Баланың денсаулық сақтауға құқығы
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі
Алматы облысы
Н.Назарбаев Білім қоры қоғамдық қорының филиалы
Арыстан мамандандырылған лицейі
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.
Бөлімі: Құқықтану
Тақырыбы: Бала өміріне қарсы қылмыс: зорлық-зомбылық,
өз-өзіне қол жұмсау
Авторы: Сұлтанбек Ернұр, 11-ші сынып лицеисі , Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры Қоғамдық қордың филиалы Арыстан мамандандырылған лицейі
Жоба жетекшісі: Нұрсұлтан Назарбаев Білім қоры Федералдық білім беру қорының Арыстан мамандандырылған лицейінің Құқық негіздері пәнінің мұғалімі, запастағы полковник Бакиров А.А.
Ғылыми кеңесші: Адырна ұлттық-этнографиялық бірлестігі қоғамдық қорының жоба жетекшісі, заңгер, құқық педагогикасының магистрі, запастағы полковник, Әбдібеков Мұхаметжан Тоқтағұлұлы
Қонаев қаласы 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I.Тарау: Бала өміріне қарсы зорлық-зомбылық пен өз-өзіне қол жұмсау және оны реттеу заңнамалары мен мәселелері.
1. Қазақстан Республикасында бала құқығын қорғайтын заң және заңнамалар туралы зерттеу жүргізу (бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері, ҚР - ның заңдарынан статьялар).
2. Бала өмірін қорғаудағы мемлекеттің ата-анаға қоятын талаптары және оның орындалуы.
II.Тарау: Зорлық-зомбылық және өз-өзіне қол жұмсау мәселелеріне ықпал етуші себептер мен факторлар және оны жою жолдары.
1. Зорлық-зомбылық және өз-өзіне қол жұмсау мәселелеріне ықпал етуші себептер мен факторлар. (отбасылық жағдай, оқу орны, ортаның әсері және т.б.)
2. Зорлық-зомбылық және өз-өзіне қол жұмсау мәселелерін жою жолдары.
3. Әлеуметтік сауалнама.
III. Қорытынды
Өзектілігі
Қазақстан Республикасындағы бала өміріндегі тұрмыстық, мектеп жасындағы және қарым-қатынас ортасындағы зорлық-зомбылық және өз-өзіне қол жұмсау мәселелерінің әлі де болса шешілмей тұрғанын ескере отырып, соның алдын-алудың бірнеше жолын көрсету.
Мақсаты
Тұрмыстық, мектеп жасындағы және жалпы қарым-қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық пен өз-өзіне қол жұмсау мәселелерінде құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар ұсыну;
Балалардың құқықтарын қорғаудағы бақылау тиімділігін арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендетудің жолдарын ұсыну.
Міндеттері
- Қазақстан Республикасындағы бала құқығын қорғайтын заң және заңнамалар туралы зерттеу жүргізе отырып бала өмірін қорғаудағы мемлекеттің ата-анаға қоятын талаптары мен оның орындалуы мәселелерін қарастыру;
- Зорлық-зомбылық және өз-өзіне қол жұмсауды туындататын мәселелер және олардың ықпалын төмендету жолдарын қарастыру барысында және әлеуметтік сауалнаманың нәтижесіне сәйкес ұсыныстар жасау.
Жаңалығы
Балалардың құқықтарын қорғаудағы қоғамдық, мектеп және ата-аналар ұжымының бақылау жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдарын көрсету, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендетудің бірнеше жолдарын ұсыну бұл жұмыстың жаңалығы деп санаймын.
КІРІСПЕ
21-ші ғасыр, заманауи кезең - деп жатамыз. Заман өзгеруде дейміз. Бірақ біз өзгеріп жатырмыз ба? Болашағымыз балалар дейміз, бірақ сол балалардың болашағын біз ойлап жатырмыз ба, балалардың құқықтары қорғалып жатыр ма? Негізі әлем бойынша балалардың құқықтарын қорғау тарихы аз-ақ уақыт емес. Алғашқы ұйым әлемде 1919 жылы пайда болса, 1924 жылы - Ұлттар лигасының Женева Бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданса, 1989 жылы Бала құқықтары туралы конвенция қабылданып, Қазақстан Республикасы бала құқықтарын қорғау жөніндегі маңызды конвенцияларға қосылды. Бұл халықаралық құжатты Қазақстан Үкіметі 1994 жылы ратификациялады. Осы кезден бастап біздің мемлекетіміз миллиондаған қазақстандық балалардың құқықтарын қамтамасыз етуде айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Ең бастысы -- 2004 жылы тамызда Бала құқықтары туралы Заң қабылданды.
Осыған қарамастан біздің Қазақстанда балалар құқығы қалай қорғалуда? Бар жақсы-балаларға, Бала-бауыр етің, Балалы үй -- базар, Атамды алсаң ал, бірақ ботамды алма деген қағидамен өмір сүретін қазақ жерінде балаларға деген қамқорлық қандай деңгейде? Қазіргі кезде Қазақстанда балалар күнін тек бірінші маусым күні ғана еске аламыз. Шен-шекпенділер осы күні ғана улап-шулап жетім балалар үйілеріне барып, азын-аулақ сыйлық тапсырып, оны жарнамалап жатады. Бірақ үсті-бастары алба -- жұлба болып, белдері бүгіліп дала жұмыстарын атқарып жүрген немесе базарда жүк тасып жүрген әлі сүйегі қатып үлгермеген балғын балалар қаншама! Тіптен азғын адамдардың жас балаларға көрсеткен зәбірлерін естігенде төбе шашың тік тұрады. Аузынан ана сүті кеуіп үлгермеген қыз балаларды жезөкшелікке жегіп қойған адамдардың қатыгездігіне не айтуға болады? Ең қорқыныштысы соңғы жылдары қазақи санамызға педофиль деген қорқынышты терминнің сыналап орнығып келе жатқаны.
Сондай-ақ, қазіргі қоғамда бала құқығын қорғауды ата-ананың мойнына іліп қойып, тиісті органдардың дұрыс жұмыс істемеуін айтпайды. Барлығына кінәлы асырай алмаған ата-ана, ата-аналардың маскүнемдіккке салынуы, материалдық жағдайына қарамай баланы өмірге алып келіп, асырай алмаса неге бала санын көбейтеді және тағы-тағысын осындай сылтаулармен халықты алдаумен келеді. Мұндай жағдайға көбінесе күн көрісі төмен отбасының балалары мен қараусыз қалған балалар тап болады. Ал осы жағдайлар болмас үшін мемлекет тарапынан бала құқығы қаншалықты қорғалып жатыр? Бала өміріне қарсы зорлық-зомбылық пен өз-өзіне қол жұмсауды тоқтату үшін қылмыскерлерді қаншалықты қатаң жазалауда?
Қазақтың кемеңгер ұлы Мұхтар Әуезовтің Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген сөзінің салмағы мына заманда тіптен құнды десек қателеспейміз.
Сондықтан болашағымызға сенімді болу үшін балаға қарсы зорлық-зомбылықты жою үшін нақты жоспарлар қоя отырып, нық қадамдар жасау керек деймін. Бірақ қазіргі кезде бала құқығын қорғау мәселесі бойынша әлі сұрақ көп, жауап жоқ.

1.1 Қазақстан Республикасында бала құқығын қорғайтын заң және заңнамалар туралы зерттеу жүргізу (бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері, ҚР - ның заңдарынан статьялар).
Біздің мемлекетімізде бала құқығын қорғау үшін көптеген шаралар атқарылуда. Заң жүзінде бәрі бар, барлығы бекітілген. Алдымен сол заңдар мен заңнамаларға шолу жасап көрелік.
1995 жылы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында адам өмірін қорғау келесі баптарда көрсетілген.
15-бап
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
2. Адамды өмірден озбырлықпен айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынады.
17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
27-бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
Бала құқығы туралы конвенция
13-бап
1. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы; бұл құқыққа шекараларға қарамастан ауызша, жазбаша немесе басылым нысанында, көркемөнер шығармасы нысанында не болмаса баланың өз таңдауы бойынша басқа да құралдардың көмегімен әр түрлі ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және беру еркіндігі кіреді.
27-бап
1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың дене бітімі, ақыл-есі, рухани, имандылық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір денгейіне құқығын мойындайды.
2. Баланы тәрбиелеуші ата-ана(лар) немесе басқа адамдар өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алады.
3. Қатысушы мемлекеттер ұлттық жағдайларға және өз мүмкіндік шегінде баланы тәрбиелеп отырған ата-ана мен басқа да адамдарға осы құқықты жүзеге асыруға жәрдем көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және қажет болған жағдайда, материалдық жәрдем көрсетіп, түрлі бағдарламаларды, әсіресе тамақтандыру, киім және баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды қолдайды.
4. Қатысушы мемлекеттер - қатысушы мемлекеттің өз ішінде де, сондай-ақ шетелде де, бала үшін қаржылық жауапкершілігі бар ата-ана немесе басқа адамдардың баланы бағуды қалпына келтіруін қамтамасыз етуі үшін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Соның ішінде, егер бала үшін қаржылық жауапкершілігі бар адам мен бала әр мемлекетте тұрып жатса, қатысушы мемлекеттер халықаралық келісімдерге қосылуға немесе осындай келісімдерді жасасуға, сондай-ақ тиісті басқа да уағдаластықтарға қол жеткізуге ықпал етеді.
31-бап
1. Қатысушы мемлекеттер баланың тынығуға және мәдени демалуға, өз жас мөлшеріне лайық түрлі ойындар мен көңіл көтеру шараларына қатысуға, мәдени өмірге еркін араласып, өнер мен айналысуға құқығы бар екенін мойындайды.
2. Қатысушы мемлекеттер әр баланың мәдени және шығармашылық өмірге жан-жақты қатысу құқығын құрметтеп қолдайды және оның мәдени шығармашылық қызметімен айналасуына, тынығуына, мәдени демалуына тиесілі және тең дәрежелі мүмкіндік туғызуға жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасының Бала құқығы туралы заңы
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.
3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
1)баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау;
2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру;
3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қолдау;
4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу;
5) бiлiктi медициналық көмек көрсету;
6) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау;
7) балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегі тағам өнiмдерiнің өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi.
4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi.
5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуіне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
1. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар.
2. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетуден, адамның қадір-қасиетіне қатыгездікпен, дөрекілікпен қараудан немесе оны қорлаудан, баланы жәбірлеуден (буллингтен), жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады.
2011 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі
60-бап. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы
Өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-аналарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығында болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар.
Баланың өз ата-анасының тәрбиесіне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуіне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзінің адами қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.
Ата-аналары болмаған кезде, олар ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген кезде және ата-ана қамқоршылығынан айрылған басқа да жағдайларда осы Кодекстің 13, 15 және 18-тарауларында белгiленген тәртiппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етедi.
70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті. Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.
3. Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-аналардың бала жалпы орта білім алғанға дейін оның пікірін ескере отырып, білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Баланың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, өзара келісу арқылы ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушіліктер болған кезде, бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
71-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.
2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi.
Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес.
71-1-бап. Көпбалалы отбасыларға арналған жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер
Көпбалалы отбасыларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер беріледі.
72-бап. Ата-ана құқықтарын баланың мүддесінде жүзеге асыру
Ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмауға тиіс. Баланың мүдделерін қамтамасыз ету оның ата-аналары жасайтын негізгі қамқорлықтың нысанасы болып табылады.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс.
5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың білім беру ұйымдарынан, медициналық және басқа да ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқығы бар.
Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн.
2-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының негіздері
1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:
1) еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі;
2) отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу;
5) балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық;
6) отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау;
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері;
8) отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдау қағидаттарына негізделеді.
Азаматтардың неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарындағы құқықтары тек заң негізінде және бұл тек конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сол шамада шектелуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
127-1-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау
1. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттерде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабында көзделген, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
133-бап. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуы
1. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуы -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi(Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ)
105-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу
1. Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көріну белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға қатысты;
2) екі немесе одан көп адамға қатысты;
3) адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер -
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
124-бап. Жас балаларды азғындық жолға түсіру
1. Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жас балаға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған дәл сол іс-әрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
141-бап. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау
1. Жас баланың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi қызметi бойынша осындай мiндеттер жүктелген адамның не осы мiндеттердi арнайы тапсырма бойынша орындайтын немесе мұндай мiндеттердi өзiне ерiктi түрде алған адамның тиісінше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
22-бап. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгi
1. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi олардың заңды өкілдерінің келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс.
2. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz