Қазақстан Республикасының соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және ғылым министірлігі
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университететі
Тарих,экономика және құқық факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар
Құқықтанумамандығы 6В04202

Ғылыми жетекшісі:з.ғ.м. Өтеуова А.К.
Орындаған:Юр-35 Мағзом Қ.С

Орал,2022 ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Сот шығындары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1.Соттың құрамы және қарсылық білдіру, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2.Сот шығындарының ұғымы және олардың құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ...10
2.Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындардың түрлері ... ... ... ... ... 13
2.2.Қазақстан Республикасының соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

КІРІСПЕ

Сот шығындары - азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.Мемлекеттік баж салығы бастапқы және қарсы талап-арыз берушіге, үшінші жаққа, даудың пәніне өз алдына талап қоюшыға, айрықша өндіріс ісі бойынша талап қоюшыға, сондай-ақ кассация шағым берушіге салынады.Қылмысты қарауға байланысты алымдарға куәгерлер мен сараптамашылардың ақысына, дәлелдемені тұрған жерінде көруге, жауапкерді іздестіруге және сот шешімін орындауға, т.б. жұмсалған шығындар сомасы кіреді.Азаматтық іс жүргізу заңнамасында сот шығындарын өтеуден босатылған тұлғалар көрсетілген. Оларға еңбекақы, алимент өндіру, денсаулыққа келген зиянды өтету, қылмыстан келген материалдық зиянды өтету, т.б. істері бойынша талапкерлер жатады.
Осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым:сот шығындарының түрлері және оның негіздерінің түсінігін,іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарды қамтумен тұрады.
Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды.Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:
* бірінші тарау бойынша ҚР Азаматтық іс жүргізу заңдарын қарастырдым, оның ішінде соттың құрамы және қарсылық білдіру, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен принциптерін қарастырдым;
* екінші тарауда сот шығындарының түрлері мен жалпы түсінігі, оның ішінде сот шығындарын бөлу тәртібін, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар және оның жалпы түсінігі берілген. Сот шығындарын бөлу тәртібі және баж төлеуден босату туралы екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым.
* ал үшінші тарауда Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарын қолдануы туралы мағлұматтарды жан-жақты қамтуға тырыстым.
Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері:Курстық жұмысымның мақсаты сот шығындарының түрін және оның негізгі түсінігін, соңдай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар ұғымын толығырақ ашып, толық мәліметтер беру, курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыда, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы Қазақстан Республикасының заңдарын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы ЖоғарғыСотының жалпы отырысы, қаулы етеді:
Соттар азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару кезінде сот шығындарымен байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі-АІЖК) ережелеріне, Қазақстан Республикасының"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің (бұдан әрі-Салық кодексі), сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуі тиіс.
Егер азаматтық іс бойынша тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері болса, іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар мөлшері және оны өтеу тәртібі,әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы шаруашылық дауларын қарау кезінде іс бойынша іс жүргізу шығындар мөлшері және оны өтеу тәртібі туралы келісіміне сәйкес анықталады.
АІЖК сәйкес азаматтық істердің сот шығындары мемлекеттік баждан және іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.
АІЖК іс бойынша іс жүргізуге байланысты төленетін сот шығындарының көрсетілген тізімі түбегейлі болып табылмайды.
Азаматтық сот іс жүргізуіне қатысқандығы үшін өзге шығындар қажет деп танылған жағдайда соттың дәлелді шешімімен өтелуге жатады.
Шеккен сот шығындарын өндіру туралы мәселені шешу кезінде соттар мыналарды ескеруі керек:
куәларға, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға төленетін сомасына сотқа келуіне байланысты шеккен шығындарының өтелуі жатқызылады;
АІЖК ережелерге сәйкес,сарапшыларға және мамандарға шығындарынан басқа қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін жасаған жұмысы үшін сыйақылар өтеледі;
іс бойынша заттай дәлелдемелерді сақтау жөніндегі шығындар белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады;
жасалған жұмыс үшін сарапшыларға және мамандарға төленетін алдын-ала сот депозитіне салынған ақша сомасы, тиісті еңбекті төлеу қолданыстағы нормаларынан алынып,соттар әкімшілігі депозиттік шотына сыйақы сомаларын қарастырып енгізіледі.Қажетті сомма тиісті өтініш мәлімдеген тараппен енгізілуі тиіс.
Көрсетілген тұлғалар өз міндеттерін атқарғаннан кейін,оларға тиесілі сомалар көрсетілген шоттан сотпен төленуге жатады, ал көрсетілген тұлғалар әскери қызметшілер болған жағдайда сот шығындары тек қана әскери бөлімдердің талабы бойынша төленуге жатады, әскери қызметшілерінің өздеріне шығындар өтелмейді;
-азаматты хабар ошарсыз кетті деп тану, жоғалған құжатты жарамсыз деп тану және ол жөніндегі құқықтарды қалпына келтіру туралы, банкроттығы туралы іс жүргізуді қозғау бойынша істерде және заңда тікелей көрсетілген басқа да жағдайларда жарияланымдар және хабарландырулармен байланысты шығындар сот ұйғарымы бойынша арыз берушімен төленеді.
АІЖК шығындар алғашында бюджет қаражатынан төленіп, кейіннен кінәлі тараптан бюджет пайдасына өтеледі.
АІЖК қарастыратын іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны сот азаматтық істе бар материалдарға сілтеме жасап өндіріп алуы мүмкін:
1) теріс пиғылмен көрінеу негізсіз талап қойған немесе азаматтық істі дұрыс және тез қарап, шешуге үнемі қарсы әрекет жасаған талапкерден;
2) азаматтық істі дұрыс және жедел қарап, шешуге үнемі қарсы әрекет жасаған жауапкерден.

1.Сот шығындары
1.1.Соттың құрамы және қарсылық білдіру, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен принциптері.
Судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол берілмейтіндігі:
- бірінші сатыдағы сотта әкімшілік дау туралы істі қарауға қатысқан судья сол істі апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауға, сондай-ақ оның қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайы;
- апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды;
- кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта әкімшілік дау туралы істі қарауға қатысқан судья, өзінің қатысуымен қабылданған қаулы күшін жойған жағдайда аталған сатыларда осы істі қарауға қайтадан қатыса алмайды;
- қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттарда жаңадан қарауға қатыса алмайды;
Судьяға, мемлекеттік органнның лауазымды тұлғасына қарсылық білдіру үшін негіздер:
- егер судья, мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы:
1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;
2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;
3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс. [3]
- істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.
Прокурорға,сарапшыға, маманға, аудармашыға сот отырысының хатшысына, сот приставына қарсылық білдіру үшін негіздер:
-қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставына да қолданылады.
-сонымен қатар сарапшы немесе маман, егер:
1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;
2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.
- прокурордың, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды. Сараптама қорытындысының дұрыстығына күмән туындауына орай ол қайталап жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, сарапшының осы істі алдыңғы қарау кезінде сарапшы ретінде қатысуы оған қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды.
- егер куәгер әкімшілік процесті жүргізетін органнан қызметтік жағынан тәуелді болса, ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.
- аудармашы және маман, егер істі дайындау кезінде олардың біліксіздігі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.
Қарсылықтар білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдемелер және оларды шешудің тәртібі:
- мән-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдіретінін мәлімдеуі мүмкін.
- өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу (қарсылық білдіру) негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.
- істі жеке-дара қараушы судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа судьясы, олар болмаған жағдайда - жоғары тұрған сот судьясы қарайды.
- істі соттың алқалы құрамда қарауы кезінде судьялардың біреуі өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың пікірін тыңдайды және, егер ол түсініктеме бергісі келсе, қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңдайды және қарсылық білдіру туралы мәселені қарсылық білдірілген судьяның қатысуынсыз шешеді. Қарсылық білдіруді жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған кезде судья қарсылық білдірілген болып есептеледі. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құрамына мәлімделген қарсылық білдіруді нақ сол сот толық құрамында жай көпшілік дауыспен шешеді.
- қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарымға келіспеушілік туралы дәлелдер аппеляциялық немесе қадағалау шағымдарына, наразылық келтіруге енгізілуі мүмкін.
- прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.
- өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәселе соттың ұйғарымымен шешіледі.
Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдемені қанағаттандырудың салдары:
- аудандық немесе оған теңестірілген сотта (мемлекеттік органда) істі жеке-дара қараушы судья қарсылық білдірген (өздігінен бас тартқан) жағдайда бұл істі сол сотта (мемлекеттік органда) басқа судья (мемлекеттік органның лауазымды адамы) қарайды. Егер іс қаралатын сотта (мемлекеттік органда) судьяны (мемлекеттік органның лауазымды адамын) ауыстыру мүмкін болмаса, жоғары тұрған сот (мемлекеттік орган) арқылы іс басқа аудандық немесе оған теңестірілген сотқа (мемлекеттік органға) беріледі.
- облыстық немесе оған теңестірілген сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында істі қарау кезінде судья өздігінен бас тартқан не қарсылық білдірген не соттың барлық құрамы қарсылық білдірген жағдайда, істі сол соттағы басқа судья немесе басқа құрамдағы судьялар қарайды.
- егер облыстық немесе оған теңестірілген сотта өздігінен бас тарту немесе қарсылықтар білдіру қанағаттандырылғаннан кейін не ҚР ӘІЖК-нің 73-бабында аталған себептермен осы істі қарау үшін соттың жаңа құрамын құру мүмкін болмаса, облыстық немесе соған теңестірілген сот іс бойынша тараптар болса, ол қаралатын сот ұйғарымы үшін іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілуге тиіс. [10]
Соттың құрамы:
- әкімшілік соттың атынан әрекет ететін судья әкімшілік даулар туралы істерді жеке-дара қарайды.
- істерді кассациялық сотта немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады.
- соттың алқалы құрамының мәселелерін шешу тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. [2]

Сот шығындары-мемлекеттің әділеттілікті атқаруға шығаратын шығындары
Сот шығындарының түсінігі және құрылымы

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар
Мемлекеттік баж-міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында күші бар,ҚР Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР АІЖК-нің белгіленген заңи мәні бар әрекет атқару немесе өкілетті органнан,лауазым иесіне құжат алу мақсатында төленетін төлем.

Куәгерлерге,сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;
дәлелдемені тұрған жерінде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;
заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығындар;
жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;
іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;
тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;
тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;
өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;
соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;
сот қажет деп таныған өзге де шығындар жатады.

Жай баж-нақты сомамен есептелінеді (талаптың құнына сәйкес).
Пропорционалды баж-талап қойған кездегі айлық есептік көрсеткішке сәйкес есептелінеді.

1.2.Сот шығындарының ұғымы және олардың құрамы.
Сот шығындары:
1) азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.Мемлекеттік баж салығы бастапқы және қарсы талап-арыз берушіге,үшінші жаққа, даудың пәніне өз алдына талап қоюшыға, айрықша өндіріс ісі бойынша талап қоюшыға, сондай-ақ кассация шағым берушіге салынады.Қассация қарауға байланысты алымдарға куәгерлер мен сараптамашылардың ақысына, дәлелдемені тұрған жерінде көруге, жауапкерді іздестіруге және сот шешімін орындауға, т.б. жұмсалған шығындар сомасы кіреді.Азаматтық іс жүргізу заңнамасында сот шығындарын өтеуден босатылған тұлғалар көрсетілген.Оларға еңбекақы, алимент өндіру, денсаулыққа келген зиянды өтету, қылмыстан келген материалдық зиянды өтету, т.б. істері бойынша талапкерлер жатады;
2) қылмыстық іс бойынша анықтауға, алдын ала тергеуге, сараптамаға, аудармашыға, куәларға, адвокатқа және басқа істі жүргізуге кеткен шығындар. Мұнда сот шығындарын сотталушы өтейді. Ал егер сотталушының материалдық жағдайы келмейтін болса немесе ақталып шықса сот шығындарын мемлекет өз мойнына алады. Жеке немесе жеке-жариялы істер бойынша сотталушы ақталып шыққан жағдайда сот шығындары шағым берушіге жүктелуі мүмкін.
Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар қатарына мыналар жатады:
- куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;
- сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;
- заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығындар;
-жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар.
Куәларға,сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға төленуге тиісті сомалар:
- куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға сотқа келуге байланысты оларға келтірілген жол ақысы, бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі және іссапарға жіберілген адамдар үшін белгіленген мөлшерде тәулікақы төленеді. Сарапшы мен маманға сондай-ақ оларға тиесілі химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезінде олар жұмсаған басқа да шығын материалдарының құны, сонымен бірге олардың жұмысты орындау үшін құрал-жабдықтарды, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны және машиналық уақытты тұтынғаны үшін төлеген ақысы өтеледі;
- куә ретінде сотқа шақырылған жұмыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін жері бойынша орташа жалақысы сақталады.

Еңбек қатынастарында тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріліп және заңда белгіленген бір айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып, өтемақы алады;
- сарапшылар мен мамандар, егер бұл жұмыс олардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, соттың тапсырмасы бойынша өздері орындаған жұмыс үшін сыйақы алады.Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот анықтайды;
- сот сараптамасы органдары жүргізген сараптаманың ақысын төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
- куәларға, сарапшыларға, мамандарға сомаларды, сондай-ақ сот сараптамасы органы жүргізген сараптамаға ақыны тиісті өтініш берген тарап төлейді.Егер аталған өтінішті екі тарап берсе немесе куәні шақырту, сараптаманы тағайындау, маманды тарту соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, талап етіліп отырған соманы тараптар тең бөліп төлейді;
- егер бұл жұмыс сарапшылар мен мамандардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, соттың тапсырмасы бойынша істеген жұмыстары үшін оларға төленуге тиесілі сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап сот депозитіне алдын ала төлеп қояды. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот белгілейді;
- сот сараптамасы органы сараптама жүргiзгенi үшiн төленуге тиiс сомаларды тиiстi өтiнiш жасаған тарап, не өзiне сот осындай мiндеттеме жүктеген тарап алдын ала төлеу нысанында тиiстi бюджетке енгiзедi;
- бір немесе екі тарап шығындарды төлеуден босатылған жағдайда сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі;
Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу:
- куәларға, сарапшыларға және мамандарға тиесілі сомаларды олар өз міндеттерін орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ашылған шоттан сот төлейді;
- аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі. Сыйақының мөлшерін тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып сот белгілейді.

Соттық шығындардың түсінігі және құрамы.
Соттық қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.Осы шығындардың бір бөлігі заңмен бекітілген тәртіпте процеске қатысушылармен төленеді.
Сот шығындары-сотта азаматтық істі қарау және сот шешімін орындауға байланысты жұмсалатын мемлекеттің және іске қатысушы тұлғалардың шығындары.
Сот шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1)Мемлекеттік баж;
2)Іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады;
Мүдделі тұлғаларға сот шығындарын өтеудің мақсаты-сот төрелігін жүзеге асыру үшін шыққан мемлекет шығындарын өтеу болып табылады.
Мемлекеттік баж салығының іс жүргізуге байланысты шығындардан айырмашылығы:
1)мемлекеттік баж салығының мөлшері талап құнына қарай анықталады,ал шығындардың мөлшері сот пен іске қатысушылардың іс жүзінде шыққан шығындарымен анықталады;
2)мемлекеттік баж салығы мемлекеттің пайдасына өтеп алынса,іс жүргізуге шаққан шығындардың ішінде қарауды тұрған жерінде жүргізуге кеткен шығын ғана мемлекеттің пайдасына өндіріледі,ал қалғандары іс бойынша тараптардың есебінен шығындалған тұлғаның пайдасына өндіріледі;
3)мемлекеттік баж салығын өндіріп алудың мақсаты болып сот жүйесіне төленетін ақыны ішінара мемлекетке өтеу;ал істі қарауға байланысты шығынды өтеудің мақсаты болып сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалардың мүліктік жағдайларын толығымен қалпына келтіру табылады;
4)заңда қарастырылған негіздерде іске қатысушылардың материалдық жағдайын ескере отырып,оларды мемлекеттік баж салығынан судья босата алады,мөлшерін азайта алады,бөліп төлеуге,кейін төлеуге рұқсат ете алады,ал істі қарауға шыққан шығындардан сот босата алмайды,тек қана айрықша жағдайларды қарауды тұрған жерінде жүргізуге байланысты шыққан шығыннан босатуы мүмкін.

2.Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар
2.1.Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындардың түрлері
Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға:

1) куәларға, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;

2) тиісті орында қарап-тексеруді жүргізуге байланысты шығыстар;

3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығыстар;

4) жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру бойынша шығыстар;

5) іс бойынша жарияланым мен хабарландыруларға байланысты шығыстар;

6) тараптарға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға хабарлау және оларды сотқа шақыру бойынша шығыстар;

7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жол жүру және тұрғын үй-жайларды жалдау бойынша, олардың сотқа келуіне байланысты жұмсаған шығыстары;

8) өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстар;

9) сот өтелуге жатады деп таныған, оның ішінде тараптардың кейіннен сотқа жүгінген кезде дауды міндетті түрде сотқа дейін реттеу рәсімдерінде жұмсаған басқа да шығыстары жатады.
https:kodeksy-kz.comgrazhdanskij _protsessualnyj_kodeks108.htm
Куәларға,сарапшыларға,мамандарға және аудармашыларға төленуге тиісті сомалар.
Куәларға,сарапшыларға,мамандарға және аудармашыларға сотқа келуге байланысты оларға келтірілген жол ақысы,бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот шығындары
Сот шығындарын бөлу тәртібі
Сот жүйесінің даму мәселелері
Сот билігі және оның ұғымы
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары туралы
Аралық соттар: құқықтық табиғаты
Қазақ ССР кезіндегі сот жүйесі
Сот шығындарын төлеуден босату
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері
Жаңадан ашылған мән жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау
Пәндер