Жерге орналастыру мен отырықшыландыру жұмыстары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
TAU

Баяндама
Тақырыбы: Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты
(ХХ ғ. 20-30-шы жж.)

Орындаған: Алауов Сардорбек
Тобы: Пд 22-1
Қабылдаған: Рахметалиева С.А.

2022 ж.
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты
(ХХ ғ. 20-30-шы жж.)

МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
1. ХХ ғ. 20-30-шы жж. аграрлық реформалар әсері
2. ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі қазақ шаруаларының жағдайы
3. Столыпиннің реформасы
4. Жерге орналастыру мен отырықшыландыру жұмыстары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Кеңес дәуірінде тарихи оқиғаларға, сол кездегі тіршілікке, әділдік пен зорлыққа берілетін баға кесіліп-пішіліп, өңі айналдырылып, өзгертіліп берілгендігі бәрімізге белгілі. Бұл шындықты ашық айтуға зерделеуге тәуелсіздік алған кезден бастап мүмкіндік алдық. Қазіргі кезде өз тарихымызды жан-жақты зерделеп, тәлімінен үйрену, одан сабақ алу келешек үшін маңызды екені сөзсіз. Өткен тарихи оқиғалардың маңыздылығы туралы Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын деген еңбегінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев яғни өткенімізді тұтас күйінде, ешқандай боямасыз, қоспасыз, қаз-қалпында қабылдағанымыз ләзім. Ал өткен жылдар шежіресін үнемі әрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тәжірибенің жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін қажет, - деп баға берген [2]. Түрлі мұрағат қорларында қатталып, қолға берілмей, шаң басқан шындықты жарыққа шығарып, халықтың еншісіне беру - уақыт талабы.
Жер мәселесі мемлекеттің ең басты мәселесі, тіршілік құралы ретінде әлеуметтік-экономикалық мәнін еш уақытта жоймайды. Қоғам дамыған сайын жер қатынастары ішкі-сыртқы факторларға байланысты күрделене түседі. Қазақ қоғамында жер дауы мен жесір дауы руаралық қақтығыстардың негізі болса, патша өкіметінің отаршылдығы, кейіннен Кеңес өкіметінің мемлекеттік саясаты жер мәселесін одан сайын тереңдетті.

1. ХХ ғ. 20-30-шы жж. аграрлық реформалар әсері

ХХ ғ. 20-30-шы жж. аграрлық реформалар, қазақ шаруаларын жаппай ұжымдастыру және отырықшылыққа көшіру Қазақстан тарих ғылымында едәуір зерттелді. Алайда мемлекеттік саясат ретінде қалай іске асырылды, оның тарихи тамырлары, жалпы әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани нәтижелері әлі де болса терең зерттеуді қажет етеді. Оның ақтаңдақ беттерін ашу қысқа мерзімде бітетін іс емес деп ойлаймыз.
Кезінде Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев қазақ халқының экстенсивті көшпелі мал шаруашылығы жағдайында, басқа халықтармен салыстырғанда қоғамдық дамуы жағынан артта қалушылықтан құтылу үшін, шаруашылық әдісін өзгертуді, яғни көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа көшудің қажеттігін айтты. Қазақ жерлерін отарлауды үдету үшін Ф. Щербина экспедициясының материалдары негізінде әлеуметтiк мәселелер жөнiнде ақпарат алғанын айта келіп, либералдық-кадеттiк бағыттағы статистик А.А. Кауфман өз еңбектерiнде қазақ қауымына орыс қауымының белгiлерi көшкенiн көрсетеді [3]. П. Румянцев пен К.О. Валь қазақ ауылын таптық дифференциация тұрғысынан қарастыруға талпынған. Олар өз еңбегiнде көшпелi шаруашылықтағы өзгерiстердi шаруаларды отарлаумен және ауылға капиталистiк қатынастың енуiмен сипаттайды. Алайда олар фактiлердi баяндаумен шектелдi. К.О. Валь қазақтар арасындағы экономикалық қатынасты ғылыми түрде зерделесе, Б. Родневич отаршылықтан социализмге аяқ басу эволюциясын сипаттаған.
Кезінде белгілі саясаткер және зерттеуші Т. Седельников патша өкiметiнiң отарлау саясатын сынай отырып, қазақтардың жерiн тартып алу науқанын құптамады. Алайда автор қазақ даласындағы жер үшiн күрестi таптық позиция тұрғысынан емес, көшпелi және отырықшы феодалдар арасындағы күрес ретiнде қарастырды [4]. Ол осы кезде орын алған тарихи жағдайды көрсетуге тырысқан. Мысалы, Т. Седельников қазақтарға пайдалануға берiлген жердiң азаюы салдарынан олардың бiрте-бiрте отырықшы-егiншi шаруашылыққа өте бастағанын ашық жазады. Осыған орай бiрнеше шаруашылық типтерiнiң: таза мал шаруашылығы, мал шаруашылығы және егiншiлiк, таза егiншiлiк, егiншiлiк-кәсiпшiлiк пайда болып, дамығанын көрсетедi. Ол Қазақстандағы аграрлық жағдай жөнінде дәйекті пікір айтуға талпынған. Бұған жеті жыл бойы Қазақстандағы аграрлық мәселемен жан-жақты таныс болуы мүмкіндік берді. Ол өз еңбегінде А. Кауфманның тұжырымдарын өткір сынға алды [4]. ...құқықтық жағынан біз екі тұлғаның жалпы иеленуінің кәдімгі түріне тап болып отырмыз: бірінші тұлға - бұл тұтастай орыс қол астына қарайтын қазақ халқы, екінші тұлға - мемлекет,- деп жазды [4, 17 б.]. Автор ресми түрде қазақ халқының атынан сөйлеп, Қазақстанда жер қатынасын қалпына келтіруді талап етті. Л.Чермактың еңбектерiнде қазақтардың жердi пайдалану формалары мен патша өкiметiнiң отаршыл бюрократтық әкiмшiлiгi ұтымды түрде сипатталады
ХХ ғ. 20-60-шы жж. Қазақстан ауыл шаруашылығының ерекшеліктері, жер саясатына қатысты көптеген еңбектер жарияланды. Бұл тұрғыда Ә. Бөкейханов, Т. Шонанов зерттеулері өте маңызды. Таптық тұрғыдан бұл мәселені Ғ. Тоғжанов та баяндады. 1917 ж. дейін жердi пайдалану, қазақтардың егiншiлiкпен айналысуы, көшпелілердің отырықшылануы П.В. Погорельский, Л.М. Әуезова, А. Геллердің, А. Ереновтың және т.б. еңбектерiнде баяндалады. Қазақстандағы аграрлық қатынастарға П.Г. Галузоның, Б.С. Сүлейменов еңбектерiнде сипаттама берiлген [5]. Кеңестік тарихнамада Қазақстандағы 20-30 жж, ауыл шаруашылығындағы өзгерістер, ұжымдастыру, ұжымшар-кеңшар құрылыстары, кадр мәселесі туралы Б.А. Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, Ә.Б. Тұрсынбаев, Ф.И. Колодин, Т.А. Әйтиев, Ж. Жұмабеков және басқаларының зерттеулері бар.
О. Сексенбаев өз өзерттеуінде жер туралы заңның Кеңес дәуірінде қалай жүзеге асқанын сипаттаса, А.Д. Дауылбаев еңбегінде ауыл шаруашылығының жалпы жағдайы баяндалған. Алайда олар кеңестік идеология аясынан шыға алмады.
