту;
Ø ғылыми зерттеулер, бақылаулар жүргізуді жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге байланысты алғашқы дағдыларын қалыптастыру;
Ø ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.
Осылайша, педагогика бойынша аудиториялық сабақтар түрлі формада өтуі мүмкін және қатал түрде әдістемелік нұсқауларға сай ұйымдастырылады. Енді, педагогиканы оқытудағы аудиториядан тыс сабақтарға келетін болсақ, ол, әрине, студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) болып табылады.
Педагогикалық әдебиеттерде өзіндік оқу жұмысы оқытуды ұйымдастыру формасы және оқытушының әдістемелік жетекшілігімен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз орындалатын студенттердің жоспарланған жұмысы ретінде қаралады. Педагогикалық жүйе ретінде қалыптасқан студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары олардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттырып, тиянақтылыққа, ұстамдылыққа, бастаған істі соңына жеткізуге тәрбиелейді.
Қазіргі уақытта ЖОО-да өздік жұмыстың бірнеше түрлері бар:
Дәстүрлі өздік жұмыс. Студенттің өзіне ыңғайлы уақытта, әдетте, аудиториядан тыс кезеңде, қажет болған жағдайда шеберханада немесе зертханада өз бетімен орындалатын кәдімгі студенттің өзіндік жұмысы.
Оқытушы бақылауымен жүргізілетін өзіндік жұмыс. Мұнда студент оқытушыдан кеңес ала алады, яғни кеңес беру өздік жұмысы.
Аралық өздік жұмыс. Бұл студенттерден көбірек өзбеттілікті , тапсырмалардың неғұрлым жекелендірілуін, кеңес беру пункттерінің болуын талап етеді және кеңестер мен бақылаулар сипатына, тапсырмалардың мазмұнына байланысты енгізілетін психологиялық-педагогикалық жаңалықтармен ерекшеленеді.
Өздік жұмыс студент әрекетінде қайта өндіру және шығармашылық үрдістерді қажет етеді. Осыған сәйкес студенттің өзіндік жұмысының үш деңгейін ажыратады:
1. Репродуктивті деңгей. Мақсаты - білімді бекіту, іскерлік дағдыларды қалыптастыру. Жаттығу өзіндік жұмыстары есеп шығару, кесте толтыру, сызба және т.б. үлгі бойынша орындалады.
2. Реконструктивті деңгей. Бұл деңгейде рефераттар орындалады. Жоспар құру, тезистер, аннотация жазу сынды тапсырмалар беріледі.
3. Шығармашылық (ізденіс) деңгей. Мұндағы тапсырмалар проблемалық ситуацияны, жаңа ақпарат алуды талдауды қажет етеді. Студент мәселені шешу құралдары мен әдістерін өзі дербес таңдауы тиіс [4].
Оқытушы педагогиканы оқыту барысында қолданылған аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтартың нәтижелелігі студенттер бойында өз бетімен жұмыс істей алу іс-әрекетінің қалыптасу тәжірибесіне байланысты екендігін білуі керек. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуді дамыту проблемасы, оқу және ғылым іс-әрекетіндегі білімдерін арттыруы, толықтыруы, проблемалық жағдаяттан шығу жолдарын ойлап табуы педагог іс-әрекетінің басты мәселесі болып табылады.
Пікірсайыс семинарында тақырыптың көтеріп отырған мәселелері бойынша алдын - ала дайындалған тезистер ұсынуға болады. Сондықтан студенттердің семинарда жұмыс жасауының белсенділігін арттыру үшін дисскуссиялық мәселе бойынша Шыңғыс хан тарихи тұлға ретінде екі түрлі пікірлерді ұсынатын баяндамалар, бірі оның тарихи тұлға ретінде мықты қолбасшы, саясаткер екендігін, ал екіншісі оның қанішер, жауыз ретінде,яғни біріне - бірі қарама қарсы баяндама жасауы туралы тапсырма берілуі қажет.Пікірсайыс семинарына дайындықтың негізгі кезеңі, басқа да семинар түрлеріне дайындық секілді студенттердің өз бетінше алғашқы дерек көздерімен және семинарға ұсынылатын әдебиеттермен тыңғылықты жұмыс жасауы болып табылады.Пікірсайыс семинар сабағында жоспар бойынша қаралатын сұрақтардан да басқа жақсы құрастырылған және нақты шиеленіс тудыратын мәселеге байланысты қосымша сұрақтар бойынша студенттің ізденуі мен дайындалуына жол салады.Пікірсайыс семинар сабағының өту барысына тоқталсақ, ол алдымен диспут арқылы, яғни диспут- дегеніміз ол ойлардың қақтығысы, яғни белгілі тақырып бойынша топтарға бөлінген студенттер Шыңғыс хан тарихи тұлға ретінде мықты қолбасшы, саясаткер екендігін, ал екіншісі оның отпен өртеп, қылышпен қырып, жауыз, қанішер деген өз көзқарасын қорғап шығу болып табылады. Моңғол жаулаушылығы дәуіріндегі Қазақстандағы тарихи жағдайлар мен оқиғаларға, студенттердің өзіндік пікірлерін қалыптастырып, Шыңғыс хан туралы көзқарастарды тарихи талдай білуге үйрету. Пікірсайыстың қызықты өтуі баяндамашыға байланысты, егер ол нақты мәселені дәл айтып, қажетті аргументтермен дәлелдей алса,аудиторияда көтеріліп отырған мәселені шешуге байланысты қызығушылықтарын танытады.Ал студент пікірсайыстың барысын бақылап, егер теориялық тұрғыдан қателіктер болса бірден жөндеп отыруға міндетті.Көңіл аударатын мәселе пікірлердің қысқалығына, мазмұндылығына және образдығына мән берілуі керек. Пікір - сайыстың дұрыс бағытталуына нақты және уақытында қойылатын қосымша сұрақтарға да байланысты.Пікірсайыс семинар сабағына байланысты оқытушының сұрақтары:нақтылық, мағыналық және сұрақтың мәселеге байланыстылығы сияқты ережелерді ұстануы керек. Оқытушы пікірсайыс семинар кезінде айтылған дәлелдерге және идеяларға қайта орала отырып, қорытынды жасап, балдық жүйемен бағалайды.
Сонымен интербелсенді семинар сабағында оқытушы интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттің еркін ойлануына, ақыл-ойын дамыуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға, ұжымдық іс-әрекетке, тіл байлығын жетілдіруге,жан-жақты ізденушілігін арттыруға жағдай жасайды. Ал оқытушы үшін тиімділігі, ол түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың мәнін терең ашуға, аудиторияны толық қамтуға, әр студенттің білім деңгейін анықтауға, оларды ізденіске,шығармашылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге және барлығын бағалауға болады.Интербелсенді әдістер білім алушылардың өздік және өзіндік дамуына,олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.
Елбасы, Н.Ә.Назарбаев:...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында деп, атап көрсеткендей, бүгінгі ұстаздар қауымы алдында үлкен міндет жүктелгенін байқаймыз. Егер,өткен уақыттарда таным процесін біз білім беру, оқыту, үйрету деп түсінсек, бүгінгі уақытта бұл түсініктерді білім алуигеру, оқу, үйрену деп өзгерту керек. Мұндай ұстаным бүгінгі күні әлемде жүріп жатқан жоғары оқу жүйесінде Балонья үдерісінің идеяларын толық қамтып, өзінің мазмұнын осы үдеріспен байланыстыруы ЖОО-ның жұмыстарына елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді.
Зертханалық сабақ міндеттері мен оларды іріктеуде үлкен қиындықтар тумайды, себебі көптеген әдебиеттерде алуан түрлі әдістемелердің,әсіресе тестердің жиынтығы бар, сондай-ақ практикум бойынша оқу құралдарында лабораториялық сабақтардың дайын сұрақтары мен тапсырмалары берілген.

Лабораториялық сабақтарға қойылатын талаптарға мыналар жатады:

Бірінші талап: сабақ үлкен қомақты болмауы тиіс. Сабақта міндетті түрде көп әдістемелерді қолданудың не күрделі, көлемі үлкен әдістемелерді және әр түрлі зерттеу процедурасын қолданудың қажеті жоқ. Тек қана студенттердің осының көмегімен сенімді мәлімет алу мүмкіндігі туралы немесе қандай да бір теорияның ақиқаттығына көз жеткізу үшін ғана қолданған жөн.

Екінші талап: оқытушының міндетті түрде студенттер алған тестік немесе басқа да фактілер жөнінде теориялық интерпретация жасауы. Егер тест студенттердің өздеріне жасалса, жекелеген студентер бойынша алынған көрсеткіштерді көпшілік алдында талдауға болмайды, бұл сол адамды кездесоқ ренжітуге не сол адамның өзінің бойындағы кемшілікке қатысты уайымдауына негіз болуы мүмкін. Тестілеу немесе сауалнама нәтижелері көпшілік алдында талдануы мүмкін, бірақ мұның барлығы жасырын болуы қажет. Студенттер онсыз да талдау барысына өздері қорытынды шығара немесе оқытушыға сұрақ дайындай отырып зейін сала бақылайды.

Үшінші талап - оқытушы талдаудан қорытындыны осы зерттеу процедурасының мүмкіндіктеріне ғана қатысты жасамай, зертте объектісіне айналаған психологиялық феномендердің өзінің мазмұны бойынша жасауы тиіс. Басқаша айтсақ, студенттер әдістемелер мен зерттеу бағыттарын үйрене отырып, олар сонымен қатар психология теориясы бойынша да білім алуы тиіс.
2.ЖОО-дағы семинар және практикалық сабақтарЖОО-да оқу процесінде практикалық сабақтар (ПС) өткізіледі. Олардың қызхметі - пәнді терең зерттеу. Олардың формалары әртүрлі болып келеді: тіл сабақтары, лабораториялық (зертханалық) сабақтар, семинар сабақтары, практикумдар. ПС студенттердің практикалық міндеттерді шешу үшін алынған білімін қолдану дағдысын қалыптастыруда ерекше орынға ие. ПС-дың мақсаты - дәрісте жалпыланған формада алынған білімді тереңдету, кеңейту, бөлшектеу және кәсіби іс-әрекеттің дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. Олар ғылыми ой және сөзді дамытады, студенттердің білімін тексеруге мүмкіндік береді және кері байланыс құралы болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту түрлері. Балдық рейтингтік жүйе. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Зерттеу жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру
Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі
Семинар сабақтарын өткізу формалары
Оқу формаларының қалыптасуы мен жетілуі
Интерактивтік әдістерді қолданып оқыту
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Жалпы білім беретін мектептерде географияны оқыту процесінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру формаларының ғылыми – педагогикалық негіздері
Жоғарғы оқу орнындағы лекция және оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формалары мен әдістері
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
Пәндер