Зертханаларда қолданылатын биологиялық қауіпсіздіктің негіздері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Астана медицина университеті КеАҚ

Реферат
Зертханаларда қолданылатын биологиялық қауіпсіздіктің негіздері. Патогендігі бойынша I-IV топқа жататын микроорганизмдермен жұмыс істеу қауіпсіздігі

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

Нұр-Сұлтан 2022 ж. 14 Қыркүйек
Мазмұны:
I. Кіріспе
Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 бет
II. Негізгі бөлім
i. Жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 бет
ii. І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ... ... ... ... .6 бет
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10 бет
IV. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11 бет

Медициналық ұйымдардың диагностикалық зертханалары, әдетте, патогендігі III - IV топтағы патогенді биологиялық агенттермен (ПБА) жұмысты жүзеге асырады. Зертханада биологиялық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету үшін технологиялық процестердің ағымын, өндірістік үй-жайларды аймақтарға бөлуді, дезинфекциялық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету қажет. Мұны қалай жасау керектігі туралы сөйлесейік.
Зертхананы аймақтарға бөлу
Зертханада 2 кіру есігі болуы тиіс: біреуі -- персонал үшін, екіншісі-зерттеуге биологиялық материал қабылдау үшін. Кіру есіктерінде зертхананың атауы көрсетілуі және "биологиялық қауіп"халықаралық белгісі орналастырылуы тиіс.

Зертхананың өндірістік үй-жайлары "жұқпалы" және "таза" аймақтарға бөлінеді. "Жұқпалы" аймақта микроорганизмдермен және биологиялық материалдармен кез-келген жұмыс түрлері орындалады. "Таза" аймақ патогенді биологиялық агенттермен байланысу мүмкін емес қызмет түрлеріне арналған.
Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша ережелері
Зертханаға сырт, бас киімдермен кіруге, бөтен заттарды кіргізуге болмайды.
Сабаққа тек мақталы халат кигеннен кейін кірісу қажет.
Химиялық реактивтермен және бояғыштармен жұмыс істеу бойынша ережелерді қатаң сақтау қажет.
Эфирі бар спирт араласпасымен мұқият абай болу, оларды жанарғы тұрған стөлге ауыстырмау қажет.
Кейбір микроорганизмдер, әсіресе саңырауқұлақ споралары, аллерген болып табылады, олардың ұшуына жол бермеу -- Петри ыдыстарын, тығындарды, микроорганиз дақылдары бар колбаларды ашық тастап кетпеу қажет.
Пипетка көмегімен микроорганизм суспензияларын немесе реактивтерді ауызбен сору арқылы алар алдында, пипетка доғалсоңынан мақтамен жабық екеніне көз жеткізіңіз.
Зертханада тәртіп пен тазалықты сақтау. Сабақ аяқталған соң микроскоптың иммерсиялық объективін жұмсақ матамен сүрту, микроскопты полиэтилен чехолымен жабу, жұмыс орнын тәртіпке келтіру, қол жуу.
Есіңізде болсын, білімгерлер қолданылған микроскопына, басқа зертханалық жабдыққа, жұмыс орнының тазалығына жауапты.
Зертханадан кетер алдында, топ кезекшісі, газдың, судың, электрқұралдарының өшірулі екендігін тексеруі қажет.
Жалпы ережелер
1. Осы санитарлық ереже мен нормалар (бұдан әрі - Санитарлық ереже) меншік нысанына қарамастан, қызметі бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық және паразитологиялық зерттеулер жүргізу жөніндегі зертхананы жобалаумен, құрылысын салумен, қайта қалпына келтірумен және жұмыс істеуімен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.
2. Құрамында зертханалар бар ұйымдардың басшылары мен зертханалардың меңгерушілері осы Санитарлық ереже талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Осы Санитарлық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) авариялық жағдай (бұдан әрі - авария) - зертханада биологиялық материалмен жұмыс істеу кезінде персоналдың жұқтыру мүмкіндігін тудыратын және инфекцияның нақты немесе ықтимал таралу қаупін төндіретін жағдай;
2) антиген - қанда, лимфа мен тіндерде жасуша иммунитетінің элементтері мен антиденелердің (гуморалды иммунитет) пайда болуын туындататын организм үшін бөтен зат;
3) антиденелер - организмде бөтен заттармен байналысқан кезде пайда болатын және олардың зиянды әрекеттерін бейтараптандыратын заттар;
4) биологиялық агенттер (бұдан әрі - БА) - бактериялар, вирустар, риккетсиялар, таз құрттар, қарапайымдылар, микоплазмалар, гельминттер, биологиялық және өсімдік текті уыттар мен улар, сондай-ақ өзге де микроорганизмдер;
5) биологиялық қауіпсіздік - жұмысшы персоналды, тұрғындар мен қоршаған ортаны патогенді биологиялық агенттердің әсерінен қорғауға бағытталған құралдар мен іс-шаралардың жүйесі;
6) бокс - зарарсыздану жағдайында зерттеулер жүргізуге арналған арнайы үй-жай;
7) виварий - кейіннен эксперименттер үшін жіберілетін зертхана жануарларының сан алуан түрлері ұсталатын және көбейетін ұйым бөлімшесі;
8) вирусология зертханасы - биологиялық материал мен қоршаған орта объектілерінен вирустардың бөлінуі, антигендерді, антиденелерді анықтау және олардың қасиеттерін зерделеу жөніндегі зерттеуді орындаушы зертхана;
9) диагностикум - зерттелетін материалда антигенді, антиденелерді, дезоксирибонукеинді (бұдан әрі - ДНК) мен рибонуклеинді (бұдан әрі - РНК) қышқылдарды анықтауға арналған препарат;
10) "жұқпалы" аймақ - микроорганизмдерді жұқтырған немесе жұқтыруға күдікті материалды қабылдау мен зерттеуді жүргізілетін зертхана үй-жайы;
11) сәйкестендіру - микроорганизмдердің белгілі бір түрге (үлгіге) тиістілігін айқындау;
12) инсектарий - эксперименттік мақсаттар үшін қолданылатын жәндіктерді ұстауға, шығаруға немесе көбейтуге арналған ұйым бөлімшесі;
13) қауіпсіздік кабинеті (бокс) - микроорганизмдермен зерттеу жүргізуге арналған арнайы тұмшалы құрылма;
14) миркобиология зертханасы - биологиялық материал мен қоршаған орта объектілерінде миркоорганизмдерді анықтау және олардың қасиеттерін зерделеу жөніндегі зерттеуді орындаушы зертхана;
15) паразитология зертханасы - биологиялық материал мен қоршаған орта объектілерінде гельминттер мен қарапайымдыларды анықтау және олардың қасиеттерін зерделеу жөніндегі зерттеуді орындаушы зертхана;
16) патогенді биологиялық агенттер (бұдан әрі - ПБА) - бактериялар, вирустар, риккетсиялар, құрттар, қарапайымдылар, микоплазмалар, эндо- және экопаразиттер, биологиялық және өсімдік текті уыттар мен улар немесе құрамында олардың болуына күдікті материал, сондай-ақ аталған ПБА геномы фрагментін қамтитын және адам үшін қауіп төндіретін жаңа микроорганизмдер;
17) құсықтар - құстар құсатын тағам қалдықтарынан тұратын фрагменттер;
18) боксқа кіреберіс - бокстың алдындағы үй-жай;
19) өндірістік зертхана - өндіріс процесінде өнімді зертханалық зерттеу мен сынақтан өткізуді жүзеге асыратын ұйымның зертханасы;
20) серологиялық зерттеу - антигендер мен антиденелердің әсерін зерделейтін зерттеу;
21) зарарсыздандыру - сан алуан заттар мен құралдардың микроорганизмдерден толық арылуы;
22) жылу бөлмесі - жылу сақтайтын материалмен жабдықталған, белгіленген температураның тұрақтылығын қамтамасыз етуші бөлме;
23) "шартты түрде таза" аймақ - зерттеулер өткізуге (қайнату, құю, ортаны зарарсыздандыру) дайындық жүргізілетін зертхана үй-жайы;
24) "таза" аймақ - микроорганизмдерді жұқтырған немесе оған күдікті материал келіп түспейтін зертхана үй-жайы;
25) штамм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирусологиялық зертхана персоналдары
Дәннің наубайханалық қасиеттерін бағалайтын көрсеткіштер
Қопа көлінің экологиялық ахуалы
Экспортқа арналған жылқы етіне қойылатын талаптар
Бидай ұнының стандарт талаптары бойынша көрсеткіштері
Құйынды шайқауыш
Тармақталған тізбекті май қышқылдары
Медицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі
Сиыр етінің техникалық шарттары
Радиациялық сараптама
Пәндер