Жұмабек Тәшеневтің ерлігі
Қызылорда облысы Арал қаласы
Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицей
Ғылыми жоба тақырыбы:
Жұмабек Тәшенов - Хрущевке қарсы шығып, Қазақстанның бөлшектенуін тоқтатқан адам
Бағыты:Тарих
Автор: Әлімжанқызы Аида
Мектебі: Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицей
Сыныбы: 6
Жетекші: Маханова Назерке тарих пәні мұғалімі
2022-2023 оқу жылы
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4 БЕТ
І. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
І-тарау. Жұмабек Тәшеновтың тұлға болып қалыптасуына әсер еткен факторлар
1.1. Тәшенев Жұмабек Ахметұлы өмірбаяны ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...5 БЕТ
1.2. Жұмабек Тәшеневтің отбасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 6 БЕТ
1.3. Жұмабек Тәшеневтің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7 БЕТ
ІІ-тарау. Жұмабек Тәшенов - Хрущевке қарсы шығып, Қазақстанның бөлшектенуін тоқтатқан адам
2.1. Жұмабек Тәшеневтің ерлігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8 БЕТ
2.2. Оңтүстік Қазақстан аудандарының жерлері үшін күрес. ... ... ... ...9-11 БЕТ
2.3. Тың өлкесін Ресейге қосудан аман алып қалды ... ... ... ... ... ... ... .. .12 БЕТ
2.4. Маңғыстаудың Түрікменстанға берілуіне төтеп берді ... ... ... ... ..13-14 БЕТ
ІІІ-тарау. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 Сауалнама.Жұмабек Ахметұлы туралы не білеміз?! ... ... ... ... ... ... .. 15 БЕТ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-18 БЕТ
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19 БЕТ
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..20 БЕТ
КІРІСПЕ
Қазақ халқының тарихында есімдері алтын әріптермен жазылып қалған тұлғалар аз емес. Әсіресе, алмағайып аласапыран кезеңдерде туған еліне ес болып, бағыт-бағдар көрсеткен жандардың орыны тым ерекше. Олар болмаса біздің бүгінгі жарқын күндеріміз дәл осындай қалпында болар ма еді? Халқымыздың басына түскен қиын сағаттарда ерекше жаралған перзенттерінің жанкештілігінің арқасында қазақ жері осы бүтіндігін сақтап қалды. Өткенді бағаламай, тарихты терең білмей, ертеңгі күнге дайын болу мүмкін емес. Біз журналымыздың осы санынан бастап, ұлт жанашырлары атанған, бүгінде арамызда жоқ асыл тұлғалар жөнінде баяндағымыз келеді.
Ол өмір сүрген кезеңде қасқайып тұрып, ұлттың намысын қорғау, жерін сақтаймын деп талпыну, жүрек жұтқандық пен азаматтық таныта білу кез-келгеннің қолынан келмейтін кез еді. Сол дәуірдегі саясаттың салқынынан қорықпай, қарсылық көрсетіп, қазақтың жерін сақтап қалған тұлға -- Жұмабек Ахметұлы Тәшенев. Оның туған халқының алдындағы үлкен ерлігінің бірі -- сұрапыл хрущевтік дәуренде Қазақстанның солтүстік аймағындағы байлығы шалқыған, егін-жайы толқыған бес облысын көрші Ресейге қосудан аман алып қалуы дер едік. Қазақтың ұлан-ғайыр киелі жерін талан-тараждан қорғап қалған Ж. Ташеневті халық арасында Кісендеулі жолбарыс деп атап кеткен.
Жұмабек Тәшенев халқына адал, ел игілігі жолында асқан жауапкершілікпен еңбек еткен қайраткер тұлға болатын. Қазақтың тарихи сахнасында әр кезеңде ақылды, ойлы, ұлт мүддесін ойлаған азаматтар туылып отырған. Сондай өз заманына лайық туған, елім, жерім деп өмір сүрген, халқына жақсылық жасаудан жанын аямаған дара тұлғаны қандай сөзбен әспеттесек те жарасымды. Ол қандай мәселеге болсын әділдікпен қарап, белсеніп шығып, қызына сөйлеп, көзқарасын батыл қорғайтын. Ең үлкен дәрежедегі жиындарда өзі де пікірін ашық айтатын, өзгенің де жасқанбай сөйлеуін қалайтын. Өзінің қарақан басын, ағайын-туғандарын да ойламай, тек халықтың күйін күйттеп, жырын жырлап халық үшін жан пида! " деп өткен асқақ рухты Жұмабек Ахметұлы Тәшенев сынды қазақтың озық ойлы азаматының тағдыры тарих, ісі өнеге.
Қазақ халқы үшін жан пида
Жұмабек Тәшенев туған жерге ғана емес, сонымен бірге ана тілімізге, қазақ баспасөзіне де үлкен жанашыр болған.
Тың игеру жылдары Солтүстік Қазақстандағы бес облыста облыстық газеттер жабылып, қазақ журналистердің жұмыссыз қалғаны тарихи шындық. Сол жылдары республикалық қазақ тілді басылымдардың да басына қауіп төнді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төрағасы Тәшеневтің қарсылығының нәтижесінде Қазақ әдебиеті, Социалистік Қазақстан (қазіргі Егемен Қазақстан) және басқа қазақ газеттері жабылу қаупінен сақталып қалды. Белгілі жазушы Садықбек Адамбеков өзінің Қайта соққан боран -- замандастарым жайлы атты туындысында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бюросының 1958 жылғы 28 шілдедегі Қазақ әдебиеті газетін жабу туралы мәселе қойылған отырысы туралы әңгімелейді. Сол жерде Жұмабек Тәшенев солақай белсенділердің сойқанды әрекеттеріне батыл соққы беріп, мәжілістің алдын ала дайындалып қойған сценарийін іске асырмады. Өңкей шаш ал десе, бас алатын жағымпаздар жарыса жамырап, Қазақстандағы қазақ тілінде шығатын барлық газеттерді жауып, аударма басылымдарға айналдыру жөнінде ұсыныс жасайды. Тіпті сол кезде Социалистік Қазақстанның қарашаңырағын ұстап отырған Қ. Шәріпов өзінің Казахстанская правда газеті редакторының орынбасары болып қалуға да қарсы еместігін білдіреді. Осы сәтте отырысқа қатысып отырған Жұмекең: Социалистік Қазақстанды ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің, не деп тұрсың өзің! -- деп зекіп тастапты. Ал Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы Сырбай Мәуленов мінберге қарай көңілсіз көтеріліп бара жатқанда Ж.Тәшенев: Тайсақтамай, батыл сөйле! -- деп, орнынан қозғалып қойды, - дейді. Қазақ газеттерінің ғана емес, қазақ тарихының да алдында әділетсіздік жасалғалы тұрған жиында Ж. Тәшенев ұлт тіліндегі газеттерді жабудың негізсіздігін нақты мысалдармен дәлелдеп шығады. Туған халқының, ұлт тілінің тағдырына араша түсіп, кемелділік танытып, өзінің нарлығын да, арлылығын да көрсеткен ардақты азаматтың арқасында қазақ газеттері солақай саясаттың сойылынан сақталып қалған еді.
Ұлттық рух болмаған жерде, ұлттық намыстың да болмайтыны белгілі. Қазақ ұлтының ұлт ретінде, мемлекет ретінде дамуы мен танылуы елдің бірлігі мен ынтымағына байланысты. Рухының биіктігімен, намысының күштілігінен, есімі халықтың жүрегінде сақталып қалған, істеген істері аңызға айналып кеткен, кезінде халықтық рухы жарқылдай көрінген осындай азаматтарымыздың бірі -- Жұмабек Тәшенев еді.

0.1. Тәшенев Жұмабек Ахметұлы өмірбаяны.
Жұмабек Тәшенов (1915-1986) - кеңестік мемлекет және партия қайраткері.
Тәшенев Жұмабек Ахметұлы 1915 жылдың 20 наурызында Ақмола облысы Аршалы ауданының Танакөл ауылында туған. 1986 жылы 18 қараша Шымкент қаласында дүниеден озған. Ол мемлекет және қоғам қайраткері.Әкесі Тәшен балаға зәру болмағандықтан, ұлын баласы жоқ інісі Ахметтің атына жаздырған. Содан нәресте Жұмабек Ахметұлы болып шыға келді. Тәшенов 9 жасынан бастап әкесімен бірге мал бақты, кейіннен кеңес үкіметінің сауаттандыру науқанына ілікті.
Ақмола құрылыс техникумына 1933 жылы оқуға түсіп, бір жылдан кейін оқуын тастап, қоғамдық жұмысқа кірісті.КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген. Экономика ғылымының кандидаты (1962).
1-cурет. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ашылған
Елордададағы Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші.
1.2 Жұмабек Тәшеневтің отбасы.
Жұмабек Тәшенев 1940 жылы шаңырақ көтерген. Саян және Мұрат есімді екі ұл баласы бар
"Петропавлда тұрған уақытты есіме алсам, ең бір есте қалған жарқын күндердің бірі. Ол кезде әкем облыстық атқару комитетінің төрағасы еді. Күн-түн демей жұмыс істейтін. Түнгі сағат 3-4-ке дейін жұмыста болатын. Кей кезде түнгі сағат 2-де келсе біз қуанатынбыз. Мен алғаш мектепке барғанда қауырт жұмыстан әкем босай алмағандықтан, нағашы ағам апарған еді", - деп еске алады ұлы Саян Тәшенев.
Мемлекет және қоғам қайраткері 1986 жылы Шымкент қаласында 71 жасында дүниеден озды.
2-cурет. Жұмабек Тәшеневтің отбасы.
1.3 Жұмабек Тәшеневтің қызметі.
Жұмабек Ахметұлының еңбек жолы 1934-1939 жылдары Бейнетқор ауданы атқару комитетінің хатшысы қызметінен бастаған. Ол кезде Тәшенов 19 жаста болған. 25 жасында облыстық жер бөлімі бастығының орынбасары болды. 29 жасында облыстық партия комитеті басшысының орынбасары, 37 жасында Ақтөбе облысы партия комитетінің бірініші хатшысы, 40 жасында Қазақ КСР жоғары кеңесінің төрағасы болды.
1934-1939 жылдары Бейнетқор ауданы атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі
1939-1943 жылдары Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары
1944-1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі
1947-1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 - 1952)
1952-1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы
1955-1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы
1960-1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы
1961-1975 жылдары Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары
Өмірінің соңғы кезеңінде Қаракөл ғылыми-зерттеу институтында, Оңтүстік Қазақстан облыстық талдау-есептеу орталығында қызмет атқарған.

2.1. Жұмабек Тәшеневтің ерлігі
Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. 1950 жылдың аяғында Кеңес одағының басшылығына Никита Сергеевич Хрущев келді. Оған Қазақстанның жері үлкен көрініп, оны шағын ету керек деген мақсатта республиканың солтүстігіндегі 5 аймақты Ресей Федерациясының құрамына бермек болады. Ал елдің батысындағы қазіргі Маңғыстау түбегін түгел Түрікменстанға бермек болған. Ал оңтүстікте бірнеше ауданды Өзбекстанға беру жөнінде үлкен жоспар жасалған. Осы мәселені шешуге Жұмабек Тәшенов кірісті. Ол одақ басшылығына жер аумақтарын бөлу туралы мәселені жергілікті билікпен санаспай, тікелей Мәскеуде орталық комитетте шеше берер болсақ, онда Кеңес Одағының конституциясын, Қазақ КСР конституциясын жою керек екенін айтқан. Ал оны жоймайтын болсақ, заңда мына аумақтың бәрі Қазақстанның меншігі екені жазылған деген уәж айтып, Хрущевтің бетін қайтарған. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында "қазақ ауылын" құрды деп айыпталды.
"КСРО конституциясына сәйкес, әр ұлт республикасы өзінің тарихи жерінде, өз табиғи байлығын өз меншігінде пайдалануға хақы бар. Бұл заңмен де санаспайтын болсаңыз, біз халықаралық сотқа шағым беруден де тайынбаймыз", - дейді Тәшенов.
"Маған керегі лауазым емес, қазақ халқының бірлігі мен жерінің тұтастығы. Ол арманыма жеттім. Елім, жерім орнында" деген тау тұлғалы Жұмабек Тәшенов осылайша Қазақстан жерінің халық меншігінде қалуына жол ашты.
"Ол заманда Мәскеу идеологиясы, партияның өктемдігі жүріп тұрғанда Тәшеновтің ерлігін дөп басып айту қиынға соқты. Тәшеновке оралып, оның ерлігін айтып жатқанымыз Тәуелсіздік алып, санамыздың ашылғанының арқасы. Ұлттық тарихымызға мемлекеттік мүдде биігінен қарай бастағанымызды көрсетеді. Тәшеновті енді танып жатырмыз, Тәшеновтің тарихтағы шын бағасын енді біліп жатырмыз", - дейді тарих ғылымдарының докторы Ханкелді Әбжанов.
"Егер ол мансапқұмар болса, бәріне бас изеп, үнсіз келісе берер еді ғой. Жоғары қызметінде қала берер еді. Жоқ, ол ондай болған жоқ. Әрине, оны қызметінен алған кезде жұмысына жоғары жақтың көңілі толмайды деген бұйрығымен босатқан. Сөйтіп Шымкентке жіберіледі. Сөйтіп әкем өмірінің соңына дейін сонда тұрды. Халық құрметтейтін, бағалайтын. 60-қа келген кезде зейнетке шығарды. Ол кезде де біраз жұмыс атқаратын күш-қуаты бар еді. Ол қарап отыра алмайтын. Зейнетке шыққан соң зерттеу институтында жұмыс істеді", - дейді ұлы Саян Тәшенов.
Тұтас ұлтты уысында ұстамақ болған Кеңес империясының басшысына қарсы тұрып, дәлелді уәжі арқылы тойтарыс бере білген Жұмабек Тәшенов ерлігі бүгінгі ұрпақтың санасына рухани азық.
2.2. Оңтүстік Қазақстан аудандарының жерлері үшін күрес.
Жұмабек Тәшенов 1950-1956 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық, Мақтаарал аудандарын өзбек еліне беруге қарсы шықты. Кеңес одағының басшысы Никита Хрущевтің қолдауымен орыс шовинистері Қазақстанды паршалау арқылы қазақтан келетін қауіптің алдын алуды жоспарлады. Ал өзбек елі өзіне күндес, бәсекелес есептеген қазақтың жерін тартып алуды орыстардың қолымен, атап айтқанда Никита Хрущевтің қолымен жасады.
Орыстар бірнеше саяси мақсаттағы жобаны ойлап тапты. Тіпті өздерінің сенімді адамдары арқылы Хрущевке мақұлдатты. Соның біріншісі - Бостандық ауданын Өзбекстанға қосу жоспары болған. Бұл туралы өзбектердің көрсеткен түсініктемесінде бұл аудандарға қазақтар Өзбекстан арқылы өтетіндігі, Тәшкентке жақындығы айтылып, оның үстіне мақта мол шығатын аудандары бір басшылыққа жинап, еңбек өнімділігі мен басқаруды қолайлы ету керек екені көрсетілген. Сол арқылы қазағы көп оңтүстік аудандарды Өзбекстанға қосу арқылы қазақтың күшін әлсірету көзделген.
Дәл сол кезде 1955-1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы болған Жұмабек Тәшенов өзі төрағалық етіп, осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрған.
Комиссия шешімі бойынша: "Бостандық ауданының жері мал өсіруге ыңғайлы, құрылыс материалдарын өндіруге, су-энергетикалық қоры мол, қорғасын, көмір және машина жасау өндірістерінің жұмыскерлері демалатын шипажайлар ұйымдастыруға өте қолайлы. Сондықтан бұл ауданды Өзбекстанға беруді қолайсыз санаймыз" деген шешім шығарады.
Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Леонид Брежневке жіберілді. Брежнев комиссияның қорытындысына қарсы келмей, керісінше қолдау білдіріп, "Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін" деген қаулы қабылдады.
Никита Хрущевқа ЖОҚ деп қарсы шыққан.
Жұмабек Тәшеневтің ел үшін, жер үшін жасаған еңбектеріне хронологиялық анықтама келтірмей-ақ осы азаматпен және менің қатысуыммен болған бір ғана оқиғаға тоқталайық деген Хайдар Арыстанбековтің өзі куә болған оқиғасын былай баяндайды.
Жұмекеңнің жерге қатысты күрестерінің бірін оның өзі тікелей қатысқан көрші Өзбекстан республикасы арасында болған жағдайдан байқауға болады. Осыған орай: Жалпы, Бостандық ауданынан 1955 жылы біз қалай айрылып қалдық? " -- деген сұрақтың тууы орынды. Ол былай болды. Әуелгіде өзбектер Бостандықты сұрап Мәскеу жаққа хат жіберген. Ол кезде Өзбек ССР-інің бірінші хатшысы Мұхитдинов болатын. Ол мынадай себептерді алға тартты: Біріншіден, Қазақстан бұл ауданға Ташкент арқылы қатынайды. (Жол жоғы растұғын. Тауды айналып, Өзбекстан арқылы баратынбыз). Екіншіден, мақта саламыз, мал көбейтеміз, экономиканы көтереміз, т. б.... Қысқасы, өзбектер осынау шұрайлы өлкемізді әйтеуір бір сылтаумен қолға түсіргенше асықты. Содан кейін Қазақстан Орталық Комитеті құрған арнайы комиссиядағы жеті адам -- Ж. Тәшенев (комиссия төрағасы), М. Бейсебаев, С. Дәуленов, мен (Х. М. Арыстанбеков), А. Морозов, В. Голосов, В. Шереметьев қол қойып, 1955 жылдың 1 маусымында: Өзбек ССР-не Мақтаарал ауданының кейбір бөліктерін беруге келісеміз, ал Үкіметтің Бостандық ауданын беру туралы өтінішін негізсіз деп санаймыз деп атап көрсетіп, хат жаздық.
Осы жерде айта кететін бір жай, біздің мұндай шешім қабылдауымыздың өзі өкіметтің саясатына қарсы екенін біз бәріміз де білдік. Бірақ осы шешімге Ж. Тәшеневтің батылдығы көп әсер етті. Оған дәлел, арамыздағы А. Морозов хат соңында: Согласен с пунктом 1, 2 и 4, что касается Бостандыкского района считаю целесообразным еще раз обсудитъ этот вопрос его в составе Узбекской ССР, -- деп жазып, бізбен толық келіспейтінін, өкімет саясатын түсінетінін, Мәскеудің ғана ыңғайымен жүретінін білдірді.
Бұл хатымыз сол қалпында біраз уақыт жауапсыз жатты. Содан кейін өзінен өзі жоғарғы жақтан звонок келді... Бұл өзі Никита Хрущевтің бастап жүрген мәселесі ғой. Сөйтіп, Бостандық ауданы ең құнарлы да ұлан-ғайыр территориясымен, 360‑370 мыңдай қойымен қоса Өзбекстанға берілді, ал ар жағындағы Бағыс пен Түркістан ауылына қарасты 20 миллион гектардай жайылымдарды берілсін деп біз айтқанымыз жоқ. Карта жасағанда ол Қазақстанда қалды. Сол қалпында Жоғарғы Кеңестің сессиясында қаралып, біраз жер өзбектің пайдасына шешіліп кете барады... Ол кезде сессия төрағасы Қонаев болатын. Артынша Мұхитдинов саяси бюроға мүше боп Мәскеуге ауысты. Оның орнын Ниязов басты. Осы жерде бір нәрсеге мән беру керек: Ниязов өндіріс академиясында Хрущевпен бірге оқыған. Бұл -- бір. Ал Жоғарғы Кеңеске төрағалыққа Насреддинова келе қалды. Хрущев Насреддинова не айтса да қарсы болмайтын. Ел аралауға шыққанда екеуі машинаға бірге мініп, бірге түсіп жүретін еді. Содан олар: Мынау Мақтаарал, Киров, Ильичевкий -- мақталы аудандар, қазақтар мұның бәріне Ташкент арқылы келеді. Осы жерлерді бізге беріңдер, -- деп тағы сұраныс жасады. Сөзсіз тағы да ауыз жаласқан шешім бойынша комиссияға ілігіп кеттік. Бірақ біздің азаматтардың, атап айтсақ Ж. Тәшеневтің күшімен сол жылы бір қатерден аман алып қалдық. Біз Украинаға бүкіл Қырымды беріп жібердік. Ал сендер бір-екі аудан үшін..., -- деп Хрущевтің айқайлағаны әлі есімде. Көп ұзамай Тәшенев кеткен соң ол аудандардан да айрылып тындық. Бірақ кейін көп нәрсе өзгерді. Брежнев кезінде Мақтаарал, Жетісай аудандарының кейбір бөліктерін бізге қайтарып берді. Әйтсе де өзбектер жарты жерді алып қалды. Бұған өзіміз кінәліміз. Ол қазақтың принципсіз немқұрайлы, кең қолтық көзқарасынан деп түсіну керек. Сол кезде өзбектердің талай жерлерімізді өзінен өзі заңдастырып алғаны да біздің ашық ауыз, ештеңені керек қылмай, тек өзбек айтқандай хоп майлі дей беретінімізден.
Ал Бағыс пен Түркістан қазақтың жері екені рас. Баяғыда Түркістан каналы салынғанда ол республикамыздың мақта өндірісін қалыптастыруға жол ашқан үлкен қадам болатын. Өзбек ағайын шетінен кіріп, күрек салып, атыздап ала берді. Сарыағаш, Келес аудандарында қарбыз өсіріп, тіпті Сарыағаш шипажайына бар-жоғы 500‑600 метр жерге дейін шекарасын жылжытып алған. Ал біз үндемейміз. Тіпті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz