Қызылмия өсімдігінің тамыры


Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
№42 Қ. Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейі
Тақырыбы: " Алтын тамырлы мия өсімдігі "
Секция: химия, биология
Пәні, факультатив: жаратылыстану
Орындаған: 4 «ә» сынып оқушысы Қылышбек Сания
Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Жумабаева Салтанат
Ғылыми жетекшісі: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Биалогия, география және химия»кафедрасының аға оқытушысы,
т, ғ, к. Еспенбетова Ш. О.
Қызылорда, 2022жыл
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Қызылмия тамырын пайдалау тарихынан
2. 2. Қызылмия өсімдігінің биалогиялық сипаты
2. 3 Қызылмияны жинау және кептіру
ІІІ. Зерттеу бөлімі
3. 1. Тәжірибелер
3. 2. Зерттеу нәтижелері
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5. Қосымша
Аннотация
Жұмыстың мақсаты : қызылмия тамырының адам денсаулығына қалай әсер ететінін бақылау
Өзектілігі мен жаңалығы:
-Мия тамырының адам ағзасына тигізер пайдасын анықтау
-мия тамырын дәрілік қосымша ретінде пайдаланып денсаулықты сақтау
-мия тамырынан пайдалы сусындар жасауды жүзеге асыру
-мия өсімдігін қорғау және өсіру
Зерттеу тақырыбы: «Алтын тамырлы мия өсімдігі»
Секция: химия, биология
Пәні, факультатив: жаратылыстану
Зерттеу нысаны : Қызылмия өсімдігінің тамыры
Зерттеу әдістері:
- Энцеклопедияларды, ғылыми-публицистикалық басылымдарды; сөздіктерді зерттеу және пайдалану;
- Қызылмия тамырын жан жақты қолдану;
- Тәжірибе, сауалнама;
- Ұсыныстар
- Қорытындылау тұжырымдау;
Практикалық маңыздылығы: әр оқушы дәрілік өсімдік-қызылмия тамыры туралы қажетті ақпаратты таба алады.
Мәселе: Қазіргі таңда қоршаған орта қатты ластануда. Медицинамен қатар дәрілік өсімдіктердің де тигізер пайдасы мол. Бірақ бұл салада білім жеткіліксіз болғандықтан, мен біздің ауыл маңында өсетін дәрілік өсімдіктің бірі- қызыл мия тамырын зерттеп, содан кейін өз білімімді балалармен бөлісуді жөн көрдім. Түрлі ақпарат көздері арқылы мия тамырының денсаулықты жақсартумен қатар жастық реңді сақтау үшін сусын ретінде ішіп, тұнбасымен шомылуға болатынын білдім.
Тамақ, химия өнеркәсібінде де пайдаланатынын білдім. Сергітетін шәйлар әзірлеп, дәмі мен әсерін байқадым. Кітапшалар жасап, түсіндірме жасадым.
Міндеттері:
- Қосымша әдебиеттерден тақырып бойынша ақпаратты табуды үйрену
-дәрілік өсімдіктер тарихымен, оларды дайындау ережелерімен танысу
-оқушылар арасында мия тамыры туралы пайдалы ақпараттар кестелер, фотосуреттер көрсетіп насиқаттау
-осы ақпараттарды ата-аналарға үй жағдайында пайдануды ұсыну
-барлақ халықты, ауылдастарды мия тамырын қорғау мен қолдануға шақыру
Орындаған: Қылышбек Сания
Жетекшісі: Жумабаева Салтанат
Ғылыми жетекшісі: «Биалогия, география және химия»кафедрасының аға оқытушысы, Еспенбетова Ш. О
2022 жыл
Аннотация
Цель работы: наблюдение за тем, как корень краснухи влияет на здоровье человека
Актуальность:
- Определение пользы корня солодки для организма человека
- сохранение здоровья с использованием корня солодки в качестве лекарственной добавки
- осуществление приготовления полезных напитков из корня солодки
- защита и выращивание солодки
Тема исследования: "солодка с золотыми прожилками»
Направление: природа и экология
Объект исследования: корни растения краснуха
Методы исследования:
* Изучение и использование энциклопедий, научно-публицистических изданий; словарей;
* Универсальное применение порошка из корня красной солодки;
* Опыт, опрос;
* Подведение итогов;
Практическая значимость: каждый ученик сможет найти необходимую информацию о лекарственном растении-корне Красной солодки.
Проблема: в настоящее время окружающая среда сильно загрязнена. Наряду с медициной лечебные растения также обладают большой пользой. Но поскольку знаний в этой области было недостаточно, я решил изучить красный корень солодки, одно из лекарственных растений, произрастающих недалеко от нашей деревни, а затем поделиться своими знаниями с детьми. Через различные источники я узнал, что корень солодки можно пить как напиток и купаться в настойке, чтобы сохранить молодость, а также улучшить здоровье. В пищевой, химической промышленности. Приготовив освежающие чаи, я заметила вкус и эффект. Сделал книжки, сделал пояснения.
Обязанности:
- Научиться находить информацию по теме в дополнительной литературе
- знакомство с историей лекарственных растений, правилами их приготовления
- полезная информация о корнях солодки среди учащихся с указанием таблиц, фотографий
- предоставить родителям эту информацию для использования на дому
- призыв к защите и использованию солодки для всего населения, односельчан
Исполнитель: Кылышбек Сания
Руководитель: Жумабаева Салтанат
Научный руководитель: старший преподаватель кафедры "Биалогия, география и химия" Еспенбетова Ш. О
2022 год
Annotation
The purpose of the work: to observe how the rubella root affects human health
Relevance and novelty:
- Determination of the benefits of licorice root for the human body
- preservation of health using licorice root as a medicinal supplement
- implementation of the preparation of healthy drinks from licorice root
- protection and cultivation of licorice
Research topic: "licorice with golden veins"
Direction: nature and ecology
Object of research: roots of the rubella plant
Research methods:
* Study and use of encyclopedias, scientific and journalistic publications; dictionaries;
* Universal application of red licorice root powder;
* Experience, survey;
* Summing up the results;
Practical significance: each student will be able to find the necessary information about the medicinal plant-the root of Red licorice.
Problem: Currently, the environment is heavily polluted. Along with medicine, medicinal plants also have great benefits. But since there was not enough knowledge in this area, I decided to study the red licorice root, one of the medicinal plants growing near our village, and then share my knowledge with the children. Through various sources, I learned that licorice root can be drunk as a drink and bathed in tincture to preserve youth, as well as improve health. In the food and chemical industry. After preparing refreshing teas, I noticed the taste and effect. I made books, made explanations.
Responsibilities:
- Learn to find information on the topic in additional literature
- acquaintance with the history of medicinal plants, the rules of their preparation
- useful information about licorice roots among students with tables, photos
- provide parents with this information for use at home
- a call for the protection and use of licorice for the entire population, fellow villagers
Performed by: Kylyshbek Saniya
Head: Zhumabayeva Saltanat
Supervisor: Senior lecturer of the Department "Bialogy, Geography and Chemistry" Espenbetova Sh. O.
Кіріспе
Ерте заманнан бері адамдар аурудың алдын алу мен емдеуді табиғат байлығынан тапқан. Өсімдіктердің емдік қасиетін Египеттің Үндістанның Қытайдың Грекияның емшілері білген. Оларды пайдаланған кезде арнайы ережелерді білу керек. Өсімдіктердің дәрілік қасиеті мерзімге байланысты болады. Біреуін таң ата, екіншісін кешке, кейбірін гүлдегенге дейін, кейбірін гүлдеп тұрған кезде жинау керек. Сол уақытта олардың емдік қасиеті мол әрі пайдалы болады. Олардан дәрілік заттарды дайындауға құрғақ әрі жылы күндерді таңдаған дұрыс.
Қазірге кезде ауылдық жерде әрбір отбасының өз қаражатын үнемдеу мақсатында жергілікті жерде кездесетін дәрілік өсімдіктерді жинап, оны пайдалану жолдарын түсіндірудің мәні зор. Әрбір отбасы жаз, күз айларында тиісті мөлшерде дәрілік өсімдіктерді жинап алып, дұрыс сақтаса, онда жыл бойы дәрі -дәрмек іздемейді. Сонымен қатар жергілікті жерде өсетін өсімдіктерді көгалдандыруға пайдаланудың эстетикалық, экономикалық, медициналықмәні өте жоғары. Осыған байланысты мия тамыры ерекше қызығушылық тудырады. Мия тамырынан дайындалған сусындар ағзаның барлық жүйелеріне әсер етеді.
Өсімдіктер әлеміне бай біздің Қазақ халқы шөптердің жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін өте ертеден- ақ білген. Бұған қоса көршілес Ресей, Иран, Қытай, Монғолия, Тибет сияқты халықтардың медицинасындағы деректермен байытылып, одан әрі дамыды.
Негізгі бөлім
Қызылмия тамырын пайдалау тарихынан
Бірде тұмау тиіп, жөтеліп науқастандым. Анам жөтелден тез айығу үшін дәрілер алып келді. Дәрілерді уақытылы ішіп тез айықтым. Сол дәрілердің арасында мия шәрбәті да бар екен. Бұл шәрбәт алынатын өсімдік өз ауылымызда өсетінін түсіндірді. Мен осы өсімдік жайлы тереңірек білгім келді. Үлкендерден сұрадым, кітапханаға бардым, интернет арқылы ізденуді бастадым. Мия жайлы көптеген қызықты деректер жинақтадым.
Қызым мия өсімдігінің тамыры адам денсаулығына емдік шипасы мол дәрілік шөп екен. Біздің дәуірімізге дейінгі 426-484 жылдары бұл өсімдік жайлы ежелгі грек тарихшысы Геродоттың өзі қызыл мия тамырының мың сан дертке дауа екенін айтқан. Тіпті бұл өсімдікті Сақтардың алтын тамыры деп құрметтеген. Тибетте ұзақ өмір сүрудің сиқырлы тамыры деп бағаланды. Жастық рең мен әдемілікті сақтау үшін қызыл мия тамырынан әзірленген қайнатпа ішілген. Ежелгі Египетте де қайнатпа ішумен қатар кешке моншада тамыр тұнбасы қосылған сумен жуынған. Сол уақытта адам өмірі қызыл мия тамырының әсерінен 15 жылға дейін ұзарған. Қызыл мия егістік далалы жерлерде және өзен жағасында өседі. Бұл өсімдікті еліміздің бірнеше аймақтарында кездестіруге болады. Әсіресе Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Қаратал өзендері алқаптарында мол өседі. Біздің Қызылорда облысының өзінде мияның түрі өседі. Олар есек мия, ақ мия, жалаң мия, қызыл мия, мия тамыр. Қызыл мияның тамырында гликозид, сахароза, эфир майлары, минералды тұздар, мия қышқылы, күрделі қанттар, крахмал бар. Осы қасиеттеріне байланысты олар медицинада, тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Ал жапырағы мен сабағы мал азығы ретінде қолданылады.
Қазір газдалған тәтті сусындар денсаулығымызға зиян екенін жиі айтамыз. Алайда, бұл сусындардың орнына құрамына қант қоспай-ақ, мия тамыры арқылы адам ағзасына пайдалы сусындар жасауға болады. Себебі бұл өсімдік тәттілігі жағынан қанттан 50 есе артық. Біріншіден қанттың орнын алмастырады, екіншіден емдік қасиетімен ерекшеленеді. Зерттеулерге сүйенсек мия тамырынан 1000-нан астам өнім жасауға болады.
Қызылмия өсімдігінің биалогиялық сипаты
Қызыл мия-көпжылдық өсімдік. Ол жер асты суынан көтерілген ылғалмен нәр алып өседі. Тамыры жуан. Маусым, шілде айларында гүлдеп, тамыз айында жеміс салады. Тұқымы топырақта үш жылға дейін тіршілігін жоймай жата береді.
Қызылмия өндіріс саласында
Қызыл мия тамырын кофе, какао, кампот, маринадтар, халва, карамель, шоколадтар және шәй әзірлегенде пайдаланады. Тоқыма өнеркәсібінде бояу үшін, косметика саласында теріні дақтардан қорғау үшін де қолданылған.
Қызыл мия жайында зерттеу жүргізу барысында қазіргі кезде оның азайып бара жатқандығын білдім. Қызыл мияның көп бөлігі Қызылорда облысының аумағанада өседі. Осыдын бірнеше жыл бұрын Батыс Европа Батыс Қытай халықаралық жол құрлысы басталған тұста техникалар сыр бойындағы ағаштарды аударып жол салды. Оның арасында өзі аз және аса құнды саналатын қызыл мия өсімдігінің біраз бөлігі жойылып кетті. Сонымен қатар қызыл мия тамырын көршілес Қытай еліне сатушылар да баршылық. Қызыл мия тамырын тереңнен алатын көп жылдық өсімдік. Оны түбімен отаса не болады? Қызыл мия түбегейлі құрып кетсе не болады?
Қызылмияны жинау және кептіру
Ем үшін 3-4 жылдық өсімдіктің тамырын қараша немесе наурыз айларында жинау керек. Жерден қазып алынған тамырларды топырағын суық сумен жуып, қабығынан тазартып, күннің астында немесе жақсы желдетілген бөлмеде кептіру қажет. Тамыры сары түсті болып кепкенде жинап, сақтаймыз. Жақсы кепкен тамыр үгітілмей жақсы сынады. Бұндай тамырды 10 жылға дейін сақтап дәрі ретінде пайдалана беруге болады.
Зерттеу бөлімі
Тәжірибелер
1-тәжірибе
Мақсаты: Жөтелді емдеу
1 ас қасық кепкен мия тамырын алып, оған 200 гр қайнаған су құяды. Су моншасында 20-30 мин бұқтырып қояды. Сүзіп алып дайын болған тұнбаны 1 сағаттай салқындатады. Бұл тұнбаны бал қосып 1 ас қасықтан күніне 3 реттен ішу керек.
2-тәжірибе
Мақсаты: Мия тамырынан денені сергітетін шай әзірлеу. Шәйдің апельсин қосылған, лимон қосылған, жалбыз қосылған түрлерін әзірледік. Бұл шәйлар
жастық рең мен әдемілікті сақтау үшін өте пайдалы болып табылады. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін осындай қалташаларға салып қойдым.
3-тәжірибе
Мақсаты: тамақ ауырғанда шаю құралы ретінде пайдалану
4-5 мия тамырын қайнаған суға салып, 5-10 минут қайнатып 1 тәулік тұндырады. Даяр тұнбаны сүзгіден өткізіп аламыз. Бұл тұнбамен тамақ ауырғанда және ауыздан жағымсыз иіс шыққанда, азанда және кешке тамақты шаю керек.
4-тәжірибе
Мақсаты: Тағам әзірлеуге қоспа ретінде пайдалану
Қызылмия тамыры қосылған шербет
300 гр алма пьюресіне 300 гр лимон шырынын қосамыз. Жақсылып көпіршіктелген 2 жұмыртқаның ақ уызына қоспамызды араластырып 2-3 сағаттай тоңазытқышқа қоямыз. Пайдаланар алдында 2 шәй қасық мия ұнтағымен 50 гр өрік ұнтағын шербет бетіне себеміз.
Сусын әзірлеу
5 гр мия тамырына туралған 1 көк алма және 20 гр кориандрмен араластырамыз. Оған 500 мл су құйып, 20 мин қайнатамыз. Дайын болған сусынды сүзіп, қалауымызша бал қосып ішсек болады.
Қызылмия тамыры халықтық медицинада
Халықтық медицинада ұмытшақтық, қант диабеті, қалқанша без ауруларын емдеуде жиі қолданған. Жараларды емдеген. Астан уланған адамдарға мия тамырының тұнбасын ішкізіп денсаулығын жақсартып отырған.
Қызылмия тамырын балаларға қалай пайдалануға болады?
Ересек балаларға шай түрінде ішуге және мияның кішкене бөлігін сағыз түрінде шайнауға болады. Мия тамырынан жасалған сиропты, шәйді, қайнатпаны балаларға олардың салмақтарына қарап қолдану қажет. Кіші жастағы балаларға мүлде қолдануға болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz