Түр түс атаулары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Бұл жұмыс "Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі негізгі және қосалқы түс атауларының ерекшеліктері" ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде түс атауларының семантикалық және құрылымдық ерекшеліктерін талдау мақсатында жасалды.
Автор түр-түс атаулары этномәдени жағынан барынша байлаулы (маркерлі) екендігін мәлімдейді. Түр-түс атаулары - мәдениеттің жемісі, әрі мәдениетті жасайтын фактор, ұлттық мәдениетті танып-білудің негізгі құралы.
Әр тілде түр-түс атауларының мағыналық сипаты, өзіндік ерекшелігі бар екендігін байқалады. Тіліміздегі мыңдаған түр-түс атауы тіл байлығымыздың сүбелі саласы, көркем сөз шеберлігін шыңдай түсуге, тілдік мүмкіншіліктердің өрісін кеңейте түсуге қажетті, әсерлі де әсем, бейнелі де айшықты сөз өрнегі болып саналады.

Annotation

This work "Features of main and secondary color names in Kazakh, Russian and English languages" was created in order to analyze the semantic and structural features of color names in English, Russian and Kazakh languages.
The author declares that the names of species and colors are the most connected (marker) from the ethno-cultural point of view. Names of colors are a product of culture, a factor that creates culture, and the main means of knowing national culture.
It can be seen that the names of species and colors have their own meaning and uniqueness in each language. Thousands of color names in our language are considered to be the main branch of our language wealth, impressive and beautiful, expressive and vivid word expression necessary for improving the artistic skills and expanding the field of linguistic possibilities.

Мазмұны
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Түр-түс атауларын қабылдаудың ұқсас белгілері ... ... ... ... ..6
2.2 Қазақ, ағылшын және орыс тілдік мәдениеттеріндегі түс атауларының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
ІІІ. Зерттеу бөлімі
3. Түр - түс атауларының мәдениетаралық қатысымдағы семантикасы мен символдары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . - 8
3.2 Халық танымындағы түс атауларының ерекшеліктері ... .. 11
IV. Қорытынды ___________________________________ _____ - 13
V. Пайдаланылған әдебиеттер ___________________________ - 14

І. Кіріспе
Бүгінгі таңда әлемдік тіл білімінде түр-түс атауларының зерттелуіне айрықша мән беріліп келеді. Бұның себептері көп: ең алдымен, атап айтар болсақ, көптеген ғалымдар түр-түс атауларын бірыңғай психологиямен байланыстырады. Өйткені психологтар табиғатта түр-түс толқындары болады, түр-түс дегеніміздің өзі адамның миы мен көзінің жемісі.
Физика саласындағы ғалымдарды түр-түстің энергетикалық табиғаты қызықтырады, физиологтар болса, адам көзінің түр-түсті қабылдау үдерісін зерттейді, психологтар түр-түс адамның психологиясына қалай әсер етеді, қандай эмоция туғызады деген мәселелерді қарастырады, гуманитарлық салаларда (көркем әдебиет пен көркем өнерде) түр-түстің эстетикалық қызметіне көңіл бөлінеді.
Түр-түс табиғатын әрбір халық, әрбір этностық топ өзінше танып, өзінше анықтап, өз тілінде ат қойып, айдар тағады. Бұған дәстүрлі таным деген ат берілген, себебі: ұзақ дәуірдің халық болып таралғаннан бергі дүниетанымның, өзін қоршаған табиғаттың түр- түсін меңгеруінің және оларды өз тілінде қалыптастыруының нәтижесі болып қалануында. Тіл білімінде түр-түс атаулары ХХ ғасырда қолға алынып жан-жақты қарастырыла бастады.

Жұмыстың өзектілігі: Қоршаған әлемдегі көптеген материалдық және материалдық емес заттардың түс арқылы қабылданатыны сонау ерте заманнан-ақ белгілі. Түстерді ажырата білу - адамның көру қабілетінің маңызды бөлігі. Адамзат мәдениетінде түс әрқашан үлкен мәнге ие болды, өйткені оның әлемді философиялық және эстетикалық түрде түйсінуімен тығыз байланысы болды, сондықтан түс атаулары мәселесі философия, психология, биология, этнология, тіл білімі, физика, техника, медицина, сондай - ақ олармен байланысты пәндер-этнолингвистика және психология, педагогика, психосемантика сияқты көптеген ғылымдардың негізгі проблемаларына айналды.
Ұсынылып отырған ғылыми жобаның негізгі мақсаты - ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде түс атауларының семантикалық және құрылымдық ерекшеліктерін талдау.
Міндеттері:
- әрбір ұлтқа тән маңызды түр-түс атауларын ажырату;
- түр-түсті қабылдау мен оны атаудың ұқсастықтары;
- лексикалық - семантикалық ақпарат беретін компоненттерді зерделеу;
- түр-түс атауларының семантикалық өрісін анықтау;
- әрбір халықтың түр-түс атауларының лингвомәдени ерекшеліктерін салыстырып, кешенді түрде сипаттау және т.б.
Зерттеу нысаны: Түр түс атаулары.
Гипотеза: Түр түс атауларын меңгеру ағылшын тілін үйренуге оң әсер етеді, оқушылардың сөздік қорын кеңейтеді, және сөйлеу дағдыларын жетілдіреді және ағылшын тілін үйренуге қызығушылық тудырады.
Жұмыстың жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:
Бұл жұмыстың практикалық маңызы өте зор. Түс атаулары тақырыбы бойынша лексиканы зерттеуде нәтижелерді қолдану мүмкіндігінен тұрады. Сонымен қатар, материалды ағылшын тілін тереңдетіп оқығысы келетіндер пайдалана алады. Сондай-ақ, мақалада оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын арттыруға көмектесетін қызықты лингвистикалық және мәдени материалдар ұсынылған.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Түр-түс атауларын қабылдаудың ұқсас белгілері
Бізді қоршаған әлем әрқашан қандай да бір жолмен боялған, сондықтан түс терминдерін қолдану қажеттілігі туындайды. Кез келген тілдің сөздігінде 100-ге жуық түс атаулары бар, ал адамның көзі бірнеше есе көп түстерді (100 000 реңкке дейін) ажырата алады. Түс терминдерін балалар әдетте кеш жаттайды, тіпті ересектер арасындағы қарым-қатынаста түске келгенде түсінбеушілік жағдайлары жиі кездеседі. Көбінесе кез келген түсті белгілеу кезінде бір адам белгілі бір реңкті білдіретіні дәлелденді, ал екінші адам ақпаратты өзінше қабылдайды, ал психологтар түс ұғымы біздің қабылдауымыздан тыс жерде болмайды деп айтады.
Екі немесе одан да көп тілдердің лексика семантикалық жүйесіндегі элементтердің ұқсастығы ғылыми еңбектерде үш түрлі фактор негізінде түсіндіріледі:
Салыстырылып отырған тілдердің шығу тегі мен олардың генетикалық байланыстарының жалпылығы.
Бір - бірімен байланыссыз әртүрлі тілдердегі лексиканың қалыптасуына негіз болған тілдік ұқсастықтардың әсері тіл бірлігімен, ойлау заңдылықтары, адамзат психикасының ортақтығымен, халықтардың жеке өмір сүру салтының ұқсастықтарымен ерекшеленеді.
Сол тілде сөйлеуші халықтар арасында экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік байланыстардың болуы.
Қазақ, орыс және ағылшын тілінде түс атауларының салыстыра отырып, жүйесі бірдей емес тілдерде ортақ құбылыстарды байқауға болады.
Түр-түс ғылымының дүниеге келіп, жан-жақты зерттелу нысанына айналғанына екі ғасырға жуық уақыт болды. Алғашқыда түс табиғаты олардың тәжірибелік қажеттігіне орай көбірек зерттелінді. Бұл тұрғыдан есімдері белгілі болғандар: Ньютон, Ломоносов, Вернер, Саккарде, Рунге, Освальд, Гете, Мерц, Поля, Рехтер, Раткин, Люшер.
Қазіргі кездегі түс туралы ғылымның негізін И.Ньютон 1672 жылы салған. Ол Күн сәулесінің әйнек призмаларға шағылысуын сенсациялық жаңалық етіп ашты. Ақ түс "көрінетін спектр" құрайтын бірнеше түсті компоненттерге бөлінеді екен. Бұдан басқа Ньютон бұл компоненттердің қосылған кезде адам көзінде қайтадан "ақ" болып қалыптасқан түс қайта пайда болатынын көрсетті.
Түр-түстердің мағынасы, символикасы, этимологиясы, концепт құру ерекшелігі қазіргі кездегі тіл еңбекшілерінің назарына ілініп, адамтану парадигмасы тұрғысынан зерделеніп жатыр.

2.2 Қазақ, ағылшын және орыс тілдік мәдениеттеріндегі түс атауларының ерекшеліктері.
Түр-түс атауларының негізгілерін, маңыздыларын, яғни ұлттық-мәдени ерекшеліктерді белгілей алатындарды ажыратып көрсетуде түр-түс атауының негізгі түбір болатындығы да айтылады. Бұл пікір бойынша, сұр - негізгі түс; сұрғылт - негізгі түс емес, түстің реңкі. Осыған байланысты орыс тілінде 800-дей атау бар деп айтылады.
Көптеген ғалымдар И. Гётенің жүйесін атап өтеді; ол барлық түр-түс спектрін үш топқа бөлген:
Негізгі түстер: сары, көк, қызыл; басқа түстер осы арқылы жасалады.
Бірінші дәрежедегі құрамдас түстер - жасыл, қызыл сары (оранжевый),
сия көк, бұлар негізгі екі түстің араласуы арқылы жасалады.
3. Екінші дәрежедегі құрамдас түстер - бірінші дәрежедегі түстердің араласуынан пайда болған түстер [4].
Ал америкалық лингвистер Б. Берлин мен П. Кей пікірі бұл мәселенің анық-қанығын ашып берді деп есептеуге болады. Олар 98 тілдегі түр-түс атауларын зерттеп, жинақтаған материалдың негізінде 11 негізгі түсті көрсетеді: basic colour terms - black (қара), white (ақ), red (қызыл), yellow (сары), green (жасыл), blue (көк), brown (қоңыр), purple (алқызыл), pink (қызғылт сары), orange (қызылсары), gray (сұры).
Яғни, қайсыбір тілде бар болғаны үш қана түс атауы болатын болса, онда олар - ақ, қара, қызыл. Орыс тілші ғалымдарының көпшілігі осы жіктемені мойындайды және орыс тілінде 11 негізгі түс бар деп санайды, олар - ағылшын тіліндегі blue дегеннің орыс тілінде екі баламасы бар деп есептейді: blue - көк (синий) және көгілдір (голубой).
Б. Берлин мен П. Кейдің жіктемесі негізінде ғалымдар барлық тілдердегі дерлік түр-түс атаулары төмендегідей иерархияда орналасады деп есептейді: black, white}- {red}- {green, yellow}- {blue} - { brown } -- {gray, orange, pink, purple}. Бірақ орыс ғалымы Р. Фрумкина жоғары аталған жіктемеде түр-түс атауларының 11 болып көрсетілуі шартты түрде деп есептейді, солай бола тұрса да, өзінің негізгі түр-түс жіктемесін ұсынбайды. Р. Фрумкинаның пікірінше, негізгі түр-түс атауларының олардың реңктеріне (мысалы, көк-көкшіл) қарсы қойылуы мәдени-тарихи және психологиялық факт болып табылады, олар психофизиологиялық тұрғыдан қарағанда өзара теңбе-тең. Яғни, психофизиологиялық жақтан түс пен оның реңктеріне бөлу мүмкін емес, бұлайша бөлу әлемнің қарапайым бейнесіне тән. Ал қазақ тіліне келер болсақ, Сырға толы түр мен түс кітабында қазақ тіліндегі түр-түс атауларының саны көрсетілмейді, авторлар түр-түс атауларын біршама санап шығады, бірақ олар толық емес.

ІІІ. Зерттеу бөлімі
3.1 Түр - түс атауларының мәдениетаралық қатысымдағы семантикасы мен символдары.
Түс атауларын зерттеуге көптеген еңбектер арналған, алайда тілдің бұл құбылысы толық зерттелмегендіктен, зерттеушілер бұл мәселеге көбірек жүгінуде. Түс - мәдени константа және әлемнің концептуалды суретінің маңызды бөлігі. Тілдік дүниетанымдарда бір-біріне жақын және генетикалық байланыссыз, құрылымдық жағынан әр түрлі тілдердің жалпы және спецификалық белгілерін анықтау мәселесі өзекті екені сөзсіз.
Түс ұғымы кез келген мәдениетте бар, этностық топта жинақталған маңызды әлеуметтік-мәдени ақпарат онымен байланысты. Түс дүниені тану категорияларының бірі, ол кеңістік, уақыт, қозғалыс сияқты басқа категориялармен тең, сонымен қатар негізгі мәдени ұғымдардың бірі болып табылады. Кез келген халық үшін көне заманнан түс әлемді тану құралдарының бірі болған. Ол табиғаттағы ең маңызды және адамдағы ең құнды белгі ретінде қызмет етті. Білімнің ең көне категорияларының бірі бола отырып, түстер символдық мәнге ие болды. Іс жүзінде барлық мәдениет халықтары түсті символ ретінде пайдаланудың ыңғайлылығын байқады. Бірақ әртүрлі жағдайлар мен өркениеттердің дамуы негізінде өркениеттің әртүрлі халықтарында бірдей түстер әртүрлі құбылыстарды білдіреді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түр-түс атауларының танымдық негіздері
Қазақ тіліндегі түр - түс атауларының ұлттық сипаты
Қазақстан суретшілері шығармаларында түстердің көркемдік образын бейнелеудің сабақтастығы
Ақ және қара түр - түс атауларының тұлғалық дамуы
Ақ, қара түс атауларының лингвистикалық әлеуеті
Жарнамадағы түс: психолингвистикалық зерттеу
Неміс және қазақ тілдерінің құрамында “ақ” және “қара”атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыда)
Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы
Түс атауларының семантикасы
Түр - түс атауларының лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі
Пәндер