В.Ф. Шахматов көшпелi мал шаруашылығындағы дағдарыстың себептерiнiң бiрi жеке меншiк жер пайдалану және жайылымдарға жеке меншiк иелiктiң пайда болуынан деп санады [6]. Автор көшпелi шаруашылықта жердi пайдаланудың түрлерін көрсете отырып, Қазақстанның әртүрлi аудандарында жердi пайдалану бiркелкi болған жоқ деген қорытындыға келедi. С.А. Сүндетовтың еңбектерiнде ауыл шаруашылығына капитализмнiң енуi туралы мәселе сөз болады. Ә.Б. Тұрсынбаевтың зерттеуiнде үш революция тұсындағы қазақ ауылы көрсетiлiп, шаруашылық эволюциясы мен әлеуметтiк құрылысы, ұжымдастыру барысы сипатталады. Жалпы революцияға дейінгі жер мәселесі туралы, кеңестік аграрлық саясат туралы ақиқат тұрғысынан жазылған зерттеулер ХХ ғ. 90-жылдарынан бастау алады. Мысалы Г.А. Сатыбекова еңбегiнiң артықшылығы Айқап журналының материалдары бойынша қоныс аудару саясатына талдау жасалған [7]. Сол сияқты белгілі библиограф Ү. Субханбердина "Айқап" бетіндегі мақалалар мен хат-хабарларды жарыққа шығаруы да бұл мәселенің зерттелу ауқымын кеңейтті [8]. Г.И. Желтова партияның ұлттық саясатының Түркістандағы аграрлық қатынасты жүзеге асырудағы науқанын көрсеткен [9].
Г.Ф. Дахшлейгер Қазақстандағы ауыл мен деревнядағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар туралы пайымдамалар жасады. Олар қазіргі ғылым үшін маңызын жоғалтқан жоқ. Көрнекті ғалым Б.А. Төлепбанвтың іргелі зерттеулерінде Орта Азия мен Қазақстандағы аграрлық өзгерістер баяндалады. Оларда Түркістан АКСР-ы қарамағында болған Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы жер мәселесі зерттелген.
Тақырыпқа қатысты А. Жаманқұловтың кандидаттық диссертациясы алғашқы зерттеу болып табылады ("Опыт перехода казахских шаруа к оседлости (1917-1937 гг.): автореферат дисс. ... к.и.н. - Алма-Ата, 1969. -31 с.). Қазақ тілінде жазылған бұл зерттеу бай дерек көздері негізінде қазақ шаруаларының отырықшылыққа көшу тәжірибесін кеңестік кезеңдегі тұжырымдама тұрғысынан пайымдайды. Автор сол кездегі қиындықтарға қарамастан оның қайшылықтарын да көрсетуге тырысқан.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін жазылған зерттеу жұмыстарының отандық тарихнамада алатын орны ерекше. Бұл еңбектердің құндылығы сонда, оларда Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихына мұрағат қойнауларында ондаған жылдар бойы құпия сақталып, ғылыми айналымға түспеген құжаттар негізінде шынайы баға берілген. Мысалы, Ж.Әбілхожиннің зерттеулерінде қазақ халқының дәстүрлі өмір сүру шаруашылығының қалай қарастырылып, кеңестік аграрлық реформалар нәтижесінде ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру зардаптары қарастырылған. Автордың 1991 ж. Ғылым баспасынан шыққан Традиционная структура Казахстана деген монографиясында қазақтың көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс-тіршілігі, оның шаруашылығы туралы теориялық пайымдаулары, оны бір мезгілде күштеп қаратудың трагедиялық сипаты аясында қарастырылған. Онда отырықшыландыру саясатына да талдау жасалған. Ө. Озғанбай еңбегінде Алаш зиялыларының еңбектеріне талдау жасай отырып, патша өкіметінің отаршылық саясатын аша білген. К. Нұрпейісов, Т. Омарбеков, М. Қойгелдиевтің зерттеулері Алаш зиялы қауымының өз заманындағы тарихи оқиғаларға атсалысқан қызметтері мен жазған еңбектеріне талдау жасағанымен құнды [12]. Ұжымдастыру жөніндегі Т. Омарбеков, М. Қозыбаев, Ж. Әбілхожин, Қ., Берденова К.Ә., Алдажұманов, Ж.Т. Таңатарова, Е. Қуандық және басқаларының зерттеулері отырықшыландыру саясатын ашуға көп үлес қосты. Көрнекті ғалым М.Х. Асылбековтың және демограф Ә.Б. Ғалиев пен М. Тәтімовтың еңбектерінде Қазақстандағы 20-30 жж. әлеуметтік-демографиялық үрдістер жан-жақты зерттеу арқауы болды.
Көрнекті ғалым М.Қ. Қозыбаевтың Қазақстан тарихындағы ақтаңдақтарға байланысты еңбектері және оның ұжымдастыру мен ХХ ғ. 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін туралы зерттеулері бұл мәселені саралауға көп септігін тигізді. Ғалымның 1990 ж. зерттеушілер Ж. Әбілхожин және М. Тәтімовпен бірігіп жазған "Казахстанская трагедия" атты мақаласы "Вопросы истории" журналы арқылы Москвада жарияланып, 30-жылдардағы алапат аштық пен босқындық зобалаңын әлемге алғаш рет әйгіледі. Сол сияқты К.Н. Нұрпейісовтың қазақ шаруалары туралы бұрынғы кеңестік кезеңдегі және соңғы жылдардағы зерттеулері ХХ ғ. 20-30 жж. туралы көп мағлұмат береді.
Ғалым Т. Омарбековтың Зобалаң, Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қасіреті зерттеулерінде сталиндік-кеңестік кезеңнің қайшылықты тұстарының көлеңкелі, бірақ тарихымызда ұзақ жылдар "жабық" болып келген мәселелері жаңа, егемен елдің тарихы тұрғысынан қарастырылған. Бұл еңбектерде біз талдап отырған мәселенің де тұстары көрсетілген. Зерттеуші Қазақстандағы жаппай кеңестендіру саясатын, сауатсыздықты жою, қазақтандыру науқанын, мәдени құрылыс тарихын тың деректер арқылы ашуда Қазақ Орталық Атқару Комитетінің қызметіне тоқталып өткен. Кеңестендіру саясатының салдарларын көрсете келе, автор жаңадан бой көтеріп келе жатқан тоталитарлық қоғамға халық бұқарасына жанашыр, қамқоршы болатын ұйымдардан гөрі, осы халықты үрей психологиясы ауқымынан шығармай, белгілі бір саяси шеңбер ішінде ғана айналып әрекет жасайтын, адамдарды ресми саясатқа қарсы келмей, керісінше, оны әркез бас шұлғып қолдаумен қанағаттанатын рухта тәрбиелейтін мемлекеттік органдардың қажет болғандығын баса көрсеткен. Сондай ұйымдардың қатарында билік партиясының органы ВК(б)П Өлкелік комитетімен қатар Қазақстан Орталық Атқару Комитеті де бар еді.
Сондай-ақ ғалым ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында Қазақстанда кеңестік тоталитарлық жүйе жүргізген "Кіші Қазан", байларды тәркілеу, шаруаларды күштеп ұжымдастыру сияқты төтенше саяси-шаруашылықтық науқандарына мұрағат құжаттары мен материалдары негізінде талдау жасап, шынайы ғылыми тұжырымдар түйіндеген [13].
Зерттеуші Ғ.Х. Халидуллиннің көлемді монографиялық еңбегінде (Политика советского государства в отношении казахских шаруа (1917-1940 гг.. - Алматы, 2001. -213 с.) кеңес мемлекетінің аграрлық саясатына, оның ішінде қазақ шаруаларына тікелей қатысты оқиғалар тың деректер негізінде баяндалған. Автор қазақ шаруаларының кеңес өкіметі жылдарындағы саяси-әлеуметтік жағдайын, аграрлық реформалар барысын зерттей отырып, негізгі назарды ұжымдастыру қарсаңындағы шаралар мен ұжымдастыру және оған шаруалардың қарсылық қозғалысына аударған. Монографияда көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру аграрлық реформаларды іске асыру аясында қарастырылған.
О.Х. Мұхатова еңбектерінде аграрлық тарихнамаға шынайы талдау жасалса [14], Е. Қуандықовтың еңбегі ұжымдастыру кезіндегі солақай саясатты көрсеткен [15]. Ж. Таңатарова зерттеулерінде қазақ ауылын ұжымдастырумен қатар отырықшылыққа көшіру барысы, бұл тұрғыдағы мемлекет саясаты тың деректер негізінде ашылған. Ж. Таңатарова Батыс Қазақстандағы ұжымдастыру мен отырықшыландыруға көшіру науқанын Еділ бойындағы қалмақ шаруаларындағы науқанмен салыстыра зерттеуі көп мағлұмат береді.
ХХ ғ. 20-30 жж. аграрлық саясатқа қатысты Б. Жұмағұлов, Н. Байқадамов, К. Жаулин, С. Жәкішева, Д. Қожамжарова, Н. Алпысбаева және басқаларының кандидаттық диссертацияларында да тың деректер мен пайымдаулар жасалған.
Шетелдік тарихнамада да зерттеліп отырған мәселе бойынша жарияланымдар бар. Ресейлік тарихнамада бұл мәселе В.П. Данилов еңбектерінде және басқа да зерттеулерде жол-жөнекей аталып өтеді. Американдық ғалым, саясаткер М. Олкоттың Қазақтар деген кітабында да бұл мәселе жалпылама түрде, негізінен кеңес кеңес тарихшыларының еңбектеріндегі деректер негізінде баяндалған. Арнайы зерттеуге тоқталсақ, бұл мәселе француз ғалымы Изабель Ойянаның КСРО қазақтарын отырықшыландыру және Қазақстан мен Орта Азия шаруаларын ұжымдастыру туралы монографиясында арнайы қарастырылған ("La sédentarisation des Kazakhs dans L'URSS de Staline. Collektivisation et changement (1928-1945)" Maisonnuve et Larose. -2006. - p.416). Автор Қазақстанда 1990 жылдардан бері қарай жарық көрген құжаттық жинақтар мен қазақстандық зерттеушілер еңбектеріне сүйене отырып, қазақ шаруаларының әлеуметтік жағдайын, отырықшылануын, ұжымдастыру барысын және оған қарсы шаруа наразылықтарын баяндайды.
Жалпы қазіргі тарихнама отырықшыландыру мәселесін әлі де зертеу қажет екенін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Жұмыстың негiзiне тарихи, этнографиялық, статистикалық, мұрағат, баспасөз материалдары бойынша кешендi деректер алынды.
Зерттеудiң деректiк негiзiнiң бір тобын мұрағат құжаттары құрайды. Оның материалдары ҚР Орталық Мемлекеттiк мұрағатының 30, 74, 643, 1179, 64 қорларынан пайдаланылды. Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорындағы материалдар да ғылыми айналымға енгізілді.
Зерттеуде сонымен қатар тақырыпқа қатысты кезеңдегі заң жинақтары, Кеңес өкіметінің қаулы-қарарлары, ұжымдастыру науқаны туралы жарияланған құжаттық жинақтар мен материалдар да кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар БК(б)П шешімдері мен мен құжаттық материалдары да кеңестік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын отырықшыландыруға байланысты мемлекеттік саясатын талдау
Аграрлық саясаттың шынайы ақиқаты
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Отырықшылыққа көшу
Қазақ даласындағы 1920 - 1930 жылдар арасындағы өзгерістер және 1921 - 1940 жж индустриялық дамуы
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру саясаты
Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландыру және оның ауыр зардаптары
Қазақ даласындағы 1920-1930 жылдар арасындағы өзгерістер
Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың салдары
Пәндер