Қағидалар мәнінің түсініктемесі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қылмыстық процесс нысандары
Орындаған: Онгарбек А, ЮСБ-30қ-20
Қабылдаған: Сагыдыкова А
Қарағанды
2022
Жоспар:
- Қылмыстық іс жүргізу қағидалары.
- Қылмыстық іс жүргізу құқығы категориясы.
- Қағидалар мәнінің түсініктемесі.
Қағида термині (латынша "principum") түсініктемесінің үш мағынасы бар: философиялық; затты-қолданбалы және теориялық - құқықтық. Қағида ұғымының философиялық мағынасы мынада: жалпы таным негізіне немесе әлде-бір білім саласы негізіне алынған, заңдылықты айқындайтын және білдіретін әдеттегі нәрселер теория жүзінде талдап қорытылады. Қағида ұғымының затты-қолданбалы мағынасы-осы қызмет өзіне сай келуге тиісті негізгі, жалпы талапты білдіреді.
Қағиданың теориялық-құқықтық маңызы - тиісті құбылыс мәнінің
талданған, объективті орын алып отырған ақиқатты және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі. Кез-келген құқықтық саланың қалыптасуы мен дамуына көңіл аудармастан бұрын, нақты құқықтық сала негізделіп негізгі бастау алып тұрған қағидаларды арнайы зерттеп, саралау қажет. Жалпы, қағида, яғни принцип деген термин латын сөздігінен туындаған және өз тілімізге аударғанда негіз, бастау деген мағынаны білдіреді. Н. И. Матузов пен А. В. Мальконың көзқарасы бойынша, құқық қағидасы - бұл құқықтың пайда болуының, дамуының
және жұмыс істеуінің адамгершілік және ұйымдық негізін құрайтын бастапқы, анықтаушы идеялар, ережелер, нұсқаулар. C. С. Алексеевтің пікірінше, құқық қағидасы - бұл қоғамдағы құқықтың мазмұнын, оның мәнін және мағынасын сипаттайтын алға қоятын идеялар. Бір жағынан, олар құқықтың заңдылықтарын көрсетеді, екінші жағынан, құқықтық реттеудің барлық аясында әрекет ететін және барлық субъектілерге тарайтын жалпы нормаларды білдіреді. Бұл нормалар заңда тікелей
қөрсетіледі немесе заңның жалпы мағынасынан туындайды.
Құқық қағидалары заң шығарушы үшін алға қоятын идеялар ретінде бола тұрып, құқық нормаларын жетілдіру жолдарын анықтайды. Қағидалардың арқасында құқық жүйесі адам мен қоғамның маңызды мүдделері мен қажеттіліктеріне бейімделеді. Ф. Энгельстің мына пікіріне ден қоялық: …Қағидалар табиғатқа және адамзат тарихына қолданылмай- ды, олардан дерексіздендіріледі: табиғат пен адамзат қағидаларға лайық- талмайды, керісінше қағидалартабиғат пен тарихқа қаншалықты сәйкес келсе, соншалықты ғана дұрыс болады. Сонымен, қағида термині негіз, негізгі бастама деген мағынаны қызмет саласының негіздерін құрайтын және заңда белгіленген бастама ережелер қарастырылады.
Сонымен, қағида термині негіз, негізгі бастама деген мағынаны қызмет саласының негіздерін құрайтын және заңда белгіленген бастама ережелер қарастырылады.
Профессорлар Н. А. Селиванов пен В. А. Снетковтың редакциялы- ғындағы еңбекте қылмыстық процесс қағидаларының мынадай анықтамасы келтіріледі:
қылмыстық процесс қағидалары - бұл қылмыстық процестің ең маңызды қасиеттері мен заңдылықтары туралы негізгі, бастама идеялары. Бұл тұрғыдан олар орындалуы міндетті құқықтық канондар ретінде
бағаланады.
Қандай да болсын ережелерді қылмыстық іс жүргізу құқығы
категориясына жатқызу үшін олар мына талаптарға сай келуі тиіс:
1. олар (ережелер) анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының
ұйымдастырылуы мен қызметінде негізгі, бастапқы сәттерді айқындап,
олардан өз кезегінде, жеке-дара сипатты ережелер туындайды;
2. қағидалардың өздерінде адамдардың ерік берілген немесе
міндетті іс-қимылдарының барлық жақтары және құқықтық норманың барлық элементтері (болжам, диспозиция, санкция) тұжырымдалуы тиіс емес;
3. негіз қалаушы айқындамаларға еркін мазмұн беруге болмайды, өйткені олар қылмыстық ісжүргізу құқығының заңдылықтарымен және ішкі логикасымен объективті түрде байланысты;
4. қағидалар категориясына жатқызылған ережелер объективті және субъективті негіздерді бірдей дәрежеде ұштастыруға тиіс ( мазмұн объективті, заң сөзінің нысаны субъективті) ;
5. қағида ережелерінің мәніне орнықтылық, тұрақтылық тән болуға
тиіс (құқық нормалары өзгертіледі, заңдар ауыстырылады, ал
қағидаларсақталады) ;
6. өктем, әмірлі сипатта болуға тиіс;
7. қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде басым жағдайда болуға
тиіс.
Сонымен, Қазақстандық ғалым Е. Е. Ерешевтің ойынша, қылмыстық іс жүргізу қағидалары - қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі негізделген және оның маңызды сипаттары мен белгілерін көрсететін заңда бекітілген бастама ережелер болып табылады. Бұл қағидалардың маңызы осы аталған тұжырымның өзінен туындайды. Біріншіден, қылмыстық іс жүргізу қызметі осы қағидаларға негізделген және олар қылмыстық процестің ең
маңызды жақтарын сипаттап көрсетеді. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу органдары осы қағидаларды басшылыққа ала отырып өз қызметін атқарады және бұл қағидаларды қатаң сақтауға міндетті. Үшіншіден,
(Жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексігыі (ҚПК-нің) 9-бабында айтылғандай), бұл қағидаларды сақтамау, оның сипаты мен мәніне қарай, іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға және осы кезде жиналған істің материалдарының заңды күші жоқ деп табуға әкеліп соқтырады.
Сөйтіп, қағидалар мәнінің ауқымды түсініктемесі мынадай:
1. қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде қағидалар орталық, басты орын алады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz