Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруы


Курстық жұмыстың өзектілігі: Тіл білімінде соңғы кездері функциональды грамматика мәселесі көтеріліп жүр. Осыған байланысты шылаулардың да қазіргі қазақ тіл біліміндегі негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін анықтау қажеттілігі туып отыр. Себебі шылаулардың қазіргі қазақ тіл біліміндегі қызметі әлі күнге дейін шешімін таба алған жоқ. Шылаулардың негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін нақтылап жүйелеп, қазіргі қазақ тіл білімінің даму дәрежесіне сай оларды жан-жақты зерттеу қажет. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Қазақ тіліндегі шылаулардың мазмұн құраудың рөлін, оның қолданыстағы мағынасы мен қызметін айқындау курстық жұмысымыздың мақсаты болып табылса, оған жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
Шылау сөздердің қолданыстағы мағынасы мен қызметінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
Шылаулардың даму, қалыптасу, зерттелу тарихын анықтау;
Шылаулардың қызметін, түрлерін айқындау;
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: Қазақ тіліндегі шылаулардың даму, қалыптасу жолдары - зерттеудің басты нысаны. Курстық жұмыста шылаулардың нақтылы құрамы, зерттелу тарихы анықталып, олардың тілдегі қызметі, мағынасы, қолданылу ерекшелігі, толық мағыналы сөздерге тіркесу ерекшелігі, көмекші сөздердің ішінен грамматикалануы жағынан қосымшаға жақындығы, қолданылу орны нақтыланады.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе. Шылаудың жалпы сипаттамасы.
Сөз таптарының ішіндегі өзінің тілдік табиғатымен, қызметімен, қолданысымен ерекшеленетіні, сонымен бірге, қазіргі қазақ тілінде сөз таптарының ішінде осы уақытқа дейін толық қарастырылмай жүргені - шылаулар. Олардың өздері тіркескен сөздерге қосымша мән үстейтіндігі және мағыналық топтарының аты аталып, санын айтумен ғана шектеліп, функционалдық сипатына жете назар аударылмаған болатын. Шылаулардың атаушы сөздерге үстейтін қосымша мәндерінің үнемі тұрақты болмай, өздері тіркескен сөздердің мағынасына қарай өзгеріп отыруы, олардың сөйлем құрамында атқаратын қызметі және мәтіннің жалпы мазмұнына қосатын үлесі т. б. сияқты көптеген сұрақтар да өз шешімін таппады. Нормативтік грамматиканың құрамында шылаулардың лексикалық мағынасының солғындығымен, сөйлем мүшесі болуға қабілетсіздігімен сипатталып, көмекші сөздердің құрамында ғана сөз болады. Шылаулардың атқаратын қызметтерінде де өзіндік ерекшеліктер бар. Сондықтан олардың қолданыстағы қызметі жағынан ерекшеліктерін қарастыру өзекті мәселелердің бірі.
Шылаулардың V-VIII ғасыр жазба ескерткіштерінде дербес категориялық мағына дәрежесінде қалыптасқан. Нақтырақ айтар болсақ, шылаулану үрдісі көне дәуірде емес, одан ертеректе пайда болған да, категориялық топтасуы Орхон-Енисей жазба-ескерткіштерінде қалыптасқан. Тілдегі өзге сөз таптары шылаулардың пайда болуын немесе алғашө\қы қалыптасуын шартты түрде шылаулану деп атаймыз. Шылаулану дегеніміз - өзге сөз таптарының шылаулар қатарына ауысуын білдіретін бірден-бір үрдіс болып табылады. Шылаулардың пайда болуы, шығу тегі мен дамуында есім, етістік сөз таптарының маңызы зор.
Олардың бастапқы лексикалық мағыналары солғыңдап, өздеріне тән әуелгі дербестіктерінен айырылып көмекші сөздер қатарына өтуіне грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен. Сол себептен де шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарынан әлдеқайда басым болып отырады. Жалпы алғанда қай тілдің болмасын сөздік қоры жетіліп, байып, түрлі сөздермен толығып, әрбір сөз жеке лексикалық, грамматикалық ұғымдарға ие болуының нәтижесінде сөздер бір сөз табынан екінші бір сөз табына өтіп, өзінің грамматикалық мағынасынан айырылып, өзге сөз табына тәен лексикалық-грамматикалық мағынаға ие болуы - тілдің тарихи заңдылығы болып табылады.
Шылау сөз табы - даму барысында мыңдаған ғасырлар, жүздеген жылдар бойғы тілдік процестерді басынан өткізген туынды тарихи категория. Бұлай дейтін себебеміз, қазіргі түркі тілдеріндегі кейбір шылау сөздердің құрамындағы аффикстер шығу тегі жағынан алып қараған кезде, сөздің түбірінен ажыратуға келмейтін дәрежеге кеткен де, түбірге сіңісіп бір тұтас бөлінбейтін бөлшек болып келеді. Осындай түбір мен қосымшаның жысдасуынан, яғни транспозициялық тәсілдің нәтижесінде шылаулар қалыптасты. Тарихи шығу тегі жағынан қарағанда, шылау сөздердің барлығы дерлік атауыш сөздерден, яғни бастапқыдағы дербес мағыналы есімдерден, етістік формаларынан шығады. Бұл дағды ьілдің белгілі бір даму тарихында кейбір есім, етістік формаларынан бастапқы лексикалық мағыналары бірте-бірте қолданыста бәсеңдеп, әр алуан грамматикалық мағыналарға ие болуының нәтижесінде пайда болған. Эалпы шылаулардың дамуында көне түркі, орта ғасыр, қазіргі түркі тілдеріне тән негізгі ортақтық - етістіктің көсемше формалары мен есімдерге тән формалар арқылы көнеленіп шылаулану процесіне өтуі. Содан барып, біртіндеп дамып тіл дамуында өзінің қолданылу аясына байланысты шылау сөз табының құрамына енген болатын.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштер тіліндегі шылаулар жайлы жазылған ғылыми жұмыстардың бары жайлы және көне түркі мен қазіргі түркі тіліндегі шылау сөздер жайлы ой-пікірлерін қосқан ғалымдар:Радлов «В. Die Altturkischen inschriften der Mongolei», Томсен В. «Insriptions de l Orkhon Deshiffrees», В. М. Носилов «Язык орхон-енисейских памятников», Р. Әміров «Жалғаулықтардың шығу тарихы», Ә. Н. Нұрмаханова «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», А. Габэн «Ескі түрікшенің грамматикасы», В. Г. Кондратьев «Грамматический строй языка памятников древнетюрской письменности VII-XI вв», А. Н. Кононов «Грамматика языка тюркской рунических памятников VII-IX вв», А. М. Щербак «Очерки по сравнительной морфологии тюрских языках», Н. Хаджыеминоғлы «Түрік тіліндегі шылаулар», Е. Ағманов «Қазақ тілінің тарихи синтаксисі», Ф. Зкйнаов «Служебные части речи в современных тюркских языков», К. Ертаев «Лингвистический статус послелогов в трудах В. В. Радлова» т. б. Бұл ғылыми жұмыстардың қай-қайсысында болмасын көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің жалпы сипаттама ретінде лексика-грамматикалық қызметі мен негізгі мәні түсіндірілгенімен, морфологиялық синтиаксистік құрылысы, мағыналық түрлерінің құрамы мен этимологиясы және басқа да қасиеттері жан-жақты зертелмеді.
Шылаулар - сөз бен сөзді немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғ\ң\ғымдарына әртүрлі реңктер беріп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған лексика-семантикалық мағынасы бар сөздер. Бұл анықтама қазіргі тілдерінің көпшілігіне ортақ айтылып келе жатқан теориялық тұжырым болғандықтан, көне түркі тілдеріндегі сөздерге қатысты емес дей алмаймыз.
Шылаулардың өзіне тән мынадай белгілері бар:
- Толық лексикалық мағынасының болмауы;
- Дербес, контекстен тыс қолданылмауы;
- Контексте атауыш сөздердің шылауында, жетегінде тұруы;
- Атауыш сөздерге қосымша грамматикаылқ мағына үстеуі;
- Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруы;
- Сөйлем мүшесі қызметін атқармауы;
- Түрленбеуі. Қазіргі қазақ тілі 385-бет
Тіл білімінде ғалымдар тарапынан шылау жайында шылау ұғымы категориялық мағынаға ие болғанға дейін өзіндік болжамдары да болды. Оларды жалғау мен жұрнақ деп қарастырушылап\р өз алдына дербестігі болмайтын, лексикалық мағынасы жоқ, қолданыста ғана белгілі бір грамматикалық мағынаны иеленетін, басты байланыстырушылық қасиетін негіз етіп, дербес сөз деп танымай тек морфема, жұрнақ ретінде қарастырған ғалымдар да бар болатын. Олар: А. Х. Востоков, Ы. ФФортунатов, И. И. Мешканинов, т. б. Осы сияқты бағытты түркітану саласында А. Казем-Бек, М. Терентьевтер де қолданған. Екінші бір топ ғалымдар шылауларды арнайы сөз табына да жатқызады. Ф. Буслаев, П. Давыдов, А. Потебня, А. Шахматов, А. Боровков шылауларда өзіндік лексикалық мағынасы болмағанымен аффикстен ерекшеленетін белгілеріне, сөздерді топтастыру шарттылықтарына сай жеке сөз табы болуы керек дептүсіндіреді. Ал түркітанушы ғалымдар болса А. Н. Кононов, А. Н. Баскаков, Н. П. Дыренкова, Н. К. Дмитриев, И. М. Мелиоранскийлердің зерттеу жұмыстарында шылауларды арнайы сөз табы деп санап, олардың көбісін сөз табы қатарына жатқызған болатын. Н. Дыренкова өз еңбектерінде алғаш қосымшаларды шылау деп қарауға болмайтындығы туралы айтады. Шылауларды жеке сөз табы ретінде қараымыз керек деген нұсқаулық А. Доблаштың еңбегінен кейін ғана іске асты деп қырғыз ғалымы А. Т. Карымшакова өз зерттеуінде атап көрсеткен болатын. 2; 192
Қазақ тіл білімінде «шылау» атауымен сөз табы болып қаралуы А. Байтұрсынұлының «Тіл құралы» еңбегінен басталады. Еңбекте шылау сөздер аффикстер деп емес, сөз таптары қатарында қарастырылады.
Қазақ тіліндегі жалғаулықты шылау сөздерге арнайы тоқталып, зерттеген Р. Әміров «Жалғаулықтардың шығу тарихы» деген мақаласында шылау сөздердің өзіндік ерекшеліктерін айта келіп, бұл сөз табының атқаратын қызметтерін басқа категориялардың бірде-біреуі атқара алмайтындығын және басқа қызметтерінің де бар екендігін анық көрсетеді.
А. Байтұрсынов "Тіл-құралында" шылауларды үш топқа бөліп қарастырады: 1) Үстеу. 2) Демеу. 3) Жалғаулық. А. Байтұрсынов шылаулардың қатарына үстеулерді де жатқызады. Ғалым «демеу дегеніміз - екі сөздің арасын яки екі сөздің арасын жалғастыруға демеу болатын сөздер» деп, олардың қатарына да, де (мен де, сен де), я, яки ( я бітер, я бітпес), ма, ме, ба, бе (бардың ба, бара ма) тәрізді шылауларды, ал жалғаулықтарға «кей сөздер жалғау орнына жүреді һәм жалғаулар сияқты басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайды» деп сипаттама беріп, бұл топқа менен, үшін, арқылы, такырыпты, туралы көмекші сөздерін жатқызады. Демеулер қатарында жалғаулық және демеулік шылаулар араласып келген. Бұдан шылаулардың бір түрі ретінде де қарастырылған және оған атау болатын "демеулік" сөзінің аталған еңбекте анағұрлым кең мағынада қолданылғаны байқалады. Демеуліктерге да, де, ма, ме, әлде не, немесе, әйтпесе де т. б. жалғаулықтарды, ал жалғаулықтарға қазіргі күнде септіктер шылау делініп жүрген біраз сөздер енгізіледі. Ол туралы А. Байтұрсынов былайша түсінік берген: "Кей сөздер жалғау орнына жүреді жаңа жалаулар сияқты басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайды дәл сондай сөздерді жалғаулық дейміз. Жалғаулық сөздер қазақ тілінде аз, мәселен: мен, үшін, арқылы, тақырыпты, туралы". [2; 139]
Шылаулардың тарихына тоқталып, арнайы зерттеген ғалым - М. Балақаев. Ол 1941 жылы жарық көрген "Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері" атты еңбегінің "Шылау сөздер тарихы" тарауында шылауларды шығу тегі, дамуы турасында ғалымдар пікірлеріне шолу жасай келіп, былай деп жазған: " . . . шылау сөздердің кейбірі бастапқы сөзінен онша өзгере қоймаған, кейбірі көптеген өзгеріске ұшырап, бұрынғы сөзінен мүлдем қашықтап кеткен…" 3; 383
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz